Тіл мәдениетінің мәселелері.



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Тіл мәдениетінің мәселелері.
1.1. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Байланыстырып сөйлеу мен жазу жұмысының негізгі
Принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

ІІ тарау. Байланыстырып сөйлеу мен жазу жұмыстарын
Жетілдірудің әдіс . тәсілдері.

2.1. Ойды сыртқа шығара білуді оқыту барысында қолдану ... ... ... ... ... 17

2.2. Жазба жұмысын жүргізу әдістері және байланыстырып
Сөйлеудің түрлерін үйрету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Кіріспе.
Тіл дамыту жұмыстарын белгілі бір тақырыптың оқытылуына негіздей отырып балалардың байланыстырып сөйлеу мен жазу жұмыстарын жетілдіру, жаңа сөздермен таныстырып ойын дұрыс жүйелі айтып беруге, сөйлеуді үйретуді мақсат тұтамыз. Тіл дамыту жұмыстарының негізділерін бөлшектеуге болмайды.
«Өнер алды – қызыл тіл» - дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту – тек әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы барлығына бірыңғай талап.
Оқушыларға дұрыс сөйлеу нормаларынан тиянақты да тұрақты білім мен дағды беруде жүргізілетін жұмыстардың түрі көп, олардың тигізетін пайдасы да мол. Дұрыс сөйлеу дағдыларын оқушылар ойында қалыптастыруда, мұғалім мына тәрізді психологиялық жұмыстарды ескергені жөн: оқушыларды жас кезінен бастап, сөздерді, сөз тіркестерін және тұтас сөйлем компоненттерін дұрыс айтуға үйрету, сөйлем мен тексті анық оқуға жаттықтыру, есту мен сезу қабілеттерін тәрбиелеу, сөйлем, текст, оқытуда оқушының көру дағдысын арттыру, өз сөзіндегі және басқа біреудің сөзіндегі дауыстың шығуы мен айтылу ерекшелігін байқату, оқушының сөзді дұрыс айту дағдысын тәрбиелеу, оқушылардың бақылағыштық қабілетін арттыру.
Дұрыс айту ережелері мұғалімнің жан - жақты түсіндіруі мен әр түрлі көрнекіліктер, қолдануымен, мысалдарды талдатып, бақылауы арқылы меңгертіліп, қажет дағдылар түрлері қалыптастырылады.

Зерттеудің мақсаты:
1. Оқушы тілін дамыта отырып, шығармашылық сөйлеу және жазу деңгейін көтеру.
2. Оқушыларды жауап беру кезінде әр түрлі сөйлеу жолдарын іздеуге және ең қажеттісін таңдай білуге үйрету.
3. Оқушылардың ой – өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізе білуін, олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, өзгелердің ойын, пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Білім мазмұнына ерекше назар аудару.
2. Оқушыны бірігіп талқылауға, алдына мақсат қоя білуге, өзін – өзі танытуға баулу.
3. Негізгі нәрсені бөліп ала білуге, түрлі шығармашылық жұмыстарды орындауға дағдыландыру.
4. Сөздің айтылу нормасы бойынша жазу қандай қате болса, жазылу нормасы бойынша сөйлеу сондай қате екенін ұғындыру.
Зерттеу болжамы:
Оқушылардың сауаттылығын үнемі жетілдіру, ол үшін төменгі сыныптан – ақ дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу жолдарын үнемі назарда ұстап,орфографиялық, орфоэпиялық норманың сақталуын қадағалаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. А., 2000 ж.
2. Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1995 ж.
3. Айтбаев О. Қазақ сөзі . Алматы , 1997 ж.
4.Әбілқасымов Б. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. Алматы, 1988.
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992 ж.
6.Барлыбаев Р. Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық - саяси лексика. А., 1998 ж.
7. Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы. Алматы, 1989
8. Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері. А., 1996.
9. Қайдаров Ә. Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1993.
10. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологисы дамуының кезеңдік сипаты. – Астана: Елорда, 2002 ж.
11. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі., А., 1996 ж.
12. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев. Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 жыл.
13. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998.
14.Б.Құлмағамбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1988ж.
15.Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2001ж.
16.Б.Айғабылова «Лексиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 1968 ж.
17.Қаражігітқызы А. Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары. Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 ж. №2.
18. Қалниязова А. Жаңа технологияның қазақ тілінде алатын орны. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2002 ж. №12
19. Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 ж. №3.
20.Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 ж. №9.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Тіл мәдениетінің мәселелері.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3

І тарау. Тіл мәдениетінің мәселелері.

1. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2. Байланыстырып сөйлеу мен жазу жұмысының негізгі

Принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..15

ІІ тарау. Байланыстырып сөйлеу мен жазу жұмыстарын

Жетілдірудің әдіс – тәсілдері.

2.1. Ойды сыртқа шығара білуді оқыту барысында
қолдану ... ... ... ... ... 17

2.2. Жазба жұмысын жүргізу әдістері және байланыстырып

Сөйлеудің түрлерін үйрету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...31

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..33

Қосымша
беттер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...34

Кіріспе.

Тіл дамыту жұмыстарын белгілі бір тақырыптың оқытылуына негіздей
отырып балалардың байланыстырып сөйлеу мен жазу жұмыстарын жетілдіру, жаңа
сөздермен таныстырып ойын дұрыс жүйелі айтып беруге, сөйлеуді үйретуді
мақсат тұтамыз. Тіл дамыту жұмыстарының негізділерін бөлшектеуге болмайды.

Өнер алды – қызыл тіл - дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл
білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да
оқушылардың тілін дамыту – тек әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол
бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы
барлығына бірыңғай талап.

Оқушыларға дұрыс сөйлеу нормаларынан тиянақты да тұрақты білім мен
дағды беруде жүргізілетін жұмыстардың түрі көп, олардың тигізетін пайдасы
да мол. Дұрыс сөйлеу дағдыларын оқушылар ойында қалыптастыруда, мұғалім
мына тәрізді психологиялық жұмыстарды ескергені жөн: оқушыларды жас кезінен
бастап, сөздерді, сөз тіркестерін және тұтас сөйлем компоненттерін дұрыс
айтуға үйрету, сөйлем мен тексті анық оқуға жаттықтыру, есту мен сезу
қабілеттерін тәрбиелеу, сөйлем, текст, оқытуда оқушының көру дағдысын
арттыру, өз сөзіндегі және басқа біреудің сөзіндегі дауыстың шығуы мен
айтылу ерекшелігін байқату, оқушының сөзді дұрыс айту дағдысын тәрбиелеу,
оқушылардың бақылағыштық қабілетін арттыру.

Дұрыс айту ережелері мұғалімнің жан - жақты түсіндіруі мен әр түрлі
көрнекіліктер, қолдануымен, мысалдарды талдатып, бақылауы арқылы
меңгертіліп, қажет дағдылар түрлері қалыптастырылады.

Зерттеудің мақсаты:

1. Оқушы тілін дамыта отырып, шығармашылық сөйлеу және жазу деңгейін
көтеру.

2. Оқушыларды жауап беру кезінде әр түрлі сөйлеу жолдарын іздеуге және ең
қажеттісін таңдай білуге үйрету.

3. Оқушылардың ой – өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізе білуін, олардың
өзіндік жұмысын ұйымдастыру, өзгелердің ойын, пікірін тыңдай білуге
тәрбиелеу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Білім мазмұнына ерекше назар аудару.

2. Оқушыны бірігіп талқылауға, алдына мақсат қоя білуге, өзін – өзі
танытуға баулу.

3. Негізгі нәрсені бөліп ала білуге, түрлі шығармашылық жұмыстарды
орындауға дағдыландыру.

4. Сөздің айтылу нормасы бойынша жазу қандай қате болса, жазылу нормасы
бойынша сөйлеу сондай қате екенін ұғындыру.

Зерттеу болжамы:

Оқушылардың сауаттылығын үнемі жетілдіру, ол үшін төменгі сыныптан – ақ
дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу жолдарын үнемі назарда ұстап,орфографиялық,
орфоэпиялық норманың сақталуын қадағалаймын.

