Әр түрлі жас топтарында жүргізілетін мүсіндеуге үйрету жолдарының ерекшеліктерін анықтау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

IӘР ТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА МҮСІНДЕУГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
1.1Мүсіндеуге үйретудің мәнімен маңызы.
1.2Әр түрлі жас топтарында жүргізілетін мүсіндеуге үйрету жолдарының ерекшеліктері

IIӘР ТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА МҮСІНДЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1Әр түрлі жас топтарында мүсіндеуге үйрету жолдарын анықтау
2.2Әр түрлі жас топтарында мүсіндеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 2030 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтың мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту [1]. Осы бағытты ескере отырып көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор. Қазақ халқының қолөнері – сонау ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармышылық жиынтығын айтады. Қолөнер – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы.Көптеген ғалымдардың айтуынша оның ішінде Н.Б. Халезованың пікірінше мектеп жасына дейінгі балалар үшін сюжетті мүсіндеу олардың шығармашылық дамуындағы мұмкіндіктерін ашады. Ермексазбен жұмыс жасаған балалардың сурет өнерін дамытады. Мүсіндеу өнері балабақшаның әсіресе орта тобындағы балаларына өте қажет екені дәлелденген. Балалардың бейнелеу шығармашылығы баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын қиялындағыны бейнелеуі қоршаған ортамен танысу арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мыс: ағаштың суретін салуүшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек. Археология ғылымында мүсіндердің атаулары жеткілікті. Солардың негізгілерінің бірі — «бәдіз». Бұл атауды көне Орхон жазуларына сүйене отырып кезінде Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде қолданса, бүгінде оны Зейнолла Самашев ғылыми айналымға қайта еңгізген. Сондай-ақ, «сынтас», «балбал» деген атаулар да ғылымда жиі кездеседі. Ал жергілікті жерлерде, халық арасында «мүсін тас», «кісі тас», «адам тас», «тас батыр», «палуан тас» деп әртүрлі атала ереді. Кейбір ғалымдардың пікірінше, балбал деп «мүсін тас тұрған шарбақтардан шығысқа қарай созылған, тік орнатылған тас бағаналарының тізбектерін атаған» [17].
Мектепке дейінгі ұйымдарында мүсіндеу – бұл мектепке дейінгі балаларға жұмсақ материалдардан – сазбалшық немесе ермексаздан көлемді және бедерлі пішін жасайтын іс-әрекеті. Ересектер тобында балаларға пішіннің өзіндік ерекшелігін көрсетуге динамиканы бейнелеуге үйретеді. Ересектер тобының тәрбиешісі мүсіндеу іс-әркеттенін ұйымдастыру кезінде төмендегі ұстанымдарды ұстану керек.
- Саз балшық қоюланып, балалардың қолдарына жабыспау үшін оны ұйымдастырылған оқу іс- әректі басталмас бұрын алдын ала әзірлеп қояды.
- Дайын саз балшықты полиэтиленді пакетке салып оны дымқыл шүберекпен орап тастау керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясы
2. М.С. Мұқашев, А.Г Сейтімов, Н.А Хамзин Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі: Оқулық. Астана. Фолиант, 2008 102-104 б
3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна
4. Ә.Марғұлан «Қазақстан сәндік қолданбалы өнері»,- Алматы: Өнер 1986
5. Көркем-сурет туындылары мен мүсіндер [Мәтін]. - Алматы : Аруна баспасы, [ж. ж.]. - 32 б. - (Балаларға арналған танымдық энциклопедия)
6. http://www.adilet.gov.kz/kk/node/65502
7. http://www.adilet.gov.kz/kk/taxonomy/term/1656
8. Жеделов Қ. О., Шапкина С. К., Королькова Н. А.БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ Әдістемелік құрал Алматыкітап баспасы 2014
9. Республикалық қоғамдық-педагогикалық басылым. «Бала тәрбиесі» 9. 2012ж
10. Республикалық қоғамдық-педагогикалық басылым. «Бала тәрбиесі» 7.2013
11. «Отбасы және балабақша» журналы №2 2012
12. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2011 ж
13. Бала мен Балабақша №7 2010(06) 14. http://shrk.kz/index.php?opti
