Салық берешегін тексерудің экономикалық мәні



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I Cалық берешегін тексерудің экономикалық мәні
1.1. Салық берешегін тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Салық берешегін камералдық бақылау ерекшеліктері
1.3 Рейдтік тексерісті жүргізуді ұйымдастыру
1.4 Салық берешегін хрономераждық зерттеу ерекшеліктері
1.5 Салық берешегін құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

II Салық берешегі бойынша айыппұлдар және оларды есептеу және рәсімдеу
2.1 Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін қамтамасыз ету
тәртібі.
2.2 Айыппұлдарды есептеу тәрібі
2.3 Салық берешегін тексеру нәтижесін рәсімдеу

III Салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиетер тізімі
Кіріспе
Салық тексеруі - Қазақстан Республикасы салық заңдамасының орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру түрі.
Салық төлеушілер қызметін мемлекеттік бақылауда негізгі әдісі болып салық тексерісі табылады. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.
Салық төлеушілері салық тексерісінен өтеді, өйткені осы бақылаудың түрі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.
Салық қызметі органдары салық кезеңі өткеннен кейін 5 жыл ішіндегі есептелінген салық сомаларын қарауға немесе есептеуге құқылы, ол салық кодексінде айқын көрсетілген. Сонымен, салық төлеуілер қызметінің 5 күнтізбелік жылдан көп емес кезеңді тексере алады.
Салық қызметі органдары салық тексерістері кезінде келесі жағдайларды ұстану керек:
- тексерістің мерзімділігін;
- тексеру мерзідігін;
- нұсқаманы (предписания) белгіленген нысанда толтыру;
- нұсқамада көрсетілген тексерудің мерзімін бұзбау;
- салық тексеру актісін беру;
- айыппұлдар, салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептеу туралы хабарламаларды беру;
- салық заңдамасындағы бұзушылықтарды жою хабарлдамасын беру.
Айыппұл – бұл мерзімі өткен салық міндеттемесінің сомасына есептелген (уақытында төленбеген салық, алым, төлемақы, мемлекеттік баж, кедендік баж сомалары) мөлшер табылады.
Айыппұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, өткен әр бір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есептеледі.
Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру әдісіне қоса беріледі.
Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға тиіс. Салық органы заңды тұлғаның өзіне салық тексеруінің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде салық берешегін тексерудің экономикалық мәні, онда салық берешегін тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері, салық берешегін камералдық бақылау ерекшеліктері, рейдтік тексерісті жүргізуді ұйымдастыру, салық берешегін хрономераждық зерттеу ерекшеліктері, салық берешегін құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері, ал екінші бөлімінде салық берешегі бойынша айыппұлдар және оларды есептеу және рәсімдеуде: мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін қамтамасыз ету тәртібі, айыппұлдарды есептеу тәрібі мен салық берешегін тексеру нәтижесін рәсімдеуді қарастырып, үшінші бөлімінде салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары қарастырылған.
Пайдаланылған әдебиетер тізімі
1. Қазақстан Республикаларының Конституциялары
1. ҚР азаматтық кодексі
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 01.01.2004ж. (Салық кодексі)
3. «ҚР кеден ісі туралы»
4. «ҚР бюджеттік жүйе туралы»
5. «Жеке кәсіпкерлер туралы» заң
6. «ҚР Ұлттық банк туралы» заң
7. «ҚР Жер туралы» заң
8. 07.07.1997ж. «ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың басымдығы мен аймақтық бағдарламалары туралы» Президент жарлығы
9. ҚР ормандық кодексі
10. ҚР су кодексі
11. 2001 жылдың 1 қыркүйек айындағы №1306 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша есеп пен декларацияларды құрастыру ережелері
12. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР салық кодексінің негізгі ережелерінің түсініктеме жинағы – Астана «БИКО Принт» 2003ж.
13. Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2004ж.
14. Жүнiсова Н.А Бюджет саясаты. Саясат-2005-1.
15. Жанибеков С. Бюджеттiң орындалуын қалай көтеру керек. Қазақстан қаржысы1999 жыл N8 .

