Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жазба жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Бастауыш сыныпта жазба жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ...7
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің педагогикалық .психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Жазба жұмыстарын орындату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

2 Жазба жұмыстарын орындату арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктері ... 42
2.1 Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
2.2 Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
2.3 Тәжірибелік . эксперимент жұмысының нәтижесін анықтау ... ... ... ... ... ...53

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі танда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі - қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген [1].
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.
Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына әдебиеттік оқу сабақтарында жазба жұмыстарын орындай отырып, тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету-бүгінгі заман талабы [1]. Мұның себебі, біріншіден, тіл - адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары әдебиеттік оқу сабақтарында жазбаша жұмыстарды орындау және сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетінде окушы сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді..
А.Байтұрсыновтың жазуға үйрету әдісі жайлы «...сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу кандай қажет болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек....Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында өзгеріп, қалайша бір-бірімен қиындасып,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұ-жырымдамасы // Егемен Қазақстан. -2003. -№ 332-333. -3-7 б.
2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б.
3. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-практикалық негіздері. - Алматы, 1996.-1786.
4. Әбдікәрім Т.М. «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері: пед. ғыл. докторы... дисс: 13.00.02. - Алматы: Абай атындағы Қаз ¥ПУ, 2007. -298 б.
5. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. - Алматы, 1996. - 280.
6. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Оку құралы - Алматы, 1994.- 272 б.
7. Философский энциклопедический словарь. - Москва, 1989. -525 с.
8. Құнанбаев А. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1977. - 251 б
9. Ыбырай Алтынсарин тағылымы / Құраст. М. Жармұхамедов. - Алматы: Жазушы, 1991.-3846.
10. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Ред.басқ. А.В. Петровский. -Алматы, 1987.
11. Тәжібаев Т. Жалпы психология. - Алматы, 1993.
12. Рубинштейн СЛ. Основы общей психологии. Т. П. - Москва, 1989.
13. Теплов Б.М. Избранные психологические труды. - Москва, 1985.
14. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - Москва, 1975.
15. Жарықбаев Қ. Психология. - Алматы, 1982.
16. Лейтес Н.С. Умственные способности и возраст. - Москва, 1971.
17.Давыдов В.В.Теория развивающего обучения.- Москва: Педагогика, 1986.
18.Годфруа.Ж.Чтотакоепсихология:В2-х т.Т1.Пер.сфранц.-Москва:Мир,1992.
19. Выготский Л.С. Проблема возраста // Собр.Соч. : В 6 т. - Москва, 1982-1984. Т.4. с.224-268.
20. Крутецкий В.А. Психология математических способностей школьников. -Москва, 1968.
21.Практикум по общей психологии.Под. ред.А.И.Щербакова.- Москва, 1990.
22. Т.В. Драгунова, Д.Б. Эльконин. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков - Москва:Просвещение, 1967 - с.317,360
23. Айтауханова, Д.Х. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы: // Мектептегі тарих.- 2005.- N1-2.- 3-4 б.
24. Андреев В.И. Педагогика. Учебный курс для творческого саморазвития. -Казань, 2001.- 608с.
25. Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту.-Алматы: Рауан, 1994.- 80с.
26. Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. - Алматы, 1986.
27. Какенова, Д. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту: [Тіл сабағы]// Бала тәрбиесі.- 2005.- N 1.- 6-86.
28. Хочевар По Лук А.Н. Теоретические основы вявления творческих способностей. - Москва: ИНИОН, 1979
29. Развитие и диагностика способностей. // Отв. Ред. В.Н.Дружинина и В.В.Шадрикова - Москва: Наука, 1991 -181 с.
30. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. - Москва: Педагогика, 1981, 185 с.
31. Тұрғынбаева Б.А. Бастауыш қазақ мектептерінде дамыта оқыту жүйесінің идеяларын пайдалану мүмкіндіктері // Білім берудегі менеджмент. №1, 1996
32. Нұрсейтова Б. Оқушылардың жеке басының дамуын зерттеудегі психологиялық ойлар: [Психология оқу орнында// ¥лағат.- 2005.- № 3.- 77-81.
33. Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. - Алматы, 2003. 144-6.
34.ШамоваТ.И.Активизация учения школьников,- Москва:Педагогика, 1982, 35. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. - Алматы, 1982.
36. Байжұманова Б.И. Оқушының психикалық даму ерекшеліктері. // Бастауыш мектеп. №12, 1998.
37. Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту // «Қазақстан мектебі» №2, 1999.
38. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. -Москва, 1996.
39. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. - Алматы, 1996.
40. Хайдарова С. Оқушының шығармашылығын дамыту // Бастауыш мектеп. №4, 1997.
41.Сабиров Т.Окушылардың оку белсенділігін арттыру жолдары.-Алматы,1978.
42.Омарова Р.С. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын дамыту.- Ақтөбе, 1999.
44. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения. В 2-х томах / Под ред. В.Н.Столетова, - Москва: Педагогика, 1981, 334 с.
45. Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся. Дидактический анализ процесса и структуры воспроизведения и творчества. - Москва: Педагогика, 1972.-170 с.
46. И.Е.Синица «Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік» Алматы. «Мектеп» 1987ж. - «Педагогтық әдеп - мұғалімнің кәсіптік сапасы» - 20бет.53
47. Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұтымдарды меңгеру психологиясы. - Алматы: Мектеп, 1983.- 152 б.
48. Әзімбаева, Г. Ж. Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытудағы модульдік оқытудың ролі: [Оқыту әдістемесі] // Білім.- 2005.- N 2.- 32-35 б.
49. Сейтенова С.С. «Жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің педагогикалық ұстанымдары». Білім беру жүйесінде жаңа формация маманда рының кәсіби дайындығы рес.ғыл. –практ. конф.Ақтөбе гум-қ колледжі, 2008
50. Сейтенова С.С. «Жазбашы байланыстырып сөйлеу үрдісінің өзіндік ерекшеліктері». АГПИ Хабаршысы №2 2009 жыл
51. Сейтенова С.С «Жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде техникалық оқу құралдарын пайдалану»,«Ұлттық білім беру жүйесін жаңарту және адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастырудағы оның ролі»Хал. Ғыл.кон. 2009ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі танда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі - қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті, - делінген [1].
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.
Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына әдебиеттік оқу сабақтарында жазба жұмыстарын орындай отырып, тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету-бүгінгі заман талабы [1]. Мұның себебі, біріншіден, тіл - адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары әдебиеттік оқу сабақтарында жазбаша жұмыстарды орындау және сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетінде окушы сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді..
А.Байтұрсыновтың жазуға үйрету әдісі жайлы ...сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу кандай қажет болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек ... Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында өзгеріп, қалайша бір-бірімен қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек, - дей отырып, сөйлеудің жазба түрінің күрделі екеніне көңіл бөліп, жазуға үйретуге ерекше мән берілуі тиіс екендігін айтады [2.263].
Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық тұлға мәтін құру арқылы жүргізіледі.
Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде мәтін тек оқу және оқыту материалы ретінде ғана емес, сөйлеу кезінде ойды басқаға жеткізу құралы тұрғысынан қарастырылуда. Сөйлеушінің айтатын ойы мәтін құру арқылы жүзеге асырылатыны жөніндегі ой-пікірлер, зерттеулер Ф.Ш.Оразбаеваның [3], Т.Әбдікәрімнің, С.Р.Рахметованың, Н.Ж.Құрманованың, А.С.Қыдыршаевтың, Б.Қалимұқашеваның, Ә.Е.Жұмабаеваның, Б.Қабатайдың, Н.Сламбекованың, Н.Тойбазарованың т.с.с. көптеген ғылыми-әдістемелік еңбектерінде қарастырылған [4]. Дегенмен бастауыш сынып жасындағы балалардың жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуге байланысты шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес.
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабақтарындағы жазба жұмыстарын тексеру барысында бірқатар олқылықтар бар екені байқалды. Мысалы:
1) оқушылардың көпшілігі өз ойын байланыстырып жүйелі жаза алмайтындығы;
2) бағдарлама, оқулық, оқу кұралдарындағы оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетін меңгертуге байланысты берілетін материалдар көлемінің теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да жеткіліксіздігі;
3) оқушының мәтін құру кезінде тақырып пен мазмұнының байланысын ұғына алмайтындығы;
4) мәтіндегі негізгі ойды анықтай алмайтындығы;
5) сөз таңдау қабілетінің төмендігі, бір сөзді ретсіз қайталай беруі;
6) оқушының құрған мәтініндегі сөйлемдерінің бір-бірімен байланыспауы.
