Халықаралық туризмнің географиясының ортақ негізгі ресурстары



ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ОРТАҚ НЕГІЗГІ РЕСУРСТАРЫ
1.1.ТУРИЗМНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗІМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ КЛАСИФИКАЦИЯСЫ
1.3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ГЕОРАФИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК БАЙЛАНЫС
II БӨЛІМ. ОТАНДЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
2.1 ТУРИЗМНІҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ
2.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ГЕОРАФИЯСЫНА «БЕЛСЕНДІ» ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ
III БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ГЕОРАФИЯСЫНЫҢ ӘСЕР ЕТУШІ ЖАҒДАЙЛАРЫ
3.1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ГЕОРАФИЯСЫНЫҢ ӘРТАРАПТЫ ЖАҒДАЙЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Курстық жұмысымың өзектілігі. Қазіргі таңда туризм көптеген елдің табыс көзіне айналып отырғаны белгілі. Біздің елмізге де осы саладан мемлекет қазынасына қомақты қаржы түсіруге болады. Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында қазір еліміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кіріскенін, сол арқылы нарықтық туризмді дамытуға мүмкіндік алғанын айтып, мемлекеттің алған қойған мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін туризмді дамытып, ол үшін оның кластер түріне баса назар аудару керектігін мәлімдеген еді.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазір біздің ел шетелдермен Бүкіләлемдік тік ұйыммен қарым-қатынас арқылы және өзге жеке бастамалар арқылы насихатталып жатыр. Бүкіләлемдік туристік ұйым — Біріккен Ұлттар Ұйымының туризмді дамыту мақсатында арнайы құрған ұйымы. Қазір, еліміз аталмыш ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Оған мысал ретінде биылғы жылдың сәуір айында Алматыда Бүкіләлемдік туристік ұйымның Еуропалық комиссиясының 45-мәжілісінің өткенін айтуға болады. Бұл жиынға Еуропаның 42 елінің ұлттық туристік әкімшіліктері қатысты. Біз алдағы уақытта да Бүкіләлемдік туристік ұйыммен байланыс жасайтын боламыз. Өйткені, бұл еліміз үшін өте қажетті нәрсе. Қазақстан аталмыш халықаралық ұйымға 1993 жылдан бері мүше болып келеді, 2000 жылдан бері оның ұйытқы болуымен өткізілген барлық халыкаралық шараларға, Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында ұйымдастырылатын халықаралық көрмелерге қатысудамыз. Осы орайда, отандық туристік ұйымдардың шетелдерде өткізілген көрмелерге Қазақстан туралы танымдық дүниелерді апарып, насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өткеніміз жөн. Мәселен, 2004 жылы туристік ұйымдарымыздың қызметін әлемнің 60-қа жуық елдерінің туристері пайдаланыпты. Бұл Қазақстанның әлем елдеріне ойдағыдай иасихатталып жатқанын көрсетеді. Енді келесі жылы біздің ел Қытайдың Шанхай қаласында өтетін "WТҒ", Кореяның Сеул қаласында болатын "КОТҒА" көрмесі мен Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін алғаш рет "КІТҒ" көрмесі ұйымдастырылған болатын. Астанада мұндай көрмелер
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
І Бөлім:
1. Қазақстан Республикасының Туризм туралы Заңы. 13 маусым, 2006.
2. Кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы״ ҚР заңы, өзгертулер және толықтырулармен бірге, 13.01.1993ж.
3. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы ҚР заңы, 19.06.1997ж.
І Бөлім:
4. Калиева Г.Т. Кредитное дело - Алматы: (Қаржы-қаражат(, 1997г.
5. Кантарбаев А.К. Предпринимательство - Алматы: "РАРИТЕТ", 2000г.
6. Крутик А.Б., Горенбуков М.А. Малое предпринимательство и бизнес-коммуникации Учебное пособие - Санкт-Петербург Изд. дом Бизнес-пресса, 1998г.
7. Деньги. Кредит. Банки: Учебник/ под ред. Сейткасимова Г.С. - Алматы: Экономика,1999г.
8. Догиль Л.Ф., Семенов Б.Д. Предпринимательство и малый бизнес Учебное пособие - Минск Вышейшая школа, 1997г.
9. Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелендірудің 11.02.1994жылғы №1ережесі.
10. Саипов А.А. Теория и практика туризма Казахстана- Алматы 1999.
11. Сергеева А.М., Жолмуханбетова М. М., Акдами Ә. А. Туристік мекемелердің эволюциялық реттелу бағыттары. Орал- 2008.