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I Cалық берешегін тексерудің экономикалық мәні
1.1. Салық берешегін тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Салық берешегін камералдық бақылау ерекшеліктері
1.3 Рейдтік тексерісті жүргізуді ұйымдастыру
1.4 Салық берешегін хрономераждық зерттеу ерекшеліктері
1.5 Салық берешегін құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

II Салық берешегі бойынша айыппұлдар және оларды есептеу және рәсімдеу
2.1 Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін қамтамасыз ету

тәртібі.

2.2 Айыппұлдарды есептеу тәрібі

2.3 Салық берешегін тексеру нәтижесін рәсімдеу

III Салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиетер тізімі

Кіріспе
Салық тексеруі - Қазақстан Республикасы салық заңдамасының
орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру түрі.
Салық төлеушілер қызметін мемлекеттік бақылауда негізгі әдісі болып
салық тексерісі табылады. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының
лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге
де адамдар мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып
табылады.
Салық төлеушілері салық тексерісінен өтеді, өйткені осы бақылаудың
түрі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.
Салық қызметі органдары салық кезеңі өткеннен кейін 5 жыл ішіндегі
есептелінген салық сомаларын қарауға немесе есептеуге құқылы, ол салық
кодексінде айқын көрсетілген. Сонымен, салық төлеуілер қызметінің 5
күнтізбелік жылдан көп емес кезеңді тексере алады.
Салық қызметі органдары салық тексерістері кезінде келесі жағдайларды
ұстану керек:
- тексерістің мерзімділігін;
- тексеру мерзідігін;
- нұсқаманы (предписания) белгіленген нысанда толтыру;
- нұсқамада көрсетілген тексерудің мерзімін бұзбау;
- салық тексеру актісін беру;
- айыппұлдар, салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептеу
туралы хабарламаларды беру;
- салық заңдамасындағы бұзушылықтарды жою хабарлдамасын беру.
Айыппұл – бұл мерзімі өткен салық міндеттемесінің сомасына есептелген
(уақытында төленбеген салық, алым, төлемақы, мемлекеттік баж, кедендік баж
сомалары) мөлшер табылады.

Айыппұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу
мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, өткен әр бір күн үшін ҚР Ұлттық
Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген
мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн
үшін есептеледі.
Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық
тексеру әдісіне қоса беріледі.
Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде
белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға
тиіс. Салық органы заңды тұлғаның өзіне салық тексеруінің жүргізілуіне
қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде салық
берешегін тексерудің экономикалық мәні, онда салық берешегін тексеруінің
экономикалық мәні мен түрлері, салық берешегін камералдық бақылау
ерекшеліктері, рейдтік тексерісті жүргізуді ұйымдастыру, салық берешегін
хрономераждық зерттеу ерекшеліктері, салық берешегін құжаттық тексерісті
жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері, ал екінші бөлімінде салық берешегі
бойынша айыппұлдар және оларды есептеу және рәсімдеуде: мерзімінде
орындалмаған салықтық міндеттемелерін қамтамасыз ету тәртібі, айыппұлдарды
есептеу тәрібі мен салық берешегін тексеру нәтижесін рәсімдеуді қарастырып,
үшінші бөлімінде салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру
жолдары қарастырылған.

I Cалық берешегін тексерудің экономикалық мәні
1.1. Салық берешегін тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері
Салық тексерулерін салық қызметі органдары ғана жүзеге асырады.
Салық төлеушінің мынадай жағдайларда, егер:
Нұсқама белгіленген тәртіппен тапсырылмаса не рәсімделмеген болса;
Нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп
кеткен болса;
Бұл адамдар нұсқамада көрсетілмеген болса тексерілетін салық кезеңіне
қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органдарының лауазымды адамдарын
салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар.

