Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі



Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Шеміршек, шеміршектің құрылыс.қызметінінің ерекшелігіне және құрамындағы талшықтарының қатынасына қарай жіктелуі
2. Шеміршек тіндерінің дамуы
3. Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі,
4. Сүйек тіні, жіктелуі
5. Қабыршақты сүйек тіні
6. Сүйек диафизінің құрылысы, сүйектің регенерациясы, жасқа бай»ланысты ерекшелігі

III. Қорытынды
1. Қаңқа тіндері.
Қанқа тіндері (textus ktletales) ағзада тіректік ,механикалық қызмет атқаратын тығыз орналасқан жасуша аралық заты бар : шеміршек пен сүйек тіндері . Бұл тіндер су мен тұздың алмасуына қатысады .
Шеміршек тіндері тыныс алу жүйесінің мүшелерін де,буын беттерінде, омыртқа аралық дискілерде кездеседі . Шеміршектің құрамында хондроциттер мен хондробласттар және өте көп жасуша аралық заты орын алады. Шеміршек тінінің құрамында 70-80 % су ,10-15% органикалық затпен 4-7 % тұздар болады. Шеміршектегі құрғақ заттың 70% -коллаген . Шеміршек тінінде қан тамырлары болмайды , қоректену , шеміршек қабы арқылы өтеді .
Шеміршек тіні мезенхимадан дамиды.
Жіктелуі: Шеміршек тіндері: гиалинді, эластинді, талшықты болып жіктеледі. Мұндай жіктелуі шеміршектің құрылыс - қызметінің ерекшелігіне және құрамындағы талшықтарының қатынасына, байланысты етіп алынған.
Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі .
Шеміршек тіндерінің дамуы ұрықтың және посэмбриональді дамуы регенерациялық жолмен жүзеге асады. Шеміршек тінінің мезенхимадан даму барысында жасушалардың дифферон қатарынан бағаналы, жартылай бағаналы жасушалары мен хондробласттар, хондроциттер түзіледі.
Бағаналы жасушалар дөңгелек пішінді, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары, ядросындағы хроматині диффузді орналасқан . Органеллалары нашар дамыған. Жартылай бағаналы жасушаларында бос рибосомалары мен түйіршікті эндоплазм6алы торларының мембраналары біліне бастаған жасушалардың пішіні ұзынша созылыңқы болып келген, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы төмендеу. Хондриобласттар (шеміршек – бастамасы ) - әлі жас, пішіні жалпақ, жіп тәрізді пролиферациялық қасиетке ие, шеміршектің аралық затын (протеогликандарды) синтездейді. Бұлар фибробласттардың бір түрі болып саналады. Цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты бар –жасушалар. Цитоплазмасы базофильді боялған, РНҚ-өте бай. Хондробласттар шеміршек тінінің өсуіне (аппозициональді) қатысады. Хондробласттар даму барысында хондроциттерге айналады. Хондроциттер - шеміршектің ең негізгі жасушалары. Пішіні сопақша, көпбұрышты болып келген, аралық затта жекеленіп, кейде топтаса да орналасады. Топтаса орналасқан хондроциттерді изогенді топтағы шеміршек жасушаларына жатқызады. Бұлар бір ғана хондроциттердің бөлінуінен пайда болған «топ» болып табылады. Изогенді топтағы хондроциттердің үш тобын ажыратады.
Бірінші топтағы хондроциттердің ерекшелігіне ядросы мен цитоплазманың қатынасы өте жоғары, пластинкалық комплексі, митохондриялар, бос рибосомалары цитоплазмасында жақсы дамыған. Бұлармен қоса хондроциттерде митоз жолымен бөліну үрдісі жақсы байқалады. Сондықтан мұндай хондроциттер изогенді топты түзетін жасушалар қатарына жатады. Бұл хондроциттер жас шеміршек тінінде көптеп кездеседі. Хондроциттердің екінші түріне ядросы мен цитоплазмасы қатынасы төмендеген, ДНҚ-синтезі нашар, бірақ жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық тормен гликозамингликандар синтезіне қатысатын органеллалары бар. Сондықтан мұндай хондроциттер щеміршек тінінің жасуша аралық затындағы протеогликандар мен гликозаминогликандардың синтезіне қатысады .
Хондроциттердің үшінші түрінің ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте төмен, бірақ цитоплазмасында күшті дамыған және ретімен орналасқан түйіршікті эндоплазмалық торлары болатын-жасушалар. Бұлар белок синтезі мен оның секрециясына қатысады.
Гиалинді шеміршек тіні.
Гиалинді шеміршек тіні (textus cartilaginous hyalins) әйнек тәрізді, мөлдір ағзада ең көп тараған шеміршек түріне жатады. Ересек адамдарда қабырғаның төс сүйегіне байланысқан ұштарында, көмекейде, тыныс алу жолдарында, жілік сүйектерінің буын беттерінде кездеседі. Шеміршектің бұл түрінің сырты шеміршек қабы-перихондриймен тысталған. Шеміршек қабы екі қабаттан: сыртқысы талшықты дәнекер тінді, құрамында көптеген қан тамырлары бар, ал ішкісі көбінесе жасушалардан – хондробласттардан тұрады. Бұлардың ізашарлары прехондробласттар , хондробласттар жіп тәрізді болып , біртіндеп сопақша әрі дөңгеленіп түрін өзгертеді. Әсіресе соңғы түрлері шеміршектің қалыңдаған бөліктерінде орын алады. Біртіндеп бұлар митоз жолымен бөлінуінен изогенді топтағы хондроциттер қалыптасады. Изогенді топтағы (2-4 хондроциттерді) жасушалардың сыртын базофильді боялған аралық зат қоршайды. Бұл белоктар мен гликозаминогллкандардың жасушалар арасында біркелкі орналаспауынан блатын базофильді аймақ. Жалпы шеміршекте жасуша аралық зат оксифильді боялады. Шеміршектің бұл түріндегі аралық зат
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрин «Гистология» Москва, 1999 год

