Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері



Кіріспе
1.Бөлім

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
1.1 Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмыстарының криминалистік сипаттамасы
1.2 Тергеудің бастапқы кезеңінде қалыптасатын тергеулік аһуалдар мен тергеу әрекеттері

2.Бөлім
Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасы
2.1 Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасының құқықтық ерекшеліктері
2.2 Қылмыстың алдын алудағы кәмелет жасына толмағандар тұлғасының мәні

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері – арнайы сауалдар шеңберінде өте кең дискуссиялы мәселені қозғайтын тақырыптардың бірі. Бұл саланы зерттеуді – оқу барысының қорытындысы ретінде қарауға бола ма? Кәзіргі кез үшін оны қаншалықты актуалды (өзекті) және түйінді мәселе ретінде қарауға болады? Неліктен оған баға беруіміз керек?
Бұл сауалдарға жауап ретінде айтатыным: кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу – криминалистика пәнінің жүйелік институты және маңызды саласы болып табылады.
Біз үшін бүгін қылмысты тергеу дегеніміз не? Біз – жас мемлекетпіз, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біз бұны неге сүйеніп айтып отырмыз? Егемендігіміз, аумақтық тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепілдік берілді. Қазақстан әлденеше ұйымдардың мүшесі болып табылды*.
Жаңа қоғамдық қатынастар қалыптастыру оңай шаруа емес. Оны қоғамдық өмірдің түрлі қырларынан көруге болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты көрініс тапқан жұмыссыздық, көптеген қала мен дала тұрғындарының өмір сүру дәрежесінің төмендеуі біршама келеңсіз құбылыстармен байланысып жатыр.
1. Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996.
2. Каиржанов Е.И. Криминология. – Алматы, 2000
3. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. – Москва, 1968
4. Молдабаев С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве РК. – Алматы, 1998
5. Каиржанов Е.И. Профилактика преступлений несовершеннолетних органами внутренних дел. – Караганда, 1983.
6. Криминалистика. Под ред А.Г. Филиппова. 3-е изд., - Москва 2004.
7. Особенности расследования преступлений несовершеннолетних на современном этапе. – Волгоград, 1986
8. Каневский Л.Л. тактика следственных действий по делам о преступлениях, совершенных несовершеннолетними. – Уфа, 2001.
9. Особенности расследования преступлений несовершеннолетних. – Москва, 1981.
10. Криминалистика. Под ред. Р.С. Белкина. – Москва, 1999.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИЯСЫ

КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

АЛМАТЫ 2006 ж

“Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын

тергеу ерекшеліктері”

Криминалистика пәні бойынша

Бітіру жұмысы

Т Ү Й І Н І

Зерттеудің нысаны – жұмыс криминалистика пәні бойынша кәмелет жасына
толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктеріне арналған. Зерттеу
тақырыбының көкейкестілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың
жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты –
жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктерін белгілеп,
олардың қылмыстық заң нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Криминалистік зерттеулер тұрғысынан қылмысты тергеудегі негізгі
мақсаттарын анықтау.
2. Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасына қысқаша сипаттама беру.
3. Қылмыстың алдын алудағы кәмелет жасына толмағандар тұлғасының мәнін ашу.
4. Анықтауға жататын мән-жайларды белгілеу.
5. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттерін
сипаттап беру.
6. Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстары бойынша сот-психологиялық
сараптамаларының шешетін мәселелерін белгілеу.
Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі – діалектика заңдары,
социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары,
қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының басты-басты қағидалары мен
тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі – жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарын
тергеу.
Зерттеудің нақты заты – тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен
тергеу әрекеттері, олардың жасы кәмелетке толмағандарға қатысты
ерекшеліктері және оларды заң нормаларында және сот тәжірибесінде ескеру
жолдары табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – Қазақстан Республикасында тұңғыш
рет арнайы түрде жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарын тергеу
мәселелерінің зерттелуінде жатыр.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі - дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден,
2 бөлімнен, қорытынды мен әдебиет тізімдерінен тұрады.