Салық кодексінде салық тексерулерінің мынадай түрлерге қатаң бөлінеді:
1) құжаттық тексеру;
2) рейдтік тексеру;

хорнометраждық тексеру;

Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын
тексеру;
2) тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
міндетті зейнет ақы жарналарын жинақтаушы зейнет ақы қорларына және
әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және
уақытылы ұстап қалуды және есептеуді;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері
бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын
мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;
3) қарсы тексеру - егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында
аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының
салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі
туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
Рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге
қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын,
атап айтқанда:
1) салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;
2) фискалдық жады бар бақылау- касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
3) лицензияның, біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының
болуы;
4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың
жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру,
сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.
Хронометраждық зерттеуді салық органдары салық төлеушінің нақты
кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен
жүргізеді. Хронометраждық зерттеу уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен
тәртіппен жүргізіледі.

1.2 Салық берешегін камералдық бақылау ерекшеліктері
Камералдық бақылау – салық төлекушілер берген салық есептелігін және
басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы
жүзеге асырылуын бақылау.
Камералдық бақылау тікелей салық органының орналасқан жері бойынша
жүзеге асырылады.
Камералдық бақылау салық есептілігінің толық тексерілуін салық
есептілігіне қатысты бағаналар мен қатарлардың дұрыс толтырылуын, салық
ставкаларының дұрыс таңдауын және қолдануын шағын бизнес субьектілері үшін
көзделген шарттарды, сондай-ақ есептік көрсеткіштердің арифметикалық
өлшемдерінің жүзеге асырылуын енгізеді.
Камералдық бақылаудың мақсаты – КТС, әлеуметтік салық, ҚҚС бойынша
есепті декларацияның өзара байланысын жүргізу, жергілікті салықтың
декларациясын жүргізу және құжаттық тексеріс кезінде көрсетілген
мәліметтерді қолдану үшін жүргізілуін белгілеу міндетті шарт камералдық
бақылаудың салық төлеушінің барлық жеке шоты бойынша басылымның тексеріс
кезеңі дұрыс орындалуы болып табылады.
Камералдық бақылаудың нәтижесі болып акт немесе анықтама табылады.
Егер де салық есептілігін толтырған жағдайда қателіктер табылған
болса, мәліметтер арасында қайшылықтар, сондай-ақ шағын бизнес субьектілері
үшін көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде, салық төлеушіге
камералдық бақылау нәтижесі бойынша жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке
көшуі үшін хабарлама жібереді.
Осындай жағдайда салық бұзушылықтары анықталған күннен 2 жұмыс күннің
ішінде салық қызметі органдары салық төлеушіге бұзушылықты жою туралы
хабарламаны жіберу керек.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарламаны салық төлеуші
берілген күннен 10 жұмыс күн ішінде орындауы тиіс.
Бұндай камералдық бақылау әдісімен салық төлеушілер көп ұшырасады,
соның нәтижесінде қателіктерден сақтануға, сондай-ақ құжаттық тексерістен
өтетін салық төлеушіні анықтауға мүмкіндік береді.

