Несеп жүйесін зерттеу.



Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.22
2.1Бүйректің құрылысы және бөлу процесінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2 Зәрдің түзілу механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Зәрдің құрамы мен қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
III. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.22
3.1 Несеп шығару жүйесінің аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3.2 Бүйректі зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.3 Несеп жүйесін, несеп шығатын өзекті зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.4 Несепті зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
V. Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Клиникалық диагностика,гректің diagnosticon – ауруды анықтап тануға икемді-деген сөзінен шыққан. Клиникалық диагностика – аурулары айырып тану туралы ғылым. Сонымен клиникалық диагностика, клиникалық ветеринарияның ең маңызды бөлімі болып, қазіргі әдіс- тәсілдерімен және жүйелі түрде мал ауруларын анықтап, аурулардың мәнін, дұрыс диагноз қоюды зерттейтін ғылым.
Симптомдар дегеніміз негізінде ағзалар мен жүйелердің функционалдық және анатомиялық өзгерістері жататын, клиникалық зерттеумен анықталатын аурудың барлық белгілері.
Клиникалық тексерудің ең маңызды мақсаты – симптомдарды табу және олардың ұқыпты түрде зерттеу. Симптомдарды бағалау кезінде кейбір функционалды өзгерістер сау малда да болып, оның жасына немесе физиологиялық жағдайына байланысты болатынын еске алу қажет.Бұндай өзгерістер симптомдарға жатпайды.
Диагноз ( грек сөзінен diagnosis – айырып тану ) ауру негізі туралы және малдың жағдайына, нозологиялық термин түріндегі қысқаша қорытынды. Диагноз қою үшін түрлі әдістерді жақсы пайдалана отырып,алынған нәтижелерді дұрыс талдай білу. Ол үшін жекелік патологиядап терең, білім болу қажет.
Малды зерттеген кезде әр түрлі әдістерді қолданады.Барлық әдістер жалпы, қосымша және арнайы болып бөлінеді.Жалпы әдістерді әрбір малға ,ауруға байланыссыз міндетті түрде жасайды. Жалпы зерттеуді жасап болғаннан кейін ғана, дәрігер арнайы немесе қосымша тексеру әдістерін ұсынады.
Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдерге қарау әдісі (көру), пальпация (сипау), перкуссия (соғу) ,аускультация (тыңдау) және (дене қызуын өлшеу) тәсілдері жатады.
Қолданылған әдебиет тізімі

1. Т.Несіпбаев «Адам және жануарлар физологиясы» -Алматы,2000 ж.
2. Ж.Б. Ахметов «Патологиялық анатомия» –Алматы,1993ж.
3. Колесова А.М«.Внутренных незаразных болезней животных» Ленинград «Долос» ,1972 г.
4. Воронича Е.С. «Диагностика внутренныхнезаразных болезней животных » «Колос»,1987 г.
5. Т.Несіпбаев «Жануарлар физиологиясы» – Алматы,1993 ж.
6. Беляков И.М., Дугин Г.Л., Кондратов В.С. и др. Практиум по клинический диагностика с рентгенологей М. «Колос»,1992 г.
7. «Внутренние незаразные болезни сельсхозяйственных животных» Под редакцией В.М. Данилевского М. «Агропромиздат»,1991 г.
8. Зайцев И.М. « Диагностика внутренных незаразных болезней животных» «Колос» 1997 г.
9. Молдағұлов «Жануарлардың ішкі аурулары»- Семей,2005 ж.
10. Смирнов А.М., Конопелько П.Я. Постникова В.С. «Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных» М. « Колос»,1981 г.
11. Беляков И.М «Методические рекомендации по лабораторным методам исследования мочи сельскохозяйственных животных »М:ВАСХНИЯ,1980 г.
12. Васильев М.Ф и др. «Практикум по клинической диагностике болезней животных» М. «Колос»,2003 г.
13. Щербакова Г.Г. , Коробова А.В. « Внутренных болезни животных »Издательство «Лань »,2002 г.
14. «Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных »Ленинград «Долос», 1981г.
15. Уша Б.В. , Беляков И.М. и др., « Клиническая диагностика внутренних болезней животных »М. «Колос» ,2003 г.
16. «Клиническая диагностика внутренних болезней животных» Москва -1988 г.
17. «Ветеринарная рентгенология », В.А. Липин, М.Т. Терахина, А.Л. Хохлов, М. «Колос»,1996 г.
18. И.Г. Кондракин , Н.В. Курилов, А.Г. Малахов« Клиническая лабораторная диагностика в ветеринарии,» справочное издание М. «Агропромиздат»,1985 г.
19. Кармалиев Р.С., Беглецов Е.В. «Диагностическая и терапевтическая техника в ветеринарий»,2009 г.
20. Данилевская Н.В., Коробов А.В., Сартарченков С.В., Щербаков Г.Г, Справочник ветеринарного терапевта 3- е изд., стер/Под ред.А.В.Карабова , Г.г.Щербакова –спб: издательство «Лань»,2003 г.
21. Беляков И.М. «Клиническая исследование животны»х –М:МГАГБ,1996
22. «Внутренних незаразные болезней сельскох»озяйственных животных »Под ред. И.Г. Шарбрина М. «Агропроминат,1985 г.
23. Қ.Н.Қожанов «Малдың жұқпалы емес аурулары» – Семей,2005 ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Жұқпалы емес аурулары кафедрасы

