Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар



Жоспар

Кіріспе
1. Бастауыш сыныпта оқытудың инновациялық технологияларын қолдану тиімділігі
1.1 «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
1.2 Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен танымдық қабілеттерін арттыру
1.3 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі

2. Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
2.1 1 сыныпта дамыта оқыту технологиясы
2.2 «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» 2 сынып
2.3 «Әдебиеттік оқу» 3 сынып
2.4 Әдебиеттік оқу 4 . сынып
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда инновациялық әдістермен оқытатын мұғалімдер өте аз. Бұл сала әлі зерттелінбей жатыр. Сол себепті дипломдық жұмысымызды осы мәселеге арнадық. Бұл айтылғандар курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсете алады деп ойлаймын.
Қазргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 таруының 11 бабында осылай айтылған:
- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
- оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану.
Сондай- ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс- тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады, деп жазылған.
Қазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.
Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «12-жылдық білім беру», 2009 ж.
2. «Бастауыш мектеп» журналы 2010ж.
3. «Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша» журналы 2011ж.
4. «Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003жыл.
5. «Мектеп директоры» журналы, 2009 ж.
6. «Мектеп директорының орынбасары», 2010 ж.
7. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.
8. А.Құдиярова, А.Бабаева. «Педагогика», Дарын – 2004 жыл.
9. Ә.Дүйсебек. «Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы», Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2005 жыл.
10. Ғ.Нұрышев. «Білім беру ісі біліктілікті талап етеді / «Егемен Қазақстан» 2006 ж.
11. Д.С.Исманбетова. Жалпы орта білім беретін мектептің оқу- тәрбие үрдісінде кредиттік технологияны ендіру. Магистрлік диссертация. Тараз. 2006. 109б.
12. К.Нәрібаев. Қазақстан және халықаралық білім кеңістігі / Егемен Қазақстан, 5 желтоқсан.2003 ж. 7 бет
13. Қ.Ж.Бұзаубақова, С.Д.Иманбетова. «Жалпы орта мектептерде кредиттік оқыту жүйесін ендірудің ен тиімділігі» // «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы – 2006 ж.І том. – 630 бет.
14. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы.
15. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
16. М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» . Алматы 2002ж.
17. Н.Ә.Назарбаев .Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында.// Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2005 ,18 ақпан.
18. С.Әбдіманапов. Білімді ел – бәсекеге қабілетті ел.// Егеменді Қазақстан 5 қараша 2005 жыл.
19. С.Г.Тәжібаева «Педагогика» Алматы 2007 жыл

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Бастауыш сыныпта оқытудың инновациялық технологияларын қолдану
тиімділігі
1.1   Технология ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
1.2 Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы
оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен  танымдық қабілеттерін
арттыру
1.3 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі

2. Бастауыш сыныпта Қазақ тілі мен Әдебиеттік оқу сабақтарында
қолданылатын инновациялық технологиялар
2.1 1 сыныпта дамыта оқыту технологиясы
2.2 Қазақ тілі мен Әдебиеттік оқу 2 сынып
2.3 Әдебиеттік оқу 3 сынып
2.4 Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда инновациялық
әдістермен оқытатын мұғалімдер өте аз. Бұл сала әлі зерттелінбей жатыр. Сол
себепті дипломдық жұмысымызды осы мәселеге арнадық. Бұл айтылғандар курстық
жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсете алады деп ойлаймын.
Қазргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі
қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді.
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі
өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын
дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың
трактатында: Өзін-өзі тану жолындағы еңбек  - ең құнды еңбек, деп
көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік,
дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі
уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-
та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде
оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 таруының 11 бабында
осылай айтылған:
- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік
шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
- оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне
тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану.
Сондай- ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік
стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне
жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын
қамтитын әр түрлі әдіс- тәсілдер мен педагогикалық технологияларды
қолдануға болады, деп жазылған.
Қазіргі таңда  жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге
ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына
сай маңыздылығымен ерекшеленеді. Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін,
ең алдымен азаттық пен білім керек деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов
айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді,
мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз
міндетті.
Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл
– қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін
арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі  кезеңін жүріп өтті. Ендігі
мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының
мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып
үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін
оқытатын ұстаздарға қойылатын басты талап жаңа технологиялық әдістерді
қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау,
көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай
жасау, оқытушының жеке басының ой-өрісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып
мазмұнын аша білу.Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман
талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе
болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы
да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.
Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін
қарастырады”.‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын
өнер деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі  жаңа
технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының
жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық
күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа
педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып,
шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады,-
деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің
нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың
даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап
отыр. Ұстаз баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды,
қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып,
сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып
отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде
қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр
сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап
алатынымыз сөзсіз.
Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы
сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа
технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін
кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру,
оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі
кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы,
дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста
барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін
айтқым келеді.      
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Аталған мәселені зерттеудегі басты
мақсатымыз - бастауыш сыныпта қазақ тілін инновациялық әдістер арқылы оқыту
жолдарын анықтау. Осы мәселені зерттеу үшін біз алдымызға мынадай міндеттер
қойдық:
-Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияның
оқушылардың даму деңгейіне тигізетін ықпалының тиімділігі мен нақтылығын
анықтау.
-Бастауыш сыныпта қазақ тілін жаңа технологиялармен оқытудың
тиімді жолдарын анықтаймыз.
-инновациялық әдіспен оқытудың сабақ жоспарларын көрсету.
Жұмыста қолданылған әдістер. Аналитикалық, бақылау, статистикалық,
эксперимент әдістері.
Жұмыстың практикалық құндылығы. Жұмыс нәтижесін бастауыш сынып
мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

1. Бастауыш сыныпта оқытудың инновациялық технологияларын қолдану
тиімділігі

1.1   Технология ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі

Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар
бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс
істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен
қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-
жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін сөзсіз. Ұлы
неміс пегагогы А.А.Дистервег: Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал
жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді – деген.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді,
ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
  Педагогикалық технология дегеніміз не?  Технология – tehne  (шеберлік,
өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың
айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай
тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық
әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым
Беспалько өзінің Слагаемые педагогической технологии деген еңбегінде
былай дейді: Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және
оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде
жүзеге асу жобасы.
Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл
мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы
белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған,
оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық,
өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда
қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс
-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық
технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың
білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды
меңгерген, өз практикасында қолданған  әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі
даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді,
екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды
тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге
асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай
жасайды. Инновацияны жаңалық, жаңа әдіс, өзгеріс, әдістеме,
жаңашылдық, ал инновациялық үрдісті жаңа әдістеме құралы деп атауға
болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде
пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ,
инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін
жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып
табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды,
тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға
шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара
алады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай,
оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр
технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру
мақсатымен өз басым жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге
бет бұрдым.
Қазіргі заманда жиі кезесетін  технологиялар төменгі кестеде
көрсетілген:
№ Технологиялар атауы Авторлары
1 Саралап деңгейлеп оқыту Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.
2 Модульдік оқыту технологиясы Жампеисова М.М.
3 Дамыта оқыту технологиясы Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.
Давыдов В.В.,Зайцев В.
4 Проблемалық  оқыту технологисы Монахов М.
5 Ірі блокпен оқыту технологиясы Шаталов, Эрдниев П.М.
6 Жобалау әдістемесі Дж. Дьюи
7 Сын тұрғысынан ойлау Джинни, Л. Стил, С.Крутис,
Ч.Темпл
8 Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді Жүнісбеков Ә.
дамыту)
9 Алдын-ала оқыту технологиясы Лысенкова А.
10 Тұлғалық гумандық технологиясы Амонашвили Ш.
11 Шоғырландырып- қарқындап оқыту Нұрахметов Н.Н.
(Концентрированно- интенсивное Абдығалиев К.А.
обучение)
12 Жүйелілік тұрғысынан оқыту Ғалиев Т.Т.
технологиясы
13 Интерактивті оқыту технологиясы Я.А. Каменский