1.3 Рейдтік тексерісті жүргізуді ұйымдастыру
Рейдтік тексеріс – салық қызметі органдары жекелеген салық
төлеушілерге қатысты олардың ҚР-сы заңдарының жекелеген талаптары, атап
айтқанда:
1) салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;
2) фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
3) лицензия, біржолғы талонның және өзге де рұқсат құжаттарының
болуы.
4) Акцизделетін өнімдерді өндіру, сақтау және сату ережесін сақтауы
талаптарын орындалуы мәселелері бойынша жүргізеді.
Рейдтік тексеріс бірнеше салық төлеушілердің (мысалы, салық
тексерістердің орналасуы бойынша бір көшеде немесе түнгі клубтарда, бірнеше
тексерістердің жүргізілді, күрделі магазиншағынаудандар және т.б).
Сондықтан салық төлеушілердің тізімдемесін нұсқамаға кіргізу үшін өте көп.
Салық төлеушілердің рейдтік тексеріс жүргізу барысында толық атауы және
салық төлеушінің тіркеу нөмірін (РНН) нұсқамаға жазбауға салық органдарға
құқық берілген, бірақ сол тексерілуге жататын территориядағы және сондай
нұсқамада қарастырылатын сұрақтар шегінде.
Салық тексерулерін жүргізудің мерзімділігі салық кодексінде 534-
бабында, рейдтік тексеріс бойынша таратылмайды. Салық органдары рейдтік
тексерісті міндетті түрде жүргізуге құқысы бар, яғни салық төлеушінің
бастапқы тексерісі қашан және қай жағдайында қарамастан.
Рейдтік тексеріс салық төлеушіге нұсқама берілген кез салық тексеруін
жүргізудің басталуы болып есептеледі. 537-баптың 4-тармағына сәйкес рейдтік
тексеру жүргізілген кезде салық төлеушіге танысу үшін нұсқаманың тұпнұсқасы
көрсетіледі және оған танысқаны туралы белгі, яғни қол қояды, сонымен
қатар, оның көшірмесі салық төлеушіге беріледі.
Салық бұзушылылықтарды анықтау жұмысы тұрақты, жүйелілік
(систематизированный) мінезді және мобильдік қарау топтармен (МҚТ)
(мобильными группами наблюдения МГН) жүзеге асырылады. Аталған топтар
салық комитетінің арнайы бөлінген қызметкерлерді айқындайды, салық қызметі
органдарының символданған автокөлігімен қамтамасызданған.
Салық органдарына маңызды мәселесі болып табылатын ол – рейдтік
тексерістің нәтижесі. Рейдтік тексерісінің нәтижесінде салық тексерісінің
актісі толтырылады. Егер салық тексерісінде нәтижелері бойынша бұзушылықтар
анықталса, онда салық қызметі органдары салық төлеушіге хабарлама жібереді,
сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданады.

Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану сұрақтары бойынша
рейдтік тексерісті қолдану тәртібі.

Фискалық жады бар бақылау-касса машиналарын тексеріске кіріспес бұрын
БКМ-ң түсінігіне тоқталайық.
ҚР аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол
ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай
есеп айырысу міндетті түрде фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын
қолдану және бақылау чегін беру арқылы жүргізілінеді.
Бірақ:
- жеке кәсіпкер біржолғы талон негізінде немесе патент негізінде
жүзеге асырылатын;
- егер салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен
кезден бері 6 ай өтпеген болса;
- егер салық төлеуші квитанцияларды, билеттерді, талондарды, почта
төлемі берілген немесе құзыретті мемлекеттік орган енгізген
қорытынды негізінде уәкілетті мемлекеттік оргн бекіткен нысандар
бойынша чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарын
бере отырып, халыққа қызмет көрсетуіне қатысты ақшалай есеп
айырысуларына қолданылмайды.
- Адвокаттардың ақшалай есеп айырсуларына қолданылмайды.
Фискалдық жады бар БКМ қолану кезінде талаптар:
• Фискалдық жады бар БКМ тіреу карточкасын беру;
• Техникалық қызмет көрсетуге ФЖ бар БКМ қою жүзеге асырылады;
• ФЖ бар БКМ – ң чегін беруге жүзеге асырылады;
• ФЖ бар БКМ-на салық органдарының енуі қамтамасыз етіледі.
Алғашқы кезеңде мобильдік топ қызметкерлер сыртынан бақылайды. Мұнда
салық төлеушінің фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары жоқ не
қолданбайтын субъектілерді анықтайды. Осы этапа бақылау-касса машиналарын
тексермейді, ал тек қана визуалды бақылауда бұзушылықтардың мінездемелерін
және сол бойынша ақпарат жиналады.
Жиналған ақпаратты талдау мақсатында белгіленген салық төлеушілердің
тобы анықталады. Содан кейін, бақылау-касса машиналарын дұрыс қодану сұрағы
бойынша рейдтік тексеріс өтеді.
Қазіргі уақытта салық қызметкерлері (контрольных закупов) сатып алу
бақылауын жасамайды, олар тек басқа адамдар сатып алу жолын қадағалап
отырады. Салық комитеті қызметкерлерінің көз алдында салық төлеуші жай
сатып алушыға ақырғы есеп бергеннен кейін ғана, олар өздерінің қызмет
куәлігін көрсетеді.
Содан кейін салық төлеушіден келесі құжаттарды сұралынады:
• Шағын бизнес субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігін;
• Фискалдық жады бар бақылау – касса машиналарының қлдануға есептік
карточкасын;
• Ақша қаражатының қозғалу есебінің кітабын;
• Жұмыскерлермен жасалған келісім-шартын.
Осыдан кейін, кассадан ақша алынады, яғни тексеріс уақытында түскен
ақша жазылынып алынады. Бірақ, бұл қаражатты салық төлеуші өзі санап, ал
салық комитетінің қызметкерлері дұрыс саналуын қарап отырады.
Келесі жол болып БКМ бойынша Z-есебінің чегі печатетіледі. Ол чекте
тексеріске дейін түскен ақша сомасы көрсетіледі.
Келесі этап болып тексеріс кезінде, Z-есебін кассадан ақшаны алған
кездегі сомасымен салыстыру табылады. Осы кезде есеп пен касса сомасы тең
болу керек.
Барлық анықталған келіспеушіліктер мен бұзушылықтар рейдтік тексеріс
актісінде көрсетілу керек. БКМ қолданған жауапты тұлғада салық тексерісі
кезінде заңдылық бұзушылықтар болса, әр бұзушылықтарға жазбаша түрде
түсініктеме алынады.
Егер бұзушылықтар анықталатын болса, онда салық төлеушіге әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істі қарастыру жері, мерзімі және мезгілі туралы
хабарлану керек.

