Одағай



Мазмұны
Кірспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
Негізгі бөлім
І. Одағайдың ерекшеліктері, түрлері және құрамы ... ... ... 3 3
1.1. Одағайдың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2. Одағайдың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Одағайлардың құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ. Одағай сөздерінің қазіргі кездегі қолдану аясы ... ... ... ..12
ІІІ. Одағайды бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Курстық жұмыс мақсаты: одағайдың өзіне тән ерекшеліктерін, түрлерін, құрамын зерттеу. Одағай сөздердің қазіргі кездегі қолдану аясын және оқыту әдістемесін тереңірек қарастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Одағай сөздердің мағыналық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтакситік қызметі жағынан да өздеріне тән ерекшеліктері көп. Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйлерін білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады. Бірақ одағайда, біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Курстық жұмыстың құрлымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Пайдаланған әдебиет
1. Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Махаббат (2012-02-21) | Автор: Махаббат E
2. А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.
3. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ЫСБН 5-7667-2616-3
4. Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006.
5. Исаев С.М. Қосымова Г. Қазақ тілі 7-сынып. Алматы, «Атамұра» 2003.
6. Қараев М.Ә., Қазақ тілі Алматы, «Ана тілі» 1993.
7. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы Алматы, «Мектеп» 1988 ж.
8. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы Алматы, «Кітап» 1998 ж.
9. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Ана тілі» 1991.
10. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері Алматы, “Қазақ университеті” 1993ж
11. Даулетбекова Ж. Қазақ тілі /оқыту әдістемесі нұсқаулық/ 6-сынып. Алматы, «Ата мұра» 2002.
12. Исаев С., Қосымова Г., Назарғалиева К. Қазақ тілі /оқыту әдістемесі нұсқаулық/ 7-сынып, Алматы, «Атамұра» 2003

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кірспе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
Негізгі бөлім
І. Одағайдың ерекшеліктері, түрлері және құрамы ... ... ... 3 3
0.1. Одағайдың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..3
0.2. Одағайдың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.3. Одағайлардың құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 10
ІІ. Одағай сөздерінің қазіргі кездегі қолдану аясы ... ... ... ..12
ІІІ. Одағайды бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе
Курстық жұмыс мақсаты: одағайдың өзіне тән ерекшеліктерін, түрлерін, құрамын зерттеу. Одағай сөздердің қазіргі кездегі қолдану аясын және оқыту әдістемесін тереңірек қарастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Одағай сөздердің мағыналық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтакситік қызметі жағынан да өздеріне тән ерекшеліктері көп. Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйлерін білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады. Бірақ одағайда, біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Курстық жұмыстың құрлымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. Одағайдың ерекшеліктері, түрлері және құрамы
1.1. Одағайдың ерекшеліктері
Одағайлар -- өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:
Одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев); Япырмау,жастық деген қандай қызық? (Ғ. Сланов) дегендердердегі ә, япырмау сөздер -- одағайлар.
Адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді.
Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды.
Одағайлардың мағыналық ерекшеліктері:
Одағайлардың семантикалық құбылмалығы әр түрлі. Олардың бірқатары контексте бір-ақ мәнде қолданылса, енді бірқатары екі-үш не одан да көп мәнде жұмсалады. Кейде олардың бойынан энантоисемиялық құбылыс та (бір-біріне қарам-қарсы мағынада жұмсалатыны да) байқалып отырады. Осыған орай одағайларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
1) Бір мағыналы одағайлар
Бұл топтағы одағайлар қай ситуацияда айтылмасын, қай контекске түспесін, қандай интонациямен айтылмасын үнемі бір-ақ мәнде жұмсалады. Алақай, ура сөздері тек шаттану, қуану сезімін білдіру үшін жұмсалса, қап! әттең! әттеген-ай! сөздері әр уақыта өкіну мағынасында жұмсалады. Е, алақай, біздің тайынша! - деп баласы тайышаның мойнынан құшақтады (Аймауытов). Әттеген-ай, неғып біз бұлай болып қалдық деген ой әрқайсымызды қинады (Сейфуллин).
