Қазақстан Республикасының банк жүйесі: мәселелері және ХХІ ғасырдағы келешегі.



Мазмұны

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1 Банк жүйесі түсінігі, оның элементтері
1.2 Банк қызметтерінің негізгі бағыттары
2 ҚР.ның банк жүйесінің деңгейлері
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметтері
2.2 Коммерциялық банктер, олардың қызметтері
3 Банк жүйесінің мәселелері мен дамы бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Еліміз экономикасының әкімшіл - әміршілдік жүйеден нарықтық жүйеге көшуі экономиканың әрбір саласына тың жаңалықтар мен өзгерістер алып келді. Сондай салалардың бірі – банк жүйесі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк бірдей қызмет атқарып келе жатқаны және халыққа жақынырақ қызмет көрсетітіні комерциялық банктер екені белгілі. Сол коммерциялық банктерде атқарылтын қызметтердің нәтижелі болуы елде қалыптасып келе жатқан қаржылық – несиелік қатынастарға тікелей ықпал ететіні айтпай - ақ түсінікті. Сондықтан да коммерциялық банктер атқаратын қызметтердің барлығына жан жақты талдау жасап, әрбір қызметтің артықшылықтар мен кемшіліктерін ашып көрсетіп отыру еліміздің экономист – қаржыгерлерінің алдында тұрған мақсаттардың бірегейі.
Әлемдік қаржы және тауар нарығында және қазақстандық экономиканың бәсекелестік жақсаруының қолайлы жағдайяты былтырғы жылы елдегі макроэкономикалық жағдайға оң әсер етуді жалғастырды. Кейінгі соңғы жылдардағы көрсеткіш бойынша ТМД елдері арасында Қазақстан үздік жайғасым қатарына шықты. Елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруы және қазақстанның экономикалық саясатына инвесторлар сенімінің көрнекті өсуіне оның әрі қарай экономикалық дамуының келешегі қатынасына қолайлы болжам себеп болды. Экономикалық оң беталыс әлеуметтік көрсеткіштерді жақсарту жөнелтілді.
Жалпы бұл тақырып төңірегінде айналысып жүрген шетелдік және отандық ғалымдар, экономист – қаржыгерлер аз емес. Атап айтсақ, Сейтқасымов Г.С., Қалиева Г.Т., О.И. Лаврушин., Мадиярова Д.М., Мещеряков Г.Ю., Искакова З.Д. және басқалары.
Коммерциялық банктер атқаратын операциялар мәселесі бір қарағанда, қарапайым, қиындығы жоқ сияқты болып көрінгенімен, екінші жағынан алғанда, елдегі қаржылық – экономикалық жағдайға тікелей әсер ететін факторлардың бірі болғандықтан, ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселеге айналып отыр.
Бұл жұмыстың мақсаты – еліміздегі банк жүйесімен танысу және оның қазіргі мәселелері мен келешегі қарастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- Банк жүйесімен танысу;
- ҚР банк жүйесінің деңгейлеріне сипаттама беру;
- еліміздегі банк жүйесінің мәселелері мен келешегін қарастыру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Банковское дело. Учебник / под ред. О.И. Лаврушина.- Москва: Финансы и Статистика. 1998г.
2 Исқақова З.Д. Банк iсi. Оқу құралы. Қарағанды, 2003ж.
3 Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 2001 ж.
4 1995 жылдың 30 наурызынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»
5 Калиева Г.Т. Коммерческие банки в Казахстане: проблемы устойчивости. Алматы: Экономика.1999г.
6 1995 жылдың 31 тамызынан “Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктiк қызмет туралы” заңы;
7 Банковская деятельность: Сборник нормативных актов Республики Казахстан. Алматы: Юрист, 2003 г.
8 Көшенова Б. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 2001ж.
9 Банковское дело. Учебник / под ред. Г.С. Сейткасимова.- Алматы: Қаржы-қаражат. 1999г.
10 Банки и банковские операции. / под ред. проф. Е.Ф. Жукова.- Москва: Банки и биржи. 1997г.
11 Банковское дело. Учебник. / под ред. В.И. Колесникова.- Москва: Финансы и статистика. 1995г.
12 Деньги, кредит и банки. Учебник. / под ред. Г.С. Сейткасимова. Алматы: КазГАУ, Экономика, 1996г.
13 Финансы, деньги, кредит. Учебник. / под ред. О.В. Соколовой.- Москва: Юристъ, 2001г.
14 Мадиярова Д.М. Основы ссовременного банковского дела. Алматы. 1997г.
15 Современный финансово-кредитный словарь. / под общ. ред. М.Г. Лапусты, П.С. Никольского, - Москва: Инфра-м, 1999г.
16 Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане. Алматы: Экономика, 2001г.
17 Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки. Москва: Юнити-дана, 2003г.
18 Омирбаев С.М. Финансы. Астана. 2003г.
19 Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник для вузов / под ред. проф. Г.Б. Поляка.- Москва: Юнити-дана, 2-е изд., 2001г.
20 Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: изд. 2-е переработанное и дополненное. – Қаржы-қаражат, 1999г.
21 Мартьянова Т., Столяров М. Сибакадембанк расширяет влияние, теперь в СНГ // Континент Сибирь от 18 января 2004г.
22 Годовой отчет АО „Банк „Каспийский” за 2005-2006гг7
23 Устав АО „Банк „Каспийский”
24 Пояснительная записка к годовому отчету КФ АО „Банк „Каспийский”
25 М.Мыргыясова. Капитальная база банков и сбережения населения – основа потребительского – жилищного кредитования. // Аль-пари, 4-5 2002г.
26 Блинова К.В. Микродетование и развитие микрокредитных организаций в Казахстане. // Банки Казахстана, 1, 2004г.
27 Куанова Г. Теоретические основы развития депозиттного рынка // Евразийское сообщество, 3, 2003г.
28 Корпоративный вестник „Банк „Каспийский” 2-4, 2004г.
29 Куанбаев С. Исатаева Г.Б. Особенности анализа доходности коммерческого банка. // Банки Казахстана, 3, 2004г.
30 Ким И.В. Это очень интересно – работать в растущей, молодой стране // Банки Казахстана, 10, 2004г.
31 Статистический бюллетень Национального Банка РК
32 Хе О. Доходы отечественных банков снижаются // Панорама 19, 2003г.
33 Никишев Ю.Ю. Банк, который мы выбираем! // Банки Казахстана, 10, 2004г.
34 Бейбарсов А. Курс на устойчивость. Главное для банка – уверенность клиента // Республика, 11, 2003г.
35 Хе О. Банки наращивают активы, в том числе за счет привлечения инвестиций // Панорама, 10, 2004г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1 Банк жүйесі түсінігі, оның элементтері
1.2 Банк қызметтерінің негізгі бағыттары
2 ҚР-ның банк жүйесінің деңгейлері
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметтері
2.2 Коммерциялық банктер, олардың қызметтері
3 Банк жүйесінің мәселелері мен дамы бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еліміз экономикасының әкімшіл - әміршілдік жүйеден нарықтық жүйеге
көшуі экономиканың әрбір саласына тың жаңалықтар мен өзгерістер алып келді.
Сондай салалардың бірі – банк жүйесі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк бірдей қызмет
атқарып келе жатқаны және халыққа жақынырақ қызмет көрсетітіні комерциялық
банктер екені белгілі. Сол коммерциялық банктерде атқарылтын қызметтердің
нәтижелі болуы елде қалыптасып келе жатқан қаржылық – несиелік қатынастарға
тікелей ықпал ететіні айтпай - ақ түсінікті. Сондықтан да коммерциялық
банктер атқаратын қызметтердің барлығына жан жақты талдау жасап, әрбір
қызметтің артықшылықтар мен кемшіліктерін ашып көрсетіп отыру еліміздің
экономист – қаржыгерлерінің алдында тұрған мақсаттардың бірегейі.
Әлемдік қаржы және тауар нарығында және қазақстандық экономиканың
бәсекелестік жақсаруының қолайлы жағдайяты былтырғы жылы елдегі
макроэкономикалық жағдайға оң әсер етуді жалғастырды. Кейінгі соңғы
жылдардағы көрсеткіш бойынша ТМД елдері арасында Қазақстан үздік жайғасым
қатарына шықты. Елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруы және қазақстанның
экономикалық саясатына инвесторлар сенімінің көрнекті өсуіне оның әрі қарай
экономикалық дамуының келешегі қатынасына қолайлы болжам себеп болды.
Экономикалық оң беталыс әлеуметтік көрсеткіштерді жақсарту жөнелтілді.
Жалпы бұл тақырып төңірегінде айналысып жүрген шетелдік және отандық
ғалымдар, экономист – қаржыгерлер аз емес. Атап айтсақ, Сейтқасымов Г.С.,
Қалиева Г.Т., О.И. Лаврушин., Мадиярова Д.М., Мещеряков Г.Ю., Искакова
З.Д. және басқалары.
Коммерциялық банктер атқаратын операциялар мәселесі бір қарағанда,
қарапайым, қиындығы жоқ сияқты болып көрінгенімен, екінші жағынан алғанда,
елдегі қаржылық – экономикалық жағдайға тікелей әсер ететін факторлардың
бірі болғандықтан, ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселеге
айналып отыр.
Бұл жұмыстың мақсаты – еліміздегі банк жүйесімен танысу және оның
қазіргі мәселелері мен келешегі қарастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер алға
қойылды:
- Банк жүйесімен танысу;
- ҚР банк жүйесінің деңгейлеріне сипаттама беру;
- еліміздегі банк жүйесінің мәселелері мен келешегін қарастыру.