1.4 Салық берешегін хрономераждық зерттеу ерекшеліктері
Хронометраждық зерттеу – (хроно – уақыт (время), метр - өлшеу
(измерять) салық органдарымен нақты кірісін және кіріс алуға байланысты
нақты шығындарды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Хрономераждық зерттеуді жүргізудің негізі салық органдарымен шығарылған
нұсқама болып табылады.
Хрономераждық зерттеу мынадай жағдайларда жүргізіле алады:
1. кешенді және тақырыптық тексеру барысында;
2. салық төлеушінің өтініші бойынша;
3. салық органдарының шешімі бойынша.
Хрономерраждық зерттеуді жүргізер алдында салық төлеушіге салық қызметі
органының лауазымды тұлғасы қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті және
хрономераждық зерттеуді жүргізу үшін нұсқаманың тұпнұсқасы табыс етіледі.
Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны
және оны алғаны туралы белгі қояды. Салық тексерулерін жүзеге асыру
кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық
төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді. Сонымен
қатар, хрономераждық зерттеу барысында салық төлеуші тауарлардың
(көрсетілген қызметтердің) бағасын өсу жағына түзетулер енгізбеу керек.
Талас сұрақтарды тудырмас мақсатында хрономераждық зерттеуді жүргізуде
салық төлеушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі СК 14-бабында белгіленген
тәртіпте әрекет ететін.
Хронометраждық зерттеуді жүргізу мерзімі 7 күннен кем емес және СК 535
бабында белгіленген мерзімнен аспауы керек. Хрономераждық зерттеуді жүргізу
мерзімі салық қызметі органының бірінші басшысымен немесе оның
орынбасарымен белгіленеді. Белгіленген мерзімге демалыс күндері мен мейрам
күндері де тіркелуі мүмкін. Егер тексерілетін салық төлеуші белгіленген
мерзімдерде қызметін жүзеге асыратын болса, сонымен қатар тексеру жұмыс
тәртібінен тыс жүргізілуі мүмкін (вне зависимости от времени суток).
Хронометраждық зерттеу 1жылына 4 реттен кем емес жүргізілуі тиіс.
Хронометраждық зерттеу бойынша сұрақтар өз бетімен (самостоятельно) салық
қызметі органдарымен анықталады. Сонымен қатар міндетті түрде тексерілуі
тиіс:
1. салық салу объектісі мен (немесе) салық салуға байланысты
объектілер;
2. салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілерге
қатысты қолма-қол ақша, ақша құжаттары, бухгалтерлік кітап, смета,
бағалы қағаздар, декларациялар, есеп-қисап және басқа да құжаттар;
3. табыс алу үшін қолданылатын кез келген салық салу объектілері мен
салық салуға байланысты объектілер. Керек жағдайда салық қызметі
органы салық төлеушінің тауарлы-материалдық құндылықтарын тексеруге
құқығы бар;
4. фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискалдық есебі
(отчет).
Тексеруші салық төлеушіден зерттеуге керек келесі бухгалтерлік
құжаттарды талап етеді:
- бас кітап немесе айналым баллансы;
- банкілік және кассалық құжаттар;
- жалдамшы жұмыскерлердің еңбек келісімдерін;
- еңбек ақы бюойынша төлем-есеп ведомості
- жеке кәсікердің табыс есебі кітабын;
- кассир-операционисттің кітапшасын, ақша қаражаты есебінің
кітапшасын, жұқа чектер есебінің кітапшасын.
Хронометраждық зерттеуді жүргізу барысында салық қызметі органының
лауазымды тұлғалары зерттеуден алынған мәліметтерді хронометраждық-бақылау
картасына күнделікті толық және нақты түсуін бақылау керек. Әр салық салу
объектісіне және салық салуға байланысты объектіге сонымен қатар әр табыс
көзіне бөлек хрономераждық – бақылау картасы құрылады. Ол келесі
мәліметтерден тұрады:
1) салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі және қызмет түрі;
2) зерттеу жүргізілген күні;
3) салық салу объектінің орналасқан жері;
4) хронометраждық зерттеудің басталғанжәне аяқталған уақыты;
5) салық салу объектісі және өндірілген тауар (көрсетілген қызмет) құны;
6) зерттелген салықсалу мәліметтері;
7) зерттеудің қорытындысы;
8) күн басына және күн аяғына кассалық-бақылау машиналарының көрсеткіштері;
9) басқа да мәліметтер.
Күн сайын тексеру аяқталған күн бойынша салық салу объектісі мен салық
салуға байланысты объектілер, сонымен қатар табыс алу көздері бойынша еркін
кесте құралтырылады.
Хронометжардық – бақылау картасы мен еркін кестеге салық қызметі
органның лауазымды тұлғасы мен салық төлеуші қол қояды.
Хронометраждық зерттеудің аяғында күнделікті өгей кестенің негізінде әр
салық салу объектісі тексерілген кезең бойынша алынған табыстар мен нақты
кеткен шығыстардың нәтижесіне шығады. Анықталған орташа мәліметтер
негізінде салықтексерісіне дейінге іс жүзіндегі табыстармен табыс алуға
байланысты есептелген шығыстар және төленуге тиісті салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің салық төлеушімен байланысты олардың
толықтылығы анықталады.
Хронометраждық зерттеу аяқталған соң акт құрастырылады.
Онда мыналар көрсетіледі:
1) нұсқманың нөмірі мен күні, хронометраждық зерттеуді жүргізілген
орны, акт жасалған күні;
2) хронометраждық зерттеуді жүзеге асырған салық қызметі органының
лауазымды тұлғаларының толық аты-жөні, қызметі;
3) салық төлеушінің толық атауы немесе аты-жөні;
4) салық төлеушінің орналасқан жері, банктік деректемелері, сондай-ақ
оның тіркеу нөмірі;
5) салық төлеушінің салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті,
салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін
қамтамасыз ететін жауапты басшысы мен адамдарының тегі, аты,
әкесінің аты;
6) алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын
бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
7) тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін слық төлеуші
табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
8) хронометраждық зерттеудің нәтижесі.
Хронометраждық зерттеу бойынша акт негізінде салық қызметі органдары
артық төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомсын бюджеттен
салық төлеуші арнаулы салық режимінде қызметін патент бойынша жүзеге
асыратын шағын бизнес субъектілеріне қайтарылады. Салық төлеушіден кешенді
және тақырыптық құжаттық салық тексерулері және басқа да шаралар заңға
қайшы келмейтіндей хронометраждық зерттеудің қорытындылары пайдаланылады.
Салық төлеушінің хронометраждық зерттеу нәтижесі кешенді және
тақырыптық құжаттық салық тексеруін жүргізудің нәтижесінде салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары
тіркелген кезде саналады.
Хронометраждық зерттеу актісі 2 дана етіп жасалады және оған салық
тексеруін жүргізген салық қызметі органдарының лаузымды тұлғалары қол
қояды. Сонымен қатар ол салық тексеруі актілері мен хабарламаларын
тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі. Актінің бір данасы салық төлеушіге
тапсырылады. Салық төлеуші актіні алған туралы белгі қоюға міндетті. Салық
қызметі органдары хронометраждық зерттеуді аяқтаған соң салық төлеушінің
тексерілетін есептілік кезеңін талдау жасап, басқа да салық есептілік
нысандармен салыстырып, жеке есеп шоты мен т.б. құжаттардан деректемелер
алып салық және басқа да міндетті төлемдерден кемшіліктер байқалатын
жағдайларда керек шаралар қолданады.