 
Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.
М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзіннен, технология- оқу үрдісін
жобалаудың жүйелік әдісі... Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін
мынандай 5 элемент керек:
1. Мақсат қою.
2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға
бағытталып құрылған өздік жұмысы.
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.
4. Логикалық құрылым. Шығын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму
аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.
5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар:
оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне
көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.
Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы
мынандай баптардан тұрады:
1. Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету.
2. Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі.
3. Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі.
4. Оқу үрдісін жобалау.
5. Оқушының жалпы және оқу жүктемелері.
Нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс:
1. Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген
қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп
мойындау.
2. Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін
ұштастыруы.
3. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне
қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау.
4. Оқушыға Білім туралы Заңға сәкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік
беру.
5. Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ететін білім
мазмұның құрылымын нақтылау.
 

1.2 Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы
оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен  танымдық қабілеттерін
арттыру
 
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып,
мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының  бірі –деңгейлік
саралау  оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы
технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр.
Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету
негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ үстінде кеңінен
қолданамын.Өйткені,  оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын
енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін салмақтың
артуы басты себеп болды.
Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға
қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму
деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана
отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін
аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш
деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық,
күрделенген деңгей.
Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің
құзықушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс
пайдалануға мүмкіндік береді.
4. Оқушының  жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы
тиімді де нәтижелі болу үшін:
-  Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің
ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара
білуіне);
-   Пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының  білімімен іс-әрекет
тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек).
 
Оқушы мен мұғалім іс- әрекетінің жүйесі
Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті
Дайындық Оқушылардың оқу материалын  
базалық, бағдарламалық,
күрделенген деңгейлер
бойынша меңгеруін анықтау
Диагностикалық Білімді меңгеру деңгейін Диагностика
анықтайтын тапсырмаларды нәтижелерімен өз
дайындау. Оқушылардың қызығушылықтары негізгі
білімді меңгеру деңгейін пәнді оқу деңгейі
диагностикалау. Оқушылардан таңдалады. Оқушы өзіндік
сауалнама алу, сынып таңдау жасайды
жетекшілерімен, оқушылар
және олардың ата- аналарымен
әңгімелесу
Оқушыларды Оқушыларды топқа бөлуді Белгілі топты оқушының
топтарға бөлу ұйымдастыру: әр топ үшін оқутаңдауы. Топтағы оқыту
мазмұнын анықтау. Әр талаптарының жобасын
деңгейде оқытуға қойылатын талқылауға қатысу.
нақты талаптарды дайындау.
Дайындалған талаптарды
оқушыларға ұсыну.
Деңгейлеп оқытуды Оқушылардың топтардағы Тыңдалған топта өзінің
жүзеге асыру жұмысын ұйымдастыру. оқу іс-әрекетін
кезеңі ұйымдастыруы
Деңгейлеп оқыту Атқарылған жұмыстар нәтижесіЖеткен нәтижелер бойынша
жағдайында білімдібойынша оқушыларды бағалау өзара бағалауды және
меңгерту кері байланыстың дұрыс өзін-өзі бағалауды
нәтижелерін орнауы, жүзеге асуы жүзеге асыру
бағалау кезеңі