Мазмұны:

Кіріспе

1-Бөлім

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмыстарының криминалистік сипаттамасы
Тергеудің бастапқы кезеңінде қалыптасатын тергеулік аһуалдар мен тергеу
әрекеттері

2-Бөлім

Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасы

25 Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасының құқықтық ерекшеліктері

26 Қылмыстың алдын алудағы кәмелет жасына толмағандар тұлғасының мәні

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

3

Кіріспе

Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері –
арнайы сауалдар шеңберінде өте кең дискуссиялы мәселені қозғайтын
тақырыптардың бірі. Бұл саланы зерттеуді – оқу барысының қорытындысы
ретінде қарауға бола ма? Кәзіргі кез үшін оны қаншалықты актуалды (өзекті)
және түйінді мәселе ретінде қарауға болады? Неліктен оған баға беруіміз
керек?
Бұл сауалдарға жауап ретінде айтатыным: кәмелет жасына
толмағандардың қылмыстарын тергеу – криминалистика пәнінің жүйелік
институты және маңызды саласы болып табылады.
Біз үшін бүгін қылмысты тергеу дегеніміз не? Біз – жас
мемлекетпіз, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын
сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біз бұны неге сүйеніп айтып отырмыз?
Егемендігіміз, аумақтық тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепілдік
берілді. Қазақстан әлденеше ұйымдардың мүшесі болып табылды*.
Жаңа қоғамдық қатынастар қалыптастыру оңай шаруа емес. Оны қоғамдық
өмірдің түрлі қырларынан көруге болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты көрініс тапқан жұмыссыздық, көптеген қала
мен дала тұрғындарының өмір сүру дәрежесінің төмендеуі біршама келеңсіз
құбылыстармен байланысып жатыр.
_______________________
* Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996.

4
Осының бір ерекше белгісі - қоғамдық және құқық тәртібін бұзу, оның ең
қауіпті түрі – қылмыстылық.
Қазақстан Республикасында ауыр және аса ауыр қылмыстар, оның ішінде әсіресе
ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер көбеюде. Солардың ішінде жасы кәмілетке
толмаған қылмыскерлердің іс-әрекеттері де аз емес.
Кәмілетке толмаған қылмыскер тұлғасын және сондай-ақ жасаған қылмыстарын
тергеуді методологиялық және теориялық тұрғыдан анықтау, оның ерекшелік -
қасиеттерін біліп, оларды қылмыстылықтың алдына алудағы жұмыста ерекше
ескеру қажеттілігінің ең басты көрсеткіші болып танылады. Бұл біріншіден.
Екіншіден, кәмілетке толмағандар жасаған қылмыстарын тергеу ерекшеліктерін
арнайы зерттеудің өзектілігі жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу
заңдарында орын альп отырған өзгеріс - жаңалықтарға байланысты. Атап
айтсақ, Қазақстан Республикасының 1998 жылдан күшіне енген Қылмыстық
кодексінде жасы кәмелетке толмағандардың жауаптылығы мен жазалануы туралы,
ал Қылмыстық іс жүргізу кодексінде олардың ерекшеліктерін тексеріп -
анықтаудың бұрынғы заңда көрсетілмеген жерлері айтылған.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – жасы кәмелетке толмағандардың
қылмыстарын тергеу ерекшеліктерін белгілеп, олардың қылмыстық заң
нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Криминалистік зерттеулер тұрғысынан қылмысты тергеудегі негізгі
мақсаттарын анықтау.

5
2. Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасына қысқаша сипаттама беру.
3. Қылмыстың алдын алудағы кәмелет жасына толмағандар тұлғасының мәнін ашу.
4. Анықтауға жататын мән-жайларды белгілеу.
5. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттерін
сипаттап беру.
6. Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстары бойынша сот-психологиялық
сараптамаларының шешетін мәселелерін белгілеу.

Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі – діалектика заңдары,
социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары,
қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының басты-басты қағидалары мен
тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі – жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарын
тергеу.
Зерттеудің нақты заты – тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен
тергеу әрекеттері, олардың жасы кәмелетке толмағандарға қатысты
ерекшеліктері және оларды заң нормаларында және сот тәжірибесінде ескеру
жолдары табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – Қазақстан Республикасында тұңғыш
рет арнайы түрде жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарын тергеу
мәселелерінің зерттелуінде жатыр.