1.5 Салық берешегін құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

Салық тексеруі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) құжаттық тексеру;
2) рейдтік тексеру;
3) хорнометраждық тексеру;
Құжаттық тексеріс – салықтық тексеріс түрлерінің маңызды және ең
қиынтарының бірі болып табылады.
Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын
тексеру;
2) тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
міндетті зейнет ақы жарналарын жинақтаушы зейнет ақы қорларына және
әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және
уақытылы ұстап қалуды және есептеуді;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері
бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын
мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;
3) қарсы тексеру - егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында
аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының
салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі
туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
Тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау.
Салықтық тексерістер салықтық қызмет ұйымдарымен тексеріс кестесінің
(жоспардың) негізінде жүзеге асырылады. Аталған кестені құру кезінде
тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау салықтық заңдамасының
негізінде әзірленген таңдау критериялары бойынша жүргізіледі.
Таңдау жолы:
- салық төлеуші ұсынған салықтық есептілікті талдау және камералды
тексерістері;
- салықтық есептіліктің белгілі-бір жолдары бойынша, салықтың түрлері
бойынша деректердің келісуін тексеру, олар салықтық заңдамаға сәйкес
салыстырылуы тиіс.
Салық тексерулерін жүргізудің мерзімділігі
Салық тексерулері мынадай мерзімділікпен жүргізіледі:
1) кешенді- жылына бір реттен жиі емес;
2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің
белгілі бір түрі бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген
міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі
мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес.
Мынадай жағдайларда қолданылмайды:
1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсіпкердің
қызметін тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу
кезінде, сондай-ақ салық төлеушінің өтініші негізінде қосылған құнға
салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда.
Бұл орайда тексеру салық төлеушінің өтінішін алғаннан кейін отыз
күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізілуге тиіс;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім – шарттың қолданылу мерзімі
өтуіне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде;
3) қарсы тексеруді жүргізу кезінде;
4) қайтарылуға қойылан қосылған құн салығы сомасының дұрыстығына салық
төлеушінің өтініші негізінде тақырыптық тексеру жүргізу кезінде;
5) салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын
қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексеру кезінде;
6) нақты салық төлеушіге қатысты уәкілетті мемлекеттік орган басшысының
бұйрығына сәйкес жүргілетін кезектен тыс құжаттық тексеру кезінде, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген
негіздер бойынша.
Салық тексеруін жүргізудің мерзімдері
1. Берілетін нұсқамаларда көрсетілетін салық тексерулерін жүргізудің
мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден
бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға салық тексеруін жүргізген кезде
салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күніне дейін
ұзартуы мүмкін.
3. Ерекше күрделі мәселелерді тексеру кезінде салық тексеруін жүргізудің
мерзімін салық қызметінің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлімшесі жоқ
заңды тұлға үшін елу жұмыс күніне дейін, құрылымдық бөлімшесі бар заңды
тұлға үшін сексен жұмыс күніне дейін арттыруы мүмкін. Ерекше күрделі
меселелер салық қызметінің жоғары тұрған органының салық төлеушіге
тапсыратын негізделген жазбаша шешімімен расталады.
4. Салық тексеруін жүргізу мерзімі құжаттарды тапсыру туралы салық
органының талаптарын салық төлеушіге беру кезі мен салық тексеруін жүргізу
кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушінің табыс ету аралығындағы уақыт
кезеңінде, сондай-ақ салық органының мәліметтер мен құжаттарды сұратып алу
кезінде тоқтатыла тұрады.
Салықтық тексеру мерзімінің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет
мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша
мәліметтер алу туралы сұрау салған кездерінің арасындағы уақыт кезеңінде де
тоқтатыла тұрады.
5. Хронометраждық зерттеулер жүргізудің мерзімі уәкілетті мемлекеттік орган
бекіткен хронометраждық зерттеулер жүргізу тәртібіне сәйкес белгіленеді.