15. Әлмұханбетов Б. Бакенов Ж « Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» Алматы 1987
16. Ғаламтор жүйесі, Google chrome, Яндекс
17. Ә.Х. Марғұлан, Шығармалары:14 т, 3 т. Алматы, 2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 2030 бағытының бірі - мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтың мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту [1]. Осы бағытты ескере отырып көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор. Қазақ халқының қолөнері - сонау ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармышылық жиынтығын айтады. Қолөнер - ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы.Көптеген ғалымдардың айтуынша оның ішінде Н.Б. Халезованың пікірінше мектеп жасына дейінгі балалар үшін сюжетті мүсіндеу олардың шығармашылық дамуындағы мұмкіндіктерін ашады. Ермексазбен жұмыс жасаған балалардың сурет өнерін дамытады. Мүсіндеу өнері балабақшаның әсіресе орта тобындағы балаларына өте қажет екені дәлелденген. Балалардың бейнелеу шығармашылығы баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын қиялындағыны бейнелеуі қоршаған ортамен танысу арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мыс: ағаштың суретін салуүшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек. Археология ғылымында мүсіндердің атаулары жеткілікті. Солардың негізгілерінің бірі -- бәдіз. Бұл атауды көне Орхон жазуларына сүйене отырып кезінде Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде қолданса, бүгінде оны Зейнолла Самашев ғылыми айналымға қайта еңгізген. Сондай-ақ, сынтас, балбал деген атаулар да ғылымда жиі кездеседі. Ал жергілікті жерлерде, халық арасында мүсін тас, кісі тас, адам тас, тас батыр, палуан тас деп әртүрлі атала ереді. Кейбір ғалымдардың пікірінше, балбал деп мүсін тас тұрған шарбақтардан шығысқа қарай созылған, тік орнатылған тас бағаналарының тізбектерін атаған [17].
Мектепке дейінгі ұйымдарында мүсіндеу - бұл мектепке дейінгі балаларға жұмсақ материалдардан - сазбалшық немесе ермексаздан көлемді және бедерлі пішін жасайтын іс-әрекеті. Ересектер тобында балаларға пішіннің өзіндік ерекшелігін көрсетуге динамиканы бейнелеуге үйретеді. Ересектер тобының тәрбиешісі мүсіндеу іс-әркеттенін ұйымдастыру кезінде төмендегі ұстанымдарды ұстану керек.
Саз балшық қоюланып, балалардың қолдарына жабыспау үшін оны ұйымдастырылған оқу іс- әректі басталмас бұрын алдын ала әзірлеп қояды.
Дайын саз балшықты полиэтиленді пакетке салып оны дымқыл шүберекпен орап тастау керек.
Саз балшықтан мүсіндеу жұмыстары кезінде балалар заттың бір бөлігін екінші бөлікке біріктірулері үшін және пішінді тегістеулері үшін сулы шүберек дайын тұру керек.
Мүміндеу жұмыстары басталмас бұрын үстелге сазбалшық салынған ыдыс пен жалпақ таяқша қойылады. Ол мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға мүсіндеу үшін сазбалшықты керегінше алуға үйретеді.
Саз балшықпен жұмыс жасау кезінде айналмалы қондырылған қолданған жөн, оның үстінде тек затты халық ойыншығын, кіші көлемді скульптураны зерттеп көріп қана қоймай оның пішінің бұзбай мүсіндеуге болады.
Мүсіндеуде - пластмассадан, ағаштан арнайы жасалған стека таяқшасын қолдану керек. Балалар стекаларымен мүсіндеп жасаған бейнені өңдеуді үйренеді, себебі мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалар заттың сыртқы пішіні мен белгілерін ұзын қысқа жуан жіңішке екенін көрсете білуі тиіс.
Мүсіндеу жұмыстарынан кейін баллар үстелдін үстін дымқыл шүберекпен сүртеді.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалармен жұмыс жасау кезінде мүсіндеудің үш түрі қолданылады: заттық, сюжеттік және сәндік мүсіндеу. Бұл түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бар.Сәндік мүсіндеуге үйретуде ересектер тобы тәрбиешісінің міндеті
- Мүсіндеуде балаларға көлемді көрсете білуге үйрету
- Мүсіндеу алуан түрлі әдіс тәсілдерін қолдануға үйрету
- Мүсіндеуде заттың ара-қатынасын бейнелеуне үйрету болып табылады.