1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1.1 Банк жүйесі түсінігі, оның элементтері

Банк жүйесі – нарықтық экономикалық маңызды және құрамдас бөліктерінің
бірі. Банк және тауар – ақша қатынасын дамыту параллель жүрілді және тығыз
байланысты болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығы
қызметімен тікелей байланысты. Олар арқылы ұдайы өндіру процесіне
қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылады. Мұнда банк қаржы
делдалы ретінде шаруашылық ұйымдары капиталын, халық жинағын, шаруашылық
қызметі процесінде босаған басқа ақша қаражаттарын тартады және оларды
қарыз алушыларға уақытша береді, ақша есебін жүргізеді, экономика үшін
басқа көптеген қызметтер көрсетеді, сөйтіп өндіріс эффектілігі мен қоғамдық
өнім айналымына тікелей әсер етеді. Сонымен қаржы делдалдары қоғамды ақша
капиталын сала арасында, аймақ арасында қайта бөлу механизмі мен қанымдай
отырып, маңызды халық шаруашылығы қызметін жүзеге асырады.
Банк – көне ұғым болып саналады және оның көрінуі ақшаны айырбастау,
карызға ақша беру, өзгелердің ақшаларын шоғырландыру туралы ойлардың пайда
болуымен байланысты болды. “Банк” терминің сөзбе сөз италия тілінен
аударғанда ақшамен операция жасалған “таяқша орындық” ұғымын білдіреді.
Д. Рикардо : “Егер де банк тек қана меншiктi капиталды пайдаланған
болса, онда ол ешқашанда құрылмас едi.”
Ежелден бері қоғам өмірінің қажеттіліктері адамдарды делдалдық
қызметпен айналысуға мәжбүр етті. Бізге дейін жеткен әр түрлі қайнар
көздерде вавилондық банкирлер туралы мәліметтер кездестіруге болады.
Олардың негізгі қызметі пайыздық салымдарды қабылдау мен жазбаша
міндеттемелері бойынша қарызға ақша беру болып табылды. Тарихшылардың
айтуынша б.з.д. VIII ғ. Вавилон банкі халықтан салымдарды қабылдап, олар
бойынша пайыздарды төлеп отырды, ссуданы берді, сонымен қатар өзінің
банктік билеттерді басып шығарды [1]. Сол кездерде Игиби банкирлік үйінің
қызметі айрықшаланды. Игиби үйінің жүргізген операциялары әр алуан болды:
клиенттер үшін төлемдердісатып алу мен сатуларды комиссиондық бастамаларда
жүргізіп отырды, ақшалай салымдарды қабылдап отырды, клиенттерге несиелер
берілді, оның арқасында несие беруші пайыздардың орнына несие алушының
егістіктерден шыққан өнімдеріне құқылы болды.
Натуралды шаруашылық жүргізілген уақыттарда натуралды несиелер көп
қолданылды, мысалы, Грецияда жерді жалдау үшін несиелер берілді.
Көптеген өзгерістер мен қайта құруларды басынан өткере отырып, банктер
капитализм дәуірінде неғұрлым айқын ұғымға ие болды. XV – XX ғасырлардағы
көптеген елдердін экономикалық тарихы банктердің көбеюін, жаңа банктердің
пайда болуын және олардың қызметтерінің толыға түсуін, банктердің сыртқы
жағдайлар мен факторларға тәуелділігін, сонымен бір мезгілде олардың
елдердің экономикасына, операциялардың ұлғая түсуі мен банктер рөлінің
артуына өлшеусіз әсер етуін дәлелдей түседі.
Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайында брған сайын
“кәсіпорын” ретінде көбірек қаралатын болды. Кез – келген кәсіпорын сияқты
банк өз қызметінің маңызды түрде өзгеше көрінуі жағдайында, тұтынушыларға
нақтылы қызмет көрсететін, өзінің өнімін алға жылжытуды жүзеге асыратын
дербес заңды тұлға болып қала беретін болады және ол кіріс пен пайда алуға
мүдделі баланс жасайды, мемлекетпен есеп айырысуды жүзеге асырады.
Банктерге: сауда кәсіпорны, делдалдық кәсіпорын, несие беру кәсіпорны,
коммерциялық кәсіпорын, биржалардың агенті түріндегі делдал, мемлекеттік
басқару тетігінің бір бөлігі болып табылатын әріптес ретіндегі кәсіпорын
түрінде сипаттама беру ақылға сыйымды болып саналады. Әрбір жеке
айқындамалар тұрғысынан қаралатын банктерді ең алдымен орындайтын
операцияларының сипаты, банк жүйесіндегі банктердің деңгейі және елдің
ақша, қаржы ресурстарына қатынасы бойынша бөліп көрсетудің маңызы зор. Бұл
– орталық және эмиссиондық банктер, коммерциялық банктер, мамандандырылған
қаржы – несие институттары болуы мүмкін.
Банктердің үлгілеріне қатысты әрбір жеке банктің толық сипаттамасын
берген жөн:
Банк сауда кәсіпорны ретінде айрықша тауар ақшамен сауда жасайды,
осыған орай сату кезінде өзі үшін кіріс алады және сатушыларға сыйақы төлей
отырып, сатушыларда ақша ресурстарын өзі сатып алады. Банк материалдық
саладағы басқа кәсіпорындардан нарықтық ортадағы тауар ретіндегі ақшаның
өзгешелігін, банк өзінің тауарын айрықша бағаға сата отырып, оның жаңа
құнға айналып өсуі арқылы қайтатындығын күтетіндігімен ажыратады [2].
Банк салымшыларының ақша қаражаттарын өзіне тартып, оларды пайыздармен