2) Көп мәнді одағайлар
Бұл топқа екі-үш не одан да көп мәнде жұмсалатын сөздер жатады. Бәлібәлі одағайы үш түрлі мәнде қолданылады:
А)Біреудің іс-әрекетіне не сөзіне риза болып, оны қоштау, қолпаштау, көтермелеу мақсатымен айтылады, шаттық, қуану, таңдану мәнінде жұмсалады. Уа, пәлі, нағыз әнші мұнан шықты (Нұрпейісов).
ә) Біреудің сөзін жақтырмау, наразылық мағынасында жұмсалады. - Жарайды, аңшы-ақ екенсің! Осындай тоқ итпен аңға шыға ма екен?!
- Көп тоқ емес-ті!
- Бәлі, мынау не? Бүйірін қарашы! (Әуезов).
б) Таңдану, таңырқау мәнінде де жұмсалады. Бәлі-е, мынау Әсия ма ей?! (Хұсайынов).
Бұл сөз бәлем тұлғасында қолданылғанда біреуді қорқыту, қоқан-лоққыға алу мағынасында жұмсалады. Бәлем, тұра тұр, осының бәрін әкеме айтам. Кейбір одағайлар (әсіресе бір буындылар) диалогтық сөзде екі-үш қана емес, кейде 7-8 мәнде қолданылады. Мысалы, ә одағайы
1)сұрау мағынасында:
- Баланы әкесіне беріп кеткенбіз.
- Ә? Әкесі қайдан кездесті? (Мұстафин).
1) Біреудің шақырған даусына жауап беру, үн қату мағынасында:
- Күләнда!
- Ә! - деп қатқан қыз жауабы болды әкелгендей бір терең сыр (Саин).
2)Бір нәрсе есінен шығып кетіп, кейін еске түскендігін немесе бір нәрсені алғашқыда түсінбей қалып, кейін түсінгендігін аңғарту мақсатымен қолданылады.
- Хат? Кімнен хат? Ә-ә, бағана мен берген хат екен ғой (Сланов).
4) Біреуді өзіне қарату мақсатымен қолданылатын қаратпа сөз мағынасында да жұмсалады.
- Келін, ә келін! - деді ол шамды тұтатқасын (Мұқанов).
5) Ә одағайы сөйлем соңында келгенде, әдетте сұрау мағынасында жұмсалады: Менде тығылып жатқан сұмдық бар екен! Бұл қалай , ә?
Кейде сөйлем соңында келетін ә одағайының бойында сұрау мағынасымен қатар әжуа, мысқыл реңкі де байқалады. Өзің мені әдейі жалғыз жібергің келіп, естімейсің де, енді келіп өкпе айтқан боласың, ә?! Әй, қусың-ау! (Әбішев).
Мұндай көп мәнді қасиет тұрмыс-салт одағайларында жоқ. Ал императивтік одағайларда көп мәнділік сирек кездеседі. Көп мәнді одағайлардың бойында да жоғарыда көрсетілген қыруар көп мәндері сол одағайлардың өзінен шығып отырған жоқ, олар бұл қасиетке сөйлемдегі контекст, сөйлеу тіліндегі ситуация мен интонация арқылы ие болып отыр. Контекстің, ситуацияның және белгілі бір жағдайда интонацияның қатыстылығы болмаса, одағайлар көп мәнді сипатынан айрылар еді. Сондықтан одағайлардың семантикалық сипатын ашуда, мәнін айқындауда контекстің, ситуацияның, интонацияның сөйлемдегі тұрғысының (орнының) атқаратын мәні зор.