Зерттеу әдісі:

Әңгіме құрастыру, тест, топтастыру, сұрақ – жауап, түсіндіру,
кітаппен жұмыс әдістері.

Зерттеу обьектісі:

5 Б сыныбы

Зерттеу орны:

Тараз қаласы, №38 орта мектебі

Зерттеу пәні:

Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Зерттеу кезеңі:

1. Жинаған әдебиеттерге сүйене отырып, курстық жұмыстың теориялық
бөлімін жүзеге асыру, қорытындылау.

2. Курстық жұмыстың методологиялық негізіне сүйене отырып, тиімді әдіс
– тәсілдерді қолданып, практикалық бөлімін жүзеге асыру,
қорытындылау, ұсыныс жасау.

І тарау. Тіл мәдениетінің мәселелері.

І.І Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны.

Тіл дамыту – қазіргі мектептің оқу – тәрбие ісіндегі басты проблема –
тіл мен сөйлеу процессін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл
бөлу. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып
сөйлеуге айрықша көңіл бөледі, тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу, оны
дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен мен сөйлеу практикасының бір – бірімен
қарым – қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады.

Тіл дамыту сабағының алдына қойып отырған мақсаты – оқушы тілін
дамыта отырып, шығармашылық сөйлеу және жазу деңгейін көтеру. Оқушының
жазбаша және ауызша ойын дұрыс бере, айта білуіне үлгі беретін – мұғалім.
Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту, жұмыстарын дұрыс
шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті
өмірдегі құбылысты жан – жақты түсіне білуіне, білген сөздерін ауызекі
сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Демек, оқушының тілін дамыту
жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Қазақ тілі сабағында да
тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінеді, әрі әдебиетке бөлінген сағаттардан
көп. Міне, осы сағаттарды тиімді пайдалана, оқушылардың көркем тілін
қалыптастыруда біршама жұмыстар атқарады.

Оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда
пікірталасы, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас
сабақтарының маңызы ерекше. Ал жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау,
конференция, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше ел жазбаша тыл
ұмытуда реферат қорғау конференция семинар т.б сабақтардың орны зор.
Оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мғ дейтін өрістетіп жетілдіріп, жетілдіріп
көздейтін мектеп көлемінде тиісті шаралар белгіленіп, жаппай күрес
жүргізіліп отыруы қажет. Бұл жұмысты осылай ұйымдастырмаған жерде, одан
ойдағыдай нәтиже күту, толық мақсатқа жету неғайбіл болмақшы.

Оқушының сөйлеп тұрған кезіндегі сөзін құлақ қойып, зейін сала,
тыңдаған оқушыларға ұстазының ауызша тілімен жеткізіп берген білім түрлері
мен қорын бекіту, пысықтау, қайталау мақсатымен қайтадан айтып беру
оқушыларға қиындық келтірмейді. Қайта бұл олардың айызша меңгергендігімен
қатар, сөйлеу тіліне қаншалықты жаттығып, жетілгендігін аңғартып отырады.

Жазбаша тілдің ауызша тілмен бірлік жақтары да, айырмашылық
жақтары да бар. Бірлік жақтары екеуінен де айтылған, жазылған сөздің мәнді,
мағыналы мазмұнды болуы, ойлар мен сезімдердің айқын дәл, дәлелді, жүйелі
түрде берілуі, құлаққа жағымды, тыңдауға сүйкімді, оқуға тартымды болып
келуі талап етіледі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар, өнер алды -
қызыл тіл деген сияқты қазақ мақал – мәтелдері екеуіне де қойылатын ортақ
талап, шарт болып табылады. Сондықтан бұл екеуінің бір – бірінсіз күні жоқ.
Демек дұрыс сөйлей білуге үйретеді, біріне бірінің көмегі тиеді.
Оқушылардың тілін дамытуға арналған жазбаша жұмыстардың түрі көп. Жазбаша
жұмыстар сауаттылық үшін де, алған білімдерін тексеруде де қолайлы болып
келеді. Жазбаша жұмыстар оқушыларды ойлау еңбегін дағдыландырады, қосымша
материялдарды пайдалану мамықтарын жетілдіреді. Себебі балалардың жазбаша
жұмыстарды орындау кезінде асықпай ойлауға, ойланып жазуға уақыты,
мүмкіндігі көп болады, ауызекі сөйлеуде ондай жағдайлар бола бермейді.
Ауызша сөйлегенге қарағанда балалар жазба жұмыстарында небір айшықты, шебер
сөздерді пайдалана алады, тіл кестесінің бедерлі түсуі үшін ізденеді,
жазғандарын мұқият оқып, қайта түзеуге мүмкіндік алады.

