Электр энергетикасы



Жоспар.

I. Электр энергетикасы.
II. Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері.
III. Алғашқы электр станциясылары.
IV. Қазақстан Республикасының электр энергетикасың секторлары.
V. Электр энергиясын өндіру секторы.
VI. Электр энергиясың негізгі өндірушілері.
а) Жел электр станциясы. ( Қордай ЖЭС)
б) Су электр станцияссы. (Бұқтырма СЭС)
I. Электр энергетикасы.

Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.
Пайдаланылған әдебиеттер.

• "Қазақ Энциклопедиясы"
• Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
• Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
• Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
• Уикипедия Ашық энциклопедиясы.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
М.Дауленов атындағы орта мектеп

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Электр энергетикасы

Орындаған: Чакеева Ақбөпе
11 - сынып оқушысы
Тексерген: Байғожина Салтанат

Зайсан қаласы, 2014 жыл

Тақырыбы: Электр энергетикасы.

Жоспар.

I. Электр энергетикасы.
II. Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері.
III. Алғашқы электр станциясылары.
IV. Қазақстан Республикасының электр энергетикасың секторлары.
V. Электр энергиясын өндіру секторы.
VI. Электр энергиясың негізгі өндірушілері.
1. Жел электр станциясы. ( Қордай ЖЭС)
2. Су электр станцияссы. (Бұқтырма СЭС)

I. Электр энергетикасы.

Электр энергетикасы -- энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті -- электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да...) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі -- оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.

II. Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері.

Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:
Бiрiншi кезең 1918 -- 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.
Екiншi кезеңде (1946 -- 58 ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.
Үшiншi кезеңде (1959 -- 90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.
Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды. 1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станцияларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВтсағатты құрады, оның 87,4 кВтсағаты меншiктi электр станцияларында өндiрiлдi. 1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергет. көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымдылығы 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп. Қазақстан электр энергетикасы 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды. 2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңтүстік және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды. ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания (КЕGOC ААҚ), 110 -- 35, 6 -- 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акционерлік компаниялары (АЭК АҚ) құрылды.

III. Алғашқы электр станциясылары.
Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВтсағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВтсағ электр қуаты өндiрiлген.

Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған.

Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 -- 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген.

Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр темір жолы бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзенінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станцияларының құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауыты iске қосылды.

1925 -- 26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергетика қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты.
IV. Қазақстан Республикасының электр энергетикасың секторлары.

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әр түрлі 63 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 18 992,7 МВт-ты, мүмкіндігі -- 14 558,0 МВт-ты құрайды. Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіптік мақсаттағы электр станциялары және өңірлік мақсаттағы электр станциялары деп бөлінеді. Ұлттық маңызы бар электр станцияларын электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында тұтынушыларға сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциясы жатады:
* Екібастұз МАЭС-1 ЖШС;
* Екібастұз МАЭС-2 станциясы АҚ;
* Еуразия Энергетика Корпорациясы АҚ (Аксу МАЭС);
* Қазақмыс корпорациясы МАЭС ЖШС;
* Жамбыл МАЭС АҚ;
сондай-ақ қосымша және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеуге пайдаланылатын қуаты күшті электр станциялары:
* Қазцинк АҚ Бұқтырма МЭК;
* AES Өскемен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр энергетикасы саласында мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптерінің даму проблемалары
Қазақстандағы мемлекеттік электр қуатын үнемдеуді дамытудың мәселелері
Энергияны таза экологиялық әдіспен алу
Биомасса энергиясы
Баламалы энергия көздері - мемлекет байлығы
Салалық монополиялардың қызметін реттеуді жетілдіру
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы монополиялары
Жел энергиясы және қондырғылары
Жылуэнергетика және қоршаған орта
Пәндер