 
Әр сыныпта оқу озаттары мен үлгермеушілер пайда болу себебі-
балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауы, жеке қабілеттеріндегі
айырмашылықтар және т.б. болып отыр. Сол себептерден өзім сабақ үстінде
деңгейлеп саралап оқытуды жиі пайдаланып отырамын. Осының нәтижесінде әр
оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймайды, соны өзі игеріп, талап,
пікір таластыру деңгейіне жетуге тырысады, даму үстінде болуды қалайды.
Бүгінгі педагогика оқушының оқу барысындағы субъект ретінде
қабылдайды. Ж.А. Қараев технологиясындағы оқу үрдісінде:
-  Оқушыға сенімділік білдіру;
-  Пәнге қызығушылығын арттыру;
-  Оқушы өз біліміне сенеді, оны әрі дамытады;
-  Өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілуі, мақсат етіп көздеген.
   Тақырып бойынша жасақталған  деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта
оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын,
елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын
қамтамасыз етеді.
1 деңгейлік тапсырмалар.
1. Жаң сөздерді есіңе сақта.
2. Осы сөздерді қатыстырып 2-3 сөз тіркестерін құра.
2 деңгейлік тапсырмалар.
1.  Жаңа сөздерге  сұрақ қойындар?
2.  Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыр.
3 деңгейлік тапсырмалар.
1.     Тізімдегі сөздерден ұқсас сөздерді теріп жаз.
Ашық, қара, бала, оқушы, биік, жатыр...

2.     Екі сөзді салыстырып, кестенің екінші жағын толтыр:
Кім? Не? сұрағына жауап беретінҚандай? сұрағына жауап беретін
сөздер сөздер
Асхана Үлкен
Не? сұрағына жауап береді  
 
Заттың атын білдіреді  
 

Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін
дамытумен қатар, оларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды
орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін
ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын
тұғызады және әр оқушының мемлекеттік стандартқа сай білім алуына кепілдік
береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге
көтерілуіне толық жағдай жасайды.
Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының  дамуын қадағалайтын
педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр бала әр
тақырып бойынша бағаланады және ұстазға, сабақтан тыс уақытта оқушымен
жұмыс істеу үшін, үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауға
мүмкіндік туады:
- Оқушы өзі ізденеді, оқиды;
- Мұғалім дарын оқушылардың мүмкіншілігін ашады;
- Әр оқушы өзін –өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе
алады;
- Оқушылар материалды толық игереді;
 Оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін, ақыл-ой өрісін
дамытатын құрал- технология. Мысалы, математиканы технология әдісімен
оқытуда орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын,
есте сақтау қабілетін арттыратын болу тиіс. Бұл орайда деңгейлік
тапсырмалардың атқаратын қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты-
оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде
орындалатын  жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке,
шығармашылыққа баулу. Математиканы профессор Ж.А. Қараевтің технологиясы
оқушының теориялық білімін нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып,
шығармашылық жұмысқа жетелейтін деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі.
Әр деңгейлі дифференциалды педагогикалық технологиямен оқыту барысының
жүйесі:
1. Жаңа тақырыпты  проблемалық әдіспен, ізденіс барысында түсіндіру.
2. Тест немесе диктант 10-15 мин, тақырыптаң меңгерілуін тексеру
3. Жалпылама тест барлық түрлерін қолдану
4. Өздік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
5. Саралау сабағы, қатемен жұмыс.
6. Әр деңгейлі дифференциалды бақылау жұмысы.
7. Қорытынды бағалау, бағалау парағы.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін
күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл
бөлемін: 
˗ сабақтың мазмұны,
˗ сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау, 
˗ сабақтың нәтижелігі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік
жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.Оқушылар өздік жұмыстарын
орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап,
диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту
технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған
білімдеріне және оқушыға байланысты
2) Алгоритмдік деңгей- мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 
3) Эвристикалық деңгей-  оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді
қолдана отырып жауап береді. 
4) Шығармашылық деңгей -оқушының таза өзіндік шығармашылығын
байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен
меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Оқушы сабаққа
бұрынғысынан тиянақты дайындалып, сабақ барысында ұпайлар жинауға
тырысады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп,
саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.
1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы
белсендігін оятады. 
2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа   
тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы
білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың
маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі
қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға
септігін тигізеді.
 