Қазіргі кезде оқушы жазбаша және ауызша пікірін өз еркімен жеткізе
алмайды, деген пікірлерді жиі еститін болдық. Сол мәселенің тіл дамыту
жұмысында кейбір жолдарын қарастырған.

1. Әңгімені оқыта отырып, тіл дамыту жұмыстарының керектігін түсініп
отырады.

2. Табиғат көріністерін, әр түрлі өмір құбылыстарын, адамдардың
бейнесін, іс-әрекеттерін баяндауда көркемдеу, бейнелеу құралдарын
пайдаланып, сөйлей, жаза білуге дағдыландыру, жетелеу.

3. Белгілі бір шығармаға дейін өзіндік пікірін немесе көзқарасын
білдіру үшін мұғалім өзін оқушымен тең дәрежеде ұстай отырып: менің ойым
мынадай, ал сен не айтасың? Кейіпкерелрдің орнында болсаң сен қандай әрекет
жасар едің? т.с.с. сұрақтар арқылы жетелеп отыру.

4. Жүйелі қарапайым түрден біртіндеп күрделендіре іске асыру. Қарапйым
сөйлем құратудан бастап, шағын шығармаға дейін жаздыру.

5. Сынып ерекшелігіне орай деңгейлік тапсырмалар беру.

6. Оқушылардан кез – келген мәтінде немесе шығарманы көзбен алу емес
көзбен қуын үнемі қадағалап отыру.

7. Көркем әдебиеттерді оқуға бағыттау. Балаға көркем әдебиеттің басқа
әдебиеттен ерекшелігі көркем стилінде екенін үнемі айтып отыру.

Тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай төрт бағытта жүргізіледі бірі
мәдени, әдеби сөйлеу білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны
меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден
лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің
лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді.
Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын
формаларды меңгету арқылы сөз бен сөздердің байланысын сөйлем құратып
үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім
беру. Төртіншіден, оқушының жазбаша дұрыс сауатты жаза әрі сөйлей білуге
үйрету мақсат етіледі.

ІІ.2. Жазба жұмысын жүргізу әдістері және

байланыстырып сөйлеудің түрлерін

үйрету жолдары.

Сабақта және сабақтан тыс уақыттағы жазба жұмыстары оқушыларды
шығармашылықпен ойлауға пікірге ортақтасу, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік
туғызады. Балалар өздерінің ертегі, әңгімелерін баға алу үшін жазбайды.
Жазу жұмысы оларды қанағат, рахат сезіміне бөлейді. Мемлекеттік практикада
болған кезімде мен оқушылардың жазба жұмыстарынан байқадым. Сабақ
барысында өз жұмысыма талдау жасай отырып, қисынды жүйелі және басқаларға
ұқсамайтындай етіп жазуға бізге не көмектесетінін түсіндім.

Сабаққа дайындалғанда, оқушыларға қойылатын сұрақтарды әбден
ойластырдым. Олар сол сұрақтарға жауап тауып, талдап өзіндік пікірлерін
айта білді. Ал оқушылардың өздерінен мәтінге сұрақ қоюларын талап еттім.
Бір мақалаға әр оқушының 4-5 сұрақ құрастыруын сұрап, нәтижесін байқап
бақыладым. Қойылған сұрақтарды жан – жақты қисындырып қоя білетіндер
мазмұны терең де қызықты сөздер жаза алады екен.

