Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық.құқықтық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.
1.1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқару тәртібі...16
2.1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметтерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
3.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызметте болу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
3.1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметке алу, басқа қызметке аусу және шығу тәртібі. ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізін қарастыруда жатыр. Мемлекеттік қызметші бола тұра ішкі істер органдары қызметкерлерінің өз қызметтерінің спецификасына сәйкес көптеген айырмашылықтары бар екені сөзсіз, мысалға айтсақ ішкі істер органдарының қызметкерлері зейнеткерлік демалысқа ерте шығады. Бұл әрине барлық құқық қорғау органдарына және әскери қызметкерлерге тән жеңілдік деп айтсақ болады. Заңмен ондай жеңілдіктердің берілуі жоғарыда айтқан қызмет атқарудың ерекшелігіне байланысты екені айдан анық.
Ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық құқықтық негізі 1995 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған ішкі істер органдары туралы заңда көрсетілген болатын. Бұл заңда ішкі істер органдарының құқықтық жағдайы, яғни құқықтыры мен міндеттері толығымен дерлік қамтылған деуге болатын, бірақ кейінгі кездері осы ішкі істер органдары туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе тіпті жаңадан ішкі істер органдары туралы жаңа заң қабылдау керек деген пікірдер, көзқарастар жиі айтылып жүр. Бұл заңды құбылыс деп айтуға болады, себебі ішкі істер органдары туралы заңның қабылданғанына міне он алты жылдай уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде елімізде көптеген саяси әлеуметік өзгерулер болып жатты. Демек жаңа заңның қабылдануы бұл заман талабы.
Ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық құқықтық негізін талдау кезінде олардың құқықтарынан гөрі міндеттері көппе деп қаласың, бірақ бұл сырт көзге солай, ал шын мәнінде бұл міндеттердің барлығы ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызмет атқару кезінде жасаған ерліктері мемлекеттік тиісті органдармен қарастырылып, ол қызметкерлер марапатталып жатады, бірақ солардың ішінде қызметт атқару барысында қаза табатындары да бар екені белгілі. Заңға сәйкес олардың отбасы мүшелеріне, балаларына жәрдем ақы төленеді бірақ ол қаза болған адамның орнын толтыра алмауы сөзсіз. Сондықтанда өз қызметтерін адал атқарған қызметкерлерді дер уақытында марапаттап, көтермелеп отыру қажет.
Диплом
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі, 30.01.2001 жыл.
3. ҚР Қылмыстық Кодексі, 16.07.1997 жыл.
4. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңы, 23.07.1999 жыл.
5. «Ұлттық қауіпсіздік туралы» ҚР заңы, 26.07.1998 жыл.
6. «Ішкі істер органдары туралы» ҚР заңы, 21.12.1995 жыл.
7. «Төтенше жағдай туралы» ҚР заңы, 08.02.2003 жыл.
8. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралың ҚР заңы, 15, шілде 1996 жыл.
9. «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР заңы, 27 қараша 2000 жыл.
10. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралың ҚР заңы, 02 шілде 1998 жыл;
11. «Мемлекеттік құпиялар туралы», 15 наурыз 1999 жыл.
12. «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР заңы, 23.01.2001 жыл;
13. «ҚР прокуратурасы туралы» ҚР заңы, 21.12.1995 жыл.
14. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы ҚР Заңы , 2004 жыл 9 шілде
14. «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы, 15.07.1996 жыл.
15. «Алкоголизімге, нашақорлық пен ұытқумарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралың ҚР заңы, 07.04.1995 жыл.
16. «Бала құқықтары туралың ҚР заңы, 08.08.2002 жыл.
17. «Күзет қызметі туралың ҚР заңы 19.10.2000 жыл.
18. «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралың ҚР заңы, 19 мамыр 1997 жыл.
19. Қазақстан Республикасының заңы, 15.09.1994 жыл «Жедел іздестіру қызметі туралың.
20. “Азаматтардың шағымдарын, ұсыныстарын және арыздарын қарастыру тәртібі туралы” ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы 19.06.1995ж.
21. Закон Республики Казахстан от 30.12.1998 года «О государственном

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің
ұйымдастырушылық-құқықтық негізі

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің
ұйымдастырушылық-құқықтық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 .
1.1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесі
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқару тәртібі...16
2.1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметтерінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Ішкі істер органдарының әкімшілік
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

3.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызметте болу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

3.1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметке
алу, басқа қызметке аусу және шығу тәртібі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Пайдаланылған әдебиет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..58