Клиникалық балау пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Несеп жүйесін зерттеу.

Орындаған: ВМ-31 топ студенті
Кенжегарина А.А.
Тексерген: а.ш.ғ.к., доцент
Закирова Ф.Б.

Орал,2011

Жоспар

I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..4-22

2.1Бүйректің құрылысы және бөлу процесінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2 Зәрдің түзілу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...9
2.3 Зәрдің құрамы мен
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
III. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..13-22
3.1 Несеп шығару жүйесінің
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3.2 Бүйректі
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.3 Несеп жүйесін, несеп шығатын өзекті
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.4 Несепті
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 25
V. Қолданылған әдебиет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26

Кіріспе
Клиникалық диагностика,гректің diagnosticon – ауруды анықтап тануға
икемді-деген сөзінен шыққан. Клиникалық диагностика – аурулары айырып тану
туралы ғылым. Сонымен клиникалық диагностика, клиникалық ветеринарияның ең
маңызды бөлімі болып, қазіргі әдіс- тәсілдерімен және жүйелі түрде мал
ауруларын анықтап, аурулардың мәнін, дұрыс диагноз қоюды зерттейтін ғылым.
Симптомдар дегеніміз негізінде ағзалар мен жүйелердің функционалдық және
анатомиялық өзгерістері жататын, клиникалық зерттеумен анықталатын аурудың
барлық белгілері.
Клиникалық тексерудің ең маңызды мақсаты – симптомдарды табу және
олардың ұқыпты түрде зерттеу. Симптомдарды бағалау кезінде кейбір
функционалды өзгерістер сау малда да болып, оның жасына немесе
физиологиялық жағдайына байланысты болатынын еске алу қажет.Бұндай
өзгерістер симптомдарға жатпайды.
Диагноз ( грек сөзінен diagnosis – айырып тану ) ауру негізі туралы
және малдың жағдайына, нозологиялық термин түріндегі қысқаша қорытынды.
Диагноз қою үшін түрлі әдістерді жақсы пайдалана отырып,алынған нәтижелерді
дұрыс талдай білу. Ол үшін жекелік патологиядап терең, білім болу қажет.
Малды зерттеген кезде әр түрлі әдістерді қолданады.Барлық әдістер
жалпы, қосымша және арнайы болып бөлінеді.Жалпы әдістерді әрбір малға
,ауруға байланыссыз міндетті түрде жасайды. Жалпы зерттеуді жасап болғаннан
кейін ғана, дәрігер арнайы немесе қосымша тексеру әдістерін ұсынады.
Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдерге қарау әдісі (көру), пальпация (сипау),
перкуссия (соғу) ,аускультация (тыңдау) және (дене қызуын өлшеу) тәсілдері
жатады.