Сәндік мүсіндеу балаларды сәндік қолданбалы өнер заттарымен таныстырады.Осыған орай бейнелеу өнерінің ішінде өзіндік үлкен мағынасы, тарихи құндылығы мен мәні бар, өткен тарихымыз бен бүгінді және келешекті болжап, бәрін бір-бірімен тығыз байланыстырып тұратын өнердің негізгі бір түрі мүсін өнері [2]. Демек, біздің зерттеп отырған жұмысымыз, жоғарыда аталған мүсіндеме өнерге ғылыми тұрғыда жалпылама теориялық негіземе жасау арқылы белгілі бір жүйеге келтіру болып табылады.
Зерттеу мақсаты:Әр түрлі жас топтарында мүсіндеуге үйрету жолдарынғылыми - әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндетті: - Мектеп жасына дейінгі балаларға сәндік мүсіндеу жасау туралы түсінігін қалыптастыру,
Мүсін жасау әдіс - тәсілдерін түсіндіру
Бейнелеу өнері мәдениетін қалыптастыру
Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: Әр түрлі жас топтарында мүсіндеуге үйрету
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, өзіндік жұмыстың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.
Зерттеуболжамы: Егер деәр түрлі жас топтарында мүсіндеуге үйрету жолдарын дамытуға арналған жұмыстар бейнелеу сабактары кезінде мақсатты түрде тиімді жүргізілсе жақсы нәтижеге жете отырып жан жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе негізгі қорытынды бөлімнен
құралған және соңында қолданылған пайдаланған әдебиет тізімдерім бар.

I ӘР ТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА МҮСІНДЕУГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
1.1 Мүсіндеуге үйретудің мәнімен маңызы
Заман талабына сай бүгінгі күні тәуелсіз мемлекетімізде жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болып оның қарыштап дамуына байланысты әлемде кез келген елдің кез-келген саласы бойынша адам айтқысыз көптеген өзгерістерге ұшырауда. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ескіні жаңартуға, жандандыруға, уақытты үнемдеуге үлкен мүмкіндіктер туды. Осындай заманда, қоғамды әдемілік, әсемдік жағынан сәндеп, көркемдеп бейнелеп нәрлендіретін, өткен күн мен бүгінгі болып жатқан оқиғалардың тарихын таразыға салып салмақтап, ұрпақтан ұрпаққа паш етуге және оларды әсірелеп көрсетуге күш жігерін аямайтын өнер саласының алатын орны ерекше. Осы өнер саласының бір түрі бейнелеу өнері.
Бейнелеу өнері - пластикалық өнердің бөлігі, қоршаған ортаны бейнелеуді мақсат еткен көркем өнер түрі. Бұл түсінік жан-жақты кескіндеме, графика және де мүсін ұғымын біріктіреді. Бейнелеу өнері, шығармашылықтың көркем өнер, техникалық құралдар және де тарихи шығармашылық біріктірулерінің қосымша нысандарымен: - сурет; - кескіндеме; - мүсін; - керамика; - графика; - қолданбалы сәндік өнер;- фотоөнер. Қосымша білім беру жүйесінде сурет өнерімен айналысу, әр түрлі жастағы, деңгейі де әр түрлі балаларға өз мүмкіндіктерін кеңінен ашып, шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырып жеке тұлға болып қалыптасуына зор мүмкіндік береді. Әсіресе, біздің өмір сүріп жатқан, ғаламторлық-технологиялар дамыған, балалардың қоршаған ортамен байланысы азайып, қол өнердің тынысы тарылып, көркем әдебиеттер оқуы азайған және т.б. қоғам. Бейнелеу өнері бөлімінің негізгі мақсаты мен міндеттері: - дарынды балалар арасынан жаңа таланттар мен шығармашылық деңгейлерін анықтау; - балалардың шығармашылық дамуына әсер ету; - жаңа басталған суретшілердің мүмкіндік деңгейін кәсіби дәрежеге дейін жеткізу. Қосымша білім беру педагогының оқу жоспарында, үйірмеге қатысушыларды әлемнің сурет өнерімен, мәдениетімен және де еліміздің тұрмыс тіршілігімен таныстыру қарастырылған. Сондықтанда үйірме жетекшілері балардың қызығушылығын арттыру мақсатында үйірмеден тыс жүйелі түрде мұражайларды көруге, сурет галереяларын аралауға және де кәсіби суретшілермен кездесулерді ұйымдастырып отырады.Балалармен жұмыс - ең ауырда, қызығушылығы мен қиындығы қатар жүретін, сабырлықты талап ететін жұмыс. Қазіргі таңда біз, жаңа технологиялар дамыған әлемде өмір сүрудеміз.Қолданбалы сәндік өнер үйірмесінің оқушылары, желіммен жұмыс жасауды үйренген соң, қағаздан Натюрморт, Құмырадағы гүл бейнесін қиып дайындауды үйрененді.Ал Мүсін және керамика үйірмесінің педагогы балаларды құралдармен қалай жұмыс жасау керек екендігін, саз балшықтан фигураларды қалауға, құмыраларды дайындауға үйретеді. ЯғниМүсіндеме, мүсін, скульптура (лат. sculptura, seuplo - шекимін, қашаймын) - бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық материалдардан жасалады. Осыған байланысты,
місіндеме жасайтын адамды - мүсінші деп атайды.

