Адам ағзасындағы макро және микроэлементтер



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Мектептегі биологияны оқыту әдістемесіне қысқаша шолу ... ... ... ... 6
1.2 Ағза жасушасының құрылысы және оның биохимиялық құрамы ... ...15
1.3 Адам ағзасындағы макро және микроэлементтерге сипаттама ... ... ... 24
ІІ АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ МАКРОЭЛЕМЕНТТЕР МЕН МИКРОЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РОЛІ ... ... ... ... ... ... .31
2.1 Бейорганикалық заттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2 Микроэлементтер биохимиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.3 Ағзадағы элементтердің биогенді сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
1.сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
2.сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
КІРІСПЕ

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау ісіне айрықша мән беріліп, байыпты да жүйелі өзгерістер талап етілуде.
Ешқандай байлыққа бағаланбайтын халықтың денсаулық жағдайын тексеруден өткізу, ол жүйеге қолдау көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау қай кездегіден де маңызды сипат алып, медицина саласы қызметіне айрықша серпін беретіні анық. Мемлекетімізде соңғы жылдары тиісті қаражаттар бөліп, халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлініп, ғалымдарымыз табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасына бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететінін анықталған. Олардың табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50 пайызын оттек, 25 пайыздан астамын кремний құрайды. Оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт,азот,марганец, фтор, барий жер массасының 99,8 пайызын құраса, ал қалған 0,2 пайызы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.
Элементтер тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі.
1. Макроэлементтердің (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор) ағзадағы мөлшері 10 пайыздан жоғары болады.
2. Микроэлементердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10-15 пайыз.
3. Ультрамикроэлементтер сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15 пайыздан төмен.
Адам ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни, микро және макро элементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы: мырыш қарын асты безінде, йод қалқанша безінде, фтор тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий шашта, кадмий, сынап, молибден бүйректе, қалайы ішек ұлпаларында, стронций қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром гипофизде және тағы басқаларда жиналады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Анастасова Л.П. «Самостоятельные работа учащихся по общии биологий. 1979 г. Москва.
2. Ақелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. «Ботаника». Алматы 1998.
3. Р.Әлімқұлова. «Жалпы биологиядан кейбір тақырыптарынан методикалық талдау, өңдеу». Алматы, 1969.
4. Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбаев «Зоология сабақтары». Алматы, 1980.
5. Белов И.Г., З.А.Корчагина «Ботаника сабақтары». Мектеп, 1979.
6. Брунов Е.И., Малахова Г.Я., Соколова Е.А. «Адам анатомиясы, физиологиясы және гигинасынан өтілетін сабақтар». Алматы, 1970.
7. Вилли К. «Биология». Москва, «Мир». 1964.
8. Верзилин Н.М. «Уроки ботаники в 5 классе». Москва, 1952
9. Верзилин Н.К. «Основы методики преподования ботаники». Москва, 1956.
10. Гурова Р.А. «Уроки общей биологий». Томск 1988
11. Дубинина Н.П. «Общая биология». Москва, 1988.
12. Заверзин А.А., Харазова А.Д. «Основы общей цитологий». Ленинград, I982.
13. Казанова, Короткова, Мокеева, Корсунской. «Хрестоматия по общей биологий». Москва, 1974.
14. Леви А., Сикевич Ф. «Структура и функции клетки». Москва, 1971.
15. Мягкова А.И., Сивоглазов З.И. «Планирования учебного процесса по общей биологий». ВШ, Москва. 1990.
16. Муртазин Г.М. «Активные формы и методы обучение биологии». Москва, 1989
17. Полянский «Жалпьі биология». Москва, 1984.
18. Реймерс Н.Ф. «Негізгі биологиялық терминдер мен түсініктер». Москва, 1986
19. Де Робертие Э.Новлинский В., С.Саэсф. «Биология клетки». Москва, 1971.
20. Қ.Сапаров. «Жалпы цитология негіздері». Алматы, 1994.
21. Свенсон К. Уэбстер П. «Клетка». Москва, 1980.
22. Тәртенов М., Әлімқұлова Р. «Қызьқты ботаника». Алматы, 1976.
23. Қасымова Т., Л.Аманжолова, Ж.Әкімов, Р.Сәтімбекұлы. «Тіршіліктану». 1997.
24. М.Шаханов «Өлеңдер жинағы», «Ақылдың кені». Алматы, 1987.
25. Н.И.Филатова, А.А.Луцкая, В.М.Дудникова. «Зоология сабақтары». Мектеп, Алматы. 1972.
26. Ченцов Ю.С. «Общая цитология». Москва, 1984.
27. «Әдістемелік жаршы». 1998 - №1.
28. «Биология және химия» журналы. 1996, №1-2.
29. «Қазақстан мектебі» журналы. 1988, №1.
30. «Биология в школе» журналы. 1990, №5, 1995 №1, 1991 №3.
31. Biology – 2. Osman ARPACI. Musa Ozet J.ELKS.
32. Биология және химия, география журналы. 1998, 1997.
33. Скурихин И.М., Шатерников В.А. Как правильно питаться. —М.: 1986.
34. Тагидиси Д.Г., Алиев С.Д. Микроэлементы и здоровье. Х 1979.
35. Джустин Гласе. Жить. 180.1990.
36. Искусственная пища: за и против. Х 1998.
37. Кавецкий Р.Е., Чебатарев Д.Ф. Здоровье, труд, отдых. -Киев.: Наука, 1996.
38. Маршелл Э. Биофизическая химия. —М: Мир, 1981.
39. Хьюз М. Неорганическая химия биологических процессов. — М: Мир, 1983.
40. Сеитов З. С. Биохимия. — Алматы, 2000.
41. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. - А.: Дәуір, 2001. 715-б
42. Кузнецов В.И. Принципы активной педагогики. – М.: Академия, 2001.-95с.
43. Сеитов З. С. – Биологиялық химия. Алматы. Қайнар», 1992 ж.
44. Сейтембетова А. Ж., Лиходий С. С. – Биологиялық химия., Алматы. «Білім», 1994 ж

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Мектептегі биологияны оқыту әдістемесіне қысқаша шолу ... ... ... ... 6
1.2 Ағза жасушасының құрылысы және оның биохимиялық құрамы ... ...15
1.3 Адам ағзасындағы макро және микроэлементтерге сипаттама ... ... ... 24
ІІ АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ МАКРОЭЛЕМЕНТТЕР МЕН МИКРОЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РОЛІ
... ... ... ... ... ... .31
2.1 Бейорганикалық заттар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
2.2 Микроэлементтер
биохимиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..33

2.3 Ағзадағы элементтердің биогенді
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..36
1-сабақ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 8
2-
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .66
КІРІСПЕ

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау ісіне айрықша
мән беріліп, байыпты да жүйелі өзгерістер талап етілуде.
Ешқандай байлыққа бағаланбайтын халықтың денсаулық жағдайын тексеруден
өткізу, ол жүйеге қолдау көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыруды
насихаттау қай кездегіден де маңызды сипат алып, медицина саласы қызметіне
айрықша серпін беретіні анық. Мемлекетімізде соңғы жылдары тиісті
қаражаттар бөліп, халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлініп,
ғалымдарымыз табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы
зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-
теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам
ағзасына бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер
мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден
артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететінін
анықталған. Олардың табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер
бойынша жердің массасының шамамен 50 пайызын оттек, 25 пайыздан астамын
кремний құрайды. Оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий,
магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт,азот,марганец, фтор,
барий жер массасының 99,8 пайызын құраса, ал қалған 0,2 пайызы барлық
басқа элементтердің үлесіне тиеді.
Элементтер тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі.
1. Макроэлементтердің (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор,
күкірт, кальций, магний, натрий және хлор) ағзадағы мөлшері 10
пайыздан жоғары болады.
2. Микроэлементердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций,
барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10-15 пайыз.