2. М.Нұрышев «Гистология және эмбриология негіздері» Оқулық. Алматы: Қарасай. 2007.-272бет.

3. Ж.О. Аяпова «Цитология, эмбриология және гистология»
(оқу құралы) Алматы, 2007.-288 бет.
w.w.w.Gistologia.kz

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Шеміршек, шеміршектің құрылыс-қызметінінің
ерекшелігіне және құрамындағы талшықтарының
қатынасына қарай жіктелуі
2. Шеміршек тіндерінің дамуы
3. Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі,
4. Сүйек тіні, жіктелуі
5. Қабыршақты сүйек тіні
6. Сүйек диафизінің құрылысы, сүйектің регенерациясы,
жасқа байланысты ерекшелігі

III. Қорытынды

1. Қаңқа тіндері.
Қанқа тіндері (textus ktletales) ағзада тіректік ,механикалық қызмет
атқаратын тығыз орналасқан жасуша аралық заты бар : шеміршек пен сүйек
тіндері . Бұл тіндер су мен тұздың алмасуына қатысады .

Шеміршек тіндері тыныс алу жүйесінің мүшелерін де,буын
беттерінде, омыртқа аралық дискілерде кездеседі . Шеміршектің құрамында
хондроциттер мен хондробласттар және өте көп жасуша аралық заты орын
алады. Шеміршек тінінің құрамында 70-80 % су ,10-15% органикалық
затпен 4-7 % тұздар болады. Шеміршектегі құрғақ заттың 70% -коллаген
. Шеміршек тінінде қан тамырлары болмайды , қоректену , шеміршек қабы
арқылы өтеді .

Шеміршек тіні мезенхимадан дамиды.

Жіктелуі: Шеміршек тіндері: гиалинді, эластинді, талшықты болып жіктеледі.
Мұндай жіктелуі шеміршектің құрылыс - қызметінің ерекшелігіне және
құрамындағы талшықтарының қатынасына, байланысты етіп алынған.

Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі .

Шеміршек тіндерінің дамуы ұрықтың және посэмбриональді дамуы
регенерациялық жолмен жүзеге асады. Шеміршек тінінің мезенхимадан даму
барысында жасушалардың дифферон қатарынан бағаналы, жартылай бағаналы
жасушалары мен хондробласттар, хондроциттер түзіледі.

