Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ МЕКТЕПАЛДЫ ТОП БАЛАЛАРЫН МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстырудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПАЛДЫ ТОП БАЛАЛАРЫН МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыруда жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады» - делінген[1].
Қазақстанда білім берудің бүкіл жүйесін ұлттық негізде кайта кұру жағдайында мектепке дейінгі ересек жастағы және мектепалды даярлық топ балаларының ұлттық музыка өнеріне, соның ішінде ұлттық музыкалық шығармаларға қызығушылығын арттыру және оны тереңірек меңгерту қажеттігі туындайды. Ол баланың көркемдік қабылдауы мен талғамын, эстетикалық қызығушылығын, қажеттілігін дамытады, болмысқа деген шығармашылық қатынасын арттырады. Балалар өнерге еліктеген жағдайда, олардың тәрбиесінде ең алдымен ұлттық құндылықтарды, әсіресе төл музыкалық өнерімізді дұрыс қабылдап, аспаптық музыкаға әуестенуге баулу, оларды меңгерту теңдесі жоқ рөл атқарады. Жеке тұлғаның эмоционалдық мүмкіндігін көтереді.
Балалар музыкасы — балалардың орындауына және тыңдауына арналған музыка. Балалар музыкасы нақтылығымен, бейнелі мазмұнымен, қарапайымдылығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Балаларға арналған музыканың негізіне халық ертегілері, табиғат, жан-жануарлар әлемі арқау болады. Балалар музыкасы ән, хор, аспаптық пьеса, оркестрлік шығарма, сахналық-музыка туынды болып бөлінеді. Балалар музыкасы балалардың орындаушылық мүмкіндігіне сай шығарылады. Мысалы, әннің дауыс диапазоны, дыбыс шығару ерекшелігі, дикциясы; аспаптық шығармада орындау техникасының қарапайымдылығы ескеріледі.
Орта ғасырдағы Балалар музыкасы шпильмандар (кезбе музыканттар) өнерімен байланысты. Балаларға арналған музыка шығармалар жасауға 18—19 ғасырлардың классик-композиторлары И.С. Бах (“Шағын прелюдиялар мен фугалар”), И. Гайдн (“Балалар симфониясы”), В. Моцарт, Л. Бетховен, Р. Шуман, П.И. Чайковский, т.б. үлкен үлес қосқан. 20 ғасырда Балалар музыкасы жанрлық, әсерлілік жағынан байыды. Б.Барток, С.М.Майкапара, С.Прокофьевтің шығармалары үлкен беделге ие болды. Фортепьянолық циклдармен қоса балалар операсы, балеті, кантаталар, оркестрлік шығармалар дүниеге келді. Балалар музыкасы Қазақстан композиторларының шығарм-нан айтарлықтай
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.
2. Аль-Фараби. «Трактаты о музыке и поэзии» /Пер. с араб. АН Республики Казахстан. Институт философии. Отв. ред. Бурибаев М.С.- Алматы, «Ғылым», - 1993-456 с.
3. Ибн-Сина. «Избранные философские произведения» /Пер. с араб. М.: Наука, 1980.
4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
5. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”
6. 1 Райымбергенов А., Райымбергенова С., Байбосынова Ұ. «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің музыка пәніне арналған «Мұрагер» бағдарламасы. ­ Алматы., 2003. – Б.3-5
7. Әбдікәрімұлы Ә. «Музыка теориясының негіздері». ­ Алматы, 1993. – Б. 4 -150
8. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. ­ Алматы, 1991. – Б.18 –64
9. Агажанов Б. Сольфеджио курсы. ­ М., 1973. ­ Б. 36
10. Калмыков Б. Фридкин Г. Сольфеджио. ­ М., 1983. – Б.12 – 46
11. Дүйсембінова Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы. ­ Талдықорған, 2006. – 164 б.
12. Ғабитов Н. Т., Мүтәліпова Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. ­ Алматы, 2005. – 64 б.
13. Дукенбай Н. С. Музыка тәрбиесі әдістемесі және оның теориялық негізі. – Павлодар, - 2003. – Б.3 -63
14. Джердималиева Р.Р., Момбек А.А., Ахметова З.Р. Музыкальное образование в Казахстане. ­ Алматы, 2006. – 46 б.
15. Рубец И. Бір дауысты сольфеджио. ­ М., 1966. – 122 б.