3. Ультрамикроэлементтер сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б.
Олардың ағзадағы мөлшері 15 пайыздан төмен.
Адам ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни,
микро және макро элементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады.
Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында
жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер
кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады.
Мысалы: мырыш қарын асты безінде, йод қалқанша безінде, фтор тіс
кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий шашта, кадмий, сынап, молибден
бүйректе, қалайы ішек ұлпаларында, стронций қуық безінде, сүйек ұлпасында,
барий көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром гипофизде және тағы
басқаларда жиналады.
Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды түрінде кездеседі.
Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс
түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек және оттек
макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының
шамамен 65 пайызы су болып келеді. Су маңызды еріткіш және ол адамның
мүшелерінде, ұлпаларында, биологиялық сұйықтықтарда әркелкі тараған,
асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5 пайыздан 90
пайызға дейінгі аралығын құрайды.
Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді, ал табиғатта кальций,
хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапиттер құрамында
кездесетіндігі белгілі. Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында
концентрленеді. Натрий және хлор жасушааралық, ал калий және магний жасуша
ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек
және тіс ұлпаларында, магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында
болады.
Микроэлементтер қан жасалу, тотығу тотықсыздану, тамырлар мен
ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро және
микроэлементтер - кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек
және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Әр түрлі
микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген
аурулар туындайды.
Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб,
молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.
Адам ағзасындағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-
теңдігін сақтайды (химиялық гомеостаз). Бұл баланс элементтің
жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және әр түрлі
аурулар туады.
Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді.
Топырақ, ауа, су - тіршілік көзі. Ендеше, су ресурстарының құрамын
зерттеу, үнемі бақылау және мемлекет тарапынан қорғау іс-шараларын
жүргізудің тіршілік үшін зор деуге болады.
Тіршілікте әсер етуші биогенді элементтер жайындағы ғылыми-зерттеу
жұмыстары молынан болғай.
Жұмыстың мақсаты: биологияны оқыту барысында биология курсының
оқушыларға адам ағзасы құрамындағы макро- және микроэлементтер, олардың
адам өміріндегі маңызы тақырыптарында сабақ өту әдістемесіне методикалық
өңдеулер жасау.
Жұмыстың міндеттері:
- биологияны оқыту әдістемесіне қысқаша шолу;
- жасушалардың биохимиялық құрамына сипаттама;
- адам ағзасындағы макро- және микроэлементтер маңызын сипаттау;
- биология сабағында адам ағзасындағы макро- және микроэлементтер
тақырыптарын оқыту әдістемесін қарастыру.
Зерттеу обьектісі:
Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларда әртүрлі тақырыпта
адам ағзасындағы макро- және микроэлементтер, ағзаның биохимиялық құрамы
туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру
мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Зерттеу әлдістері:
• мәліметтер жинау;
• талдау, сараптау;
• жүйелеу;
• тұжырымдау, қорытындылау.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1.1 Мектептегі биологияны оқыту әдістемесіне қысқаша шолу

Жалпы білім беретін мектептегі биологиялық білім мазмұнын, оны оқыту
әдістерін түбегейлі жаңартудың қажеттігі көп жылдар бойы қалылтасқан ескі
әдіснамалық ұстанымдарра негізделіп жасалған пәннің дәстүрлі әдістемесінің
қоғам дамуындағы жаңа бағытта даму үрдісінен шыға алмай дағдарысқа түсуінен
туындап отыр.
Қазіргі мектептегі биология курсы XX ғасырда биология ғылымдарында
болған, танымдық, білімдік және тәрбиелік жағынан аса маңызды деген
өзгерістерді жеткілікті дәрежеде игермеген.
Тіршіліктің жасушаның - ағзалық деңгейі бүкіл оңу материалының 90%
астамын алады: ал популяциялық - түрлік, биосфералық биогеоценотикалық
деңгейлер қажетті көлемде және тереңірек қарастырылмайды, себептілік,
тарихилық, жүйелілік, полицентриуі т.б. сияқты білімді дүниетанымдық
көзқарас жүйесіне жалғастырыг енгізетін биологиялық таным әдістері арнайы
оқытылмайды: ғылыми болжам жасау, оны тексеріп байқау әдістері туралы
айтылмайды.
ҮІ-ҮІІІ сыныптардағы өсімдіктану жануартану пәндерінде тірі ағзалар
топтарының жекелеген өкілдерінің аттарын атап, сыртқы, ішкі құрылысын
тәптіштеп сипаттауға, жіктеп топтастыруға өте көп көңіл бөлінеді де,
экология, диалектикалық көзқарас қалыптастыру мәселелеріне жете мән
берілмейді.
IX сыныптағы тәнтану пәнінде адам омыртқалы жануарлардың тіршілік
үрдістерін зерделеудің моделі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік мәні,
дүниенің ғылыми бейнесіндегі орны, өмір сүру мақсаты, құндылығы, салауатты
өмір, т.б. қазіргі заманғы адамтанудың аса маңызды мәселелері мектептегі
бүкіл білім мазмұнынан тыс қалған.
Мектептегі биологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру ұстанымын
жүзеге асыратындай, оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін
қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениеттілікке
тәрбиелейтіндей ойлауын дамытуымыз керек.
Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр.
Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған.
Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға
қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік
оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай
қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне
әкеп соқтырған. Мысалы: тіршіліктану курсы бір-бірімен байланысы аз
цитология, эюлюциялық ілім, экология және генетика сияқты: тіпті әрқайсысы
өз ғылыми пәнін де қажетті деңгейде бейнелей алмайтын жеке-жеке бөлімдерден
тұрады.
Тіршілік жүйесінде жүретін физикалық-химиялық заңдылықтардың негізін
түсінуге көмектесетіндей алдын-ала дайындау пәндер оқытылмайды. Мысалы,
диффузия, адсорбция, сәуле-жарық, ионды алмасу, қысым, т.б. туралы
қарапайым мәліметтері жоқ. Ү-ҮІІІ сынып оқушылары өсімдік, жануар, адам
ағзасында жүретін тіршілік үрдістері туралы қоректену, тыныс алу, көбею,
өсу, даму, қозғалу т.б. материалдарды жаттанды оқуға мәжбүр болады.
Мектептегі басқа пәндер сияқты биологиядан да оқушыларға көп жағдайда,
дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттарды
іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту
әдістемесі, догмалық ойлау типі басым, дайын нұсқауларды бұлжытпай
орындаушылар тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Еліміз тәуелсіз даму жолына
түсіп отырған жағдайда оқушылардың өз еліне, туған табиғатқа, жеріне терең,
аялы сезімін оятып, патриоттық рухта тәрбиелейтіндей, эстетикалық талғамын
қалыптастыратындай материалдар, ұлттық мәдениетіміздің элементтері биология
пәні мазмұнында жеткіліксіз.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына орай жалпы білім
беретін мектептің құрылымы, әр сатысының оқу-тәрбиедегі қызметі өзгереді.
Ал, қазіргі мектепте оқытылып жүрген биология пәні әдістемесінің негізгі
құрамдас бөліктері мақсаты, мазмұны, әдістері, оқу жұмысын ұйымдастыру
түрлері, құралдары түбегейлі өзгеріске түскен жоқ, ескі базисте сақталып
отыр. "Жаңа" деп жасалған оқулықтары "Өсімдіктану, Жануартану,
Тіршіліктану, Тәнтану ескі базиске құрылғандықтан аталған кемшіліктерден
арылмаған. Оның үстіне республикадағы көп мектептер бұрынғы Одақта жасалған
ескі оқулықтар пайдалануда. Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі
биология пәні әдістемесін түбегейлі жаңартып, қайта құру қажеттігін
көрсетеді.
Биологиядан жалпы білім берудің мақсаты, мазмұны, құрылымы, ең алдымен
қоғамның әлеуметтік сұранысына, қазіргі заманғы биология ғылымының жүйесі
мен әдіснамасының ұсыныстарына және орта буын сыныптары оқушыларының жас
ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай анықталады.