Бағаналы жасушалар дөңгелек пішінді, ядросы мен цитоплазмасының
қатынасы өте жоғары, ядросындағы хроматині диффузді орналасқан .
Органеллалары нашар дамыған. Жартылай бағаналы жасушаларында бос
рибосомалары мен түйіршікті эндоплазм6алы торларының мембраналары
біліне бастаған жасушалардың пішіні ұзынша созылыңқы болып келген,
ядросы мен цитоплазмасының қатынасы төмендеу. Хондриобласттар (шеміршек
– бастамасы ) - әлі жас, пішіні жалпақ, жіп тәрізді пролиферациялық
қасиетке ие, шеміршектің аралық затын (протеогликандарды) синтездейді.
Бұлар фибробласттардың бір түрі болып саналады. Цитоплазмасында жақсы
дамыған түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты бар
–жасушалар. Цитоплазмасы базофильді боялған, РНҚ-өте бай. Хондробласттар
шеміршек тінінің өсуіне (аппозициональді) қатысады. Хондробласттар даму
барысында хондроциттерге айналады. Хондроциттер - шеміршектің ең
негізгі жасушалары. Пішіні сопақша, көпбұрышты болып келген, аралық
затта жекеленіп, кейде топтаса да орналасады. Топтаса орналасқан
хондроциттерді изогенді топтағы шеміршек жасушаларына жатқызады. Бұлар
бір ғана хондроциттердің бөлінуінен пайда болған топ болып табылады.
Изогенді топтағы хондроциттердің үш тобын ажыратады.

Бірінші топтағы хондроциттердің ерекшелігіне ядросы мен
цитоплазманың қатынасы өте жоғары, пластинкалық комплексі,
митохондриялар, бос рибосомалары цитоплазмасында жақсы дамыған. Бұлармен
қоса хондроциттерде митоз жолымен бөліну үрдісі жақсы байқалады.
Сондықтан мұндай хондроциттер изогенді топты түзетін жасушалар
қатарына жатады. Бұл хондроциттер жас шеміршек тінінде көптеп
кездеседі. Хондроциттердің екінші түріне ядросы мен цитоплазмасы
қатынасы төмендеген, ДНҚ-синтезі нашар, бірақ жақсы дамыған түйіршікті
эндоплазмалық тормен гликозамингликандар синтезіне қатысатын
органеллалары бар. Сондықтан мұндай хондроциттер щеміршек тінінің жасуша
аралық затындағы протеогликандар мен гликозаминогликандардың синтезіне
қатысады .

Хондроциттердің үшінші түрінің ядросы мен цитоплазмасының
қатынасы өте төмен, бірақ цитоплазмасында күшті дамыған және ретімен
орналасқан түйіршікті эндоплазмалық торлары болатын-жасушалар. Бұлар
белок синтезі мен оның секрециясына қатысады.

Гиалинді шеміршек тіні.

Гиалинді шеміршек тіні (textus cartilaginous hyalins) әйнек
тәрізді, мөлдір ағзада ең көп тараған шеміршек түріне жатады. Ересек
адамдарда қабырғаның төс сүйегіне байланысқан ұштарында, көмекейде,
тыныс алу жолдарында, жілік сүйектерінің буын беттерінде кездеседі.
Шеміршектің бұл түрінің сырты шеміршек қабы-перихондриймен тысталған.
Шеміршек қабы екі қабаттан: сыртқысы талшықты дәнекер тінді, құрамында
көптеген қан тамырлары бар, ал ішкісі көбінесе жасушалардан –
хондробласттардан тұрады. Бұлардың ізашарлары прехондробласттар ,
хондробласттар жіп тәрізді болып , біртіндеп сопақша әрі дөңгеленіп
түрін өзгертеді. Әсіресе соңғы түрлері шеміршектің қалыңдаған
бөліктерінде орын алады. Біртіндеп бұлар митоз жолымен бөлінуінен
изогенді топтағы хондроциттер қалыптасады. Изогенді топтағы (2-4
хондроциттерді) жасушалардың сыртын базофильді боялған аралық зат
қоршайды. Бұл белоктар мен гликозаминогллкандардың жасушалар арасында
біркелкі орналаспауынан блатын базофильді аймақ. Жалпы шеміршекте жасуша
аралық зат оксифильді боялады. Шеміршектің бұл түріндегі аралық зат
оксифиьді боялады . Шеміршектің бұл түріндегі аралық затында
коллагеннің екінші түріндгі фибриллалары орналасады. Аралық затта
хондронектин деген гликопротеин болады. Хондронектин хондроциттерді
жабыстырып, тіректік қызмет атқарады.