I. Әдеби шолу
2.1 Бүйректің құрылысы және бөлу процесінің маңызы

Зат алмасу процесі барысында бір жағынан организмге қажетті жаңа
қосылыстар түзілсе, екінші жағынан организм пайдалана алмайтын түрлі ыдырау
өнімдері бөлінеді. Олардың ішінде белок пен нуклеин қышқылдарының ыдырау
өнімдері – мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммиак организмде көп
жиналса, организмнің тіршілік әрекетіне үлкен зиян келтіреді,организм
уланады. Осы уытты “ қалдық” заттар концентрациясы қанда, лимфа мен ткань
аралық сұйықта шамадан тыс артып кетсе организмнің тіршілік әрекетін
тоқтатып, өлімге әкеп соқтырады. Қалыпты жағдайда бөлу жүйесіне жататын
органдар қызметінің нәтижесінде уытты ыдырау өнімдерінің мөлшері бір
деңгейде сақталады. Организмнің зат алмасу процесінің уытты ыдырау
өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан, су, тұз және органикалық заттардың
шамадан тыс артық мөлшерінен босануын қамтамасыз ететін процесті бөлу
немесе эксрекция деп атайды.
Т. Несіпбаевтің мәліметі бойынша малдарда бөлу қызметін бүйрек, өкпе,
тері, ас қорыту жолы атқарады. Өкпе арқылы организмнен көмір қышқыл газы,
су наркоздан кейін эфир мен хлороформ, алкаголь буы бөлінеді. Ішекпен ауыр
металл тұздары, өт бояуларының өнімдері бөлінеді.
Негізгі бөлу органына бүйрек жатады. Бүйректе түзілетін зәр ( несеп )
құрамында зат алмасу процесінің ақырғы ыдырау өнімдері, негізінен азотты
заттар ( мочевина, несеп қышқылы, аммиак креатинин, креатин ) бөлінеді.
Бүйрек көптеген қызмет атқаратын орган. Организмнен азотты заттардың
ыдырау өнімдері мен әр түрлі бөгде заттарды шығарумен қатар, ол денедегі
сұйықтықтың мөлшерін, осмостық қысым деңгейін, қанның иондық құрамы мен
қышқыл сілтілік тепе – теңдігін,белоктардың, углеводтардың, липидтердің,
дәрмендәрілердің алмасуын реттеуде маңызды роль атқарады.
Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың зәр бөлу жүйесі қос бүйректен
және олардан шығатын несеп ағарлардан, қуықтан несеп шығаратын каналдан
тұрады.
Мал бүйрегінің құрылысы өте күрделі. Ол екі қабаттан – сыртқы қыртыстан
және ішкі бозғылт заттан тұрады.
Ж.Б. Ахметовтың айтуы бойынша қыртыстық қабат бір типті құрылымдағы
нефрондардан құралады. Нефрон ішінде капилляр шумағы бар капсуладан
басталады. Капсула пішіні жағынан тостағанша тәрізді қос қабырғалы бір
қабат эпителий клеткаларынан тұрады да, қабырғалар арасында саңлау кеңістік
жатады. Капсуланың ішкі қабырғасы капиллярлар шумағымен тығыз жанасып
сүзгіш жарғақ құрайды. Капсулаға капилляр қабырғалары арқылы қаннан сүзіліп
шыққан сұйықтық зәр жиналады.
Капсуланың қысқа мойны бірінші қатарлы ирек түтікшелермен жалғасады.
Бүйректің бозғылт қабатына жеткенде бұл түтікше түзіліп, жіңішкереді де ,
төмен қарай созыла келіп Генле ілгегінң төмен кететін иінін түзеді. Қалың
бозғылттың бітер жерінде бұл түтікше ілгек тәрізді бұрылып қайта кеңейеді
де, қыртыстық қабатқа қарай жоғары көтеріледі.
Түтікшенін бұл бөлігін Генгле ілгегінің жоғары иіні деп атайды. Жоғары
өрлеген осы түтікше қыртыстық қабатта екінші қатардағы ирек түтікшелерге
айналады да, жинағыш түтікшелер мен жалғасады. Жинағыш түтікшелер өзара
жалғаса келіп , еміздікшелер түзеді. Ал еміздікше түтікшелері зәрді бүйрек
астаушасына құяды. Өз ретінде ол бүйрек қақпасынан басталатын несеп
ағармен жалғасады.
А.М. Колесованың айтуы бойынша бүйректе морфологиялық құрылысы
