М.Мағауин – қазақ әдебиетін зерттеуші



Мазмұны

Кіріспе 6
1 М.Мағауиннің қаламгерлік қыры 8
1.1 Орта көлемді шығармаларындағы ұлттық болмыс 8
1.2 М.Мағауин романдарындағы тарихи шындық 22
2 М.Мағауиннің зерттеулеріндегі ХV.ХVІІІ ғасырлардағы
қазақ әдебиеті 38
2.1 Ғалым әдебиеттану арнасында 38
2.2 Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі 40
2.3 Хандық дәуір әдебиетін зерттеуі 45
2.4 Бес ғасыр белестері 53
Қорытынды 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин шығармашылығы сан қырлы. Соның бірі әдебиетші, ғалым ретіндегі тұлғасы. Белгілі бір кезеңнің әдеби процесін ғалымдарымыз бүгінгі уақыт биігінен қарап, таразылап, қорытындылап жатқан болса, оның ішінде әдебиеттану ғылымыда қамтылу керек. Онсыз сол кезеңнің әдеби процесін түгел қамтып, тұтас тану мүмкін емес.
Әдебиетші, ғалымның соныңда қалдырған сала-сала еңбектерінің қайсысы болса да бүгінгі ғылым үшін көкейкесті. Бұл ретте «Қобыз сарыны», «Ғасырлар бедері» монографияларымен қатар «Алдаспан» антологиясы, «Поэты Казахстана», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарын құрастыруы ұлттық әдебиетімізде үлкен мәнге ие болды. Міне, ғалымның бұл еңбектерінен ерекше мол ізденіс аңғарылады. Мұхтар Мағауин шығармашылығы өзінің батыл жаңалығымен, ғылыми тереңдігімен әдебиет жұртшылықтың назарын бірден аударды. Сондықтан да жұмысымыздың өзіктілігі осындай мәселелерден туындайды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жазушы – халық өмірінің шежірешісі ғана емес, бақылаушысы әрі барлаушысы. Қайратты қаламгер қай тақырыпқа қол артса да, өзінің идеялық-эстетикалық мұратын бейнелеуге ұмтылады. Өнердің өмірмен өзектестігінің, ілгерішілдігінің бір тармағы осы болар. Байсалды проза туындысының көркемдік деңгейі оның жұрт көзіне көп шалына бермеген тақырып, иә обьектіге із салуында емес, қайта соны фон ретінде пайдаланып, терең тұжырымды тосын сипатта толғап, толыққанды тұлғалар арқылы таныта алуында. Екінші жағынан ғалым ретінде қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихын бір жүйеге түсірді. Осы мәселелерді қатар алып жүрген жазушы, ғалымның шығармашылық жолына жүйелі барлау жасау жұмысымыздың ғылыми бағытын айқындайды.
Дипломдық жүмысымыздың мақсаты. Әдебиетші ғалым, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын негізге ала отырып, әдебиетші мен ғалымдықты қатар алып жүрген қаламгердің шығармашылық жолын ғылыми тұрғыдан, жүйелі түрде қарастыру болмақ. Осыдан келіп, мынадай міндеттер туындайды:
- М.Мағауин алдымен ғалым ретінде танылды ма, әлде жазушы ретінде танылды ма;
- Автор жазушылық пен ғалымдықты қалай ұштастырды;
- Зерттеушінің қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудегі еңбегінің маңызы;
- Ғалымның әдебиет зерттеушісі ретіндегі ұлттық әдебиетіміздің тарихын зерделеудегі атқарған қызметі қандай.
Зерттеу нысаны. Мұхтар Мағауиннің қазақ прозасында алар орны дара. Оның «Аласапыран» атты тарихи роман-дилогиясы – бүгінгі тарихи прозаның ең озық туындылары қатарынан саналатын көркем шежіре. Оның «Көк мұнар» [1], «Аласапыран» [2], «Шақан шері» [3], «Сары қазақ» [4], «Шыңғыс хан» [5] романдары, «Бір атаның балалары» [6], «Тазының өлімі», «Қара қыз», «Мәңгілік күй», «Өмір жыры», «Жыланды жаз» повестері мен «Әйел махаббаты», «Көк кептер», «Қияндағы қыстау», «Иесіз», «Шешей» әңгімелері төл әдебиетіміздің пайымдық-парасаттық деңгейін тереңдеткен, көркемдік-бейнелеушілік деңгейін биіктеткен сүбелі үлес болды. Біз бұл шығармаларға да шолу түрінде тоқталып өтеміз. Бұдан соң ең негізгі қарастыратынымыз ғалымның «Қобыз сарыны», «Ғасырлар бедері», «Алдаспан» антологиясы, «Поэты Казахстана», «Бес ғасыр жырлайды» еңбектері болып табылады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Айтар ой, идеясын тың дерек, тосын тәсілмен шиыршық аттыра жеткізу – жазушы Мұхтар Мағауиннің қаламына тән машық. Осылай әрі ғалым, әрі жазушы М.Мағауин – екі қиын өнердің тізгінін қатар ұстап келе жатқан қаламгер.
М.Мағауиннің әдебиет тарихшысы ретіндегі ізденісінің, қалыптасу жолы ерекше. Бұл тұрғыда «Қобыз сарыны» монографиясының маңызы зор. «Қобыз сарыны» кітабы ғылым жолында, талпыныста жүрген жас шағында, бетін саясат бүркеп, тарихтың қалың қатпарында көміліп қалған, біреу біліп, біреу білмейтін, білгеннің де жүрегі дуалап ауызға алуға дәті бармайтын XV-XVIII ғасырлардағы баба-жыраулар есімін жаңғыртып, сөздерін тірілтуімен құнды. Сонымен қатар ең басты құндылығы, XIX ғасырдан әріге көз сала алмай жүрген шақтағы бұл зерттеу қазақ әдебиетінің, қазақ тарихының тұтастай ұлт мәдениетінің бастауын үш ғасырға ілгерілеп, ұзартуы. Әдебиетшінің осы еңбегін ғылымдағы ерлік деп айтуға болады. Бұл «Қобыз сарыны» монографиясы ғалымның айтуынша кейін барлық кітабының нәр алған қайнар бұлағы еді.
Шындығында, аталған зерттеудің қазақ руханиятындағы маңызы ерекше еді. Өйткені қазақ әдебиеті тарихының XV ғасырдағы жыраулар мұрасы, олардың ғажайып поэзиясы ұлтымыздың төлтума сөз өнерін жаңа қырынан танытты. Сонымен, бұл бағыттағы қайсар ізденісі «Алдаспан» антологиясын құрастырумен жалғасын тапты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Мағауин М. Көк мұнар. –Алматы: Жазушы, 1972. –218 б.
2 Мағауин М. Шақан шері. – Алматы: Рауан, 1993. –191 б.
3 Мағауин М. Сары қазақ. –Алматы: Жалын, 1991. –211 б.
4 Мағауин М. Аласапыран. І кіт. –Алматы: Жазушы, 1981. –368 б.
5 Мағауин М. Шыңғыс хан // Жұлдыз. 12. ХІ. 2008 – 29. І. 2011.
6 Мағуаин М. Бір атаның балалары. –Алматы: Жазушы, 1980. – 168 б.
7 Мәмесейітов Т. Зерделік айнасы: Әдеби сын. –Алматы: Жазушы, 1988. –282 б.
8 Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік: Сын мақалар, портреттер, эссе. –Алматы: Жазушы, 1993. – 375 б.
9 Мүсірепов Ғ. Әдебиет – кәсіп емес, өнер. Ойлар, толғаныстар. –Алматы: Жалын, 1987. – 264 б.
10 Мағауин М. Екі томдық тандалмалы шығармалар. –Алматы: Жалын, 2 том. 1990. – 365 б.
11 Ғабдуллин И Замандас келбеті: Қазіргі қазақ прозасы жайында зерттеу. –Алматы: Жазушы, 1972. – 213 б.
12 Мағауин М. Өмір жыры: Өнер адамдар туралы әңгімелер мен хикаяттар. –Алматы: Өнер, 1994. – 247 б.