Осы сияқты олқылықтарды есепке ала отырып, зерттеудің өзектілігі айқындалды.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабақтарында ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды жазба жұмыстары арқылы шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемелік жүйесін негіздеу және тәжірбиеде қолдануға ұсыну
Зерттеу нысаны - бастауыш сыныпта әдебиеттік оку сабақтарында оқушыларды жазба жұмыстарын орындату арқылы шығармашылық қабілетін дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні - жазба жұмыстарын орындату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктер
Зерттеу болжамы. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту үшін әдебиеттік оқу сабақтарында жазба жұмыстарының тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер оқушыға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар нақтыланып, тақырыпқа байланысты мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде меңгерілсе, онда оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық қабілетінің белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде жазуға дағдыланады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- философиялық, лингвистикалық, психологиялық әдебиеттерді оқып, тақырып тұрғысынан талдау жасай отырып, жүйелеу арқылы оқушыларды жазба жұмыстары арқылы шығармашылық қабілетті дамытудың негіздерін айқындау;
- бастауыш сыныптардағы әдебиет оқу сабақтарына арналған оқыту бағдарламалары мен оқулықтарды талдау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің психологиялық, педагогикалық талаптарға сай келуін анықтау;
- анықтау эксперименті бойынша бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жазба жұмыстарын орындату арқылы сөйлеу деңгейлерінің қазіргі жайын саралау;
- оқушыларды жазбаша сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалардың (2 сынып бойынша) қолайлы мазмұнын, көлемін, әдістері мен құралдарын ұсыну;
- ұсынылған әдістемелік жүйенің, жаттығулар мен тапсырмалардың ұтымдылығын оқыту эксперименті арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің деңгейі және дерек көзіне талдау. Халықтық педагогика мұралары, оқулықтар, мектептегі педагогикалық тәжірибе жұмысы. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролі жөніндегі ғьлыми еңбектер мен сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін, іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын Б.А.Тұрғынбаеваның Дамыта оқыту технологиялары атты оку әдістемелік құралы басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері және теориялық негіздері. Зерттеуге қатысты философиялық таным теориясы, педагогика, психологиялық, лингвистикалық, ғылыми әдістемелік ой-тұжырымдарда қалыптасқан тұжырымдамалар алынды: оқыту және таным психологиясы, үйрету теориясы, әрекет теориясы, мәтін теориясы және оны оқыту әдістемесі, оқыту технологиясының жетістіктері мен тиімді әдістері.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыб19ы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге талдау жасау әдісі; эксперимент әдісі (анықтау, оқыту, бақылау); оқушы әрекетін талдау (салыстыру, жіктеу); статистикалық әдіс (эксперимент нәтижесінің сандық-сапалық көрсеткіштерін талдау).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы.
- бастауыш сыныптарда окушылардың шығармашылық қабілетін жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістемесін қарастыру;
- бастауыш сынып окушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің және шағырмашылық қабілеті лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық негіздері баяндалды;
- оқушының шығармашылық қабілеттері мен тілдік-қатысымдық дағдыларын қалыптастыру бағытында өз ойын жүйелі жазуға үйретудің әдістемелік жүйесі ұсынылды;
- мәтін құру арқылы жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесінің тиімділігі эксперимент арқылы дәлелденіп, оқулықтарды осы саладан жетілдіре түсу жөнінде ұсыныстар дайындалды.
Зерттеу жұмысындағы тұжырымдарды мектеп мұғалімдері тіл дамыту сабақтарында қолдануына болады.
Практикалық базасы. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №19 жалпы қазақ орта мектебі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1
Бастауыш сыныпта жазба жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудыңтеориялық негіздері
1.1
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің педагогикалық - психологиялық негіздері
Қоғам даму деңгейі мен әлеуметтік сұраным талаптарына үндес жүйеленген білім көлемі оқыту мен тәрбиелеудің басты ұстанымдарына сәйкес іріктеліп, оны меңгеру үрдісі психологияның жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған жағдайда көздеген мақсатқа қол жеткізетіні белгілі. Сондықтан заман талабына сәйкес оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту бүтінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны мәлім. Адамзаттың, прогрестің, әрбір жеке адамның дамуындағы қозғаушы күш - шығармашылық. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға деген бетбұрыстың болуы бұл мәселеге деген қызығушылықтың артуымен сипатталады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау, психология мен педагогика ғылымдарында ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық - әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын, шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Сондыктан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен шешімдер іздестіру болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
Қабілет ұғымы психологияда күнделікті өмірге қарағанда біршама тар мағынада қолданылады, ал ғылымда - адамның нышандары, білімдері, ептіліктері және дағдылары бойынша өлшенеді. Білім, ептілік және дағдылар тұлғаның қабілеті ретінде өзбеттілі қарастырылуы мүмкін емес, дәл сол сияқты табиғаттан адамға не берілсе, сол қабілет болып есептелінбейді. Бұл тек қабілеттің дамуына алғы шарт болып табылады. Қабілет туралы айтқанда, тұлғаның қандайда бір нәрсені істеуге мүмкіншілігі көрсетіледі, ал талант, дарындылық туралы айтқанда тұлғаның аталмыш қасиеттің туа біткен сапасының сипаты көрсетіледі. Осыған қоса қабілет те, дарын да іс-әрекеттің нәтижесінде көрінеді.