баяндалып өткен зәр түзу процесін қамтамасыз ететін нефрондардан басқа
негізінен бозғылт затта орналасқан басқа да нефрондар бар. Олардың
шумақтары қыртыстық және бозғылт қабаттардың шекарасында жатады, ал Генле
ілгегі бүйрек астаушасынаіргелес орналасады. Мұндай нефрондарды
юкстамедулярлық нефрон деп атайды. Юкстамедулярлық аймақтағы иальпигий
шумағы ірірек болады да, олардың қанды әкелуші және әкетуші тамырларының
арнасы бірдей келіп, түтікшелер маңында капилляр торын құрмай, шумақтардан
еміздікшелерге баратын қатар – қатар майда артерия тамырларына айналады.
Бұл тамырлар бозғылт қабатқа дейін төмендеп, қыртыстық қабатқа қайта
оралады. Осы майда артериялар капиллярларға тарамданбай тікелей ұсақ
веналармен байланысып , доғалық веналарға құяды. Бүйректе түсетін қанның
80 проценті қыртыстық шумақтар , ал 20 проценті юкстамедулярлық шумақтар
арқылы өтеді.
Юкстамедулярлық аймақта әр бір 100 шумақтық 12 – 15 шумағында қанды
әкелуші және қанды әкетуші артериялар шумаққа енер не шығар жерде
невромиоэпителиальды клеткалар кешенімен жанасады да, юкстагломерулярлық
аппарат деген атқа ие болады. Бұл құрылым екінші қатарлы иірімді
түтікшелерге іргеліс орналасады. Көптеген зерттеушілер пікіріне сәйкес
осы юкстагломерулярлық аппаратта ( ЮГА ) ненин гормоны түзіледі. ЮГА
клеткаларында түзілетін заттар альдостерон секрециясын күшейтеді, натрий
иондарының нефрондар түтікшелерінің дистальдық бөлімдеріндегі
реабсорбциясын жандандырады. ЮГА клеткалары өнімдерінің антагонисі ретінде
бүйректің бозғылт қабатының интерстициялық клеткаларында түзілетін
гормондар әрекет етеді. Олар антигипертензиялық әсер етіп, электролиттер
мен судың алмасуына ықпал жасайды.
Бүйректің қанмен жабдықталуында да айтарлықтай еркшеліктер бар.
Қыртыстық қабатта жіңішке артерия тамырлары Шумлянский – Боумен капсуласына
кіріп, онда ұзындығы 0,5 мм шамасында 30-50 капилярға тарамданады да,
мальпигий шумағын құрайды. Бұл тамырды қанды әкелуші тамыр деп атайды.
Аталған капилярлар жинала келіп қанды әкететін артериялар құрайды. Қсы
тамырдың диаметрі қан әкелуші тамырдан 2 есе тар келеді. Шумақтан шыққан
тамыр ирек түтікшелер мен Генле ілгегі тұсында қайтадан тарамданып, екінші
рет капиллярлар торын құрайды. Осыдан кейін ғана капилляр тамырларындағы
қан вена торына жиналыпү одан бүйрек венасына барып құяды. Шумақ
капиллярында қан қысымы басқа орган капиллярларындағы қысымнан әлдеқайда
жоғары. Оның себебі әкетуші тамырлардың диаметрінің тарлығында және оның
қайтадан капиллярларға таралуында. Сонымен қатар бүйрек артериясы тікелей
құрсақ басталады, да ол қыста келеді.
Е.С. Вороничаның мәліметі бойынша бүйрек қанмен өте жақсы жабдықталады,
басқа органдарға қарағанда оған қан 20 есе көп келеді. Мысалы, адамның әр
бүйрек тамырларынан 1700 л қан өтіп, оның 170 л қыртыстық қабаттағы
мальпигий шумақтарында сүзіледі. Адам организміндегі 5 л қан тәулігіне
бүйректен 200-300 рет өтеді. Салмағы 90-100 кг шошқа бүйректерінен
тәулігіне 1,5 мың л қан сүзіледі.
Адамның екі бүйрегінде 2 миллионнан аса, ірі қарада – 8 млн, шошқада –
1,5, қойда 1 млн нефрон болады. Нефрондардың ішкі бетінің жалпы ауданы
адамның екі бүйрегінде 4 – 6 м2 ірі қарада -39,5, шошқада -7,2, қойда 3,5
м2.Әр бір нефронның ұзындығы 30 – 50 мм, ал олардың жалпы ұзындығы адамда
60-70 километрге жетеді.