және қызмет көрсетудің сапасыменқызықтыра отырып, айрықша тауар ретiнде
ақшаны сататын өзiнiң босалқы қоры мен ресурстар қорын толықтырады.
Коммерциялық банктер сауда кәсiпорны ретiнде аталмыш сипаттаманы
жеткiлiктi түрде айқын да дәл растай түседi. Банк ақшамен сауда жасаудан
тысқары, ресурстар түрiнде әр түрлiелдердiң валютасын, алтынын, басқа
қымбат металдарын сатып алады және сатады. Дәл осы жағдайда, мұны елдердiң
орталық банктерiне тән деуге болады.
Банк – делдал кәсiпорын ретiнде өз операцияларының сыртқы белгiлерi
арқылы емес, қызметтерiнiң маңыздылығымен ерекшеленедi. Ақша қаражаттарын
сақтау үшiн клиенттердiң бүкiлiне есеп айырысу және ағымдағы есеп шоттарын
аша отырып, банк ресурстар шоғырланатын “сыйымды ыдысқа” айналады. Бұл
жерде банк есеп шот иелерiнiң алдында өзiне үлкен мiдеттемелер қабылдаумен
қатар несие беру, есеп – шоттарға төлем жасау, ақша аудару бойынша
операциялар жүргiзетiн ресурстармен “сыйымды ыдысты” толтыруға өзi де
мүдделiк танытады. Бiр кредиторлардың ақша қаражаттарын сақтаушы ретiнде
қатыса отырып, банктер өз кезегiнде делдалдық қызметтi басқа операциялардан
оқшау тәртiпте емес, өз клиенттерiнiң мүдделерiмен өзара байланыста
орындайды. Осыған орай ресурстардың салымшы – сатушылары ретiнде банктер
клиенттердiң мүдделерi туралы ұмытып кетуiне болмайды. Осындай жағдайда
ғана банктер елдiң ғана банктер елдiң экономикалық өмiрiнде, нарықтық
қаржылық ортада делдал ретiнде өзiнiң қызметiн сақтай алатын болады.
Банк – коммерциялық кәсiпорын ретiнде өзiнiң сауда, делдалдық, несие
беру операцияларын жүзеге асырып, есептi кезенге баланс жасап, табыс алуға
деген өзiндiк мүддесiн таныта отырып, пайда табады және ол оған мүдделi
болып табылады. Банктiң шығынды қызметi нарықтық ортадағы оның толық
банкроттық жағдайын көрсетедi және банктердi жабу үшiн негiз болып
саналады. Сондықтан да банкер өздерiнiң қызметiн орындау және көптеген
операцияларды жасау кезiнде коммерцияның маңызды қағидаларынан ұстанады:
онсыз банк өмiр сүруiн тоқтататын пайдаға қол жеткiзудi; жоғары
кiрiстiлiктi қамтамасыз етедi; банктiң пассив балансы бойынша қатыстырылған
қаржылар үлесiнiң артуымен банк ресурстарының тез айналым жасаушылығына
жетудi; өз мүдделерi мен клиенттердiң мүдделерi үлесiм тапқан жағдайда,
соған орай соңғыны алдыңғы орынға жылжыта отырып, банк iсiндегi тәуекелдi
төмендетудi көздейдi. Банктер клиенттердiң ақша, қаржы операцияларына
қызмет көрсету үшiн құрылады және өндiрiстi кеңейтуге, ссудалық капиталдың
қозғалысына қызмет етедi.
Банк автономиялы кәсiпорын ретiнде бекiтiлген заңдық және экономикалық
қалыптар негiзiнде елде өз қызметiн жүргiзедi және банктердi құру мен оның
қызметiнiң негiзгi қағидаларын жүзеге асырудың құқықтық негiзге ие болып
табылады. Банк операцияларын жүзеге асырудың құқықтық негiздерi,
клиенттермен, мемлекетпен, банктiк жүйемен өзара қатынастардағы банктердiң
құқығы мен жауапкершiлiгi әр елдегi банк және банк қызметi туралы заңдармен
айқындалады. Банк туралы заңдар нарықтық қатынастардағы олардың
экономикалық мүдделерiн қорғайды, сонымен бiр мезгiлде елдегi экономикалық
мәселелердi шешудегi банктердiң iс – қирмылын шектейдi.
Банктер мемлекеттiк басқару тетiгiнiң бөлiгi ретiнде шашыранды капитал
мен ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды қаржы ресурстары түрiнде
орталықтандыра отырып, бұл қаржыларды тұтастай экономиканы, өндiрiстi
дамытуға жұмсалатын қаражатқа деген нақтылы, объективтi қажеттiлiктерге
бағыттайды, оларды мемлекет мүдделiк танытып отырған инвестицияларға
салады. Өзiнiң барлық операцияларын шаруашылық саласындағы есеп айырысу мен
төлемдер бойынша, шаруашылық жүргiзу субъектiлерге несие беру бойынша
жүзеге асыра отырып банктер бiршама дәрежеде клиенттердiң есеп – шоттарынан
ақша қаражаттарының жеке банктен алынған ссудалардың жұмсалу дұрыстығына
бақылаушы болып қатысады [1].
Бүкiл әлемдегi банктер нарықтық экономика жағдайындағы өздерiнiң
функционалдық қызметтерiнде банктiк жүйесiнiң жалпы қағидаларына сүйенедi.
Әлемдегi қазiргi заманғы банк жүйесi күрделi көп буынды құрылым болып
саналады. Клиентке көрсетiлетiн қызмет сипатының базалық ұқсастығы,
мемлекеттiң қаржы саясатымен өзара байланыстылығы оның негiзгi болып қызмет
етедi.
1. Ақша эмисиясына құқығы бар мемлекеттiң орталық банкiсiнiң мiндеттi
түрде болуы;
2. Қызмет көрсету сипаты мен даму деңгейiнiң көптеген белгiлерi
бойынша топтастырылған коммерциялық банктер;
3. Әр түрлi қаржылық топтарды, компанияларды, ұсақ салым орталықтаврын
енгiзетiн мамандандырылған қаржы институттары.