Зерттеудің құрылымы мен көлемі
Дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен
әдебиет тізімдерінен тұрады.

6
1-Бөлім
Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмыстарының криминалистік сипаттамасы

Кәмелет жасына толмағандар жасаған қылмыстардың криминалистік тұрғыдан
ерекшеліктері қылмыстың қай жағынан альп қарамасақта: түрінен, тобынан –
үлкендер жасаған қымыстармен ажыратуға сондай-ақ ұқсастық белгілерді де
табуға болады. Мәселен, олар жасаған қылмысының пәні болып, егер мүлікке
қатысты жасалса - кіші-гірім әрі жеңіл заттар жатады (аяқ-киім, киім-кешек,
видиокасеталар, магнитафондар, қазіргі таңда ұялы телефондар т.б.).
Көбінесе қылмыс үлкендердің іс-қимылдарынан үлгі алумен жасалады, оған әсер
ететін факторлар: әдеби шығармалар, кино, теледидар табылады. Сондай-ақ
қылмыстың көбі жеңіл мінезден, ойланбастан, қылмыс іздерін жоймай әрі
жоспарланбай жасалады.
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына: орын, уақыт және
жағдайда әсерін тигізеді. Кешке қарай олар көбінесе бұзақылық, денеге
жарақат келтіру, тонау, қарақшылық жасаса; күндіз-пәтерді тонау, жыныстық
қылмыс т.б. құқықбұзушылықпен айналысады. Жасөспірімдер өз тұрғын жерінен
алыс емес жерлерде қылмыс жасайды.
Кәмелет жасына толмаған қылмыскерлердің жасаған қылмысына қатысты
іздерді қалдыру ерекшеліктеріне тоқталсақ, олардың тарапынан материалдық
іздер көп қалдырылады (қол іздері, аяқ, тіс іздері, қабырғадағы жазулар
т.с.с.).*
Зерттеулердің көрсеткеніндей, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің көбі
алкоголь немесе есіркі заттармен шұғылданғандар. Жасөспірімдердің
____________________

* Криминалистика. Под ред А.Г. Филиппова. 3-е изд., - Москва 2004.
7
көпшілік бөлігі құмарлық ойындарға әуес, мақсатсыз уақыт өткізумен
жүретіндер, сондай-ақ мектепте үлгерімі нашар тұлғалардан болады екен.*
Олардың жасаған қылмыстарынан жәбірленуші ретінде үлкендерде сондай-
ақ кәмелетке толмағандарда болуы мүмкін. Үлкендерге қатысты қылмысты
кәмелет жасына толмаған қылмыскерлер топпен жасайды (адам өлтіру,
бұзақылық, тонау т.б.). Өз құрдастарымен болған қылмыста –жыныстық
қылмыстар, денеге жарақат келтіру, бұзақылық қылмыстар басым.
Қылмыстық істі қозғау және мән-жайларды анықтау ерекшеліктері
Кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша өндіріс тәртібі Қазақстан
Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексімен реттеледі. Ондағы нормалар
18 жасқа толмаған азаматтарға қатысты қолданылады. Кәмелет жасына
толмағандардың кез келген ісінде міндетті түрде жасы (күні, айы, жылы)
өмірі мен тәрбие деңгейі, психикалық дамуы, тұлғалық ерекшеліктері және
тағы басқа мәліметтер анықталады. Анықтау барысында сондай-ақ психикалық
кемістігі, мінез-құлқы, өзін-өзі ұстай білу ерекшеліктері бірге ескерілуі
қажет. Бұл мәліметтерге қосымша ата-аналарынан, мұғалімдерінен,
тәрбиешілерінен жауап алынады.
Кәмелет жасына толмағандар жасаған қылмыстың әр ісіне қатысты келесі
болжамдарды тексеру қажет: үлкендер арасында арандатушылардың бар не
жоқтығы; жасөспірімдер мен үлкендер арасында құрылған қылмыстық топтың бар
не жоқтығы; кәмелет жасына толмағандар қайыршылықпен, ішімдікпен, құмар
ойындарымен, есірткі заттарды пайдаланумен айналысады, оларға үлкендер
әсерін тигізеді.
Сонымен, қорытындылай келгенде, заңға сәйкес кәмелет жасына
толмағандар болып 14 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғалар саналады.
________________