16. Теплов Б.М. Психология музыкальных способностей//Избранные труды. М.:Педагогика,1985.
17. Э.Б.Абдуллин. Теория музыкального образования//М.Академия 2004 г.
18. Г.С.Тарасов Педагогика в системе музыкального образования// М.1986 г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ МЕКТЕПАЛДЫ ТОП БАЛАЛАРЫН МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстырудың
педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 5
2. Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПАЛДЫ ТОП БАЛАЛАРЫН МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстырудың тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыруда
жүргізілетін
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .24

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік
тенденциялар санына жатады. Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала
дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады - делінген[1].
Қазақстанда білім берудің бүкіл жүйесін ұлттық негізде кайта кұру
жағдайында мектепке дейінгі ересек жастағы және мектепалды даярлық топ
балаларының ұлттық музыка өнеріне, соның ішінде ұлттық музыкалық
шығармаларға қызығушылығын арттыру және оны тереңірек меңгерту қажеттігі
туындайды. Ол баланың көркемдік қабылдауы мен талғамын, эстетикалық
қызығушылығын, қажеттілігін дамытады, болмысқа деген шығармашылық қатынасын
арттырады. Балалар өнерге еліктеген жағдайда, олардың тәрбиесінде ең
алдымен ұлттық құндылықтарды, әсіресе төл музыкалық өнерімізді дұрыс
қабылдап, аспаптық музыкаға әуестенуге баулу, оларды меңгерту теңдесі жоқ
рөл атқарады. Жеке тұлғаның эмоционалдық мүмкіндігін көтереді.
Балалар музыкасы — балалардың орындауына және тыңдауына арналған музыка.
Балалар музыкасы нақтылығымен, бейнелі мазмұнымен, қарапайымдылығымен,
айқындылығымен ерекшеленеді. Балаларға арналған музыканың негізіне халық
ертегілері, табиғат, жан-жануарлар әлемі арқау болады. Балалар музыкасы ән,
хор, аспаптық пьеса, оркестрлік шығарма, сахналық-музыка туынды болып
бөлінеді. Балалар музыкасы балалардың орындаушылық мүмкіндігіне сай
шығарылады. Мысалы, әннің дауыс диапазоны, дыбыс шығару ерекшелігі,
дикциясы; аспаптық шығармада орындау техникасының қарапайымдылығы
ескеріледі.
Орта ғасырдағы Балалар музыкасы шпильмандар (кезбе музыканттар) өнерімен
байланысты. Балаларға арналған музыка шығармалар жасауға 18—19 ғасырлардың
классик-композиторлары И.С. Бах (“Шағын прелюдиялар мен фугалар”), И. Гайдн
(“Балалар симфониясы”), В. Моцарт, Л. Бетховен, Р. Шуман, П.И. Чайковский,
т.б. үлкен үлес қосқан. 20 ғасырда Балалар музыкасы жанрлық, әсерлілік
жағынан байыды. Б.Барток, С.М.Майкапара, С.Прокофьевтің шығармалары үлкен
беделге ие болды. Фортепьянолық циклдармен қоса балалар операсы, балеті,
кантаталар, оркестрлік шығармалар дүниеге келді. Балалар музыкасы Қазақстан
композиторларының шығарм-нан айтарлықтай орын алады. Бұл салада
композиторлар А. Затаевич, Б. Ерзакович, А. Жұбанов, Л. Хамиди, Д. Мацуцин
еңбек етті. Е.Г. Брусиловcкий балаларға арнап фортепьянолық пьесалар, С.Н.
Кибирова “Үш торай” балеті мен фортепьяно үшін жазылған “Балалар альбомы”
пьесалар циклын, Т. Қажығалиев “Бақытты балалық шақ”, В.А. Новиков симф.
оркестрге арнап “Ойыншықтар” сюитасын, Ж. Тұрсынбаев “Жайлауда” атты хор-
кантатасын жазды. Балалар музыкасының дамуы балалардың орындаушылық
шеберлігінің, музыка білімінің жүйелі өсуіне, жалпы мәдениеттің көтерілуіне
тікелей байланысты[2].
Қазақстан ғалымдары ішінде С.А.Ұзақбаева, Р.К.Дүйсембінова,
М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ұ.А.Асанова, Ж.Нәжмеденов, Ж.З.Өтемісов,
М.Оразалиева, әдіскер-ұстаз А.Райымбергенов т.б. өз еңбектерінде қазақ
халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін балалардың тәрбиесін
(музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатында пайдалану
жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетті[2].
Мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін Н.Құлжанова,
К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Т.А.Левченко, Ф.Н.Жұмабекова және т.б.
зерттеген.
Зерттеу мақсаты Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен
таныстырудың әдістерін анықтап, оларды мектепке дейінгі ұйымда тиімді
пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу міндеті: Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен
таныстырудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерін
талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
Зерттеу пәні: Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру
жолдары
Зерттеу нысаны: Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен
таныстыру процесі
Зерттеу әдістері: Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен
таныстырудың процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау
арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.
Зерттеу болжамы: Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен
таныстырудан мынадай нәтиже көруге болады:
- Балалардың музыкалық шығармаларға деген қызығушылығының артуы;
- Музыкалық шығармаларды жоғары деңгейде орындау мүмкіншіліктерінің
болуы;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ МЕКТЕПАЛДЫ ТОП БАЛАЛАРЫН МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстырудың
педагогикалық негіздері

Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез
қабылдап, жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, мектепке дейінгі
ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып,
қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады.
Музыкалық шығармалар – жалпы айтқанда әрбір музыкалық пьеса, соның ішінде
халық әні немесе аспапты импровизация.
Жанр − өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрлері. Белгілі бір тарихи
жағдайдың әсерімен пайда болып, мазмүны мен түр жағынан үздіксіз дамып
отырған жанр өзіне тән кейбір түрақты белгілерін сақтап келеді. Өнердің
әрбір тегі іштей тағы да жанрлық түрлерге бөлінеді.
Музыкалық жанр-көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құрамы. Алғашқы
кезенде музыкалық жанр дәстүрлі көркемдік канон ретінде орын алды. Бұл
жағдайда композитордың стильдік жеке ерекшелігі көрінбеді.
ХУ111-Х1Х ғасырларда жанр түсінігі кең мағынада қолданыла басталды[3].
Музыка өнерінде сан алуан жанрлар бар. Оларды мынадай үлкен топтарға
жіктеуге болады:
а) Халық музыкасы (әншілік және аспаптык);
ә) эстрадалық музыка;
б) камералық музыка;
в)симфониялық музыка;
г) хорға арналған музыка;
д)сахнада орындауға арналған театралдық-драмалық шығармалар.
Сонымен қатар, музыкалық жанрларды екі ірі топқа бөлуге болады: вокалдық
(таза немесе аспаптық сүйемеледеумен) және аспаптық.
Оқу-тәрбие жұмысында ұлттық мектептің негізгі ерекшеліктері балаларды өз
халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу,
ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайтадан табыстыру.
Музыка өнері әрбір баланың әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны
қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Сол себепті
әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және
заңдылығы болуы керек. Білім беру саласында балалардың музыкалық, этикалық
және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка
пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі балаларды өнер құндылықтарын жасауға
қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі музыкалық мәдениетті, көркемдік
талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам
мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани
өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді
құралы болып табылады.
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы
үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ
айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, музыкалық талғамы мен мәдени
деңгейін жоғарылату – басты міндет. Ұлттық өнерге балаларды жастайынан
баулу олардың адамгершілік, музыкалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына,
мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие
үрдісінің сапасын арттырады. Балалардың әсемдікті түсіне білу қабілеттерін
арттырады.
Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін
былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары,
шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстурлер, т.
б. мәселелерді көтере келіп, музыкалық сезімдердің дамытудың нақты жолдарын
қарастырды. Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуды
үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің
өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен
көркемдіктен хабардар болып жатады[4].
Осы орайда бесік жыры балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың
алғашқы сатысы болып табылады.
Мектепалды топ балаларының шығармашылық қиял-қабілеттерінің музыкалық
сезімін, талғамы мен көзқарасының мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, айнала-
қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп,
бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде музыка жанрлары орасан зор рол атқарады.
Қазіргі заман талаптарына сай жеке тұлғаның музыкалық мәдениетін
қалыптастыруда балалар фольклоры жанрын пайдалану басты мәселелердің бірі.
Оны қалыптастыру — өте күрделі де ұзақ үрдіс, яғни балалардың бойына бірден
қалыптаса қоймайды деген сөз. Сондықтан да ол сәбидің дүние есігін алғаш
күндерінен басталуы тиіс. Осы тұрғыда балалардың музыкалық мәдениетін
дамытуда қазақ фольклор жанрын пайдаланудың маңызы зор, солардың бірі –
балаларға арналған әндер, бесік жырлары.
