Қой бруцеллезі



Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
I. Ауруға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.1. Тарихи деректер мен қоздырушылары
1.2. Індеттік ерекшеліктері
1.3. Өтуі мен симптомдары, патологиялық . анатомиялық өзгерістері
1.4. Ауруды балау, емдеу
1.5. Дауалау және күресу шаралары.
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.20
2.1. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8.9
2.2. Инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру шаралары ... ... 10
2.3. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және эпизоотологиялық жағдай туралы акт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.19
2.4. Жоспарға түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
III. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.22
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
V. Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
VI . Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.26
Кіріспе

Мал шаруашылығын дамыту қазіргі кезде кең қолдау табуда, бірақ та оған әр түрлі аурулармен қатар инвазиялық ауруларда өз зиянын тигізуде. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауында да Үкіметке мал шаруашылығын дамытуға, сонымен қатар ветеринария ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге тапсырма берілген болатын. Халықты сапалы өнімдермен және жануар тектес шикізаттармен қамтамасыз ету ветеринария ісінің дұрыс жүргізілуіне де байланысты.
Аграрлық өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде мал шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында өте келелі міндет тұр – ол халықты жеткілікті мөлшерде азық–түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шаруашылықтарға күшті материалдық–техникалық базаны шоғырландырып, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану керек.
Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас керек. Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда, ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан да, берік жемшөп қорынсыз, ғылыми негізде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Мал фермаларынан алынатын өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан еліміздің мал дәрігерлігі қызметінің алдында шаруашылықтағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мал шығынын азайту міндеттері тұр. Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижелерін көтере түсуін, ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей байланысты.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, сөйтіп мал басын шоғырландыру мал дәрігерлігі қызметкерлерінің әдеттегі қалыптасқан жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай, олардың өз жұмысына деген көзқарастарын өзгертуді талап етеді.
Мал дәрігерінің маман болып қалыптасуында індеттану және микробиология пәнінің алар орны ерекше. Бұл пәндерде шаруашылықтағы малдарды әр түрлі жұқпалы аурулардан алдын ала сақтау, санитарлық және басқа да шаралар жүргізудің негіздері белгіленеді, соның нәтижесінде шаруашылықты жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау және жоғары сапалы мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері туғызылады. Жоғарыда атап айтылған міндеттерді орындауда орта буынды мал дәрігерлік мамандардың алар орны ерекше.
VI . Қолданылған әдебиеттер:
1. Сайдулдин Т. С. “Індеттану және жұқпалы аурулар”. Алматы, 2008 ж.
2. Сайдулдин Т. С. Ветеринарлық індеттану (1-ші және 2-ші кітап), Алматы, 1999 ж.
3. Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие. М.: Колос.
4. Ветеринарное законодательство РК. Астана, 2005 г. Т 1, 2, 3.
5. А.А. Поляков “Ветеринарная санитария”. Уч. пособие, М.: “Колос”, 1979 г.
6. Ветеринарное законодательство под ред. А.Д.Третьякова, М.: “Колос”, 1972, Т1; 1973 -Т2; 1981-Т3, 1988-Т4.
7. Эпизоотология и инфекционные болезни. Учебник под ред.
А.А.Конопаткина.-М.: Колос, 1984.
8. Конопаткин А.А., Глушков А.А. «Инфекционные болезни с/х животных в
тропических странах». Учебник, М.: МВА, 1984 г.
9. Руководство по общей эпизоотологии под ред. Бакулова И.А. и
А.Д.Третьякова, М.: «Колос», 1979 г.
10. Карантинные и малоизвестные болезни животных. Под ред. А.И.Бакулова,
М: «Колос», 1983 г.
11. Болезни пушных зверей. Под ред. Е.П.Данилова, М.: «Колос», 1984 г.
12. Таршис М.Т., Константинова В.М. Математические методы в эпизоотологии. М.: «Колос», 1975 г.
13. ІІ Вестник сельскоозяйственной науки Казахстана – 2002 - №9 52с. Сущих В.Ю.
14.Мал дәрігерлігі жөніндегі анықтамалық Алматы, «Қайнар» 1982
15. Иммунология. Петров Р.В. Москва, «Медицина» 1987
16. Вакционология Медуницын.Н.В. Москва, «Триада -х», 1999
17. Обшая эпизоотология Сидорчук А.А и др. Мовква «Колос» 2004
18. Індеттану терминінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі, Әбуталипов Ә. Алматы 1995
19. Патологическая анатомия селскохозяйственных животных В.П.Шишкова, А.В.Жарова, Москва «Колос» 2003.
20. ІІ Зоотехния М.И. Бащенко, Хмельничий Л.М. 2005 №3
21.Иммунология (учебник) Е.С.Воронин и др. Москва, «Колос-прес», 2002
22. Иммунология. Петров Р.В. Москва, «Медицина» 1987
23. Вакционология Медуницын.Н.В. Москва, «Триада -х», 1999
24. Обшая эпизоотология Сидорчук А.А и др. Мовква «Колос» 2004
25. Індеттану терминінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі, Әбуталипов Ә. Алматы 1995
26. И.А. Бакулов «Індеттану және микробиология негіздері» Қайнар, 1993- 2 с.
27.Некрасова Л.Е. Сочетанные инфекции грызунов в Волго-Уральском очаге чумы: автореф. ...канд. мед. наук.- Алматы, 1989.-22с.
28.А.Б. Жаров «Патологические анатомия с/х животных» //Москва. «Колос» – 2003.
29.Ильясов Б.К. Эпизоотология пастерелез животных в Казахстане и меры борьбы с ним: автореф. ...докт. вет. наук: 16.00.03.-Алматы, 1999.-36с.
30.Ильясов Б.К. Связь между распространением лептоспироза среди сельскохозяйственных животных и заболеваемости людей //Животноводство и ветеринария в XXI век: Действительность и перспективы развития: материалы Международный научно-практической конференции. Семей, 2002.- С.158-163.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.