Эластинді шеміршек тіні.

Көптеген мүшелердің құрамында кездеседі . Бұл шеміршек пішіні тегіс
емес, бүктеліп (изгиб) немесе иіліп майысқан бөліктері бар
мүшелерде: құлақ жарғағы , көмекейдің , мүйіз және сына тәрізді
шеміршегі түрінде кездеседі. Түсі сарғыш, гиалинді шеміршек тәрізді
мөлдір емес. Бұл шеміршекте перихондриймен қапталады. Жасушалары
изогенді топты құрайды . Жоғары айтылған шеміршек түрінен айырмашылығы,
эластинді шеміршектің аралық затының құрамында эластинді талшықтар
болады. Эластинді шеміршек ешқашан известелінбейді. Себебі, аралық
затында хондроитин сульфаттары мен гликоген, липитер аз болады .

Талшықты шеміршек тіні.

Талшықты шеміршек тіні (textus cartilaginous fibrosa) - омыртқа
аралық дискіде , қозғалысы аз байламдарда , талшықты дәнекер тініннің
гиалинді шеміршекке айналатын жерлерінде (байламдар мен сіңір)
кездеседі. Бұл шеміршектің аралық затындағы талшықтары параллель
орналасқан коллаген, біртіндеп сиректеп барып гиалинді шеміршекке
өтеді. Жасушалары хондроциттер жекеленіп те, топталып та орналасады.
Хондроциттердің цитоплазмасында вакуолилері өте көп.

Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі.

Ағзадағы шеміршек тіні жасқа байланысты құрамындағы
протеогликандарының концентрациясын азайтып, гидрофильдік қасиетін
төмендетеді. Хондроблаттардың бөлінуі бәсеңдеп, жас хондроциттердің
пайда болуы азаяды. Цитоплазмасында органеллалары азайып, ферменттердің
белсенділігі төмендейді. Шеміршек құрамындағы хондриокластары
көбейеді. Бұлардың негізгі қызметі аралық заты мен жасушаларының
дистрофиялық өзгерістеріне қатысады . (резорбция), тіршілігін жойған
хондриоциттердің орынындағы лакуналар аморфты зат пен коллаген
фибрилларымен толады. Шеміршекке кальций тұздары шөгіп, түсі өзгеріп,
қатайып, тез сынғыш келеді. Аталған өзгерістерге байланысты шеміршекке
қан тамырлары өтіп, шеміршек сүйекке айналып та кетеді.

Регенерациясы. Шеміршектің физиологиялық регенерациясы өте баяу
жүреді. Бұл процесс көбінесе шеміршен қабында (прехондрияда) орын
алған, аз маманданған прехондриобласттар мен хондриобластардың бөлінуі
арқылы жүзеге асады. Шеміршек байламдардағы өзгерістерде (жарақатта)
изогенді топтағы жасушалардың немесе хондроциттердің алатын орны
ерекше, олар бөлініп жойылған шеміршектің орынын толтырады. Екінші
регенерациялық қызмет атқаратын шеміршектің камбиальді жасушалары - ол
субхондриальді сүйек тіні болып саналады.

Шеміршек тіндері тіршілік барысында өсіп, қалыңдайды . Бұл процесс
екі бағытта, жүреді. Біріншісі шеміршек қабындағы хондриобласттардың
бөлінуі арқылы жүзеге асады , бұл шеміршектің сыртынан ішіне қарай
өсуі-деп аталса , аппозициялық деп аталса , ал керісінше екіншісі ішінен
сыртына қарай қалыңдап өсуі интерстициалді өсуі , бұл үрдіс изогенді
топтағы хондриациттердің көбеюі арқылы жүзеге асады.