Ұлы Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең, –
деп, адам өміріндегі өлеңнің алар орнын терең топшылаған. Академик
М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзі халықтарының қосқан
үлесін сөз ете келе: Гректер атақты храмдардың, египеттіктер
пирамидалардың, қытайлықтар фарфор бұйымдары мен мәрмәрдан жасалған адам
мүсіндерінің, итальяндықтар әсем әуенді музыка шығармаларының, француздар
сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса-бай өлең-жыр мұрасын
қалдырды... деп жазса, Швейцарияның кемеігер педагогы И.Г.Песталоцци: Бала
тәрбиесі – оның дүниеге келген күннен басталуы керек. Баланың дүниені
түсінуі жанұядан басталып, мектепте одан ары қарай жалғастырылуы шарт,-
деген қағиданы ұсынды. ... Қазақ баласының шыр етіп жерге түскенінен ер
жеткенге дейінгі бар ғұмыры өлеңге толы, оның алғашқы еститіні ана әлдиімен
айтылатын бесік жырының әуені,- деп өзінің Қазақ халық әдебиеті атты
еңбегінде Х.Досмұхамбетов балаларға арналған ән-жырдың бала өміріндегі
тәрбиелік ықпалының зор екендігі туралы атап көрсетеді[5].
Сонау XI ғасырдағы Шығыс педагогикасы тарихында тәлім-тәрбиелік жағынан
аса құнды еңбек болып есептелетін Кабуснама шығармасында музыкалық
шығармаларды тыңдау, қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер, ойлар
айтылған. Кітаптың авторы Кайкаус осы аталған еңбегін 63 жасында өзінің ұлы
Гиланшахқа арнап жазады. Жыршы және музыканттық туралы деп аталған отыз
алтыншы тарауында былай деп жазды:
Балам, біліп қой, егер сен музыка жолына түсер болсаң, жеңіл де жайдарлы
бол. Үстіңдегі киіміңді әр кез таза ұста. Музыка өнеріне арналған зәулім
сарайға кіргенде бет-әлпетіңді тыржитып, қабағыңды түйме...
Бір ғана баяу немесе жылдам орындалатын әндерді орындай берме. Музыкалық
шығарманың бір үлгісін қайта-қайта ойнай беру жарамайды. Адамдардың мінезі
бірдей емес... Сол себепті аспаптық музыка шеберлері бұл өнерге арнап
ережелер жазған, - деп алдымен хусрауани, одан соң рах, хафиф, тарана
мақамдарының айтылатындығын жазады. Байқап отырсақ, алғашқы хусрауани
мақамы патшалар қабылдауында ойналады екен. Рах – ән әуеніне бейім, хафиф
жастарға бағышталған мақам, тарана – көңілді де, ойнақы әуен деген ұғым
болып шығады.
Одан әрі кәрілер мен балаларға арналған музыканың ерекшеліктеріне
тоқталады. Алғашқыларына ойлы да сазды, ал соңғыларына жеңіл де ойнақы
музыка әуенін ойнауды ұсынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелеріне
сәйкес музыка сабағы Шығармашылық білім беру саласына жатады. Мұнда
мектепке дейінгі жастағы балалар музыкалық іс-әрекет барысында: музыкалық
фразаның жоғары және төмен дыбысталуын ажырата алады, ересектермен бірге ән
айтуға ықылас білдіреді, жеке музыкалық бейнелерді жасау үшін аспаптармен
ойнау әдісін, денесін, дауысын пайдаланады, түрлі музыкалық шығармашылық
істерге қатысады делінген.
Шынымен де, жалпы мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне
тоқталсақ, сәби ерте шақтан бастап-ақ музыканы айналадағы дыбыстар мен
шудан бөле алады. Ол өз зейінін естіген әуеніне аударып, бір сәтке
қозғалыссыз қалады, жымиыспен, қандай-да бір қозғалыспен жауап береді, яғни
балада жандану кешені туындайды. Ересектеу балалар құбылыстар арасындағы
байланыстарды ажырата алады, музыканың болмысын, қуанышты немесе көңілсіз
екенін атай біледі. Олар әндерді қалай айту керектігін, әуенге сәйкес
қимылдай білу тапсырмаларын түсінеді әрі орындай алады. Сондай-ақ музыкалық
қызығушылықтары туындайды. Мектепалды топ балаларында шығармашылық
талғамның алғашқы белгілері білінеді, яғни музыкалық шығармаға және
орындауға баға беру қабілеті байқалады. Бұл жаста баланың дауысы біраз ашық
реңкке ие болады, дауыс диапазоны түзеледі, вокалдық интонациясы
тұрақтанады. Ал 3-5 жас аралығындағы балалар көбіне ересектердің көмегіне
сүйенеді.
