Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Коммерциялық банктердің қаржылық ресурстарын басқару ... ... ... ... ...
Коммерциялық банктердің несие тәуекелдері мен несие портфелін басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Коммерциялық банктің ресурстарын басқарудың шетел тәжірибесі ... ...

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ («КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА)
«Казкоммерцбанк» АҚ.ның қаржылық іс.әрекетіне талдау жасау ... ... ..
«Казкоммерцбанк» АҚ.ның несиелік портфелін басқару тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Казкоммерцбанк» АҚ.ның персоналды басқару қызметіне талдау ... ... ..

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап кетеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. [1]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап кетеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады.
Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады. Өндіріс процесінің негізгі элементтеріне ақша құралдары, тауарлар, жеткізушілер, сатып алушылар жатады. Коммерциялық банк – бұл өз клиенттеріне қарыз беретін, тұрғындардың ақша құралдарын бөлу сияқты қаржылық қызмет көрсетулер мен айналысатын кәсіпорын. Қаржылық қызмет көрсетулерді (ақша құрамдары) тауар ретінде көруге болады. Банкке ақша салатын клиенттерді сатып алушылар ретінде, банк қызметін өндірістік процесс ретінде. Банк қызметін ұйымдастыру өрісінде банктік қызмет көрсетулерді өндіріс қызметінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету, қажет. Үнемі өзгеріп отыратын ортада, банктік құрылымның адаптациясын қамтамасыз етуші объект ретінде, банк экономикасының негізіне жататын элементтердің әрекеттестігі мен құру механизмін айқын көрсету қажет.
Басқару операцияларымен қатар өндірістік опреациялар коммерциялық банк қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.
Банк қызметі өрісінде жоғары технологиялар мен ақпараттандырудың дамуы жағдайында,банктің экономикалық қызметінің мәні туралы ғылыми түсініктеді алдағы уақытта жетілдіру, актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Өндірістік процесс (банк қызмет) үшін басқару жүйесі өте маңызды. Басқару ролінің үнемі өсуі - өндіріс сипатын нығайту мен даму процесіндегі басты тенденция.
Банктік қызметті басқару, банктік технологияларды жетілдіру мен өңдеуді, банк өнімдері мен қызмет көрсетулерін сапалы деңгейде қамтамасыздандыру, барлық есепайырысу түрлері мен банктік операциялардың орындалуын жоспалау мен бақылауды, персоналдармен қамтамасыздандыруды, таза табыстың тұрақтылығын ұстап тұруды кіріктіреді. Дамудың әр кезеңінде экономикалық субъектілердің қажеттілігіне сәйкес, басқарудың неғұрлым тиімді формалары мен әдістерін іздестіру, әрқашан рационалды шаруашылықтандыру шарттарының бірі және болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектінің экономикалық механизмін оның ресурстарының уақытылы қалыптасуынсыз басқару мүмкін емес.
Елдегі экономикалық дамудың қазіргі уақыттағы кезеңі, кәсіпорындардың ғана емес, коммерциялық банктердің де ресурстарын басқарудың ғылымдылығына деген талаптарды күшейтеді. Барлық экономикалық агенттер үшін нарық заңдарын қолданудың әдістері мен формаларын неғұрлым тиімді өңдеуді қажет етеді. Нарықтық экономиканың барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын жүзеге асыру, осыған байланысты болады. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару – бұл экономикалық қатынастардың субъектілері банк дамуының күрделі міндеттерін шешуге, жақсартуға мүмкіндік беретін, қуатты тетік болып табылады. Басқару әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын үнемі және үздіксіз жетілдіріп отыруынсыз, банк қызметін жоғарылатудағы, жаңа технологияларды ендірудегі, ресурстар тиімділігін өсірудегі ілгерілікті елестету мүмкін емес.
Осымен байланысты, экономикалық агент ретіндегі коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірумен байланысты ұсыныстарды өңдеу, мәселелерді ғылыми дәлелдеуге ие болды. Бірақ, Қазақстанның қаржылық нарығы тұрақтанбайынша, банктер үшін әлі де болса күтпеген және жиі болатын өзгерістер тән болады.
Табыстылық аспектілерін толық есепке алатын. Ресурстарды басқару әдістерін өңдеу, банктің сенімді және сапалы жұмысында басты орынды болып қала береді.
Тақырыптың өзектілігі – нарықтық экономикасы дамыған қазіргі кездегі коммерциялық банктерді басқаруда тиімді басқару жүйесін орнату болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық агент ретіндегі коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірудің жолдарын анықтау.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына 2014 жылғы жолдауы
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1995 жылғы Заң күші бар жарлығы.
3. Мақыш Серік Биханұлы «Коммерциялық банктер операциялары». Алматы, Издат Маркет 2004жыл. .