ІІІ Бөлім:
12. Маңғыстау энциклопедиясы
13. Mangistau.kz

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ОРТАҚ НЕГІЗГІ РЕСУРСТАРЫ
1.1.ТУРИЗМНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗІМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ КЛАСИФИКАЦИЯСЫ
1.3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ГЕОРАФИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК БАЙЛАНЫС
II БӨЛІМ. ОТАНДЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
2.1 ТУРИЗМНІҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ
2.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ГЕОРАФИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ
III БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ГЕОРАФИЯСЫНЫҢ ӘСЕР ЕТУШІ ЖАҒДАЙЛАРЫ
3.1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ГЕОРАФИЯСЫНЫҢ ӘРТАРАПТЫ ЖАҒДАЙЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Курстық жұмысымың өзектілігі. Қазіргі таңда туризм көптеген елдің табыс көзіне айналып отырғаны белгілі. Біздің елмізге де осы саладан мемлекет қазынасына қомақты қаржы түсіруге болады. Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында қазір еліміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кіріскенін, сол арқылы нарықтық туризмді дамытуға мүмкіндік алғанын айтып, мемлекеттің алған қойған мақсаттарының бірі - бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін туризмді дамытып, ол үшін оның кластер түріне баса назар аудару керектігін мәлімдеген еді.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазір біздің ел шетелдермен Бүкіләлемдік тік ұйыммен қарым-қатынас арқылы және өзге жеке бастамалар арқылы насихатталып жатыр. Бүкіләлемдік туристік ұйым -- Біріккен Ұлттар Ұйымының туризмді дамыту мақсатында арнайы құрған ұйымы. Қазір, еліміз аталмыш ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Оған мысал ретінде биылғы жылдың сәуір айында Алматыда Бүкіләлемдік туристік ұйымның Еуропалық комиссиясының 45-мәжілісінің өткенін айтуға болады. Бұл жиынға Еуропаның 42 елінің ұлттық туристік әкімшіліктері қатысты. Біз алдағы уақытта да Бүкіләлемдік туристік ұйыммен байланыс жасайтын боламыз. Өйткені, бұл еліміз үшін өте қажетті нәрсе. Қазақстан аталмыш халықаралық ұйымға 1993 жылдан бері мүше болып келеді, 2000 жылдан бері оның ұйытқы болуымен өткізілген барлық халыкаралық шараларға, Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында ұйымдастырылатын халықаралық көрмелерге қатысудамыз. Осы орайда, отандық туристік ұйымдардың шетелдерде өткізілген көрмелерге Қазақстан туралы танымдық дүниелерді апарып, насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өткеніміз жөн. Мәселен, 2004 жылы туристік ұйымдарымыздың қызметін әлемнің 60-қа жуық елдерінің туристері пайдаланыпты. Бұл Қазақстанның әлем елдеріне ойдағыдай иасихатталып жатқанын көрсетеді. Енді келесі жылы біздің ел Қытайдың Шанхай қаласында өтетін "WТҒ", Кореяның Сеул қаласында болатын "КОТҒА" көрмесі мен Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін алғаш рет "КІТҒ" көрмесі ұйымдастырылған болатын. Астанада мұндай көрмелер 2004 жылдан бері өткізіле бастады. Сол кезде елордада "Астана -- Lеаsиге" атты халықаралық көрме ұйымдастырылған еді. Осы аптада аталмыш көрме Астанада тағы да өткізілетін болады. Бұл көрмелерден басқа, біз тағы мынадай үлкен шараны өткізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, біздің еліміз Макао мен Сальвадорда Бүкіләлемдік туристік ұйымның өткізген бас қосуы кезінде Қазақстан аталмыш ұйымның атқарушы кеңесіне мүше болуға өтініш жасаған еді егер БТҰ-ның атқарушы кеңесіне мүше болып қабылдасақ, бұл еліміздің туризмдегі имиджін арттыруға мүмкіндік береді. Тағы бір атап өтетін нәрсе, осы жиында біз 2009 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас Ассамблеясы мәжілісін Астанада өткізуге де өтініш білдірдік. Бұл жұмыстардың бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаевтың Испания Корольдігіне жасаған ресми сапарында жасала бастады. Сол кезде Мемлекет басшысы Мадрид қаласындағы ЮНВТО-ның штаб-пәтеріне арнайы барып, аталмыш ұйымның жұмысымен етене танысқан болатын.
Жалпы айтқанда, қазіргі таңда Бүкіләлемдік туристік ұйымның біздің елге деген сенімі зор. Өйткені, Қазақстанда саяси тұрақтылық бар, халықтар арасында достық пен ынтымақтастық қалыптасқан, одан кейін туристерді қызықтыратын тамаша жерлеріміз бар. Осының бәрі еліміздің саяси имиджін қалыптастыруға өз септігін тигізуде. Саяси имидж дегеннен шығады, қазір еліміз көптеген халықаралық беделді ұйымдардың бас қосатын жеріне айналған.

I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ОРТАҚ НЕГІЗГІ РЕСУРСТАРЫ
1.1.ТУРИЗМНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Сауда жасау, жерді жаулап алу мен игеру, ресурстар мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсатында дүниені тану мен жаңа құндылықтарды жасау деген - адамның бүкіл көпғасырлық тарихындағы мызғымас қасиеті.