Сонымен біз сұрақтар қойып, оларға жауап жазуды үйрене бастадық.
Алдымен оқулықтағы дайын сұрақтарды күрделену дәрежесіне қарай жіктеуден
бастадым. Оқулықтағы мақаланы оқып топпен сұрақтар қарастырдым. Мен сабақ
беру барысында олардың көбіне жаттанды жауап беруге тырысатынын, ауызша
жауапты жиі пайдаланатындығын, жазбаша жауап беруге ынтасы төмен екендігін
байқадым. Сабақ бере отырып мен алдыма мына қағидаларды мақсат еттім.

- Оқушыларды жауап беру кезінде әртүрлі жолдарды іздеуге және ең
қажеттісін таңдай білуге үйрету.

- Оқушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастыру үшін оларды
жеткілікті түрде жаттығу жұмыстары мен көмекші құралдар мен
қамтамасыз ету.

- Сұрақ қоюға және оған жауап беруге үйрету.

- Түрлі дәстүрлі емес жағдайларда оқушыларды өз бетімен шешім таба
білуге үйрету.

- Жазу арқылы оларды оқыту әдісіне бейімдеу, сол арқылы білім беруге,
жаңа сапаға қол жеткізу.

Іс – қағаздарының тілі жазбаша байланыстырып сөйлеудің бірі.
Мазмұндамалардың әдістемесі. Мазмұндама дегеніміз – байланыстырып сөйлеу
түрлерінің бірі. Байланыстырып сөйлеудің сұраққа жауап түрінен өз бетінше
кеңірек баяндау түріне ауысып, мектеп жағдайында шығармаса да ұласады.
Мазмұндауға тиісті текстің мазмұны тілі стилі оқушылардың санасына, тілі
мен стиліне де ықпал етеді. Мазмұндама тәрбиелік міндет те атқарады,
эстетикалық тәрбие беруге ықпал жасайды. Мазмұндама өзінің мәні, мақсаты,
көлемі және күрделілігі жасынан бірнеше түрге бөлінеді. Мазмұнына қарай
мәтінді баяндау сипатында мазмұндауға болады. Жанр тұрғысында – ауыз
әдебиеті шығармалары. Мақсатына қарай үйретуші мазмұндама және бақылау
мазмұндама болып бөлінеді. Бұлардың арасындағы айырма – үйрету
мазмұндамасының алдында оқушыларға даярлық жұмысы жүргізіледі. Көлемі
жағынан қысқа мазмұндама және жатыңқы мазмұндама болып бөлінеді.
Мазмұндалатын текст көлемі 100 сөзден 350-450 сөзге шейін беріледі. Жоспар
тұрғысында мазмұндама жоспарлы және жоспарсыз да болады.

Оқушыларды мазмұндама жазуға дайындау барысында мына сияқты жұмыстар
жүргізіледі: а) сұраққа жауап беру; ә) мағына жағынан бақылау болатындай
сөйлемдер ойлау; б) сөйлемнің бір түрін екінші түріне ауыстыру; в)
баяндайтын не суреттейтін мәтінді диалогқа айландыру; г) үлгі бойынша
тексті қысқарту; д) мазмұндамадан шығармаға ауысатын форма ретінде еркін
шығармашылық диктант жүргізу; е) сұрақтарға жазбаша жауап беру; ж) белгілі
бір тақырыпқа сөйлемдер құрау.

Шығарманың әдістемесі. Шығарма дегеніміз белгілі бір мазмұнды
байланыстыра кеңірек мазмұндау түріндегі көптеген жаттығулардың жалпы
атауы. Шығарма арқылы оқушылар өзі білген нәрсені өй елегінен өткізуі
стилінің жетіле бастағаны. Байланыстырып айту желісінің әсерлігі
аңғарылады. Шығарма сыныпта да үйде де жазылады. Шығарманы сынпта жазғаннан
бастаған дұрыс, өйткені оқушы бастапқы түрде шығарма жазудың қарапайым
дағдысын білмей, мүғалімнің көмегін қажет етеді. Кейін бірте – бірте
шығарманы үйде жазып келу тапсырылады.