Кіріспе бөлім

Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізін
қарастыруда жатыр. Мемлекеттік қызметші бола тұра ішкі істер органдары
қызметкерлерінің өз қызметтерінің спецификасына сәйкес көптеген
айырмашылықтары бар екені сөзсіз, мысалға айтсақ ішкі істер органдарының
қызметкерлері зейнеткерлік демалысқа ерте шығады. Бұл әрине барлық құқық
қорғау органдарына және әскери қызметкерлерге тән жеңілдік деп айтсақ
болады. Заңмен ондай жеңілдіктердің берілуі жоғарыда айтқан қызмет
атқарудың ерекшелігіне байланысты екені айдан анық.
Ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық құқықтық негізі
1995 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған ішкі істер органдары туралы заңда
көрсетілген болатын. Бұл заңда ішкі істер органдарының құқықтық жағдайы,
яғни құқықтыры мен міндеттері толығымен дерлік қамтылған деуге болатын,
бірақ кейінгі кездері осы ішкі істер органдары туралы заңға өзгертулер мен
толықтырулар енгізу немесе тіпті жаңадан ішкі істер органдары туралы жаңа
заң қабылдау керек деген пікірдер, көзқарастар жиі айтылып жүр. Бұл заңды
құбылыс деп айтуға болады, себебі ішкі істер органдары туралы заңның
қабылданғанына міне он алты жылдай уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде елімізде
көптеген саяси әлеуметік өзгерулер болып жатты. Демек жаңа заңның
қабылдануы бұл заман талабы.
Ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық құқықтық
негізін талдау кезінде олардың құқықтарынан гөрі міндеттері көппе деп
қаласың, бірақ бұл сырт көзге солай, ал шын мәнінде бұл міндеттердің
барлығы ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға
бағытталған.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызмет атқару кезінде жасаған
ерліктері мемлекеттік тиісті органдармен қарастырылып, ол қызметкерлер
марапатталып жатады, бірақ солардың ішінде қызметт атқару барысында қаза
табатындары да бар екені белгілі. Заңға сәйкес олардың отбасы мүшелеріне,
балаларына жәрдем ақы төленеді бірақ ол қаза болған адамның орнын толтыра
алмауы сөзсіз. Сондықтанда өз қызметтерін адал атқарған қызметкерлерді дер
уақытында марапаттап, көтермелеп отыру қажет.
Диплом жұмысының мақсаты – Ішкі істер органдарының қызметтерінің
ұйымдастырушылық-құқықтық негізін талқылау. Ұйымдастырушылық құқықтық
мәртебені талқылау арқылы ІІО-қызметін атқарудағы кездесетін
ерекшеліктерге, заңмен көзделген қару қолдану, арнайы құралдар қолдану
сияқты құқықтарға талдау жасап, кейбір заңның бөлімдеріне қатысты
пікірлерді ойларды тұжырымдау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
• Ішкі істер органдарының құқықтық қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық
негізін қарастыру;
• ішкі істер органдары қолданатын әкімшілік-құқықтық шараларды жетілдіруге
бағытталған әдістермен, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды
талқылау;
• ішкі істер органдары қолданатын әкімшілік-іс жүргізушілік шаралардың
сипатты белгілерін анықтап және жинақтау.
Диплом жұмысының заты және объектісі. Қарастырылатын жұмыстың
мәселесін кешенді түрде зерттеуге сәйкес зерттеудің объектісі ішкі істер
органдарының құқықтық мәртебесін талқылау табылады.
Жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің
ұйымдастырушылық-құқықтық негізі
1.1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесі
мәселелері

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің
ұйымдастырушылық-құқықтық негізі заңдармен нормативтік құқықтық актілермен
реттеледі. Сол заңдар арқылы ішкі істер органдарының қызметкерлері өздерін
құқықтық қамтамасыз етілген орган ретінде санары сөзсіз.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесі
1995 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Ішкі
істер органдары туралы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. [6].

Сол заңға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел
іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына,
қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол
сұғушылықтардың алдын-алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім
етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып
табылады.
Анықтау, анықтау органдарының ҚІЖК сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде
істің мән жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған
адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметтің іс
жүргізу нысаны. [4].

Алдын ала тергеу, уәкілетті органдардың ҚІЖК белгіленген өкілеттігі
шегінде істің мән жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс
жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметтің
іс жүргізу нысаны.
Жедел іздестіру қызметі (15.09.1994 жылы қабылданған Жедел іздестіру
қызметі туралы ҚР заңына сәйкес), азаматтардың өмірін, денсаулығын,
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол
сұғуынан, сондай-ақ барлау бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекет
қауіпіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берген мемлекеттік
органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және
басқа да заңдарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел
іздестіру, ұйымдық және басқару шараларын ғылыми негізделген жүйесі. [19].

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
Қоғамдық тәртіп - халықтың еркін білдіретін, барлық әлеуметтік нормалардың
нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Қоғамдық тәртіп - кең мағынада мемлекеттің белгілі бір түрінде
қалыптасатын барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы (құрамдас бөлігі:
мемлекеттік тәртіп, саяси тәртіп, құқықтық тәртіп, өндірістік тәртіп, тар
мағынадағы қоғамдық тәртіп және тағы басқалар).
Қоғамдық қауіпсіздік - табиғаттың стихиялы күштері немесе жоғары
қауіпті туындаған, азаматтардың денсаулықтары мен өмірлеріне зиян
келтіретін себептерді жою немесе болдырмаумен байланысты қоғамдық
қатынастар.
Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына, қоғам мен мемлекет
мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын-
алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функциялары.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы заңына сәйкес
ішкі істер органдарының міндеттері:
1) қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде
төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау,
жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді
іздестіру;
3) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу,
анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;
4) әкімшілік жазалауларды орындау;
5) әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық
тәртібін қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау;
6) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау
және тыю;
7) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі
органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
8) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік
қадағалау және бақылау;
9) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету,
қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, терроризм актілерінің
жолын кесуге, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;
10) виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібін сақтауын бақылау;
11) соғыс уақытында Қазаұстан Республикасының аумақтық қоныс қорғаныс
жүйесінде жекелеген міндеттерді орындау;
11-1) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше
жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау шараларын
жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы
күресуде жәрдем көрсету;
11-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялық және
рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
11-3) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді
объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;
12) ішкі істер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
13) есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және олардың заңсыз
айналымымен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасау болып табылады.
Өзге міндеттер ішкі істер органдарына тек заңмен ғана жүктелуі мүмкін.
Ішкі істер органдары қызметінің қағидалары:
• заңдылық;
• дара басшылық;
• ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі;
• жариялылық;
• құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен, лауазымды
тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтар мен өзара іс-қимыл жасау
принциптеріне негізделіп құрылады.
Ішкі істер органдарының жүйесі
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін комитеттер мен өзге де
құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, Республикалық маңызы бар қала мен
Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер
департаменттері, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, поселкелік, желілік
ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де
ұйымдар құрайды.
Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік
полиция және де полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер
министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен
әскери полициясы құрылады.
Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің
бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары
мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан
Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
Ішкі істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының үкіметі бекітеді.
Криминалдық полиция
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның
алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының
жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу,
тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден
жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген өзге де жағдайларды адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және
жүзеге асыру болып табылады.
Криминалдық полицияны жедел іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның
алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