Одағай сөздердің интонациялық ерекшеліктері:
Одағай сөздер басқа сөз таптарымен салыстырғанда әуезділікке, ырғаққа, интонацияға өте бай. Олар көркем шығарма тілінде (әсіресе диалогта) көп кездеседі. Ал публицистикада, ғылыми стильде жазылған шығармаларда сирек қолданылады. Одағайлар кейде бір ғана дыбыстан тұрады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бәрі бірдей одағай мағынасында жұмсала бермейді. Дауысты дыбыстардан тек ә, а, о дыбыстары ғана одағай мәнінде жұмсалады да, ұ, ү, у, ө, і дыбыстары одағай жасай алмайды. Ал ы дыбысы одағай қызметінде сирек кездеседі. (ы-ы-ы, солай де!).
Тіліміздегі көп мәнді одағайлардың әрбіреуі жұмсалатын ыңғайына қарай әр түрлі нтонациямен айтылады. Бірде созылыңқы, баяу, біресе жұлып алғандай тез, жылдам айтылады. Бірде одағайдың соңғы буыны жоғары итонациямен көтеріңкі айтылса, бірде басқы буыны ерекше екпінмен айтылып, соңы баяу ырғақпен тынады. Ойбай одағайы үрку, шошыну мағынасында жұмсалса, онда екпін бірінші буынға қойылады да, сөздің өзі жұлып алғандай тез, жылдам айтылады. Егер таңырқау, таңдану мәнінде жұмсайтын болсақ, онда екпінді, керісінше, соңғы буынына ауыстырып, соңғы а дыбысын мейлінше созып айтамыз (ой-ба-ай).
Одағай құрамындағы кейбір дыбыстардың созылыңқы, ерекше нтонациямен айтылуы - сол одағайлардың мағынасын күшейту мақсатымен жұмсалады: Әттеген-е-е-е! Бәрекелді-е-е! Сөйтіп, кейбір көп мәнді одағайлардың семантикалық сипатының құбылуы олардың айтылу мелодикасына, интонациялық ырғаққа байланысты болады. Осындай ерекшелік одағайдың сөйлемдегі орын тәртібіне де (сөйлемнің басында ма, ортасында ма, соңында ма) байланысты.
Одағайлардың грамматикалық ерекшеліктері:
Одағайлар негізінде түрленбейтін сөздер тобы. Одағайлардың өзіне тән жұрнақтары жоқ. Олар субстантивтенгенде ғана болмаса, жалғауды да көп қабылдамайтын сөздер. Кейбір одағайларға - ла (-ле), -шыл (-шіл) жұрнақтары жалғанады: ойбай-лау, айт-айттап, аһлап-үһлеп. Ой, тәйір-айтшыл кер кесек, қулық, сұмдық не өсек (Абай). Қасқырлы жердің елі айтақшыл (м).
Одағайлар бірінен соң бірі дүркін-дүркін қайталанып, қосарланып айтылғанда, сол одағайлар арқылы білдірейін деп отырған сезімнің күштілігін не ишараның, бұйрықтың қаттылығын, қатаңдығын білдіреді. Тек-тек-тек! Бай-бай-бай! т.б. одағайлардың қосарланып, қайталанып айтылуында белгілі бір заңдылық бар. Бір топ одағайлар қосарланып айтуға көнбейді (тәйірі, қап, ту, бәсе, астапыралла) Енді бір топ одағайлар дара күйінде де қолданыла береді. Ойбай! Тәу! Жә! Әй!.
Одағайлардың енді бір тобы тек қана қосар тұлғасында жұмсалады (Сап-сап, бай-бай, әлди-әлди). Малға айтылатын одағайлардың басым көпшілігі қосар күйінде айтылады. Моһ-моһ! Кәуіс-кәуіс! Шөре-шөре! Көс-көс!

0.2. Одағайдың түрлері
Қазақ тілінде одағайлардың үш түрі бар:
1. Көңіл-күйі одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, бәрекелді, туу, уһ, аһ, әй, еһе, әттеқ, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, қап, ау т. б.
2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек, жә т. б.
3. Шақыру одағайлары мал, ит-құсты шақыру, куумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс т. б.
Одағайлар сөйлемге, сөйлем білдіретін ойға қатысты болғанмен, ондагы жеке сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Әрі одағайдың толық мағынасы болмайды. Сондықтан одағайларға сұрақ қоюға болмайды, олар сөйлем мүшесі қызметін де атқара алмайды.