Сүйек тіні

Сүйек тіні (textus ossei)-дәнекер тінінің ішіндегі жоғары
маманданған , аралық заты минерализацияланған,құрамында 70%
анаорганикалық зат болса, оның ішінде ең көбі кальций фосфаты болып
табылады.Бұдан басқа сүйектің құрамында 30-шақты микроэлементтер
болатындығы белгілі, оларға : мыс, стронций, цинк , барий , магний , т.б.
тағы басқалары жатады.

Сүйектің органикалық матриксін коллаген белогы мен липидтер
түзеді. Шеміршекпен салыстырғанда сүйекте аздаған су , хондроетин
күкірт қышқылы және өте көп лимон қышқылы болады. Лимон қышқылы
кальций мен байланысып өте мықты сүйектің органикалық матриксін
түзеді.

Сүйек тінінің ең негізгі қызметіне тіректік , механикалық , қорғаныс
(ішкі мүшелерді) және кальций,фосфор тұздарының ағзадағы депосы болып
саналады . Сүйек тінінің морфофункциональді қасиетті ағзадан ет
тінінің қызметіне , қоректік заттарға , ішкі секреция бездерінің
бөлген гормондарына , адамның жасына байланысты өзгеріп те отырады.

Жіктелуі : Сүйек тіні екі топқа: ретикулофиброзды (өрескел
талшықтары ), және пластинкалық болып жіктеледі. Мұндай жіктелуге сүйек
тінінің аралық затының құрылыс ерекшеліктерімен физикалық қасиеті
негіз етіп алынған.

Сүйек тінінің диффероны мен остеогистогенезі. Сүйектің дамуы екі
түрлі жолмен қалыптасады ;1) сүйектің мезенхимадан дамыған шеміршектің
орнына қалыптасып дамуы , бұл тура емес остеогенез. Постэмбиональді
кезеңдегі сүйектің дамуы –физиологиялық және реперативті регенерацияға
жатады. Сүйек тінінің дамуында сүйек дифферон қатарын түзетін
жасушалар қатары; бағаналы, жартылай бағаналы, остеобласттар
(фибробласттардың бір түрі), остеоциитер болып жіктеледі. Бағаналы
жасушалардан сүйек тініндегі остеокластар дамиды, бұлар ағзадағы
макрофагтардың бір түрі.

Остеобласттар мен остеоциттер сүйек тінінің негізін түзетін
жасушалары. Остеобласттар сүйек қабы астында және сүйектің
регенерацияланатын жерінен орын алады. Остеобласттар бөлініп көбейетін,
осыған байланысты сүйек сынған жерінде көбейіп, сүйек балкасы болып
табылатын құрылымды түзеді. Бұлардың пішіні әртүрлі : куб тәрізді ,
пирамидальді , кейде көпбұрышты да болып келеді. Мөлшері 15-20 мкм. Ядросы
дөңгелек, цитоплазмада эксцентрлі орналасқан, ядросы бірнешеу.
Цитоплазмасында жақсы жетілген түйіршікті эндоплазмалық тор,
митохондриялар және Гольджи комплексі болады.

Остеоциттер – сүйектің дефинитивті (тұрақты) жасушасы, бөліну
қабілетін жойған пішіні өсінділі, құрамында ірі ядросы мен әлсіз
базофильді боялған цитоплазмасы бар. Остеоциттер (сүйек жасушалары)
сүйектің қуысында (лакуналарында) орналасады. Мұндай қуыстардың
ұзындығы 22-25 мкм, ені 6-14 мкм іші сұйыққа толы. Сүйектегі зат алмасу
процесі оның ішінде остеоциттер мен қан тамырлар арасындағы осы тін
сұйықтығы арқылы жүзеге асады.