Мемлекеттiң орталық банкi – бұл мемлекеттiң қаржы саясатымен тығыз
өзара байланыста қызмет iстейтiн, негiзi бойынша мемлекеттiк ұлттық банк.

Елдегi ақша айналымын коммерциялық банктер мен банк жүйесiнiң басқа
буындары деңгейiнде және оған қызмет көрсету кезiнде үкiмет деңгейiнде
несиенi басқару, орталық банктi банктердiң барлық басқа түрлерiнен
өзгешелеп тұрады. Ұлттық ақша – несие, қаржы саясатын жүргiзе отырып,
орталық банк елдiң басты банкi болып саналады.
Коммерциялық банктер нарықтық қатынастардың белсендi қатысушылары
ретiнде, операциялар мен қызөметтердiң көптеген түрлерi арқылы iскер
банктер түрiнде қатысады. Олардың көмегiмен клиенттерге қаржылық қызмет
көрсетуде активтi және пассивтi операциялар жасау, есеп айырысуларды жүзеге
асыру кездерiнде ссудалық капиталдың ауысуы болады.
Мамандандырылған қаржы институттары (сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары, инвестициялық компаниялары, сақтық мекемелерi, тұтыну және
ипотекалық несие қоғамы, несие одақтары, несие кооперативтерi, қаржы
үйлерi, ломбрдтар және т.б.) ақша капиталы мен қаржы ресурстарының нақты
нарығында қызмет iстейдi, көпшiлiк жағдайда клиенттерге тiкелей несие
берумен айналыспайды, ал ақша капиталын тарту мен орталықтандырудың түрлерi
олардың атқаратын қызметтiк мiндеттерiне байланысты болады.
Банктердi банк жүйесiнiң үш негiзгi тобы бойынша бөлiп көрсете отырып,
ақша, қаржылық капитал қатынастары нәтижесiнде пайда болатын топтар
арасындағы айқын өзара байланысты анықтау аса маңызды болып табылады. Бұл
ақшаның есеп – шотқа бастапқы салынған сәтiнен бастап оның қозғалысын,
қаржыландыру мен несие берудiң түпкi көздерi болып қатысып, ресурстар мен
қаржы капиталын құра отырып, сондай – ақ ауысу сатыларынан өту арқылы
банктердiң басқару объектiлерi болып саналатындығын бiлдiредi. Банктер
өздерi арқылы өтетiн бүкiл ақша қаражаттарының тиiмдi пайдаланылуына
мүдделiк танытады, өйткенi бұл қаржылар табыс әкеледi, қаржы капиталы мен
ресурстардың жинақталуына қызығушылықты арттырады [2].
Барлық елде әр елдiң қаржылық, банктiк жүйесiнiң табиғи даму процесi
болып саналатын банктердiң өр түрлi үйлесiмдегi алуан үлгiлерi қызмет
iстейдi. Банктерге олардың үлгiлерi бойынша толық сипаттама берген жағдайда
банк iсiндегi күрделi проблемалар бой көтередi. Аталмыш жағдайда елдiң
экономикалық дамуындағы оның рөлiнiң көруiне, қызметтердi орындау мен
операциялар жасауына тiкелей әсерiн тигiзетiн банк құрылымын бiлудiң
айрықша маңызы бар.
Қазақстан Республикадағы банк жүйелерiн реформалау дербес мемлекттiк
құрудың алғашқы жылдарынан – ақ нарықтық экономикаға көшу кезiндегi
объективтiк экономикалық процестермен айқындалған болатын. Осы жылдар
iшiндегi банк саласындағы қайта құрулар микро- және макро- экономикалық
процестерге оң өзгерiстер әкелуде. Банктер, салымшылар және инвесторлар
арасындағы делдалдарға айналуда, өзiне есеп айырысулар, салымшылар мен
қарыз алушыларға көрсетiлетiн қызметтердi енгiзетiн қаржылық қызметтердi
көрсету операцияларын жетiлдiредi.
Кеңестер одағының құлдырау кезiнде, оның бiр тұтас банк жүйесiне, яғни
Қазақстанның банк жүйесiне жүзден аса банктер кiретiн едi, солардың
iшiндегi бесеуi (Жинақ банкi, Агроөнеркәсiп банкi, Өнеркәсiп құрылыс банкi
және т.б.) КСРО – ның мамандандырылған банктерiнiң мұрагерлерi болып қалды
[3]. Мамандандырылған банктер нақты мемлекеттiк кәсiпорындарға несие беру,
сол сияқты бұрынғы жүйедегi ресурстарды орталықтандырылған түрде бөлетiн
мемлекеттiк мекеме ретiндегi iс – қимылын жалғастыра бердi. Сонымен бiрге,
нарықтық бағдар алған коммерциялық банктердiң маңызы да барған сайын өсе
түстi.
1992 жылы Қазақстанда банктердiң мамандырылуын жоюмен байланысты
акцияларының бақылау пакетi мемлекеттiк кәсiпорындардың иелiгiне жататын,
осыған дейiн өмiр сүрген бес мамандандырылған банк акционерлiк қоғамдар
болып қайта құрылды. Бұлардан тысқары, 1992 жылдың соңына қарай Қазақстанда
қырық акционерлiк банк, алпыс коммерциялық және кооперативтiк банктер мен
қырық тоғыз жеке банктер болды.
1993 – 1994 жылдары нарықтық экономика жүйесiне жақындата түсу
мақсатымен Қазақстан Республикасының банк жүйесiнде бiршама қайта құрулар
жүзеге асырылынды. Заңдар қабылданды: банк жүйесiндегi Ұлттық банктiң орны
мен рөлiн, оның мiндеттерiн, қызмет қағидаларын, құқықтық мәртебесi мен
өкiлеттiгiн айқындайтын 1993 жылғы 13 сәуiрдегi “Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкi туралы” ҚР – ның заңы; Республикадағы банк жүйесiнiң қызмет
қағидаларын, банктердiң құқығы мен жауапкершiлiктерiн айқындайтын 1993
жылғы 14 сәуiрдегi “Қазақстан Республикасындағы банктер туралы” ҚР – ның
заңы; шетел валюталарының республика аумағындағы айналым ережесiн реттейтiн
1993 жылғы 14 сәуiрдегi “Валюталық реттеу туралы” ҚР – ның заңы және т.б.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi субсидиялық несиелерге
бағытталған тәжiрибеден толықтай дерлiк бас тартып, банктер арасындағы
бәсекенiң пайда болуы мен дамуына ықпалын тигiзетiн несие аукциондарының
жүйесi арқылы банктерге орталықтандырылған түрде несиелер бере бастады.
Сонымен бiр мезгiлде ҚР – ның Ұлттық банкi 1995 жылы шағын акционерлiк,
кооперативтiк және жеке меншiк банктер санын қысқарту, банктердi iрiлендiру
саясатын жүргiздi. Банктердiң жарғылық қорының ең төменгi мөлшерiнiң
деңгейiн белгiлеу тәжiрибесi осы айтылғандарды растайды. Осыған дейiн iс –
қимыл жасаған шағын коммерциялық банктер үшiн 300 000 АҚШ доллары (1995
жылғы наурыздағы ҚР Ұлттық банкi бағамы бойынша 18,0 млн. теңгеден асады)
сомасында белгiленген, өзiнiң валюталық лицензиясы мен өзiнiң филиалдар
жүйесi және тұрғындардан 1,5 млн. АҚШ доллары деңгейiнде (1995 жылғы 30
наурыздағы ҚР Ұлттық банкi бағамы бойынша 91,5 млн. теңгеден асады) ақша
салымдарын қабылдау құқығына лицензиясы бар банктер мен жаңадан құрылатын
банктер үшiн ең төменгi мөлшер 500 000 АҚШ доллары (1995 жылғы 30
наурыздағы ҚР Ұлттық банкi бағамы бойынша 30,5 млн. теңге) сомасында
белгiленген. Оның үстiне белгiленген жарғылық қордың ең төменгi мөлшерiн әр
бiр банк 1995 жылғы 15 сәуiрге дейiн толтыруға тиiс болды, бұл мұндай
банктердiң одан әрi өмiр сүруi мен оның қызмет iстеуi туралы мәселенi
шешудi алдыға қойды [4].
Банк қызметi саласындағы реформаларды жүргiзудiң одан кейiнгi
кезеңдерiнде нарықтық экономикаға негiзделген банк жүйесi iс – қимыл жасай
алатындай, олардың құқықтық негiздерiн жасаумен байланысты екiншi
деңгейдегi банктер қызметiн реттеуге бағытталған сапалық қайта құрулар
болды. Қазақстан Республикасының банк жүйесiндегi институционалдық қайта
құрулар банкроттыққа ұшыраған коммерциялық банктердi таратумен, сондай – ақ
жарғылық капиталдарын қосу жағдайында банктердi iрiлендiрумен қоса
қабаттасып жүрдi [5]. Соған сәйкес, 1995 жылдың аяғында нақты жарғылық қоры
20 млн. теңгеге жетпейтін 69 банк болса, 1996 жылдың соңында олардың саны
33 банкке дейін қысқарды. Ал ірі банктер өз кезегінде сол деңгейлерінде
қалды. Дегенмен, коммерциялық банктердің санын қысқарту одан кейінгі
жылдарда да жалғасты. Банк жүйесін реформалау нәтижелері 2001 жылдың
аяғында Қазақстандағы банктер санын күрт азаюына әкеліп соқты. 2002 жылдың
басында Республикада 43 банк қызмет істесе, жылдың аяғында – 38 болды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретте мен
қадағалау агентігінің келесілген есебіне сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша республикада 33 екінші деңгейлі банк қызмет етуде. Екінші
деңгейлі 26 банктің филиалдары бар, банктердің жалпы филиал саны 418.
Банктердің жалпы кассалық есеп айырысу бөлімдері 1312 құрайды. 2007 жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша 12 банктер-резиденттердің 32 өкілдіктері бар,
сонын ішінде, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде 27-сі орналасқан. 2006
жылы атқарушы органдар 8 өкілеттік ашуға келісім берілді. Республикада 18
шетел банктерінің өкілеттіктері жұмыс істейді. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша Қазақстан Республикасының қаржф секторында 11 банктік топ
қатысады.
Функционалдық қатынастарда соңғы жылдары банктер дәстүрлі, сол сияқты
дәстүрлі емес қызметтер көрсету бойынша да өздерінің операцияларының
ауқымын барынша кеңейте түсті. ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған
көптеген банктер мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларымен айналысады(
айналымға вексельдерді, елдінң орталық банкінің нотасын, пластикалық
карточкаларды, электрондық аударымдарды енгізу арқылы қазіргі есеп айырысу
операцияларды дамытады.
Құқықтық қатынастарда Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995 жылы
мемлекеттің жаңа заң актілермен және нормативтік ережелерімен нығайтылады
[6]: Заң күші бар “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” (1995
жылғы 30 наурыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Заң күші
бар “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” (1995
жылғы 31 тамыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