Мектептің негізгі сатысында биологиядан білім берудің негізгі мақсаты
-тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық
ойлау стилі қалыптасқан, экологиялық мәдениеті, дүниенің ғылым бейнесіндегі
тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын,
биологияның ғылыми танымдық әдіс, тәсілдерін, іргелі ұғымдар жүйесін
қажетті деңгейде меңгерген және биологиялық білімін экожүйелер мен тірі
ағзалардың көптүрлілігін сақтап, қорғауға, өндірістік енбек үрдістерін
экологияландыруға, салауатты өмір сүруге тиімді қолдану біліктері бар,
биологиялық сауатты тұлға дайын болуы керек.
Бұл мақсат мынадай міндеттер жүктейді;
- Оқушылардың ғылыми дүние танымын, тірі жүйелерге, адамға ең жоғары
құндылық, мінсіз әсемдік ретіндегі қарым-қатынасын қалыптастырып,
биологияны мәдениет құбылысы деп танып, қабылдауын қамтамасыз ету;
- тіршіліктің, адамның дүниесінің ғылыми бейнесіндегі орны мен ролін
түсініп, меңгеруіне жағдай жасау;
- биологияның негізгі идеяларын ұстанымдарын, идея мен деректің өзара
байланысын, теориялар мен тұжырымдамалардың қалыптасуы мен дамуын, алмасуын
саналы меңгерту;
- тірі жүйелер туралы білімді практикада қолдану біліктерін
қалыптастыру;
- биологиямен байланысты мәдениет салаларына қажетті негізгі әрекет
түрлері туралы түсінік, білік, дағдыларды меңгерту;
- биологиямен байланыеты мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.
Биологияны оқыту мақсаты педагогикалық психологияда анықталғандай,
орта буындағы сынып оқушысында теориялық ойлаудың даму мүмкіндігінің жоғары
болуы жаңа білім мазмұны негізін дамыта отырып, оқыту идеясын игеру
қажеттігін көрсетеді. Бұл идеяның негізгі ұстанымдарының бірі - білімнің
теориялық деңгейін көтеру екені белгілі. Мектептің негізгі сатысында жалпы
биологиялық білімнің аяқталған сипаты болуы қажеттігіне орай, білімнің
теориялық деңгейін көтеру бұрын Х-ХІ сыныптарда оқытылатын биологияның
іргелі теориялары мен тұжырымдамалары жасуша, хромосома, онтогенез,
эволюция т.б. туралы ақпараттарды осы сатыға түсіру арңылы жүзеге
асырылады. Мұнда оқушылардың таным мүмкіндігі ескеріледі; ең алдымен, ХҮ-Х
сыныптардағы бұрынғы өсімдік, жануар, адам туралы бір-бірімен байланыссыз,
индуктивті сипатта, эмперикалық деңгейде оқытылатын материалдардағы
ұсақтүйек, білімдік, дүниетанымдық жағынан онша мәні жоқ мағлұматтар
қысқартылып, қалғаны жүйеленеді, жалпы биологиялық заңдылықтарды ашатын
теориялар мен тұжырымдамалар ықшамдалып жеңілдетіледі тұқым қуалаудың
химиялық негіздері, жасуша деңгейіндегі зат және энергия алмасуының
физикалық-химиялық аспектілері т.б. және басқа материалдармен
кірістіріледі. Мұның өзі мектепте оқытылатын биологиянм сәйкес ғылымның
моделі ретінде қарастырып, жүйелілік, полицентризм, себептілік, тарихилық
ұстанымдары тұрғысынан бір-тұтас курс түрінде құруға және оның мазмұнында
тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді тіршіліктің
біртұтастығын, дүниенің бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен
құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпы биологиялың
заңдылықтармен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі сатысының
өзінде-ақ олардың жалпы білімділік дайындығының толық болуын қамтамасыз
етеді.
Мұндағы әдіснамалық ұстанымдардың ролі білім мазмұнын, құрылымын,
құрамын, оқыту әдістерін анықтауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар
олардың өзі білім мазмұнының құрамдас бөлігі бола отырып, биологиялық
білімді дүниетанымдық жүйемен ұштастырады. Соның нәтижесінде "Оқушылардың
тірі табиғатқа деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру" талабы мақсат тек
сөз жүзінде қалмай, мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
Бұл орта буын кезеңіндегі 11—15 жастағы оқушыда жетекші орынға
шығатын құндылық бағдарлы әрекеттің қалыптасуына елеулі ықпал етіп, соның
негізінде өмірдің мәнін іздестіру, дүниеге көзқарасын, адамгершілік
сезімін, мұрағият ұстанымын, эстетикалық талғамын айқындау бағытындағы
талпынысы мен мүддесіне сай келеді. Дамыта отырып оқыту идеясы мектеп
биологиясының әдістемесінде тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттік
қарымқатынасын, оқушы тұлғасы дамуының ерекшелігі мен оқу пәні қисынының
бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімінің жалпы мәдениеттегі орнын
анықтайтын ізгіліктендіру идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім
мазмұны құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделеді.
Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту
идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес білім мазмұнының төмендегідей құрылымы
анықталады:
- Тірі табиғат туралы білім.
Бұл тірі табиғаттың ғылыми бейнесін көрсететін қазіргі заманғы
биологиялық ғыльми білім жүйесін және осыны толықтырып, оған әлеуметтік-
мәдени фон беретін тірі табиғаттың көркем моделі мен ол туралы әр түрлі
мифтік, діни мағлұматтарды қамтиды.
Тірі табиғаттың ғылыми бейнесіне
а биологиялық обьектілер мен құбылыстар өсімдік, жануар, адам
тіршілігі туралы түсініктер;
б түрлі обьектілердің, оларда жүретін үрдістердің және тіршілік
қызметінің қасиеттері, құрылымы, қарым-қатынастық байланыстары, т.б.
басты сипаттамалары;
в биологиялық, теориялар, т.б, туралы білім кіреді.
Оқушылар меңгеруі тиіс әрекет түрлері туралы білім. Бұған ғылыми-
зерттеу, көркем қабылдау, құрастыру, технологиялы практикалық сипаттары
және тірі табиғатқа қатынасты, оның мәдениеттегі орнын түсініп бағалауға
арналған адамгершілік сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге бағытталған әрекет
түрлері жатады.
- Білімді меңгерудің әдіс-тәсілдері туралы білім.
Бұл білім туралы эмпирикалық, теориялық, практикалық, білік,
дағдылар және оны меңгерту тәсілдері туралы логикалық: талдау, синтез,
жалпылау, салыстыру ғылыми, бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу т.б
білімді қамтиды.
Білім берудің мақсатына орай, оқушының жасына байланысты таным
ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың бәрінің білім алуына тең
мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, сонымен
қатар біздің мектептерімізде берілетін биологиялық білім деңгейінің алдыңғы
қатарлы елдерден төмен болмауын көздегенде, ең алдымен, әр оқушыға мектеп
ұстанатын оңу материалының базалық өзгеріссіз денгейі, яғни базалық білім
мазмұны анықталуы тиіс. Бұл деңгей қандай типті екеніне қарамастан
мектептің негізгі сатыда әр оқу үшін ұсынатын білім мазмұнын толық ашады
және оқу бағдарламалары осы мазмұнға құрылады.
Біздің пікірінше, биология мазмұнының салалық бағыттары бойынша
алғанда базалық білім мазмұнына мынадай мәселелер кіреді. Биология пәні,
құрылымы, әдістері, ғылымының даму кезеңдері. Тіршілік, оның қасиеттері,
үрдістері тірі ағзалардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Биологиялық
обьектілермен, құралдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.