Кейде қабілетті табиғаттан берілген тума қасиет деп есептейді. Дегенмен, ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет - нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді. Тұлғалардағы нышанның өзгешеліктері қабілет арқылы көрінбейді және қайталанбайды, ендеше нышандар қабілеттің дамуын анықтамайды, ал қабілет тек нышандармен ғана байланысты дамымайды.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. "Қабілет" ұғымын зерттеушілер сапында көрнекті анатомдар, физиологтар, философтар, педагогтар, қоғам қайраткерлері, психологтар т.б. болған. Қабілеттер проблемасы психологияда көп зерттелген бөлімге жатады. Оның басында Платон және Аристотель болған, олардың еңбектері талай ғасырлардан өтіп, қазіргі уақытқа дейін жетті. Олардың бағыттары бойынша, қабілеттердің туысынан болатыны және сыртқы жағдайларға тәуелді екендігі қарастырылып келеді [5].
Платонның пікірінше, ...барлық адамдар өзінің қабілеттілігімен тіптен әр түрлі: біреулер басқару үшін, басқалары көмектесу үшін, ал қалғандары жер шаруашылығы мен қолөнер үшін туғандар [5].
Аристотельдің пікірінше, қабілеттерді тұлғаның сапасын, оның іс-әрекетінің сапасын анықтаушы ретінде қарастыруға болады [5].
Ежелгі грек философы Сократ оқушы бойында болатын қабілеттерге ерекше мән берген. Ол өз оқушыларының қабілеттерінің дамуына үнемі қамқорлық жасап отырғандығын оларға ешқандай дайын ұсыныстар бермей, "ақиқатқа жетуді" өздеріне тапсырғанын байқауға болады. Бұл әдіс "сократтық" әдіс деп аталған [5].
Испандық дәрігер Хуан Уарте адам қабілеттерінің шектеулі екенін, сол себепті ол әртүрлі әрекеттерді бірдей нәтижелі орындауы мүмкін еместігін айтса, бұған керісінше педагог-гуманист Я.А. Коменский оқыту арқылы оқушыда әртүрлі қабілеттерді қалыптастыруға болады деген идеяны ұсынады [6].
Өз заманындағы сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп Баласұғын өзінің "Құтты білік" атты еңбегінде жан-жақты дамыған адамды, барлық қабілеттері дамыған "толық пішімді адам" дей келе, оған жетудің жолы білім, ғылым екенін атап көрсеткен. Адамның ақыл-парасаты барлық нәрсенің мән-мағынасын түсінуге қабілетті деген пікір айтқан [7].
Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны жолына жеткізу мәселесіне бірнеше еңбектер арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби, қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында жеткізе алмайтындығына, оларды бағыттау, тәрбиелеу, дамыту керек екендігіне тоқталған.
Абай Құнанбаев "...жан қуаты әуелден кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам ол қуатын зор айтады, ескерусіз қалса, ол куаттар жоғалады, не аз-мәз нәрсе болмаса, үлкен ешнәрсе жарамайтын болады. Адам ішіп-жеп тән куатын ғана ойламай, жан қуатын да жетілдіруі үшін қам жеуі керек", деп тұжырымдайды [8. 251]. Бар өмірін ағарту, тәлім-тәрбие саласына сарп еткен, осы қызметті өз өмірінің негізгі арқауы деп санаған педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсарин арнайы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кісі. Әйтседе оның алуан сындарлы ойға толы шығармаларынан әлеуметтік, балалар және психологиялық-педагогикалық мәселелерге орайлас айтылған әртүрлі қызықты деректер кездеседі. Мысалы әңгімелерінде адамның тағдыры туысынан белгіленбейтіндігін, адамдық қасиеттердің, қабілеттердің қалыптасар жері өмір талқысы, әрекет ету екенін ескертеді [9.38].