Остеокластар - бұл жасушалардың табиғаты гемотогенді ,
известелінген шеміршек пен сүйекті бұзады. Диаметрі 90 мкм , құрамында
көптеген ядролары бар, жасуша. Остеокластардың сүйектің потологияға
ұшыраған беткейін қараған аймағында көптеген цитоплазмасында шыққан
қатпарлары болады. Осы жағынан (аймағының қатпарларынан) гидролитикалық
ферменттер секрециясы өтіп, синтезделінеді. Ал, екінші аймағы
остеокластардың бөлігі ашық түсті органеллалары аз, бірақ актин
микрофиломенттері бар. Остеокластардың қатпарланған аймағының шетінде
көптеген майда көпіршіктер мен вакуолалар орналасқаны байқалады.
Жалпы остеокластар өзін қоршаған ортаға көмір қышқыл газын бөліп
шығарады , фермент карболгидразаның әсерінен Н2 СО3 түзіліп, сүйектің
құрамындағы органикалық матриксін ыдыратып, кальций тұздарын ерітеді.

Сүйек тінінің аралық заты-негізгі аморфты зат пен коллаген
талшықтарынан тұрады. Сүйекте коллаген талшықтарының I және V түрлері
болады. Бұл талшықтар ретімен орналасатын қабыршақты сүйек тіні
болса, талшықтары мен ретсіз жасушалары ал ретсіз орналасқан
ретикулофиброзды сүйек тіні болып саналады.

Қабыршақты сүйек тіні .

Қабыршақты сүйек тіні (textus osseus lamellaris) ересек адамдарда
кең тараған сүйек тіні болып табылады. Бұл тін сүйек
пластинкаларынан (қабыршақтарынан)тұрады. Мұндай пластинкалардың қалыңдығы
әртүрлі (10-100 мкм-дей). Қабыршақты сүйек тінінен ағзада сүйектің
тығыз кеуекті заты түзіледі.

Сүйек диафизінің құрылысы.

Сүйек диафизінің тығыз затында қалыңдығы әртүрлі 4-тен 12-15мкм-
дей сүйек пластинкалары болады. Сүйек пластинкалары сырты периостин
қапталған гаверсон жүйесін түзеді. Сүйек диафизінің үш қабатын ,
сыртқы жалпы пластинкаларын, ортаңғы – остеондар жүйесін, ішкі жалпы
пластинкаларын ажыратады.

Сыртқы (генеральді) пластинкаларыда Фолькманов каналдары болады,
бұлардан қан тамрлары келіп остеондарға енеді. Сүйек қабынан әртүрлі
бұрыш жасап коллаген талшықтары да келіп сүйек диафизінен остеондар
жүйесіне дейін өтеді, бұларды Шарпеев талшықтары дейді .

Ортаңғы қабаты остеондар жүйесінен тұрады. Остеондар тығыз
сүйектің құрылыс-қызметін атқаратыны бірлігі болып саналады. Бұлар
концентрлі шеңберлер түрінде орналасқан остеоциттер тізбегінен тұратын
құрылымдар. Әрбір остеондардың сыртын шектеп тұратын шеңберлі
сызықтары болады. Остиондардың ең ортасында қан тамырлардың қуыстары
жақсы көрінеді. Ішкі –эндост сүйектің, сүйек миына қараған ішкі
қабаты. Эндостта осмиофильді сызықтар байқалады. Остеодты қабаты –
құрамында аморфты зат , коллаген талшықтары мен остеобласттар бар.
Бұл қабаттан қан тамырлары мен нервтер өтеді. Эндосттың қалыңдығы 1-2
мкм. Сүйектің сыртқы қабаты периосттан эндос жұқа, осы екі сүйек қабы
арасында лакунарлы-каналдар жүйесі арқылы микроциркулярлы және
минералды зат алмасу процесі үздіксіз жүріп отырады.

Сүйек тінінің васкуляризациясы. Сүйек қабы –периосттың ішкі
қабатында өте қалың болып орналасқан қан тамырлары торы остеондарға
өтіп, одан сүйек миында –майда капиллярлар жүйесіне айналады . Ал
лимфатикалық тамырлар көбінесе сүйек қабының сыртқы қабатында
орналасады.