1.2 Банк қызметтерінің негізгі бағыттары

Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша тең
емес, дегенмен барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы,
негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу
сияқты орталық негіздері бар.
Коммерциялық банктер клиенттер үшін бүкіл операциялық қызметтерді
орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап “буыны” ретінде қатысады.
“Коммерциялық банк” түсінігін кең түрде түсіндіріп отырып, оларды мынадай
белгілері бойынша жіктеуге болады.(Сурет 1 қараңыз)
Жалпыға белгілі, коммерциялық банктер өздерінің идәстүрлі базалық
қызметтері негізінде жұртшылық арқылы қабылданады, олар клиенттерге сан
алуан қаржылық қызметтер көрсетеді, трасттық операциялар жасайды, клиенттер
үшін бағалы қағаздар сатып алады, қозғалмайтын мүлік пен кепілдік
міндеттемелерді басқарады [7].
Коммерциялық банктердің қызметтерін дәстүрлі және дәстүрлі емеске,
базалық (қатардағы) және жаңа (нарықтық) қызметтерге бөлуге болады.
Коммерциялық банктердің қызметтерін жалпы топтастырғанда, былай болып
шығады:
• Бос ақша капиталдарын жұмылдыру мен шоғырландыру, қор жинау мен сақтықтар
(салымдық және депозиттік сертификаттар);
• Экономикаға және тұрғын халыққа несиелер беру;
• Төлемдер жасау мен ақша аударымдарын (делдалдық операциялар) ұйымдастыру;
• Инвестициялық қызмет (бағалы қағаздар салымы және жобалар);
• Сыртқы сауданы қаржыландыру;
• Сейфтерде құндылықтарды сақтау;
• Клиенттерге өзге қаржылық қызметтер көрсету.
Жинақтарды жұмылдыру мен шоғырландыру қызметті жеке адамдарды ұсақ
шашыранды ақша қаражаттарын жинақтай отырып, ақша ресурстарының ортақ қорын
құру арқылы оларды экономиканың неғұрлым тиімді салаларына бағыттауға
болатындығын растайды. Өз ақшаларының жоғары өтімді формада сақталуына және
пайыздық үлес алуға деген салымшылардың қызығушылығы банктер арқылы
қамтамасыз етілуі тиіс және ол үшін соңғы жауапкершілікті өзіне алады.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде ұйымдық негізге ие.
Қызметтік қағидалар – оның негізгі белгілері болып саналады. Яғни,
банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары оның құрылу ерекшеліктерін
келістіреді және банктердің басқару жүйесін ұйымдастырады.
Көптеген елдердегі банктерді ұйымдастыру акционерлік компаниялар
түрінде жүзеге асырылады. Банктің заңды тұлға ретінде танылуы, сатып
алынған акциялар шегіндегі акционерлердің жауапкершілігі, акция
пакеттерінің болуы және директорлар кеңесін құру акционерлік компаниялар
үшін міндетті талаптар болып саналады.
Банк ашу – бұл көптеген ресми процедураларды орындауды және рұқсат
алуды талап ететін күрделі процесс [8].
Тұтастай алғанда банк құру үшін, әр елдің әртүрлі ерекшеліктері бола
тұра мынадай жағдайлар мен іс - әрекеттерді орындауы қажет болады: банк
ашуға құрылтайшылардың рұқсат алу өтініші; банк ашу мүмкіндігіне өкілетті
органдардың арнайы рұқсаты; ҚР – ның Ұлттық банкінің рұқсаты; құрылтайшылық
құжаттарды тіркеуден өткізу және банктің операциялар жүргізуіне Ұлттық
банкпен берілген лицензиясы. Операциялар туралы міндетті жағдайлар,
капиталдың мөлшері, тұрғын халықтың саны, іскерлік жоспар, банк жарғысы,
банк құрылымы, капиталдың жеткіліктілігі және пайда алудың болашағы,
басшылық құрамының құзыры мен олардың кәсіптік жарамдылықтары туралы
мәліметтер құжаттамалар түрінде тапсырылады.
Мемлекеттік тіркеу кітабында тіркеуден өткеннен кейін банк
операцияларын жүргізуге лицензия алуы екінші деңгейдегі банк қызметін
бастау үшін негіз болып саналады [9]. Заңды тұлға мәртебесін алған жаңа
банк лицензия шеңберіндегі өзінің операциялары туралы мәлімдейді.
Банктің ұйымдық құрылымы екі әдіспен анықталады:
1. Басқару органдары, олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері кіретін
банктің басқару құрылымы;
2. Қызмет бөлімдерінің құрылымы; бөлімдерінің қызметің жүзеге асыру және
қызмет буынының міндеттері. Мысалы, несие беру бөлімдері, инвестициялық
операциялар және т.б.
Банкті ұйымдастыру мына қағидаларға негізделеді:
- қызмет құрылымы;
- банк мақсаттарына сәйкестілігі;
- билік өкілеттіктері иерархиясы және ұйымдардың деңгейлері;
- бірлескен және үйлестіру іс - әрекеті;
- басқаруды рационалдандыру және бақылауды қамтамасыз ету;
- персонал қызметінің жұмыс тәртібін белгілеу;
- толық ақпараттармен қамтамасыз ету.
Банк құрылымы түрін өзгертеді және болашақ кезеңдерге бейімделеді, олар
банктің стратегиясына қатысты болады (Сурет 1 қараңыз). Банктің құрылымына
мынадай бірқатар факторлар әсерін тигізеді:
- банктің көлемі, операциялардың саны;
- қызметкерлердің саны;
- кәсіби кадрлардың болуы;
- басаспаптық пен мамандану деңгейі;
- пайда алу мүддесі үшін шығындарды үнемдеу міндеттері.