* Особенности расследования преступлений несовершеннолетних на современном
этапе. – Волгоград, 1986
8
Көбінесе бұл тұлғалар үлкен, яғни жасы кәмелетке толып кеткен, әрекет
қабілеттілігіне ие адамдар сияқты қылмыстарды істейді.
14 жастан қылмыстық жауаптылық пайда болған қылмыстарға мыналар
жатады: кісі өлтіру (ҚР Қылмыстық кодексі 96 бап), денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіретін (ҚР Қылмыстық кодексі 103 бап), ауырлататын мән-
жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (ҚР
Қылмыстық кодексі 104 бап), зорлау (ҚР Қылмыстық кодексі 120 бап), адамды
ұрлау (ҚР Қылмыстық кодексі 125 бап), тонау (ҚР Қылмыстық кодексі 178 бап),
ұрлық (ҚР Қылмыстық кодексі 175 бап), қорқытып алу (ҚР Қылмыстық кодексі
181 бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық (ҚР Қылмыстық кодексі 257
бап), және басқа ҚР Қылмыстық кодексі 15 бабында белгіленген қылмыстар.
Жасөспірім-қылмыскер көңіл күйінің бірқалыпта болмауы, тітіркенушілер
арқылы жоғары эмоционалды қозбалығымен сипатталады. Қылмыс істеуге шешілу –
бұл ережеге сай оның жас ерекшеліктеріне емес, тұлғаның тәрбиелік,
жасөспірімнің әлеуметтік дамуының кемістігінің себептерінен болады.
Тағы бір маңызды жәйт, берілген дәрежедегі істің ерекшелігі –
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген мынадай мән-жайларды бірге
анықтау қажет: міндетті түрде жасы анықталады (туған жылы, күні, айы),
жасөспірімді тәрбиелеу мен өмір сүруінің шарты; қылмыстың болуына ықпал
тиген себептер, үлкен ұйымдастырушы адамдар мен басқа қатысушылардың
болуы. Жасөспірімнің есі дұрыс еместік пен ақыл кемдігі тұралы деректердің
болуы, сон дай-ақ оның әрекет кезіндегі өз ісін толық ұғынатындығы туралы
анықтамалар болуы тиіс.

9
Тергеудің бастапқы кезеңінде қалыптасатын тергеулік аһуалдар мен тергеу
әрекеттері