13 Егеубаев А. Құлабыз. –Алматы: Жазушы, 2001. – 216 б.
14 Серікқалиев З. Жан дауа. – Астана: Елорда, 2008. – 400 б.
15 Бөпежанова Ә. Мәдениет – жасампаз сана. – Алматы: Жібек жолы, 2008. – 224 б.
16 Әшімбаев С. Сын мұраты. Әдеби сын. –Алматы: Жазушы, 1974. –211 б.
17 Ғабдуллин Н. Замандас келбеті. –Алматы: Жазушы,1972. – 193 б.
18 Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. –Алматы: Жазушы, 1984. – 412 б.
19 Бердібаев Р. Қазақ романы.-Алматы,1975.
20 Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. –Алматы: Ана тілі, 1991. – 218 б.
21 Сыдықов Т.Қазақ тарихи романы. –Алматы: Рауан, 1996. – 272 б.
22 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. –Алматы: Қазақ университеті, 1996. – 302 б.
23 Жұмаділов Қ.М.Мағауин туралы сөз // Қазақ әдебиеті, 2008, №15. 7 наурыз.
24 Аханбайқызы А. «Мен» болмаса, мінезді шығарма туар ма?» // Жас алаш, 2002, 16 мамыр.
25 Шүкірұлы С. Мұхтардың Мені. // Ана тілі, 2000, 20 қаңтар.
26 Сейдахметова Ж. Әдеби тұлғаның адамгершілік әлемі. // Ұлт тағлымы, 1999, №6. – Б.83-89.
27 Тұрышев А. Шақан шерінің жан айқайын кім естиді? // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2000, №1. – Б. 78-83.
28 Шүкірұлы С. Ұмтылып өскен азамат немесе даналық дәрістер // Республика, 2001, №6.
29 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2 кітап. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 455 б.
30 Жұмаділов Қ. Қалың елім, қазағым... –Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2000. – 341 б.
31 Бердібаев Т. Абайдын суреті // Ана тілі, 2000, 20 қантар.
32 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Қысқаша очерк: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Білім, 1998. – 352 б.
33 Жұмабеков С. Сын пернесі: Мақалалар, сұхбаттар, эсселер. –Алматы: Жазушы, 1989. – 109 б.
34 Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 216 б.
35 Тоқбергенов Т. Аймүйіз: Портреттер, Эсселер. – Алматы: Жалын, 1990. -298 б.
36 Мағауин М. Мен: Ғұмыр баяндық хамса. – Алматы: Жалын, 1998. – 325 б.
37 Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 528 б.
38 Сүйіншалиев X. Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері (ерте дәуірден XIX ғасырдың аяғына дейін) Ред. басқарған Ә.Х.Марғұлан. –Алматы: Қазақстан, 1967. – 387 б.
39 Сартаева Д.Қ. Бейсембай Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. –Алматы, 2009. – 21 б.
40 Алдаспан. Көне қазақ поэзиясының антологиясы. Құрастырып, баспаға
әзірлеген, алғы сөзін, түсініктерін жазған Мұхтар Мағауин. –Алматы: Жазушы, 1971. -347 б.
41 Мағауин М. Қобыз сарыны. ХV-ХVІІІ ғасырлардан жасаған қазақ ақын, жыраулары. Монография. –Алматы: Жазушы, 1968. – 254 б.
42 Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық /Құрастыр: М.Мағауин, М.Байділдаев. –Алматы: Жазушы, 1989. – 376 б.
43 Есенберлин І. Жан сырым: Ойлар, нақыл сөздер. Естеліктер. –Алматы: І.Есенберлин атын. қор, 2001. – 218 б.
44 Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Деректі толғам. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 208 б.
45 Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 193 б.
46 Мағауин М. Ғасырлар бедері: Әдеби зерттеулер. –Алматы: Жазушы, 1991. – 354 б.
47 Абай. Энциклопедия (Бас. ред. Н.Р.Нұрғалиев; ред.алқасы: З.Ахметов, Л.М.Әуезова, Б.Г.Ерзакович, т.б.). –Алматы: «Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы» Атамұра баспасы, 1995. – 692 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 6
1 М.Мағауиннің қаламгерлік қыры 8
0.1 Орта көлемді шығармаларындағы ұлттық болмыс 8
1.2 М.Мағауин романдарындағы тарихи шындық 22
2 М.Мағауиннің зерттеулеріндегі ХV-ХVІІІ ғасырлардағы
қазақ әдебиеті 38
2.1 Ғалым әдебиеттану арнасында 38
2.2 Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі 40
2.3 Хандық дәуір әдебиетін зерттеуі 45
2.4 Бес ғасыр белестері 53
Қорытынды 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин шығармашылығы сан қырлы. Соның бірі әдебиетші, ғалым ретіндегі тұлғасы. Белгілі бір кезеңнің әдеби процесін ғалымдарымыз бүгінгі уақыт биігінен қарап, таразылап, қорытындылап жатқан болса, оның ішінде әдебиеттану ғылымыда қамтылу керек. Онсыз сол кезеңнің әдеби процесін түгел қамтып, тұтас тану мүмкін емес.
Әдебиетші, ғалымның соныңда қалдырған сала-сала еңбектерінің қайсысы болса да бүгінгі ғылым үшін көкейкесті. Бұл ретте Қобыз сарыны, Ғасырлар бедері монографияларымен қатар Алдаспан антологиясы, Поэты Казахстана, Бес ғасыр жырлайды жинақтарын құрастыруы ұлттық әдебиетімізде үлкен мәнге ие болды. Міне, ғалымның бұл еңбектерінен ерекше мол ізденіс аңғарылады. Мұхтар Мағауин шығармашылығы өзінің батыл жаңалығымен, ғылыми тереңдігімен әдебиет жұртшылықтың назарын бірден аударды. Сондықтан да жұмысымыздың өзіктілігі осындай мәселелерден туындайды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жазушы - халық өмірінің шежірешісі ғана емес, бақылаушысы әрі барлаушысы. Қайратты қаламгер қай тақырыпқа қол артса да, өзінің идеялық-эстетикалық мұратын бейнелеуге ұмтылады. Өнердің өмірмен өзектестігінің, ілгерішілдігінің бір тармағы осы болар. Байсалды проза туындысының көркемдік деңгейі оның жұрт көзіне көп шалына бермеген тақырып, иә обьектіге із салуында емес, қайта соны фон ретінде пайдаланып, терең тұжырымды тосын сипатта толғап, толыққанды тұлғалар арқылы таныта алуында. Екінші жағынан ғалым ретінде қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихын бір жүйеге түсірді. Осы мәселелерді қатар алып жүрген жазушы, ғалымның шығармашылық жолына жүйелі барлау жасау жұмысымыздың ғылыми бағытын айқындайды.
Дипломдық жүмысымыздың мақсаты. Әдебиетші ғалым, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын негізге ала отырып, әдебиетші мен ғалымдықты қатар алып жүрген қаламгердің шығармашылық жолын ғылыми тұрғыдан, жүйелі түрде қарастыру болмақ. Осыдан келіп, мынадай міндеттер туындайды:
М.Мағауин алдымен ғалым ретінде танылды ма, әлде жазушы ретінде танылды ма;
Автор жазушылық пен ғалымдықты қалай ұштастырды;
Зерттеушінің қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудегі еңбегінің маңызы;
Ғалымның әдебиет зерттеушісі ретіндегі ұлттық әдебиетіміздің тарихын зерделеудегі атқарған қызметі қандай.