Сурет 1. Коммерциялық банктің сипаттамасы

Нарықтық экономикалы елдер үшін үлгілері бойынша ерекшеленетін
акционерлік коммерциялық банктер неғұрлым бір үлгілі болып саналады.
Акционерлердің жалпы жиналысы акционерлік коммерциялық банктің жоғары
органы болып табылады, оның өкілеттігіне жарғылық капиталды бекіту,
басқарманы, банк кеңесін сайлау, жылдық есепті бекіту, банктің табыстарын
бөлу сияқты міндеттер кіреді [10].
Банк басқармасы жылдық есепті бекітеді, құрылтайшылардың жыл сайынғы
жиналысын ұйымдастырады, банктің стратегиялық міндеттерін шешеді.
Кеңес төрағасы банкті жедел басқаруды жүзеге асырады. Ол сондай – ақ
банк Президенті болуы мүмкін.
Одан әрі қарай: вице - президент, басқарма, департаменттер, бөлімдер
болып жалғасады.
Орындайтын операцияларға, олардың қызметін ұйымдастырудың құқықтық
формаларына қарамастан әрбір банк өзіне тән өнімдер шығарады және барлық
банктер үшін міндетті болып саналатын мынадай белгілі басқару блоктарының
ьжиынынан тұрады: банк кеңесі, басқарма, басқарудың жалпы мәселелері,
коммерциялық қызмет, қаржылар, автоматтандыру, әкімшілік.
Орындайтын операцияларының көлеміне, көрсетілетін қызметтерінің
дамығандығына қатысты банктердің ірі, орта, шағын, жергілікті филиалдары
болуы мүмкін.
Несие берудегі делдалдық, банк үшін ең маңызды қызмет болып саналады,
өйткені уақытша бос ақша қаражаттарын шаруашылық жүргізуші субъектілерге
саудаға беру жолымен қайыра бөле отырып, одан ол пайда табады. Коммерциялық
банк үшін несие төлеуге қабілетті қарыз алушыларға ссудалар беру көп кіріс
келтіретін операциялар болып саналады.
Есеп шоттардан төлемдер жасау мен есеп – айырысулар кезіндегі делдалдық
қызмет клиенттердің тапсырмасы бойынша банктің ақша аударымдарын жасауы
кезінде, елде шаруашылық операцияларын жүзеге асыруы жағдайында есеп –
шоттар арқылы төлемдер жасаған кездерінде көрінеді. Коммерциялық банктер
төлем тетіктерін қамтамасыз ете отырып, есеп айырысу қағидаларын көздейді,
есеп – айырысу төлем операцияларын жүргізу кезінде нарықтық қызметтерді
дамыту, ақша айналымы саласындағы тәуекелдерді азайтуға мүдделілік
танытады.
Халықаралық экономикалық қатынастарды, халықаралық тауарлар нарығын
дамыту жағдайында сыртқы сауданы қаржыландыру коммерциялық банктердің
қызметі ретінде бөліп көрсетіледі. Экспорттаушылармен есеп – айырысу үшін
қажетті валюталардың еркін айналушылығы, импорттаушылардың сыртқы сауда
операциялары бойынша аккредитив қоюы, есеп – айырысуларды қамтамасыз ету,
импорттаушыларға сақтандыру қызметтерін көрсетуші банктердің өзіне
міндеттемелер қабылдауын талап етеді [11].
Банктердің бағалы қағаздармен операциялар жасау кезіндегі делдалдық
қызметі қосымша кірістер алу, өзінің өтімдігін ұстап тұру мақсатындағы
бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі операцияларды жүзеге асыру жағдайында
көрінеді. Банк бағалы қағаздарды сатып ала отырып, оларды мемлекеттік билік
органдары алдындағы салымдар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету түрінде
пайдалынады. Банктердің сатып алатын бағалы қағаздарының мынадай түрлері
болады:
- мемлекеттік бағалы қағаздар;
- корпорациялардың облигациялары;
- банктік акцептер;
- әртүрлі компаниялардың акциялары;
- нарықта айналым жасап жүрген коммерциялық вексельдері;
- тауар – несие корпорацияларының сертификаттары.
Құндылықтарды сейфтерде сақтау коммерциялық банктердің тарихи маңызды
қызметі болып саналады. Құндылықтардың сенімді сақтаушысы ретіндегі банктің
жоғары беделі ақшалар мен өзге де құндылықтар үшін оның кассалық
операцияларының, кассалық сейфтердің болуымен нығайтыла түседі.
Құндылықтарды сақтауды банк екі формада жүзеге асырады:
- банк шартқа сәйкес көрсеткен қызметіне қарай ақы алатын және өз негізінде
клиентке кепілдікті қамтамасыз ететін құндылықтарды сақтау үшін сейфтер
береді;
- банк құндылықтарды өз жауапкершілігіне алып, агент рөлінде қатысқан кезде
клиенттің өтініші бойынша жүргізген кезде болат камерада сақтайды.
Нарықтық экономикалы елдердің бүкіліне тән болып саналатын
коммерциялық банктердің дәстүрлі, сол сияқты дәстүрлі емес бүкіл қызметін
мынадай негізгі үлгіде топтастыруға болады (Кесте 1 қараңыз).

Кесте 1
Коммерциялық банктердің негізгі қызметтерін топтастыру
Дәстүрлі Дәстүрлі емес
Депозиттік - ссудалық Шетел валюталарын, қымбат металдар мен
тастарды сатып алу және сату
Клиенттерге кассалық қызметБанк қызметімен байланысты мәселелер бша
көрсету клиенттерге кеңестер беру
Клиенттердің есеп – Есеп – айырысулар же несие қарыздарын өтеу
шоттарын, тапсырма бша кезінде үшінші жақ үшін міндеттемелер мен
есеп айырысу жүргізу кепілдіктер беру
Мемлекеттік же өзге де Сенім білдіру негізінде қаржыларды тарту мен
бағалы қағаздарды сату, орналастыру же клиенттің тапсырмасы бша
сатып алу, сақтау қаржы мен бағалы қағазын басқару
Төлем құжаттарын шығару
Қызметтер көрсету

Уақытша бос қаражатарды жинақтау – коммерциялық банктердiң алғашқы
дәстүрлiк базалық қызметi. Бұл банктiң пассивi меншiктi капиталы мен
тартылған қаражаттардан тұрады. Меншiктi капитал – банктiң несиелiк
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлiгi. Ол Жарғылық, Резервтiк
қорлардан, резервтерден және пайдалардан тұрады. Коммерциялық банктердiң
меншiктi капиталының рөлiмен мөлшерiнiң басқа қызмет түрлерiмен айналысатын
өзге шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден ерекшелiнетiн өзгешiлiктi сипаты
бар. Оның өзгешiлiгi мынада: банктер меншiктi капитал есебiнен қаржыларға
деген жалпы қажеттiлiктiң 10%-дан, ал қалған субъектiлер қаржылардың 40-55
пайызын жабады. Меншiктi капитал банк қызметiнiң шекарасын айқындайды,
сонымен қатар оның қаржылық тұрақтылық дәрежесiн де көрсетедi. Банктi
құрудың бастапқы кезеңiнде, меншiктi қаржылар онсыз банк қызметiн бастай
алмайтын бiрiншi кезекте жұмсалатын шығындарды жабады [2]. Басқа
кәсiпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншiктi
капиталдың төменгi деңгейi болуы мынадай жағдайлармен түсiндiрiледi –
бiрiншiден, банктер қаржы нарықтарында қаржы делдалы ретiнде басқа
кәсiпорындардың, мекемелердiң және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын
депозит түрiнде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ
олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарыздықарыз
алушыға ұсынады.
Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк сақтандыру жүйесi болады, бұл
салымдарды жаппай керiалу қауiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық объектiлерiнде
орналыстырған активтерiне қарағанда қондырғы, ғимараты ынғайлы, өтiмдiжәне
нарықта оңай өткiзiледi.
Басқа кәсiпорындармен салыстырғанда осы барлық мiндеттемелер
коммерциялық банктерге меншiктi капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз мiндеттерiн жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуiне
мүмкiндiк бередi. Ең алдымен меншiктi капитал банк қызметiн бастау үшiн
қажет. Меншiктi капитал – банктiң қорғаныс кепiлдiк қоры, банктiң
тұрақтылығы мен оның жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасызету үшiн банктiк
қаражаттар құрылымында оның рөлi өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерiнiң активтiк операцияларын
жүзеге асыру үшiн тартылған қаражаттардың 90% - нан жоғары бөлiгiн
пайдалынады, сондай-ақ банктер өз клиенттерiнiң уақытша бос ақша
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлi түрде осы қаражаттардың негiзгi бөлiгiн
депозиттер құрайды (Кесте 2 қараңыз). Банктердiң ақшалай қаражаттарды
салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары
депозиттiк операциялар деп аталады. Осылардың негiзiнде коммерциялық
банктердiң несиелiк ресурстарының негiзгi бөлiгi құралады.
Депозиттiк операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады [12]:
- банктiк пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшiн жағдай жасауға;
- депозиттiк операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтiк өтiмдiлiгiн демеу мақсатында икемдi
депозиттiк саясат жүргiзуi керек;
- банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзiмдiк
салымдарға депозиттiк операцияларды ұйымдастыру процессiнде ерекше назар
аударылуы қажет; депозиттiк операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзiм және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет; депозиттiк операциялармен
қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзiм және сомалар
бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттердi тартуға әрекет ететiн банктiк қызметтердi дамытуға шаралар
қолдану.