1.3 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі

Психолог  Л.С. Выгодскийдің айтуынша Бала дамуының ең шарықтау шегі-
бұл тіл мен ойдың шығармашылығы. Оқыту барысында жаңа технологиялық
әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың
білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін
өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екуіде жеке тұлғаның қалыптасуына
ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.  Дамыта оқытуда оқушының
ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі
бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға
мүмкіндік беріледі. Бастауш саты- бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды
дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны
тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.  Президент жолдауында:
Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады-
деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз
жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологисы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы 
негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі Дамыта оқыту
технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық
меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымы сөздікте  ... мөлшерлік
өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге
айналуы -деп түсіндіріледі.  Даму ұғымының психологиялық анықтамасы –
жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны
білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін
психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл
мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын
анықтаған көрнекті психолог  Л.С Выгодский.
И.Я Лернер Даму деген ұғымды педагоикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға
шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой
қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В. Занков ақыл –ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс- әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының
көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында
баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды
және оның басты шарты ретінде әрекет алынды.
Метеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы
олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың
маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының
шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана
дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой  әрекетін меңгеруге жағдай
жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің
көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқытудың ерекшелігі:
˗ оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;
˗ оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін
тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;
˗ білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар
˗ үшін   міндеттілігі;
˗ оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
˗ оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
˗ оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
 Дамыта оқыту деген термин психологиялық ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін
(Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да психиканың
функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А.
Менчинская)  және т.б. іс –әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.
Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды.
Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент
жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін  Л.В. Занков
басқарды.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты
назарда  ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының -
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда
түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім
алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас
бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы 
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин -В.В. Давыдов жасаған
жүйенің негігі компоненттері.
Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді.
Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады.
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім
табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр
оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады.
Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала
жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден- дамыта оқытуда  білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы
өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде
жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше
шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің
жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары
оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден- дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше
отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне
дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы,
балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің
әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс
жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен
мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін
береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз,
оқушы – орындаушы объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей,
дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын
құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі;
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігі артады;
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне
деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл
әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік
деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.
3. Бала  іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі
беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың
мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді,
жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.
1. Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі.
Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.
2. Келесі сабақтың моделін жоспарлау.
Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының
негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-
тәсілдерін  таңдау.
3. Сабақты жүргізу.
Әр сабақтағы баланың  іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-
қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.
4. Рефлексия.
Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер
еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.
Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:
-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен
бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді
түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-
тіжірибесінде қолдануды үйрету.
Қорыта келгенде дамыта оқыту технологиясы оқушы құзіреттілігін
дамытуда аса маңызы бар технология.
 

2. Бастауыш сыныпта Қазақ тілі мен Әдебиеттік оқу сабақтарында
қолданылатын инновациялық технологиялар