Бұндай ерекшеліктерді музыка сабақтарында ескеру маңызды болып саналады.
Сонымен қатар музыка сабақтарында балалар оқу және шығармашылық
тапсырмаларды орындайды, орындаушылық дағдыларды меңгереді. Сондай-ақ
музыка сабақтарында танымдық және ақыл-ой әрекеттері жүзеге асырылады.
Балалар шығарманы тыңдай отырып оның жалпы болмысын және ең ашық бейнені
қабылдайды.

2. Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстырудың
ерекшеліктері

Әртүрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тануда, музыкадағы түрлі қиын
кезеңдер мен көңілді ажыратуда, баланың музыкалық шығармашылығы дамиды. Жас
өспірім – тыңдаушы, орындаушы, музыкаға деген өзінің ой – пікірін
көрсететін, түсінетін бала. Тәрбиешінің міндеті баланың жай ғана музыкалық
икемін, дамытып, оған музыка туралы білім беру ғана емес, сонымен қатар
оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның
шығармашылық белсенділігін арттыру.
Әр тәрбиешінің музыкалық шығарманың терең мазмұнын талғампаздық
көзқараспен түсініп, өмірге аса маңызды мәселе екендігі туралы ойын дамыта
отырып, оның ішіндегі халықтың асыл мұраларын балаға үйрету негізгі міндет.
Музыкалық бейнелер, суреттемелер, оның көрнекілік сөзі, әсерлі әуені,
сүюге, еңбекке, саналы тәртіпке, жақсы әдет-ғұрыпқа, әдептілікке,
ынтымаққа, достыққа тәрбиелеу музыка тәрбиешінің негізгі міндеті.
Тәрбиешінің тұлғасы сабақ үстінде жан-жақты әр қырынан байқалады. Ол
шығарманы орындап, ән айтып қана қоймай, ол шығармалар туралы, композитор
туралы әңгіме жүргізу, пікір алысу, музыканың әсер ету күшінің мүмкіндігін
жеткізе түсуге жағдай жасайды[6].
Сабақтың жалпы негізінде - әр сабақтың өзгешелігі. Оны ұйымдастыра білу
нәтиженің жартысы, сабақтың мақсаты мен міндетін ойлай отыра, мазмұны мен
құрылысын, құралын және әдісін табу – сабақтың нәтижесіне жетудің жолы,
қорытындысы. Сабақтың мазмұнында әр түрлі шығармалар бар, олардың сипаты,
көңілі болады, біртұтастылығын табу – сабақтың әр түрлі музыкалық іс
әрекетінің бірізділігі (последовательность). Сабақтың эмоциялық суреті, бір
шығармадан келесі шығармаға көшу, сыныпта эмоциялық күйін көтеру,
балалардың ықласын, көңілін табу – тәрбиешінің табысы.
Мысалы мектепалды топ балалары Апорт деген тәтті алма әнін үйренсе,
Күз ырғағы әнді тыңдайды (танысу), Күз әуенін тыңдап, сурет салады
(қызыл алма, сары жапырақтар, бұлттар), қимыл іс-әрекет жасау мүмкін.
Сабақты құру кезінде балалардың физикалық, физиологиялық, ой-өрісіне
ықпалын тигізіп, әр сыныптың ерекшелігін байқау. Дер кезінде іс-әрекеттерді
ауыстыру, ол балалардың ықыласын, назарын, құштарлығын
төмендетпейді.Музыкалық тәрбие мектеп жасына дейінгі баланың жасына сай
жүргізілсе, өсіп келе жатқан тұлғаның барлық шығармашылық мүмкіндіктерін
белсенді дамытуына түрткі болған жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Музыкалық
өнер мен оның ерекшеліктері педагог алдына шешілуге тиіс арнайы міндеттерді
қояды:
•Балалардың музыкалық шығармаларға деген қызығушылықтарын ояту және оны
сүюге тәрбиелеу.