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдарды, еңбектерді талдай келе, адам бойындағы табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келуге болады.
Философияда "қабілеттерді" тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық - тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен [7.525].
"Қабілет" ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. Қабілеттер білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері [10]. "Қабілеттер іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті" т.б. [11].
Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде 2 топқа белуге болады. Біріншілер қабілеттер мәселесін теориялық тұрғыдан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын зерттейді.
Қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубенштейн іс-әрекеттің қабілет дамытудағы ролін нақтылады [12]. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі категория біртұтастықта қарастырылатын болды.
Ерекше тоқталуды қажет ететін қатарға Б.М.Теплов және оның шәкірттерінің еңбектері жатады [13]. Олар қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың роліне ерекше назар аударады. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге қарсы, туа берілетін табиғи алғы шарттар, яғни нышандар деп қорытындылайды.
А.Н.Леонтьев басқа авторлардың қабілеттерге берген анықтамаларына қосыла отырып, оларды дамытудағы әлеуметтік жағдайлардың шешуші ролі болатындығына назар аударады [14]. Барлық психикалық қасиеттер сияқты, қабілеттер де алдыңғы ұрпақтар тәжірибесін меңгеруде қалыптасып, дамып отырады деген идеяны алға тартады.
Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б.Г.Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады [15].
Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ таланттылық жайлы мәселе көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің көпқырлылығын айтады.
Б.Г.Ананьевтің пікірі бойынша нышан қабілеттердің алғы шарты және олар тек іс-әрекетте ғана қабілетке айналады [15].
Оқушы бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н.С.Лейтес қабілетке "іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетісіктерге жеткізетін психологиялық қасиет" деген анықтама береді [16].
Ақыл-ой қабілетінің алғы шарты белсенділік және өзін-өзі реттеу деген қорытынды жасайды.
К.К.Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның ерекшеліктерімен байланыста қарастырады. Ақыл-ой қабілетінің кейбір компоненттерін анықтайды.
Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В.Кузьмина оның құрамының 3 түрлі қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетеді.
Қабілеттер жайлы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бұл проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отырғандығын және оларда соншалықты қарама-қайшылықтардың жоқ екенін байқауға болады. Аталған еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес қосады.
Қабілеттер проблемасы - оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Қабілеттер туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып отырады. Қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Оқушы бойындағы жалпы және арнайы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады.
Қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік - адамның әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі - деп жазады академик Т.Тәжібаев [11.54]. Бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік оның келешек көрсеткіші екендігін айтады.
Бейімділік пен қабілеттің соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тіпті бірінен-бірін ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен бейімділік ұмтылу, ал қабілет - мүмкіндіктер - дейді көрнекті психолог Н.С.Лейтес [16.117]. Оқушының бейімділігін тәрбиелей отырып, оның жалпы қалыптасуына, ақыл-ойының өсуіне жағдай жасауға болатындығына тоқталады.
Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталуға болады.
Бірінші - адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей еместігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетінің болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды ұнатады. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттер де әртүрлі болады. Мәселен: математикалық қабілет басым оқушыларда ойлау операцияларының тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің ара-қатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапалармен ерекшеленеді.
Екінші - адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әртүрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер айтылады. Ғалымдар, керісінше көзқарастардың бар екеніне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндіктерінің бар екенін дәлелдейді.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдёйді:
1. Репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
2. Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Зерттеу жұмысының негізгі категорияларының бірі Шығармашылық
ұғымының мәнін анықтауымыз қажет.
Шығармашылық деген сөздің сырына үңілсек, "Шығармашылық" сөзінің төркіні - "шығару", "іздену", "ойлап табу" дегенге келіп саяды. Ол тарихи қоғамдық мәні бар, жаңалық ашатын адамның әрекеті. Ол - адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл-ой мен сезімнің, қиялдың ерекше бітімінен көрінеді.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адамның өз болмысын тануына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру - білімнің ең маңызды мақсаты.
Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған [19]. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол окушының психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді [20]. Бұл пікір бүтінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды болып табылады.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Yenзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген оқушыны көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
В.В.Давыдов жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты деп есептеген [21]. Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсе - туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады [22].
Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер, әрі психолог А.Н.Луктың еңбектері ерекше назар аударуды қажет етеді. А.Н.Лук әрекеттің нәтиженің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады.Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту - көп аспектілі және күрделі проблема. Педагогика және психология ғылымында қабілеттіліктің табиғаты мен шығармашылық ұғымы жайында әртүрлі көзқарастар бар. Шығармашылық қабілет деп белгілі бір бағыттагы білім, іскерлік, дағдыны ғана емес, сонымен қатар олардың тез қабылдануын, бекітілуін және практикада қолданылуын да айтады. Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс барысында дамытылатын тұлғаның шығармашылығы мен шығармашылық қабілеттерінің зерттелуіне ерекше көңіл бөлудің қажеттігін көрсетеді [23].
В.В.Давыдов оқушының шығармашылығын қалыптастыру үшін, ең алдымен оқушы қиялының қалыптасуына көмектесу қажет деп атап көрсеткен [21].
Л.С.Выготский жаңа бейнені құрастыру үшін ойлау, қиялдау, еркіндік арасындағы өзара ішкі байланысты ұйымдастыру қажет деп жазды. Ол өзінің еңбегінде қандай да бір жаңа затты жасау мен шығаруда қабілетті дамыту шығармашылық ақыл-ойды түзу, шығармашылық іс-әрекет өнімінің екі жақтылығын ашып көрсеткен [19]. Бізді қоршаған барлық заттар адамның қолымен жасалған, барлық әлем мәдениеті, табиғат әлемінен бөлек - осының барлығы адамның шығармашылығы мен қиялының өнімі.
Л.С.Выготский шығармашылық адамның өмір сүру жағдайының бәріне керек ескіліктің мөлшерінен тыс шығу және жаңаны қорытындылаумен қажет деп түсінді. Мұлдай жағдайда шығармашылықты дамытуды ерте жастан оқушыны үйретумен бірге бастау қажет екендігі жөнінде айтуға болады. Л.С.Выготский оқыту мен шығармашылықтың өзара байланысы ережесін түсіну үшін қиялдау мен шындықтың байланысы өте маңызды екенін атап өтті [21].
Л.А.Парамонов оқытудың мазмұнды жағын талдағанда, оқушы шығармашылығын дамыту үшін бейнелі негізі бар әрекеттің өнімді түрлерін ерекше атап көрсетеді [20]. Бұл әрекеттер тек қана білімді игере алу мақсатында ғана емес, біліктілікті қалыптастыру, сонымен бірге оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жетістікпен қолдануға болады.
Шығармашылық - бұл эмоционалды қаныққан процесс, қиялдау образдарын іске асыруда белсенді ұмтылыс. Шығармашылықтың бейнеті болып өзіне интеграциялық түрде аффект, интеллект және ерікті енгізеді. Осыларды шығармашылықтың алғашқы қозғалысы және дұрыс негізі деп жазды Л.С.Выготский. Оның пікірінше, қиялдау, ойлау, елестету мен оқушы шығармашылығын дамытудың өзара байланыс - тұлғаның шығармашылығын дамытуга бағыттайтын білім беруді ұйымдастырудагы негізгі жетекші принцип.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендік;
- ақпаратты жүйке жүйесіне код арқылы хабарлау;
- тасымалдай білу;
- ақылдың икемділігі, ойдың оралымдылығы;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.
В.И.Андреевтің зерттеу жұмысы мектепте, орта және жоғары оқу орнында шығармашыл тұлға тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің диалектикасына арналады [24]. Бұл проблеманың зерттелуінің методологиялық ауқымын, диалектикалық кедергілерді анықтайды. Шығармашылық педагогикасының заңдылықтары мен принциптеріне тоқталады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің ерекшеліктері, оларды дамытудың жолдары мен әдістері А.А.Мелик-Пашаевтың, Шубинскийдің, Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады [25]. Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі дарындьшық, таланттылық мәселесінің теориясына терең бойлаған В.Э.Чудновский, В.С.Юркевич, И.П.Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс түрлері, дарынды, талантты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен бөлісіп ұсыныстар береді [26]. Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандровтың зерттеулерінде, ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады [27].
Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде, шығармашылық қабілеттердің белгілерін анықтау, шарттарын айқындау, жолдарын, құралдарын белгілеу сияқты ортақ идеялардың бар екенін көруге болады.
Сонымен, шығармашылық қабілет ұғымының соңғы уақыттарда көптеген зерттеулердің негізі арқауы болғанын көруге болады. Шығармашылық туралы айтылған ойлар мен жасалған тұжырымдамаларды талдай отырып, оны мына төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті деген қорытынды жасауға болады:
- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы.
Бұдан шығар қорытынды: шығармашылық қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті -деген тұжырым жасауға болады. Оқушының шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық.