2.2. Зәрдің түзілу механизмі

Т. Несіпбаевтің мәліметі бойынша бүйректін негізгі қызметі – зәр (
несеп) түзу.Зәр түзу екі кезең - сүзу және қайта сору, тұратын күрделі
физиологиялық процесс.
Зәр шығару Шумлянский – Боумен капсуласына қанның сұйық бөлігінң
сүзіліп өтуінен басталады. Осының нәтижесінде капсула қуысында коллоид
заттардан тазартылған, құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас сұйық – алғашқы
зәр пайда болады. Капсула қабырғасынан қанның сүзілуіне шумақ тамырларының
жоғары қысым тудыратын құрылыс ерекшеліктері мен ондағы ерекше ұсақ
саңылаулар ықпал жасайды. Бұл тесіктер арқылы мальпеги шумағынан
молекулалық салмағы 70000 – нан артық заттар өтпейді, сондықтан алғашқы зәр
құрамында белок болмайды, оны белоксыз да болады деген ультрафильтрат деп
те атайды. Плазма құрамындағы коллоидтар тудыратын онкостық қысым алғашқы
зәрдің сүзілуінен қиындатқанымен , мальпигий шумағындағы қан қысымы плазма
коллоидтарынң суды ұстау қабілетінен жоғары болады. Осы екі қысымның
айырмасын сүзілу қысымы деп атайды. Шумлянский – Боумен капсуласына сұйық
шумақ капиллярлары мен капсула ішіндегі қысым теңескенге дейін сүзіледі.
В.С. Кондротов, И.М. Беляковтың айтуы бойынша тәулігіне өте көп
мөлшерде алғашқы зәр түзіледі, мысалы сиырда 540-1800 л. Бұл бүйректің
қанмен өте мол жабдықталғанында ғана мүмкін болатын жағдай. Сиыр тәулігіне
15 л зәр бөлсе, онда оның бүйрегінен 18000 л қан өту керек. Демек, Әрбір 6-
10 л қаннан 1 тл алғашқы зәр түзіледі.
Капсуладағы алғашқы зәр ирек түтіктер жүйесіне түскеннен кейін зәр
түзудің екінші кезеңі – қайта сору басталады,да, судың көп мөлшері , кейбір
еріген тұздар,амин қышқылдары, глюкоза т.б. кері сіңіп, қанға өтеді. Қайта
сору процесі бүйректің несеп жүретін түтікшелерін құрайтын эпителий
клеткаларының спецификалық активі жұмысы арқылы іске асады. Электронды
микроскоптық зерттеулерге қарағанда нефрон түтікшелерінің ішкі бетінде ащы
ішектегі сияқты микротүк тер болатын көрінеді, әрбір клетка бетінде
6500микро түк орналасады.Олар түтікшелердің ішкі беттік ауданын 40 есе
өсіреді де, оның жалпы ауданы малда 40-50 м2 – ге жетеді. Осындай
морфологиялық ерекшліктер қайта сору процесінң қарқынды жүруіне мүмкіндік
береді. Арнаулы зерттеулер 100 л алғашқы зәрдің 98,5 л кері сорылатынын
көрсеткен.
В.М. Данилевскидің мәліметі бойынша қазіргі кезде натрий, глюкоза, амин
қышқылдары және кейбір заттардың активті механизм әрекетімен сорылатыны
дәлелденді. Хлоридтер мен су пассивті түрде осмос диффузия заңдылықтарына
сәйкес сорылады. Активті тасмалдау механизімі нефрон түтікшелерінің
дистальдық бөлігінде заттар жәй диффузия түрінде тасымалданады. Активті
тасмалдау механизімінің әсері мен түтікшелердің қуысына концентрация
градиентіне қарсы түрлі иондық қосылыстар – холиин, гистамин, гуанидин,
тиамин, серотонин т.б. өтеді. Аталған иондық қосылыстарды тасымалдауда
бүйрек түтікшелері мембранасындағы өте белсенді Na+ және K+ тәуелді
аденозинүшфосфатаза ферменті маңызды роль атқарады. Сонымен қатар бұл
мембранада басқа да органткалық заттардың тасымалдануын қамтамасыз ететін
активті тасымалдау жүйесі орналасады.
Алғашқы зәрден глюкозаның , натрийдің, калийдің, кальцийдің және басқа
заттардың бүйрек ткані мен қанға кері сорылу нәтижесінде ұлпалық
сұйықтықтағы осмостық қысым жоғарылап, алғашқы зәрдің осмыстық қысымы
төмендейді. Осының салдарынан су алғашқы зәр құрамынан ткань сұйығы мен
қанға өте бастайды.
И.М. Зайцевтің айтуы бойынша нефрон түтікшелерінен өту үстінде алғашқы
зәрдің құрамы өте қатты өзгереді. Мысалы, мочевинаның концентрациясы 60
есе, аммиак – 40, фосфаттар – 30, несеп қышқылы – 25 есе өседі. Бүйрек
түтікшелері клеткаларының ақырғы зәрді түзуде белсенді роль атқаратының
дәлелдеді.
Алғашқы зәр құрамындағы заттарды екі топқа бөлуге болады: шығару
табалдырығы жоғары және шығару табалдырығы төмен. Бірінші топтағы заттарға
алғашқы зәрден қанға кері сорылатын қосылыстар ( қант, хлоридтер,
фосфаттар, калий, кальций, натрий, несеп қышқылы ) жатады. Бұл заттар соңғы
зәрде тек қана олардың қандағы концентрациясы шамадан тыс жоғарылағанда
ғана байқалады.Бүйрек түтікшелерінен қанға қайта сорылмайтын заттар шығару
табалдырығы төмен заттар деп аталады. Оларға суьфаттар , креатинин мочевина
жатады. Бұл заттар организмнен толығыменақырғы зәр құрамында шығарылады.