Зерттеу нысаны. Мұхтар Мағауиннің қазақ прозасында алар орны дара. Оның Аласапыран атты тарихи роман-дилогиясы - бүгінгі тарихи прозаның ең озық туындылары қатарынан саналатын көркем шежіре. Оның Көк мұнар [1], Аласапыран [2], Шақан шері [3], Сары қазақ [4], Шыңғыс хан [5] романдары, Бір атаның балалары [6], Тазының өлімі, Қара қыз, Мәңгілік күй, Өмір жыры, Жыланды жаз повестері мен Әйел махаббаты, Көк кептер, Қияндағы қыстау, Иесіз, Шешей әңгімелері төл әдебиетіміздің пайымдық-парасаттық деңгейін тереңдеткен, көркемдік-бейнелеушілік деңгейін биіктеткен сүбелі үлес болды. Біз бұл шығармаларға да шолу түрінде тоқталып өтеміз. Бұдан соң ең негізгі қарастыратынымыз ғалымның Қобыз сарыны, Ғасырлар бедері, Алдаспан антологиясы, Поэты Казахстана, Бес ғасыр жырлайды еңбектері болып табылады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Айтар ой, идеясын тың дерек, тосын тәсілмен шиыршық аттыра жеткізу - жазушы Мұхтар Мағауиннің қаламына тән машық. Осылай әрі ғалым, әрі жазушы М.Мағауин - екі қиын өнердің тізгінін қатар ұстап келе жатқан қаламгер.
М.Мағауиннің әдебиет тарихшысы ретіндегі ізденісінің, қалыптасу жолы ерекше. Бұл тұрғыда Қобыз сарыны монографиясының маңызы зор. Қобыз сарыны кітабы ғылым жолында, талпыныста жүрген жас шағында, бетін саясат бүркеп, тарихтың қалың қатпарында көміліп қалған, біреу біліп, біреу білмейтін, білгеннің де жүрегі дуалап ауызға алуға дәті бармайтын XV-XVIII ғасырлардағы баба-жыраулар есімін жаңғыртып, сөздерін тірілтуімен құнды. Сонымен қатар ең басты құндылығы, XIX ғасырдан әріге көз сала алмай жүрген шақтағы бұл зерттеу қазақ әдебиетінің, қазақ тарихының тұтастай ұлт мәдениетінің бастауын үш ғасырға ілгерілеп, ұзартуы. Әдебиетшінің осы еңбегін ғылымдағы ерлік деп айтуға болады. Бұл Қобыз сарыны монографиясы ғалымның айтуынша кейін барлық кітабының нәр алған қайнар бұлағы еді.
Шындығында, аталған зерттеудің қазақ руханиятындағы маңызы ерекше еді. Өйткені қазақ әдебиеті тарихының XV ғасырдағы жыраулар мұрасы, олардың ғажайып поэзиясы ұлтымыздың төлтума сөз өнерін жаңа қырынан танытты. Сонымен, бұл бағыттағы қайсар ізденісі Алдаспан антологиясын құрастырумен жалғасын тапты.
Диплом жұмысының негізгі нәтижелерін мектеп оқушылары әдебиет пәнінен факультатив сабақтар барысында, үйірме сабақтарда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қаламгердің ғылымға жолын ашып, үнемі қамқор болған профессор Б.Кенжебаевтан бастап көптеген жазушы-ғалымдар ой-пікірлерін білдіріп отырған. Оларды атап кететін болсақ: Қ.Жұмаділов, Н.Ғабдуллин, І.Есенберлин, Т.Тоқбергенов, Т.Мәмесейітов, А.Сейдімбеков, С.Әшімбаев т.б. болды. Бұлар жазушының шығармашылығының әр қырын талдап өте орынды пікірлер білдірген.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс құрылымы кіріспе және екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен құрылған.

1 М.Мағауиннің қаламгерлік қыры

1.1 Орта көлемді шығармаларындағы ұлттық болмыс

Қазіргі сөз зергерлерінің алдында жетелеп отыратын ортақ ой, ортақ мақсат бар. Ол - адамзатқа ортақ мәселе көтеру. Ол - жалпы адамзат мәселесін көтеру. Осы проблемаға келу жолы әдебиетте әр қилы. Алдымен шығарма ұлттық болуға тиіс. Жазушы жалпы адамзаттық проблемаға ұлттық қаһарман, ұлттық характерлер арқылы барады.
Ұлттық характер мәселесі характерден туындайды. Характерді эстеттер бұл күнде тарихи категория ретінде айқындайды. Ұлттық характер - әрбір халықтың тарих беделінде, түрлі өтпелі кезеңдерде қалыптасқан мінез ерекшелігі. Кейбір сыншылар ұлттық характерді көркемдік шарты ретінде алға ұстап, кейбір жазушылардың творчестволық өресін осы проблемаға қатынасы арқылы анықтауды міндетті деп есептейді.
Көркем шығармадағы ұлттық идея осы ұлттық характер арқылы, оның ұлттық санасы арқылы, танымы, көзқарасы арқылы көрінеді. Ендеше ұлттық характердің жасалу ерекшелігі автордың шеберлігіне сын болу керек.
Жазушының Жындыбас аталған әңгімесі де оқырманды ойға қалдыратын шығарма. Автор мұнда Жайсаң деген қарапайым шофердың іс-әрекетін көрсете отырып, өмірдің күрделілігін, оның адам баласына кездесер шым-шытырық жолдарының көп екенің пайымдатады. Ондай шым-шытырық жолға, кездескен қиындыққа жігіттің жігіті ғана шыдайды екен. Бұндай жігіт Жайсаң екеніне бірте-бірте көзіміз жете бастайды [7, 100]. Жазушының Сентябрьде деген әңгімесінде Айтбай дейтін қарияның жай-күйі шертіледі. Айтбайдың бүкіл өмірі ауылда өткен, сыртқа ұзап шықпаған қыр қазағы еді. Кемпірі қайтыс болады да, бір үйде жалғыз отыра алмай қаладағы баласы мен келінінің қолына барып тұрады. Олар қартты құрметтейді, сыйлайды, бірақ бұлардың үйдегі тәртібіне Айтбайдың көңілі онша көншімейді. Қарт осылайша қысылшаң күйге түседі. Автордың қаһарманның осы хал кезіндегі жан толғаныстары арқылы оның жүрегіндегі мол мейір мен зор әкелік махаббатты әңгімелейді.
Әңгіме идеясынан байқалатын мәселе - үлкеннің алдында ізет тұту, әдет сақтау. Ата мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы мәселе қазақ өмірінде жалпы үлкен орын алады. Сол қарым-қатынастардың сипаты дағдылы әдет-ғұрыпты, салтты паш етумен қатар, кісілердің адамгершілік әлемінде танытады, нақты уақыттың, белгілі ортаның сырын да ұқтырады. Міне, сондықтан әрқашан да әдептен озбау керек. Көркем шығарма сол ақиқатты таныта алмаса, оның эстетикалық әсер-қуаты сөз жоқ кем болады, қаһармандарының тағдыры оқырманды тебірентпейді. Ал автор әңгімесінде сол ақиқат жақсы көрініс тапқан.
Жалпы, Мұхтар Мағауиннің жоғарыда аталған әңгімелерінің көтеретін мәселелері - мораль проблемасы адам бойындағы қордаланған тоғышарлық жат қылықтар ардан ада жандардың мінездері мен психолоғиялары суреттеледі [8, 60]. Жазушы менменшілдік, өзімшілдік, мансапқорлық, эгоистік көзқарас, қатыгездік, сатқындық сияқты кеселдерді сынай отырып, адамның адамгершілік әлемін жоғары бағалайды. Автор өз шығармаларында адамның рухани сұлулығын кейіпкерлердің біреудің кайғысына ортақтаса білу, махаббатына адал болу, табиғатты сүю, қоғамдағы әртүрлі әділетсіздіктерге наразылық білдіруі арқылы ашып көрсетеді. Қаламгер қай шыгармасында болсын еркін отырады. Тақырыптары ұзақ-ұлаң емес, бүгінгі күніміздің іргелі сауалдарына толымды жауап береді. Ат үсті емес, терең жауаптар. Мұхтар Мағауин алған тақырыбын терең зерттеп алатыны байқалады деп жазады Ғабит Мүсірепов Әдебиет - кәсіп емес, өнер атты еңбегінде [9, 114].