Экологиялық факторлар, экожүйелер, олардың құрылымы, тіршілік ету
ұстанымдары: экожүйеге адамның әcepi; агроценоз, оның өнімділігі. Табиғат
пен адам арасындағы қарым-қатынас ережелері,
Тірі ағзалардың сан алуандығы. Бір жасушалы, көп жасушалы ағзалар:
негізгі экожүйелілік топтар, олардың өзара тәуелділігі, сипаттамасы: басты
таксондар. Жергілікті жердегі сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік
жануар түрлері, жергілікті мәдени өсімдік іріктемелері, үй хайуанаттары
тұқымдары.
Жасуша биологиясы.
Жасуша теориясының негізгі қағидалары. Прокариот, эукариот
жасушаларының құрылысы, онда жүретін тіршілік үрдістері, бөліну жолдары.
Генетика. "Генетика", "өзгергіштік", "тұқымқуалау", "ген", "генотип",
"фенотип" ұғымдарының мәні, хромосомалардың ролі, адамдағы тұқым қуалауға
ортанын жағымсыз жағдайларының әсері. Тұқьм қуалайтын өзгерістер.
Эволюция. Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері, тіршілік
дамуының кезендері, эволюция ілімінің негізгі қағидалары, Қазақстандағы
селекция жетістіктері.
Адам. Адам - тірі ағза. Оның құрылысы, тіршілік үрдістерінің
ерекшеліктері, иммунитет. Жоғары жүйке қызметі. Биологиялық ырғақ:
салауатты өмір сүрудін биологиялық негіздері. Онтогенез. Адамдағы тұқым
қуалау мен өзгергіштікті зерттеу әдістері. Мутация, ортадағы рутогендік
факторлар. Дәрігерлік - генетикалық кеңес.
Антропосоциогенез. Адамның шығу тегі. Адам және биосфера экожүйелер.
Адам - әлеуметтік тұлға. Темлерамент, мінез-құлық, қабілет. Отбасының
ұлттық мәдениеттің жеке тұлға тәрбиесіндегі ролі, маңызы.
Ғылыми-техникалық прогресс және адам. Адамның болашағы: адам мен
биосфераның ноэволюциясы. Ноосфера туралы түсінік.
Бұл мазмұн құрамындағы тірі табиғат туралы білім жүйесін бейнелейді.
Ал, әрекет түрлері мен білім алудың әдіс-тәсілдері туралы білім
микроскоппен бір жасушалы ағзалар құрылысын, тіршілігін, өсімдік, жануар
жасушалары мен ұлпаларының микропрепаратын дайындап, ерекшелігін зерделеу;
өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алуы, қоректенуі, көбеюі, т.б. тіршілік
үрдістері зерттеуге қойылатын эксперимент, тәжірибелерді жоспарлау, жүргізу
әдістемесі, өсімдік, жануар жасушасы мен ұлпасын, бактериялар арқылы әр
түрлі аурудың таралуын, экожүйелерді т.б. моделдеу, сызба, талдау,
салыстыру арқылы түрлердін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, қоректік
байланыс арқылы улы химикаттардың әсерінен келетін зиянды, т.б. анықтау,
аутотренинг, жеке адамдар арасында болатын тұлғалық қарым-қатынастарды
талдау т.б. негізінде беріліп меңгертіледі.
Базалық мазмұн бойынша жасалатын оқу бағдарламалары мен оқулықтарда
қажетті және сәйкес жерлерде еліміздің табиғат мыс: өсімдік, жануар
түрлері, экожүйелер, агроценоздар, экологиялық жағдайлары, т.б.
экономикалық-шаруашылық ерекшеліктері, ғылым мәдениет жетістіктері, белгілі
ғылым қайраткерлері, т.б. туралы мағлұматтар кеңінен беріліп отырады.
Мектептің негізгі сатысындағы биологиялық білім мазмұнының алдын-ала
дайындығы бастауыш сыныптарындағы "Дүниетану" пәнінде беріледі.
Негізгі сатыда ҮІ-ІХ сыныптар биология біртұтас курс түрінде
оқытылады дедік. Курстық ҮІ сыныптағы мазмұны "Тірі ағзалар" деген
тақырыппен беріледі. Мұнда ең алдымен, бір жасушалы, көпжасушалы
өсімдіктердің жалпы құрылысы, тіршілік үрдістері жекелеген өкілдерінің
мысалы негізінде жасыл балдыр вошерия - бір жасушалы өсімдіктер, спирогира
- ұлпасыз көп жасушалы өсімдіктер өкілі, теніз орамжапырағы - қарапайым
ұлпалы көпжасушалы өсімдіктер өкілі қарастырылады. Одан соң
саңырауқұлақтар мен бактерияларға құрылысы, тіршілік ерекшелігі т.б.
тұрғысынан шолу жасалып, бір және көп жасушалы жануарлар дәл осы жоспармен
қарастырылады. Осыдан оқушылар бір жасуша дербес ағза бола алатынын біледі.
Жасуша құрылысы мен ондагы тіршілік үрдістері туралы қажетті түсінік, ұғым
алады; көпжасушыларды өткенде қызметінің жіктеліп, жаңаша топтасып, ағза
тіршілігі тұтас алғанда жасуша топтарының үйлесімді қызметі арқылы
қамтамасыз етілетіні туралы аса маңызды ұғым алады. Сөйтіп ҮІ сыныптың
өзінде-ақ оқушылар "Жасуша - тірі ағза", "жасуша - ағза құрылысы мен
тіршілігінің элементар бірлігі -негізі", "жасушаның бөлінуі арқылы көбею",
"біржасушылар мен көпжасушалы ағзалар арасындағы байланыс", ұрпақтың ата-
анамен ұқсас болып туылуы", "ағза тіршілігінің орта жағдайларымен
байланысы" т.б. сияқты қарапайым, бірақ aсa маңызды түсініктермен ұғымдар
арқылы келесі сыныптарда жасуша теориясының, эволюциялық ілімнің,
тұқымқуалау заңдылықтарының, экологияның негізгі қағидаларын саналы
зерделеуге дайындықтан өтеді.
Бұл ҮІІ сыныпта курс мазмұнын "Систематикаға, экологияға, генетикаға
және эволюциялық ілімге кіріспе" деген тақырыпқа құруға басым бөлігі ҮІІІ
сыныпта оқытылатын "Түрлердің сан алуандығы және оларды қорғау" деген
тақырыпты бастауға мүмкіндік береді. Бірінші тақырыпта "популяция", "түр",
"экожүйе" т.б, сияқты твориялық ұғымдардың мазмұны эволюция теориясының
оқушылар түсінігіне лайықталып ықшамдалған, жеңілдетілген нұсқасынын және
популяциялар мен биоценоздардың идеал моделдері негізінде ашылады. Екінші
тақырып мазмұны экология, эволюциялық ілім, тұқым қуалау жасуша теориясы
идеяларын нақтылап, одан әрі дамытуға, түрлері мен экожүйелерді қорғаудың
ғылыми негіздерін ашуға бағдарланып құрылады.