1.3 Зәрдің құрамы мен қасиеті

Зәр – құрамында 96 процент су және 4 процент құрғақ қалдық бар сұйық
зат. Дегенмен де зәрдің құрамы мен қасиеті қабылданған азықтың құрамына ,
мөлшеріне, сипатына, ішілген су мөлшеріне , малдың физиологиялық күйіне
қарай ауа райы мен жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.Зәрдің түрі
сарғыш келеді,ол оның құрамындағы урохром және уробилин сияқты бояғыш
заттарға байланысты. Тақ тұяқты жануарлар зәрі ылайды, шырышты, қоймалжың,
шұбылыңқы келеді, себебі оның құрамында көмір қышқылды кальций тұзы және
муцин тектес зат болады. Зәрдің иісі мал түлігіне қарай өзгереді.
Жылқы зәрінің иісі өткір ,шіріген шөп иісіне ұқсас, сиыр зәрі әлсіз шірік
иісті, ал ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.
Молдағұловтың айтуы бойынша зәрдің осмостық қысымы 23-30 атм.
шамасында, ал сыбағалы салмағы 1,020-1,040 аралығында сақталады.,оның
құрамында 50-120 гл еріген заттар болады. Зәрде еріген заттардың 23
бөлігі органикалық, ал 13 бөлігі органикалық емес заттарға жатады.
Органикалық заттардың 80-85 проценті мочевинадан тұрады, ал қалған бөлігін
креатин, несеп қышқылы аллантоин, аммиак, амин қышқылдары құрайды.
Патологиялық жағдайда зәр құрамында белок, қант, кетонды заттар, өт
бояулары байқалады, ал қалыпты жағдайда олар кездеспейді. Органикалық емес
қосылыстар натрийдің, калийдің, магнийдің көмірқышқылды, хлорлы, фосфор
қышқылды тұздары, кальций оксалаты және фосфатты түрінде болады.
Зәрдің әрекетшіл ортасы малдың азықтану ерекшеліктеріне байланысты
өзгереді. Шөп қоректі жануарларда ол сілтілік, ет қоректі жануарларда
қышқылдық , ал шошқада – амфотерлік.

Зәр шығару және оның реттелуі

Зәр үздіксіз түзіледі. Нағыз зәр жинағыш түтікшелермен бүйрек
астаушасына құйылады да, ол жиырылғанда несеп ағарға өтеді. Несеп ағар
бойымен жиырылу толқыны секундына 2-3 см жылдамдықпен тарап, зәр қуыққа
жиналады. Жиырылуы толқының жылдамдығы зәр түзу қарқынына қарай өзгеріп,
әрбір 10-20 секунд сайын қайталанып отырады.
Қуық – зәр уақытша жиналатын қуыс орган. Оның етті қабаты үш бағытта
орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Ортаңғы қабат сақина тәрізді оралып,
көлденең орналасады да, ішкі және сыртқы қабаттары қуық осіне параллель
оның ұзына бойымен жатады. Қуық бос кезде оның қабырғасының қалыңдығы 1,5
см-ге дейін барса,ол толған кезде 2-3 мм-ге дейін жұқарып созылады.
