Жүгіру



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Жүгіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Жүгіру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Жүгірудің пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Жүгіру эстафеталар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Дайындық жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Колледж мұғалімдеріне студенттер денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын студенттердің отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.
Ал дене тәрбиесі сабағында мұғалім студенттердің жаттығулар орындағанда дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір ескертетін жайт-шұғылданушылардың жас ерекшелікте-рін ескерген жөн. Спортпен шұғылдана бастаған бұлдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап орындайды.
Адамның рухани өсуi мен денесiнiң өсiп-жетiлуi балалық шақта қалыпта-сады. Гимнастикамен, жеңiл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен, волейболмен т.б спорт түрлерi және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт өкiлдерiнiң ұлттық ойындарымен жүйелi түрде және үздiксiз айналысатын балалар денi сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған өздерiнiң құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетiнiн ғылым мен өмiр тәжiрибесi толық дәлелдеп отыр.
Дене тәрбиесiмен айналысатын оқушы жақсы оқып, бiлгендерiн iске асыратын табанды, жiгерлi азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетiнi, ұжымдық және өзара көмек беру сезiмдерiн жетiлдiретiнi, белсендi өмiрлiк көзқарасты тәрбиелейтiнi, жоғары адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыратыны-өмiрде белгiлi қағидалар.
Қазақстанның болашағы-қазiргi жеткiншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту iсiне айрықша назар аударылып, салауатты өмiр салтын тұрмысқа толық енгiзу көзделген. Салауатты өмiр салтының бiр белгiсi әрбiр адамның дене тәрбиесiмен жүйелi түрде айналысуы болып табылады.
Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Мектептегi сабақ кестесiне енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап, сыныптан және мектептен тыс секциялық сабақтар, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы машықтануы – осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп қана қоймай, оларды адамгершiлiк рухқа, көпшiл болуға тәрбиелейдi.
Күштiлiк, төзiмдiлiк, жылдамдық, икемдiлiк, сергектiк, өмiрге деген құштарлық,
Пайдаланған әдебиеттер Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі.- Алматы,
Қазақ – орысша. Қазақ энцоклопедиясы. 3 том
Қазақ энцоклопедиясы
Шаңырақ : Үй – тұрмыстық энцоклопедиясы Алматы : Қаз Сов энцокл.Бас редактор ,. 1990
Қазан энцоклопедиясы , 8 том
«Қазақстан энцоклопедиясы» ,VI том

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Жүгіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Жүгіру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Жүгірудің пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Жүгіру эстафеталар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Дайындық жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Кіріспе
Колледж мұғалімдеріне студенттер денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын студенттердің отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.
Ал дене тәрбиесі сабағында мұғалім студенттердің жаттығулар орындағанда дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір ескертетін жайт-шұғылданушылардың жас ерекшелікте-рін ескерген жөн. Спортпен шұғылдана бастаған бұлдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап орындайды.
Адамның рухани өсуi мен денесiнiң өсiп-жетiлуi балалық шақта қалыпта-сады. Гимнастикамен, жеңiл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен, волейболмен т.б спорт түрлерi және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт өкiлдерiнiң ұлттық ойындарымен жүйелi түрде және үздiксiз айналысатын балалар денi сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған өздерiнiң құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетiнiн ғылым мен өмiр тәжiрибесi толық дәлелдеп отыр.
Дене тәрбиесiмен айналысатын оқушы жақсы оқып, бiлгендерiн iске асыратын табанды, жiгерлi азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетiнi, ұжымдық және өзара көмек беру сезiмдерiн жетiлдiретiнi, белсендi өмiрлiк көзқарасты тәрбиелейтiнi, жоғары адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыратыны-өмiрде белгiлi қағидалар.
Қазақстанның болашағы-қазiргi жеткiншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту iсiне айрықша назар аударылып, салауатты өмiр салтын тұрмысқа толық енгiзу көзделген. Салауатты өмiр салтының бiр белгiсi әрбiр адамның дене тәрбиесiмен жүйелi түрде айналысуы болып табылады.
Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Мектептегi сабақ кестесiне енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап, сыныптан және мектептен тыс секциялық сабақтар, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы машықтануы - осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп қана қоймай, оларды адамгершiлiк рухқа, көпшiл болуға тәрбиелейдi.