Шығармашылық педагогикасына арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, оқушыларға тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастыруға болады:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3. Шешімнің жарқ етуі.
4. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде окушы бойында әртүрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі бас қатырулар, табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырса, еңбектің нәтижесі, оқушыны жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы окушыларда болуға тиісті қасиеттер болып табылады.
Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі керісінше уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр оқушының бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы. Шығармашылық процесс оқушының ақыл-ойын, қабілеттерін дамытатын болса, келесі кезекте даму категориясының мазмұны мен мәніне тоқталу қажет.
Даму ұғымы философиялық сөздікте ...мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, - деп түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Терістеу-дамудың қозғаушы күші. Терістеу - белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері оқушының даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл - ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің оның барлық жүйесі құрылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері,олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Оқушының даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.
А. Олахтың айтуы бойынша шығармашылық адамдарға төмен дегідей жеке адамдық қасиеттер тән [28].
1. Дербестік -- өз жеке басының стандарты топ стандартына құнды, бағалауда және пікір таласта конформ жоқ жағдай.
2. Ақыл-ойының ашықтығы өзінің және өзгелердің фантазиясына сенуге дайындық, жаңа және әдеттен тыс нәрсені қабылдағыштығы.
3. Айқын емес және шешілмеген жағдайларға жоғары қызығушылық, бұл жағдайларда конструкциялы белсенділік.
4. Эстетикалық жоғары сезім, сұлулыққа тырысушылық.
Креативтер креативті еместерге қарағанда ұстамды және өзгелерден бөлектеу жүреді, абстрактілі ойлауға қабілетті және едәуір интеллектуалды, лидерлікке бейім, біршама тұрақты, ережені едәуір сақтаушы, әлсуметтік мықты, сезімтал, қиялы бай болып келеді [28].

Кесте 1 Воллах жене Коган бойынша әртүрлі деңгейлердегі интеллект пен шығармашылық қабілеттің айырмашылыгы бойынша окушылардың жеке басының ерекшеліктері [29].

Интеллект

Жоғары Төмен
Ш
Ы
Ғ
А
Р
М
А
Ш
Ы
Л
Ы
Қ
Қ
а
б
і
л
е
т
Т
ө
М
Е
Н
Өз мүмкіншілігіне сенімділік. Өзін-өзі жақсы бақылау. Жақсы әлеуметтік интеграция. Зейінін тұрақтатуга жоғары қабілет және барлық жаңа нәрсеге үлкен қызығушылық.

Әлем туралы және мектеп талаптары туралы өз ой арасындагы үнемі конфликт. Өзіне сенімділіктің жеткіліксіздігі Айналасындағылардың берген бағасына қорқыныш

Ж
О
Ғ
А
Р
Ы
Оқуда жоғары нәтижеге жетуге бағытталған энергия. Сәтсіздікті катастрофа ретінде қабылдау. Өз ойын білдіруге және бел бууға тартыншақтық қарым-қатынастың төмендігі. Өзін-өзі бағалаудағы қорқыныш.

Сырттай көрінісі болса да өмірге жақсы бейімділігі мен қанағаттануы. Интеллектінің жеткіліксіздігі әлеуметтік қарым-қатынаспен немесе бірқатар пассивтілігімен компенсацияланады.

Е.П.Торренстің [30] интеллект креативтіліктің ең негізгі базасы, интеллектуал адам шығармашыл адам болуы мүмкін, бірақ интеллектісі темен деңгейдегі адам ешқашан креативті бола алмайды деген тұжырымдамасына келісе отырып, мұны эксперименттік зерттеулерге психологиялық бағыттың негізде ұстандық. Жас ерекшеліктік даму барысында меңгерушілік -- бұрынғы кезеңцердегі нақты жетістіктерді жоғалтуы мүмкін. Жалпы қабілеттің қалыптасуы үшін, тек ақьл-ой деңгейі ғана аса қажет емес, сондай-ақ оку тәрбиелік әсердің жас ерекшелігінің де мәні зор. Мысалы, бастауыш мектеп оқушысына әсерленгіш, жеткіншектің өзіндік шешімге келгіштікке бейімділігі -- ақыл-ойдың өзіндік ерекшелігіне, терең, із калдырады - деп көрсетеді Н.С.Лейтес[16]. Сонымен, әртүрлі балалардағы қабілеттің сапалы өзіндік үйлесімділіктердің арқасында кез-келген шығармашылыққа оның жеке даралығы мен өзіндік ерекшеліктігі тең болады. Сондықтан балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында, оларда көрінген сапалы өзіндік қабілеттері мен дарындылықтарына мән берілуі керек, бастауыш сыныптың оқушыларына жеке даралық әсер етудің әртүрлі жазба жұмыстарын, әдістерін қолдана отырып, оны дамыту қажет.