Әкімшілік полиция
Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау,
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық
бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен
әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар,
оның ішінде белгілі бір тұратын жері жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық
тәртібін қамтамсыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы кәмелетке
қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол
қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және
бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер
органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру
болып табылады.
Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке
толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық
қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал
дәрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының
арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді
шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
Әскери – тергеу органдары
Әскери – тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды
және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті
қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып
табылады.
Әскери – тергеу органдарын әскери – тергеу департаменті, әскери –
тергеу басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және
өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де
бөлімшелерден тұратын бөлімдер құрайды.
Әскери – тергеу органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы өз құзыреті шегінде ішкі
істер органдарының барлық құқықтарын пайдаланып, солардың міндеттеррін
атқарады.
Әскери – тергеу органдары Қарулы күштер есебінен қызметтік үй-жаймен,
байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы
Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы органболып табылады
және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар
бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да
қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмиыстар
мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әскери қылмыстарды ашуға,
ішкі әсерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.
Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген
лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау
үшін ішкі істер органдарының өкілеттігін пайдаланады. Бұл орайда әскери
қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері
мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың
құжаттарын тексеруге құқығы бар.
Әскери полиция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі
әскерлері есебінен қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен және байланыс
құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да
солар көтереді.
Әскери полицияның әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым
белгілері бар әскери нысандағы киім киіп жүреді. Бұл орайда киімнің әскери
полицияның белгіленген үлгідегі кеудеге, жеңге тағатын арнаулы айырым
белгілерімен толықтырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел
іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына,
қоғм мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол
сұғушылықтардың алдын-алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім
етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып
табылады.
Осы заңмен белгіленген өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін ішкі істер
органдарының қызметкелеріне мемлекет тарапынан белгілі құқықтар мен
міндеттер жүктелген.
Бүгін біз ішкі істер органдарына мемлекет кепілдігімен белгіленген
құқықтарын қарастырамыз (11-бап). [6].

Жалпы ішкі істер органдарының құқықтарын екі жүйеге жіктеуге болады:
а) Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің
құқықтық статусына жүктелген құқықтары (жалпы құқықтар).
б) Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің
қызметтік құқықтары (арнайы құқықтар).
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің
құқықтық статусына жүктелген құқықтары:
1) азаматтардан қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды
талап етуге, құқыққа қарсы іс-қимылдар мен ішкі істер органдарының
өкілеттігін жүзеге асыруға кедергі келтіретін әрекеттерді тоқтатуды талап
етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиісті мәжбүрлеу
шараларын қолдануға.
Мәжбүрлеу деп жеке тұлға мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында,
тиісті құқықтық актілермен белгіленген құқыққа қайшы әрекеттірді жасаған
субъектілердің санасына және жүріс-тұрысына мемлекеттік органдар (лауазымды
адамдар) тарапынан, күш көрсету, ұйымдастырушылық немесе мүліктік әсер ету
шараларын айтамыз.

Өзінің мәні бойынша біртұтас болып келетін мемлекеттік мәжбурлеу
жүйесі, өз ішінде мынандай жекелеген түрлерге бөлінеді:
- әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу;
- тәртіптік мәжбүрлеу;
- азаматтық-құқықтық мәжбүрлеу;
- қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу.
2) қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп сезіктелген жағдайда
азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын
бақылау ішкі істер органдарына жүктелген белгіленген ережелердің сақталуын
тексеруге қажетті басқа құжаттарды тексеруге.
Бұл шара азаматтың жеке басын анықтау үшін, құжаттардың жалған
еместігін тексеру үшін, құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшін және
құжаттық тексеру үшін қолданылады.
Құжаттарды тексеру екі негізгі мақсатты көздейді:

- құқық бұзушылықты алдын алу;
- құқық бұзушылықтың жолын кесу.
кез-келген жасалған немесе әзірленіп жатқан құқыққа қарсы қол сұғу, соның
ішінде олардың қарауына жатпайтындар туралы арыздар мен хабарларды қарауға,
оларды тіркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау,
қоғамдық қауіпті зардаптарға жол бермеу жөнінде нақтылы шаралар қолдануға;
ҚР азаматтары ҚР Конституциясының 13,33 баптарына сәйкес өздерінің
құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін уәкілетті органдарға шағымдар мен
ұсыныстар жасауға құқығы бар.