Бірыңғай салалы ет талшықтарына кернеуді өзгертпей жиырылатын қасиет
тән, сондықтан зәр көп жиналып, қуықтың қабырғасы қатты керілсе де, оның
ішіндегі қысым аса көтерілмейді. Сол себепті зәр қуықтан несеп ағарға
көтерілмейді, кері ақпайды, бүйрек астаушасында қысым бір деңгейде
сақталады.
А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько т.б мәліметі бойынша қуықтан несеп каналы
басталар жерде сақиналы ет талшықтары жинақталып келіп, ішкі қысқыш құрайды
да, ол несеп каналын жауып жатады. Несеп каналының ұзына бойында көлденең
жолақ ет талшықтары орналасады, ол сыртқы қысқыш қызметін атқарады.
Зәр рефлекторлық жолмен шығарады. Қуықта зәрдің жиналуына байланысты
ішкі қысқыш созылады да, қысымның әсерімен қысқыш пен несеп каналының
кілегей қабығында орналасқан көптеген рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған
қозу толқыны орталыққа тебетін нервтер арқылы жұлынның құйымшақ бөлімінде
орналасқан зәр шығару орталығына береді.Орталықтан тебетін нерв импульстері
симпатикалық немесе парасимпатикалық нервтер арқылы қуық етінің, қуықтың
қысқышының, несеп каналы еттерінің жиырылуын реттейді.
И.М. Беляковтың айтуы бойынша зәр шығару процесін реттейтін
парасимпатикалық нерв талшықтары жұлыннан басталатын жамбас нервінің
құрамына кіреді. Олар қозғанда қуық еттері жиырылып, қысқыш пен несеп
каналының еттері босайды , зәр щығарады. Ал қуық қызметін реттейтін
симпатикалық нерв артқы шажырқай түйінінен басталады. Ол қозғанда қуық
еттері босаңсып, қысқыш пен несеп каналының еттері жиырылады да , зәр
қуықта жиналады.
Зәр шығару процесіне қатынасатын еттердің қызметі сопақша мида
орналасқан орталықпен де реттеледі. Өз ретінде жұлын мен сопақша мида
орналасқан орталықтарға үлкен ми сыңарларынан келетін импульстер әсер
етеді.
Тәулігіне жылқы 5-10 л, ірі қара - 6-20 л, қой-ешкі-0,5 л, шошқа -2-5
л, ит-0,5-2 л,мысық -0,05-0,2 л, қоян-0,04-0,1 лзәр шығарады. Организмнен
шығарылған зәр мөлшері ішілген су мен қабылдаған тұздардың, тері мен өкпе
арқылы буланған сұйық мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.
Құстарда қуық болмайды, несеп ағар клокаға ( ас қорыту, зәр шығару және
жыныс мүшесі тоғысатын тік ішектің кеңейген жері ) ашылады да, зәр нәжіс
пен араласып, организмненқоймалжың зат түрінде шығарылады. Құс зәрінің
құрамында көп мөлшерде зәр қышқылы болады.

