Біліммен дағдыны бақылау және бағалау



МАЗМҰНЫ
І.бөлім. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.6
ІІ бөлім. Оқушылардың оқу.танымдық әрекетін тексеру және бағалау ... 7.9
2.1.Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.9
2.2. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары ... .10.13
ІІІ бөлім. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.15
3.1.Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.15
3.2. Бақылау педагогиканы оқыту үдерісінің міндетті бөлімі ретінде ... ... ... 16.19
3.3. Педагогика бойынша бақылау жүргізудің түрлері, әдістері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.25
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.29
V. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30.31
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.
«Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне
сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы , ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның , техниканың , өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы – Алматы.Қазақ университеті.1989.
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері-Алматы, 1991.
3. Айтмамбетова Б. Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері – Алматы, 1991.
4. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.- Алматы, Өнер.1972.
5. Айтмамбетова Б. Бозжанова К.т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.- Алматы,1985.
6. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. Қазақстан мұғалімі,18 ақпан,1994.
7. Алмаханова Х. Жасөспірімдерге эстетикалық тірбие беру, Методикалық нұсқау. Алматы, 1990.
8.Ақназарова Б. Класс жетекшісі - Алматы, Мектеп 1973.
9.Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру – Алматы, 1992 .
10.Әбенбаев С.Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі- Алматы, 1999.
11.Әбдіразақов Е . Адамгершілік,имандылық тәрбиесі –Шымкент,1994.
12.Әбиев Ж. Педагогика тарихы.Алматы,2006.
13.Әбиев Ж. Бабаев С. Құдиярова А. Педагогика- Алматы «Дарын»2004.
14.Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру- Алматы.1988.
15.Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері-Алматы.1997.
16.Әбиев Ж. Оқушыларға тәрбие беру.Алматы // Қазақстан мектебі,1959,№3
17.Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.- Алматы, 1972.
18.Әбілова З. Этнопедагогика- Алматы, 1997.
19.Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні, Қаз.мем. 1-1996.
20.Бабаев С. Оңалбек.Ж. Жалпы педагогика.Оқулық.Алматы.Заң әдебиеті,2005.
21.Бап-Баба С. Жалпы психология. Алматы,2006.
22.Бап-Баба С. Психология негіздері, Оқу-анықтамалық құрал.Алматы,2007.
23.Балдырев Н. Класс жетекшісі- Алматы, Мектеп 1980.
24.Богославский В. т.б. Жалпы психология – Алматы, Мектеп,1980,13 тарау.
25.Безкаравайный С. Жұмабаев Алматы, Мектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештер- Алматы, Мектеп,1968.
26.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы,1976.
27.Дәрженов С. Бүгінгі ислам,- Алматы, Білім қоғамы,1988.
Стандарттар, бағдарламалар
1. Жоғары кәсіптік ғылыми-педагогикалық білім (магистратура). 540350 – Педагогика дайындау бағытының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. –Астана: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 2001. (Р.Қоянбаев, Н.Д.Хмель, С.И.Қалиева, Т.С.Оспановтармен авторлық бірлікте).
2. 050102–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының (Бакалавриат) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.– Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004. (Р.М.Қоянбаев, Т.Қ.Оспановтармен авторлық бірлікте).
3. 6N0102–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының (магистратура) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. –Астана:ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004. (Р.М.Қоянбаев, Т.Қ.Оспановтармен авторлық бірлікте).
4. Бағдарламалар. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған. –Алматы: ROND, 2003. –28 б. (Г.И.Уәйісова, Р.Ізғұттыновалармен авторлық бірлікте).

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
І.бөлім. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6
ІІ бөлім. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау ... 7-9
2.1.Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-9
2.2. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары ... .10-13
ІІІ бөлім. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-15
3.1.Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-15
3.2. Бақылау педагогиканы оқыту үдерісінің міндетті бөлімі ретінде ... ... ... 16-19
3.3. Педагогика бойынша бақылау жүргізудің түрлері, әдістері мен формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-25
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-29
V. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30-31