Өркениетіміздің шынымен көзге көрінерлік уақыт аралығы онша ұзақ емес, бес мың жыл мерзімді қамтиды. Алайда, саяхаттардың сенімді түрде жасалған сүреттемелерінің жасы одан да кем, тек жақында өткен дәуірлерге жатады. Жаңа құрлықтар мен аймақтарды, халықтар мен табиғи құбылыстарды ашқан, географиялық және басқа білімдердің негізін қалыптастырған ұлы саяхатшылардың аттары адамзат тарихында мәңгі сақталып келе жатыр. Жер мен ресурстарға ие болу және сауда жасау құмарлығы адамзатты ғасырлар бойы басқа жерлерге, аумақтарға, елдерге, тіпті, құрлықтарға итермелеген. Белгілі грек тарихшысы Геродот б.з.д. V ғасырдың өзінде барлық өзіне мәлім саяхаттар мен жаңа жерлерді сүреттеп берген. Массаланың (қазіргі Марсель, Франция) тұрғыны, географ және зерттеуші Пифий б.з.д. 320 жылы Еуропаны айналып, өз дәуірі үшін ғажайып саяхат жасаған, Британия жағалауынан асып, тіпті, Норвегияға жеткен; Исландияға жетті деген жорамал да бар. Саяхаты, көптеген географиялық ашулары жөнінде суреттеген ≪Мұхит туралы≫ атты еңбегін жариялаған. Ежелгі Рим дәуірінде бай ақсүйектер императордың рұқсатымен демалу мақсатында Мысырға, басқа елдерге сапар жасағандығы тарихтан белгілі. Америка құрлығының бірнеше мәрте ашылуы мен игерілуін, Исландия мен Гренландия жерінде 900-1100 жылдары қоныстану туралы мәліметтерді атап шықсақ, артық болмайды. Колумб дәуіріне дейін жүрек жұтқан викингтер Гренландияға, одан кейін Америка құрлығына шейін (Ньюфаундленд) жетіп онда колония орнықтырған. Олар тұрған қоныстардың қабырғалары табылған, тіпті, колонистердің есімдері құжат түрінде анықталған. Бұл Исландия тұрғындарынан жинақталған экспедицияны 982 жылы ирландық Эрик Рыжий (Сарыбас Эрик) басқарыпты. Сауда мақсатында ашылып пайдаланған өте ұзақ сауда жолдарын, олардың ішінде ≪варягтардан гректерге≫ (≪из варяг в греки≫), Ұлы Жібек жолын және т.б. атауға болады.
Саяхаттар жаңа сауда жолдарын ашу, дүниені тану, жаңа елдер мен жерлерді ашу мақсатында өткізілген. Ұлы араб саяхатшысы мен ғалымы ибн Баттута (Абу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Абдуллаһ әл Лавати ат-Танжи) (1304-136869) 21 жасында сапарға аттанып, Шығыс елдерінің барлығын жаяу аралап шыққан (70 мың шақырымнан астам), Солтүстік Африка, Үндістан мен Қытай елдерінде болған. Көптеген елдер мен сауда жолдарының, халықтардың салт-дәстүрлерінің географиялық сүреттемелері аса құнды ≪Рихле≫ деген кітабына кірген. Ибн Баттутаның кітабы біршама еуропалық тілдерге аударылған. Бұл кітапта өте ауқымды тарихи, географиялық және этнографиялық материал жинақталған; бүгінге дейін Орта ғасырлар тарихын зерттеуде маңызы айтарлық. Итальян саудагері Марко Поло (1254-1324) 1271-1295 жылдары Қытайға ғажайып сапар жасаған*. Онда 17 жыл тұрып, осы ел туралы маңызды мәліметтерін жинақтап, оларды өзінің ≪Әлем ғажайыптары туралы кітап≫ деген еңбегінде жариялаған. Венециялық Марко Поло орта ғасырлардың ең белгілі саяхатшысы болып есептеледі. Жаңа жерлерді ашу мақсатында ежелгі уақыттан бастап өте ауыр саяхаттар жасалған. Бүгінгі таңда Американың Колумбқа дейін әлдеқайда бұрын ашылғаны белгілі , ал Гренландияда (≪жасыл жер≫ деп аударылады, қазіргі кезде бұл мұзбен бүркелген құрлық) атам заманынан бері Еуропадан қоныс аударған адамдар өмір сүргені мәлім. Мұздықтың таралуының дамуына қарасақ, алғашқы тұрғындарды 600-800 жылдарға жатқызуға тура келеді. Қазіргі кезде Оңтүстік Америкадан Полинезияға көп кісі сыятын сал қолданып бірнеше айлық ұзақ саяхаттарды жасау мүмкін емес сияқты, бірақ бальс бөренелерден жасалған салмен Тынық мұхитын кешіп өткен Тур Хейердал осындай жанкештілікті дәлелдеген. Ұлы саяхатшылар, алғашқы ашушылар, ғалымдар мен теңізшілер - Фернан Магеллан (1480-1521), Васко да Гама (1469-1524), үш каравеллада 1492-1493 жылдары Атлант мұхитынан өтіп Америка құрлығын ашқан Христофор Колумб (1451-1506) есімдері бүкіл әлемге әйгілі. Ресей елі де өз саяхатшыларымен мақтана алады. Нақты мәліметтермен расталған ертедегі саяхат жасағандардың бірі - Афон мен Қасиетті Жерге 1065 жылы сапар шегіп, жолда көрген-білген өңірлер мен халықтар туралы мағлұматтарды қалдырған игумен Даниил болды. Парсы мен Үнді елдеріне 1471-1474 жылдары саяхат жасап, ≪Хождение за три моря≫ (≪Үш теңіздің ар жағына сапар≫) шығармасын қалдырған Афанасий Никитин, кейінгі белгілі саяхатшылар В.И.Беринг (1681-1741), Н.М.Пржевальский (1839-1888), Н.Н.Миклухо-Маклай (1846-1888) және басқалар бар.