II Негізгі бөлім
2.1 Несеп шығару жүйесінің аурулары

Зәр шығару жүйесінің ауруларында кездесетін ұқсас клиникалық
белгілердің жиынтығын 6 синдромға біріктіруге болады:
1.Несеп – зәршығару синдромы: бөлінетін зәрдің мөлшерінің өзгеруіне
байланысты:
- Полиурия – зәрдің қалыптан көп бөлінуі (нефроклероз);
- Поллакиурия – зәрдің жиі – жиі бөлінуі(уроцистит);
- Олигурия – зәрдің қалыптан аз болуы (нефрит);
- Анурия – зәрдің бөлінбеуі (нефрит);
- Ишурия – аздап бөлінуі, не бөлінбеуі (тас түзілу ауруы).

Несептің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі:
- Протеинурия – несепте белок, нефрозда көбірек, ал нефритте аздау болады;
- Гематурия – несепте қан элементтері, жіті қабыну процесінде, таз түзіліп
ауырғанда кездеседі. Қан бастапқы бөлігінде болса – несеп жолдарының
аурулар, ақырғы бөігінде болса – ауру қуықта, барлық бөліктерінде болса –
ауру бүйректерде.
Зәр тұнбасындағы торшаларды анықтаудың ауруларды ажыратуда маңызы өте
зор. Онда әртүрлі клеткаларды анықтауға болады:
- Бүйрек эпителийлері мен цилиндрлер – бүйректердің түтікшілері
жарақаттанғанда;
- Жалпақ эпителий – несеп жолдары жарақаттанғанда;
- Түйіршікті цилиндрлер – жіті ауруларда;
- Цилиндрлердің басқа түрлері – созылмалы ауруларда анықталады.
1. Ісіну синдромдары – бүйрек ауруларының негізгі белгілерінің бірі.
Нефрозда көбірек, ал нефритте аздау байқалады.
Зәр шығару ағзаларының қызметтерінің жеткіліксіздерінен
пайда болатын ісіктердің жүректің қызметінің жеткіліксіздігінен
болатын ісіктерден айырмашылығы:
- Жылдам және аяқ астынан пайда болады;
- Алғашқыда бас жақтан басталып, артынан барып төс, бауыр, ұма, аяқ
жақтарға жайылады;
- Су тәрізді жұмсақ, кейде иелген нан тәрізді болады;
- Бауырдың көлемі ұлғаймайды.
- Бауырдың көлемі ұлғаймайды.
Ісік бас мида болғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несеп жолдары ағзаларына тас жиналуы және себептері
Мысықтарды бекемдеу
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Ісіктердің жіктелуі жөнінде
Мал аурулары жайында
Сепсистің этиологиясы
Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)
Интравагинальды ұма жарықтары. Кіндік жарығы
Сиырдың ортан жілігінің сынығы
Шап - ұмалық жарық және операция жасау
Пәндер