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған Орта білім алу міндеттілігі қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан-2030 жолдауында
Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады... деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.
Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне
сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы , ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның , техниканың , өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педагогтар ертеден-ақ аз болмады. Аристотельдің Жан туралы еңбегі, Я. А. Коменскийдің Ұлы дидактикасы, И.Г.Пестолоцци мен А.Дистервег еңбектері оқытудың негізгі теориялық мәселелеріне сүйеніп, жеке тұлға дамуы шығармашыл әрекет арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын көтереді.
Біріншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі біз үшін педагогикалық білім саласы болып қаралады.
Екіншіден, біз педагогиканы оқытудың әдіснамалық негізін салуға тырыстық, өйткені әдіснамалық негіздерді ұғынып алмайынша аталған ғылым саласы бойынша білім мәнін, практикалық қолданылуын, ондағы таным үдерісінің ерекшеліктерін білу мүмкін емес. Осыдан педагогика мазмұнын меңгеру философияның теориялық және әдіснамалық негіздерімен атап айтсақ, гносеология, тұлға мен іс-әрекет теорияларымен тығыз байланысты екендігі шығады.
Үшіншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі - теория мен тәжірибенің бірлестігі болғандықтан, оның теориялық және әдістемелік негіздерін жиынтықта қарастырдық. Бұл жол білім алушыларға оқу пәнін тұтасымен қабылдауға, теория мен практика арасындағы өзара байланысты көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға көмектеседі.
Төртіншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі педагогика мен дидактиканың түйіскен жерінде қаралады, сондықтан педагогиканы оқытудың формаларын, әдістері мен тәсілдерін таңдау жалпы педагогикалық және негізгі дидактикалық ережелерге сүйенеді.
Жоғары айтылғандардан аталған оқу құралдың мақсаты ретінде педагогиканы оқыту әдістемесінің теориялық және әдіснамалық аспектілерін баяндау туындап отыр.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамасы деп аталатын бірінші бөлімде педагогика ғылым ретінде де оқу пәні ретінде де қаралып, оның дамуының негізгі кезеңдері сипатталады. Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамасы диалектілік философия, гносеология, қисын мен әлеуметтанудың негізгі ойларымен, білім беру мен тәрбиелеудің, дамыту мен оқытудың педагогикалық теорияларымен (концепцияларымен), оқу пәнін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістерімен қаланған. Дидактика мен әдістеме, әдістеме мен психология, әдістеме мен қисын қатынасы мен өзара байланысы көрсетілген. Педагогиканы оқыту әдістемесінің ғылыми мәртебесін дәлелдейтін пәнді оқытудағы заманауи концепциялар қарастырылған. Педагогиканы оқыту әдістемесінің мәні ашылып, оның нысаны, пәні, міндеттері және категориялық аппараты таңдалынып алынған.
Педагогика курсының құрылымы мен мазмұны деп аталатын екінші бөлімде білім беру мазмұны, педагогика мазмұны ұғымдарының мәні анықталған; педагогикалық білім беру мазмұнының компоненттері мен деңгейлері, педагогика мазмұнын қалыптастыру теорияларының, концепцияларының, парадигмаларының мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі дамытудың негізгі тенденцияларының білім беру саласының халықаралық интеграциясы аясында, нақтылай айтсақ Болон үдерісіне қосылу мәселесі бойынша педагогикалық білім беру мазмұнын жетілдіру факторлары талданады. Педагогикалық білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттарға сипаттама беріліп, педагогика бойынша бағдарламаларды құру тәсілдері қарастырылған.
Педагогиканы оқыту технологиясы атты үшінші бөлім педагогиканы оқытудың маңызына, негізгі сипаттарына, қызметтеріне, заңдылықтарына, принциптері мен ережелеріне арналған. Педагогиканы оқыту технологияларын өндірудің концептуалдық ойы ретінде педагогикалық пәндер интеграциясы қарастырылған.
Бұл бөлімде білім алушылардың педагогиканы оқыту барысындағы уәжін арттыруға көп көңіл бөліне отырып, педагогикалық білімдерді игеру үдерісі сипатталған, болашақ педагог бойындағы педагогикалық білім, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру шарттары мен тәсілдері қаралған. Педагогика пәні оқытушысының студенттердің бойындағы танымдық қажеттіліктер мен қызығушылықтарын қалыптастырудағы рөлі ерекшеленеді.
Педагогиканы оқыту әдістері, тәсілдері мен құралдары деген төртінші бөлімде педагогиканы оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары туралы толық сипаттама жасалған. Оқытудың белсенді әдістері кеңінен қарастырылып, оларды педагогиканы оқыту практикасында қолданудың нұсқаулары берілген. Бөлімде оқытудың ақпараттық технологиялары, әсіресе, компьютерлік оқыту технологиясы туралы деректерге де ерекше назар аударылған.
Педагогиканы оқытудың ұйымдастырушылық формалары деген бесінші бөлім оқытудың ұйымдастырушылық формалары деген ұғымның мәнін толығымен ашып көрсетеді. Бұл бөлімде дәріс, семинар, зертханалық сабақтар және т.б. оқытудың ұйымдастырушылық формалары туралы сипатталады; дәрістерді, семинар сабақтары мен зертханалық жұмыстарға дайындалудың, ұйымдастырып өткізудің дидактикалық талаптары да қарастырылады.
Халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлері К.Д,Ушинский Ана тілін оқытуға басшылық еңбегінде, В.А.Сухомлинский Балаларға жүрек жылуы еңбегінде, В.Ф.Шаталов, Н.А.Менчинская, П.П.Блонский, Я.А.Пономарев т.б. өздерінің еңбектерінде, Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген Ы.Алтынсарин Таңдамалы педагогикалық мұралары, М.Жұмабаев Педагогика, Қ.Бержанов , Т.Сабыров Оқыту теориясының негіздері, Ж.Әбиев Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері т.б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында қабілеттілікті дамытудың маңыздылығына көп тоқталады.Қаншама осы мәселеге көңіл бөлініп жатса, тәрбие мен білімге бағытталған жұмыстар жеткіліксіз.
а) бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.
ә) оқушылардың шығармашыл еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін еңбекке баулу сабақтарында қолдануға болатын жаңа технологияларға, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі, сондай-ақ тақырыпқа қатысты ұлы ғұламалар мен оқымысты ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалған.
Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері деген параграфында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған Білім беру Тұжырымдамасынан, Ы.Алтынсаринның, Ә.Науийдың, Л.С.Выготскийдың еңбектерінен мысалдар келтірілген. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашалаған дамыту мәселелері атты параграфында америка психологы М.Корненің тұжырымдамасынан мысалдар, Н.А.Менчинскаяның қабілеттілік туралы пікірлері, Қ.Жарықбаевтың ой-пікірлері келтірілген.