Басқаны менсінбеу, өзін біреуден жоғары санау сияқты көзқарастардан көбінесе сол адам ғана емес, айналасындағылар зардап шегеді. Бұл жерден автордың Қара қыз әңгімесінен айтуға болады. Жеке басының мансабы мен жетістігін көздеген Бексейіт өз от басына көңіл бөлмейді. Бұл жағдай жас шаңырактың күйреуіне әкеледі. Басында сүттей ұйыған от басының шайқалуы кезінде өзі ұнатып қосылған жары Айгүлден алыстауына Бексейіттің жеке проблемасын себеп болып отыр. Ұзақ уақыт еңбектеніп жазған диссертациясының Алматыда қолдау көрмеуі Бексейітті Москваға барып жұмысын жалғастыруға итермелейді. Оның бойындағы мұндай табандылық алғашкыда оқырманды сүйсінтуі мүмкін. Алайда, осы жолда өз кара басынан басқа ешнәрсе толғантпай, ақырында биік мансапқа қолы жеткен тұста жасаған қылықтары Бексейітті оқырман алдында ақтап ала алмасы хақ.
Бексейіт диссертациясын Алматыда қорғар тұста сол кездегі ақсақал ғалымдардың жас ізденушілерге қолдау көрсеткеннің орнына жаппай қарсы шығуында да үлкен астар бар: бұл жерде біреудің жетістігіне қызғана қарайтын күншілдік сыр бергендей. Демек, қаһарманның жеке басындағы келеңсіздік қоғамның әлеуметтік әуенін ұқтырып тұрса керек.
Автордың келесі бір шығармасы Өмір жырының Ұшар алдындағы хикая немесе мәңгілік күй деп аталатын бөлімінде негізгі кейіпкер - суретші жалған тәкәпарлықтың құрбаны болады. Өмірлік махаббаты Әлияның алдында арзан спектакль ойнап, дәл сол сәтте ізгі сезімді таптауға жол берген суретші қылығының астарында қыз әкесіне ыза мен әлі де болса бойжеткен сезімімен ойнай түссем екен деген түсініксіз көкіректік жатыр.
Белгілі уақыт өткеннен кейін адам өз қатыгездігінің құрбаны болары даусыз. Жоғарыда айтқан Қара қыз әңгімесіндегі Бексейіттің Айгүлдің жазған хатын оқу үстіндегі толғанысы, суретші жайында автордың сөзімен: ...Ол өзінің жартылай ғана бакытты екенін жақсы білетін [10, 31], деген тұжырымы адам бойындағы эгоизм сияқты келеңсіздікке байланысты жазушының өзіндік поэзициясын айқын танытып отыр.
Адамның адамгершілік сұлулығын оның әрекетінен көреміз. Мәселен, аталмыш әңгімедегі Айгүл өзінің жан сұлулығымен оқырманды бірден баурап алады. Жас шағынан еңбектеніп үйренген ол жұмысының қандайынан болмасын қорықпайды. Керісінше, еңбек Айгүлдің жанын қуанышқа толтырады. Өйткені жасаған жұмысының нәтижесі отбасы үшін материалдық жетістіктің көзі болмақ. Алыста оқуда жүрген жары - Бексейіттің ақшадан таршылық көрмеуі Айгүл үшін өз қара басының жағдайынан әлдеқайда маңыздырақ. Айгүл Бексейітті шын сүйеді, өз сезіміне сенімді қандай болсын қиыншылықты көтеруге әзір. Жас келіншек жарының жасаған әрбір жағымсыз қылығына кешіріммен қарайды. Бұл Айгүл жүрегінің тазалығы, пейілінің кеңдігінің айғағы. Н.Ғабдуллин Замандас келбеті атты еңбегінде: Кімде-кім сынды ащы болса да қабыл алса, мінін айтқанға-қиналса да шыдаса, кек тұтпаса, ол - қасиеті биік адам. Оның жаны бай болмақ дейді [11, 132]. Бексейіттің Айгүлдің қалалық мәдениетінің жетіспеушілігін, киім киісі, шаш қоюының заманға сай еместігін айтып мұқатуы оның бойынан өз кемшіліктерін түзетуге талпыныс білдіруінен баска ашу немесе реніш сияқты мінез туғызған жоқ. Демек, Айгүл - сынға төзе білетін парасатты адам. Айгүл сүйген жарына адал. Сондай адалдық ол Бексейіттен де күтеді. Алайда, әйелінің көзіне шөп салған. Айгүлдің жанына бататын ауыр сөздер айтқан Бексейітпен бірге өмір сүре берсе, кейіпкер образы шынайы ашылмаған болар еді. Өйткені қандай қиыншылықка шыдаса да, Айгүлдің сатқындықты кешіре алмауы жазушының эстетиқалық мұратының көрінісі.
Жазушы шығармаларынан сырттай қарағанда жеңіл-желпі көрінетін суреттеулерден де адамның мінезін тануға болады. Мәселен, Өмір жырының, Көктолғау атты бөліміндегі автордың мына суреттеуіне назар аударайық. Өзін-өзі күтіп үйренген келіншек сияқты жалғыз отырғанымен дастарханы жоқ шағын дәлеңке қуырдақ тұр. Балқаймақ, құрт, май, қолдан пісірген бауырсақ - бәрі бар [12, 104]. Бұл оқырманның Әсиямен алғаш танысу сәті, кейіннен шығарма сюжетінің дамуы барысында Әсия жайлы алғаш қалыптасқан пікіріміз аса көп өзгеріске ұшырай қоймайды. Өйткені Әсияның бар болмысы сол тұрған қалпында мол дастархан, сәнді өмір, биік мансап Әсия үшін өмірінің негізгі мәні. Ондай адам басына қиыншылық түскенде жалтарып кетуі хак. Солай болады да. Мойнына ақша мініп жауапқа тартылу каупі төнгенде, бар кінәні күйеуі көріп, Әсия аман кұтылады. Ар мен ұят, отбасы және қоғам алдындағы жауапкершілік сияқты қасиеттерден жұрдай келіншектің ішкі жан дүниесіне автор тереңнен үңілмейді. Сондықтан біз Әсияның осындай мінезінің негізгі себептерін ашып бере алмаймыз. Автор оны мақсат етпегені де белгілі. Өйткені бұл жерде негізгі әңгіме шығарманың бас кейіпкері - жүргізуші жігіт төңірегінде өрбиді.
Адам белгілі қоғамның және белгілі бір қауымның өкілі болғандықтан, оның бүкіл болмысынан сол ортаның һәм уақытының сыр-күйі таңылмақ керек [11, 203]. Демек, қоғамда орын алған келеңсіз жағдайлар сол қоғамда өмір сүретін адамдар бойынан көрінеді. Сол келеңсіздіктердің шығармада суреттеу арқылы автор кейіпкердің ұнамсыз мінезі мен қоса қоғамдағы кемшіліктерді де сөз етеді, оған өз көзқарасын білдіреді.
Тың игеру соғыстан кейін жылдары қазақтың дастарханынан орын алған ащы су әлі күнге ұлтымыздың басындағы ауыр дерттің бірі болып келеді. Осы проблема Кертолғауда тереңнен ашылмаса да, белгілі дәрежеде көрініс тапқан. Әсияның үйінде Сабыржанның араққа қанып алып, төрде дөңбекшіп жатуының өзі сүйкімсіз көрініс. Осыдан кейінгі Сабыржанның бар қылығы жиіркенішті болмақ. Ал Тазының өлімінде Қазының ауыр кесел болып жабысқан араққа құмарлық оны ажал аузына бірақ итереді. Кейіпкердің бойындағы атадан мирас болып келе жатқан аңшылық өнерді жан-дүниесінің сұлулығының, адами қасиеттерін арақтың астына қалдыруының әлеуметтік себептері бар. Ол қоғамның сол қоғамда өмір сүретін Есенжол сияқтылардың қатыгездігі. Айналасындағыларды түсінбеушілігі шығарма кейіпкерлерінің рухани құлдырауына себепкер болады. Қазының өлімі тазы иттің өлімі мен сол өңірдегі саятшылық өнердің жоғалуына әкелді. Яғни, адам бойынан жағымсыз әлеуметтік құлдырауына да байланысты. Қоғамның дамуында регрессивті жағдайлар басымырақ болса, ол жеке адамның да ішкі дүниесінің парықсыздануына итермелейді. Осыдан эгоизм, сатқындық, рухани жұтандық сияқты кері мінездер нығыз орныға бастайды. Оларды қатал сынау арқылы жазушы қоғамдық кеселдерді де сынайды.