Адам. ҮІ сыныпта "Адамның тірі ағза ретіндегі ерекшеліктері деген
тақырыппен тірі табиғат бөліктерімен бірге қарастырылады. ҮІІ-ҮІІІ
сыныптарды жалпы биологиялық ұғымдар, заңдылықтар, теориялар негізінде
адамның құрылысы мен тіршілігіндегі ерекшеліктер ашылады Мыс: ҮІІ сыныпта:
адамдағы тұқым қуалау мен өзгергіштік, адамдағы биологиялық ырғақ т.б. ҮІІІ
сыныпта: ноосфера, адамның экожүйелерге әсері т.б. IX сыныпта бүкіл курс
"Адам" деген тақырыпқа құрылады. Оның мазмұны адамның биологиялық және
әлеуметтік мәнін ашуға бағытталады. Адамтану проблемалары іргелі
биологиялық теориялар мен шекаралық және қоғамдық-әлеуметтік тұжырымдамалар
тұрғысынан қарастырылады. Биологияны мектепте оқытудың ңазіргі заманғы
тұжырымдамаларында бұл курс "Әлеуметтік-мәдени жүйеде" қарастырылады. Мұнда
биологияның "екі жақты" табиғаты бар екені атап көрсетіледі. Өзінің зерттеу
обьектісі, әдістері тұрғысынан биология пәні жаратылыстану саласындағы
физика, химия география, астрономия сияқты пәндермен етене жақын, тығыз
байланысады. Ал, тіршілік, оның мәні, құндылығы, адам, антропосоционез,
салауатты өмір сүру, адам-табиғат қарым-қатынасының адамгершілік-
эстетикалық көзқарастары, т,б. тұрғысынан ізгілік, қоғамдық, өнер
саласындағы пәндермен жаңғыра түседі. Осыған байланысты биологиядан білім
берудің мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда, әсіресе биологиялық іргелі
ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланыстын маңызы зор. Оқушының физика
мен химиядан алған білімі тіршіліктік табиғи-аумақтық кешендер ландшафтар,
географиялық қабаттар туралы білім, түр популяция, биогеоценоз, биосфера
сияқты тіршілік формасының заңдылықтарын түсініп, саналы меңгеруіне
мүмкіндік туғызады. Салауатты өмір сүру туралы білім беруі, гигиеналық,
экологиялық тәрбиені бірлікте жүзеге асыру, адам мен табиғат арасындағы
этикалық-эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыру, т.б. мәселелер тек кең
көлемді пәнаралық байланыс негізінде ғана тиімді шешілмек. Тек осы байланыс
негізінде биологияны ізгіліктендіруге және басқа пәндерде
биологияландыруға, осы арқылы тіршілікті техникаға немесе өлі табиғат
жағдайларына тәуелді етіп қарастырудан туындайтын адамның оған деген
"үстемдік" психологиясынан арылып, тіршілікке аса жоғары құндылық деп,
құрметпен қатынас жасауына қол жеткізуге болады. Біздің ғасырдың атақты
гуманисі А.Швейцар: "Тіршілікті толық және жалпы мақсатқа сай сақтап,
дамыту ғана әдептілік. Оның өзі тіршілікті қастерлей білуге бағытталған кез
келген өзге қажеттілік немесе мақсатқа сәйкестік әдептілік бола алмайды"
деп тіршілікті құрметтеп, қасиет тұту империативтік - басты ұстаным етіп
алуды ұсынған болатын.
Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне қарай білім мазмұнын көп деңгейлі
етіп құруға ерекше маңыз беріледі. Мұны оқу бағдарламасында екі деңгейлі,
оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде көрсетуге
болады:
1. Мүмкіндік деңгейлер - базалық білім мазмұны ауқымында анықталады;
2. Міндетті деңгей - оқушы меңгеруі тиіс білім, білік дағдының ең аз
мөлшерін көрсетеді.
Бұл талаптарды оқушылар "Үрдісті немесе құбылысты ашып түсіндір",
"салыстыр", білімді пайдалан, "қорытынды жаса", "негіздеме бер", тәжірибе
қой, жаса", "обектіні анықта" т.б, сияқты алуан түрлі оқу әрекеті әдіс-
тәсілдерін қолдана отырып орындайды. Соның нәтижесінде, оқушы оқу
әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгереді. Әрі солар арқылы оның белсенділігі
артады және саналы, берік биологиялық білім алады.
Биологияны нәтижелі оқытуда оқушылардың білімін бақылап, бағалаудың
белгілі бір жүйесі, әдістері елеулі ролі бар екенін атап көрсету керек.
Қазіргі мектепте басым қолданылып жүрген бес балдық бағалау жүйесі
бүгінгі күнгі дамыта отырып оқыту идеясы талаптарына сай келмейді. Жүйе
негізінен, оқушыларды "нашар", "жақсы" оқитындар деп жіктеуге көбірек баға
жинақтап, соның орташа көрсеткішімен қорытынды жасауға бағытталған, оқу
материалынан барлық оқушылардың алған білім, білік дағдыларының
обьективтілігіне кепілдік бере алмайды: дамытушылық, тәрбиелік,
диагностикалық қызметі жоқтың қасы: бағалау мұғалімнің пікірімен ғана
жүргізіледі, оқушылар қатыспайды. Мұғалім қойған "қорытынды" бағаның
дұрыстығына, әділдігіне оқушының, ата-ананың сенімі көп жағдайда болмайды.
Қазіргі кезеңде, кейбір мектеп тәжірибесінде оқушы білімін бақылап,
бағалаудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, жолдары қолданылып жүр. Солардың ішінен
жаңа деп бір-бірімен байланысты жүргізілетін тест-тапсырманы айтуға болады.
Теет-тапсырма сыныптағы бүкіл оңушылар білімін тұтас пән немесе үлкен
тақырыптар, көлемі шағын материалдар бойынша бір мезгілде түгел бақылап,
бағалауға мүмкіндік береді, бұған уақыт көп кетпейді. Бағалаудың бұл түрі
туралы:
1. оқушы дұрыс жауапты кездейсоқ табуы мүмкін
2. мазмұндағы мәселелерді түгел қамти алмайды
3. оқушы өз ойын, пікір қисынды тұрғыдан талдап, дәлелдеп толық айта
алмайды деген сын-пікірлер бар.
Мұндай тестерді, негізінен, күнделікті бақылау-бағалау жұмыстарында
кең қолдануға болады. Мұнда да дұрыс жауапты оқушы әрі ойланбай, кездейсоқ
оғай таба алады деуге болмайды және әр жауапты ойлана отырып, ой елегінен
өткізетін болады. Тапсырма шарты - жауапты дұрыс табу. Оқушылар білімінің
міндетті деңгейдегі талаптардан төмен еместігін анықтауға берілетін тест-
тапсырмалар осы деңгейде білім, білік, дағдыларды толық қамтитындай етіп
құрылады және білімнің тұрақтылық ролін атқара алады, бағдарламада осындай
тест-тапсырмалардың үлгілерін берген жөн.
Оқушы білімін күнделікті тексеріп-бағалауға, әрине оның өз ой-пікірін
білдіріп, талдап дәлелдеуіне мүмкіндік беретін еркін жауаптарын, тәжірибе
қою, нәтижесін баяндау, бақылау қорытындысынан есеп беру т.б.
пайдаланылады.
Мектептегі биологиялық білімнің мазмұнын, құрылымын, құрамын оқыту
әдістерін мүндай бағыттарда жаңарту, оның құралдарын қайта қарап,
жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен оқу әдістемелік құралдар қажет. Біздің
ойымызша негізгі сатыдағы биологияның оқу-әдістемелік құралдарына шамамен
мыналар кіруі тиіс:
1. Биологиядан мектепте білім берудің тұжырымдамасы жаңа мазмұнның,
оны оқыту әдістемесінің дидактикалық әдістемелік негіздерін, бүкіл
идеологиясын түсініп, оқулық жасауда мұғалімге сабақты дұрыс бағытта
жоспарлай тиімді өткізуге көмектеседі.
2. Оқу бағдарламасы 6-9 сыныптар
3. Оқулық 6-9 сыныптар
4. Қосымша оқу құралдары хрестоматиялық, анықтамалық т.б.
5. Таратылып берілетін дидактикалық материалдар оқу тапсырмалары,
суреттер т.б.
6. Көрсетілімдік дидактикалық көрнекі құралдар кестелер, суреттер
т.б,
7. Альбомдар өсімдік, жануар, адам, әр түрлі экожүйелер
8. Фонокүйтабақтар, магниттаспалар жануарлар әлеміндегі дыбыстар
9. Видеофильмдер.
10.Әдістемелік нұсқаулар.
11.Мұғалімдерге арналған хреетоматиялық материалдар
12.Биологияның әр бөлім, ірі тақырыптары бойынша фабрикада дайындалған
табиғи обьектілер тұлыптар, кеппешөптер жинақтамалар, қанқалар т.б.