Күштiлiк, төзiмдiлiк, жылдамдық, икемдiлiк, сергектiк, өмiрге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрiздi сапалы қасиеттер дене шынықтыру мен спорт арқылы орнығып, қалыптасады. Спортшы болу балалардың барлығына бiрдей мақсат болмас, бiрақ денi сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу - барлық жастардың мiндетi және парызы болып саналады. Бірінің артынан бірі сап түзеп жүріп келе жатып жүру, секіру, жүгіру түрлерін орындай білуге үйретуді жалғастыру. Жаттығулардың жасалу техникасын түсіндіре отырып, берілген жан - жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы, дәлме - дәл орындай білуге, орындау кезінде денені әрқашанда түзу ұстап, сергек те жинақы, белсенді бола білуге үйрету.

Дене бітімінің дұрыс дамып қалыптасуына назар аудара отырып, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, қимыл үйлесімділігін сезіне білуін дамыту, жаттығу кезінде денені түзу, тік ұстай білуге дағдыландыру. Қол, иық, аяқ, табан, бұлшық еттерін жетілдіру.
Берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге тәрбиелеу, тиянақтылыққа, жинақылыққа, шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттеріне тәрбиелеу.



1.1. Жүгіру
Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің заманымыздан.бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол "стадидром" деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар, негізінен, 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен қатар (1966 - 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.Шишигина Сидней Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды
Жеңіл атлетикалық жаттығулардың ішінде жүгіру үлкен маңызға ие.Жеңіл атлетикасыз,оның ішінде жүгірусіз мектептегі дене тәрбиесінің бірде-бір сабағы өткізілмейді десек те болады.Жүгіру мен жүру күнделікті өмірде кездесетін дене жаттығуларының табиғи түрі.Осы екеуімен күнделікті жаттығу адам денесінің негізгі мүшелері мен жүйелерінің функцияларына оң әсерін тигізеді,жүрек-тамыр жүйесін нығайтады,тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады,бүкүл оргонизімнің төзімділігін арттырады.Жүгірудегі спорттық қимылдар жылдамдықты,күштілікті,икемділікті, шыдамдылықты шыңдайды.Жүгіру стадионындағы,спорт алаңдарындағы жүгіру жолдарында,шеңбер бойымен әр түрлі қашықтықта өткізіледі.
Милеттегі Полименестордың құпиясы.Қысқа қашықтыққа жүгіру-ертеден белгілі жарыстың бір түрі.Ол әйгілі Гераклден басталған.Аңызға сүйенсек,Геракл алғаш рет қашықтықтың негізін қалаған деседі.Ол өз табанымен 600 Қадам жерді өлшеп,осы аралықтстадийдеп атаған.Міне осыдан стадион деген сөз шыққан.Стадийдің ұзындығы әртүрлі болып келеді.192м-ден 195м - ге дейін созылады.Эллада желаяқтары 200м-лік қашықтықта сайысқа түскен.Гректер жеңіл атлетиканың көптеген түрінен таңғаларлықтай жеңіске жеткен.Ол кезде уақытты өлшейтін құралдар болмағандықтан,бір стадийді олардың қанша уақытта жүгіріп өткені біз үшін құпия.Бізге әртүрлі мағұлматтар жеткенімен,оларды уақытқа айналдыру қиын.Мысалы,сол кездегі желаяқтар жүгірген кезде,тіпті аяқтарының ізі құмға да түспеген деседі.Ал кейбіреулерін мәреде ғана көрген,олардың белгілі арақашықтықты қалай жүгіріп өткенін ешкім аңғарып та үлгермеген.Тарихшылардың айтуы бойынша б.з.д.632 жылғы Олимпиада чемпионы Полименестор Милеттегі желаяқтардың бірі болған.Ол өзі шопан екен,өзінің жылдамдығын қозы-лақтарды қуып жүріп шыңдаған.Бір күні осы олимпионаик(сол кезде чемпиондарды осылай атаған)мал бағып жүрсе,алдынан бір қоян жүгіріп шығады.Көзді ашып жұмғанша әлігі тулаған қоян Полименестордың қолында тұрады.Ал қоян секундына 14м жылдамдықпен жүгіреді делік,сонда ғалымдардың есептеуі бойынша 100м аралықты Полименестор 7,2с уақытта жүгіріп өткен.Яғни сол стадийді 15с ішінде жүгірді деуге болады.
