Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Әлеуметтік . экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерінің типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Экономикасының дамуы бойынша елдердің жалпы сипаты ... ... ... ..4
1.2 Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру ... ... ... ... ... ...
ІІ Шет елдер үшін нашар дамыған аймақтардың салыстырмалы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Дамушы немесе нашар дамыған елдерге жалпы сипаттама ... ... ... ...
2.2 Нашар дамыған елдердің аймақар бойынша салыстырмалы топтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе

Әлемде экономикалық деңгей әр елде әр түрлі. Кейбір елдерде жоғары кейбір елдерде өте төмен. Елдегі экономикалық жағдай жалпы ішкі өнім, сауаттылық деңгейі, жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады. БҰҰ мәліметі бойынша аштық күніне 25000 адамды жалмайды. Өкінішке орай, соның ішінде балалар саны көп. Кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Әлемдегі дамушы елде өмір сүретін 982 миллион адам күніне 1 доллармен өмір сүрсе, 2,5 миллиард адам күніне 2 доллармен өмір сүреді. Кедейлер жалпы халықтың 40 пайызын құраса, кірісі бүкіл әлемдегі кірістің 5 пайызын құрайды. Ал, керісінше байлар 20 пайызды құрап, жалпы бүкіл кірістің 75 пайызын құрайды. ЖІӨ көрсеткіші 765 доллардан төмен елдер кірісі аз мемлекеттер немесе нашар дамыған мемлекеттер қатарына саналады. Ондай мемлекеттер Азия, Латын Америкасында сонымен қатар Африка құрлығында көптеп таралған.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жоғарыда аталғандай экономикасының даму деңгейі әр мемлекетте әртүрлі таралатындықтан, олардың экономикасын зерттеу, соның ішінде нашар дамыған мемлекеттердің әл-ауқатын бөліп қарастыру өзекті мәселелердің қатарына жатқыздыруға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыра отырып, нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасын аймақтар бойынша (Азия, Африка, Латын Америкасы) бөліп қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- дүниежүзіндегі таралған мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру;
- нашар дамыған мемлекеттердің жалпы сипаттамасын қарастырып, талдау жасау;
- нашар дамыған мемлекеттерді аймақтар бойынша топтарсырып, салыстырмалы сипатын шығару.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с.
2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с.
3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с.
4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г.
5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с.
6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с.
7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с.
8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000.
9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с.
10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998.
11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А. Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с.
12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с.
13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с.
14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 .
15.Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерінің типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
0.1 Экономикасының дамуы бойынша елдердің жалпы сипаты ... ... ... ..4
0.2 Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру ... ... ... ... ... ...
ІІ Шет елдер үшін нашар дамыған аймақтардың салыстырмалы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Дамушы немесе нашар дамыған елдерге жалпы сипаттама ... ... ... ...
2.2 Нашар дамыған елдердің аймақар бойынша салыстырмалы топтамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Әлемде экономикалық деңгей әр елде әр түрлі. Кейбір елдерде жоғары кейбір елдерде өте төмен. Елдегі экономикалық жағдай жалпы ішкі өнім, сауаттылық деңгейі, жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады. БҰҰ мәліметі бойынша аштық күніне 25000 адамды жалмайды. Өкінішке орай, соның ішінде балалар саны көп. Кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Әлемдегі дамушы елде өмір сүретін 982 миллион адам күніне 1 доллармен өмір сүрсе, 2,5 миллиард адам күніне 2 доллармен өмір сүреді. Кедейлер жалпы халықтың 40 пайызын құраса, кірісі бүкіл әлемдегі кірістің 5 пайызын құрайды. Ал, керісінше байлар 20 пайызды құрап, жалпы бүкіл кірістің 75 пайызын құрайды. ЖІӨ көрсеткіші 765 доллардан төмен елдер кірісі аз мемлекеттер немесе нашар дамыған мемлекеттер қатарына саналады. Ондай мемлекеттер Азия, Латын Америкасында сонымен қатар Африка құрлығында көптеп таралған.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жоғарыда аталғандай экономикасының даму деңгейі әр мемлекетте әртүрлі таралатындықтан, олардың экономикасын зерттеу, соның ішінде нашар дамыған мемлекеттердің әл-ауқатын бөліп қарастыру өзекті мәселелердің қатарына жатқыздыруға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыра отырып, нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасын аймақтар бойынша (Азия, Африка, Латын Америкасы) бөліп қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo дүниежүзіндегі таралған мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру;
oo нашар дамыған мемлекеттердің жалпы сипаттамасын қарастырып, талдау жасау;
oo нашар дамыған мемлекеттерді аймақтар бойынша топтарсырып, салыстырмалы сипатын шығару.

І Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерінің типологиясы
0.1 Экономикасының дамуы бойынша елдердің сипаты

Елдің типі - әлемдік қоғамдастықта оның орнын сипаттайтын объективті түрде қалыптасқан, салыстырмалы мемлекеттердің даму ерекшеліктері жағдайларының тұрақты кешені.
20-ғасырдың 90-ы жылдарына дейін әлем елдері 3 типке бөлінген: социалистік, капиталистік, дамушы. Әлемдік социалистік жүйе ыдырағаннан кейін елдердің саясаттанбаған - экономикасы дамыған, дамушы және өтпелі экономикалы (постсоциалистік) деп аталатын типологиясы қалыптасты. Сонымен бірге әлем елдерін экономикасы дамыған және дамушы деп бөлетін қос мүшелі типологиясы таралған. Елдердің типтерін бөлу олардың дамуының макростатистикалық көрсеткіштерінің және тарихи қалыптасу ерекшеліктері мен даму деңгейін салыстырудың негізінде жүргізіледі. Жинақтаушы көрсеткіш ретінде елдердің әрбір тұрғынына келетін өндірілген жалпы ішкі өнім алынады (ЖІӨ). Әрбір тұрғынға келетін жалпы ішкі өнім - материалдық өндіріс салаларымен өндірістік емес салалардың жалпы өнімінің құнын бір адамға есептегенде анықталады. Бірақ жан басына келетін жалпы ішкі өнім әрбір типті елдердің арасындағы айырмашылықты және абсолютті сипатты бермейді. Соған байланысты елдерді талдағанда кешенді бағалау - типологиялық бағыт жасалған. Оның негізіне елдердің экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және басқада көрсеткіштері қолданылған. Төменде Мәскеу мемлекеттік университетінің экономист-географтарының сандық және сапалық көрсеткіштерді қолданып жасаған елдердің типологиясы келтірілген (1-кесте).
Түрлері (тип)
Түршелерге (подтип) бөлінуі
Типологиялық топтары
Экономикасы дамыған елдер ( әлем тұрғын-дарының 30 %, әлемдік жалпы өнімнің 64 %)
Жоғары дамыған елдер (тұрғындары 18 %, әлем-дегі жалпы өнімнің 51 %)
1.Үлкен алтылық - жетекші елдер
2Еуропаның шағын елдері.
3.Көшіп-қонған елдер

Орташа дамыған елдер (тұрғындары 12%, жалпы ішкі өнімі 13 %)
1.Оңтүстік Еуропалық елдер
2.Шығыс Еуропалық елдер
3.Евразия елдері. 4.Шығыс- Азия елдері 5.Латын Америкасы елдері.
Дамушы елдер (тұрғындары 75 %, жалпы ішкі өнімі 36 %)
Жоғары эшелон (жағдайы жақсы елдер)
1.Жаңа индустриалды елдер
2.Мұнайэкспорттаушы елдер
3.жерін жалға беруші елдер.

Төменгі (жағдайы нашар елдер)
1.Нашар дамыған елдер. 2.Төменгі деңгейде дамыған елдер
1-кесте. Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерінің типологиясы.

1.2 Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру
Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда:
1) ел экономикасының типі;
2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі;
3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы;
4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) келемі мен құрылымы;
5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;
6) елдің халықаралық еңбек белінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.
Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан еларалық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі. Ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте, географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткйптері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік -- АҚШ доллары пайдаланылады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзі елдері арасында ЖІӨ көлемі жөнінен АҚШ жетекші орынға ие болды (1-сурет).