4. Сейітқасымов Т.С. «Ақша, несие, банктер». Алматы. Қаржы - Қаражат 1999 жыл.
5. Қонақбаев А.Г. «Мотивационный механизм использования человеческих ресурсов в коммерческих банках».Банки Казахстана №3 2005год.
6. «Казахстан за годы независимости» Информационно-аналитический сборник. ҚР статитика Агенттілігі, 2006 жыл,
7. Мақыш Серік Биханұлы «Ақша айналымы және несие». Алматы, Издат
Маркет 2004жыл.
8. Сейткасимов Т.С. Банковское дело. Алматы; Каржы-Каражат, 1998 год.
9. Балабанов И.Т. Банки и банковское дело. Санкт-Петербург; 2000 год.
10. Сатылганов К. «Народный банк: юбилей обязывает». Банки Казахстана №9, 2003год.
11. Қонақбаев А.Г. «Основные принципы формирования человеческих ресурсов коммерческих банков и их особенности». Банк Казахстана №12 2004год.
12. Тронин Ю. Банковский менеджмент: проблемы и решения. // Банковские
технологии. №10, 1999 год.
13. Интернет желісіндегі Казкоммерцбанк мекен жайы
14. Казкоммерцбанктің 2010-2013 жылдар арасындағы жылдық есептері.
15. Бабачева Ю.А. Банковское дело. Москва; Финансы и статистика, 1994 год.
16. Лаврушин О.Г. Банковское дело. М; Финансы и статистика, 2000 год.
17. Гомидов Г.М. Банковское дело и кредитное дело. М; Банки и биржы, 998
год.
18. Банки Казахстана - 2003-№4
19. Бюллетень Национального Банка Р.К. №10 2000 год.
20. Давыдова Л. «Банковское право Республики Казахстан.» Алматы; 2001 год
21. Aймaновa Л.Б. Бaнковское дело. – Aлмaты, 2007 ж. 39б.
23. Aхмедов Н., Рубцов С. Оценкa стрaтегических решений в бaнке. 2008ж. №1. 46-54 б.
24. Aчкaсов Н.Г. Оперaции бaнкa. // Денежное обрaщение. –2004. –45б.
25. И. Лисaк «Основные методы оценки и упрaвления риском ликвидности в бaнкaх» //Бaнки Кaзaхстaнa, 2006. – №11. – 7
26. Дудкa Е.Ю. Бaнкaм опaсно игрaть в догонялки // Exclusive. –2010 ж. №8. 8-9 б.
27. Денисенко Е.A. Совершенствовaние бaнковского обслуживaния и реклaмa // Қaржы-қaрaжaт. 2009 ж. №7, 54-55 б.
28. Рaзвитие бaнковской системы// Рынок ценных бумaг Кaзaхстaнa. — 2010. -№4 /102 c./
29. Кaменевa Е.A. Бaнк для стрaны //National Business. 2008 ж. №7.16 б.
30. Қaзaқстaн Республикaсы нормaтивтік-құқықтық aктілерінің aқпaрaттық-құқықтық жүйесі: adilet.zan.kz
31. «Қaзком» aкционерлік қоғaмының ресми сaйты: www.kkb.kz
32. Қaзaқстaн Республикaсы Ұлттық Бaнкісінің ресми сaйты: nationalbank.kz
33. Қaзaқстaн Республикaсы қaржылық қaдaғaлaу комитетінің ресми сaйты, www.afn.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыптың өзектілігі - нарықтық экономикасы дамыған қазіргі кездегі коммерциялық банктерді басқаруда тиімді басқару жүйесін орнату болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық агент ретіндегі коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірудің жолдарын анықтау.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
oo Экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудың мәні мен міндеттерін талқылаумен байланысты, қазіргі уақыттағы сұрақтарды қарастыру;
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық процестерінің комерциялық банктер ресурстарының қалыптасуына әсер етуін зерттеу
қазақстан коммерциялық банктерін ресурстармен қамтамасыз ету үшін сыртқы ортаның ерекшеліктерін талдау, олардың қызметінің тиімділігін жоғарылататын резервтерді айқындау;
oo Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістерін сипаттау, қазақстандық банктерде әдістерді қолдану ерекшеліктерін қарастыру;
коммерциялық банктердің қаржылық ресурстарының қалыптасуын жан-жақты зерттеу және талдау;
oo Ресурстарды басқару тиімділігін жақсарту бойынша қаржылық талдау негізінде ұсыныстарды дайындау;
oo Қазақстан коммерциялық банктерінің ресурстарды басқару стратегияларының негізгі бағыттарын өңдеу;
oo Қаржылық ресурстардың қалыптасуының көзі ретінде коммерциялық банктердің табыстылығын жоғарылату бойынша ұсыныстарды енгізу;
Коммерциялық банктерде инновациялық процестердің тенденцияларын анықтау.
Зерттеу субъектісі Казкоммерцбанк АҚ, ал объектісі болып коммерциялық банктерді басқару ресурстары табылады.
Бұл дипломдық жұмыста банктік қызметті басқару аясында отандық және шетелдік ғалымдардың концепциялары мен теориялары қолданылды. Сонымен қатар, Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің заңды және нормативті-құқықтық актілері, статистика агенттігінің, Қазақстан Республикасының ЕДБ-ң мәжілістері пайдаланылды.
Құрылымы бойынша диплом жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудың теориялық негіздері, қағидалары сонымен қатар банктерді басқарудың шетел тәжірибесі қарастырылды. Ал екінші бөлімде Казкоммерцбанк АҚ мысалында банктің қаржылық іс-әрекетіне, несиелік қоржынына және персоналды басқару қызметіне талдау жасалынды. Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдіру жолдары өңделіп, қарастырылады.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