ІІ бөлім. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау.

2.1. Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мүғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта окушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғында білім, білік, дағдыны есепке алу және багалау мәселесіне теориялык және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, Е. С. Березняк, В. И. Иващенко, А. К. Исақов, Е. И. Перовский, С. Ф. Сухорский, Н. В. Чертинский, В. О. Онищуктің -Ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М. Р. Львов, Н. Н. Светловский, А. П. Пышкало, Т. Л. Коган және т.б. теориялық таддау жасаган.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі "есепке алу", "бақылау", "бағалауды" ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің "5" балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындык. дережесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікгі түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы жөне практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде окушының үлгерім сапасына мүғалімнің бақылау жасау орнына "бригадалық-лабораториялық" әдіс жүйесіне негізделген "өздігінен бақылаудың" түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.
30 жылдары білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алуды бақылау (Е. В. Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П. Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла бастады.
40-60 жылдары бұл мәселе теңірегінде отандық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды. Онда білімді бақылау (Е. И. Перовский), оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Окушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды (Н. Т. Дайри).
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70 жылдары Педагогика ғылымы Академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындадды.
80 жыддардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық-әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар күні бүгін де өз жалғасын табуда.
Дегенменде, бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекге білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта больш келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырьп, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бүл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.

2.2. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары

Педагогака ғылымы саласыңда білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитреев - күнделікті, тақырытық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.
Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың "Педагогика" оқулығында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қодданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күнделікті бақылау мүғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады.
Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыпттар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Соңдықтан қорытыңды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытыңды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бүл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді" (1, 269 бет).
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, есеп, шығарма, диктант т.б.) немесе оқушылар әрекетінің бәрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру т.б.).
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) -- бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралын, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау; тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т.с.с.)
Жеке-дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
Жан-жактылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Диффериенциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мүғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің аддыңда тұрған міңдеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді колдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).
- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).
- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
- өзін-езі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі мұғалімнің оларды дұрыс үйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайьшда барлық оқушыларға сүрақтар немесе мазмүны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орыңцау барысында оқушылар арасыңца ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орыңцалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметгік құңды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мүғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кеңце, кейбір оқушылар түрлі себеіггерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмеюі қажет етулері мүмкін. Соңдықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жатгығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал,
Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды.
Баға "балл" есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу таным әрекетінің сапасын анықтайтын дүстүрлі "5" балдық жүйелер қолданылады.
"5" бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
"4" бағасы -- оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
"3" бағасы -- жауабы негізінен дүрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
"2" бағасы -- оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;
"1" бағасы -- тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.
Зачет (сынақ) - қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан - оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.