Бұл өндірісті жүргізуге негіз болып азаматтардың жазған өтініштері,
шағымдары, арыздары, ұсыныстары жатады. Бұл жағдайдың құқықтық негізі
болып ҚР Президентінің “Азаматтардың шағымдарын, ұсыныстарын және
арыздарын қарастыру тәртібі туралы” заң күші бар Жарлығы жатады
(19.06.1995 ж. қабылданған). [20].

Осы заңға сәйкес азаматтар мемлекеттік мекемелердің, олардың
лауазымды адамдарының қызметін, әрекетін сынауға, шағымдануға санымен
қатар ұсыныстар айтуға құқығы бар.

Заң бойынша азаматтар мемлекеттік органдарға бес түрлі:

1. Ұсыныс;
2. Арыз;
3. шағым;
4. пікір;
5. ресми сұрау салу жаза алады.
қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу кезінде басқа органдарға,
ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы міндетті тапсырмалар беруге;
азаматтарды іс жүргізудегі материалдар мен қылмыстық істер бойынша ішкі
істер органдарына шақыруға, олардан түсініктемелер, құжаттар, олардың
көшірмелерін алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелді
себепсіз жалтарған адамдарды мәжбурлеп алып келуге.
Алып келу (ӘҚБтК 625 бап) өздеріне қатысты іс жүргізіліп жатқан жеке
адамға не заңды тұлғаның өкіліне, кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне
қолданылады. [2].
Алып келуді ІІО-ры белгіленген тәртіппен құқық бұзушылық туралы істі
қарап жатқан соттің, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ІІО-
ның және қаржы полициясы органдарының қызметкерлері жүргізеді.
тексеру материалдары, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес қажетті зерттеулер жүргізуге;
қозғалған қылмыстық істер жөнінде мемлекеттік органдарда, сондай-ақ
ұйымдарда ақпарат пен мәтериалдарды кедергісіз және өтеусіз алуға;
заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу
әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын жүргізуге, оларды жүргізуге
мамандарды тартуға, дерек мәліметтерді жинау және зерттеу үшін ғылыми-
техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттік және
өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер, сондай-ақ адамдардың
жеке өмірі, жеке басы мен отбасының құпиясы туралы мәліметтер жария етілуге
тиіс емес;
қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезікпен ұсталған қылмыс жасады деп
айып тағылған, әкімшілік қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкімшілік құқық
бұзған деп сезіктелген адамдарды, олардың жеке басын анықтау мүмкін
болмаған жағдайда, тіркеуге, фотосуретке түсіруге, дыбысын жазуға, кино
және бейнекөрініске түсіруге, дактилоскопия жасауға;
құқық бұзушылықгардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу және
тергеу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қатысуға келісім білдірген азаматтармен жария және жария
емес негізде ынтымақтастық орнатуға;
кідіртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде орналасқанына
және кімге тиесілі екендігіне қарамастан халықаралық және қалааралық
сөйлесуге кеткен шығыстарды өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;
өзге мүмкіндіктер болмағанда меншік нысанына қарамастан (дипломатиялық
иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардан
басқа) жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел
медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін,
сондай-ақ кідіртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелеріне залал
келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлік құралдарын пайдалануға;
ішкі істер органдарының қызметін жария ету, қылмыстың мән-жайын, сондай-ақ
оны жасаған адамдарды анықтау үшін. Тергеуден, анықтама алудан және соттан
бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру
үшін қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
барысында пайда болған өзге де жағдайларда мемлекеттік бұқаралық ақпарат
құралдарының мүмкіндігін тегін пайдалануға;
азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін қылмыс жасаған, әкімшілік
құқық бұзған деп сезіктелген адамдардың ізіне түскен кезде не ол жерде
қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға
болды деп санау үшін жеткілікті мәліметтер болса, сондай-ақ дүлей апаттар,
күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртіпсіздіктер
кезінде азаматтардың жеке басының
қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтардың
тұрғын және басқа жайларына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, аумаққа және
үй-жайларға (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен
халықаралық ұйымдардан басқа) кедергісіз кіруге және оларды тексеруге
хақылы. Азаматтарға тиесілі тұрғын және басқа жайларға басып кірген
жағдайлар жайында осыған уәкілдік берілген ішкі істер органдары жиырма төрт
сағаттың ішінде прокурорды хабардар етуге;
азаматтардың жекелеген учаскелер мен аумақгарға кіруін шектеуге немесе
оған тыйым салуға қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мақсатында, сондай-ақ жедел іздестіру шаралары мен тергеу іс-әрекетін
жүргізген кезде оларды белгілі бір орынды босатуға міндеттеуге;
жергілікті атқарушы немесе басқа өкілетті мемлекеттік орган өкілінің