ЭкономикА ЖӘНЕ бизнес ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Қаржы кафедрасы
Қаржы мамандығы

Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА

Сайдахметова Анар студентіне
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
жұмыс тақырыбы
30 қараша 2013 жыл № 4-3432 бұйрығымен бекітілді

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі: 05 мамыр 2014 жыл

Жұмыстың бастапқы мәліметтері: ҚР Банктер және Банк қызметі туралы Заң, ҚР Ұлттық Банкі туралы заң, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің мәліметтері, банк ісі бойынша арнайы мәліметтер

Диплом жұмысын қарастыру барысындағы сұрақтар немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
а) Екінші деңгейлі банктерді басқарудың теориялық негіздері
б) Екінші деңгейлі банктерді басқару тиімділігін талдау (казкоммерцбанк ақ мысалында)
в) Қазақстандағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігін жетілдіру жолдары

Диплом жұмысын дайындау
Кестесі

Реттік №

Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі
Ескертулер
1.
Әдебиеттерді іріктеу, оларды өңдеу және зерделеу. Негізгі әдебиеттер бойынша библиография құру.
20.01.2014

2.
Диплом жұмысының жоспарын жасау және оны жетекшімен қарастыру
20.01.2014
Екінші тарау бойынша маңызды мәселелерді белгілеу
3.
Бірінші тарауды дайындау және ұсыну.
20.01.2014
Графиктер мен сызбаларды қосымшаға енгізу
4.
Практикалық материалды жинау, жүйелеу, талдау және т.б.
20.01.2014
www.nationalbank.kz, www.afn.kz , www.kkb.kz статистикалық мәліметтеріне талдау жасау
5.
Қорытынды мен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен келісу
20.01.2014
Кестеге сәйкес талдауларды толықтыру
6.
Ескертуге сәйкес диплом жұмысын қайта өңдеу(толықтыру). Аяқталған жұмысты кафедраға ұсыну.
20.01.2014
Методикалық нұсқауларға сай жұмысты өңдеу
7.
Рецензия мен пікірлермен танысу.
20.01.2014
Рецензиенттің сын-пікірімен танысу
8.
Рецензия мен пікірлерді ескере отырып, жұмысты қорғауға дайындықты аяқтау
20.01.2014
Презентацияларды даярлау

Тапсырманың берілген күні 25.12.2013
Кафедра меңгерушісі ___________________ Арзаева М.Ж.

Жұмыс жетекшісі ____________________ Даулиева Ғ.Р.