Тергеушінің әрекеттері бұл кезде кәдімгі жасалған қылмыстарды
тергеумен ұқсас негіздерде жүреді. Бірақта материалдарда кәмелет жасына
толмаған тұлға жасағандығы келтіріледі. Тәжірибеге мән берсек, келесі
тергеу жағдайлары кездеседі екен:
жәбірленушілер немесе куә адамдар қылмыскерді білместен жатып түр-пішініне
қарай кәмелет жасына толмағандар жасады деп есептейді;
оқиға болған жерден табылған іздер, жасөспірімдер жасаған қылмысқа
итермелейді;
жәбірленуші мен куә адамдар қылмыскерлерді және олардың жастарын біледі.
Алғашқы екі жағдай міндетті түрде тексеріске түсуі қажет. Бірінші
жағдайда келесі қадамдар жүргізіледі: оқиға болған жерді қарау;
жәбірленушілер мен куәлардан жауап алу; жедел-іздестіру іс-шараларын
жүргізу; қылмыскерді ұстау; кәмелет жасына толмаған қылмыскерді тінту мен
жауап алу; сот экспертизасын тағайындау. Екінші жағдайда – қылмыскерді
ұстау үшін қылмыс ізін суытпай полиция аппаратының жедел күшін қоса отырып
ұстау; жеке тінту жүргізу; жауап алу мен сот экспертизасын тағайындау
жүргізіледі. Үшінші жағдайда мыналар жүзеге асырылады: кәмелет жасына
толмағандарды ұстау; оларды жеке тінту жүргізу; оқиға болған жерді қарау;
ұсталғандардан жауап алу; есеп журналдарынан іздерін тексеру; сот
экспертизасын тағайындау.*
Тергеу әрекеттерінің тактикасы келесі жағдайларға байланысты дұрыс шешім
алуға әкеледі: жасы кәмелетке толмаған қылмысының
__________________
* Каневский Л.Л. тактика следственных действий по делам о преступлениях,
совершенных несовершеннолетними. – Уфа, 2001.
10
ерекшелігі, әрекеттің тәсілі мен уақыты, қылмыстық істі қозғауға
негізделген алғашқы көрсеткіштердің мазмұны т.б.
Сезекті немесе айыпты кәмелет жасына толмағанды ұстау – қылмысты
жасауы мүмкін деген сезікті жасөспірімді, оның кінәсі анықталып, айып
жарияланғанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жүргізілетін, зайда
көрсетілген тергеу әрекеті. Бұл кезде кәмелетке толмағанның жеке
ерекшеліктері ескерілуі қажет, әсіресе қылмыс жасаған соң оның мінез-
құлқының өзгерісі, көбінесе психологиялық ерекшеліктері анықталады.
Кәмелетке толмағандарды ұстау алдын ала жоспарлану керек. Сонымен
қатар ұстау кезінде қарсылық көрсету мен қару қолдану мүмкіндігін ескеру
қажет. Көбінесе ұстау күндіз жүргізіледі. Ұсталғанға - не үшін ұсталғаны,
бұл жағдайда құқығы мен міндеттері айтылады. Олардың ұсталғандығы жөнінде
ата-аналары немесе заңды өкілдеріне хабардар етеді.
Оқиға болған жерді қарау – тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмысты іс
қозғалмай тұрғанда жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі, сол сенімді
кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу – оқиға болған жерді
қараудан басталады. Ол келесі белгілермен негізделеді.
Қарау кезінде табылған іздер ерекшелігі. Қол ізінің көлемі арқылы
қылмыскердің жасын анықтауға болады (бірақ бұл тәсіл көп жағдайда жере
бермейді, мәселен ізді үлкен адамның да қалдыруы мүмкін немесе әйел адам
қалдыруы мүмкін).
Аяқ іздеріне келсек, оның кіші-гірімдігіне сәйкес кәмелетке толмағандығын
білуге болады, қосымша жасаған қадамының ұзындығына байланысты бойын
анықтауға болады.
2. Кәмелетке толмағандық әрекетінен көрінетін қылмыстардың іздері.
Кәмелет жасына толмағандар қылмысқа дайындықсыз барады.
Оқиға

11
болған жерді қарауда тек соларға қатысты іздер табылды. Мысалы, қылмыс
жасаған жерлерінде конфет қағаздары (немесе тістерінің іздері, қалдықтары),
сыр, шоколад табылады.
Ұрланған заттардан байқауға болады, мәселен кәмелет жасына толмағандар
видио немесе радиоаппаратураға, импорттық сағаттарға, ұялы телефондарға
әуес.
Тінту. Қандай қылмыс жасалсада жас қылмыскер қылмыстың ашылуына, оның
ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ
заттарды тығып, жоқ етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің
міндеті – қалай болғанда да қылмысты ашуга керекті дәлелдемелерді, айғақ
заттарды тез тауып алу. Осындай айғақ заттарды тез арада тауып альп,
қылмысты ашуга көмектесетін тергеу әрекеттерінің бірі- тінту. Тінту үстінде
тінтілетін кәмелет жасына толмаған адам үлкендерге қарағанда асып-сасады.
Көбінесе заттың тығылған жерін өзі білдіріп қояды.
Кәмелет жасына толмағаннан жауап алу – заңда көрсетілген тергеу және
сот әрекеті. Ол арқылы жасалған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті
деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Кәмелет
жасына толмағандардан жауап алу кезінде заңға сәйкес устаздың (мұғалімнің)
қатысуымен жүзеге асырылады. Тергеушінің қалауымен жақын туыстары, заңды
өкілдері қатысуы мүмкін.
Экспертиза тағайындау. Бұндай санаттарға жататын істерге сот-
медициналық және сот-психологиялық экспертизалар тағайындалады. Алғашқысы,
егер жасын дәлелдейтін құжаттардың жоқтығына байланысты жасын анықтау үшін
қолданылады. Сот-медициналық сарапшы бойының, салмағының, бас қанқасы мен
тістерді қараумен, шаш, жынысын тексеруімен жас мөлшерін анықтай алады.