•Музыкалық шығармалардың түр- түрімен таныстыру және мәнерлеу құралдарын
кеңінен қолдану арқылы балалардың әсершілдігін дамыту.
•Ән салу, музыкалық аспапта ойнау арқылы музыкалық қабылдауын және
орындаушылық қабілетін, қарапайым музыкалық сауаттылығын қалыптастыру.
•Алғашқы музыкалық талғамының дамуына түрткі болу.
•Музыкаға деген шығармашылық көзқарасын тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық жасындағы балаларға музыкалық тәрбие беру: оларды
түрлі музыкалық әрекеттерге тарту, музыкаға деген қызығушылықты
қалыптастыру, зейін қоюға үйрету, ән салу, аспаптарда ойнау, музыка тыңдату
түрінде болады. Мұндағы басты мақсат: балалардың музыкалық-сенсорлық
қабілеттерін қалыптастыру. Музыкалық-сенсорлық қабілеттерін қалыптастырудың
негізі: тыңдау, ажырату, дыбыстың негізгі төрт қасиетін: ұзақтығын,
жоғарылығын, тембрін, күшін айта білу болып табылады. Бұл орайда музыкалық
дыбыстарды салыстыру мен ажырату, бірнеше музыкалық аспапта ойнау, орындай
отырып тыңдау сияқты түрлі дидактикалық тапсырмаларды қолданамын.
Музыкалық-сенсорлық қабілеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар
музыкалық дыбыстың мәнерлілігін дұрыс қабылдай білуге үйрету үшін
қолданылады және дидактикалық міндетіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді:
• дыбыстың жоғарылығын анықтауға арналған жаттығулар;
• дыбыстың ұзақтығын анықтауға арналған жаттығулар;
• дыбысты тембріне қарай ажыратуға арналған жаттығулар;
• дыбыстың күшін ажыратуға арналған жаттығулар.
Жоғарыда атап өткеніміздей музыкалық тәрбие беру негізінен музыка
сабақтары арқылы барлық балалармен бірдей жоспарлы түрде жүзеге асырылады.
Педагог әр сабақта өз алдына нақты мақсат ала отырып, меңгерілетін
материалды бір жылға бөліп жоспарлайды. Ол барлық баламен жұмыс жасай
отырып, әр баланы көзінен таса қалдырмайды. Бұл сабақты динамикалық,
вариативті тұрғыда ұйымдастыруды, бала зейінін шебер аудара білуді, баланы
музыкалық шығарманы дұрыс қабылдай білуге бағыттауды талап етеді[7].
Іс-тәжірибе барысында сабақты ұйымдастырудың өзіндік тәртібі қалыптасқан.
Сабақ балалар ұжымын біріктіруге, олардың зейінін тұрақтандыруға
бағытталған музыкалық-ырғақты жаттығулардан басталады. Бұдан кейін балалар
алаңдамастан ән салып, музыка тыңдайды. Өзін, достарын, педагогтың
тапсырмаларын тыңдай отырып, бала вокалдық орындауларды, шығармашалық
тапсырмаларды орындайды, жаңа әнді жаттайды, таныс әндерді қайталайды.
Сабақ соңына қарай ойындар ойнатылады.
Сондықтан, әр тәрбиеші музыкалық- эстетикалық тәрбие берудің: музыкаға
эмоционалдық ықыластылығын дамыту, музыкалық әсерлерін молайту, музыкалық
іс-әрекеттің түрлерін меңгерту, жалпы музыкалықты, дара қабілеттерді,
дауысты, мәнерлі қимылды дамыту, музыкалық талғамды дамыту, музыкаға және
музыкалық әрекетке шығармашылық қарым-қатынасты дамыту сияқты маңызды
міндеттерін шешуді алдына мақсат етіп қоюы керек.
Бұл міндеттерді шешу тек сабақтарда ғана емес, түрлі музыкалық іс-
шаралар: ертеңгіліктер, сайыстар арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы, Алтын
күз, Кел, Жаңа жыл!, Аналар мерекесі, Армысың, әз Наурыз!, Қош бол,
балабақша сынды ертеңгіліктерде ата-аналар балалардың шығармашылық
құзыреттіліктерінің даму деңгейімен танысса, Балдырған шоу, Екі жұлдыз
т.б музыкалық сайыстарда балалар алған білімдерін өзара саралауға мүмкіндік
алады[8].