Сонда қазіргі желаяқтарды Полименестормен салыстыруға тұрмайды.Ең әйгілі деген желаяқтардың өзі 100м қашықтықта одан 25м-ге ұтылып қалар еді.
Қысқа қашықтықта жүгіру-жеңіл атлетиканың көп тараған түрі.Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері:100м,200м,400м;эстафеталық жүгіріс 4х100;4х200;4х400м-лік болып келеді.
Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық күш-қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет.Жүгірістің бұл түріне тән нәрсе - аяқтың қуатты әрә жедел қимылын іске асыру,бұлшық етпен буынды бос ұстауды жаттықтыру.Жоғарғы разрядты спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіргенде сөрелік тірегішті қолданады. Жарыс кездерінде әр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады.
Дайындал! бұйрығы бойынша артқы тізені жерден көтеріп, денені алға қарай сәл ғанаитереді, жүгірушінің жамбасы иық деңгейінен жоғары көтеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да екі аяқты тірегіштен босатпау қажет. Дененің салмағы алдыңғы тірегіштен аяқ пен қол арасына бірдей түсіріледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұру қажет. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аударып, мәре сызығына қарау керек. Дыбыс берілгеннен кейін жүгіруші денесін алға қарай итереді де, екі аяқпен бірдей серпіледі. Артқы тірегіштегі аяқ тірегіштен серпіліп, алға қарай қозғала бастайды. Одан кейіе алдыңғы тірегіштегі аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы әйгілі спринтшілерде (В. Борзов, Ә. Тұяқов, Ғ. Қосанов, Э. Озолин, т.б,) 32-44°, ал төмен разрядшыларда 60-65° болған.
Бірінші адым кезінде алдыңғы аяқтың табаны сөре сызығынан 20-40 см жерге өте жақын қойылады. Алдыңғы тірегіштегі аяқтың серпілуі аяқталғанда дене мен бас бір сызық деңгейінде болуы қажет. Тірегіштен бір бағытта зор күшпен серпілу - сөрелік қозғалысты үдетуге көмектеседі.
Эстафеталық жүгіру. Эстафеталық жүгіру бірнеше адамнан құрылған команданың жүгіруі. Мұнда қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезекпен жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см, диаметрі 3-4 см болатын эстафеталық таяқшаны алады. Жүгіруші жүгіріп болғаннан кейін таяқшаны өз командасының кезекте тұрған жүгірушіге береді. Қатарда тұрған жүгірушілер біткенше жүгіру осылай жалғаса береді. Эстафеталық жүгірудің барлық қиындығы, эстафетаны беру аймағында жүгіруді тоқтатпастан эстафеталық таяқшаны келесі адамға беру болып табылады.
Қарсы жүгіру эстафетасы. Қарсы жүгіру эстафетасы неғұрлым жеңіл келеді, мұнда белгілі бір команданың жүгірушілері теңдей екі топқа бөлініп, әрбір қатынасушының жүгіріп өтуіне тура келетін қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Жүгірушілер орналасқан орынға, сырыққа жалауша ілініп қойылады. Сырықтың биіктігі 150 см-ден 180 см-ге дейін болады. Бірінші жүгіруші оң қолымен эстафеталық таяқшаның бір ұшынан ұстап, екінші жүгірушіге қарсы алға қарай аласа немесе биік сөреден жүгіруді бастайды. Екінші жүгіруші оң қолын алға қарай созып, жалаудың сол жағында тұрады. Екінші жүгірушіге екі-үш адым қалғанда эстафеталық таяқша бар оң қолын алға қарай созады. Кезекте тұрған жүгіруші жалаудың сол жағынан жүгіріп өтіп, эстафеталық таяқшаны оның қолынан алады.