нақнұсқалар т.б.
Болашақ курсының осы уаңытқа дейін оқытылып жүрген пәннен елеулі
ерекшеліктері бар. Қазір Ы.Алтынсарин атындары Қазақтың Білім проблемалары
институтының химия, биология, географияны оқыту зертханасында биологиянын
жаға оқу бағдарламасын жасау қолға алынып отыр.

1.2 Ағза жасушасының құрылысы және оның биохимиялық құрамы

Жасуша - дегеніміз төрт тірі обьектінің бас элементарлық бірлігі. Тірі
организмдердің құрамына кіретін клеткаларды екі топқа бөлуге болады. Ядро
қабаты болмайтын прокариоттар, ядро қабаты болатын эукариоттар, бұған
жануармен өсімдік клеткалары жатады. 1 сур, 2 сур.
Тірі организмдердің өмір cүруіне мынадай жасушалық органеллалар керек.
Ядро, митохондрия, лезосомалар, гикроденелер, эндоплазмалық тор. Жасушалық
мембраналар клетканы қоршаған ортадан бөледі және клетканың ішінде әр түрлі
клеткалық бөлінділерді түзеді. Мембраналардың массалары клетканың
массасының 80% алады. Мембраналар липидтер жене белоктық қабаттан тұрады.
Белояты компоненттер белок молекуласынан тұрады. Олардың молекуласының
массасы 5000 - 250000-ға дейін. Липидті бөлігі фосфолипидті
гликолипидтерден, стероидтардан тұрады. Қазірге дейін цитоплазмалық
мембрананың структурасы соңына дейін дәлелденбеген.
Қазіргі кезде клеткалық мембрананың 3 моделі жүргізіліп жатыр:
1. Элемэлентарлық мембрананың моделі. Гипотиза бойынша мембраналар 2
белоктық қабаттан тұрады. Олардың ортасында жұқа липидтік қабат, сыртқы
қабат мукопротенд. Ішкі қабат глобулярлық белоктардан тұрады.
2. Глобулярлы бірлестіктің моделі. Мембрана глобулярдан тұрады. Әр
глобула сыртқы жағынан белоктармен қапталған.
Глобулалардың арасында саңылаулар орналасады. Саңылаулар арққылы майда
заттар және қоректік заттар өтеді.
3. Ерітінді мазайкалық модель. Мембранаяар 2 қабатты липидтерден
тұрады. Ол 2 қабат белоктармен қапталған. Бірақ бұл модель бойынша белоктар
липидтерден жеңіл бөлінеді. Липидтердің ішінде белоктардың молекулалары
кездеседі. Ондай белоктарды интегралды белоктар деп атайды.
Цитоплазма - плазмалық мембрана арқылы бөлінген клетканың қоймалжың
ішкі ортасы табылады. Ол организм тіршілігіне қажетті органоидтар
гиалоплазма және матрица деп аталатын массадан тұрады.
Гиалоплазма грекше hyagos - әйнек немесе плазма цитоплазманың
негізгі түссіз күрделі қоймалжың жүйесі, цитоплазманың түп негізі.
Гиалоплазманың құрамына еріген ақуыз, еріген РНҚ, полисахаридтер, липидтер
болады. гиалопдазма арқылы аминқышқылдары, май қышқылдары, АТФ-ты
тасымалдаушылар, нуклеоидтер, қанттар және бейорганикалық иондар
тасымалданады. Цитоплазманың қызметі: 1 цитоплазма эндоплазмалық тор,
рибосомалар, митохондриялар, пластиндер, гольджи аппараты, лизосомалар,
жасуша орталығы, вакоульдер және қосындылардың жұмысын реттепе отырады. 2.
Цитоплазма жасушаның жұмысын реттеп тұратын ферменттерге, ферменттер
жүйесіне бай, олар зат алмасуды тездетеді.
Митохондрия – пішіні таяқша немесе түйіршік тәрізді ұзындығы 5-7 мкм,
ені 0,5 – 1 мкм. Митохондрия клеткадан ішіндегі цитоплазмадан 2 мембранадан
бөлінген сыртқы мембраналары тегіс, мембранада кристалдар деп аталатын
қатпарлар болады. Митохондрияның ішкі ортасы матрикс деп аталады.
Митохондрияның әр бөлігінде арнайы ферменттер болады. Сыртқы мембрамада
майлы қышқылда ыдырататын ферменттер мен мыс; аминооксидоза ацимо-синтаза
болады. Митохондрияның бас қасиеті АТФ синтезі. Ішкі мембрананың белоктың
20-25% - ін тыныс алатын ферменттерге келеді. Матрикс тәрізді структура.
Олардың құрамына 50% белок кіреді.
Рибосомалар - негізінен эндоплазмалық тop және ядро қабықшасының
сыртқы қабатында орналасқан шағын денелер. Химиялық құрамы белоктан және
РНК – ның қатысуында белок синтезі жүреді. Әр рибосома екі субьединицадан
құралған. Біреуінің мөлшері 12х15 нм, екіншісінікі 8х15 нм. Белоктың
синтезі жүрген кезеңде екі субьединицадан матрикалық РНК мен байланысады т
РНК. Әдетте ол ортада магнийдің иондары болған кезде жүретін РНК – ның
үстінде бірнеше рибосомалар орналасса, оларды полирибосима немесе полисома
деп аталады.
Ядро - негізінен тұқым қуалаушылыққа жауап беретін генетикалық
материал жинақталады және ол клеткадағы тіршілік процестерін реттеуге
қатысады. Пішіні жағынан әртүрлі болажы. Көбінесе дөңгелек немесе сопақша
диаметрі 10-30 мкм – ден аспайды. Сыртқы жағынан ядро 2 мембранадан
қапталған, әр мембранада өте ұқсас саңылаулар болажы. Солар арқылы ядроның
ішіне макромолекулалар өте алады. электрондық микроскоппен саңылауларға
қарағанда пораның 2 жағында екі – екіден глобула орналасады.
Эндоплазмалық тор. Цитоплазманың ішінде бір – бірімен тығыз
байланысқан түтікшелердің, Вакольудердің, цистерналардың жиынтығынан
тұратын күрделі жарғақшалар жүйесі. Эндозплазмалық тордың: 1. түйіршікті,
2. тегіс бетті – екі түрі болады.
I. Түйіршікті эндоплазмалық тордың мембранасына рибосомалар
орналасады. Мембраналар протеолиттік ферменттер мен ақуыздың синтезделу
әрекетіне қатысады. Рибосомада синтезделген белок молекулалары
эндоплазмалық тордың қуысына түсіп, ол арқылы белок молекуласын клетканың
қажетті жеріне тасиды.
2. Тегіс эндопзамлалық тор липидтердің гликогеннің т.б. заттардың
синтезделу әрекетіне қатысады және олардың тасымалдануын жүзеге асырады.
Эндоплазмалық тор өзекшелерінің ішінде май тамшылары, түйіршіктер және
ақуыз молекулалары болады. Бұл тордың өзекшелері әр түрлі молекулаларды
ядродан цитоплазманың шеткі аймақтарына немесе керісінше, цитоплазмадан
ядроға тасымалдау қызметін атқарады.
Гольджи аппараты. Бұл аппаратты 1898 жылы итальян ғалымы Гольджи
жануар клеткасынан тапқан. Гольджи аппараты – жануарлар, өсімдіктердің
жасушаларында кездеседі. Пішіні орақ, таяқша жеке денешіктер түрі де
болады. құрылысы 3 бөліктер тұрады: 1 мембранадан шектесіп, топтаса
орналасқан қуыстар; 2 қуыстар мен байланыса орналасқан ірі түтікшелер; 3
майда көпіршіктер. Гольджи аппраты полисахаридтер мен лимидтердің синтезіне
қатысатын ферменттер болады. олар биосинтез реакцияларының жүрісін
жеңілдетеді. Гольджи аппаратының әсерінен плазмалық мембрана жаңарып
отырады. Клетканың тіршілігіне зиянды улы заттарда сыртқы ортаға бөліп
шығарады.