ІІІ бөлім. Қазіргі кездегі оқыту жуйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудыц жаңа технологиясы

3.1.Қазіргі кездегі оқыту жуйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудыц жаңа технологиясы

Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқутаным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдыньщ нөтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың "5" балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғысында қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіңдегі рейтинг - тестік жүйе оқутаным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.
Рейтинг - ағылшын тіліңде torat - "бағалау" немесе "жетістік өлшемі" деген үғымды білдіреді.
Рейтинг жүйесінің мақсаты:
- оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;
- оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;
- оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;
- оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру;
- тексеруде уақыпты үнемдеу.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезендерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Тест - оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жолғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның өрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді.
Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндерінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.
Грейтинг-тестік бақылау түрлеріне:
а) күнделікті немесе ағымдық (текущий),
ә) аралық (рубежный),
б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады
Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модульдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезенде ұйымдастырылады.
Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүргізіледі. Осы аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзіңдік жұмыстарын қолдануға болады. Дегенмен де, тестік жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі,
- тест бағалау нәтижесін нақты көрсетеді;
- уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады;
- бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;
- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады.
Қорытынды бақылау: зачет, емтихан.
- Зачет (сынақ) жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі.
- Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі.
Тестік тапсырманың түрлері бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай анықталады. Ол бірнеше нұсқада жасалуы қажет.
Қорытынды бақылауға тек күнделікті және аралық бақылау қорытыңдысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағанда ғана жіберіледі.

3.2. Бақылау педагогиканы оқыту үдерісінің міндетті бөлімі ретінде

Педагогиканы оқыту барысында маңызды және жауапты кезеңдердің бірі білім алушылардың оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалау, оны түзету кезеңдері болып табылады. Оқытудың тиімділігі бақылаудың саны мен сапасына, толықтығына, дер кезінде ұйымдастырылуына, айқындылығы мен обьективтілігіне байланысты.
Бақылауды жүзеге асыру үшін қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Қазіргі таңдағы педагогикалық теориядағы бағалау, бақылау, тексеру, белгілеу ұғымдары қатаң түрде қалыптасқан жоқ. Олар өзара араласып, өзара алмасады, бір мағынасынан келесіде басқа мағынада қолданады. Осы түсініктердің әрқайсысына жеке тоқталайық.
Олардың арасында ортақ қолданылатын бақылау, ол білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын өлшеуді, анықтауды білдіреді. Анықтау мен өлшеу тексеру деп аталады. Сондықтан тексеру бақылаудың құрамдас компоненті болып табылады. Тексерудің негізгі дидактикалық қызметі оқытушылар мен білім алушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын игеру жайлы объективті ақпарат алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі түзетуді қажет ететін кемшіліктерді анықтап отыру. Тексеруден басқа бақылаудың құрамына бағалау (үдеріс ретінде) мен баға (нәтиже ретінде) енеді. Бағалар белгілер түрінде (шартты белгілер, бағаның сандық түрлері) тіркеледі.
Бағалау кезіндегі пікірлер алшақтығы бірнеше себептермен түсіндіріледі. Олар келесі: бір оқытушылардың білім алушылар білімін бағалауда жақсы түсіну мен материалды қайталап айтуына көңіл бөлетінін, ал екіншілердің алған білімдерін туындаған жағдаятты шешуге қолдана алатынын, үшіншісі ғылымның әдіснамалық негізін білуін, төртіншісі сын тұрғысынан ойлау алуы мен білімін қалыптан тыс жағдайларда қолдана алуын, бесіншілері студенттердің өз жауабын дұрыс құрып, материалды баяндау жоспары мен формасын дұрыс таңдай алуына назар аударуларынан болады.
Заманауи дидактикадағы талап етілетін бақылаудың негізгі қызметтері мен принциптерін ашып көрсетейік. Бақылау мен бағалау жүйесі келесідей негізгі қызметті атқарады:
-білім берушілік, үлгерімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым - қатынастары
Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі
Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімі, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру
Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс
Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен сыныптан тыс білім беру
Оқушы дағдыларын қалыптастыру жолдары
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Психология бойынша сабақтарды өткізу әдістемесі
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырудың жолдары
Пәндер