Жалған активтілік, жағымпаздық, мансапқорлық сиякты жағымсыз мінездерді жолдаған адам басқаның бойындағы ізгі қасиеттерді езгілеуге әзір. Өйткені өзінің алға қойған мақсатынан кедергі болар жағдайлардан барлығы ол үшін дер кезінде жолға сырылуға тиісті.
Жыланды жаздағы Едіге бала мен оның мінген аты Құжауырын солақай актившілдік, еңбек өнімділігін қандай жолмен болса да арттыру мақсатын көздеген маңсапқор басшылардың құрбаны болды. Аудан мен колхоз арасында поштабай қызметін атқарып бір кездері бәйгеде дес бермеген, бүгін де бір жақ жауырыны шодырайған мүгедектігіне қарамастан аудан бастығының бұйрығымен соқа тіркелген Құжауырын қазаға ұшырайды. Атының азап өлімі жас жеткіншек Едігенің жүрегіне ауыр жара салады.
Биік мансап қашан да адамды басқаны менсінбейтін, өзін өзгелерден жоғары санайтын көкірекшіл етіп түзу жолдан тайдырады. Повестегі Меркен мен Жәдігер - міне осының дәлелі. Бірі - колхоз, бірі - аудан басшысының ұлдары әкелерінің жоғары дәрежесін пайдаланып әлсізге күш танытады. Едігенің аулаған балығын иемденіп, сұс көрсеткен Меркеннің Мен, немене, сенің сыйыңа тұрмаймын ба? Меркен аға, мынау сенің сыбаған деп, көп балығының бірін байласаң қайтеді еді?! Әлде өзен ата меншігің бе? Бәрі колхоздікі, ал колхоз - менікі [10, 85] деген сөзінен өзімшілдіктің нышанын аңғарамыз. Осындай мінезді Жәдігердің де бойынан көреміз. Қасына ерген ауыл балаларына зіл танытуы, Едігенің өзіне ғана емес әжесіне де ызғар көрсетуі оның адамшылық деңгейін танытып-ақ тұр.
Адамның адамгершілік әлемінің сұлулығы Бір атаның балалары атты повесте тереңнен ашылған. Соғыс кезінде ата-анасынан айырылған жетімдерді өз баласындай бауырына салып өсірген ауыл азаматтары туралы бұл хикаяттың негізгі идеясына басқаның қайғысына ортақтаса білу, тілі мен дініне бөлмей барша адамды сүю сияқты ізгі қасиеттер жырланады. Бұл әрине, талай ғасырлар атадан балаға үлгі болып келе жатқан қазақ халқының дархандығымен қонақжайлығының классиқалық көрінісі. Яғни бұл шыгармада толық бір ұлттың өмірдегі адамгершілік биіктігі сөз болады.
Әдебиетте адам бойындағы рухани байлықты танытатын тағы бір аспект - адамның табиғатпен байланысы. Бұл мәселе М.Мағауиннің Тазының өлімі, Жүйрік, Жыланды жаз сияқты повестерінде айқын көрініс тапқан. Ежелден төрт түлік малды қастерлеп өскен жаз жайлауда шүйгінді жерлер мен мөлдір су жағасын қоныстанған, ат баптап, қыран құс ұстаған қазақтың табиғатпен терең байланысы, оның қастерлеуі де түсінікті де. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі - жылқыға деген сүйіспеншілікті біз Жүйріктегі Мамай қарт пен Жыланды жаздағы Едігенің бойынан көреміз. Мамай - аттың оның ішінде бәйге аттың қадыр-қасиетін білетін, ұлтының атбегілік өнерін бойына жинаған қарапайым ауыл ақсақалы. Оның әрбір қимыл-әркеті, ойы, наным-сенімі ықылым замандардан бері қалыптасқан қазақи ерекшеліктердің жиынтығы ретінде көрініс тапқан. Нарқызылды балаша күтіп, атының жетістігіне шың қуанатын ақкөңіл, парасатты қарияның өлімі өкінішті. Соңғы бәйгеден адамдардың зұлымдығының нәтижесінде ақсап шыққан жүйрікке Мамайдан басқа ешкім ем таба алмайды. Мамайдың дүниеден өтуі Нарқызылдың басынан бәйгелік дәуреннің көшуі еді.
Жыланды жаз Құжауырын атты жануардың да кезінде бәйгеге дес бермеген жүйрік болғаны туралы автордың баяндауынан оқып білеміз. Соғыс жылдары ауыр жұмыстың кесірінен мүгедек болып қалған атқа деген Едігенің сүйіспеншілі ерекше. Сол себепті аттың азапты өлімі оны қатты толқытады. Бұл повестен жардан құлап өлген аттың қазасы жанына қатты бататын біреу болса, Тазының өліміндегі лашын итті жоқтайтын ешкім жоқ. Өйткені, иесі - Қазы өлгеннен кейін тазыны баптап, аңға шығатын тірі жан жок. Осы үш повесте де автор адам мен табиғат арасындағы байланыстың жоғалуын сөз етеді. Мамай, Едіге, Қазы сияқты адамдар қоғамда санаулы-ақ. Олар үзіліп бара жатқан адам мен табиғат үндестігін жалғай алар ма екен? деген сұрақтарға жауапты автор оқырмандардан күтеді.
Біз жазушы Мұхтар Мағауиннің повестеріндегі ұлттық идеяның көрінісін зерделеуді жөн көрдік. Осы мақсатта повестеріне көркемдік талдау жасауға тырыстық.
Мұхтар Мағауиннің Тазының өлімі повесінде негізінен кәдуілгі ауыл өмірі суреттелген. Автор сол ауылдағы өсу мен өшуді, озық дәстүр мен тозық салтты, адамдар санасындағы моральдық өзгерістерді көрсетуді көздеген. Шағын ауылдағы сыры кетсе де, сыны кетпеген халықтық қадір-қасиеттерді бүгінгі тұрпатымен байланыстыра сөз еткен. Қысқасы, повестегі жазушының қол жеткен табысы ұлттық колорит айқындығы дер едік.
Мұхтардың кейіпкерлерінің портреттік, психологиялық мінездемесінен бастап, иесін жоқтап қаңғып кеткен Тазысына дейін ешкімге ұқсамайды. Автор бәрін өзінше берген. Тіпті өзі көтеріп отырған моральдық проблеманың сөз болуы да басқаша. Мұхтар ит туралы жазу үшін өмірден өзі білетіндеріне қоса басқа жазылған дүниелерді де қайта шолып өткен сияқты. Біздіңше, сол шолып өткенінде әдебиетте бұрыннан таныс жайларды қайталамау үшін қарағандай.
Мәселен, Ю.Казаковтың атақты Артур, құмай тазысында белгілі нәрселердің бұл повестен болмашы ұшқынын да таба алмаймыз. Екі жазушы, екеуінде де формальдық объектіде - ит. Сөйтсе де мәселенің қойылуынан шешіміне дейін бөлек. Тіпті сәл ұқсағанның өзінде жазғыра жөнелуге болмас еді. Өйткені өмірде адамға тән іс-әрекеттердің формасы әр түрлі болғанымен негізгі мазмұны ұқсап жатпай ма? Туады, еңбектейді, былдырлап сөйлей бастайды, т.б.
Қазақ - о бастан-ақ шын мәніндегі серілікті қатты қадірлеген халық. Бұның екінші жағында өмірдегі, табиғаттағы, адам бойындағы әсемдікті, пәктікті, сұлулықты қадірлегендік жатқан жоқ па?! Баптап қыран құс ұстауы, желмен жарысқан алғыр тазы жүгіртуі, үкілеп бәйгеге сәйгүлік атын қосуы, шүйгінді жерлер мен мөлдір сулы бұлақ бойын, шалқар өзендер мен көлдер бойын жағалай көшіп-қонуы тегін емес еді. Бұл да табиғатқа деген іңкәрлік сезіммен астасып жатыр. Тазының өлімі повесінде осылар тікелей сөз болмағанымен, әйтеуір еске аласың. Әлде тазы сол дәуреннің жұрнағы болған соң ба екен?