Мүсіндеме тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, біздің заманымыздан бұрын 8 - 2 ғасырларда дамыған "Аң стилі" ежелгі Мүсіндеменің көрнекті мысалы бола алады. Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған Мүсіндеме ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия, Рим, Ассирия, Вавилон) ажырамас бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы Мүсіндеме тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың
, аңыздық кейіпкерлердің (Мирон, Скопас, Геркулес, Циклоп, тағы басқа) бейнесін жасауға бағытталды. Орта ғасырлардағы Мүсіндеменің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге (Құдай ана ғибадатханасы, Париж; Буддистік шіркеулер, Үндістан) арналды. Қайта өркендеу дәуірінде, Мүсіндеме адамзаттың ерлікке, еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі.
Донателло,Микеланджело, Гужон, Пилон, тағы басқа туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды. 18 - 19 ғасырларда Мүсіндеме адам бейнелері мен ескерткіш тұрғызу бағытында дамыды. Оның құрамында, классик., примитивизм, кубизм (П.Пикассо), конструктивизм (Н.Певзнер), сюрреализм, абстракционизм, тағы басқа бағыттағы Мүсіндеме бар.
Қазақстан жеріндегі Мүсіндеменің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, сақтар мен Түрік қағанаты тұсында кеңінен дамыды. Ата-баба рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал тас, тағы басқа) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) Мүсіндеменің көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі Мүсіндеме өкілдерінің (Б.Төлеков, Е.Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, тағы басқа) еңбектері халық батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі Мүсіндеме бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерімен ұштаса отырып дамып келеді (Е.Рахмадиев, Н.Далбай, Ш.Төлешев). Сонымен қатар Мүсіндеме әлемдік техника жетістіктерін, өткен мен бүгінгінің өзара үндестігін және дүниежүзіндегі Мүсіндеме саласындағы жетістіктерді бейнелеуге және халық мақтанышы: ақындар, батырлар, қоғам қайраткерлері мүсіндерін сомдауға бағытталған[3].
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалармен жұмыс жасау кезінде мүсіндеудің үш түрі қолданылады: заттық, сюжеттік және сәндік мүсіндеу.
Заттық мүсіндеуБалаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол буындары мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.
Бір кездері өздері бақылаған заттарды бейнелеуге, заттарды түрлі қалыптарда мүсіндеу, бейненің жеке ерекшеліктерін өздері таба білуге, заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық шамаларын сақтауға үйрету.Заттардың қарапайым үйлесімін жеткізе білуге, бейненің қосымша бөлшектерін, оны сәнді бөлшектермен толықтыру іскерліктерін қалыптастыру.Қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың қозғалыстағы пішінін мүсіндеуге үйрету. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықтарды бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету. Адамның тік қалпын жасауға, бөліктердің салыстырмалы шамаларын сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін мықтап бекітуге, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін арнайы кескіштің көмегімен тегістеуді үйрету.Ермексаз бен балшықтың бүтін бөліктерінен ленталық тәсілмен ыдыстарды мүсіндеуге үйретуді жалғастыру. Пішіннің сыртқы жағын тегістеуге, бұйымдардың сыртын ылғал шүберектің көмегімен тазалауға, заттарды мықты етіп жасауға үйрету.
