Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт- бағдарлар



Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Психиканың рефлекторлық сипаты
2. ХХ ғасырдың 20.30 жылдарындағы психология дағдарысы.
3. Батыстық психологияның бүгiнгi даму бағыты.
4. Ғылыми психология принциптерi мен жалпы зерттеу əдiстерi.
ІІІ.Қорытынды
І.Кіріспе
Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дəрiгерлер ежелгi дəуiрлерде-ақ психикалық құбылыс-тардың ми қызметiмен байланыстылығы жөнiнде болжам айтқан, əрi психикалық сырқаттарды сол ми қызметiнiң бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пiкiр, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негiз болған. Осындай сырқаттарға кезiккен адамның психикалық қызметi күрт бұзылысқа келедi: көзi көрмейдi, құлақ естiмейдi, ес, ойлау, сөйлеу қабiлетi кемидi, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады жəне т.б. Осы психикалық əрекет пен ми жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегi алғашқы қадам ғана болды. Бұл əлi психикалық iс-əрекет негiзiнде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын түсiндiрiп бере алмайды. Психологиядағы бұл ғылыми мəселе өз шешiмiн барша психикалық iс-əрекет түрлерiнiң рефлекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкiн. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғалым-психологтары М. М. Сеченов (1829-1905) пен И. П. Павлов (1849- 1936) көп еңбек сiңiрген. М. М. Сеченов өзiнiң əйгiлi "Бас ми рефлекстерi" (1863) еңбегiнде рефлекторлық принциптi адамның бас миы қызметiне, одан əрi барша психикалық iс-əрекетiне жая қолданды. Ол "адамның бүкiл саналы да санасыз (астарлы) өмiрдегi əрекеттерi өзiнiң туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстiк əдiс", - деп жазған. Бұл психиканы объективтi түсiнудегi алғашқы қадам едi. Бас миы рефлекстерiн шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бiрлiгiн анықтады: бастапқы бiрлiк жүйке қозуы процесiнде миға берiлетiн сыртқы тiтiркендiргiштер; ортаңғы бiрлiк мидағы қозу жəне тежелу процестерi жəне солардың нəтижесiнде психикалық қалыптардың (түйсiк, ой, сезiм, т.б.) пайда болуы; ақырғы бiрлiк сыртқы қозғалыстар. Бұл тiзбектегi ортаңғы бiрлiктiң психикалық элементтерi қалған екi шеткi (сыртқы тiтiркендiргiштер мен жауапты əрекеттер) бiрлiктерсiз жасамайды. Сондықтан да барша психикалық құбылыстар бүкiл рефлекторлық процестiң бөлiнбес құрамы. Сеченовтың рефлекс бiрлiктерiнiң ажыралмас байланысы жөнiндегi тұжырымы психикалық iс-əрекеттi ғылыми тұрғы-дан түсiнуде үлкен маңызға ие болды. Психикалық қызметтi сыртқы ықпалдардан да, адам қылық-əрекеттерiнен де бөлiп қарауға болмайды. Психикалық құбылыс субъектiнiң жалғыз толғанысымен шектелiп қалмайды, егер олай болғанда, психикалық дүние (ой, ес, қиял т.б.) нақты өмiрлiк маңызға ие болмас едi. Психикалық iс-əрекеттiң рефлекторлық принципiне орай Сеченов - адам iс-əрекетi мен қылығы сыртқы əсерлердiң себебiнен туындайтыны жөнiнде ғылыми психология үшiн өте маңызды қорытынды жасады. Ол "Бастапқыда қандай да əрекеттiң себебi əрдайым тысқы сезiмдiк қозуда, онсыз ешқандай ой өрiстеуi мүмкiн емес", - деп жазды. Сонымен бiрге ғалым сыртқы жағдайлар əсерiн үстiрт түсiнбеу қажеттiгiн ескерткен. Бұл арада əңгiме тек көрiнiп тұрған нақты тыс əсер жөнiнде ғана емес, сыртқы жағдай əсерлерi тобына адамның өткенде кезiккен əсерлерi, барша өмiр тəжiрибесi қамтылады. Осылайша И. М. Сеченов рефлекстiң миға байланысты бiрлiгiн оның
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев),Жалпы психология(жантану негіздері)-Алматы,2006.-275 бет;

2.Сатыбалды Жақыпов,Жалпы психология негіздері.Оқулық-Алматы:Алла прима,2012.-203 бет;

3.Көпжасарова М.Д,Психологиялық педагогика.-Алматы:Экономика,-192 бет;

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Психологияда қалыптасқан ғылыми
бағыт- бағдарлар

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Психиканың рефлекторлық сипаты
2. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы.