12
Сот-психологиялық экспертиза ерекше жағдайларда тағайындалады. Мысалы
сана-сезімнің қалып қоюына байланысты үлкендердің “балаша” сөйлеуі немесе
жасөспірімнің үлкендерше “ойлауы” секілділер.*
Осындай дәрежедегі істерді тергеудің бастапқы кезеңінде келесі түрлі
тергеу жағдайлары пайда болады:
а) қылмыскерді білмейтін жәбірленуші немесе куәгердің қылмыскердің сырт
кейіпі, өзін ұстау өнері мен басқа белгілері бойынша шамамен жасөспірім
екенін анықтауы. Бұл жағдайда, қылмыстың жеке іздері болғанымен
материалдарды іздестіруді анықтауда кемшілік туады. Әдетте мұндай
жағдайларда: оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіні, басқа көргендерді
немесе материалды жауаптыларды жауаптау, суымаған қылмыс іздері бойынша
қылмыскерді ұстау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары қылмыскерді ұстау,
жасөспірімді жауаптау және тұрғын жайы, оқуы немесе жұмысы бойынша тінту,
сот сараптамалары жүргізіледі;
б) жәбірленуші мен куәгерлерді және оның жасын біледі. Бұл жағдайда әдетте
мыналар жүзеге асады: жасөспірімдерді ұстау, оқиға болған жерді қарау,
ұсталғандарды және көргендерді жауаптау, тануға көрсету, есепке алу бойынша
іздерді тексеру, тұрақты жері, оқуы немесе жұмысы бойынша тінту, жеке
тінту, сот сараптамасын тағайындау.
Жасөспірімдердің қылмыстары бойынша сот-психологиялық сараптамамен
шешілетін мәселелер тізімі:
жасөспірімдердің санасының даму дәрежесі қандай (жасын есепке алу бойынша);
жасөспірімнің ақыл-ой дамуы берілген жасқа сай қалыпты дәрежеден бұрылған
сипаты қандай;
_________________

* Особенности расследования преступлений несовершеннолетних. – Москва,
1981.
Криминалистика. Под ред. Р.С. Белкина. – Москва, 1999.

13
естерінің бұзылуының себептері қандай, олар жүйке ауруының салдары болып
табыла ма;
жасөспірім нақты мән-жайларды дұрыс қабылдап және өз көрсетпелерінде нақты
айтуға мүмкіндігі бар ма;
жасөспірім өз әрекеттерін толық түсіне алады ма;
жасөспірім өз әрекеттерін толық басқара ала ма.

14

Арандатушылар ретінде Үлкендер кәмелет жасына
үлкендер қатысқан толмағандардың
қылмыстарын жасырған

Кәмелет жасына толмаған қылмыскерлердің жасаған қылмыстарына
қатысты қосымша тергеу болжамдары

Үлкендер ұрланған заттарды Үлкендер – кәмелетке
сатып алған немесе толмағандарды
айырбастаған қайыршылықпен
айналысуға, арақ ішуге,
есірткі пайдалануға,
құмар ойындарға үйреткен

15

Арандатушылар ретінде Үлкендер кәмелет жасына
үлкендер қатысқан толмағандардың
қылмыстарын жасырған

Оқиға болған жерді анықтауда табылған кәмелетке
толмағандар жасаған қылмыстарына тән белгілері

Мүлікке байланысты Ұрланған заттар Оқиға болған
қылмыста, ұрланған ұрланбаған заттармен жерде қалған
заттар ретінде салыстырғанда қымбат жеміс қалдықтары
фото-, видео-, емес мүліктерден
радиоаппараттар, құралған
магнитофондар,
мотоциклдер,
авторучкалар, ұялы
телефондар кірген

16

Кәмелетке Қандай себептерге
толмағанның Егер кәмелетке байланысты
ойлау қабілеті толмағанның ойлау төмендеген:
қай деңгейде қабілетінің деңгейі психикалық
(жасы ескерілуі төмен болса, онда ауруына
тиіс) себебі неде жатыр байланысты болған
ба; нақты қай
ауруға шалдыққан