ұйғаруымен, жиналысты, митингті, демонстрацияны, шеруді, пикетті, оның
ұйымдастырушылары аталған шараларды өткізу тәртібі туралы заң талаптарын
сақтамаған жағдайда, токтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға;
қамаудан қашқан адамдарды іздестіруге байланысты шараларды жүргізген кезде
өздігінен бақылау-өткізу пункттерін орнатуға;
карантиндік шаралар жүргізілген кезде, сондай-ақ құрамында есірткі бар
жабайы өсімдіктер жаппай өсетін, балықтың құнды туқымдарының уылдырық
шашатын жерлерінн, ұлттық парктердің, мемлекеттік қорықтар мен
заказниктердің аумақгарына тиісті атқарушы органдар мен лауазымды
адамдардың шешімімен бақылау-өткізу пункттерін орнатуға;
қажет болған жағдайларда шаруашылық жургізуші субъектілер мен азаматтардың
өрт қауіпсіздігі ережелерін сақгауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау
қызметіне жәрдем көрсетуге;
төтенше жағдайларда барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға
бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де
шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметінің күштері
мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды
меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану
құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық
құндылықтарды қауіпті аймақтан көшіруге өкім жасауға; құтқару жұмыстарын
жүргізу және төтенше жағдайларды жою кезеңіне цехтар мен объектілердің
жұмысын тоқтатуға.
мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан ұйымдардан, соның
ішінде анықтама мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы органдардан құқық
бұзушылықтың алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында кедергісіз әрі
өтеусіз және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген
коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды
сақгай отырып ақпарат пен материалдарды алуға;
заңдарға сәйкес ғылыми-зерттеу, оқу, өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметін
жүзеге асыруға;
халықтың құқық қорғау бағытында өз бетінше іс-қимыл жасайтын қоғамдық
жасақтарының жұмысына жәрдемдесуге;
қоғамдық тәртіпті қорғауда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және
құқық бұзушылыққа қарсы күресте көзге түскен азаматтарды көтермелеуге
құқығы бар.
Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арнайы құралдар
мен атыс қаруын өзімен алып жүру, сақгау не қолдану құқығы беріледі. Олар,
сол сияқты күш, соның ішінде кұрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға
хақылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен күш қол-дану тәртібі ІІО туралы
заңымен белгіленеді.
Ішкі істер органдарының атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы
Ішкі істер органдарының атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдану
мақсаты
Атыс қаруы, ариайы құралдар және күш қоғамдық қауіпті әрекеттерге тыйым
салу, құқық бұзушылық пен нақгы ахуал ескеріле отырып, оларды жасаған
адамдарды ұстау және ішкі істер органдарына жеткізу мақсатында қолданылады.
Ішкі істер органдарының арнайы құралдар мен күш қолдануының тәртібі
Ішкі істер органдарының қызметкерлері күш пен арнайы құралдарды, соның
ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін, қол кісендерін, резина таяқты,
көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс
құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлікті мәжбурлеп тоқтатуға арналған
құрылғыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналар мен
тізбесін Үкімет белгілейтін басқа да арнайы және көлік құралдарын:
азаматтарға, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қоғамдық тәртіпті
қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыэ ету және қылмысқа қарсы күрес
жөніндегі қызметтік немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа адамдарға
жасалған шабуылды тойтару үшін;
кепілге алынған адамдарды босату, жаппай тәртіпсіздіктер мен және қоғамдық
тәртіпті топтасып бузуды тыю үшін;
азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесілі үйлерге, үй-
жайларға, ғимараттарға, көлік құралдарына, жер учаскелеріне жасалған
шабуылды тойтару үшін, сол сияқты басып алудан босату ушін;
4) егер құқьқ бұзушылар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, қоғамдық
тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде өздеріне
жүктелген міндеттерді атқарып жүрген басқа да адамдарға бағынбаса немесе
қарсылық көрсетсе, оларды ұстау, ішкі істер органдарына жеткізу үшін,
ұсталған, әкімшілік қамауға алынған адамдарды не олардың қашып кетуі немесе
айналадағыларға не өзіне зиян келтіруі мүмкін деп санауға толық негіздер
болса, айдап апару және кузету үшін, сондай-ақ ішкі істер органдары
қызметкерлерінің өздеріне заңмен жүктелген міндеттерін орындауына қасакана
кедергі келтіретін адамдарға қатысты қолдануға құқығы бар;
Әйелдерге, мүгедектік белгілері анық адамдарға, жас балаларға қарсы, олар
айналадағылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуыл жасаған,
топтасып шабуыл жасаған не қарулы қәрсыльқ көрсеткен реттерді қоспағанда,
арнайы кұралдар мен тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.