1-сурет. Дүние жүзі елдерінің ЖІӨ көрсеткіші (млн. АҚШ доллары есебімен)
Елдің экономикалық даму деңгейін анықтауда жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші де ескеріледі. Бұл көрсеткіш бойынша дүниежүзі елдері арасында үлкен алшақтық байқалады (2-кесте).
Алдыңғы қатарлы елдер
ЖІӨ (АҚШ доллармен)
Мешеу елдер
ЖІӨ (АҚШ доллармен)
Люксембург
71 400
Мадагаскар
900
БАӘ
49 700
Ауғанстан
800
Норвегия
46 300
Бурунди
700
АҚШ
44 000
Сомали
600
Дания
3 700
Малави
600
2-кесте. Жалпы ішкі Өнімі бойынша елдердің салыстырмалы кестесі
Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономнкалық ынтымақтастық пен даму ұйымына ("Париж клубы") мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы", ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартысынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн адамға, ал Ұлыбританияда 1,3 млн адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар постиндустриялық елдер тобына халықаралық мамандану ерекшелігіне байланысты экономикасында қызмет көрсету саласы басым болатын дамушы елдерді (Панама, Либерия, Джибути және т.б.) де енгізеді. Дегенмен бұл елдердің жалпы әлеуметгік-экономикалық даму деңгейі дамыған елдерден әлдеқайда төмен екендігі ескерілуі қажет.
Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және "қоныс аударған капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады. Бұл елдер арасында соңғы жылдары, әсіресе Жапонияның даму қарқыны айрықша көзге түседі, ол қазіргі кезде аса ірі халықаралық қаржы және өнеркәсіп орталығына айналған. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары.
Бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы "қоныс аударған капитализм" елдері болып табылады. Экономикасының даму ерекшелігіне байланысты бұл топқа жоғары дамыған елдер қатарына енетін Канаданы да жатқызуға болады. Аталған елдердің экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші рөл атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері басым.
Өтпелі экономика тән елдер тобын кезінде социалистік даму жолында болған елдер (Шығыс Еуропадағы және бұрын КСРО құрамында болған елдер, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Лаос, Куба) құрайды. Экономиканың өтпелі сипаты бұл елдерде айқын көрінеді; оларда орталықтан жоспарланатын социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылуда.
Дамушы елдер тобын саны жағынан көп, өте ала-құлалығымен ерекшеленетін елдер құрайды, олардың барлығы дерлік Азияда, Африка мен Латын Америкасында орналасқан. Бұл елдерге экономиканың көпсалалылығы, әлеуметтік және аумақтық айырмашылықтар, халықаралық еңбек бөлінісінде шикізатты өндіру мен сыртқа шығаруға мамандануы, отарлық экономика сарқыншақтарының сақталып қалуы тән. Дамушы елдер экономикасының ала-құлалығы, әсіресе қазіргі заманғы индустриялық елдер мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған мешеу елдер экономикасындағы айырмашылықтардан айқын көрінеді. Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты алты топшаға жіктейді (3-кесте).
Елдер топшасы
Құрамы
Ерекшеліктері
Жетекші дамушы елдер
Қытай, Үндістан
Халық санының көптігі; арзан еңбек ресурстары; экономикалық әлеуіттінің жоғарлығы; жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштердің төмен болуы; шаруашылық құрылымының күрделілігі; бай мәдени қор
Жаңа индустриялық елдер
Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Тайланд, Филиппин, Бразилия, Мексика, Аргентина
Шетел инвестициясы мен жоғарғы технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономикасының, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы
Плантациялық шаруашылық елдері
Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Шри-Ланка
Агрономиялық жағдайлардың қолайлығы; шетел қаржысының басымдылығы; саяси жағдайдың тұрақсыздығы; халықтың әл-ауқатының төмендігі
Мұнай экспорттаушы елдер
Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла және т.б.
Жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуы; жоғары технологиялардың енгізілуі; қаржы экспорты
"Жалға пәтер беруші" елдер
Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама
Халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы; салық жеңілдігі; қаржы және қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
Даму деңгейі төмен елдер
Мұхит аралдары, Африка, Азияда орналасқан 48 ел
Экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі; табиғи өсудің жоғарлығы; аграрлық сектордың басымдылығы; әлеуметтік жағдайдың нашарлығы
3-кесте. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты дамушы мемлекеттер топтамасы