Жер шарын айналған саяхаттардың жолы 75 мың милядан да асып кеткен. Осылардың нәтижесінде ғылыми бағыттар мен білім жүйелерінің негіздерін салған баға жетпес ғылыми мағлұматтар жарық көрді. Сақталып қалған әлемнің карталарында құрлықтардың нобайлары өте дәл көрсетілген, осы карталарды жасау үшін қажетті ақпарат пен әдістемелерді ежелгі адамдар қалай тауыпалғаны таңғаларлық.
Саяхаттар мен туризм - адамның өмір әрекетінің белгілі бір салтын суреттейтін бір-біріне тар байланысты қос ұғымдар. Мұнда әдеттегі тұрғын
орнынан тыс жердегі аумаққа, елге, құрлыққа адамның уақытша сапар шегуі
Мұндай көзқарас кең тараған және тарихшылар ол жөнінде пікір алмасуда.
саяхатты іс-әрекеттің басқа аяларынан ерекшелейтін әрекет анықтамасын атау қажет.
Туризм саяхаттардың ерекше түрі болып табылады, бірақ жалпы
саяхаттар ұғымынан ерекшеленетін шектеулерге, сипаттамаларға ие. Туризмнің көптеген мағыналық анықтамалары бар. Туристік саяхатқа, туристік сапарға, жорыққа қатысатын адам жалпы түрде турист деп аталады.
Саяхатпен салыстырсақ, туризм дегеніміз экономика мен саясаттың күшті
ықпалындағы категория, сонымен қатар, осы құбылыстың ішкі табиғатының
дуализмі (екі қырлылығы) байқалады, себебі, туризм дегеніміз - а) туристер
анық туристік мақсаттарында жасайтын саяхаттардың бұқаралық ерекше түрі, яғни бұл туристің өзінің іс-әрекеті (туристік іс-әрекетінің субъекті); ә) осындай саяхаттарды ұйымдастыру мен іске асыру іс-әрекеті, яғни туристік іс-әрекет. Бұл іс-әрекет туризм индустриясының әртүрлі кәсіпорындарымен (туристік іс- әрекет объектімен) іске асырылады. Туризмді ең алдымен, саяхат деп есептесек, туризм негізі өте ежелгі уақытта жатыр. Адамзаттың жазбалы тарихы пайда болуынан бұрын саяхаттардың көне түрлері дүниеге келген. Ежелгі Грекия мен Римде өркендеген антикалық дәуірде өркениеттің жоғары дамуына, қолы бос, ≪еріккен≫, мәдениеті жоғары бай таптың бар болуына байланысты, туризмнің қазіргі мағынасына жақын, саяхаттардың рекреациялық және танымдық түрлері орын тапқан. Грек пен Рим саяхатшыларының ең жиі баратын жері Мысыр болған. Барған жерлерінде өз аттарын тасқа қашап қалдыра берген. Ғылымда осындай жазбалар ≪граффити≫ деп аталады (граффити итальяндық graffiti - қашалған, тырнап жасалған деген сөзден шыққан). Граффити таса жерлерде ғасырлар бойы сақталып, гректер мен римдықтардың Мысырға барып жүргендігін растайтын ≪құжат≫ болып қалған. Ніл алабында табылған ең ежелгі граффитилер б.з.д. VI ғасырға жатады. Грек жалдамашылары, Нілдің жоғары сағасына көтерілген кезде Әбу-Симбел ғибадатханасының алдында тұрған алып мүсіннің аяғына өз аттарын сызбалап жазғантұғын. Ніл алабына Афин заңнамашысы Солон, математик Пифагор, сәл кейінірек грек логограф-тарихшысы Милеттің Гекатейі сапар шегіпті-мыс деп жорамалдайды антикалық авторлар.
Грек пен римдықтар сапарлары жөнінде тек граффити ғана емес, ауқымды жазбалы дерекнамалар да хабарлайды. Геродот Фивы қаласына және бірінші Ніл табалдырығының жанында орналасқан аралға жасаған сапарлары жөнінде баяндайды.
Бүгінгі таңда туризм дамуының адамзат дамуы үдерісіндегі кейбір
белгілер мен бағдарларды іздестіру әрекеттерін жасап отырмыз. Саяхатшылар барлық дәуірлерде көп болған: жиһанкездер, кезбелер, жолаушылар, мінәжат етушілер мен жай ғана серуендеушілер, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Дегенмен, туризм саласындағы нағыз қопарылыс туралы біз тек қана ерте жаңа дәуірден бастап әңгіме қозғай аламыз. Туристік саяхаттардың ұйымдастырылуын шынымен растайтын ақиқат - алғашқы туристік жолнамалардың пайда болуы. Олар VIII ғасырда француз королі Ұлы Карл (742-814) мен ≪Мың бір түнде≫ талай әңгімеленген халиф Һарун әл-Рашид арасында достастық қатынастар орнатылған кезде шығарылды.