Одағай сөйлемнін басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай сөйлемнің басында келсе, онан кейін үтір койылады. Мысалы: Япырау, осы сізге түсер пайда бар ма? (М. Ә.) Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Тұрсам, о шоба-ай, айнала көк шалғын! Сізге, тәйірі, со да сөз болып па?1 Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы: Мұны бастаған кім, ә?! Соны айтшы, бәсе! Әдетте одағайлы сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Одағай ерекше көтеріңкі дауыспен айтылса, одағайдан кейін де леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай-пай! Шіркін, қазақтың келіндері-ай!
Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: құрау-құрау, пай-пай, әй-әй, құр-құр т. б.
Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес яғни әр түрлі көңіл күйін, жекіру мәндерді білдірумен байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнің орнына да жұмсала береді. Мысалы:
-- Жаңа бір күш біткендей болды!
-- Бәрекелді!
-- Япырай, ә!
Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.
Одағайлардың түрлері:
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі одағайлар
Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды
Туынды одағайлар
Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.
Ишарат одағайлар
Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).
Жекіру одағайлары
Адамға арнайы айтылатын одағайлар.
Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні )
Ұсыну сөздері (мә, айда)
Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт)
Жануарға арнап айтылатын одағайлар
Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы:
түйеге: көс, көс! сорап, сорап!'қош-қош!"
қой мен ешкіге: пфша (пішә), құрау-құрау! шәйт! шек! шеге, шеге!
жылқыға: моһ, моһ! тәк, тәк! құрау, құрау! құр, құр!
ит пен мысыққа: кә, кәһ! күшім, күшім! мышы-мышы! пырс!
Шақыру одағайлары
Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді.
Көңіл-күй одағайлары
Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:
а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);
ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);
б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.
1. Көңіл-күй одағайлары
Бұл топтағы одағайлар адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіреді. Олар сан жағынан мол, семантикалық құбылу жағынан әрқилы, семантикалық реңкі өте бай топ. Бұл топтағы одағайлар әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл-күйді білдіре алады. Осы қасиетіне қарай көңіл-күй одағайлары ішінара үш топқа бөлінеді.
1)Жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар: Алақай! Ура! (қуаныш, шаттану), һа! Паһ-паһ! (сүйсіну, таңдану), Бәрекелді! (сүйсіну, қоштау), Оһо! (таңдану), т.б. Мысалы: Алақай! Ата! Апа! Есбосындар келіп қалды! Соғыс бітті! (Сланов). ОҺо, жолдас болатын болдың (Әбішев) т.б.
1) Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: Әттеген-ай! Әттең! Қап! (өкіну), Тәйірі! Түге! (наразылық, кейістік), Піш! Пішту! (жақтырмау, менсінбеу), т.б.
Мысалы: Қап, Қазекеңе бақты суару керек деп айтайын деп отырып, ұмытып кеткенімді қарашы! (Шамкенов). Уай, қайдасыңдар, түге, бар болғырлар! (сонда).
3)Әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: Бұл топтағы одағайлар әдетте көп мәнді болып келеді де, олардың мағыналары контекст ішінде не ситуацияда анықталады: пай-пай! одағайы қарама-қарсы екі мәнде жұмсалады:
а)таңдану, сүйсіну, таңырқау. Кәне, басыңа киіп көрші. Пай-пай, қандай жарасады, ә! (Кәлменов). Пай-пай, шіркін, Алатау, шандоз едің неткен сен! (Сәрсенбаев).
ә)ренжу, наразылық мағынасында: -Пай-пай, аяқтарының астында қаламыз-ау! (Әуезов).