Ішкі істер органдарының атыс қаруын қолдануы:
азаматтарды қылмыстық қол суғудан қорғау, сол сияқгы кепілдерді босату
үшін;
ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне,
қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметтік немесе қоғамдық борышын атқарып
жүрген басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
азаматтардың тұрғын жайларына, ішкі істер органдары күзететін
объектілерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылды
тойтару, қызметтік немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару үшін;
қарсылық көрсеткен немесе қылмыс үстінде көзге түскен, қамауға қашқан
адамдарды (әкімшілік қамауға алынғандардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды
ұстау үшін;
егер жүргізуші ішкі ісгер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына
бағынбаса және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірсе көлік
құралдарына ақау келтіру жолымен тоқтату үшін;
хайуанаттар шабуылынан қорғану үшін;
дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін қолдануға құқығы бар.
Әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар қарулы шабуыл жасаған,
қарулы қарсылық көрсеткен, кепілге адам алған, көлік құралдарын, соның
ішінде әуе кемесін басып алған не топтасып шабуыл жасаған реттерді
қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.
Қару қолданылған барлық жағдайларда ішкі істер органдарының қызметкері
айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыэ ету, зардап шеккендерге
жедел медициналық көмек көрсету үшін қажетгі шараларды қолдануға, қару
қолданғаны жөнінде тікелей бастығына баяндауға міндетті.
Кісі қазасына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеліп соққан қару және арнайы
құралдар қолданудың әрбір оқиғасы жөнінде прокурорга дереу хабарланады.
Сонымен бірінші сұрақты қорытындылайтын болсақ бүгінгі таңда ішкі істер
органдарының қызметтік тәртібі мен тәсілдері көптеген норматитік құқықтық
актілермен реттелетінін көреміз. Заңға сәйкес ішкі істер органдарының құқық
бұзушылықпен қылмыстың алдын алуға қатысты қолданатын тәсілдері әрқыйлы,
кейбірі жасырын, ал кейбіреулері тіпті қоғамдық ұйымдардың тікелей ат
салысуымен жүзеге асырылатыны белгілі.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері жоғарыда аталған міндетерді жүзеге
асыру кезінде заңдылықты қатаң сақтауға міндетті.

2.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқару тәртібі
2.1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметтерінің
ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы заңға сәйкес ішкі істер
органдары қызметкерлерінің қызмет атқару тәртібі ерекше назар аударуды
талап етеді, себебі бұл қызметті адал және дұрыс атқарудан адамдардың
өмірі, құқықтары мен бостандықтары тәуелді болады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері өз өкілетіктерін жүзеге асыру
кезінде көптеген әдістерді қолданады, сондықтан біз осы әдістерге кеңінен
тоқталып өтейік.
Әкімшілік құқықтың субьектілерінің әдістері заңдылық сипатына байланысты
нысан сияқты екіге бөлінеді құқықтық және құқықтық емес-деп.Біріншілерін
қолдану барысында құқықтық нәтиже туғызады. Мысалы, әкімшілік
жауапкершілікке тарту, екіншілері құқықтық нәтиже туғызбайды, мысалы,
қаулыны түсіндіру, шешімді қабылдауға дайындық.Күнделікті өмірде құқықтық
және құқықтық емес әдістердің дұрыс үйлесуінің маңызы зор. Құқықтық
әдістерді өз кезегінде бірнеше нақты түрлерге бөлуге болады: тікелей
басқарушылық, мысалға, әкімшілік құқықтың субьектілерінің көпшілігінің
өкілеттігі Жарғыларда, ережелерде бекітіледі; ұсыныстар мемлекеттік
мекемелерді басқаруда кеңінен қолданылады; рұқсатберу арқылы
кәсіпорындардың жұмысының қызметі анықталады немесе қауіп-қатерге
байланысты жұмыстар жүргізіледі(жарылыс жасау); келісім бойынша көптеген
басқару актілері қабылданады, мысалы, бірнеше министрліктер арасындағы.
Құқықтық емес әдістердің тобына ұйымдастырушылық әдістерінің тобын
жатқызуға болады, мысалы, ұйғарымның орындалғанын тексеру, көрмелер
ұйымдастыру, жарнама жасау тағы басқалары.
Әдістерді бұдан басқа қолдану масштабына байланысты да жіктеуге болады.
Әкімшілік құқықтың субьектілерінің бәріне тән жалпы әдістер бар, мысалы,
сендіру және арнайы әдістер, яғни әкімшілік құқықтың субьектілерінің жеке
тобымен қолданылатын, мысалы, экономикалық ынталандыру әдісі, әкімшілік
мәжбүрлеу шарасының кейбір түрлерін жүргізу тек полицияға ғана тән.
Мемлекеттік басқару әдістері дегеніміз басқарудың мақсаттары мен
міндеттерін орындауға бағытталған басқару субъектісінің басқару
объектісіне әсер етуі.