Өз бетінше тақырыптарды ойлап табу және ойын жүзеге асыру іскерліктерін дамыту. Адамның бейнесін, жануарларды, ойыншықтар мен ұлттық үлгідегі заттарды мүсіндеу дағдыларын дамыту.Балаларға пластикалық тәсілдермен мүсіндеуге үйрету (балшықтың үлкен бөлігінен созып алу).
Заттың бір бөлігін басқа затқа терең орналастыру арқылы бекітудің жаңа тәсілдерін меңгеру.Ортақ композиция үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Сәндік мүсіндеуБалаларды халық шеберлігінен шыққан ойыншықтармен таныстырып, оларды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісімен бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну (рельеф, илеу, кескіштер арқылы жону, қыру).Балаларды халық шеберлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру, халықтық керамика мәнерінде ыдыс (тостағандар, табақшалар, құмандар, т.б.) жасауға үйрету, сыртын теп-тегіс етіп, күрделі рельефпен безендіріп, әшекейлеу (Оюланған кесе, Тостаған, Тегене, Торсық, Табақ және т.б.) Түбі мен қабырғасына лента тәрізді пластиналарды орналастырып, бір-біріне іші-сыртын бекіту арқылы ыдыстар жасауды үйрету.Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәнді мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.Декоративті пластиналарды мүсіндеуге, жұмыстарында әртүрлі құралдарды қолдануға үйрету.
Сюжетті мүсіндеуБалаларды мүсіндеудің үйреншікті әдістері мен біліктіліктерін жаттықтыру арқылы заттардың өлшемдік қатынастарын дұрыс бере білуге үйрету (қоян үлкен, ал көжек кішкентай). Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету, сюжеттерде түрлердің ерекшеліктерін, қимыл-қозғалысын, фактурасын (күрделі рельефтеу мен жапсыру арқылы) әртүрлі кескіштерді қолдана отырып жасай білу шеберлігін қалыптастыру. Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін (мұрын, ауыз, көз) жасай білу, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен (ағаш түбіртегінің, шөптің, гүлдің, мысықтың алдына тостаған, қыздың қолына себет) мейлінше көркемдеп жеткізе білу.Кескіш арқылы тұтас бөліктен мүсін жасауға үйрету.
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Бірыңғай заттармен сюжеттер жасауды үйрету. Бірнеше денені бір тұғырға орналастыру, бірыңғай заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасауға көшу. Балаларға таныс күнделікті өмірде балабақша мен үйде, қыдыру мен саяхат кезінде кездесетін оқиғалар сюжет тақырыптары бола алады [4].

1.2 Әр түрлі жас топтарында жүргізілетін мүсіндеуге үйрету жолдарының ерекшеліктері
Мүсіндеме жасаудың ерекшелігі әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болуында: Мүсіндеме жасауда саз, балауыз, пластилин қолданыылады. Бірақ бұлардан жасалған мүсіндемелер тез тозатын болғандықтан, көбінесе гипстен көшірме жасалады. Мүсіндеме жасар алдында темірден, ағаштан, сүйектен болашақ образдың қаңқасы пішінделіп, материалдың бәрін жабыстыру арқылы мүсінші ойындағысын орындап шығады.
Яғни металдар негізінде (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, бетон, пластмасса сұйық (ерітілген, араластырған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады.Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.), ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың іші-сыртындағысы образ жасауға қажетсіздерінің бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас мүсіндеме қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т,б,) қолданылады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланады.Керамикадан да мүсіндеме жасалады. Ол үшін саздан істелген мүсінше үлгілерді арнайы пештерде күйдіріліп, оған ақ немесе түрлі түсті жылтырақ (майолика, фаянас, фарфор), кейде жылтырамайтын бояулар (терракота, фарфордың бисквит деген түрі) жалатылады. Мүсіншінің жұмыс тәсілі негізінен төмендегіше: пластилиннен не саздан кішкене нұсқа жасалып, ол одан кейін сазға үлкейтіп көшіріледі. Үлкен мүсіндемелерді жасарда ең алдымен айналмалы қондырғыға металл діңгек бекітіліп, діңгекке сымнан, ағаштан мүсіндеме қаңқасы жасалады. Қаңқаға саз жапсыру арқылы болашақ образ сомдалады. Саздан жасалған үлгі бойынша екіге немесе бірнешеге бөлінген бедерлі гипс қалып алынады. Осы қалып бойынша кейіннен гипс көшірме құйылады. Саз мүсіндеме тасқа көшірілетін жағдайда, қалыптың шығыңқы және ойыңқы жерлері түгел өлшеніп, тас соған қарай қашалады. Мүсіндемені металдан құю өте ұзақ және күрделі жұмыс болып табылады [5].