Шеңбер бойынша эстафета. Бұл эстафетада барлық жүгірушілер бір бағытта жүгіреді. Кезекте тұрған жүгіруші жүгірушіге бет жағын емес, арқа жағын қаратып тұрады. Сонымен қатар эстафетаны бір орында тұрып емес, жүгіріп бара жатып қабылдайды. Эстафетаны жиырма метрлік аймақта береді. Ол жолға көлденең сызылған анық көрінетін екі сызықпен белгіленеді. Бірінші болып жүгіруші жүгіруді төменгі сатыдан бастайды.
Кедергілерден қарғып жүгіру. Кедергілерден қарғып жүгірудің техникасы мейлінше күрделі болады. Кедергілерден қарғып жүгірудің ережелері төмендегідей болады:
:: Біршама қатты жүгіру кезінде ені 1 м 25 см -1м 75 см болатын жеке, көлденең қойылған кедергілерден адымдап секіріп өте білу және секіріп түскеннен кейін, тоқтаусыз алға қарай жүгіре беру;
:: Жүгіру кезінде биіктігі 50-70 см тік қойылған жеке кедергілерден, тіреп итерілетін аяқты тізеден бүгіп, бір жаққа қарай итеріліп өте білу;
:: Жүгіру кезінде бір-бірінен арасы тиісті қашықтықта қатарластыра қойылған, онша биік емес тік және көлденең қойылған кедергілерден өте білу. Кедергілерден өткен соң жүгіруді тоқтатпай, кедергілердің арасындағы қашықтықты 3 және 5 жүгіру адымымен жүгіріп өту керек.



1.2. Жүгіру түрлері
Спорттық жүгіру - жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық, қысқа қашықтыққа, орта қашықтыққа, алыс қашықтыққа, Жүгіру сияқты түрлері бар.
Қысқа қашықтықтар
-60 м ; -100 м; -200 м ; -400 м
Орта қашықтықтар
-800 м ; -1500 м; -2000 м; -3000 м;
Алыс қашықтықтар
-5000 м ; -10000 м; -20000 м ; -30000 м .
Ерлердің жүгіретін қашықтықтары
100 м; 200 м ; 400 м; 800 м; 1500 м; 3000 м; 5000 м; 10000 м; 20000 м.
Кедергілер арқылы жүгіру қашықтықтары
110 м ; 200 м ; 400 м .
Жүгірудің эстафеталық түрінің қашықтықтары
-4х 100 м ; -4х 200 м ; -4х 400 м ; -4х 800 м ; -4х 1500 м .
Әйелдер үшін
-жүру қашықтықтары : 3 км , 5 км; -жүгіру қашықтықтары : 60 м , 100 м , 200 м , 400 м , 800 м , 1500 м , 3000 м; -марафон : 30000 м ; -кедергілер арқылы жүгіру қашықтықтары : 100 м , 200 м , 400 м ; -эстафеталық жүгіру қашықтықтары : 4х 100 м , 4х 200 м , 4х 400 м , 4х 800 м

1.3. Жүгірудің пайдасы
Жаздың жайма шуақ күндерінде жүгіріп, денсаулығыңызды түзетіп алыңыз. Себебі, жүгіру көңіл күйді көтеріп, артық салмақ пен ұйқысыздықпен күресуге жол береді.
Күнделікті таңертең көше не саябақ ішіндегі жолдың бойымен жүгіріңіз. Егер де жүгіруге ерініп, оның орнына жылы төсекті құп көрсеңіз, сіздің күш-жігеріңіздің деңгейі өте төмен. Ал жүгіру болса, сізге күш беріп, рухтандырады. Жүгірудің арқасында бойыңыздағы жалқаулық, жауапсыздық сияқты қасиеттерден арыласыз. Сәйкесінше, сенімділік, шыдамдылық сияқты қасиеттерді бойыңызға сіңіресіз.
Басыңызға қиындықтар түсіп, сәтсіздікке ұшырасаңыз, жүгіріңіз! Себебі, жүгірген кезде адам бойындағы барлық жағымсыз ойлардан арылады. Сондай-ақ, жүгірудің арқасында көңіліңіз көтеріліп, талай мәселелердің шешімін таба аласыз.
Жүгіру арқылы басқа жандармен танысып, достарыңыздың қатарын кеңейтесіз. Сондай-ақ, көптен бері кездеспей, сырласа алмаған құрбыңызға бірге жүгіруді ұсынып, дидарласыңыз.