Тапсырманы орындауға
алған студент _____________________ Сайдахметова А.К.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6

1
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
Коммерциялық банктердің қаржылық ресурстарын басқару ... ... ... ... ...
9
1.2
Коммерциялық банктердің несие тәуекелдері мен несие портфелін басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

17
1.3
Коммерциялық банктің ресурстарын басқарудың шетел тәжірибесі ... ...
24

2
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ (КАЗКОММЕРЦБАНК АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1

Казкоммерцбанк АҚ-ның қаржылық іс-әрекетіне талдау жасау ... ... ..
29
2.2
Казкоммерцбанк АҚ-ның несиелік портфелін басқару тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

39
2.3
Казкоммерцбанк АҚ-ның персоналды басқару қызметіне талдау ... ... ..

3
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
69

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу ерекше атап кетеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. [1]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу ерекше атап кетеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады.
Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады. Өндіріс процесінің негізгі элементтеріне ақша құралдары, тауарлар, жеткізушілер, сатып алушылар жатады. Коммерциялық банк - бұл өз клиенттеріне қарыз беретін, тұрғындардың ақша құралдарын бөлу сияқты қаржылық қызмет көрсетулер мен айналысатын кәсіпорын. Қаржылық қызмет көрсетулерді (ақша құрамдары) тауар ретінде көруге болады. Банкке ақша салатын клиенттерді сатып алушылар ретінде, банк қызметін өндірістік процесс ретінде. Банк қызметін ұйымдастыру өрісінде банктік қызмет көрсетулерді өндіріс қызметінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету, қажет. Үнемі өзгеріп отыратын ортада, банктік құрылымның адаптациясын қамтамасыз етуші объект ретінде, банк экономикасының негізіне жататын элементтердің әрекеттестігі мен құру механизмін айқын көрсету қажет.
Басқару операцияларымен қатар өндірістік опреациялар коммерциялық банк қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.
Банк қызметі өрісінде жоғары технологиялар мен ақпараттандырудың дамуы жағдайында,банктің экономикалық қызметінің мәні туралы ғылыми түсініктеді алдағы уақытта жетілдіру, актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Өндірістік процесс (банк қызмет) үшін басқару жүйесі өте маңызды. Басқару ролінің үнемі өсуі - өндіріс сипатын нығайту мен даму процесіндегі басты тенденция.
Банктік қызметті басқару, банктік технологияларды жетілдіру мен өңдеуді, банк өнімдері мен қызмет көрсетулерін сапалы деңгейде қамтамасыздандыру, барлық есепайырысу түрлері мен банктік операциялардың орындалуын жоспалау мен бақылауды, персоналдармен қамтамасыздандыруды, таза табыстың тұрақтылығын ұстап тұруды кіріктіреді. Дамудың әр кезеңінде экономикалық субъектілердің қажеттілігіне сәйкес, басқарудың неғұрлым тиімді формалары мен әдістерін іздестіру, әрқашан рационалды шаруашылықтандыру шарттарының бірі және болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектінің экономикалық механизмін оның ресурстарының уақытылы қалыптасуынсыз басқару мүмкін емес.
Елдегі экономикалық дамудың қазіргі уақыттағы кезеңі, кәсіпорындардың ғана емес, коммерциялық банктердің де ресурстарын басқарудың ғылымдылығына деген талаптарды күшейтеді. Барлық экономикалық агенттер үшін нарық заңдарын қолданудың әдістері мен формаларын неғұрлым тиімді өңдеуді қажет етеді. Нарықтық экономиканың барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын жүзеге асыру, осыған байланысты болады. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару - бұл экономикалық қатынастардың субъектілері банк дамуының күрделі міндеттерін шешуге, жақсартуға мүмкіндік беретін, қуатты тетік болып табылады. Басқару әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын үнемі және үздіксіз жетілдіріп отыруынсыз, банк қызметін жоғарылатудағы, жаңа технологияларды ендірудегі, ресурстар тиімділігін өсірудегі ілгерілікті елестету мүмкін емес.
Осымен байланысты, экономикалық агент ретіндегі коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірумен байланысты ұсыныстарды өңдеу, мәселелерді ғылыми дәлелдеуге ие болды. Бірақ, Қазақстанның қаржылық нарығы тұрақтанбайынша, банктер үшін әлі де болса күтпеген және жиі болатын өзгерістер тән болады.
Табыстылық аспектілерін толық есепке алатын. Ресурстарды басқару әдістерін өңдеу, банктің сенімді және сапалы жұмысында басты орынды болып қала береді.
Тақырыптың өзектілігі - нарықтық экономикасы дамыған қазіргі кездегі коммерциялық банктерді басқаруда тиімді басқару жүйесін орнату болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық агент ретіндегі коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірудің жолдарын анықтау.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
oo Экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудың мәні мен міндеттерін талқылаумен байланысты, қазіргі уақыттағы сұрақтарды қарастыру;
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық процестерінің комерциялық банктер ресурстарының қалыптасуына әсер етуін зерттеу
қазақстан коммерциялық банктерін ресурстармен қамтамасыз ету үшін сыртқы ортаның ерекшеліктерін талдау, олардың қызметінің тиімділігін жоғарылататын резервтерді айқындау;
oo Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістерін сипаттау, қазақстандық банктерде әдістерді қолдану ерекшеліктерін қарастыру;
коммерциялық банктердің қаржылық ресурстарының қалыптасуын жан-жақты зерттеу және талдау;
oo Ресурстарды басқару тиімділігін жақсарту бойынша қаржылық талдау негізінде ұсыныстарды дайындау;
oo Адам ресурстарының қалыптасуына, коммерциялық банктердің кадрлар саясатының әсер етуін сипаттау;
oo Коммерциялық банктерде адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігін талдау;
Қазақстан коммерциялық банктерінің ресурстарды басқару стратегияларының негізгі бағыттарын өңдеу;
Қаржылық ресурстардың қалыптасуының көзі ретінде коммерциялық банктердің табыстылығын жоғарылату бойынша ұсыныстарды енгізу;
Коммерциялық банктерде инновациялық процестердің тенденцияларын анықтау.
Зерттеу субъектісі Казкоммерцбанк АҚ, ал объектісі болып коммерциялық банктерді басқару ресурстары табылады.
Бұл дипломдық жұмыста банктік қызметті басқару аясында отандық және шетелдік ғалымдардың концепциялары мен теориялары қолданылды. Сонымен қатар, Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің заңды және нормативті-құқықтық актілері, статистика агенттігінің, Қазақстан Республикасының ЕДБ-ң мәжілістері пайдаланылды.
Құрылымы бойынша диплом жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудың теориялық негіздері, қағидалары сонымен қатар банктерді басқарудың шетел тәжірибесі қарастырылды. Ал екінші бөлімде Казкоммерцбанк АҚ мысалында банктің қаржылық іс-әрекетіне, несиелік қоржынына және персоналды басқару қызметіне талдау жасалынды. Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдіру жолдары өңделіп, қарастырылады.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0.1 Коммерциялық банктердің қаржылық ресурстарын басқару