3. Батыстық психологияның бүгiнгi даму бағыты.
4. Ғылыми психология принциптерi мен жалпы зерттеу əдiстерi.
ІІІ.Қорытынды

І.Кіріспе
Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дəрiгерлер ежелгi дəуiрлерде-ақ психикалық құбылыс-тардың ми қызметiмен байланыстылығы жөнiнде болжам айтқан, əрi психикалық сырқаттарды сол ми қызметiнiң бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пiкiр, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негiз болған. Осындай сырқаттарға кезiккен адамның психикалық қызметi күрт бұзылысқа келедi: көзi көрмейдi, құлақ естiмейдi, ес, ойлау, сөйлеу қабiлетi кемидi, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады жəне т.б. Осы психикалық əрекет пен ми жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегi алғашқы қадам ғана болды. Бұл əлi психикалық iс-əрекет негiзiнде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын түсiндiрiп бере алмайды. Психологиядағы бұл ғылыми мəселе өз шешiмiн барша психикалық iс-əрекет түрлерiнiң рефлекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкiн. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғалым-психологтары М. М. Сеченов (1829-1905) пен И. П. Павлов (1849- 1936) көп еңбек сiңiрген. М. М. Сеченов өзiнiң əйгiлi "Бас ми рефлекстерi" (1863) еңбегiнде рефлекторлық принциптi адамның бас миы қызметiне, одан əрi барша психикалық iс-əрекетiне жая қолданды. Ол "адамның бүкiл саналы да санасыз (астарлы) өмiрдегi əрекеттерi өзiнiң туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстiк əдiс", - деп жазған. Бұл психиканы объективтi түсiнудегi алғашқы қадам едi. Бас миы рефлекстерiн шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бiрлiгiн анықтады: бастапқы бiрлiк жүйке қозуы процесiнде миға берiлетiн сыртқы тiтiркендiргiштер; ортаңғы бiрлiк мидағы қозу жəне тежелу процестерi жəне солардың нəтижесiнде психикалық қалыптардың (түйсiк, ой, сезiм, т.б.) пайда болуы; ақырғы бiрлiк сыртқы қозғалыстар. Бұл тiзбектегi ортаңғы бiрлiктiң психикалық элементтерi қалған екi шеткi (сыртқы тiтiркендiргiштер мен жауапты əрекеттер) бiрлiктерсiз жасамайды. Сондықтан да барша психикалық құбылыстар бүкiл рефлекторлық процестiң бөлiнбес құрамы. Сеченовтың рефлекс бiрлiктерiнiң ажыралмас байланысы жөнiндегi тұжырымы психикалық iс-əрекеттi ғылыми тұрғы-дан түсiнуде үлкен маңызға ие болды. Психикалық қызметтi сыртқы ықпалдардан да, адам қылық-əрекеттерiнен де бөлiп қарауға болмайды. Психикалық құбылыс субъектiнiң жалғыз толғанысымен шектелiп қалмайды, егер олай болғанда, психикалық дүние (ой, ес, қиял т.б.) нақты өмiрлiк маңызға ие болмас едi. Психикалық iс-əрекеттiң рефлекторлық принципiне орай Сеченов - адам iс-əрекетi мен қылығы сыртқы əсерлердiң себебiнен туындайтыны жөнiнде ғылыми психология үшiн өте маңызды қорытынды жасады. Ол "Бастапқыда қандай да əрекеттiң себебi əрдайым тысқы сезiмдiк қозуда, онсыз ешқандай ой өрiстеуi мүмкiн емес", - деп жазды. Сонымен бiрге ғалым сыртқы жағдайлар əсерiн үстiрт түсiнбеу қажеттiгiн ескерткен. Бұл арада əңгiме тек көрiнiп тұрған нақты тыс əсер жөнiнде ғана емес, сыртқы жағдай əсерлерi тобына адамның өткенде кезiккен əсерлерi, барша өмiр тəжiрибесi қамтылады. Осылайша И. М. Сеченов рефлекстiң миға байланысты бiрлiгiн оның табиғи бастауынан (сезiм мүшелерiне əсер) жəне ақырынан (жауап қозғалыс-қимылдар) бөлiп, оқшаулау орынсыз екенiн көрсетiп бердi.
ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1. Психикалық процестердiң атқаратын мiндетi қандай? Бұл əрекеттi өзгермелi жағдайларға сай етiп отыру - сигналдық жəне реттеу қызметтерi. Психикалық құбылыс жауап əрекеттi өздiгiнен реттей алмайды. Бұл сыртқы дүние жөнiндегi ақпарат келiп түсушi, сақталушы, жəне өңделушi мидың белгiлi бөлiмдерiнiң қасиетi, қызметi. Психикалық көрiнiстер бұл мидың сыртқы жəне iшкi (организмнiң физиологиялық жүйе ретiндегi қалпы) əсерлерге жауабы, яғни психикалық құбылыс - бұл нақ осы мезетте (түйсiк, қабыл-дау) өткен тəжiрибеде болған (ес), осы əсерлердi қорытын-дылап немесе олардың нəтижесiн бiлуге жəрдемдескен (ойлау, қиялдау) тiтiркендiргiштерге жауап əрекеттердi реттеушi механизм. И. М. Сеченов ғылымға психиканың рефлекстiгi мен iс- əрекеттiң психикалық басқарылуы жөнiндегi идеяны қосты. Iс-əрекеттiң рефлекторлық принциптерi өзiнiң экспериментальдық негiздемесiн И. П. Павлов жəне оның шəкiрттерiнiң еңбектерiнде тапты. И. П. Павлов Сеченов-тың психикалық iс-əрекет мидың рефлекторлық қызметi екендiгi туралы тағылымының дұрыстығын дəлелдедi, пси-хикалық құбылыстың негiзгi физиологиялық заңдарын ашты, ғылымның жаңа саласы - жоғары нерв қызметiнiң физио-логиясы, шартты рефлекстер жөнiндегi бiлiмнiң негiзiн қалады. Организмге əсер етушi тiтiркендiргiштер мен оларға жауап реакциялар арасында уақытша байланыстар түзiледi. Осы байланыстарды пайда ету бас ми қыртыстарының ең маңызды қызметi. Уақытша жүйке байланысы ми қызметi ретiнде психикалық iс-əрекеттiң қай бiрiнiң болмасын негiзгi физиологиялық механизмi болып табылады. Миға қандай да бiр тiтiркендiргiш əсер етпей, ешбiр психикалық құбылыс өздiгiнен туындамайды. Əрқандай психикалық процесс пен қалаған уақытша байланыстың соңғы нəтижесi тыс əсерлерге жауап сипатындағы сырттай көрiнiс берген əрекет. Психикалық қызмет осыдан объективтiк дүние заттары мен құбылыстарының əсерiнен туындаған мидың рефлекторлық бейнелеу жұмысы. Келтiрiлген тұжырымдардың бəрi объек-тив шындықты бейнелеу механизмiнiң мəнiн ашып отыр. Сонымен, жоғары жүйке қызметi жөнiндегi тағлимат пси-хикалық құбылыстарды материалистiк тұрғыдан түсiндiрудiң жаратылыстану ғылымымен сабақтасқан iрге тасы. Уақытша жүйке байланысын əрқандай психикалық iс-əрекеттiң физиологиялық механизмi деп танудың маңыз-дылығынан психологиялық құбылыстың физиологиялық құбылыстармен бiрдейлiгi келiп шықпайтынын есте сақтаған жөн. Психикалық iс-əрекет тек қана физиологиялық механизм сипатымен шектелiп қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние, яғни психикалық құбылыстың мазмұнымен байланысты. Жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен сабақтастығының ми тарапынан басқарылып, реттелу заңдылықтары жөнiндегi И. П. Павлов тұжырымдарының жиынтығы екi сигналдық жүйе теориясы деп аталады. Шартты рефлекс типi бойынша қылық-əрекеттiң өзгеруiне ықпал етушi зат бейнесi жануар үшiн қандай да шартсыз тiтiркендiргiштiң сигналы қызметiн атқарады. Жануарлар өз əрекет-қылығында И. П. Павлов бiрiншi сигналдық жүйе деп атаған физиологиялық тетiкке тəуелдi. Жануарлардың барша əрекет болмысы бiрiншi сигналдық жүйе деңгейiнде орындалады. Iс-əрекет пен қылықты бағыттап, реттеуде бiрiншi сигналдық жүйе адам өмiрiнде де үлкен маңызға ие. Бiрақ адамның жануарлардан ерекшелiгi, онда бiрiншi сигналдық жүйе мен қатар екiншi сигналдық жүйе болады. Екiншi сигналдық жүйенiң болмысы, яғни "сигналдар сигналы", - деген сөз. Сонымен, психика - ми қасиетi. Түйсiк, ой, сана - ерекше тəсiлмен ұйымдасқан материяның ең жоғары өнiм туындысы. Организмнiң психикалық əрекетi көптеген дене мүшелерiнiң қызметi арқасында жүзеге келедi. Олардың бiрi əсерлердi қабылдайды, екiншiлерi оларды сигналға айнал-дырып, iс-əрекеттi жоспарлап, қадағалап отырады, ал үшiншiлерi - бұлшық еттердi əрекетке келтiредi. Осы күрделi жұмыстардың бəрi қосылып, қоршаған ортада адамның жол тауып жүруiнiң белсендi құралы болмақ.