“Эпизоотология, паразитология және ВСС
кафедрасы”

“Індеттану және індеттік аурулар” пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: қой бруцеллезін балау, дауалау және онымен күресу шаралары

Орындаған:
Тексерген:

Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
I. Ауруға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...5-7
1. Тарихи деректер мен қоздырушылары
2. Індеттік ерекшеліктері
3. Өтуі мен симптомдары, патологиялық – анатомиялық өзгерістері
4. Ауруды балау, емдеу
5. Дауалау және күресу шаралары.
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..8-20
2.1. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8-9
2.2. Инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру шаралары ... ... 10
2.3. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және
эпизоотологиялық жағдай туралы
акт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-19
2.4. Жоспарға
түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..20
III.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...21-22
IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .23
V.
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
VI . Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-26

Кіріспе

Мал шаруашылығын дамыту қазіргі кезде кең қолдау табуда, бірақ та оған
әр түрлі аурулармен қатар инвазиялық ауруларда өз зиянын тигізуде.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауында да
Үкіметке мал шаруашылығын дамытуға, сонымен қатар ветеринария ісін
халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге тапсырма берілген болатын.
Халықты сапалы өнімдермен және жануар тектес шикізаттармен қамтамасыз ету
ветеринария ісінің дұрыс жүргізілуіне де байланысты.
Аграрлық өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде мал
шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында өте келелі міндет тұр – ол
халықты жеткілікті мөлшерде азық–түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін
шаруашылықтарға күшті материалдық–техникалық базаны шоғырландырып, әрі
еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану керек.
Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі
кешенді көзқарас керек. Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен
жағдайда, ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан
да, берік жемшөп қорынсыз, ғылыми негізде жолға қойылған асылдандыру
жұмысынсыз айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Мал фермаларынан алынатын
өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдардың
денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан еліміздің мал дәрігерлігі
қызметінің алдында шаруашылықтағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мал
шығынын азайту міндеттері тұр. Мұның өзі осы салада істейтін оқу және
ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижелерін көтере түсуін, ғылым мен озық
тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі
маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей
байланысты.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, сөйтіп мал басын
шоғырландыру мал дәрігерлігі қызметкерлерінің әдеттегі қалыптасқан жұмысты
ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай, олардың өз
жұмысына деген көзқарастарын өзгертуді талап етеді.
Мал дәрігерінің маман болып қалыптасуында індеттану және микробиология
пәнінің алар орны ерекше. Бұл пәндерде шаруашылықтағы малдарды әр түрлі
жұқпалы аурулардан алдын ала сақтау, санитарлық және басқа да шаралар
жүргізудің негіздері белгіленеді, соның нәтижесінде шаруашылықты жұқпалы
аурулардан алдын ала сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау және жоғары сапалы
мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері туғызылады. Жоғарыда атап айтылған
міндеттерді орындауда орта буынды мал дәрігерлік мамандардың алар орны
ерекше.
Курстық жұмысымның мақсаты мен міндеттері. Орындалған курстық жұмысымның
негізгі мақсаты болып Ақжайық ауданы, Алғабас ауылының Cәбит шаруа
қожалығынан қойлардың бруцеллез ауруын анықтау және сауықтыру шаралары.
Бұл мақсатқа жету үшін біздің алдымызға келесі міндеттер қойылды:
- осы тақырыптағы әдебиеттермен танысу;
- қойлардың бруцеллез індетін балау және алдын алудың тиімді жолдарын
қарастыру;
- аталған ауруға қарсы жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық шаралардың
неғұрлым озық, нәтижелі тәсілдері және басқа да аспектілерін меңгеру;
- қойларға экспермент жасау және лабораториялық тәжірибе жасағанда
теориялық біліктілікті көрсету, материалдар мен құралдарды шаруашылықта
және зертханаларда қолдана білу.
Осыларды ескере отырып, курстық жұмысымды халық игілігіне жарату үшін
орындап, ұсынып отырмын.