Нарықтық қатынастар жағдайында банктің экономикалық механизмін оның ресурстарының уақытылы қалыптасуынсыз басқару мүмкін емес. Елдегі экономикалық дамудың қазіргі уақыттағы кезеңі, кәсіпорындардың ғана емес, коммерциялық банктердің де ресурстарын басқарудың жүйелілігіне деген талаптарды күшейтеді. Барлық экономикалық агенттер үшін нарық заңдарын қолданудың әдістері мен формаларын неғұрлым тиімді өңдеуді қажет етеді.
Нарықтық экономиканың барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын жүзеге асыру осыған байланысты болады. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару - бұл экономикалық қатынастардың субъектілері банк дамуының күрделі міндеттерін шешуге, жақсартуға мүмкіндік беретін қуатты тетік болып табылады. Басқару әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын үнемі және үздіксіз жетілдіріп отыруынсыз, банк қызметін жоғарылатудағы, жаңа технологияларды ендірудегі, ресурстар тиімділігін өсірудегі ілгерілікті елестету мүмкін емес.
Банктің қаржылық ресурстары өте ауқымды және оны осы бір бөлімде ашу немесе қамту мүмкін емес, сондықтан да бұл бөлімде активтерді, пассивтерді, банк капиталын және өтімділікті басқару стратегияларын қарастыру мақсатын қойдық.
Банктік активтер және пассивтер портфелі - бұл жоғары пайдаға және қолайлы тәуекел деңгейіне жету үшін қолданылатын біртұтас бүтіндікке жатады. Активтер мен пассивтерді бірге басқару банкке депозиттер және заимдарды іскерлік активтіліктің циклдық ауытқуларынан және маусымдық ауытқуларынан қорғаудың құралын, сонымен қатар банк мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететін активтер портфелін қалыптастыру үшін қажет құралдарын береді. Активтер мен пассивтерді басқарудың мәні банк балансының құрылымын оның стратегиясымен сәйкестендіруге әкелетін тактикаларды қалыптастыруда және іс - шараларды жүзеге асыруда.
Активтерді басқару - бұл өзіндік және тартылған қаражаттарды орналастырудың тәртіптері және жолы, яғни бұл нақты ақшаға, несиелерге, инвестицияларға және басқа активтерге бөлу. Қаражаттарды орналастыруда ерекше назар несиелік операцияларға және бағалы қағаздарға, инвестицияларға аударылады. Қаражаттарды орналастырудағы мәселелердің шешімі болып қолайлы тәуекел деңгейіндегі және барынша жоғары табысты әкеле алатын активтерді сатып алу жатады [].
Банкпен тартылған қаражаттардың басым бөлігі талап ету бойынша немесе өте қысқа мерзімді хабарландыру бойынша төленуге тиіс. Сондықтанда банкті басқарудың дұрыс шарты немесе жағдайы болып салымшылардың талаптарын және банк клиенттерінің несиеге деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын нақты ақшаның болуы мүмкіндігін қамтамасыз етуді жатқызуға болады.
Қаражаттарды орналастыруда банктің алдында әрдайым өтімділік және табыстылық арасындағы дауды шешу мәселесі тұрады. Банк акцияларын ұстаушылар ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаражат салу, несиелік қабілеттіліктері күдікті несие алушыларды несиелеу және қолданылмайтын қалдықтарды қысқарту есебінен алынатын барынша жоғары табыстарға қызығушылық танытады, бірақ бұл әрекеттер банктің салымдарды қайтару және ескі клиенттері тарапынан несиеге сұранысты қанағаттандырудағы өтімділікті нашарлатады. Табыстылық - өтімділік екеуінің біреуін таңдап алуды шешуге әрекеттерде активтерді басқарудың үш жолы бар. Бұл әдістердің әрқайсысының кемшіліктері және артықшылықтары бар. Нақты мәселелерді шешкенде коммерциялық банктің менеджері активтерді басқарудың кез - келген әдісін немесе олардың үйлесімділігінің элементтерін қолданса болады. Қаражаттардың жетіспеушілігі кезеңінде ортақ қор әдісі қаражаттарын кеңінен қолдануға болады. Екінші әдіс - активтерді бөліп тарату немесе қаражаттарды конверсиялау, үшінші - ғылыми басқару немесе ЭЕМ - ді қолданумен байланысты.
Әдістердің кез - келгенін қолданғанда қаражаттарды тарту бойынша шекті шығындарды активтік операциялардан түсетін шекті мүмкін табыстармен мұқият сәйкестендіру қажет. Ортақ қорлар қаражаты әдісінің негізінде барлық қаражаттарды біріктіру қағидасы жатады. Банкке қаражаттар талап ету депозиттері, жинақ, мерзімді салымдар, сонымен қатар банктің өзіндік капиталын қосқандағы әртүрлі көздерден түседі. Одан кейін бұл қаражаттар сәйкес деп саналған активтер бойынша орналастырылады. Бұл модельде банктің алдына қойылған мақсаттарға жетуге үлесін қосып жатқанда қаражаттардың қандай көздерден түскендігі маңызды емес. Активтерді басқарудың бұл әдісі келесі үлгіде сипатталады:

Талап ету депозиттері
Жинақ салымдары
Мерзімді депозиттер
Қаражат-тардың
ортақ
қоры
Алғашқы резервтер
Екінші ретті резервтер
Акционерлік капитал мен резерв қорлары
Несиелер
Бағалы қағаздар
Ғимараттар мен жабдықтар
Талап ету депозиттері
Жинақ салымдары
Мерзімді депозиттер
Қаражат-тардың
ортақ
қоры
Алғашқы резервтер
Екінші ретті резервтер
Акционерлік капитал мен резерв қорлары
Несиелер
Бағалы қағаздар
Ғимараттар мен жабдықтар
Сурет 1- Активтерді басқарудың әдісі
Алынған көзі. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары кітабы [3]
Бұл әдіс менеджерлерден өтімділік және табыстылық қағидаларының теңдігінің сақталуын талап етеді. Қаражаттарды осы қағидаларға сәйкес активтік операцияларға орналастырады.
Банкирлер ерекше көңілді алғашқы резервтерге аударады, себебі олар несие алуға өтініштерді қанағаттандыру үшін және депозиттерді дер кезінде қайтару үшін тез қолданыла алады. Бұл банк өтімділігінің басты көзі. Алғашқы резервтерге мыналар жатады:
oo касса;
oo орталық банктегі корреспонденттік шоттағы және өзге де шоттардағы
ақшалай қаржатар;
oo басқа да коммерциялық банктердегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар;
oo инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.
Екінші реттегі резервтер - бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп қолма - қол ақшаға айналдыруға болады. Кейбір шетелдік әдебиеттерде оларға мыналарды жатқызады:
oo вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар жатады;
oo талап етілетін несиелер (онкольдық);
oo бірінші класты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты - алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады. Алғашқы және екінші ретті резервтердің көлемін анықтағаннан кейін банк клиенттеріне несиелер ұсына алады. Несиелер - бұл банк активтерінің басты бөлігі, ал несиелер бойынша табыстар - банк табысының ең қомақты бөлігі.
Қаражаттарды орналастырудағы ең соңғы кезекте бағалы қағаздар портфелінің құрылымы тұрады. Инвестиция портфелінің тағайындалуы - банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақындауы шегінде екінші кезекті резервтерді толықтыру. Жоғарыда атап өткендей екінші реттегі резервтерге шетелдік әдебиеттер бойынша не кіретіндігін атасақ, ал бізде олармен қатар осы бағалы қағаздар портфелі және ссудалық шоттардағы қаражаттар да жатады. Бұл қаражаттардың ортақ қоры әдісі бір жағынан активтерді басқару әдісі болса, екінші жағынан өтімділікті басқарудың негізгі әдісі болып табылады. Активтерді орналастыру әдісі банкке қажетті өтімді қаражаттардың көлемі қорларды тарту көздеріне тәуелді екенін көрсетеді.
Активтерді қаражаттарды конверсиялау әдісімен басқарудың схемасы (сурет 2)
Талап ету депозиттері
Жинақ салымдар
Мерзімді салымдар
Алғашқы резервтер
Екінші ретті резервтер
Акционерлік капитал және резервтер
Несиелер
Бағалы қағаздар
Ғимараттар және жабдықтар
Талап ету депозиттері
Жинақ салымдар
Мерзімді салымдар
Алғашқы резервтер
Екінші ретті резервтер
Акционерлік капитал және резервтер
Несиелер
Бағалы қағаздар
Ғимараттар және жабдықтар
Сурет 2- Активтерді қаражаттарды конверсиялау әдісімен басқару
Алынған көзі. Г.С.Сейтқасымов Банковское дело кітабы [4].
Осы әдістің көмегімен қаражат көздеріне міндетті резервтер нормасымен және олардың айналым жылдамдығына сәйкес шек қойылады. Мысалы, талап ету депозиттері мерзімді депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің жоғары нормасын қажет (талап) етеді және олардың айналым жылдамдықтары да басқа салымдарға қарағанда жоғары. Бұл модельде банкте орталықтар немесе банк ішіндегі банктер пайда болғандай болады - талап ету депозиттерінің банкі, жинақ салымдарының банкі, мерзімді салымдар банкі және негізгі капитал банкі. Қазіргі кезде банк өтімділігін басқаруда осы әдіс банктегі банктер әдісі деп аталады. Қаражаттардың өтімділік және пайдалылық тұрғысына қарай әртүрлі орталықтарға тиістілігін белгілеп алып, олардың әрбір орталықтан орналастырылу тәртібі анықталады.
Талап ету депозиттері ең жоғарғы өтімді активтермен жабылуды қажет ететіндіктен және жоғары айналым жылдамдығына ие болған соң, талап ету депозиттері орталығынан маңызды бөлік алғашқы резервтерге бағытталады, қалған бөлігі артықшылықпен екінші ретті резервтерге, қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялау жолымен орналастырылады және тек үлкен емес сомма ғана несиелер ұсынуға соның ішінде тек қысқа мерзімдісіне тағайындалуы мүмкін. Ал мерзімді депозиттер банкінен қаражаттар бұған қарама - қарсы орналастырылады. Оның маңызды бөлігі екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, соның ішінде орта және ұзақ мерзімді несиелерге, ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағытталады. Банктік инвестицияларды реттеу активтерді басқарудың дербес бағыты болып табылады. Бұл әдістің құндылығы болып өтімді активтердің үлесін азайту және инвестициялар мен несиелерге қосымша қаражаттар салу болып табылады, ал бұл өз кезегінде пайда нормасының ұлғаюына алып келеді. Пайда нормасын ұлғайту жинақ мерзімді депозиттерге және негізгі капиталға қарсы тұратын өтімді активтердің шығынын жоюмен жүзеге асады [9].
Қарастырылған екі әдісте актив және пассив бөлімдерінің арасындағы байланысты талдауда басқарудың қарапайым тәсілдерін қолдануға әкеледі. Олар барлық инвестициялауға мүмкін қаражаттарды орналастыру, пайданың жеткілікті нормасын қамтамасыз ететіндей және өтімділікті шектелген шегінде операцияларды жүзеге асыру жолдарын көрсетеді.
Ғылыми басқару әдісі банктің экономикалық іс - әрекетінің проблемаларын шешуге барынша күрделі жолдарды талап етеді, ол математикалық әдістермен ЭЕМ қолдану арқылы нақты проблеманы шешудің бірнеше вариантын жасау және олардың ішінде барынша тиімдісін таңдап алу болып табылады.
Пассивтік операцияларды басқару. Пассивтік операцияларды басқару кең мағынада салымшылардың қаражаттарын тартумен, басқа да кредиторлармен және банк үшін қаражат көздерінің тиісті комбинациясын анықтаумен байла-нысты іс - әрекет түсіндіріледі. Ал тар мағынада - бұл банктің өтімділігін қол-дауға, нарықтағы несие ресурстарын жұмылдыруға бағытталған іс-әрекет .
Пассивтерді басқаруда банктер тартылған қаражаттардың шығындарын минималдайтын көздерді қолдануға ұмтылуы керек, бұл банктің иелігіне табыстарды және капиталды өсіру үшін көп жаңа қаражаттар қалдырады. Сонымен қатар банкке депозиттердің, заимдық қаражаттардың және капиталдың көлемдері арасында қолайлы қатынастарды таңдау қажет. Олар қорлардың жағымды қажетті тұрақтылық деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл банкте барынша жоғары деңгейдегі тәуекелді және ұзақ мерзімді инвестицияларды талап ететін жоғарғы табысты активтер ұстауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік деңгейде орталық банктер, пассивтерді басқара отырып несиелік экспонсия (кеңею) және несиелік рестрикция саясатын жүргізеді. Несиелік ресурстар нарығында Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге және үкіметке несие шектерін белгілейді, сонымен қатар ол коммерциялық банктердің пассивтерінің қалыптасуына әсер етеді. Бірақ бұл, тұтқаларды қолданғанда инфляцияға алып келетін шаруашылықтарды асыра несиелеу немесе төлемсіздіктің пайда болуына алып келетін жеткіліксіз несиелеуге алып келетін шаруашылықтардың ақша ресурстарына қажеттілігі ескерілмейді. Екінші тұтқаға несие ресурстары нарығындағы ұсыныс пен сұраныс заңдарын ескеретін - дисконт жатады. Дисконттардың жоғарылауымен несие ресурстарына сұраныс төмендейді, сәйкесінше екінші деңгейлі банктердің бос резервтер көлемі және жаңа пассивтерді қалыптастыру мүмкіндігі төмендейді. Дисконтты төмендете отырьш, Ұлттық банк коммерциялық банктердің пассивтік шоттарына ақша қаражаттарын ұлғайтатын коммерциялық банктердің бос резервтерінің көлемін және сұранысын жоғарылатады. Пассивтерді басқарудың құралына Ұлттық банктің валюта нарығындағы және бағалы қағаздар нарығындағы операциялар жатады. Ұлттық банк валюталардың өте ірі иесі болып, коммерциялық банктерге валютаны сата отырып несие рестрикциясының саясатын жүргізеді, ал валютаны сатып ала отырып несие экспонсиясы саясатын жүргізеді.Ұлттық банк барынша өтімді мемлекеттік бағалы қағаздардың папкаларына ие болады. Ұлттық банк бұл бағалы қағаздарды сата отырып екінші деңгейлі банктердің бос резервтерін төмендетеді, ал бағалы қағаздарын сатып ала отырып коммерциялық банктердің бос резервтерін және олардың пассивтік шоттарда жаңадан ақшалар қалыптастыру бойынша мүмкіндіктерін жоғарылатады. Ақша - несиелік реттеудің құралдарының екінші жиынтығы Ұлттық банкпен белгіленетін нормалар, нормативтердің қолданылуымен байланысты.
Ұлттық банк нормативтерді төмендете отырып коммерциялық банктерге пассивтік шоттарында жаңа ақшалар қалыптастыруға мүмкіндік береді, ал жоғарылата отырып банктердің пассивтік шоттарында ақшалар қалыптастырудың мүмкіндіктерін қысқартады.
Пассивтерге әсер етудің бір құрамына банктің ағымды өтімділігінің нормативі жатады:
Қолма-қол ақша қаражаттары және жылдам өтімді активтердің соммасы
К4=
Талап ету депозиттерінің сомасы (1)