ІІ.2 ХХ ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндiрiс-экономикалық талаптарына орай сана (интроспекттiк) психологиясының дағдарысы қылаң бердi. Интроспекттiк психология практикалық қолданба енгiзулердi қажет еткен капиталистiк өндiрiс проблемалары алдында өз дəрменсiздiгiн байқатты. Оның субъектив əдiстерi қоғамның объектив қажеттiлiктерiне сай келетiн ұсыныстарға шамасы жетпедi. Осыдан психология зерттеулерiн жаңа, объектив əдiстер тұғырына орнықтыру жолдары iздестiрiле бастады. Сана психологиясының дағдарысы, сонымен бiрге, ғасыр аяғында Францияда кең өрiс алған невропатология жəне психиатрия саласындағы зерттеулердiң нəтижесiмен дебайланысты едi. Бұл зерттеулер адам психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрiнiс беретiнiн дəлелдедi. Мұндай бейсанаға тəуелдi əрекет-қылықтар эксперименталды жəне клиникалық талдауға алынды. Осының нəтижесiнде психология сана жөнiндегi ғылым емес деген пiкiр пайда болды. Бұл дəуiрдегi психологияның қарқынды дамуына Ч. Дарвиннiң эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл iлiмге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тiршiлiк иесiнiң икемдесу əрекетiнен ажырауы мүмкiн емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция əдiсiн қолдану мүмкiн емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды. Осылайша əртүрлi ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бiрнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепшi болды. Жаңа теория өкiлдерi сана психологиясын психика жөнiндегi жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етiп қойды. Бихевиоризм - ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, əрекет-қылықты зерттеу деп бiлдi. Бихевиоризм теориясы негiзiнде адам мен хайуанаттардың əрекет-қылығы сыртқы орта əсерiне (стимул) болған организмнiң керi (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсiнiк жатыр. ХIХ- ХХ ғ.ғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперименттiк талдауға салу нəтижесiнде пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзiн-өзi бақылау тəсiлiн пайдалану мүмкiн болмағандықтан, эксперимент жасау əдiсi iске қосылды. Бұл əдiстi бихевиористер адам психикасын зерттеуге де қолданды. Бихевиоризмнiң жалпы əдiснамалық алғы шарты позитивизм-нiң философиялық принциптерiнен шығады. Осы принцип-терге сəйкес ғылым тек бақылау жүргiзiп отырған затын баяндауы тиiс, ал бақылауға тiкелей берiлмеген мəлiмет-термен iшкi механизмдердi талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес, əрекет-қылықты зерттеуi керек деген негiзгi тезис тұжырымдады. Бихевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективтi мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниенi бейнелейтiн мидың нақты қызметi екенiн олар мойындамайды, сөйтедi де психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихеворизм теориясын қалаушы - Э. Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, "бихевиоризм" терминiн енгiзген Дж. Уотсон. Бихевиоризм тағлиматының кризистiк халге жетуi - сана, ойлау, ерiк сияқты негiзгi ұғымдарды психо- логиядан шығарып тастап, психиканың əлеуметтiк жағын ескермеуiнде. Гештальтпсихология (нем. гештальт - бейне, құрылым, бiр тұтас форма) - ХХ ғ. бас кезiнде Германияда пайда болған идеалистiк психологияның бiр бағыты. Басты өкiлдерi: М. Вертхаймер, В. Келлер, К. Кофман, К. Левин. Гештальт-психология механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативтi психология-ға қарсылық бiлдiру рухында туды. Гештальттылар "элемент-тер психологиясына" қарсы əрбiр психологиялық процестiң бiртұтастығы мен өзiндiк сапасын жақтады. Олар тұтастықты (гештальт) элементтерден тiптi өзгеше жаңа, өзiнiң iшкi заңдылығынан туып, өзгерiп отыратын, түсiндiрiп болмайтын, тек баяндауға ғана келетiн құбылыс деп пайымдайды. Гештальтпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық ситуация мен оның формальды құрылымының бiр бүтiндiгi негiзiнде iс жүзiне асырылды. "Гештальт" ұғымын алғашқы ендiрген Эренфельд. Оның айтуынша, бұл ұғым мынадай мазмұнды қамтиды: айталық, бiрнеше дыбыс тiтiркендiргiш-терi iркес-тiркес берiлдi дейiк. Сонда, бұл дыбыстар бiр-бiрiмен байланыссыз əсерлер ретiнде қабылданбай, белгiлi құрылымы бар, сол дыбыстардың "гештальты" болып табы-латын "əуен" ретiнде қабылданады. Гештальтпсихология бағытының осал тарапы психо-логиялық құбылыс бейне мен оны туындататын нақты əрекет арасындағы байланысты жоққа шығарғандығы. Гештальттылар ұғымы бойынша бейне тек өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мəндi құбылыс саналды, оның нақты заттық дүние-мен байланысы сыр күйiнде қала бердi. Осы екi маңызды категориялардың (бейне мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты талдаудың ортақ жүйесiн бере алмағандықтан, гештальтпсихология ғылыми мектебi соғыс алды жылдарында тарады.Генетикалық психология. Швейцария ғалымы Ж. Пиаженiң генетикалық психология теориясы психология ғылымының кең өрiс жайған бағыттарының бiрi. Өз зерттеу-лерiн негiзге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық əдiстi психологиялық болмысты тануда жетекшi əдiснамалық принцип дəрежесiне көтердi. Өз зерттеулерiнде ғалым бала ақыл-есiнiң қалып-тасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектiнiң дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегi интеллект табиғаты мен қызметiн бiлуге болады деп пайымдады. Пиаженiң негiзгi мiндетi адам интеллектiнiң құры-лымын зерттеу. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тiршiлiктiң эволюциялық даму барысында жеткен нəтижесi деп бiлдi, яғни интеллекттiк күрделi ақыл-естiң жай психика-лық элементтерден құралатынын дəлелдемекшi болды. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесi - баланың бiртұтас дамуын ескерместен, ақыл-естiң өрiстеу тұғырын интеллекттiң өзiнен iздедi, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи əрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады. Пиаженiң теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегi ойлау қабiлеттерiнiң көзi өткендегi ой мүмкiндiктерiнде болатынын дəлелдеп бақты. Ой қабiлетi өзiнен-өзi бiтбейтiнiн, ал даму адам қасиетi екенiн, сол адамның адамгершiлiк қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дəрежесiнiң көтерiлетiнiн тiптi көре бiлмедi. Генетикалық психология зерттеулерiндегi ең үлкен олқы-кемшiлiк: интеллект даму деңгейiнiң бiрiнен екiншiсiне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, əлеуметтiк- қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мəнi жоққа шығарылды. Фрейдизм Негiзiн австриялық психолог З. Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркiнiн, дамуын иррациона-лизм (саналы дəлелi жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы əрекетке тiкелей қарсы қоюмен дəлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есi ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсiндiруге бағышталған бұл iлiм кейiн адам жөнiндегi жалпы тағлимат дəрежесiнде ұсынылды. Фрейдизм iлiмiнiң негiзгi сарыны: адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың iшiндегi ең бастысы - либидо (жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау əлеуметтiк ортада тiршiлiк сақтау қажеттiгi арасындағы мəңгi өшпес келiспестiк пен арпалыста дамиды, қалыптасады. Қоғам өзiнiң шектеулерiмен адамды күйзелiске түсiредi, оның санаға бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңiл шарпулары жəне сезiм көрiнiстерi айналма жолдармен невротикалық белгiлер түрiнде жарыққа шығады (түс көру; қате, жаңсақ сөйлеу, жазу; қажет, бiрақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ əзiл, т.б.). Осыдан З. Фрейд адам iс-əрекетiнiң бəрi объектив болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзi сезе бермейтiн бейсана-дағы ықпалдар жетегiнде жүредi деген тұжырымды бетке ұстайды. Санада ешқандай күш жоқ, яғни организм мен қоғам адамның саналы күтiлмеген көңiл шарпуларының илемiндегi қамыр. Фрейдизм, ақырында, адам қылығы қоғам-дық даму заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштер ықпалында болуын дəрiптеуiнен, адам əрекетiнiң бəрi агрессив, оны тəрбиемен өзгерту мүмкiн емес деген реакцион идеяның арқауына айналды.
ІІ.3 Ашық дағдарыс кезеңдерiнде пайда болып, кейiн елеулi өзгерiстерге кезiккен айтарлықтай маңызды теориялық бағыттар (необихевиоризм, неофрейдизм, гештальтпсихология) 60 жылдардың басында өздерiнiң бұрынғы абыройынан айрыла бастады. Əрекет-қылық пен психиканы түсiндiрудегi теория-лық iшкi қайшылықтар олардың негiзгi бастау позицияларын қайта қарастыруды талап еттi. Бұл дағдарыстардың аса бiр мəндi себебi - экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнiмдi көзқарас, бағыттардың туындауынан болды: танымдық iс-əрекет зерттеулерi аймағында - когнитивтiк психология, гуманистiк психология, ми жөнiндегi ғылымдар шеңберiнде адам санасын зерттеуге орай - нейро-физиология, нейроморфология, нейропсихология, қанат жайған жəне бiр бағыт - бұл адам психологиясы едi. Осы ғылыми-теориялық бағыттардың қысқаша сипат-тамасына тоқталайық. Қазiргi заман психологиясының аса маңызды артық-шылығын танытқан ғылыми ағым когнитивтiк психология болды. 60-жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористердiң əрекет-қылық талдауында психологиялық элементтердi елемеуi мен танымдық дамуды ескермеуiне қарсылық бiлдiрумен ғылым сахнасына келген едi. Когнитивтiк психология необихевиористер зерттеулерiнiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы
Әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар. Генетикалық психология
Қазіргі жастардың құндылықтары
Тұлғаның мансаптық бағдарларын анықтау
Жоғары психикалық функциялар
Өмірдің мағынасы тұлғаның жеке әрекеттерінің жемісі
Жасөспірімдер тұлғасының құндылық бағдары және өзін - өзі бағалауы
Мен тұжырымдамасы. Мен бейнесін психодиагностикалау
Дифференциалды психология
Пәндер