Осыдан кейін француз шонжарлары Палестина мен Кіші Азия елдеріне жиі-жиі экскурсияларға бара бастаған. Оларға сапарға аттанудың алдында баратын жері туралы, қалалар арасындағы жол қашықтығы жөнінде қысқаша мәліметтер жазылған арнайы жолнамалар берілген. Жылдар өте жолнамаларда түнеу орындары, бағалар
туралы, климаты жөнінде, назар аударарлық орындар, ескерткіштер туралы, т.б. мәліметтер жарияланатын болды. Шетелдік туризмнің алғашқы ұйымдастырушылары - Генуя, Пиза, Аугсбург, Нюрнберг саудагерлері болған. Бірте-бірте саяхатқа саудагерлер мен жер жаулап алушылардан басқалары да аттана бастады. Жұрт айналадағы дүниені тануға тырысты. Географиялық ашулар қызығушыларды сапарға ынталандырды. Басқа елдер туралы мәліметтер мен картографиялық материал саны көбейді. Төрт жылда бір рет өткізілетін Олимпиада ойындарының (б.з.д. 776 ж. - б.з. 394 ж.) жөні ерекше болған. Мұнда көптеген грек полистарынан (қалаларынан) келген спортшылар, кейінірек римдықтар да қатысқан. Ойындар басталмай көрермендердің алдында ақындар, философтар, ділмарлар өз өнерін көрсеткен. Осының барлығы ежелгі грек қаласы Олимпияға көп жұртшылықты қызықтырып тартқан, оларды орналастыру үшін арнайы үлкен үйлер салынған. Бүгінгі көзқарас бойынша, Олимпиада ойындарын спорттық туризмнің ерекше бір түріне жатқызуға болады. Олимпиада ойындары 1896 жылы қайта жанданды, олардың дамуы қазір де жалғасуда.
Ежелгі Грекияда, әсіресе, ежелгі Римде негоцианттар (саудагерлер) өте жиі сапар жасаған. Осы айтылғанның бәріне сүйенсек, антикалық әлемде рекреациялық та, спорттық та, бизнес-туризмнің де бастаулары болған. Көпшілік жұрттың орнын ауыстыру үрдісі оларға баспана тұрғызуды
қажет еткен, сондықтан саяхатшылар үшін қонақ үй шаруашылығын дамыту
өзекті мәселеге айналған. Б.з.д. Рим империясында бір-бірінен аттың бір күндік жолында орналасқан жолаушылар қонатын мемлекеттік қонақжайлар
(постоялый двор) пайда болған. Жолаушылар қонатын жайлар римдік шабармандар мен мемлекеттік қызметшілер өтетін қалалар мен даңғыл жолдарда орналасқан. Провинциялар мен Римнің өзінде баспаналардың: патрицийлерге (ақсүйектерге), плебейлерге арналған екі түрі болған. Сапар кезінде римдықтар арнайы жолнама-карталарды пайдаланған. Антакалық әлемнің ыдырауы нәтижесінде жұрттың жүріп-тұруы, әсіресе, феодализм дәуірінде, бытыраңқылық заманда күрт азайды. Алайда, христиан, мұсылман діндерінің дамуымен бірге, мінажат етушілердің саны әлдеқайда көбейді: христиандар Иерусалимге мінажат ету үшін, мұсылмандар Меккеге қажылық жасау үшін сапар жасайды. Мұндай саяхаттардың жолы ұзақ болған. Сонымен бірге, мінажат етушілер жақын орналасқан монастырлер мен басқа қасиетті жерлерге де аттанған. Қарақшылардан қорғану үшін қажылыққа аттанған адамдар топтасып жүрген - бұл құбылысты қазіргі топтық діни туризмімен салыстыруға болады. Феодалдық бытыраңқылық пен экономикалық қатынастардың үзілуіне қарамастан, жұрттың жол жүру әрекеті мүлдем тоқтап қалған жоқ. Сапарға мінажат етушілермен қатар саудагерлер де (оларды қонақ деп атаған) аттанатұғын. Антикалық дәуіріндегідей, бай адамдар шипа суларға емдік-сауықтыру мақсатында баруын тоқтатпаған (келешекте бұл рекреациялық-бальнеологиялық туризмге айналды). Жол жүрген адамдар қонақжайларында, қонақүйлерінде, оның ішінде монастырлық қонақүйлерінде пана тапқан. Кейде қона үйлердің, әсіресе, кішігірім қонақүйлердің (кейбір жағдайларда құр жай пәтер немесе меншікті үйлердегі бөлмелер) иелері өз клиенттердің істеріне делдал ретінде қатысқан. Шығыс елдерінде қонақүйлер керуен сарай деп аталған. Жалпы айтқанда, қонақүйлердегі қызмет көрсету сапасы өте төмен деңгейде болған. Ал тамақтану қамын қонақтардың өздері ойластырған. Аймақаралық, еларалық, тіпті, құрлықаралық байланыстардың жаңа кеңею кезеңі Қайта өркендеу, Ұлы географиялық ашулар дәуірінен басталады. Дегенмен, бұл кездегі саяхатшылар көптеген ауыртпалықтарға ұшыраған. Сондықтан осы дәуірдегі туризмнің дамуы туралы әңгіме қозғауға, әрине, болмайды. Біздің қазіргі түсінігіміздегі туристер жоқ болған десек қателеспейміз.