Сурет салумен, мүсіндеумен, апликациямен және конструкциялаумен айналысу балабақшада балалардың барлық топтарында белгілі бір уақытта қайсібір жастағы балалардың күн тәртібіне сай ұйымдастырылады.
Бірдей жастағы балалар тәрбиеленетін топтарда өтетін сабақтың барлық үйренушілер үшін біртұтас және тәрбиелік міндеттері болады.
Бірінші кіші топтағы балалар жалпы топтық сабаққа қатысуға бірте- бірте үйрене бастайды.
Жылдың басында сабақ педагог барлық балаларды көріп отыра алатындай шағын топтармен өткізіледі. Бірақ материал барлығына дайындалады, өйткені екінші шағын топтағы кейбір балалар өз тілектермен бірінші сабаққа қосылуы мүмкін. Сабақ біткен соң күтуші бірінші шағын топтың балаларын киіндіреді, ал тәрбиеші басқа шағын топпен сабақөткізеді.
Жылдың екінші жартысынан бастап сәбилер барлығы бірге дайындалады. Тәрбиеші оларға оңқолымен сурет салуды, ал сол қолмен қағаздың бетін басып ұстауды, столдың үстіне көп еңкеймендұрыс отыруды үйретеді. Бірте-бірте балалар сабақтарға ұйымдасқан түрде қатысу дағдыларына: тыныш отыру, басқаларға кедергі жасамау, қағазға ұқыпты қарау, қарындашты және бояуларды өз орнымен пайдалану сияқты дағдыларға ие болады.
Бірінші кіші топтағы сабақ, жылдың басында 5-7 минутқа созыла отырып, бірте- бірте 10-15 минутқа ұзарады.
Одан кейінігі жас топтарында жалпы сабақ бүкіл жыл бойына жүйелі түрде өткізіледі. Сабақтыңұзақтығы екінші кіші және естиярлар топтарында 15- 20 минутқа дейін, ересек және даярлық топтарында 25- 30 минутқа дейін өседі.
Бейнелеу іс- әрекеті бойынша жалпы топтық сабақтарда әр баланың столда белгілі орны болады.
Столдар 2-3 қатар қойылады. Жарық сол жақтан түседі, тәрбиешінің орны да жақсы жарықтандырылған болу керек.
Екінші кіші топта столдарды таңертеңгі тамақтан кейін тәрбиеші күтушімен бірге, сәбилерді біртіндеп қатыстыра отырып, орын-орнына қояды, ал ересек топтарда балалар өз беттерімен іске асырады.
Алты орындықты столдарға, әйнекке ешкім арқасымен отырмас үшін, 4-5 баладан отырғызған жақсы.
Бойы қысқа немесе көру мүмкіншілігі төмен балалар бірінші столға отырғызылады. Мұнда ерекше көңіл аударуды талап ететін, программаны игеруде артта қалушыларды отырғызу керек.
Жылына 1-2 рет балаларды орын ауыстырып: жарықтан қашық отырғандарды жақынға және керсінше отырғызған дұрыс. Тәрбиешіге сабақ алдында беттерге қол қою кезінде, сондай- ақ балаларды орын ауыстырып отырғызуда көмектесетін, балаларды орналастыру схемасының болғаны жөн.
Екінші кіші топта сабақ, егер олар балабақшаға бірінші рет келіп тұрса немесе сабақ өткізу мақсаты мен методикасы осыны талап етсе, балалардың шағын тобымен өткізілуі мүмкін. Ересек топтарда сабақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Мектепке дейінгі мекеме балалары
Бейнелеу өнерінен дәрістер кешені
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Ермексаздың қасиеттері және ыдыс түрлері дайындауға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Үйретудің ойындық тәсілдері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
Пәндер