Лизосомалар – негізінен, зукариотты клеткаларда, фагоцитозға қабілетті
жануар клеткаларында көп кездеседі. Жануарлар клеткаларындағы лизосомаларда
гидролиздеуші ферменттердің жиынтығы болады. ферменттерді, нуклеин
қышқылдарын, белоктарды, полисахаридтерді ыдыратады.
Вакуольдер - өсімдіктер мен жануарлар клеткаларында болады. Вакуоль –
клеткалардың дамуы және ескіруі барысында цитоплазмада анық көріне
бастайтын сұйықтық. Вакуольдерде ерітінді күйінде минералды тұздар, қант
заттары, әр түрлі органикалық қышқылдар, пигменттер басқа да заттар
шоғырланады. Вакоульдер жас клеткаларда өте ұсақ болады, ар қартайған сайын
вакуольдер бір – бірімен қосылып, ірі вакуольдерге айналады.
Клетканың химиялық құрамы
I. Клетканың құрамында, Менделеев системасының 104 элементінің ішінде
60 түрі кездеседі. Клетканың құрамындағы элементтерді саны жағынан үш топқа
бөледі:
1 -тіопқа - 4 элемент - оттегі, көміртегі, азот және сутегі кіреді.
Клеткада бұл әлементтер кеңінен тараған және клеткада құрамының 98% алады.
ІІ - топқа клетка құрамына 0,10, 0,01% болатын элементтер кіреді. Бұл
8 элемент: калий, магний, натрий, кальций Fе , Р және СІ және олар клетка
құрамыньш 1.90% алады.
ІІІ - топқа қалған элементтер кіреді. Олар клеткада өте аз мөлшерде
0,01% аз.
Клеканың құрамындағы химиялық қосылыстар.
Неорганикалық заттарға: су және тұздар. Органикалық заттарға: белок,
майлар, углеводтар, нуклеин қықылдары жатады.
• Клетканың химиялық құрамы:
• Су 75-85
• Белок 10-20
• Майлар 1-5
• Нуклеин қышқылдары 1-2
• Углеводтар 0,2-2,0
• АТФ және төмен молекул. органикалық заттар 0,1-0,5
• Неорганикалық заттар 1,0-1,5
Белоктар. Клеткадан суды сорып алса, саны жәие маңызы жағынан белоктар
бірінші орында, клеткада белок 10-20% сырои және кепкен түрінде 50-80
алады.
Белоктарды басқаша протеиндер грек.psotos - алғашқы, негізгі деп
атайды.
Басқа органикалық заттармен салыстырғанда белоктардың ерекшеліктері
бар. Ең бірінші, олардың молекулярлық салмағы өте үлкен. Мысалы, I
жұмыртқаның белогы жұмыртқа альбумино 36000 тең, ал актиомизмн да
бұлшық еттң қысқартатын белок 150000 жетеді. Белок молекуласы басқа
молекулаға қарағанда спирт, уксус қышқылы т.б. алып болып саналады және
оны құруда мыңдаған атомдар қатысады. Бұл молекуланың алыптығын көрсету
үшін, оны макромолекула гр. makros- алып атайды.
Белоктар полимер деп аталатын қосылыстарға жатады. Қандайда болмасын
полимер молекуласы ұзын шынжырдан цепь тұрады және онда бір қарапайым
құрылым қайталанып отырады. Оны мономер деп атайды. Табиғаттағы және қолдан
жасалған полимерлер бірдей мономерлерден құрылған. Бірақ, басқа
полимерлермен салыстырғанда белок, құрылысы ұқсас мономерлер болғанымен,
бірақ бірдей емес мономерлерден тұрады.
Белок полимерлерінің мономерлеріне 20 амин қышқылы кіреді. Мыс:
Бұл екі топтың болуы амин қышқылдарының көптеген қасиеттерін анықтауға
болады. Мысалы, амфотерлі қасиеті хар-р өйткені амин тобына негіздер
сілтілер қасиеті, ал карбоксил тобына - қышқылдық қасиет тән. Осы екі
топтың болуына байланысты "амин" және қышқыл ерекше бір класс амин
қышқылдары деп аталады. Амин қышқылдарының арасындағы ұқсастық тек амин
және карбоксилдың болуында ғана. Молекуланың басқа бөлігін амин тобы мен
карбоксилдан басқа бүйір топ немесе бүйір радикал деп атайды. Бүйір
радикалдары құрылымы жағынан әралауан:
• ашық көмірсутек шынжыры лейцин, валин, алалин;
• және бензол сақиналары фенилалалин;
• және летероциклдер;
• және күкірт шынжырлары.
Амии қышқылдарының арасындағы белок полим. Құруда тіркесу барлығына
ортақ топ арқылы жүреді:
Қосылған аминқышқылдарының арасында - Н - CO - байланыеы пайда болады
және оны пептидті, ал шыққан қосынды пептид деп аталады. Осылайша 3, 4 және
көп аминқышқылдары қосылады. Әрбір табиғи белок полипептид б.айт., ондаған
- полимер аминқышқылдары тұрады.
Белок молекуласының әртүрлі деңгейлері.
Белоктық макромолекуласының формасы шарик глобула. Табиғи белоктың
полипептидті жібі ширақталған закруг. зерттеулердің көрсетулері бойынша
полипептидті жіпте ешнәрсе ХААС түрінде орналаспай, барлығы рет-ретімен,
әрбір белокқа анық және тұрғылықты және пайда болатын құрылым полипептидті
шындың сипатына хар-р байланысты, басқаша айтқанда амин қышқылының
орналасу тәртібі мен наборунан.
Белок молекуласының құрылысы толық түсіну үшін дат ғалымы биохимик
Линденштрем - Ланга белоктың бірнеше деңгейге бөлуді ұсынды.
Бірінші, ең қарапайым, полипептидті шынжыр, б.а. арасында полипептид
шынжырымен байланысқан амин қышқылдары және оны бірінші деңгейлі деп
атайды. Бірінші құрылымда байланыстары ковалентті ең берік байланыс. Бір
бөлігі пептидті CO-NH2- байл., екінші бөлігі - С - С - байл.
Келесі, ектнші деңгейдегі құрлым:
белок жіпшесі спираль тәрізді ширақталады. Спмральдың ұштары бір-
біріне өте жақын арақашықтықта орналасады да, ауылдас атомдармен, атомдар
тобында бір – біріне тарту притяжение басталады. Бір спиральда орналасқан
CO тобы мен, екінші спиральда орналасқан NH топтарының арасында сутегі
байланысы пайда боладн. Сутегі байланысы, коваленттіге қарағанда бостау,
бірақ көп қайталанғанда берік болады.
Екінші деңгейлі белок әрі қарай жинақталады. Оның формасы екінші
деңгейдегіге қарағанда күрделірек, бірақ әрқайсысының орны рет-ретімен
орналасқан. Екінші деңгейдегі белоктың күрделенуінің салдарынан үшінші
деңгейдегі белок құрлымы шығады. Рентген структуралық анализге сүйене
оотырып, белок үшінші дәрежелі белок құрлымы, көп рет бұралған полипептид
спиралінен тұратыны көрсетілді. Фигураның ішіндегі дөңгелек - темір
атомының орны. Үшінші деңгейлі белок құрылымын байланыстырған байланыстар,
сутегі байланысынан да нашар. Олар гидрофобты байланыстарға жатады. Бұл
терминмен, неполярлы молекулалар арасында немесе неполярлы радикалдардың
арасында болатын тартылыс күшін атайды. Суды еске алып, су ортасында поляр
емес молекулалар арасында гидрофобты тартылыс күші бар. Ал белоктың бүйір
топтарында таза гидрофобта радикалдар көпм; лейцин қалдықтары, валин,
фенилаланин т.б., және олар су ерітіндісінде бір-біріне тартылып, қосылады
да белок құрылымын бірқалыпты етеді.