Қорыта айтсақ, туризм аясындағы нағыз қопарылыс тек Орта ғасырлар
соңы мен ерте жаңа дәуірде басталды деуге болады. Туризм тарихын дәуірлерге бөлу мақсаты - оның дамуындағы біркелкі кезеңдерін анықтау. Туризм дамуы: ХІХ ғасырға дейін - бастапқы; ХІХ ғасырдың басы - ХХ ғасырдың басы - дегдарлар (элиталық) туризмі, туристік арнайы қызмет көрсету кәсіпорындарының қалыптасуы; ХХ ғасырдың басы - Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін - әлеуметтік туризмнің қалыптасуы; Екінші дүниежүзілік соғыстан қазіргі күнге дейін - бұқаралық туризм, туристік индустрияның туризмге арналған тауарлар мен қызметтерді өндіретін салааралық кешен ретінде қалыптасуы сияқты төрт кезеңге бөлінеді*. Бастапқы кезең туризм дамуының ХІХ ғасырға дейінгі уақытын қамтиды. Бұған туризм дамуының: антикалық туризм, саяхат жасау себептері - білім алу, мінажат ету, емделу, спорттық жарыстар; Орта ғасырлар туризмі, саяхат тетіктері - діни туризм, білім алу, ақсүйектік қатынастар; жаңа дәуір туризмі (бұл кезде демалыс сипаттары өнеркәсіп революциясына байланысты болған жұмыс уақыты өскеніне орай жұмысшылар мен қызметкерлердің рекреациялық қажеттігі мәселесін шешу) сатылары кіреді.
География ғылымдары туристік проблемаларды уақыт аспектісімен бірге
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
кеңістікте орналасу қырынан да қарастыруға мүдделі. Ең алдымен бұл ХІХ ғасырдың басынан басталған кезеңге қатынасы бар: осыдан бері туристік миграциялар курорттық аудандар мен демалыс орындарының дамуына, туристік қасиеттері бар аумақтардың ланлшафтарына зор ықпал жасап келеді. Туризм - қоғамдық, шаруашылық, кеңістіктік құбылысқа, көне дәуірлерден басталған ұзақ және бай салт-дәстүрлерге ие.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

1.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗІМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ КЛАСИФИКАЦИЯСЫ
Қазіргі таңдағы дүниежүзілік туризмнің классификациясы ең бастысы туризімнің дамыту аспетісі ретінде қарастыруы керек. Ол үшін туристік индустрияны толық қанды дамыту керек. Ал әлемдік туризім жөнінде айтатын жәйт туритік шаруашылықты дамыту, туристік айналымды қадағалау керек, сонымен қатар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Осындай проблемалармен қатар туристік индустрия мен байланысты саяси жүйеге байланысты болып табылады. Қазіргі таңдағы туризмнің индустриясындағы нақты классификациясы мен байланысты. Бұл бізге туризмнің басты бағытары мен оны дамыту керек тігін айтады. Туризм шаруашылығындағы басты мәселе ретінде оның диферециялды және интеграци ялды мәселе ретінде қарастыруға болады. Ең алдымен туризмдегі классификацияны дамытумен қатар оны кең ауқымында дамыту және толығымен экономикадағы ролін басқару керек. Туризмді классификациялауға әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады. Оған келер болсақ; оның басты мақсатын, мінездемелерін, саяхатау және турларының мерзімін, қандай транспортмен саяхатануын, жоғары дәрежелі қызымет көрсету аясы және тағы басқа бөліктерін айта аламыз деуге болады. Оның өзіндік факторларының болуында. Оның формалары мен класстарының әр түрлі болуында.Ол туризімнің дамуы мен әр елдердің әлемдік туризмді дамытуда әр түрлі бағытында болуында. Сол сияқты туризмнің түрлері мен бағытары әр түрлі болуынада байланысты. Осындай факторларына тоқтала кетсек:
- Әр түрлі туризмнің бағытары мен айналысуы және сол жұмысы мен бос уақытын өткізуі.
- Адамдардың жасы, денсаулығы, рухани жағы, тұрмыстық жағдайы т.б.
- Табиғатың алуан түрлілгі мен туристік саяхатар мезгілі.
- Транспорт жүйесі, байланыс жүйесі.
Осындай көптеген өзіндік ерекшеліктерін айтуға болады.Оның қызымет көрсету саясы, оның жағдайы, туризмнің дамыған немесе даму көрсеткіші, оның жеткен жетітіктерінің көрсеткіші. Сонымен қатар оның түрлілігі, жататын кластары және тағы басқа бөліктерін айтуға болады. Осының бәрі жалпы функционалдық және технологиялық көрсекіштерінен де байқауға болды. Туризмнің жалпы негізгі қазіргі таңдағы бағытары;
- Емдік
- Спорттық
- Танымдық болып негізгі үш бағыты бар.