Повестегі Қазы қарт та - өзгеше мінезді жан. Оны алғаш танысқан шақта-ақ еріксіз ұнатасың. Өлімі де өкінішті. Қазы жанының түкпірінде қордаланған қыжылды ойларын айта алмай кеткен сияқты. Оның ішінде түйінделген көп сыр бар еді. Мүмкін тегеуріні мықты тоталитарлық жүйе де айтқызбаған шығар.
Иесі Қазының өлімі - шындығында Лашын тазының өлімі еді. Қазы қадірлеп өткен Тазы бабалардың ата кәсібі болған серіліктің, тірісінде басынан сөз асырмаған Қазы рухының өшуі деп білеміз. Иә, Есенжол сияқтылар қай қоғамда да Қазылардан кейін өледі, көп нәрсеге бұрын қолдары жетеді. Оларға Сырдың суы сирағынан келмейді. Он Қазыдан да бір Есенжол - қауіпті тип. Түбінде осы бір типтің көбеюінен ғана қорқуға болады.
Бұл повестің айта кетерлік бір ерекшелігі - ондағы оқиға тазы иттің атынан суреттеледі. Бұл шығарманың психологизмін күшейтіп тұр. Адамзаттың тіршілігіне иттің көзімен баға беріледі. Повесть Қазының моласын суреттеуден басталады. Өйткені тазы ит иесі Қазы бейітінің басына жиі келіп кетеді. Онымен үнсіз сырласады, оған мұңын шағады. Осы моланың басында отырып, өзінің өткен өмірін көз алдынан өткізеді. Повесте әрі қарай еске алу түрінде тазының күшік күнінен бергі өмірі суреттеледі. Автор тазының өмірін суреттеуде контрасты көріністерді пайдаланған. Яғни Лашынның иесі Қазының тірі кезіндегі салтанатты өмірі мен иесі өлгеннен кейінгі сүреңсіз сәттері контрасты берілген. Бұрын баптауға үйренген тазы Қазы өлімінен соң барлық жағдайынан айырылады. Кәмила мен Есенжолдың пасық іс-әрекеттері тазы иттің бойында жиіркенішті сезім ұялатады.
Аталмыш повесте ұлттық идея тазы ит Лашынға қатысты көрінеді. Автордың иттің ішінен Тазыны таңдап алуында да үлкен мән бар секілді. Өйткені тазы қазақ ұғымында киелі деп есептеледі және оны баптауға қазақ үлкен мән берген. Жүйрік ат, алғыр тазы, қыран құстың қазақтың тұрмыс-тіршілігінде, рухани өмірінде еркше орны болды. Итті жеті қазынаның бірі деп есептеген халқымыз оған қатысты барлық ырым-сенімдерді қатал сақтап отырған. Сондықтан да оларға ұлттық құндылық деңгейінде қараған. Ендеше өзінің ұлттық құндылықтарын аяққа таптаған халық ешқашан да алысқа бармайды.
Автор Қазы образының бойына ұлттық қасиеттерді дарыта алған. Оның лашын итке қарым-қатынасы арқылы ұлттық болмысына үңіледі. Сол ауылдағы ұлттық салт-дәстүрдің соңғы сарқыты Лашын іспеттес. Автор солай деп жазады да. Қаламгер сол қоғамдық кезеңде өшіп бара жатқан, орыстанып бара жатқан ұлттық сананы, тонала бастаған ұлттық рухты, бұліне бастаған ұлттық мінезді осы бір символдық бейне - тазы Лашынның образы арқылы айта алған.
Повестің соңындағы автордың көркемдік шешімі де әсерлі шыққан. Өмірден де, бәрінен де күдерін үзген тазы тағы да иесі Қазының басына келеді. Сол келгенде абайсызда қақпанға түсіп, қасқырлардың талауына түседі: Тазы өлімге мойын ұсынып, беріле алмай, тіршілік үшін күреске түсіп, арпалысып кетті. Жалғыз итті оңай олжа көріп келген бөрілердің алғашқы шабуылы нәтижесіз аяқталды... Күтпеген қарсылыққа ұшырасқан қасқырлар қас қағымдай уақыт аңтарылып қалды да, шешімтал, дүлей қимылмен қайта ұмтылды. Тазы біреу, қасқыр төртеу. Тазы байлаулы, қасқырлар бос. Қасқырлар күші бойына сыймай, жалақтап жүрсе, Тазы күн ұзаққа күрестен әбден қалжыраған. Таразының басы тең емес еді. Шабуыл жасаушы жақтың күші төрт есе, бес есе, мүмкін, тіпті, он, жиырма есе артықтын. Оны да тазы да сезді, қасқырлар да білді. Осы қазір жылы қан ішіп, жас ет жейтініне көпті көрген кәрі қаншықтың күмәні жоқ-ты... [6, 43]. Осы үзіндідегі тазының күйі мен қазақ халқының арасында мағыналық параллелизм, ассоциация бар. Барлық жағынан тәуелді мемлекеттің ұлттық дамуындағы қайшылықтар мен бұрмалаушылықтардың негізінде пайда болған кесек проблемаларды автор астарлы ой арқылы жеткізген. Осы ойды М.Мағауин Мен атты ғұмырнамалық хамсасында да атап өтеді. Шын мәнінде қазақтың ұлттық болмысына төнген қауіпті аңдата алған. Автор осылайша астарлы түрде жеткізуге сол қоғамда мәжбүр болғаны қазір ешкімге де жасырын емес.
Бүгінгі прозада авторлық идея және көркемдік шешім деген мәселеге қатты назар аударылады. Олар шама-шарқынша ізденіп, әйтеуір беймәлім шешімді дүние жасауға ұмтылады. Бұл - әбден құптарлық мінез. Әдеттегі айтылатын істің басталуынан нәтижесін білуге болады дейтін қағида өнерде бола бермейді. Кейде тәп-тәуір басталып, аяғы сұйылып кететін жағдай да кездеседі. Қазақ прозаиктерінің шығарманың тартымды басталуынан ойдағыдай аяқталуына шейін баса көңіл бөлуі қуантады. Әбіштің Бәйгеторысы, Мұхтардың Тазысы, Оралханның Бурасы, міне, сондай туындылар.
М.Мағауиннің Тазысы, Ә.Кекілбаевтың Бәйгеторысы, О.Бөкеевтің Бурасы, С.Санбаевтың Аруанасы зоологиялық тақырыптағы әдеттегі образдар ғой деп қарау сол шығармалардың мөлдір рухын түсінбегендік болар еді. Олар көркемдік шарттылыққа негізделген терең ойлы, реалистік-символикалық образдар арқылы өмір, қоғам, ұлт туралы толғаныс-ойларын батыл айта білген. Бұл образдардың жасалу дәрежесі жас жазушылардың интеллектуалдық ізденіс ой-өрісін, философиялық дүниетанымын да танытады.
Мұхтар Мағауиннің Көк кептер деп аталған кітабын оқығанда, осындағы әңгімелер мен повестерде шертілетін сырлар сізге адам жанының мөлдір күйлерін ағыта бастайды.
Сырттай қарағанда, бәрі де жұпыны секілді. Өзіміз күнде көріп жүрген, көзіміз қанып, бойымыз үйреніп кеткен жайлар. Өзімізге таныс өмір кәдуілгі. М.Мағауин сол өмірдің сырлы пернесін баса біледі.