Шығарма белгілі бір жүйемен жазылады. Бірте – бірте оның мазмұнды
болуына сауаттылығына талап күшейе түседі. Қысқасы шығармалар жүйесі жоспар
бойынша оқушының байандау іскерлігін оқыса желісін үзбей белгілі тәртіппен
айтуын құбылыстар аралығындағы басты байланыстарды ажырата біліп қорытынды
жасауын қамтамасыз етеді. Шығарманың негізгі екі түрі бар; бірі мазмұны
жағынан әдеби тақырыпқа арналады да, екіншісі еркін тақырыпқа арналады.
Әдеби тақырбына арналған шығармалар әдебиет әдістемесінің оқулығында
баяндалады. Еркін тақырптағы шығармалар; материал алынатын көзіне жанрына,
көлеміне, орындау орнымен тәсіліне, қосымша орындалатын тапсырмаларына
қарай бөлінеді. Шығарма жүйесін сәтті құру сындарлы жинақы логикалық
бірізділігі бөліктерінің өзара байлансы әрі олардың арасындағы
қатынастардың дұрыстығы. Тілінің әсерлілігі нақты мәселеге қатысты сөздерді
қолдануда тілдің стилистикалық мүмкіндіктеріне сүйену. Грамматикалық жақтан
дұрыстығы граматикалық нормаларды бұзбауы. Шығарманы мұғалім мұқиат
тексеріп астын сызып қаратып қояды.

Ауызекі сөйлемді дамыту. Оқушының жазбаша және ауызша тілін дамытудың
көптеген ұқсас жақтары бар. Мазмұндама және шығарма жазу. Оқушылардың білім
деңгейін анықтау кезеңінде он сұрақтан тұратын он бір нұсқада лексика
бойынша текст жасадым. Оқушылардың білімін анықтау мақсатымен алынған бұл
тест екі оқушы қанағаттанрлықсыз, он оқушы орта білім сапасын көрсетті.
Оны төмендегі кестеде көрсеттім.

Анықтау тәжірбиесі кезеңінде 5 б сыныбындағы 23 оқушының білім
сапасы төмен болғандықтан, білім деңгейін көтеру мақсатында бірнеше сабақта
әр түрлі әдебиеттерден іздене отырып, түрлі әдістерді қолданып, оқушы
білімін қалыпқа келтіру үшін жұмыстар жасадым. Ол сабақтың үлгі жоспары,
пайдаланылған көрнекіліктер қосымшада. Бұл кезеңде өткізген сабағым өз
нәтижесін көрсетті. Оқушыларды топқа бөліп сурет бойынша құрап жазған
әңгімелерін тексергенде, екінші топтағы Ақнұр ғана өте нашар жазды. Ал
Ағаділ мен Азаматтың әңгімесінде қате көп болса да мазмұнына орташа 3
бағасын қойдым. Ал, анықтау кезеңінде орташа үлгерген төрт оқушы жақсы
нәтиже көрсетті, қосымша сұрақтарға да тиянақты жауап бере білді. Соның
нәтижесінде қалыпқа келтіру кезеңінде білім деңгейі көтерілді. Оны
төмендегі кестеден көруге болады.

Қалыпқа келтіру кезеңі

Жоғары Орташа Төмен

5 - 6 = 26,0%

4 - 10 = 43,7% Білім сапасы – 69,5%

3 - 6 = 26,0%

2 - 1 = 4,3%

Бақылау кезеңінде шағын көлемді шығарма жазғыздым. Шығармаға дайындық
кезеңінде қазіргі бала мен жасөспірімдер арасындағы ірілі-ұсақ қылмыстың
көбейіп кеткендігі жайлы әңгіме өткіздім. Оқушылар әр түрлі ой айтты,
онымен күресудің жолын болжамдадық. Осының нәтижесінде үш тақырып ұсындым.

1. Қазақстан ауасының ластануы.

2. Қылмыстың балалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай поэзиясының тілі
Жеткіншектердің тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесінің практика жүзінде шешілуі
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Орфографиялық норма мәселелері
Мәулен Балақаев Тіл мәдениетінің теориялық негізін қалаушы
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілінен сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік маңызы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Тіл мәдениеті және сөз мәдениеті
Пәндер