Сот-психологиялық экспертиза шешетін кейбір сауалдар тізімі

Кәмелетке Кәмелетке толмаған Кәмелетке
толмаған нақты тұлға өз әрекетіне толмаған тұлға
жағдайларды толық жауап бере өзін өзі басқара
дұрыс түсіне алған ба ала ма
алған ба, өз
жауабында тура
деректерді
келтіре алған
ба

2-Бөлім 17
Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасы
Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасының құқықтық ерекшеліктері

Жасы кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасы – бұл заң бойынша жазалау
қатерімен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасаған, 14
жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған, ақыл-есі дұрыс адам тұлғасы болып
табылады. Жалпы алғанда, кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасы жалпы
қылмыскер тұлғасына тән белгілердің барлығына ие, десек те, бұған қоса олар
өздерінің жас және психологиялық, әлеуметтік және өнегелік, сондай-ақ
демографиялық және құқылық ерекшеліктерімен ерекшеленеді.* Дәлірек айтар
болсақ, олардың бұл ерекшеліктері ең алдымен кәмелетке толмағандар
тұлғасындағы және олардың психофизиологиялық дамуындағы жас
ерекшеліктерімен қамтылады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық статусы бірқатар нормативтік
актілер мен заң нормаларында қарастырылған. Атап айтсақ:
Ішкі істер министрлігінің “Қазақстан Республикасы Ішкі істер органының
кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полициясының учаскелік инспекторының
жұмысын ұйымдастыру жөніндегі” ережесінде;
“Жастардың ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы” ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 31
шілдесінде шыққан қауылысынд;
2002 жылдың 11 сәуірінде шыққан ҚР Жоғарғы Сотының “Кәмілетке
толмағандардың қылмыстары жәнеде оларды
___________________

* Каиржанов Е.И. Криминология. – Алматы, 2000

18
қылмыстық, өзге де қоғамға қарсы әрекеттерге тарту жөніндегі істер бойынша
сот тәжірибесі туралы” норматив тік қаулысында;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық
атқару. Неке және отбасы, Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу, Еңбек және
Тұрғын-жай кодекстерінде:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмаған
қылмыскерге қатысты бірқатар құқықтық ерекшеліктер қарастырылған. Бұл
сияқты құқықтық ерекшеліктерді көптеген өзге елдердің қылмыстық кодексінен
де көруге болады.
Кәмелетке толмаған қылмыскерге қатысты қолданылатын құқықтық
ерекшеліктер дегенде, біріншіден, олар үшін зайда белгілі бір жас шамасын
белгілеуді айтуға болады. Яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 78-бабының 1-бөлігінде кәмелетке толмағандар деп кімдерді айтуға
болатындығы жөнінде айтылса, ал осы кодекстің 15-бабында қылмыстық
жауаптылық басталатын жас шамасы, сондай-ақ қылмыстың қандай түрі үшін
олардың жауаптылығы 14 жастан басталғандығы нақты айтылған. Бұл жөнінде
В.Н. Кудрявцев былай деп жазады: “Бұдан ерте жаста жасөспірім психикасында
әлеуметтік элементтердің жеткілікті деңгейде болмауы, сондай-ақ биологиялық
элементтердің үстем болуы орын алады”*
Олай болса, бала тек 16 (14) жастан кейін ғана ақыл-ой толқысып,
дамиды және осы жаста мінез-құлықтың қалыптасуы оның есеюіне апарады екен.
Ал бұл жадай аталған жасөспірімдерге жаза қолдануға болатындығын, өйткені
олар бұл жаста өз іс-әрекетінің мәнін, оның зиянды зардаптарын түсінуге
қабілетті екндігін дәлелдейді.
Екіншіден, кәмелетке толмаған қылмыскерге жаза тағайындау
_____________________

Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. – Москва, 1968

19
мәселесі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес
кәмілетке толмағандарға өлім жазасы қолданылмайды, ал осы кодекстің 79-
бабының 7-бөлігінде олар үшін бас бостандығынан айыру 10 жылдан аспайтын
мерзімге, ал ауырлайтын жағдайда кісі өлтіргені –12 жылдан аспайтын
мерзімге тағайындалуы мүмкін, деп атап көрсетілген.
Сонымен, кәмелетке толмағандардың құқықтық ерекшеліктерін Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінен де байқауға болады екен.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 485-
бабының бірінші бөлігінде кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезіктіден
жауап алу осы кодекстің 216, 217-баптарында көзделген тәртіппен
қорғаушысының, заңды өкілінің, ал қажет болған жадайда психологтың,
педагогтің қатысуымен жүргізіледі делінсе, осы баптың 2-бөлігінде кәмілетке
толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу тәуіліктің күндізгі уақытында
жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, ал жалпы алғанда- күніне
төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиіс емес. Кәмелетке толмаған анық
шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиіс,
делінген.
Мұндай құқықтық ерекшеліктер кәмелетке толмағандардың психологиялық
және физиологиялық тұрғыдан толық дамып жетілмегенін негізге ала отырып
жасалса керек.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 481 бабында
“Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы туралы істер бойынша анықтауға
жататын мән жайлар” қарастырылған. Мұнда былай делінген:

20
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша, осы кодекстің 117 бабында
көзделгендерден басқа, дәлелдеуге жататын мән жайларды алдын ала тергеу
және сот талқылауын жүргізу кезінде:
кәмелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы);
кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;
интеллектуалдық, ерік жігерінің және психикалық даму дәрежесі, мінез
ерекшеліктері, мұқтаждары мен мүдделері;
кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке
толмағандардың ықпалы анықталуға тиіс.
Біз осы бапқа қосымша ретінде екі бөліктің болуын және онда
былай деп жазылу қажеттігін ұсынамыз: “... жоғарыда аталған жағдайлар арнайы
құрылған білікті мамандардан тұратын комиссиялардың қорытындыларымен
анықталады”.
Осы кодекстің 488 бабында “Педагог пен психологтың іске қатысуы”
жөнінде айтылған. Онда:
16 жасқа толмаған, сондай ақ осы жасқа толған, бірақ психикалық дамуында
мешеулік белгілері бар кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының
қатысуымен іс жүргізу әрекетін жүргізу кезінде педагогтың немесе
психологтың қатысуы мәндетті.
16 жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы іс бойынша педагог немесе
психолог іске қатысуға тергеушінің, соттың ұйғаруы бойынша не қорғаушының,
заңды өкілдің өтініші бойынша жіберіледі.
Педагог, психолог тергеушінің, соттың рухсатымен кәмелетке толмаған
сезіктіге, айыпталушыға сұрақтар қоюға, ал іс жүргізу әрекеті аяқталғаннан
кейін – тергеу қимылының хаттамасымен танысуға және ондағы жазбалардың
дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқықты,
тергеушінің, соттың ұйғаруы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын
сипаттайтын іс материалдарымен

21
танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды ттергеуші педагогқа, психологқа, іс
жүргізу әрекеті басталар алдында түсіндіреді, ол туралы тергеу қимылының
хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгі жасалады.
Біз осы баптың 2 бөлігі заң нормасынан алынып тасталуы қажет деп
есептейміз. Өйткені осы баптың бірінші бөлігінде: “16 жасқа толмаған,
сондай-ақ осы жасқа толған, бірақ психикалық дамуында мешеулік белгілері
бар кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының қатысуымен іс жүргізу
әрекетін жүргізу кезінде педагогтың немесе психологтың қатысуы міндетті”, -
деп нақты түрде айтылған. Демек, егер жоғарыда аталған жағдайларда
педагогтың немесе психологтың іске қатысуы міндетті түрде болса, мұндай
міндеттіліктің жүзеге асырылуына тергеушінің немесе соттың ұйғаруы,
қорғаушының не заңды өкілдің өтініші қажет емес. Біздіңше бұл жағдай
бірінші бөлік пен екінші бөлік арасында қарама-қайшылық тудырады.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық және қылмыстылық
мәселесін нәтижелі түрде шешу үшін бірқатар арнайы заң нормаларын қабылдау
қажет. Бұл жөнінде С.С. Молдабаев та айтқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Кәмелет жасқа толмағандарға қолданылатын жазаның ерекшелігі
Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары
Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Ювеналды юстиция
Пәндер