Қарт күйші Тоқсаба (Көкбалақ повесі) - табиғатында момын адам. Қақ-соқта жұмысы жоқ. Ғұмырында ешкімге қырсығы тимеген, қиянат жасамаған адам. Біреуді сыртынан қаралаған, күстәналаған, не табалаған кісі емес. Өзінен дәулеті немесе өнері асып, озғанды еш уақытта күндеген емес. Бұл - оның бала жасынан бергі мінезі. Жақсы адамдардан көрген, үйренген өнегесі. Әйтпесе, балалық ерке кезінде, желіккен жігіт шағында оның шалқақтауына да, асқақтауына да жол ашық еді. Ол малды, ауқатты адамның баласы болатұғын. Бірақ Тоқсаба жақсы адамдардың жөн-жосығын көріп, нағыз байлық мал-дүниенің көптігі емес, жан-дүниенің кіршіксіз тазалығы екендігін ертерек ұғынады да, осыны өз өмірінің бұлжымас заңы тұтады.
Ұзақ жасында Тоқсабаның тағдырдан тартқан тақсыреті аз емес. Қайғының ең ауыры оған өмірінің үлкен қуанышымен қабаттаса келген. Бұл жас келіншегін ауылына әкеле жатқанда, келін түсіреміз деп той қамына кіріскен мұның ата-анасын, ағайын-жұртын бұлікшіл ақтың әскерлері қырып кетеді. Мекен-жайларын түгел өртеп, мал-мүліктерін талап әкетеді. Тоқсаба қайыршылыққа ұшырайды. Бірақ азып кетпейді. Өмір сүру үшін күреседі. Жер бөліс, коллективизация жылдарында көп кедейдің қатарында, көппен бірге аянбай еңбек етеді. Ұлы Отан соғысы кезінде, жұртпен бірге бұл да, талай ауыртпалықты бастан кешеді. Сол қиындыққа қоса, басынан кешкен тағы да бір зор азабы - сүйген жары Зәуреш дүние салып, онан кейін қосылған екінші адамы сәтсіз болып, соның күйігін тартады. Жалғыз баласы Айдабол, көңілінен шықпай, ол да көп налытады.
Алайда Тоқсаба ешкімге мұң шақпайды. Өмірдің кермек уын жұтып жүрсе де, рухы жүдемейді. Кейде, оңашада, өзінің ежелгі серігі домбырамен сырласып, қос ішектің қоңыр үніне жүрегі езіліп отыратыны бар. Бақсаңыз, бұл - шалдыққан, еңсесі түскен адамның күңіренуі емес, өткен өмір жолына көз жіберіп, көңілмен қорытып, көпті көрген көненің толғануы. Қарт күйші өзіне-өзі ішінен риза болғандай. Көрген бейнеттері сағын сындыра алмады мұның. Өмірі зая өтпеген екен. Халқының тамаша күй қазынасын жүрегіне жия беріпті және сол өнерімен қалың жұртты қуанта біліпті. Бұдан артық қандай мұрат болмақ! Тоқсабаның жан-дүниесінің шұғыласы жабырқаған көңілдерге нұр түсіріп, жадыратады. Ол сондықтан да жұрттың бәріне қадірлі, сүйікті.
Қарт күйшінің жүрегінде адамға деген үлкен махаббат бар. Адамның қасетін жаңылмай таниды. Бойында қайрат, жүрегінде жылу мол өнерлі азаматты Тоқсаба өмір бойы пір тұтады. Сонау бала кезінде, ақ сақалы омырауын жапқан қарт Қызайдың құйқылжытып тартқан күйлерін тыңдағанда, қандай тебіренген еді. Жұртты өнерімен мәре-сәре ғып, бірнеше күн бойы қызыққа кенелткен Қызай күйші сонда өзіне берген сыйлықтан бас тартты. Өнер сатылмайды деген еді. Аттанарында жұртпен күліп қоштасып, арық атына мініп, ақырын жортақтап кетіп бара жатқан жүдеу киімді зағип шалға сыртынан ұзақ қарап тұрып, Тоқсаба көзіне жас алған. Шалды мүсәпір деп аяғаны ма? Жоқ, нағыз өнер адамның тағдырына жаны ашыған. Асыл күйшінің қолындағы домбыра үні мәңгі үзілмеуін тілеген-ді.
Сан қырлы өнер иесі Айтан шалды Тоқсаба қандай қадірлеуші еді. Жылдар өтті. Уақыт тоздырып, әбден қартайып, Айтан дүние салады. Тоқсаба оның моласына оңаша барып, қабірін құшақтап, ұзақ егіледі. Замандасын өлімге қимағаны шығар. Бірақ кәрілік жеткен, тозған нәрсенің тіршілігі сөнетінін біледі. Ол кешегі Айтан шалдың өзімен бірге ала кеткен көп қырлы өнерін жоқтайды.
Бекжандай шебер домбырашының қайғылы тағдыры Тоқсабаның жанына қандай батады. Ең алғаш бұл өнерпазды ол өзінің балғын жігіт шағында, қалыңдық ойнай барғанда көрген. Сонда екеуі домбыра тартысып, өнер жарыстырып, бірін-бірі осылай сынаған. Тоқсаба өзінен Бекжанның өнерін артық көріп сүйсінген еді, ал, Бекжан бұған табынып, сен оздың деген. Арада талай жылдар өткен соң, Тоқсаба Бекжанмен тағы да бір рет кездескен. Қиын-қыстау жағдайда оқыстан ұшырасқан. Бақташы Тоқсаба жоғалған өгіздерін іздеп келе жатып, таудың қиын бір шатқалында қарақшыларға тап болып, басына ажал төнгенде, оны Бекжан арашалап қалады.
Сонда Тоқсаба Бекжанға күтпеген жерден кезіккеніне емес, оның мына баскесерлер тобына қосылып кеткеніне қайран болған. Ел-жұртына жақсылық тілейтін Бекжан жаулардың жағына неге шықты? Кімнің кегін қуған? Бұрын жабыққан көңілдерді домбырасының сырлы үнімен жұбатқан өнерпаздың бүгін қанішерлер арасында жүргені қалай? Азғаны ма? Мүмкін емес. Тоқсаба Бекжанның жаны тазалығына күмән келтіре алмайды. Бекжанды, мүмкін, тағдыр адастырған шығар, бірақ ол ешуақытта зұлымдыққа, адамға қиянат жасауға бармайды. Ол дұшпан емес. Ол жол таба алмай жүр. Оған қол ұшын беру керек.
Ал, тағдыр заңы қатал. Қызыл отряд қарақшыларды қамап ұстағанда, атыс кезінде, Бекжан оққа ұшты. Оның өлімі Тоқсабаға өте ауыр тиеді. Бекжанды ажалдан арашалап қала алмағанына өзі кінәлі сияқтанады. Қызыл отрядтың командирі, өз ағайыны Шоқайды да Бекжанның қазасы үшін қатты жазғырып, көрместей еді. Алайда уақыттың қатал шындығын мойындамауға бола ма? Сол себептен де Тоқсабаның жаны күйзеле түседі. Қарт күйшінің ішкі дүниесінің осы толқындары оның мөлдір жан сырларын ашады [13, 76].
Автор повесінде қазақтың қара домбырасына үлкен көркемдік жүк артқан. Домбыра - ұлттық рухымыздың тірегі. Өнер, өнер адамын сөз ете отырып, ұлттық өнерге деген қарым-қатынастан оның ұлттық болмысы танылатынын айта алған. Ұлттық рух бастау алатын негіз ретінде ата-баба салтына, үлкен мен кішінің қарым-қатынасындағы этикаға, тіпті ырым-жоралғысына дейін мән берген жазушы түрлі көркемдік тәсілдер арқылы қазақ қарты Тоқсабаның ұлттық мінезін даралай алған. Бір қарағанда онша әсері жоқ секілді көрінетін қарапайым диалогтардың астарында ұлттық таным бой көрсетеді. Тоқсаба мен Айтан салдың арасындағы әңгіме осының айқын айғағы.
- Қазір заман да өзгерді, адам да өзгерді. Бәрі де жақсы-ау, бірақ қазақтың зары мен мұңын, қуанышы мен шаттығын жазбай жеткізген қара домбыраның үні қазіргілерге жат естіле ме, қалай? - деді Айтан шал.
- Домбыраның үнін айтасыз ба? - деді аз ойланып кеткен Тоқсаба.
- Көкірегін қараулық тұмшалаған оспадарлар үшін адамның да үні жат па дедім [6, 45].