Кесте 2
Депозиттердiң жiктелуi

Категориялар Депозит түрлерi
Салымшылар категорияларызаңды түлғалардың депозиттерi
бойынша жеке түлғалардың депозиттерi
Мерзiмдерi бойынша қысқа мерзiмдi
ұзақ мерзiмдi
Алып тастау формалары Талап етуге дейiнгi
бойынша мерзiмсiз салымдар
депозиттiк сертификаттар
ағымды шоттарға салымдар
жалпы ағымды және жирошоттарға салымдар
мақсатты тағайындалған ағымды шоттарға салымдар
овердрафты ағымды шоттарға салымдар
арнайы ағымды шоттарға салымдар
контокорренттi шоттарға салымдар
Мерзiмдi салымдар
жинақ салымдары
белгiленген мерзiмдегi салымдар
депозиттiк сертификаттар
басқа тұлғаларға берiлмейтiн
басқа тұлғаларға берiлетiн
4. алу туралы алдын ала мәлiметтi берiлетiн
салым
Бекiтiлген пайыздық тiркелген пайыздық ставкалы салымдар
ставкалар бойынша жүзетiн пайыздық ставкалы салымдар
пайыздық ставка есептелмейтiн салымдар

Талап еткенге дейiн депозиттер белгiсiз уақытта салымшылардың ағымдағы,
есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банктi алдын-ала
ескертусiз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа
аударылуы мүмкiн. Әдетте банк талап еткенге дейiнгi салымдар бойынша ең
төмен пайыз төлейдi, ал кейбiр жағдайда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейдi. Кейбiр мемлекеттерде пайызды есептеуге заңды тәртiппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейiн депозиттер бiрiншi кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшiн арналған. Шот иесi оларды әр түрлi
формаларда - қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргiзе алады.
Осындай шот ашып клиент банкке өзiнiң төлем операцияларын техникалық
жүргiзуге сенiм бiлдiредi. Клиенттiң шоты бойынша күнделiктi банкте
жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлiк өткiзбелер жасалынады. Банктiң
коммерциялық мақсаттары үшiн банкiмен пайдалынатын тұрақты қалдық қалады,
сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берiлуi мүмкiн.
Талап еткенге дейiн салымдар депозиттiк немесе контокорренттiк
шоттардфы орналастыруы мүмкiн. Олардың арасында айырмашылықтар бар.
Депозиттiк шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе
аударуы мүмкiн, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал
контокорренттiк есеп шоттарда терiс немесе оң қалдықтар болуы мүмкiн.
Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгiлi
бiр уақытқа несие алуы мүмкiн. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе
чектiк шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берiлуi мүмкiн.
Депозиттердiң екiншi тобын мерзiмдi салымдар құрайды. Олар белгiлi бiр
айдан жоғары мерзiмге орналыстырылады. Салымшы үшiн ақшаларды ұзақ меззiмге
салудың мәнi жоғарғы пайыздарды табу болып табылады. Сондай –ақ банк үшiн
бұл депозит тиiмдi, өйткенi ол жоғары пайыз табумен қандай да бiр қарыз
алушыға қарыздарды ұсыну үшiн осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене
алады. Мерзiмдi салымдар талап еткенге дейiнгi шоттарда орын алатын
ағымдағы төлемдер үшiн пайдаланылмайды. Мерзiмдi салықтар меншiктi мерзiмдi
салықтар және керi алу туралы ескертуi бар мерзiмдi салықтар болып
бөлiнедi. Меншiктi мерзiмдi салықтар шот иелерiне алдын ала белгiленген
күнi қайтарылады, ал осы күнге дейiн банк оларды өз қалауы бойынша
иемденедi. Егер шот иесi белгiленген күнi соманы керi алмаса, онда оны сол
күннен кейiн ағымдағы шот секiлдi пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын
кез-келген келесi күндерде керi ала алады.
Ескертуi бар мерзiмдi депозиттерде салымшының ақшаларды керi лау туралы
арнауы арызын банкке алдын -ала түсiрiлуi талап етiледi. Әдетте ескерту
мерзiмдерi – 1 айдан 3 айға дейiн, 3 айдан 6айға дейiн, 6 айдан 12 айға
дейiн және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзiмiне сәйкес пайыз мөлшерлемелер
белгiленедi көбiнесе тәжiрибеде алдын –ала ескертуге мерзiмдi депозиттер
қолданылады [13].
Депозиттердiң үшiншi түрi – жинақ салымдары . Олардың кеңiрек тараған
түрi кәдiмгi жинақ шоты немесе жинақ кiтапшасы бар шот деп аталады. Жинақ
салымы. Шот иесi шотқа ақша салу немесе одан керi алу үшiн жинақ
кiтапшаларын мiндеттi түрде ұсынуы керек. Депозиттердiң басқа түрлерiне
қарағанда жоғары пайыздарды төлеуiнiң жинақ салымдарын салымшылардың
жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшiн пайдалынады. Халық пен
коммерциялық емес ұйымдар кiдңмгң жинақ салымдарын кеңiнен қолданылады. АҚШ
– та фирмалар, корпорациялар үшiн шоттың шектi сомасы 150 000 долларға
белгiленген.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлi формалары
қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға, мақсатты және т.б. Әдетте олар
халыққа қосымша қызметтердi ұсынулармен бiрге жүредi, жинақ шоттарының
тұрақты мерзiмi болмайды және шот иесiне ақшаны керi алу туралы алдын ала
ескерту талап етiлмейдi, олар бойынша чектер берiлмейдi.
Депозит терминіне берілетін анықтамалар келесідей (Кесте 3
қараңыз):

Кесте 3
Депозит терминiнiң салыстырмалы теоретикалық анықтамалары

Пигу Дж. Кейнс Д. РикардоШетелдiк банк Отандық банк
әдебиетi әдебиетi
Тұрғындардың Қолма – қол Банктiң Банк Жеке тұлғалар мен
нақты ақша түрiнде қажеттi клиенттердiң кәсiпорын-дардың
құндылықтары сактауды капитал жинақтыдан ағымды, есептi
ар-тық көргенретiнде басқа барлық және басқа да
тұрғындар дыңтартылған мерзiмдi және шоттардағы
табыс бөлiгi ресурстар мерзiмсiз қара-жаттарды
салымдар есепте-мегенде
мерзiмдi салымдар

Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттiк емес
ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай
мiндеттемелер деп аталады. Оларға банк аралық нарықтан займ алу, бағалы
қағаздарды керi сатып алу шартымен сату, вексельдердi есепке алу және
орталық банктен қарыз алу, кепiлге салу қағаздарын, банктiк облигацияларды
эмиссиялау және т.б. жатады [14].
Банкаралық нарықта Орталық банктiң резервтiк шотында сақтандырылатын
депозиттер сатылады және сатып алынады. Мiндеттi минимуммен салыстырғанда
резервтiк шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша
пайда алу үшiн қысқа мерзiмдi қарызға ұсынады.
Коммерциялық банктер өздерiнiң ресурстарының жетiспеушiлiгiнiң орнын
толтыру үшiн Орталық банктен қарыз алады. Бiздiң республикамыздың банктiк
тәжiрибесiнде бұл жиi болатын құбылыс. 1993 – 1994 жылдары коммерциялық
банктер өздерiнiң ресурстарының 60 % - ын Ұлттық банкiнiң
орталықтандырылған несиелерi есебiнен толтырылды. Сөйтiп Ұлттық банкiнiң
несиелерi банктердiң ресурстарының тұрақты көзiне айналды.
Банк салымшыларға сыйақыны бекiтiлген келiсiмге сай депозиттi сақтау
мерзiмiне байланысты пайыз ретiнде төлейдi.
Тартылған депозиттер бойынша сыйақының шектi мөлшерi Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкiмен орнатылған қайта қаржыландырудың ресми
ставкадан тартылған мерзiмiне байланысты жоғары емес бекiтiледi. Талап
еткенге дейiнгi депозиттер бойынша қайта қаржыландыру ставкасының
жартысынан жоғары емес мөлшерде сыйақы орнатылады.
Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша сыйақы төлеу шарттары
клиентпен бекiтiлген келiсiмде анықталады.
Осылай коммерциялық банктердiң дәстүрлi базалық қызметiнiң бiрi – жеке
және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де
депозиттiк емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтердi жұмылдыру
болып табылады. Депозиттiк және депозиттiк емес пассивтер салымшыларға
пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдiк қызметтер көрсетумен, оларды
банктердiң шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.
Несие операциялары коммерциялық банктердiң активтi қызметiнiң негiзiн
құрайды, өйткенi оны табысты түрде жүзеге асыру кiрiс әкеледi, банктердiң
сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын арттыруға әсерiн тигiзедi, ал олардың
кедейлiнуi мен банкроттыққа ұшырауы несие берудегi сәтсiздiктерге әкелiп
соғады.
Екiншiден, банктер елдiң экономикасын дамытуға бағытталған
инвестицияларға несие беру үшiн меншiктi және тартылған ресурстарды
шоғырландыруға шақырылған;
Үшiншiден, бұл қызметтi табысты жүзеге асырған кезде оның барлық
қатысушыларына – несие ұйымдарына, қарыз алушыларға және тұтастай түрде
қоғамға пайда әкеледi.
Несие операциялары – бұл несие берушiнiң қарыз алушыға ақылы, жеделдiк,
қайтарушылық, қамтамасыз етушiлiк жағдайларында ақша – қаражаттарының
белгiлi бiр сомасын беру бойынша қатынасы [15].
Қайтарушылық түрiнде қарыз алушының несие берушiге келiсiмде
көрсетiлген негiзгi қарыз сомасын мiндеттi түрде төлеуi түсiндiрiледi. Бұл
ерекшелiк несиенi тауар – ақша қатынастарының басқа экономикалық
категорияларынан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық – несиенiң негiзгi белгiсi
болып саналады.
Банк несиенiң ақылы болуы несие беру кезiнде банктiң көрсететiн
қызметiнiң өтелетiн сипатына негiзделедi. Банк ссуда бергенi үшiн,
негiзiнен, сыйақы түрiнде белгiлi бiр ақы алады. Оның мөлшерiн несие шарты
бойынша белгiлейдi.
Несие берушiден жедел несие беру жағдайында алынған қаржыларды
қайтарудың алдын – ала көрсетiлген мерзiмдерi түсiндiрiледi [16]. Яғни,
жеделдiк – оны бұзу белгiлi бiр санкциялар қолдануға әкелетiн несиенi
қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзiмi ссудалық қаржылардың қарыз
алушының иелiгiнде болуының шектi мерзiмi болып саналады.
Қамтамасыз ету –бұл кепiлге беру, банк кепiлдерi, сақтандыру және
заңдылықтармен, сондай – ақ әрiптестер арасындағы шартпенен қаралған өзге
де тәсiлдердiң көмегiмен жүзеге асырылуы мумкiн банк несиесiн қайтарудың
тәсiлi.
Банктiң несие берудегi делдалдық қызметi толық көрiнген кезде нақты
экономикалық өмiрдегi банктiң рөлiн көрсетедi.
Нарықтық экономика кезiнде коммерциялық банктер несиелiк қатынасын
көптеген клиенттермен шешедi. Осылардың барлығы несие берудiң аса ауқымды
процесi арқылы жузеге асады.
Несие беру – сауда, кәсiпкерлiк қызмет пен пайда табуды қамтамасыз
ететiн банктердiң маңызды операциялары болып саналады.
Несие беру теориясы мен тәжiрибесiнде банктiң қарыз алушылармен өзара
қатынасының жалпы негiздерi мен қағидалары, терең психологиясы бар
екендiгiн әлемдiк тәжiрибе дәлелдейдi. Несие беру: субъектiлердiң несие
беру процесiне қатынасы; несие берушiлер мен қарыз алушылардың
өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткiлiктiлiгi; қарыз алушылардың
ссудаларды пайдалануы; қарыздардың болуы сияқты көптеген проблемаларды
қамтиды.
Банк қарыз алушылармен несие қатынастарын орнату үшiн клиенттiң несиеге
деген нақты қажеттiлiгiнiң пайда болуына сенiмдi болуы тиiс. Клиенттiң
несиеге объективтi қажеттiлiгiн бiлу және несие қарызға, тек субъективтiк
қажеттiлiктердi қанағаттандыру жағдайы үшiн беру несиелiк өзара
қатынастардың берiктiгiн және ссудаларды қайтару мүмкiндiгiн көрсетедi
[17].
Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере отырып, тәуекелге
барады, сондықтан несие беру процесiнiң маңызы ссудаларды берудiң
техникалық ережесiн жиынтық түрде орындау және бақылау мен мерзiмiнде
қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бiрге несие берушi мен қарыз алушының
мiндеттемелерi бойынша әрбiр нақты жағдайда шешiмдер қабылдауды да
бiлдiредi.
Банк клиенттiң қаржылық орнықтылығы мен экономикалық тұрақталығын
зерттеп, несиеге деген қажеттiлiктi қарай отырып, оның экономикалық
негiздiлiгiн, берiлген деректердiң сенiмдiлiгiн ескередi. Қарыз алушының
қарызды несие шартында көрсетiлген жағдайларға сәйкес қайтаруға қабiлеттi
және дайын екендiгiне сенiмдi болу үшiн ссудаға қатынасы бойынша клиенттiң
өз iсiне жауаптылығын, қарыз алушының беделiн, рентабельдiгiн, ссуданың
қамтамасыз етуiн, экономикалық конъюнктураны ескередi.
Банк қарыз алушыға несие беру процесi басталмай тұрып тәуекелдi жою
немесе оны төмендету мақсатымен әлеуеттi қарыз алушыға талдау жасайды.
Банктiң несие төлеу қабiлетiн анықтауға бағытталған. Әлеуеттi қарыз
алушының несие төлеу қабiлетi туралы дұрыс қорытынды жасаған жағдайда, банк
несие шартының жағдайларын әзiрлеуге кiреседi. Бұл кезең ссуданы құрылымдау
деп аталады, банк аталмыш процесс кезiнде: несие мақсатын, сомасын, қайтару
тәртiбiн, ссудалардың мерзiмiн, қамтамасыз етудi, несие бағасын, өзге де
жағдайларды анықтайды.
Несие шарты – бұл несиеге қатынасы бойынша әрбiр тараптың құқықтары мен
мiндеттерi ескертiлетiн банк пен қарыз алушылар арасындағы контракт. Несие
шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Ақпараттық дәуірдегі – ақпараттық қауіпсіздік
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Франция мемлекеті жайлы
Қазақстанның дамуы және еуразиялық интеграция Бөлісу…
Пәндер