Ұлттық банк өтімділік коэфициентін жоғарылата отырып пассивтік шоттарда жаңа ақшалар қалыптастыру мүмкіндігін төмендетеді, ал оны азайта отырып - банктердің эмиссиондық мүмкіндіктерін арттырады [10].
Меншікті капитал - бұл ұйымдастыру формасына тәуелсіз, кез - келген кәсіпорынның қаржылық ресурстарының маңызды бөлігі. Банк капиталына банк иелерімен салынған қаражаттар, резервтер және бөлінбеген пайда жатады.
Акционерлік капиталдың және банк қаражаттарының құрылымында оған теңестірілген бөлімдердің банктердің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі үлкен.
1- шіден, меншікті капитал жеткілікті көлемдегі депозиттер тартылғанға дейін банктің қызмет етуіне және ұйымдастырылуына қажет. Жаңа банкте қаражаттар, ғимараттар, құрал - жабдықтар алу үшін ,қызметкерлерге ақы төлеу үшін және тағы басқаларға қажет.
Екіншіден, капитал банкте клиентер сенімін қолдайды және кредиторларды оның қаржылық күштеріне иландырады. Капитал экономиканың құлдырау кезеңінде заим алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға банктің қабілетті екендігіне олардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы керек.
Үшіншіден, капитал ұйымдық өсуді және жаңа қызметтер, программалар және құрал - жабдықтар қалыптастыруды қаражат- тармен қамтамасыз етеді.
Капиталдың төртінші қызметі - банкке ірі күтпеген шығындар немесе төтенше шығындар қалыптасқан жағдайда басқарушылардың бұлардың шешімдерін тапқанға дейін операцияны жалғастыруға мүмкіндік беретін -қорғау кепілдік қызметі жатады. Меншікті қаражаттары тиімді басқару банк табыстылығын жоғарылатуға және салымдардың сақтаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Барынша жоғарғы пайдаға жету қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардан несиелер ұсынуға өту жолымен мүмкіндік болады. Өтімділікке деген қосымша қажеттіліктер немесе міндетті резервтерді ұлғайту несие портфелі немесе бағалы қағаздардың бір бөлігін қолма - қол ақшаға айналдыру жолымен қанағаттандырылады. Салымдар тарту мәселесін шешкеннен кейін менеджер талап етілетін өтімділіктің көлемін есепке ала отырып тартылған қаражаттарды инвестициялаумен немесе оларды несиелерге ұсынумен айналыса бастайды. Өтімділікті және табыстардың өсуін қамтамасыз ету үшін банк өзінің қысқа мерзімді қарыздары және депозиттік шоттары арқылы реттеуіне болады. Пайыздық қойылымдардың төмен кезінде берілген, қамтамасыз етілмеген міндеттермелер одан да жоғарырақ қойылымдар бойынша табысты инвестицияларға арзан қаражат көздері болуы мүмкін. Меншікті қаражаттарды басқарудың тиімді құралы болып банк акцияларының, нарықтық бағасын аттыруға және қосымша акцияларды барынша жоғарғы бағалармен сатуға мүмкіндік беретін дивидеттер саласындағы саясат табылады.
Бұл саясат меншікті капиталдарды орындау үшін пайданың бір бөлігін ұстап қалудан гөрі, артығырақ болып көрінуі мүмкін. Ақша қаражаттарын акцияларды шығару және орналастыру жолымен табу (мобилизация) - бұл банк үшін қымбат және барлық уақытта қолданыла бермейтін қаржыландыру әдісі. Сондықтан банктердің басқаруы және банктерді қадағалау органдары капитал және банк балансының басқа бөлімдері арасындағы қолайлы қатынасты табуға ұмтылады.
Капитал жеткіліктігінің басты жалпыланған көрсеткішіне Базельдік келісімге сәйкес тәуекелді активтердің коэфициенті жатады:
Тәуекелді активтер Банк капиталы
коэфициенті = (2)
Тәуекел деңгейлері бойынша өлшенген активтер соммасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген меншікті қаражаттар жеткіліктілігі (коэфициент түріндегі меншікті капитал) нормативі: бірінші деңгейлі меншікті капиталдың банк активтерінің сомасына қатынасы және банктің меншікті капиталының тәуекел деңгейлері бойынша өлшенген активтер сомасына қатынасы.
Бaнктің меншікті кaпитaлының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
k1-1 0,06-дaн кем болмaйды.
k1-2 0,06-дaн кем болмaйды.
Жеке тұлғa - ірі қaтысушысы жоқ бaнк үшін бaнктің меншікті кaпитaлының жеткіліктілік коэффициентінің мәні: k1-1 0,07-ден кем болмaйды;
k1-2 - 0,07-ден кем болмaйды.
Бaнк холдингі немесе бaс бaнк қaтысушысы болып тaбылaтын бaнк үшін, орнaлaстырылғaн aкциялaрының елу пaйызынaн aртығы мемлекетке не ұлттық бaсқaрушы холдингке тиесілі бaнк үшін бaнктің меншікті кaпитaлының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
k1-1 - 0,05-тен кем болмaйды
k1-2 - 0,05-тен кем болмaйды.
k2 - 0,12-ден кем болмaйды.[38]
Меншікті қаражаттар (банктің меншікті капиталы - К) екі деңгейден тұрады.
Меншікті капитал (К) банктің акцияларға салынған инвестициялары және басқа заңды тұлғалардың субординирленген қарыздарын шгергендегі I деңгейлі және II деңгейлі (I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) капитал сомасы ретінде саналады.
Бiрiншi деңгейдегi кaпитaл мынaдaй сомa ретiнде есептеледi:
oo сaтып aлынғaн меншiктi aкциялaрды шегергендегi төленген жaрғылық кaпитaл;
oo қосымшa кaпитaл;
oo өткен жылдaрдың бөлiнбеген тaзa кiрiсi (оның iшiнде өткен жылдaрдың бөлiнбеген тaзa кiрiсi есебiнен қaлыптaсқaн қорлaр, резервтер);
oo жинaқтaлғaн aшып көрсетілген резерв;
Минус:
oo Мaтериaлды емес aктивтер
oo Өткен жылдың шығындaры
oo Aғымды жылдың шығындaрының aғымды жылдың кірістерінен aсуы;
Екінші деңгейлі кaпитaл:
oo aғымдaғы жылдың бөлінбеген тaзa пaйдaсының мөлшері
oo негiзгi құрaл-жaбдықтaр мен бaғaлы қaғaздaрды қaйтa бaғaлaу резервi;
oo бірiншi деңгейдегi кaпитaл есебiне енгiзiлмеген төленген мерзiмсiз қaржы құрaлдaры;
oo бaнктің сaтып aлынғaн меншікті реттелген борышын шегергендегі бірінші деңгейдегі кaпитaл сомaсының елу пaйызынaн aспaйтын сомaдa меншікті кaпитaлғa енгізілетін екінші деңгейдегі бaнктің реттелген борышы сомaсы ретінде есептеледі.[11]
Жалпы айтқанда, коммерциялық банктің ресурстарын басқару - бұл экономикалық қатынастардың субъектілері банк дамуының күрделі міндеттерін шешуге, жақсартуға мүмкіндік беретін қуатты тетік болып табылады. Бұл бөлімде банктің қаржы ресурстарын басқару, оның ішінде активтерін және пассивтерін, меншікті капиталы мен өтімділігін басқару туралы баяндалған. Банктің қаржы ресурстарын жүйелі әрі сапалы басқару - банк қызметінде жоғары тиімділікке жетуге мүмкіндік береді.