Императивтік одағайлар
Бұл топқа адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар бағышталып отырған обьектісіне қарай үлкен екі топқа бөлінеді:
1)Адамға бағышталып айтылатын одағайлар: Бұлар адамның адресіне бұйыру, жекіру, тыйым салу мақсатымен қолданылатын Айда! Тәйт! Сап-сап! Стоп! Кәне! Жә! Тектәк! Әуп! Әлди-әлди! сияқты одағайлар жатады. Жә, тоқтат, ақсақал! Базаралыдан алмаған өшің бар ма? (Әуезов). Тек, тантымай сөйле! Былғама Нұрғанымды (Әуезов).
2)Малға, үй хайуандарына бағышталып айылатын одағайлар: Бұл топқа айтақ, моһ-моһ, шөре-шөре, сарап-сарап, көс-көс, кәуіс-кәуіс, шәуім-шәуім, әукім-әукім, мәлік келгір, жамандатқыр, сияқты үй хайуандарын шақыру, айдау, қорғау, үркіту мақсатымен қолданылатын сөздер мен одағайлы тіркестер жатады. Баған алақанын бір-біріне ұрып: моһ-моһ деп еді, етекке қарай желе жөнелді (Бөкеев). Әукім-әукім ақ бұзау... (Тұрманжанов)
Адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді:
а) адамға бағышталып айтылған одағайлар. Бұған бұйыру, жекіру, тиым салу т. б. мақсатында жұмсалған (Жә! Тәйт! Сап-сап! Әуһ! Әлди-әлди! Әйда!) сөздері жатады.
Тұрмыс-салт одағайлары.
Бұл топ сан жағынан шағындау болғанымен, өмірде жиі қолданылатын одағайлар. Бұған адамдардың амандасу, қоштасу, т.б сыйластық белгісі ретінде қолданылатын Хош! Хайыр! Рахмет! Ассалаумағалейкум! Құп, Ләббай, Кеш жарық! сияқты сөздер жатады. Құп, - деді де, қоштасып жүріп кетті агроном (Мұстафин). Ассалаумағалейкум,- дей мен сақалды адамға қол ұсындым (Мұқанов).
Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жумсалатын Хош! Рахмет! Ассалаумағапайкүм! Хайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады.
Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бір мағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т. б.) және көп мағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т. б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар -- эмоционалдық-интонационалдық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар - негізінен, түрленбейтін, қосымашаларды кеп қабылдай бермейтін сөздер. О-лар арасында жеке-дара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындар да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т. б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т. б.) түрлері кездеседі. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, аһ үрды, шу дегеннен, әу деді т. б.).[2][3]

0.3. Одағайлардың құрамы
Одағайларды құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады:
1)түбір, негізгі одағайлар. Бұл топқа әрі қарай бөлшектеуге көнбейтін А! О! Ә! Ой! Пай! Қап! Бәсе! Мә! сияқты одағайлар жатады.
2)Күрделі одағайлар. Бұл топқа бірнеше сөзден біріккен, қайталанған, қосарланған немесе басқа тілдерден ауысқан сөздер енеді. Мәссаған! Апырым-ай! Әттеген-ай! Бәрекелді! т.б. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды, олар диалогта жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем (слово-предложение) қызметін атқарады.
-Ол қай адам?
-Кеше біздің үйде отырған ше!
-Ә-ә-ә! (Сланов).
Мұндағы ә-ә-ә одағайы Енді түсіндім, есімен енді түсті деген сөйлемнің мағынасын аңғартып тұр. Одағайлар сөйлем ішінде кейде көмекші етістікпен тіркеседі: Тынымсыз аһ ұрды. Ол ойбай салды. (Мұқанов).
Одағайлардың тіркестік, я қатар келу қабілетінде де біраз ерекшеліктер бар. Одағайлардың қатар келіп, я тіркесіп қолданылуын екі топқа бөлуге болады:
1)Одағайлардың өзара тіркесе қатар қолданылуы. Одағайлар жапа-тармағай бір-бірімен тіркесе де, қатар келе де бермейді. Әдетте, жағымды эмоция, көңіл-күйді білдеретін одағайлар қатар тұрып қолданыла алады. Алақай! Ура! одағайлары бір бірімен қатар тұрып қолданылады.