Бастауыш мектеп окушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің творчестволық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні - оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын , тарихи қоғамдық мәні бар , жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған [19]. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды [20]. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалықпен қатар бастамалылық,белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр. Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, мына төмендегідей тұжырымдарға келуге болады:
- Шығармашылық өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
- Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтылуда.
- Шығармашылыққа деген қажеттілік- күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.
- Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты. Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның әрекет ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады әрі қарай дамиды.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді. А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу қабілеттерін атайды. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады [31.52].
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының іс-әрекетін, дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін, мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға тікелей байланысты.
Шығармашылық қабілет танымдық іс-әрекетке тұрақты қызығушылық пен оны қажетсіну, белсенділік пен ізденімпаздық нәтижесінде, сондай-ақ нәтижеге жетуге деген мақсаткерлік ұстаным арқылы қалыптасып дамиды.
Ғалымдардың тұжырымдамаларынан, ғылыми еңбектер мен ізденістер нәтижелерін саралай отырып, шығармашылық іс-әрекеттер қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады және жас ұрпақтың дамуына әсерін тигізетін адами құндылық деуге болады.
Шығармашылық іс-әрекет - оқушының өзіндік танымдық қажеттіліктерін, өз мүмкіндіктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін, білім мен әрекеттің әдістерін меңгеруде, жаңа нәтижеге жетуге мақсатты бағытталған іс - әрекеті.
Шығармашылық іс-әрекет оқушының білім деңгейі мен сапасына, даму деңгейіне, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына және оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын, жетістіктерін әрдайым демеп отыратын мұғалім іс әрекетіне тікелей байланысты.
Шығармашылық іс-әрекет білім мен іскерлік, біліктілік тәжірибесінен көрінеді. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті құрылымын былай көрсетуге болады: қажетсіну, қызығушылық, белсенділік, ізденімпаздық, дербестік. Мұны мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті құрылымның іргетасы ретінде қарастыруға болады. Себебі мұғалімнің ғана бағыттаушылық, педагогикалық іс-әрекеті негізінде ғана нәтижеге жетуге мүмкіндік болады, оны аталған іс-әрекеттен бөліп қарастыруға болмайды.
В.И.Слободчиков оқушы өміріндегі басты оқиға - өзіндік Менін ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін өз өмірбаянының жасаушысы ретінде сезіну деп есептейді. Бұл мағынада оқушының шығармашылық әрекеті өзінің жеке қарым-қатынасын қалыптастыруға және өзін осы қатынастың өнімі ретінде қарастыруға бағытталған. Бұл мәселе дұрыс шешімін табуы үшін В.И.Слободчиков келесі психология-педагогикалық талапты ескертеді: Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы,оқушы мен ересек адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің пайда болуы [32]. Шығармашылық әрекет бұл жерде ересек адам мен жасөспірімнің кездесуі, бірлескен іс-амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында жасөспірімнің ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін иемденетін әрекет түрі болып табылады. Яғни ересек адаммен бірлесе отырып, қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сомдай білу негізгі мектеп оқушыларының шығармашылық әрекетінің моделінің бір бөлігі болып табылады. Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты - оқушыда өз жеке білім траекториясын таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталуы қажет. Шығармашылық іс-әрекет - оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Бұл факторларды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ескерген жөн. Мысал ретінде Ю.Г.Юдинаның ұсыныстарын келтіруге болады. Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипатамаларын және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіліктерін Ю.Г.Юдина мына түрде қарастырады:
1.Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі: оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру.
2.Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу.
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы окушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі-бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал, кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: окушы өзін белгілі-бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған сол пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі [32].
Шығармашылық іс-әрекеттің негізгі белгілері адамның жемісті тіршілігін қамтамасыз ете отырып, оның қабілеттіліктеріне негізделеді. Тұлғаның белгілі-бір әрекетке қабілеттілігі қаншалықты жоғары болса, соншалықты бойында сол іс-әрекетке қызығушылығы көп артады.
Шығармашылық іс-әрекет - мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы аталған мәселені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары
Пәндер