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПАЛДЫ ТОП БАЛАЛАРЫН МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстырудың тиімді
жолдары

 Қазақ балалар әндерінің қай-қайсысын алсақ та өнегелі өсиет пен
ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды
мінез-құлыққа, салихалы ақылдыққа насихаттап отырады. Адам баласы тарихында
ауыз әдебиетінің алтын ұрығы – жыр-өлеңнің бірінші бастамасы – Бесік жыры
десек, бұнда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі,
халықтың шешендігі мен арманы бейнеленген.
Өз елінің дінін, рухани мәдениетін білген адам, біртіндеп әлемдік
мәдениетті үйренеді. Ендеше, бұл қасиет бала тербеткен ананың әлдиімен,
әженің ертегісімен, отбасында айтылып отырылатын мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз-
әңгімелерімен бала бойына дарытылып, сол арқылы ата-бабаларымыздан қалған
асыл мұраға деген қызығушылық танытып, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Демек,
аталған жұмыс баланың шыр етіп дүниеге келген кезінен бастап, жас
ерекшелігіне байланысты біртіндеп күрделеніп отырылуы керек. Сондықтан
балаларға эстетикалық тәрбие беру ісінің мазмұнды, деректі, ұғынықты келуі
әрбір ән мен күйдің көкейге қонымды, әсерлі болуын қажет етеді.
Музыка бағдарламаға сүйене, тәрбиеші өз сабағында балаларға музыкалық
шығарманы терең түсінуге көмектеседі, өнер қасиеттерін білуге тәрбиелейді,
музыка туралы білімін арттырып, шығарманы мәнерлеп орындауға
дағдыландырады. Шығармашылық қабілеттерін дамытып, көркемдік талғамын
тәрбиелеп музыкаға деген қажеттілігін сезеді[9].
Бүгінгі күнде педагогика жолында психологтардың ізденісінде музыка
тәрбиешіінің іс-әрекетінде келесі маңызды жақтарды атап өтуге болады:
1) ізденіс – музыкалық шығармаларды басқа өнер түрлерінің шығармаларымен
талдау; әріптестерінің, балаларының тәжірибесін зерттеп, өзінің жұмысын
талдау; ғылыми, әдістемелік әдебиеттерін зерттеп өз жұмысында қолдану;
2) жобалау – жоспарлау, өнегелі – эстетикалық тәрбие мәселесін шешу
жолдарын қарастыру икемділік-дағдыларын қалыптастыру, олардың музыкалық
және шығармашылық дамуын шешетін оқу-тәрбие мақсаттарын бөлуі;
3) конструкциялық – сабақтарды, сыныптан тыс жұмастарды құрастыру,
балалардың белсенділігін арттырып көңіл аудару, құрал-әдістарын үйлестурі
жолдарын шешу;
4) қатынастық – (коммуникативное) – силастық пен сенімділік негізінде
балалармен қарым-қатынасын тұрақтылығын және беделін арттыру. Қабылдалған
шығарманы тәрбиеші ордай ғана шектелмей, ол туралы әңгіме айта білу,
композиторға, музыкаға деген өзінің көзқарасын жеткізу. Балалардың
сезімталдық қуанышын арттыру үшін тәрбиеші жылы сөзбен, лебізімен,
қолдаумен жетістіктерін қадағалау;
5) ұйымдастырушылық – оқу-тәрбие мақсаттарын тәжірибелі шешу.
Ұйымдастырушылық тәрбиешінің жұмысында үлкен орын алады, өз күш-қуатымен
еліктеу, балаларды әр-түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатыстыру[10].
Тәрбиешінің жоғары біліктілігі, артистілігімен өз жұмысында педагогикалық
процесті нақты өнер мейрамын айналдырады. Сондықтан, тәрбиешінің тұлғасы
музыка тағдырын оқулық пән ретінде анықтайды.
Бала күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде
алғанда үш жүйеге бөлуге болады:
1) музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы
және музыкалық шығармаларды талдауы);
2) өз бетінше қатысуы;
3) музыканы кездейсоқ тыңдауы.
Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай
әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін
бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият
есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп,
тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді
т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді. Бала эстетикалық сезім мен
эмоциялық көңіл күй арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Музыкалық тәрбие берудегі жоспарлау мен есептеу және жетекші мен тәрбие рөлі
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау
Пәндер