I. Ауруға сипаттама

Қой бруцеллезі (B.ovis) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу,
эндометрит, орхитпен сипатталатын жұқпалы ауру.
Індеттік ерекшеліктері. Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы
жануарлар бейім. Бұл аурудың табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады.
Олар шаранамен, шумен, тастанды төлмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен
ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады. Қоздырушы микроб сонымен
қатар, сүт, шәует, нәжіспен бөлінеді.
Бруцеллелармен ластанған өнімдер және малдан алынған шикізаттар,
жануарларды күтуге арналған жабдықтар, жемшөп, төсеніш, су, топырақ – басты
жұғушы факторлары болып табылады.
Дерттенуі. Бруцеллездің қоздырушысы ас қорыту және тыныс, несеп,
жыныс жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз коньюктивасынан тоқтаусыз
өтіп, сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл түйіндерінде
тұрақтайды. Кейіннен басқа да сөл түйіндеріне және үлпершек ағзаларға
енеді.
Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы латенция,
генерализация және екінші латенция.
Бастапқы латенйия (регионарлық) кезеңінде қоздырушы белгілі бір ұлпаға
қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне қоймайды.
Генерализация кезеңі буаздықтың, төзімділіктің төмендеуі, күтімнің
нашарлауы нәтижесінде байқалады. Буаздықтың екінші жартысында жиі өрбиді.
Екінші латенция кезеңінде аурудың клиникалық белгілері өше бастағанымен
денеден ұзақ уақыт бойы микроб бөлініп шығады.
Өтуі мен симптомдары. Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық
немесе аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2-4 аптаға
созылады. Егер ауру жұққан малдардың ішінде буаздары болмаса, бруцеллез
симптомсыз өтеді.
Бруцеллездің басты белгілері - буаздықтың екінші жартысында іш тастау. Іш
тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс мүшелері
толықсып, сарпайынан қызғылт қоңыр түсті сора ағады. Іш тастағаннан кейін
әдеетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі іріңді, соңынан іріңді фибринді
эндометрит байқалады. Дененің ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып кетеді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Іш тастаған малдың қағанағы
қабынып, оның бетіне фибрин ірімтіктері, ірің жиналады, жатыры, бүйректері,
көкбауыры ісінеді, бауырында абцесса болады.
Балау. Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індеттанулық, клиникалық,
аллергиялық және зертханалық тексерудің нәтижесінде қойылады.
Індеттанулық деректерден бұл жерде бұрынғы уақытта бруцеллездің болған-
болмағаны, өткен жылдардағы бруцеллезге тексерудің қортындылары еске
алынады. Айрықша көңіл бөлетін мәселе – шеттен әкелінген мал және оны
карантиндеу ретінің орындалуы. Соңғы жылдары алынған төлдің санына, аналық
малдың іш тастауы мен қысыр қалуына және оның себептеріне мұқмят талдау
жасалынады.
Жануарларды клиникалық тексеру кезінде бурсит, еркек малда орхит, ұрғашы
малда эндометрит, іш тастау, шуы түспеу сияқты құбылыстарға баса көңіл