2.1 1 сыныпта дамыта оқыту технологиясы

1 – сыныпта Ана тілі интеграцияланған оқулық болғандықтан, осы
интеграция сөзінің мағынасын түсіндірсек. Бұл термин мынадай
түсініктемелермен берілген:
1.Интеграция латынның integration – қалпына келтіру, қайта құру,
толысу, толықтыру сөзінен шыққан және білімнің бірнеше салаға
тарамдалуымен, яғни білімнің дифференциаландануымен қатарлас жүретін
мұғалімнің өзара жақындасуы мен байланысын білдіретін үдеріс ретінде
түсіндіріледі (Советский энциклопедический словарь. М., 1984).
2.Интеграциялау – бөліктерді бүтін шығатындай етіп біріктіру, яғни
бөліктерді біртұтас болатындай етіп біріктіру (Ожегов С.И. словарь русского
языка. М., 1984).
3.Қандай да бір бөліктердің, элементтердің бүтінге біріктірілуі және
бірдей типті қоғамдық құрылыстағы екі немесе одан да көп мемлекеттердің
ұлттық шаруашылықтарының өзара бейімделу және біріктірілу процесі (Словарь
иностранных языков. М.,1986).
Ана тілі оқулығы да сол интеграцияның қарапайым көрінісі. Сабақтар
дамыта оқыту технологиясына негізделіп жасалып, өткізіледі. Өйткені дамыта
оқытудағы сабақ құрылымының әртүрлі қалыптасқан сабақ құрылымына қарағанда
көптеген ерекшеліктері бар. Оқушының оқу – танымдық әрекетінің
психологиялық құрылым ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай
ұйымдастырылады:
Мотивациялық – бағдарлау кезең (мотивациялық – даярлық әдістері
қолданылады).
Операционалдық – орындаушылық кезең (оқу – танымдық, ізденім,
ішінара зерттеу, проблемалық әдістер қолданылады).
Рефлексиялық – бағалау кезеңі (өзіндік бақылау – өзін – өзі
бағалау әдістері).
Мотивациялық – бағдарлау кезеңде оқу – міндеттері қойылып,
айқындалады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен
жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа
бет бұруына жағдай жасайды да, жаңа тақырыпты танып – білу мотивациясын
қалайды. Яғни оқушылардың осыған дейінгі алған білімдері негізінде жаңа
тақырыпты меңгеруге дайындығын бақылау, жаңа тақырыпты меңгертудің
алғышартын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі:
˗ Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру;
˗ Жаңа тақырыпқа негіз болатын түсінік белгілер туралы ойларын
жинақтау;
˗ Өткен мен әлі өтілмеген оқу материалын шебер байланыстырып, сұрақ
қою арқылы проблемалық жағдаят тудыру;
˗ Стандартты емес тапсырма беру;
Беймәлім танылмаған білім нысаны туралы ақпаратты проблемалы түрде
беру, яғни оқушыға білім неғұрлым беймәлім, жұмбақ көрінсе, соғұрлым оны
білсем деген ынтасы арта түсетіндігін ескеру қажет.
Осы әрекеттерді ұйымдастыру арқылы мұғалім жаңа сабақтың қызықты өтуін
қамтамасыз етеді. Бұл оқушының өтілейін деп отырған тақырыптың қаншалықты
қызықты да проблемалы екенін түсініп, оны тануға деген ынтасын арттыра
түсері сөзсіз. Сабақтың алғашқы кезеңі оқушыны осындай өз бетімен ізденетін
әрекеттерге итермелеуі керек.
Операционалдық – орындаушылық кезеңінде жаңа тақырып оқушының
тарапынан теориялық тұрғыдан танылады. Осыған дейінгі кезеңде жасалған
жұмыстардың барлығы осы саты үшін қызмет етеді, оның нәтижесі мен жемісі
осында айқындалады. Білімді, теориялық ұғымды тануды мұғалім
ұйымдастырғанмен, енді оны тану оқушының мақсатына айналып, ал орындаушылық
мазмұн алады, яғни оқушының оқу – танымдық белсенді әрекеті осы кезеңде
толық жүзеге асады. Аталған кезеңде төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
˗ Жаңа тақырыпты, ұғымды меңгеру мақсатында түрлі тапсырмалар мен
жаттығулар орындалады;
˗ Соның негізінде оқушы бір нақты теориялық шешімге келіп, тұжырым
жасайды;
˗ Оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды;
˗ Жаңа танылған теориялық нысан туралы жалпы ереже, анықтама
шығарады, т.б.
Рефлексиялық – бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді
меңгеру тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады. Ол үшін:
Тақырып тұрғысында сұрақтар қойылады;
Арнайы тапсырмалар беріледі;
Дәл сондай тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Бұл кезеңнің дәстүрлі оқытудан ерекшелігі оқушы өзінің осал тұстарын
анықтап, өз – өзіне іштей баға береді, өзінің не туралы білгеніне саналы
тұрғыдан келіп, саралайды. Осыған жеткізу үшін мұғалім сабақ тақырыбына
байланысты жалпылама сұрақтар беріп, рефлекциялық жаттығу, тапсырмалар
арқылы тексереді, оқушыларға ережелерді түйіндетеді.
Қазіргі таңда мәтінге байланысты мынандай жұмыс кезеңдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Грамматикалық ойларды қолдану әдіс- тәсілдері
Деңгейлік саралап оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Пәндер