2)Одағайлардың етістікпен тіркесі. Одағайлар етістікпен тіркескенде олардың бірқатары одағайлы тіркес құрайды да, бірқатары тұрақты тіркес құрайды. Осыған орай бұл тіркестерді екіге бөліп қарастырған жөн.
А) Одағайлы еркін тіркестер
Одағайлар көбіне де етістігімен тіркесе келе, кейбір жағдайда сол етістікпен өзара жымдасып, мағыналық жағынан өзгеріске ұшырап, одағай категориясына ауысып кетеді. Мысалы, Я деген! А деген! Апырай десейші! Ой деген! Бәсе деймін! сияқты тіркестерді мағына жағынан бөлшектеу қиын. Бұл типтес тіркестер одағайлы тіркес деп аталады.
Ә) Одағайлы тұрақты тіркестер
Бұл топқа жататын тіркестердің ішінде одағайлар болғанмен, бұл тіркестерді түгелімен одағайға жатқызуға болмайды. Бұлар: Ай-шай деспей, әу десті, әу дейтін жер, ойбай салды, аһ ұрды, шу дегеннен, ай-шайға қарамай сияқты тұрақты, я түйдекті тіркестер. Олар сөйлеу тілінде оқшауланбай қолданылады.

ІІ. Одағай сөздерінің қазіргі кездегі қолдану аясы
Бүгінгі ғаламдастыру, жаһандандыру саясатының аясында әлемдік ғылымдардың даму көкжиегін жаңа бағыттармен кеңейту,қайсібір ғылым саласы болмасын , оны адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру - адамзат өркениеті мен замана керуенінің алға тартып отырған кезекті талабы.
Әлемдік қолданбалы және теориялық ғылымдардың ішіндегі негізгі қоғамдық, әлеуметтік коммуникацияның жетекші идеяларын жүзеге асыруды мақсат еткен тіл ғылымының қазіргі бағыт - бағдары ғасыр талабына жауап бере отырып, субъект - тіл- өркениет үштігінің аясындағы тың міндеттердің шешілуін көздейді. Соңғы жылдары тіл білімі субъект факторына ерекше мән беріп, коммуникативті актідегі сөйлеушінің тілдік бірліктерді ұтымды қолдану мәселесін жиі сөз ете бастады. Субъект мәселесіне қатысты тұлғаның эмоционалды жай - күйіне, ерігіне байланысты ұғымдарды таңбалауды жүзеге асыратын одағай сөздер лингвистика ғылымында әлі де тұғырлы зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Әйтсе де мен оны зерттеме жұмысымда қазақ тіл біліміндегі одағай сөздердің табиғатын аша түсуге тырыстым.
Алғаш рет дербес сөз табы ретінде одағайлар Варонның латын грамматикасында қарастырылып, тіл білімінің тарихи даму кезеңінде одағайлардың грамматикалық табиғатына әр түрлі анықтамалар беріліп отырды. Мұндай анықтамаларды төмендегідей топтауға болады:
1. Одағайлар - құрамы жөнінен, сөздерді сөз таптарына бөлу мәселесінен тыс қарастырылған синтаксистік топ.
2. Одағайлар сөз таптары жүйесіне кіреді, бірақ сөйлемде синтаксистік байланысқа түспей оқшау тұрады.
3. Одағайлар сөз таптары жүйесіндегі көмекші сөз қатарына жатады.
Қазақ тіл білімінде Ахмет Байтұрсынұлы: Қуаныш, реніш, күйініш, уайым, қайғы, жан күйзелгенде , тән рахат тапқанда шығатын дыбыстар, дауыстар, айтылатын сөздер, хайуандарға айтылатын сөздер, жанды, жансыз заттардың дыбысын, дауысын еліктеп айтатын сөздер, дауыстар, шақырулар бәрі одағай сөз тобына кіреді, - деп одағайлардың мағыналарын кең ауқымда алып, олардың қатарына дыбыстық еліктеуіш (мысалы, тарс- тұрс) сөздерді де қарастырғанын аңғарамыз.