2-сурет. Әлем елдерінің экономикасының дамуы (көк түс - дамыған мемлекеттер, сары түспен - орташа дамыған, қызғылт - нашар дамыған мемлекеттер)
Кейбір алдыңғы қатарлы дамушы елдер жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші мен әлеуметгік даму деңгейі, өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінен жоғары дамыған елдерге жақындайды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен дамушы елдердің көпшілігінде демографиялық, эколгиялық жағдайдың асқынуы байқалып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар туындауда.
Соңғы жылдары алдыңғы қатарлы елдерде ақпараттық экономиканың басым бола бастауы дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды одан әрі тереңдете түсті. Дамушы елдердің басты артықшылығы болып есептелетін шикізат қоры мен арзан еңбек ресурстарына сұраныс азаюда; бұл дамыған елдерде шикізатты аз қажетсінетін және ақыл-ой еңбегіне негізделген экономиканы дамытумен байланысты түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылыққа елдердің әлеуметтік- экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігінен айқын көрінетін аумақтық айырмашылықтар тән болады деп толық айта аламыз.

ІІ Шет елдер үшін нашар дамыған аймақтардың салыстырмалы сипаттамасы
2.1 Дамушы немесе нашар дамыған елдерге жалпы сипаттама

Дамушы елдер терминін ғылыми ұғым ретінде 1960 жылдың басында аргентиналық экономист Р.Пребиш енгізген. Ол осыған дейін кең пайдаланылып келген нашар дамыған елдер ұғымын алмастырды.
Дамушы елдерге: Азия, Африка, Латын Америкасы және Мұхиттық аралдар елдерінің тәуелсіздік алған елдері (150-ге жуық) жатады. Дүние жүзінің саяси картасында олар өте үлкен аумақты алып жатыр. Саны жағынан мұндай елдердің өте көп болуы және олардың арасындағы айырмашылығы Батыстың дамыған елдеріндегідей емес, айқын ажыратылады.
Олар ұзақ уақыт бойы империалистік мемлекеттердің отаршылдық және жартылай отаршылдық езгісінде болып келді.
Дамушы елдердің табиғат ресурстарының әлеуеттілігі өте зор. Олар жер беті аумағының (12)-ін алып жатыр. Көпшілігінің экономикалық-географиялық жағдайы ыңғайлы, геологиялық тұрғыдан қолайлы және сарқылмайтын минерал ресурстары бай. Дүние жүзіндегі су ресурстарының және су энергетикасының 50%-ы дамушы елдердің үлесіне тиеді. Мұнда дамыған елдерге қарағанда 3 есе артық әрі сарқылмайтын энергия көздері бар.
Дамушы елдердің демографиялық әлеуеттілігі де зор. Мұнда жер бетіндегі халықтың 60%-дан астамы тұрады. Еңбек ресурстарының (34)-і осы Азия, Африка және Латын Америкасының дамушы елдеріне тиесілі. Дамушы елдерде халықтың негізгі бөлігі - жастар.
XX ғаырдың соңында үлкен қиыншылықтарға қарамастан, дамушы елдердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін сауда саясаты
Экономикалық өсудің факторлары, үлгілері және проблемалары
Экономика ғылымдар жүйесіндегі экономикалық дамудың орны
Эмр-дің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Жаратылыстанудың мақсаттары
Көлік желісінің фрагменті
Ішкі қарулы қақтығыстар мен халықаралық терроризм
Жер шары бойынша халықтардың қоныстану ерекшеліктерінің негіздері мен халық санының өсу динамикасы
Пәндер