Осы мәселеге қарстыратын болсақ ол адамдардың денсаулығын, адамдардың еңбеке жарадылығын артыруы осы негізгі мәселе ретінде қарастылуда дүниежүзі бойынша. Емдік функциясына келер болсақ онда Санатори- Курортық зоналардыдамыту және оларды жеке аспкті ретінде қарстырылуда. Емдік туризмнің маңызы өте зор. Оған адамның психологиялық, физикалық бөліктерін жатқызуға болады.
Физикалық реттеу негізінде және оны адамның еңбеке жарамдылығын артыру болып табылады. Емдік - спортық туризмнің қазіргі кезде дамыту мәселеріне үлкен мән берген болатын. Осындай мәселелер адам денсаулығының артыруы мен еңбеке жарамдылығының артуына, адамдардың өмір сүру орта жасына жақсы әсер етуімен де байланыстырады. Осындай проблемаларды қарастыруымыздың арқасында біз елдегі әлеуметік, саяси, қоғамдық проблемаларды дамытып жетістіктерге жетуге болады.
Қоғамдық - Экономиканың дамыту кеңіне де жағдай жасауға болады. Осындай мәселелермен де байланыстыруға болады. Туризм тек қана индустрия мен бизнестік түрі ған емес сонымен қатар ол қоғамдағы адамдардың еңбеке жарамдылығы мен өмір сүру жасында ұзартуға жағдай жасал алады. Әлемдік туризмнің жақсы жақтарында елдегі экономика мен саяси жағдайларына сыртқы және ішкі жағдайларына осындай жақтарымен де әсерін тигізеді деп айтуға болады. Туризмнің бірнеше жіктемелеріне бөлінеді. Осы жіктемелеріне тоқталатын болсақ ол туристердің потоктарына да байланысты, жоғарғы статусына, туризмнің ең басты екі класстары бар. Олар : біріншісі ішкі әлемдік, екіншісі әлемдік шетелдік тармақтары болып екігі бөлінеді. Ішкі туризм - сол мемлекеті болып азаматы туристік саяхатқа шығып өз мемлекетінің көрікті жерлерін аралау мен басқа шетелдерге шықпау болып табылады. Әлемдік шетелдік туризм болып - сол мемлекетің азаматы болып өзінің мемлекетінде, көрші және алыс шетелдерге де шыға алатын азаматар болып табылады. Шетелдік туризм - бұл шетелдерге бару мен бірнеше мемлекетерге де бару болып табылады. Алыс немесе жақын мемлекетерге бару болып туритік сапарға бару мен өзінің белгілі бір мақсатқа негізделуі болып табылады. Осындай белгілі бір мақсатпен іс сапар мен немесе сол елде мәдениетімен, белгілі танымал рындарын аралау болып табылады. Осындай белгілі бір тармақтарына байланысты туритік тармақтарға бөлуге болады. Осындай белгілерге байланысты әлемдік туристердің патоктарына байланысты болып бөлінеді деуге де болады. Бір туритің өзі шетелге шығатын және өз мелекетінде саяхатайтын болып классификациялануға да болады. Ол қай мемлекетердің аралығында көп саяхатауына байланысты болады. Ол туристің шетелге шығуы мен немесе өзінің мемлекетінде ғана саяхатауына байланысты болады. Осы бөлігі ең бірінші ол шетелге шығу туризмімен байланысты. Кейін турист өзінің еліне қайтып оралады деген сөз. 1993 жылы Канада астанасында ДТҰ конференциясында екі негізгі түсініктерді қарастырған болатын.
Олар Әлемдік туризм және мемлекет ішіндегі туризм болып екі тармақа бөлген болатын. Жалпы айтқанда әлемдік туризм және туризм мемлект ішіндегі деп екі маңызды фактор деп түсіндіреді. Әлемдік валюта, туритік ортақ тіл, мемлекет шекаралары және тағы басқа факторлардың әсер етуімен байланысты болуында. Осындай негізгі факторлардың 80-90 % туритік сапарлардың құрайды. Туризмнің классификацясы әр түрлі тармақтары бар; Аңшылық туризм, танымдық, спортық, экскурсиялық туризм, сауықтыру, емдік ол негізінен санатори- курортық зоналарға барып емделу туризмі, мәдени - тарихи ескерткіштерді танып білу, архиологиялық ескерткіштерді көру, балық аулау туризмін айтуға болады. Осы әр түрлі туризмнің тармақтарындағы балық аулау туризмі көптеген мемлектерде танымал болып келеді. Бұл туризмнің түрі АҚШ, Канада, Ресей, Франция мемлекетерінде таныиал болып кеуде. Аңшылық туризм Франция, белгия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Швеция, Италия мемлекетерінде танымал. Аңшылық туризм валюта айналымының негізгікөзі болып табылады. Туризмнің негізгі бөлігі болып ол маусымдық туризм болып бөлінеді. Осыған байланысты маусымдық туризмге ұсынысытан сұранысы туристердің арасында жоғары болса онда турлардың бағасын көтеріп пайданы көп табуға тур фирмалар мен тур агентіктер, тур операторлар бағасын көтеруі әбден мүмкін. Осыған байланысты туритер қалтасына байланысты туристік саяхатқа шығадыЖалпы беріліп отырған туристік турлардың бағасына, қанша күнге баруына болатындығына барлығы да ескеріледі. Қазіргі қажылық Сауд Аравиясына Мекке және Мәдинаға пайғамбарымыз Мұхамед Ғ.С. туған жеріне қажылық сапарға туризмнің яғни діни туризмнің негізі болып отыр. Осындай туризмнің негізгі классификация тармақтары бар. Жалпы қорыта айтатын болсақ туризмнің классификациясы негізгі бөлігі ғылым мен практикасы мен байланысты болуында. Туризмнің әлемнің негізгі тармақтары ол туристік сапарлардың негізгі бағытары болып табылады. Туристік сапарлардың қосымша сұранысқа ие болуы мен басқада бөлігі туритік индустрияның алуан түрлерінің қалыптасуына әкеліп соқтырған болатын. Туристік қызымет көрсету, жоғарғы деңгейде болуы керек, және Тероризмен көресу қажет болып табылады.