Сүйек тінінің иннервациясы. Периостан миелинді, миелинсіз нерв
талшықтары қан тамырлары мен қоса өтіп , остеондарға одан сүйек
миына барып аяқталады. Нерв талшықтарының біразы сүйек қабында
тармақталып бос жатқан нерв ұштары мен инкапсулалы денешіктерді
түзеді. Жілік сүйектерінің өсуі өте ұзақ процесс. Сүйектердің өсу
процесі адамда ерте эмбрионалді даму кезеңінде басталып , шамамен
жиырма жасқа дейін жүреді. Бұл кезде сүйектің ұзына бойының өсуі,
оның көлденең жуандап өсуңімен қатар жүреді. Жілік сүйектерінің ұзына
бойының бойлық өсуі метаэпифизарлы шеміршек пластинкасының өсуі
арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты метаэпифизарлы шеміршек
пластинкасының үш түрлі аймағын ажыратады. Олар: шеткі, бағана тәрізді
жасушалар мен көпіршікті жасушалардан тұратын аймақтар. Шеткі аймағы
шеміршек пластинкасын сүйектің эпифизімен байланыстырады. Бұл аймақта
қан тамырлары өте қалың орналасқандықтан трофикалық қызмет атқарады.
Ал құрамында бағаналы жасушалар бар аймақ –жасушалары белсенді түрде
бөлініп, көбейеді. Ең негізгі түтікше сүйектердің өсуіне қатысатын
сүйектену қабілеті зор осы аймағы. Бұл жасушалар гликоген мен
сілтілі фосфатазаға өте бай. Көпіршікті жасушалардан тұратын келесі
аймағында – гидротация процесі жүріп жойылуымен эндрохондриальды
сүйектену процесі жүретін аймақ. Жілік сүйектерінің енінің өсуі
периосттағы остеобласттардың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Бұл -
сүйектің аппозициональды өсуі болып табылады.

Сүйектің регенерациясы. Сүйектің физиологиялық регенерациясы
периосттың остеогенді жасушалары арқылы өтеді, бірақ өте баяу жүреді.
Сүйектің жарақаттанып сынғаннан кейінгі (посттравматикалық)
регенерациясы, егер сынған сүйектің ұшары ығысып кетпесе тез жүреді.
Бұл процеске –остеогенезге қатысатын жасушалар: остеобласттар мен
остеокласттар қатысады. Алғашқы сүйектену кезеңінде дәнекер тінді
(сүйел түріндегі ) шеміршек аралшықтары пайда болып, одан кейін
екіншілік остеогенез процесі жүеді (бұл тура емес остеогенез ).

Сүйектің жасқа байланысты ерекшелігі – сүйектің құрамындағы
химиялық заттардың өзгеруіне байланысты жүреді. Мұндай жағдайларда
коллаген талшықтарының түрлері мен гликозамингликандардың қатынасы
өзгеріп , сүйектің құрамында сульфаттанған қосылыстар көбейеді.

Шеміршек тіндері: гиалинді, эластинді, талшықты болып жіктеледі.
Мұндай жіктелуі шеміршектің құрылыс - қызметінің ерекшелігіне және
құрамындағы талшықтарының қатынасына, байланысты етіп алынған. Шеміршек
тіндерінің дамуы ұрықтың және посэмбриональді дамуы регенерациялық
жолмен жүзеге асады. Гиалинді шеміршек тіні әйнек тәрізді, мөлдір
ағзада ең көп тараған шеміршек түріне жатады. Ересек адамдарда
қабырғаның төс сүйегіне байланысқан ұштарында, көмекейде, тыныс алу
жолдарында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршек регенерациясы
Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы
Буындардың патофизиологиясы мен остеопатиялар бойынша ақпараттық - дидактикалық бөлік
Дәнекер тіндері
Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы. Регенерациясы
Тыныс алу механизмі
Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары
Тыныс алу мүшелеріне анатомо – гистологиялық сипаттама
Тыныс жолдары арқылы тарайтын ауру қоздырғыштарының биологиясын (грипп, қызылша)
Омыртқалылар дене құрылысы
Пәндер