Осы шағын ғана үзіндіден көретініміз тек адам жанының проблемасы ғана емес, сонымен бірге уақыттың, дәуірдің ұлттық санаға салған қолтаңбасы да. Жастардың бойындағы өше бастаған ұлттық болмысты автор қара домбыра арқылы ашып отыр. Қара домбыраның қадірін білетін көнекөз қариялардың рухы сонысымен де биік. Олардың жастар үшін, олардың болашағы үшін алаңдаулары да заңды. Жастар мен қартардың арасын алшақтатып тұрған құбылыс олардың сол ата салттарына деген қарым-қатынасынан туындап жатыр. Тоқсабаның жанын ауыртатын - жас буынның өзінің ұлттық құндылықтарына деген немқұрайлылығы. Тоқсаба қара домбыраға өнері тасып жатқандықтан ғана бас иіп отырған жоқ. Ол домбыраны өмірінің мәні, ата-бабасынан қалған асыл мұра, рухани құндылық деп қарайды. Ол домбыраны өткен тарихтың куәгері, шежірешісі деп есептейді. Сондықтан да жастардың немқұрайлылығы оның жанын ауыртады.
Жазушының Өмір жыры повесінде үш жолаушы кезектесіп сыр шертеді. Біріне-бірі сабақтаса тартылған үш жүйе әңгіменің желісі біреу. Үшеуінен ұғылатын күй де біреу: адамның жан-дүние тазалығы.
Әуелі суретшінің сырын тыңдадық. Өмірден өз орнын бірден тура тауып кете алмай, бастапқы бетте жаңылып жүретіні бар. Бірақ арманы күңгірт тартқан емес. Өзінің құмартқан, ынтыққан ісіне үнемі қол созумен болады. Ақыры сол аңсағанына жетеді де. Өнерге іңкәр жігітті бір нұрлы сезім алға қарай жетелей берген. Бұл махаббат күші еді. Жас жігіт сүйкімді қыз Әлияны бір көргеннен-ақ ұнатып қалады. Қыздың сәулелі қара көзінен оның мөлдір ішкі күйін таниды да, ғашық болады. Екі жүрек жарастық таба бастайды. Бірақ өмірдің бұралаң соқпақтары екеуін екі жаққа бұрып әкетеді де, жігіт ғашығынан көз жазып қалады. Тағдыр оны сүйгеніне қоспайды. Ал, жүрекке түскен махаббат оты өшпейді, жан-дүниесін жылытып, сағындырып, ыстық нұрын төгіп тұрады. Дүниеде сенен артық маған жар жоқ, саған жар менен артық табылса да, - деген ұлы ақынның шыншыл сөзі еске түседі. Жүректен еш уақытта өшпеген сағыныш күйі - жан-дүниенің тазалығын, ойдың, сезімнің адалдығын білдірмек. Және ол адамды демер, қуаттандырар қасиет болмақ.
Повестің келесі кейіпкері - музыкант жігіттің шерткен сырынан оның да жаны тазалығын ұғасың. Бірақ бұл жігіттің басында қасірет бар. Әйелі оның жан-күйін түсінбейді. Бір кезде елти ғашық боп қосылған жары. Түріне қызыққан екен. Жылтырағанның бәрі алтын болмайтынын жігіт кейін ұғады. Кінәлі өзі. Қатесін енді түзеуі қиын: бала-шағасы бар, солардың көңіліне қаяу түспеуін тілейді. Сондықтан тағдырдың кермек уын жұта беруге көнген кісі. Бұл оның әлсіздігі ме? Олай деп жазғыра алмайсың.
Үшінші жолаушының әңгімесінде де адам жанының мөлдір күйі шертіледі. Бұл қаһарман да Әсия есімді әйелді бір көргеннен ұнатады. Ақ жарқын әйелдің сөзінен, мінезінен, қылығынан оның жүрегінің қызуын танып, сол алаулаған жалынға ғашық болады. Жігіттің осы кіршіксіз ыстық сезімі, кейін әйелінің жолдан тайғанын көріп, адал жанын ызғар қарыған шақтарда да, ешбір суымайды. Бұл сүйген Әсияның өмірінде ақау бар. Бұрынғы ері оны теріс жолға жетелеген, ол қылмыс жасап, сотталып кеткен. Сонан кейін өмірдің бұралаң жолы жас әйелді біраз адастырған. Солардың зардабынан жұққан дерттен бір күнде арыла қою оңай емес. Жас әйел кейде босаңдыққа салынып, жарамсыз ескі әдетіне елігіп кететіні бар. Бұл оның трагедиясы. Жігіт оның осы күйін жанымен түсініп, өз жүрегінің жылуымен Әсияның жаралы өмірін емдейді.
М.Мағауин қаһарманның ішкі дүниесінің сұлулығын ашуда кейіпкерді өмірдің бірыңғай күнгей бетіне шығара бермейді. Қаһарман бірде қуанса, бірде ренжиді. Кейде жаны жәбірленіп, қатты күйініп кеткенде, өзін өзі ұстай алмай, шарасынан асып төгілетіні де бар. Ал, кейде, тіпті, жұқарып, өте жүдеп отыратын кездері де болады. Мұның бәрі де адамның табиғатына тән құбылыстар. М.Мағауин осы күйлердің сырын ашып, сол арқылы ұнамды қаһарманның ішкі әлемінің әдемілігін таныта біледі [14, 102].
Қытымырлау шешенің ырқымен кете бермей, адамға ылғи жақсылық жасауды тілеп тұратын қайырымды Марат (Шешей әңгімесі), жетім көжекті, жаралы балықты аяп, жүрегі елжірейтін, мініп жүрген ақсақ атының үркіп, жардан құлап, мойыны қайырылып, артқы аяғын әлсіз соғып өлгелі жатқанын көргенде, еңіреп жылап жіберетін Едіге (Жыланды жаз повесі) бізге жан-дүниелерінің айнадай тазалығымен ұнайды.
М.Мағауиннің жаңа кітабындағы шығармаларының және бір жақсы сапасын атап айтуды мақұл көреміз. Жазушы шығармада адамгершілік мәселесін әлеуметтік өмірдің және бүгінгі уақыттағы адамдар тұрмысының проблемаларына шебер қабыстыра біледі.
Мәселен, Көк кептер әңгімесінде биік мұнаралы музей үйінің күнгей жағындағы кішкене алаңға күнде келіп, қолындағы нанынан там-тұмдап үзіп алып, жыпырлаған көгершіндерді үн-түнсіз жемдеп отыратын ақсақалдың не ойлағаны бар? Құстардың жемге ұмтылып, шүпірлегенін қызық көре ме? Әлде уақыт өткізу үшін тапқан бір ермегі ме? Бірақ өңі неге ылғи томсарыңқы тартып отырады? Бақсақ, бұл ақсақал жалғыз баласының бір кездегі сәби шағын, күнде қызметтен қайтқанында еркелеп алдынан шығатын тәтті мінезін сағынады екен. Ұлы ер жетті, институт бітірді, үйленді. Қазір өз семьясымен бөлек тұрады. Қызыметі де, тұрмысы да жақсы. Бірақ бір кезде бала боп, ата-анаға еркелегенін, ата-ана оның сол мінезін сағынатынын ұмытып кетіпті. Шығармада әке мен бала проблемасы алға тартылады.
Халық өнерпаздарының небір тамаша күйлерін көкірегінде сақтаған қарт домбырашы Тоқсаба сол асыл қазынаны кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін қам жеп, өзі білетін саздарды пластинкаға жаздыртпақ болады. Бірақ жоғарғы ғылыми мекеменің өнер саласын басқарып отырған Жолдыбаев көне күйлерді бағаламайды, оларды тозған, бүгінгі күннің қажетіне жарамайды деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
Қазақ әдебиеті және интермәтін түрлері
Ежелгі дәуір әдебиеті жалпы қазақтың емес күллі Түркі жұртынның мәңгі мұрасы
М. Мағауин жайлы бірер сөз
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде жайлы ақпарат
Пәндер