аударылады. Клиникалық тексеру арқылы енін, шылауын сипап қошқардың жұқпалы
эпидидимитіне түпкілікті диагноз қоюға болады.
Бактериологиялық диагноз үшін жағындыларды микроскоппен қарап, ауру
қоздырушысының өсіндісін алып, теңіз тышқанына биологиялық сынама қояды.
Серологиялық реакциялар бруцеллезге малды жаппай тексеру үшін кеңінен
қолданылады. Бұлардың ішіндегі ең танымал әдістер: агглютинация реакциясы,
комплемент байланыстыру реакциясы, комплементті ұзақ байланыстыру
реакциясы, сонымен қатар роз бенгал сынамасы.
Аллергиялық тексеру бруцеллездің соңғы кезеңдерінде нәтижелі деп
есептеледі. Бұл үшін бруцеллиниаллергені пайдаланылады. Оны тері ішіне және
тері астына жібереді. Бірақ, аллергиялық әдістің сезімталдығы серологиялық
рекциялардан төмен.
Емі. Бруцеллезбен ауырған малды емделмейді. Ол тез арада сойылады.
Иммунитет. Бруцеллезбен ауырған малда табиғи иммунитет қалыптасады. Оның
ұзақтығы қойда – 2 жыл. Аурудан соңғы иммунитеттің ерекшелігі ол бастапқы
кезеңде стерильді емес, соңынан иммунитеттің стерильді кезеңі басталып,
организм қоздырушы микробтан арылады.
Американдық ғалым J.Buck (1930) ұзақ уақыт қоректік ортада өсіру арқылы
уыттылығы төмен B.abortus 19 штамын алып, оны вакцина ретінде ұсынды. Бұл
бруцеллезге қарсы қолданылған вакциналардың ішіндегі дүниежүзінде ең көп
қолданылғаны. Оның артықшылықтары - қасиеттерінің тұрақтылығы және
иммуногендігінің күштілігі, сонымен қатар кемшілігі – егілген жануардың
организмінде антидене ұзақ уақыт сақталады да, серологиялық әдіспен
тексергенде нағыз аурудан ажыруту мүмкін болмайды.
Мексикада 1953 жылы Хельберг пен Эльберг B.melitensis өсіндісінен
стрептомицинге тәуелді Rev-1 мутантын бөліп алды. Қазіргі уақытта ол
вакцина ретінде қойды бруцеллезге егі үшін кеңінен қолданылады.
Дауалау және күресу шаралары. Қой бруцеллезінің алдын алу үшін ең басты
шара – аурудан сау шаруашылыққа сырттан инфекция қоздырушысын әкелдірмеу
мақсатында неггізгі ветеринариялық – санитариялық талаптарды орындау.
Жоспарлы түрде жануарларды бруцеллезге тексеріп тұрады. Өсіру үшін
шаруашылыққа әкелінген малдарды 30 күн карантинде ұстап, бұл уақытта
бруцеллезге аггютинация және КБР арқылы тексеріп, нәтижелері теріс болғанда
ғана жалпы табынға қосады.
Бруцеллез шыққан шаруашылыққа карантин қойылады. Сонымен қатар,
сауықтыру шаралары жүргізіледі.
Ауру шыққан шаруашылықты карантиндік реттілікте ұстап, барлық малды 15-
30 күн сайын бруцеллезге серологиялық әдіспен тексеріп, оң нәтиже
бергендерді жедел бөліп алып, сояды да, қораны дезинфекциялайды. Осылайша
тексеруді қатарынан 2 рет теріс нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Екі рет
теріс нәтиже алған соң, отарды 3-6 айға бақылауға қойып, 2 рет бруцеллезге
тексереді. Тексеру теріс нәтиже берсе, отар сауықтырылды деп есептеп,
қорытынды дезинфекция жасаған соң карантинді алады.
Сәбит шаруа қожалығында ауру қойлар сау қойлардан оқшауланды. Сау
қойлар ауруға қарсы вакцинацияланды. Ал ауру қойлар жойылды. Осылай
шаруашылық аурудан толық айықты.