Жүгірудің басты пайдасы - денсаулықты түзету. Ұзақ ғұмыр кешем десеңіз, жүгіріңіз. Жүгіру иммунитетті көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылып, арықтауға жол береді.
Жүгірудің алдында 1 сағат бұрын 1 кесе ыстық шәй не 1 стакан айран ішіп, алма я банан жеп алыңыз. Ал жүгіріп болғаннан кейін жаттығулар жасаған абзал.
Күн сайын жүгірудің уақытын көбейтіңіз. Жүгірген кезде жеңіл әрі ыңғайлы киім киіп, ыңғайлы аяқ киім таңдаңыз. Егер де жүгірген кезде өзіңізді нашар сезінсеңіз, демалып, күш жинаңыз. Екі-үш күндік үзілістен кейін жүгіруді қайта қолға алыңыз.
Ауа-райы нашарлап, жаңбыр я қар жауған кезде жүгіруге болады. Бірақ та, аяздан қорықсаңыз, жаттығу залына жазылыңыз.
Күнделiктi таңертең көше не саябақ iшiндегi жолдың бойымен жүгiрiңiз. Егер де жүгiруге ерiнiп, оның орнына жылы төсектi құп көрсеңiз, сiздiң күш-жiгерiңiздiң деңгейi өте төмен. Ал жүгiру болса, сiзге күш берiп, рухтандырады. Жүгiрудiң арқасында бойыңыздағы жалқаулық, жауапсыздық сияқты қасиеттерден арыласыз. Сәйкесiнше, сенiмдiлiк, шыдамдылық сияқты қасиеттердi бойыңызға сiңiресiз.
Басыңызға қиындыєтар түсiп, сәтсiздiкке ұшырасаңыз, жүгiрiңiз! Себебi, жүгiрген кезде адам бойындағы барлық жағымсыз ойлардан арылады. Сондай-ақ, жүгiрудiң арқасында көңiлiңiз көтерiлiп, талай мәселелердiң шешiмiн таба аласыз.
Жүгiру арқылы басқа жандармен танысып, достарыңыздың қатарын кеңейтесiз. Сондай-ақ, көптен берi кездеспей, сырласа алмаған құрбыңызға бiрге жүгiрудi ұсынып, дидарласыңыз.
Жүгiрудiң басты пайдасы - денсаулықты түзету. Ұзақ ғұмыр кешем десеңiз, жүгiрiңiз. Жүгiру иммунитеттi көтерiп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылып, арықтауға жол бередi.
Жүгiрудiң алдында 1 сағат бұрын 1 кесе ыстық шәй не 1 стакан айран iшiп, алма я банан жеп алыңыз. Ал жүгiрiп болғаннан кейiн жаттығулар жасаған абзал.
Күн сайын жүгiрудiң уақытын көбейтiңiз. Жүгiрген кезде жеңiл әрi ыңғайлы киiм киiп, ыңғайлы аяқ киiм таңдаңыз. Егер де жүгiрген кезде өзiңiздi нашар сезiнсеңiз, демалып, күш жинаңыз. Екi-үш күндiк үзiлiстен кейiн жүгiрудi қайта қолға алыңыз.
Ауа-райы нашарлап, жаңбыр я қар жауған кезде де жүгiруге болады. Бiрақ та, аяздан қорықсаңыз, жаттығу залына жазылыңыз.

2.1. Жүгіру эстафеталар
.
1. Қапты аяққа киіп секіру жарысы. Топты 2 командаға бөлеміз. Ойыншылар бірінің артынан бірі тұрады. Қатар тұрған екі тізбектің арасы бір-бірінен 3-5 қадамдай қашық болады. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, ал олардың қашықтығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналмамен жүгіру әдісін уйрету, сөрені қиып өту, секіру жаттығулары
Айналмамен жүгіру әдісін уйрету, сөрені қиып өту, секіру жаттығулары жайында
Жоғары сөреден жүгіру
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасы
Жүру және жүгіру техникалары
Қысқа қашықтыққа жүгіру жаттығуларының модельдік апталық циклдері
Жүгірудің мақсаты
Жеңіл атлетика. Жарыс ережелері. Жүгіру. Лақтыру. Қарғу
Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және ұйымдастыру
Пәндер