Сәбит Мұқанов өмірі



Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері.

Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу – молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса - поэмаларды оқитындай сауаты ашылды. әуелде өлең - жырға, ертегі - әңгімеге әуес бала там - тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын - аулақ қазақ кітаптарында ескі өзбек, немесе татар тілдері араласып келетін. Бұған себеп кітап бастыру ісі көбіне ескіше, дін оқуына қанық молда, немесе қазақ тіліне шорқақ, білмейтін татар оқығандарының қолында болатын. Талантты жастың қолына осындай әрқилы кітаптардың ішінен татардың классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың, Абайдың кітаптары түседі. Бұл – қараңғыда нұр жауғанмен бірдей еді. Өйткені поэзиядан түсінігі молайған Сәбитке нағыз керегі де осындай шыншыл, түсінікті поэзия болатын. Абай мен Тоқайдың мағынасы терең, нәрі мол, әрі сұлу өлеңдері көкейіне қонып, Сәбиттің кейін ақындық, жазушылық жолға түсуіне көп әсер етеді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Сәбит Мұқанов (1900 - 1973 жж.)

Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері.

Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу - молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса - поэмаларды оқитындай сауаты ашылды. әуелде өлең - жырға, ертегі - әңгімеге әуес бала там - тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын - аулақ қазақ кітаптарында ескі өзбек, немесе татар тілдері араласып келетін. Бұған себеп кітап бастыру ісі көбіне ескіше, дін оқуына қанық молда, немесе қазақ тіліне шорқақ, білмейтін татар оқығандарының қолында болатын. Талантты жастың қолына осындай әрқилы кітаптардың ішінен татардың классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың, Абайдың кітаптары түседі. Бұл - қараңғыда нұр жауғанмен бірдей еді. Өйткені поэзиядан түсінігі молайған Сәбитке нағыз керегі де осындай шыншыл, түсінікті поэзия болатын. Абай мен Тоқайдың мағынасы терең, нәрі мол, әрі сұлу өлеңдері көкейіне қонып, Сәбиттің кейін ақындық, жазушылық жолға түсуіне көп әсер етеді.

Ендігі мәселе - білімді тереңдету. Өйткені ескі оқумен алысқа бару жоқ.
С. Мұқанов Омбы қаласындағы жұмысшы факультетінде оқиды. Осы кезде орысша үйреніп, орыс әдебиетінің үлгілерімен танысып, поэзияның үлкен дариясынан сусындайды, алуан түрлі жандарды, ғажайып бейнелерді ол сонан көреді. Біліміне ақындық таланты ұштасқан С. Мұқанов бірнеше өлеңдерін шығарады, ол 1926 жылы рабфакты бітіріп шыққан соң Батырақ, Октябрь өткелдері, Сұлушаш поэмаларын жазады. Өлеңдері мен поэмалары бірнеше кітап болып басылады.

1926 - 1928 жылдары С. Мұқанов республикалық Еңбекші қазақ (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде, баспа орындарында қызмет істейді. Мұнан кейінгі жылдарда Ленинград университетінде, кейін Мәскеудегі қызыл профессура институтында оқып, 1935 жылы бітіріп шығады.
Осы кезде С. Мұқанов белгілі Майға сәлем! өлеңін; Ақ аю поэмаларын жазды.
1935 жылы С. Мұқанов жаңадан шыға бастаған Қазақ әдебиеті газетінің редакторы болып істеді. 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарды.
Бұл кезеңдегі С. Мұқанов қаламына шыққан ірі туындылар Ботагөз романы (1938, бұрынғы аты Жұмбақ жалау) Менің мектептерім (1941), Колхозды ауыл осындай (1937) сияқты шығармалар.

С. Мұқанов соғыс жылдарында фашистік басқыншыларды әшкерелейтін бірнеше уытты өлеңдер, очерк, әңгімелер жазды. Халқымыздың майдан мен тылдағы ерлігін, қаһармандығын паш етті. 1943 жылдан 1951 жылға дейін С. Мұқанов екінші рет Жазушылар одағының төрағасы болып, республикада көркем әдебиетті онан әрі өркендету жолында қызмет етті. Бұл жылдары әдебиеттің жас кадрларын тәрбиелеу, жаңа тақырыптарды игеру, заманға лайық көлемді шығармалар беруді әдебиет майданындағы ең маңызды міндеттердің бірі санаған С. Мұқановтың тәрбиелік, ұстаздық еңбегі елеулі.
1950 жылдары С. Мұқанов Сырдария романын, Шоқан Уәлиханов пьесасын жазды. Кейін бұрынырақ жарияланған екі томдық Өмір мектебі кітабының жалғасы ретінде Есею жылдары деген өмірбаяндық романын жазып шығарды.
С. Мұқанов - белгілі қоғам қайраткері. 1947 жылдан 1963 жылға дейін Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Әдебиетті дамытудағы қажырлы еңбегі үшін С. Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1960 жылы 60 жасқа толуына байланысты Ленин орденімен наградталған.
Поэзиясы
С. Мұқанов революциясы қарсаңында жалпы адам өмірі туралы, көңіл күйі, арман туралы өлеңдер жазған. Соның ішіндегі ең маңыздысы - 1919 жылы жазылған Бостандық өлеңі. Бұл өлең қазан төңкерісі шын мағынада еркіндік әкелді деген кешегі күнге дейін айтылып келген ұғымға саяды.
Бұл бостандық көктен бізге келмеді,
Ешкім бізге сыйлап және бермеді.
Мұнда қазір ортағы жоқ өзгенің
Бұл бостандық - жұмыскердің жеңгені!

Бұл шумақтан еңбекші халыққа келген бостандықты ақынның факт ретінде ғана ұғып қоймай, оның саяси, таптық мағынасын басқаға насихаттайтынын көреміз. Таптық күрестің ымырамен бітпейтінін, қанаушылармен үзілді - кесілді айқас үстінде ғана, оларды біржола жеңумен ғана тынады деп ұғады ақын. Қазан төңкерісі әкелген бостандық орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Мұқанов және әдебиет
Сұлу сөздің сардары – Сәбит Мұқанов
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
Сәбит Мұқанов шығармашылығы
Сәбит Мұқанов
С.Мұқановтың ғылыми зерттеулері, еңбектері
С. Мұқанов шығармаларындағы омонимдердің қолданысы мен жасалу жолдары
«Адасқандар». романнан повестке
С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Есею жылдары романының қазақ прозасында алар орны
Пәндер