Үшінші деңгейлі белокты тек қана гидрофоб күштен басқа, ковалентті -
-S - S - байланысы да біріктіреді.
Үшінші деңгейлі белокта соңы емес. Әдетте белок макро-молекула, сол
сияқты макромолекула немесе басқа белок қосындылар қосылады. Сондықтан,
егер белок үшінші деңгейлі болып қалыптасқанда, оны төртінші деңгейлі деп
атайды. Мысалы, эритроциттағы болатын гемоглабин белогы 4 макромолекуладан
тұрады және тек осындай комплексте ғана гемогдабин, оттегіні тасымалдайды.
Денатурация. Сыртқы ортаның әсерінен: -t тұзды орта, химиялық
заттардың әсерінен т.б. макромолекуланың байланыстары үзіледі, демек белок
құрлымы да және белок қасиеті өзгереді. Бұл процесті денатурация деп
атайды.
Белок денатурациясы қайтымды процесс. Бірақ ол әсер етуші күшке
байланысты. Жылдық денатурация, және радиоактивті әсер, қайтымы қиын.
Белоктың клетка өміріндегі ролі.
1. Белок биокатализатор олардаі ферменттер немесе энзин деп атайды.
Мыс.: каталаза ферменті:
Н2О2 =2Н2О + О2 реакц.1011 тездетеді.
2. Сигнал функцясы. Сыртқы әсерді клеткаға жеткізеді.
3. Барлық қозғалу реакциялар қысқарғыш белок орындалады.
Мыс.: Жануарлар белогы бар бұлшық еттері қозғалғанда, + АТФ қышқыл
бұзады да, өздері қысқарады. АТФ шыққан энергиж механикалық жұмыс істейді.
III - қысқартатан функция.
4. Оттегі барлық денеге - қан белогы гемоглабинмен таратылады.
Альбумин сарысуы сывороты липоид сипаттағы заттарды тасиды. 4 - қасиет
транспорт.
Клетка және оның құрылымы белоктан құралады. Белоктан клетканың сыртқы
қабығы және ішкі мембраналары құралады. Жоғарғы организмдері белоктан, қан
тамырлары, көз роговицасы, шаш т.б. құралады. 5-қызметі - құрушы
құрылымы.
Көмірсулар барлық клеткаларда кездеседі. Әсіресе олар өсімдік
клеткасында көп болады: жапырақтарда, тұқымдарда, өсімдік түйнектерінде
кепкен қалдықтарының 90% - құралады. Жануар клеткасында кебу қалдығынан
1% - қана. Тек бауыр және бұлшық еттерде углеводтардың 5% көп.қалд.
бар. Химиялық құрамына қарай көмірсулар 2 түрге, қарапайым және күрделі
болып бөлінеді.
Қарапайым көмірсулар - бұлар альдегид-спирттер мен кетон спирттер. Ең
қарапайым көмірсулар - гексоза мен пентоза. Гексозедан - глюкоза және
фруктоза маңызды. Бірінштсі - альдогексозаны, екіншісі кетогексозамен
көрсетілген.
Пентозадан рибоза және дезоксирибоза маңызды. Екеуі де альдопентозаға
жатады.
Көмірсулардың қарапайым құрылымдары қысқа шынжырлардан биоза, триоза,
тетроза тұрады. Ал күрделі көмірсулар ұзын шьын-жырлардан - пентоза,
гексоза - оғай сақиналар құрайды. 5-6 бөлікті сақиналар тез пайда болады.
Пентоза мен гексоза бос болғанда, олардың молекулаларының көп бөлігі
шығыршықты кольчатый формада болады. Бірақ молекуланың аз бөлігі ашық
формада болады. Шығыршықты және ашық формаларынын арасында жылжымалы тепе-
теңдік орнайды және олар бір-біріне ауысып тұрады.
Байлаулы жағдайда қарапайым көмірсулар полимерлердің құрамына кіреді
- АТФ, нуклеин қышқылы гексоза мен пентоза тек шығыршықты формада болады.
Күрделі көмірсулар— ди, үш және полимерлер құрамына кіреді. Мыс:
тростаикті қант - димер. Фруктоза және глюкозадан тұрады. Крахмал - күрделі
полимер. Онын мономері глюкоза. Басқа сызықты полимерлерден, бұтақты болып
келетінімен айырмашылығы бар.
Ең көп тараған көмірсуларға - клетчатка целлюлоза жатады. Құрылымы
жағынан целлюлоза жай сызықты полимер. Мономер глюкоза целлюлозаның бір
молекуласы 100-150 глюкоза монорерінен тұрады.
Көмірсулардың организмдегі маңызы.
Клетка активтілігін көтеретін энергияның көзі болып табылады.
Клетканың қозғалысы, секрециясы, биосинтетикалық реакциялар т.б. энергияны
қажет етеді. Бұл энергияны клетка негізінен көмірсулардың ыдырауы мен
тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде алады. Энергиялық ролінен басқа
құрылыс функциясын орындайды. Клетчатка көмірсуларынан өсімдік клеткасының
қабықшасы тұрады, насекомдардың сыртқы қатты қабықшасы - көмірсуларға жақын
жаттардан - хитиннин тұрады.
Майлар мен липидтер. Майлар өсімдік және жануарлар клеткасында да
кездеседі. Олардың кепкен салмағанын 5-15% тұрады. Кейбір клеткалар 20%
тұрады. Оларға май ұлпаның құрамындағы клеткалар жатады. Жануарларда май
клеткалары терінің астында, көкірек бездерінде, сонымен қатар кейбір
органдарды, мыс: бүйректі май пердесі қоршап жатыр. Өсімдіктерде майлар
тұқымдарда, жемістерде мыс: жаңғақ, күнбағыста кездеседі. Май сүтқоректі
жануарлардың сүттерінде кездеседі.
Майдың негізгі қасиеті - суда ерімейді. Оны еріту үшін -бензин,
хлороформ, эфир қолданады.
Майлар мен липоидтардың химиялық құрамы.
Майлар күрделі эфир үшатомды спирт глицериннен және жоғары молекулалы
май қышқылы - амин, пальмитин және стеариннен тұрады. Олардың жалпы аты -
глицеридтер.
нейтрал майдың структурасы
Майдңғ молекуласының бір бөлігі глицерин қалдығынан - суда жақсы
ериді, екінші бөлігі май қышқылының қалдығынан тұрады, және олар суда
ерімейді. Майдың бір тамшысын суға тамызса, су бөлігіне май модекуласының
глицерин бөлігі, ал судан жоғары қарай көмірсутек шынжыры көтеріліп жатыр.
Бос күйінде амин қышқылы - сұйықтық, пальмитин және стебрин қышқылын -
қатты зат. Пальмит қышқылы - 430, ал стеорин - 60% ериді. Соньмен сұйық
майлар глицеридтердің амин қышқылынан, ал қатты майлар - шошқа, сиыр, қой
майлары - лальмитин және стеарин қышқылдарынан тұрады.
Майлардан басқа клеткада, қасиеттері өздеріне ұқсас заттар көп. Олар
суда ерімейді, бірақ май еріткіштерінде бензин, хлороформ, эфир ериді.
Бұл заттарды липоидтар деп атайды. Олардың кейбір түрлері химиялық құрлымы
жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерітінділер, жалпы түсінік
Негізгі биогенді элементтердің биосферадағы айналымы
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы
Қалкан безіне йодтың жиналуы
Жер қабыршағының химиялық құрамы биосфераның факторы сияқты
Макро, микро және ультрамикроэлементтер
Құстарды азықтандыру түрлері
Ағзаға қажетті химиялық өнімдер
S, p, d элементтердің медициналық-биологиялық маңызы
Атом материя құрылымының негізі ретінде. (Атом құрылымы, элементтер мен изотоптар, атомның массасы, электрондық және энергия деңгейлері)
Пәндер