II.Негізгі бөлім

2.1 Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары
Келісілді Бекітемін
Батыс Қазақстан облысы Сәбит шаруа
Ақжайық ауданы қожалығының жетекшісі
Алғабас ауылының ____________Құрманғалиев М.К.
Бас мемл. вет-сан инспекторы
___________Боранбаев А.С. 11 қазан 2013 жыл
11 қазан 2013 ж.

Сәбит шаруа қожалығында қой бруцеллезін жою шараларын өткізудің

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

рн Шаралар Орындау Жауаптылар Ескерту
мерзімі
1 Малды клиникалық Күн сайын Мал дәрігері Жумин -
тексеру. Т.
2 Ауру жануарларды сау 10- мамыр Мал дәрігер Жумин -
малдардан бөлу. Т.
Малшы Хайранбаев
Б.
3 ИФР, КБР, БР 11- мамыр Мал дәрігері Жумин -
реакциялары қойылды. Т.
4 Малды 14 күндік 11- мамыр Бас мемл. вет-сан -
карантинге қоюға ұсыныс инспекторы
Боранбаев А.С
5 Малдарды вакцина 11- мамыр Мал дәрігері. -
ВГНКИекті Жумин Т.
6 Мал қоралар мен құрал 11- мамыр Мал дәрігері -
–жабдықтарды күйдіргіш Жумин Т.
натрийдің 4% ыстық Малшы Хайранбаев Б.
ертіндісімен
зарарсыздандыру
7 Ауру малды арнайы күтіп 12- мамыр Қожалық төрағасы -
бағуға А.Шахинді Құрманғалиев М.К.
тағайындау
8 А. Шахинді арнайы 13- мамыр Қожалық төрағасы -
киіммен, құрал Құрманғалиев М.К.
жабдықтармен жабдықтау
9 Мал дәрігерлік дәрістер 15 - мамыр Мемл. вет-сан -
мен әңгімелер жүргізу инспектор
Боранбаев А.С.
10 Мал қоралар мен құрал – 26 мамыр Мал дәрігері Жумин -
жабдықтарды қорытынды Т.
зарарсыздандыру Малшы Хайранбаев Б.

Студент: Куанов М.А.

2.2. Инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру жолдары.

Аурудың 10.10.2013 жылы 4-5 қой арасында басталғанын мал бақташысы
байқаған. Ошақты комиссия құрамы аурудың жедел басталғанын, клиникалық
белгілеріне, өлген малды сойып- жарып зерттеп, зертханалық қорытындысын
ескеріп 12.10.2013 жылы Сәбит жеке мал шаруашылығында жұқпалы
қой бруцеллезі деген қорытынды диагноз қойды.
Ауру және өлген малдан анықталынған, сіреспе ауруына тән клиникалық
белгілері: Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық немесе
аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2-4 аптаға созылады. Егер
ауру жұққан малдардың ішінде буаздары болмаса, бруцеллез симптомсыз өтеді.

Бруцеллездің басты белгілері - буаздықтың екінші жартысында іш тастау. Іш
тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс мүшелері
толықсып, сарпайынан қызғылт қоңыр түсті сора ағады. Іш тастағаннан кейін
әдеетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі іріңді, соңынан іріңді фибринді
эндометрит байқалады. Дененің ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып кетеді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Іш тастаған малдың қағанағы қабынып,
оның бетіне фибрин ірімтіктері, ірің жиналады, жатыры, бүйректері,
көкбауыры ісінеді, бауырында абцесса болады.

Патогенезі. Бруцеллездің қоздырушысы ас қорыту және тыныс, несеп, жыныс
жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз коньюктивасынан тоқтаусыз өтіп,
сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл түйіндерінде
тұрақтайды. Кейіннен басқа да сөл түйіндеріне және үлпершек ағзаларға
енеді.

Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы латенция,
генерализация және екінші латенция.

Бастапқы латенйия (регионарлық) кезеңінде қоздырушы белгілі бір ұлпаға
қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне қоймайды.

Генерализация кезеңі буаздықтың, төзімділіктің төмендеуі, күтімнің
нашарлауы нәтижесінде байқалады. Буаздықтың екінші жартысында жиі өрбиді.

Екінші латенция кезеңінде аурудың клиникалық белгілері өше бастағанымен
денеден ұзақ уақыт бойы микроб бөлініп шығады.

Дифференциалдың диагноз. Жануарларды клиникалық тексеру кезінде бурсит,
еркек малда орхит, ұрғашы малда эндометрит, іш тастау, шуы түспеу сияқты
құбылыстарға баса көңіл аударылады. Клиникалық тексеру арқылы енін, шылауын
сипап қойдың жұқпалы эпидидимитіне түпкілікті диагноз қоюға болады.

2.3. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және эпизоотологиялық
жағдай туралы акт
1. Сәбит шаруа қожалығы. Тексеру 10.10.2013 ж. жүргізілді.
2. Комиссия құрамы: Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор
Қанатбаев С.Г., Ақжайық аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі
Боранбаев А.С., шаруашылық төрағасы Құрманғалиев М.К., шаруашылықтың мал
дәрігері Жумин Т., малшы Хайранбаев Б..
3. Шаруа қожалығында 2000 бас қой бар, соның ішінде 1400 басы ересек,
600 жас мал. Барлығы да 1-3 жастағы қойлар
4. Қойға деген күтім жоғары дәрежеде, өсіру дәрежесі жоғары.
5. Қойды күніне 3 мезгіл құнарлы азықтармен азықтандырады, жаз
мезгілінде үш мезгіл, ал қыста екі мезгіл суарады. Жеммен толықтай
қамтамасыз етілген.
6. Малдәрігерлік-санитариялық нысандардың жағдайлары емхана, дәріхана,
зертхана, оқшаухана, қасапхана, санитарлық өткізгіштер, мал молалары,
дезинфекциялық кедергілермен жабдықталған.
7. Эпизоотологиялық жағдай және берілген аурудың соңғы жылдары байқалуы
(соңғы 2-3 жыл бойынша). Соңғы 3 жылда шаруашылық инфекциялық аурулардан
таза деп саналып келді. Бұған дейін қой бруцеллезі тіркелмеген. Қой
бруцеллезі шаруашылықта анықталғаннан кейін қойларды айырбастауға,
шаруашылық аумағынан шығаруға, топтауға және жем - шөп жөнелтуге тыйым
салынады. Егер ауру шаруашылыққа микроб алып жүрушілермен енген болса,
әуелі қойлардың аздаған бөлігі ғана ауырып, тек 10-14 күннен кейін індет
жаппай байқалуы мүмкін, Ал егер микроб жеммен әкелінген болса, 2-3 күннің
ішінде қойлардың басым көпшілігі, тіпті түгелдей ауруға шалдығады. Сол
себептен шаруашылықты күн сайын тексеріп отырады.
8. Инфекциялық аурудың пайда болу ерекшеліктеріне сипаттама:
- аурудың алғашқы байқалған уақыты -01.10.2013 ж. ауруға шалдыққан түлік
түрі -қой, саны-2000 бас, 1-3 жас мөлшері;
- Қой бруцеллезін індеттанулық, клиникалық, патологиялық- анатомиялық
деректерге сүйеніп анықтайды. Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде
бактериялық инфекциялардан 01.05.13 ж. мал дәрігері Жумин Т. ажыратты.
- Қоздырушының берілу факторларына жем, су, нәжіс, төсеніш, күту құрал
саймандары, өлексе, сойыс өнімдері, жатады.
Ауру негізінен жас төлге алиментарлық жолмен енесінің сүті арқылы, ал
сақа жануарларға алиментарлық жолмен және шағылысқанда жанасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Бруцеллиоз
Бруцеллезді балаудың жедел әдісі
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Бруцеллезді балау әдістері
Бруцеллез балау әдістері
Жануарлар бруцеллезі
Ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Бруцелла
Пәндер