Мен өз жұмысымда одағайларды бастапқы табиғатынан таратып, ғалымдар арасындағы өзіндік ой - пікірлер мен көзқарастарға назар аудардым.
Одағай сөздердің күнделікті өмірдегі , яғни, ауызекі тілдегі қолданысын дереккөздерге сүйене отырып тұжырым жасадым.
Қазақ тіл білімінде одағай сөздер сөз тобына жатқызылып, сөйлемнің оқшау бөліктері ретінде қарастырылып жүргенін ескере отырып, тақырыпқа нақтылы кіріспес бұрын сөз таптарының шығу тарихына және жекелеме оқшау сөздерге біршама аздап тоқталғанды жөн көріп отырмын.
Тілдің ғасырлар бойындағы тарихи даму барысында оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы өзгеріссіз қала алмайды. Сөздердің лексикалық табиғатында да, грамматикалық табиғатында да алуан түрлі өзгерістер болады, олар қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне қарай сараланады, топтасады. Осылайша дамудың барысында сөздердің топтары сараланып, сөз таптары жасалады да, олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялы мағынаға ие болады.
Сөздерді тапқа (топқа) бөлу тіл білімінің өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуынан көп бұрын, біздің заманымыздан бұрынғы 4 - 5 ғасырлардан басталады.
Қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлудің алғашқы сатысын салған түрколог - Николай Иванович Ильминский болды.
Морфологияны сөз ететін қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық 20- жылдардың алғашқы жартысында дүниеге келді.
Одағай сөздер еліктеуіш, лептеуіш деп екі түрге бөлінген. Бұл оқулықта сөздерді тапқа бөлуде олардың мағынасына сүйенген. Үстеу, демеу, жалғаулықтарды шылау сөздердің құрамына енгізгенімен, ол үшеуін үш түрлі сөз табы деп есептейді де, қазақ тілінде тоғыз түрлі сөз табы бар дегенді айтады. Оқулықтарда сөздерді, тұлғалық белгілеріне қарай , түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқылар, қосымшалар деп бес түрге бөлген.
Тек морфология ғана емес , қазақ тіл білімінің басқа салалары терминдерінің басым көпшілігі (орыс тілі лингвистикалық терминдерінен калька түрінде алына тұрса да) осы 20 - жылдар ішінде жарық көрген оқулықтардан басталады.
Сөздерді әр түрлі лексикалық - грамматикалық топтарға бөлу, олай бөлуде басшылыққа алынатын принциптер Қ. Жұбанов назарынан да тыс қалған жоқ.
Сөздерді тапқа бөлуде профессор Қ. Жұбанов та алдымен оларды түбір тап, шылау тап одағай тап деп үш түрге бөледі де, басқаларын осы үшеуінен таратады. Мұндағы өзгешелік, негізінде, терминдік жағында. Сонау көне заманнан бері қарай үшеуінің бірі ретінде аталып келген есім деген атау орнына автор түбір тап дегенді алған да, есімді одан бөліп шығарған. Бірақ автордың қолданған бұл термині ғылымда орнықпады.
Оқулық шеңберіне шығып, сөздер табы категориясын ғылыми грамматика аумағында қарау талабы елуінші жылдарда жүзеге асты.
Соның алғашқы қадамы ретінде 1954 жылы Қазіргі қазақ тілі атты коллективтік еңбек жарияланды. Осы еңбектен бастап, бұрынғы сегіз сөз табы үстіне тоғызыншы болып, еліктеуіш сөздер қосылды да, сөз табының саны тоғызға жеткізілді. Еліктеуіш сөздер бұған дейінгі еңбектерде еліктеу одағайы деген атпен одағай сөздер тобына қаралатын. Бұл еңбектің және содан бері жарияланып келе жатқан морфологиялық зерттеулердің бұрынғылардан, яғни жоғарыда сөз болған еңбектерден өзгешеліктері - мәселелерді кеңірек қойып, терең де жан - жақты баяндауларында.
Енді оқшауланған сөздер тобына біраз тоқтала кетсем.