Құқықтық мәжбүрлеу құқық тәртібінің тиянақты жағдайын, азаматтардың
құқықтыры мен бостандығы институтының, мемлекеттің дамуын және әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істердің дұрыс қаралуын қамтамасыз ететін жалпы,
арнаулы, жеке мақсаттарды шеше алатын шаралар мен тәсілдер жиынтығы ретінде
қаралады.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің құқықтық мазмұнының деңгейіне мыналар ықпал
етеді:
а) ол осы құқықтық жүйенің жалпы қағидаларына бағынуы;
б) өзінің негіздемелері бойынша елдің барлық аумағында ортақ, жалпыға
бірдей деп жариялануы;
в) қолдану шектері мен жағдайларына сәйкес келуі;
г) құқық және міндеттер механизмі арқылы әрекет етуі;
д) іс-жүргізудің дамыған формаларымен жасақталуы;
ж) құқық қолданудың дамыған мәдениетімен қамтамасыз ету.
Мәжбүрлеу, өзінің мәні жағынан құқықты қамтамасыз етумен байланысты,
себебі ол (құқық) адамға қандай да бір міндеттер жүктейді, оларды орындай
отырып ол құқықтық қатынастарды реттейді.
Ішкі істер министрлігі
Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін
басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып
табылады.
Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және рәмізі болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының,
көліктегі ішкі істер департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі
оқу орындарының туы болады.
Ішкі істер министрлігі жалауының, туының және рәмізінің, оған
бағынатын органдар туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының
Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Ішкі істер министрлігін Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен
босататын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі басқарады.
Ішкі істер министрі:
1) Ішкі істер органдарына басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіикен штат санының лимиті
шегінде ішкі істер органдары жүйесінің құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) ішкі істер органдары жүйесінің басшыларын қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібін
белгілейді;
3-1) Ішкі әскерлер қолбасшысы қызметіне тағайындау үшін Қазақстан
Республикасының Президентіне кандидатура ұсынады;
4) Ішкі істер министрлігінің атынан ішкі істер органдары орындауға
міндетті актілер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдар,
ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға міндетті актілер
шығарады;
ҚР Ішкі істер министрлігі:
1) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқы қарсы
күрес саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) криминалдық, әкімшілік полициясы және ішкі істер органдарының өзге
де қызметерінің, ішкі әскерлердің, әскери-тергеу органдарының, әскери,
арнаулы полицияның және көліктегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің
қызметіне басшылықты жүзеге асыра алады;
3) қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес
саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
4) ішкі істер органдары жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатының
іске асырылуын қамтамасыз етеді;
5) халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды;
6) қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыруды
жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлейді;
7) ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық
қауіпсіздікті және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық
актілері мен нормативтік құжаттарын әзірлейді және бекітеді;
8) өз қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
9) ішкі істер органдарында іс жүргізудің бірыңғай мемлекеттік
жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
10) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды және
қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес
саласында құпиялылық режимінің сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз
етеді;
11) криминалдық, әкімшілік полициясы және ішкі істер органдарының өзге
де қызметерінің, ішкі әскерлердің, әскери-тергеу органдарының, әскери,
арнаулы полицияның және көліктегі ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл
жасау тәртібін айқындайды;
12) ішкі істер органдарын жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбіт уақытта
төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының
орнықтылығын арттыру, ішкі істер органдары арнаулы бөлімшелерінің толық
және дер кезінде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі
шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
13) ішкі істер органдарының жедел іздестіру шараларын жүргізуге құқығы
бар бөлімшелері мен қызметкерлерін бақылауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарының
құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсат беруді жүзеге
асырады;
15) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша
лицензиялар мен рұқсат беру ережелерінің сақталуына мемлекеттік
бақылаудыжүзеге асырады;
16) полиция органдары бөлімшелерінің режимдік және ерекше қорғалатын
объектілердегі қызметін қамтамасыз етеді;
17) авариялардың, өрттің, апатты жағдайлардың зардаптарын жою кезінде
және басқа да төтенше жағдайларда қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады,
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
18) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастырады;
19) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдар өмірінің,
денсаулығының, абыройы мен беделінің және мүлкінің қорғалуын бақылауды
жүзеге асырады;
20) жергілікті ішкі істер органдары, ішкі әскерлер басшыларының кәсіби
біліктілігіне аттестаттау жүргізеді;
21) лауазымдар санаттары бойынша үлгілік біліктілік талаптарын, ішкі
істер органдарының номенклатурасын, олардың қызметі туралы ережелерді,
лауазымдар мен мамандықтар номенклатурасын, ішкі істер органдарының
құрылымын, үлгі штаты мен штаттық нормативтерін, жүктелім көлемінің
нормативтерін әзірлеп, бекітеді және ішкі істер органдары қызметкерлері мен
қызметшілерінің деңгейін анықтайды;
22) ішкі істер органдарының жүйесі үшін кадрларды даярлау мен оқытуды
ұйымдастырады;
23) ведомстволық ғылымды дамытуды қамтамасыз етеді және қоғамдық
тәртіп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы
ғылыми қызметті үйлестіреді;
24) қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы
республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді құруды және оның
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
25) ішкі істер органдарын қаржылық, материалдық-техникалық және
медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
26) ішкі істер органдар жүйесін жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
27) іздестіру, тергеу және Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделген өзге де іс жүргізу кезінде соттардың ұйғарымдарын, судъялардың
қаулыларын, прокурордың, тергеушілердің, алдын ала жауап алушылардың
жазбаша тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;
28) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын
үйлестіреді, көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу мен
есепке алу, оларға мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу, оларды
пайдаланушы адамдарды тіркеу мен есепке алу, емтихан қабылдау және жүргізу
құқығына арналған куәліктер беру тәртібін беруді айқындайды, көлік
құралдарының жекелеген түрлерін жол қозғалысына қатысуға жібереді және
оларды жүргізуге құқық береді;
29) қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында,
сондай-ақ ішкі істер органдарының қарауына жататын өзге де мәселелер
бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
30) режимдік, ерекше қорғалатын объектілерді және мемлекеттік қорғауға
жататын объектілерді күзетуді қамтамасыз етеді;
31) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және