Салық тексерулерін жүргізу тәртібі

Салық тексеруін жүргізу негіздемесі
1.Салық тексеруін жүргізу үшін мынадай деректемелерді:
1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушінің толық атауын;
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
5) тексеру түрін;
6) тексеретін адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге
тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын;
7) тексеру жүргізілетін мерзімін;
8) құжаттық тексерулер кезіндегі тексерілетін салық кезеңін қамтитын
нұсқама негіздеме болып табылады.
2. Рейдтік тексеру тағайындалған кездегі нұсқамада аумақтың тексерілетін
учаскесі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер көрсетіледі.
3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада салықтың және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тексерілетін түрі, сондай-
ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және
трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері
көсетіледі.
4. Нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын адам
қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге
тиіс.
5. Тексеру мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың
саны өзгерген жағдайда қосымша нұсқама рәсімделіп, онда бұдан бұрынғы
нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге
тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
6. Бір ұйғарым негізінде бір ғана салық тексеруі жүргізілуі мүмкін.

Салық тексеруін жүргізудің басталуы

Салық төлеушіге нұсқама берілген кез салық тексеруін жүргізудің
басталуы болып табылады.
2. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамдары салық
төлеушіге (салық агентіне) қызмет куәлігін көрсетуге міндетті.
3. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамы, рейдтік
тексеруді қоспағанда, салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді.
Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны
және оны алғаны туралы белгі қояды.
4. Рейдтік тексер жүргізілген кезде салық төлеушіге танысу үшін нұсқаманың
түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Нұсқамамен
таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны туралы түпнұсқаға белгі
қойылады.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы салық
тексеруін жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.
6. Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі
салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне
жол берілмейді.
Кешенді тексерістерге шыққан кездерде салық органдарының қызметкерлері
салық төлеушіден сұралатын құжат атаулары:
- бас кітап
- бухгалтерлік балланс
- отчет о результатах финансово-хоз. деятельности
- кассалық кітап, кіріс және шығыс кассалық ордерлер, чектер,
- жұмыс жоспар шоты
- салық төлеушінің есеп саясаты
- кезеңдер бойынша оборотно-сальдовые ведомости
- журнал-ордерлар
- шоттардың аналитикалық басылымдары
- ведомость және аналитикалық кестелер
- шаруашылық келісім-шарттар
- банкілік құжаттар; платежное поручения, требования, выписки банка
- кедендік декларациялар
- бастапқы құжаттар (шот-фактуралар, накладные, акты выподненных
работ, транспортные накладные және т.б.)
- және тағы да басқа құжаттар тексеріске қатынасы бар.
Сонымен қатар, СК 66-бабы 1 тармағында белгіненген жағдайлар олар, салық
салу объектілері мен салық салуғабайланысты объектілерді айқындау үшін,
сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болатын бастапқы
құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркелімдері және өзге де құжаттар есеп
құжаттамасы болып табылады.
Салық қызметі органы лауазымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық экономикасы жағдайындағы салықтардың рөлі және уақытылы өндіріп алудың қажеттілігі
Салық (дәрістер жинағы)
Салықтардан жалтарыну проблемалары және оларды шешу жолдары
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері
Жанама салық түрлері
Мемлекеттің салықтық қызметінің түсінігі
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық мазмұны
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі жайында
Пәндер