Тілді қолданушы жеке субъекті болғандықтан, ол объективтік түрдегі тілдік бірліктер арқылы субъективті көзқарасын, яғни тыңдаушыға немесе қоршаған ақиқат шындыққа деген эмоционалды- экспрессивті қатынасын білдіреді. Бұл әсерлілік, экспрессиялық пен бейнелілік тілде әр алуан амалмен жүзеге асырылып отырады. Сол амалдардың бірі ретінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің тілде әр түрлі стильдік қызметте жұмсалуын да атауға болады. Стильдік тәсіл ретінде бейнелеуіш амалдар жүйесінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің қазақ тіліндегі, әсіресе, көркем әдебиетте атқаратын қызметі орасан зор.
Сөйлемнің оқшау бөліктері, соның ішінде одағайлар сөйлемде белгілі бір мүше қызметін атқармағанымен, сөйлем жеткізілетін ойды дәлелдеуде , әсерлеуде, түсіндіруде, сөйлеушінің ой - ретін, айтылатын ақпараттың кімнің тарапынан екендігін, әр түрлі эмоционалды - экспрессивті сезімдерін білдіруде , алуан түрлі стильдік мақсаттарда ерекше қызмет атқарады. Олар сөйлемдегі мағыналық қатынасына , қандай сөздерден жасалуына қарай қаратпа, қыстырма, одағай деген үш түрге бөлініп жүр. Аталған қаратпа, қыстырма және одағай категориялары кейінгі зерттеулерде оқшау сөздер деген терминмен аталып келген болатын. Алайда ғылымның қай саласында болсын, қандай да бір атау болмасын шартты түрде қабылданып қалыптасып кететіні мәлім. Оқшау сөздер атауын да солай деп қараған жөн. Оған себеп, біріншіден, оқшаулар тобына кіретіндер тек жеке сөз емес, сөз тіркестері, сөйлем де болуы мүмкін. Екіншіден, оқшау сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер сөйлем құрамынан бөлек айтылмайды. Егер олар негізгі ойды, хабарды, әрекет- қимылды білдіретін сөйлемдерден мүлде бөлек айтылатын болса, олар негізгі құраммен мағыналық жағынан да ұласпас еді, ондай синтаксистік топтардың болатындығы жайлы мәлімет те болмас еді, - дей келіп, М.Томанов пен Т. Сайрамбаев қаратпа, қыстырма және одағайлардың негізгі синтаксистік ерекшеліктеріне байланысты сөйлемнің оқшау бөліктері деп атауды ұсынады.
Біз одағай сөздердің мән - мағынасын аша түсу үшін, оқшау сөздер табиғатына да, яғни нақтылап айтатын болсақ, қаратпа сөз бен қыстырма сөздерге де тоқтала түссек...
М.Томанов пен С. Сайрамбаев қаратпа, қыстырма және одағайларды сөйлемнің негізгі құрылымынан оқшауланған бөліктер деп қараудың себебін 1) олардың белгілі бір синтаксистік конструкция құрамында ғана көрінуімен, 2)сөйлемнің негізгі құрамының лексика- грамматикалық ерекшеліктеріне бағынышты болмауымен, 3) жеке алып қарастырғанда, дербес сөйлем беретін мән - мағыныаны білдіре алуымен, 4) олардың сөйлемнің негізгі құрамы мен қатынасын дербес сөйлемдердің өзара қатынасымен салыстыруға болатындығымен түсіндіреді. Мен де осы ғалымдар айтып көрсеткен орынды тұжырыммен келісемін.. Яғни, бұл зерттемелер сөйлемнің оқшау бөліктерінің синтаксистік табиғатын толық көрсете алатын тұжырым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Одағай сөздердің этимологиялық негіздері
ОДАҒАЙ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Одағай сөздер жайлы
Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер
Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер
Одағай - сөз табы
Көңіл - күй одағайлары
Сезім мен эмоцияны білдіретін тіл бірлігі
Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы
Одағай туралы түсінік
Пәндер