тергеуді, алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып
жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіруді жүзеге
асырады;
32) ішкі істер органдар жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге
асырады;
33) соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда министрліктің мүддесін
қорғауды және жергілікті жерлерде осы жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етеді;
34) сол министрліктің ішкі әскерлерінің қамауға алынғандар мен
сотталғандарды күзетуін және айдап алып жүруін бақылауды жүзеге асырады;
35) ішкі істер органдары арнаулы мекемелерінің қызметін ұйымдастыруды
және бақылауды, сондай-ақ айдап алып жүруді жүзеге асырады;
36) Қазақстан Республикасының көшіп кету мен көшіп келу саласындағы
заңдарының сақталуын ведомстволық бақылауды және азаматтық мәселелері
бойынша жұмысты ұйымдастырады;
37) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысады, құқықтық тәртіптің жай-күйі
мен ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-
шаралар туралы қоғамдық пікірді зерделейді;
38) күзет қызметі саласында, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын
монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жеке және
заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және
көліктегі ішкі істер органдары:
1) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы
күрес саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық
қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес саласындағы заңдарының орындалуын
қамтамасыз етеді;
3) криминалдық, әкімшілік полициясы мен ішкі істер органдарының өзге
де қызметтерінің қызметін бақылауды, сондай-ақ ішкі әскерлер бөлімдерін,
бөлімшелерін жедел басқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөнінде шаралар
қолданады және қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа
қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуын
қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5) ішкі істер органдарының бөлімдерін кадрлармен қамтамасыз етуді
ұйымдастырады;
6) ішкі істер органдарының бөлімшелерінің қызметкерлері мен
қызметшілерін аттестаттаудан өткізеді;
7) өз қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
8) ішкі істер органдарының бөлімшелерін жарақтандыруды қамтамасыз
етеді;
9) қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы
өңірлік ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді құруды және оның жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді;
10) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуды қамтамасыз етеді, құқықтық
тәртіптің жай-күйі мен ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру
жөніндегі іс-шаралар туралы қоғамдық пікірді зерделейді;
11) ішкі істер органдары бөлімшелерінің жұмылдыру даярлығы бойынша,
бейбіт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында
олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, ішкі істер органдары арнаулы
бөлімшелерінің толық және дер кезінде жұмылдыруға тұрақты даярлығын
қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын орындалуын қамтамасыз етеді;
12) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы
күрес мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және
мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды;
13) мемлекеттік қорғауға жататын объектілерді күзетуді, күзет қызметін
жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, жөндеуді
және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілердің
қызметін бақылауды қамтамасыз етеді;
14) өңірдегі қылмыстың алдын алу мен оған қарсы күрестің жай-күйі
туралы тұрғын халықты хабарлар етеді;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және
тергеуді, сондай-ақ алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан
жасырынып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіруді
жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын
мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсат беруді жүзеге асырады;
17) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша
лицензиялар мен рұқсат беру ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды
жүзеге асырады;
18) тікелей облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
басқару деңгейіне жататын бөлімшелердің күшімен тиісті әкімшілік бірлік
аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуді жүзеге асырады;
19) жол қозғалысы ережелері мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге жататын өзге де нормативтердің сақталуын, көлік құралдарының
жекелеген түрлерінің мемлекеттік техникалық тексеруден өтуін бақылауды
жүзеге асырады, оларды мемлекеттік тіркеу және есепке алу арқылы жол
қозғалысына қатысуға жібереді, көліктерді пайдаланушы адамдарды, соның
ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркейді және есепке алады,
емтихан қабылдайды және көлік құралын басқару құқығына арналған куәліктер
береді, жол қозғалысын реттейді;
20) ішкі істер органдары ұстаған, қамауға алған адамдарды айдап алып
жүруді қамтамасыз етеді;
21) уақытша ұстау оқшау бөлмелерінің, әкімшілік қамауға алынған
адамдарға арнаулы қабылдау орындарының, белгілі тұрғылықты орны және
құжаттары жоқ адамдарға арналған арнаулы қабылдау – бөлу орындарының,
қызмет жануарларына арналған питомниктердің жұмыс істеуін және оларға
бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
22) медициналық айықтырғыштарда, кәмелетке толмағандарды уақытша
оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұсталатын адамдардың жағдайын
қамтамасыз етеді;
23) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы
күрес саласындағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау
жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
24) халықаралық шарттар негізінде ішкі істер органдарының қарауына
жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
25) заңсыз көші-қонның алдын алу, азаматтық, көшіп кету, көшіп келу,
шетелдіктермен жұмыс мәселелерін қарау жөніндегі мәселелерді жүзеге
асырады.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ішкі істер органдары:
1) қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседі, ашады
және тергейді, ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстар туралы
істер бойынша анықтауды жүзеге асырады, қылмыстық қадағалау органдарынан
жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен адамдарды
және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда
адамдарды іздестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) қоғамдық тәртіпті сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуді, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алу мен
жолын кесуді, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің
шегінде әкімшілік іс жүргізуді, кәмелетке толмағандар арасындағы
қадағалаусыздықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды және оның жолын кесуді,
жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен
қадағалау жасауды, шетелдіктермен және азаматтыққа қабылдау және одан шығу,
шетелге тұрғылықты тұру үшін кету туралы өтініш берген адамдармен жұмысты
жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер
органдарына жүктелген өзге міндеттерді шешеді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ішкі істер органдарының
құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсат беруді жүзеге
асырады;
4) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша
лицензиялар мен рұқсат беру ережелерін сақтауға мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа редакция)
Мемлекет механизмі түсінігі және сипаты
Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
Ішкі істер органдарының жүйесіндегі штабтың рөлі
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу
Қылмыстық ізге түсу функциясының ұғымы
Құқықтық мемлекеттің негізгі тұжырымдамалары
Пәндер