1.2 Коммерциялық банктердің несие тәуекелдері мен несие портфелін басқару

Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызындағы № 2444 Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы Заңында және 1997 жылғы коммерциялық банктерді қадағалаудың Базельдік стандарттарына сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін комплекстік механизмдерінің құрамдас бөлігі сияқты банктік реттеу мен қадағалауды тиімді жүзеге асыру банктің несие портфелінің сапасының жоғарылауында ерекше орын алады. [2]
Несиелік операциялар - қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр.
Жалпы несие дегеніміз - белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Кез келген банк қызметінің табыстылығы несиенің сапасына, оның қайтарылу дәрежесіне тікелей байланысты болып келеді. Несиенің уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан банк несиелік тәуекелді басқару шараларымен айналысып отыруы қажет.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелген сыйақысын уақытында қайтара алмауымен байланысты зиян шегу қаупі.
Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі элементтері келесілер:
oo Несиелік қызметті ұйымдастыру;
oo Лимиттер белгілеу;
oo Несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
oo Несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелік рейтингтер қою және оны лимиттермен салыстыру;
oo Несиелер бойынша мүмкін болатын зияндарды ескере отырып сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
oo Несиелік мониторинг;
oo Несиелік портфельді басқару;
oo Проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Несиелік портфельді басқару - бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін талап ететін жоғары жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың алғышарттарына келесілер жатады:
oo Нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
oo Несиелік реейтингпен байланысты болатын жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелдің формасын жасау;
oo Әртүрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
oo Төменгі тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
oo Жоғарғы тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
oo Жоғарғы тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларға несиелік саясатты қатаңдату;
oo Несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Сапалы несие портфелін қалыптастыру банк үшін ең негізгі мақсат болып табылады, ал банктің қарыз операцияларын басқару қызметі жетістіктерге жеткізеді.
Отандық банктер ұсынылған несиелердің жалпы көлемімен сипатталады. Несиелендіру барысында несие портфелінің сапасы банктің мамандырылуында құрылмайды. Несие портфелінің сапасының өсуі - қарыз операцияларын басқаруда жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде қарыз операцияларын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында қарыз операцияларын басқарудың жүзеге асырылған процесі жоқ. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: несие саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және несие портфелін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.
Мерзімі өткен несиелерге қоржын қалыптастыру және қарыз операцияларын басқаруды толық жүзеге асырылмауының нәтижесінде пайда болған жағымсыз сәттерге келесі факторларды жатқызуға болады: несие саясатының құжаттарының жоқ болуы, несие портфелінің толық диверсификациясының жоқ болуы, басқарма орталығының деңгейі рационалды болмауы, қарыз алушыны тексерудің жеткілікті болмауы, несиелік құжаттарды бақылаудың жеткілікті болмауы.
Қарыз операцияларын басқарудың мұндай жетіспеушіліктері несие портфелінің төменгі дәрежесіне әкеледі.Бұл жетіспеушіліктерге жетпеу үшін коммерциялық банктер қарыз операцияларын тиімді басқару қажет. Ол үшін несиенің қайтарымдылығына, мерзімділігіне, төлемділігіне көп көңіл бөлулері керек. Қарыз алушының несиеқабілеттілігін, тәуекел түрлерін, оны шешу жолдарын анықтауы қажет және несие беруші банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген тәртіпте жоғалтуларды жабу үшін қор құруы керек.
Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 23 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі.
Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.
Банктердің несие портфельдеріне байланысты тәуекелдерді тежеу үшін қабылданған бірқатар пруденциалдық нормативтердің, жылжымайтын мүлікке байланысты несиелеу тәуекелдері және сыртқы кредиторлар тұлғаларына байланысты несиелеу нормативтерін қоса алғанда дұрыстығын айту қажет. Жылжымайтын мүлікке бағаның тез өсуін және ипотекалық несиелеу және құрылысты несиелеудің одан әрі жалғасқан толқынын негізгі ала отырып, несиенің негізгі сомасы мен қамтамасыз етуге ұсынылған активтің бағалау құны арасындағы пайызға ара қатынасын және несиелерді жіктеу үшін олардың төлем қабілеттілігі бойынша, әсіресе ақша-несие талаптарын күшейтудің әсерінен несиенің өсу қарқыны қажетті қарқыннан қалған жағдайда, одан әрі күшейту мәселесін қарауға тура келеді. Бұдан басқа, сыртқы несиелеу және банктің инвестициялық қызметі бойынша пруденциалдық нормативтерді күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет.
Сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландыратын ЕДБ - ң соңғы жылдары өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы несиелеу деңгейінің төмендеуіне алып келді .
Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс секторларын несиелеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік субьектілерін де несиелеу біршама азайды. Жылжымайтыне мүлік нарығындағы тұрақсыздық және бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті . Қазақстанның банк жүйесіндегі төлем мерзімі өткен (2, 4, 5 санаттағы күмәнді және үмітсіз) несиелердің деңгейі бірыңғай несиелерді есепке алғандағы жиынтық банк активтерінің 10% тең шекті параметрлерінен төмен, бұл ретте әрі қарай өсу үрдісі байқалды, бұл жаһандық өтімділік тапшылығының және жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның жағымсыз өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Несие банктің негізгі қызмет түрі болып табыс әкелуімен қатар, банк үшін тәуекелі де жоғары екені белгілі. ЕДБ-ң несие портфелінде мерзімі өткен берешектері күннен-күнге артып отырғанын көруімізге болады. Коммерциялық банктердің несие тәуекелдерін басқару жөніндегі тәжірибесінің аздығы және несие портфелінің басым бөлігінің доллармен толығуы, трансшекаралық несиелер мен бағалар тұрақтамауы несие портфеліндегі мерзімі өткен берешектердің өсуін арттырды.
ҚР ЕДБ тәуекел жүйесін дамыту және олардың жай-күйі туралы қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу, несие жүйесін басқарудың тәуекел жүйесі құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз деңгейде дамығанын анықтады. Банктердің ішкі жүйесіндегі несие тәуекелдерін басқару жүйесін құру және қызметін жандандыру банктердің ішкі қызметіндегі маңызды және керекті элементке айналуы тиіс. Осы элементтің дұрыс қызметі арқылы ЕДБ халықаралық талаптарға жауап беретін сенімді және мықты банкке айнала алады. Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару жөнінде жазылған отандық еңбектер жоқтың қасы, көп еңбектерде жазылған теориялық материалдардың іс жүзінде практикадан алшақтығы сезіліп жатады.
Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқарудың теориялық және практикалық маңыздылығының ЕДБ үшін ғана емес, банк қызметін пайдаланушылар үшін де мәні зор. ЕДБ мен қатар пайдаланушылар үшін де несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару екі субьект арасындағы сенімсіздіктің жойылуына, төлемсіздік, несие қабілетсіздік сияқты факторлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Несие портфеліне жасалған талдау оның сапасының нашарлауына баға өзгерістерінің жайсыздығын, кәсіпорындардың күйзелісін, тұрғындардың әлеуметтік факторларын алға тартады.
Несие тәуекелділігін туындататын факторлардың бірі пайыз мөлшерлемелеріндегі өзгерістер немесе дұрыс есептелмеген пайыз мөлшерлемесі. Банктер өз қызметі барысында барлық уақытта пайыз мөлшерлемелерін ырықтандыра алмайды, себебі оған көптеген ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлардың да әсері бар. Атаулы жағдайларда ғана банктер, мысалы несие портфелін теңдестірп қаржыландыру саясатын жүргізулері мүмкін.
Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі несиелер мен инвестициялардың деңгейіне, меншікті қаражаттар мен қарызға алынған қаражаттардың арақатынасына, депозиттік салымдардың көлемі мен бағасындағы өзгерістерге, қайтақаржыландыру, есептік т.с.с. пайыздар өзгерісіне тәуелді болады, өйткені, еркін пайыздық мөлшерлеме режимінде де ақша-несие мекемелері пайыздық мөлшерлеменің қолайлы деңгейде сақталуын бақылауға тиіс. Кез келген жағдайда банктің пайыздық мөлшерлемелер тәуекелінің бөлігін клиентке аудару мүмкіндігі болады. Алайда басқыншылық деп аталатын осындай саясаттың орындылығын анықтағанда екі ой-пікірді басшылыққа алу қажет.
Біріншісі - қазақстандық нарықтағы бәсекенің қарқынына қатысты. Егер клиентке банкті ауыстыру қиынға түссе, онда пайыздық мөлшерлемелердің түсуін күткенде несиелер бойынша межеленген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді, ал пайыздық мөлшерлеменің өсуі күтілгенде - мерзімді салымдар мен депозиттер бойынша тіркелген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді. Екіншісі - пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелінің көбірек бөлігін қарыз алушыға аудара отырып, банк оның төлеуге қабілетсіз етуі және осының салдарынан анағұрлым көп жоғалтуы да мүмкін. Өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындарымен салыстырғанда банк мекемелерінің осы тәуекел түрін басқару мүмкіндіктері көбірек.
Бүгінгі күні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша - несие саясатының стратегиялық мақсаттары
Коммерциялық банктер қызметін қадағалау мен бақылаудың шет елдердің тәжірибесі
Қазақстан Республикасының ІІ-ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін басқару
Қазақстандағы банк жүйесінің қазіргі жағдайы
Қазақстандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің экономикадағы ролі
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне бақылау және қадағалау»
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Банк тәуекелі. Банк тәуекелінің жіктелуі
Пәндер