1.3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ГЕОРАФИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК БАЙЛАНЫС
Жалпы айтқанда, қазіргі таңда Бүкіләлемдік туристік ұйымның біздің елге деген сенімі зор. Өйткені, Қазақстанда саяси тұрақтылық бар, халықтар арасында достық пен ынтымақтастық қалыптасқан, одан кейін туристерді қызықтыратын тамаша жерлеріміз бар. Осының бәрі еліміздің саяси имиджін қалыптастыруға өз септігін тигізуде. Саяси имидж дегеннен шығады, қазір еліміз көптеген халықаралық беделді ұйымдардың бас қосатын жеріне айналған. Мәселен, Азиядағы ынтымақтастық және өзара сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиттері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиындары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Еуразиялық медиа-форумның мәжілістері. бәрі-бәрі біздің елде етеді. Бұл шаралар Қазакстанның саяси тұрақты, бейбітшіл ел екенін көрсетеді.
Туризм және спорт министрлігі тарапынаи елімізге ең көп туристер келетін Батыс елдеріне насихаттау мақсатында жұмыс істеп жатыр. Мәселен, қазір Қазақстан жөнінде де ВВС, СNN, Еuго News телеарналарында бейнероликтер көрсетілуде. Онда еліміздің туристік мүмкіндіктері насихатталуда. Осы жұмысқа қатысты біз тағы Туризм және спорт министрлігінің шетелде өкілдіктерін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа министрлік елімізді дүние жүзіне насихаттау мақсатында баспасөз тұрын ұйымдастыруды қолға алып жатыр. Жақында Туризм және спорт министрлігі мен Бүкіләлемдік туристік ұйымныи мұрындық болуымен елімізде екінші рет "Ргеss tоuг tо Каzакһstап" атты баспасөз туры болып өтті. Мұндай шараны біз әдейі өткізіп отырмыз. Өйткені, қазір әлемнің көптеген елдері осындай шара арқылы өз елдерін жақсы насихаттап келеді. Бұл жолы біздің елге Ұлыбританияның "СNN Тгаvеllег". "Тһе Guardian" атты ақпарат құралдарымен бірге Германия, Испания, Италия, Португалия, Нидерланды мен Грекия елдерінің журналистері келіп қайтты. Статистика жөніндегі агенттіктің былтырғы мәліметтеріне қарағанда елімізге туризм саласынан 30 млрд.-тан астам теңге көлемінде табыс түсті, ал республика бюджетіне туризм қызметінен түскен табыс 6,5 млрд. теңгені құрады. Ал, биылғы жылдың соңгы 6 айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сыртқы туризм екі есеге өссе, ішкі туризм 2,8 %-ға артты. Біз алдағы уақытта да туризмнен түсетін табысты арттыра беретін боламыз. Бүл жұмыстар еліміздің бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құруға мүмкіндік беретін болады, ал бәсекеге қабілетті туризм саласын біз алдағы бес-алты жылда жасауды жоспарлап отырмыз. Егер туризм индустриясы қарқынды дамыса -- онда туризм инфрақұрылымы да дамып, ұлттық туризм өнімдеріне қызығушылық артады, Қазір елімізге орташа есеппен алғанда жыл сайын 4 млн. турист келеді екен. Мұның өзі үлкен көрсеткіш.
Қоғамдық - Экономиканың дамыту кеңіне де жағдай жасауға болады. Осындай мәселелермен де байланыстыруға болады . Туризм тек қана индустрия мен бизнестік түрі ған емес сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Туризмология пәнінен дәрістер
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)
Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу
Халықаралық туризмнің георафиясының әртарапты жағдайы
Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары және олардың бағалау әдістері
Экологиялық туризм географиясы
Туризм географиясының ғылым ретінде дамуы
Туризм географиясының және рекреациялық географияның теориялық - әдістемелік аспектілері
Пәндер