Дөңгелек ауыздылардың ішкі және сыртқы құрылысы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I. Негізгі бөлім
1.1. Хордалылар (CHORDATA). типіне жалпы сипаттама ... ... ... ... 4
1.2. Омыртқалылар (Craniata немесе Vertebrate) тип тармағы және биологиялық ерекшелігіне жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ...
1.3. Дөңгелек ауыздылар класы (Cyclostomata) ... ... ... ... ... ... ... .15 5
14
1.4. Миногалар отряды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
1.5. Миксиндер отряды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
II.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
III Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Омыртқалылардың тіршілік етуде әртүрлі жағдайларға бейімделуі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяктарының, күрделі ауыз аппаратынын сүйек қаңқасының, жүрегінің және бүйректерінің болуы омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі сезім мүшелері, әжептеуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы секілді ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Қаңқасы сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге тірек болып желбезек аппараттарын, аяқтарын бекем ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы ми сауытымен висцеральдық қаңқалар және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету ерекеті жоғарылай бастайды. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілігі әрекеттеріне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардын ерекше тармағына жатқызады.
Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:
Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараттары эндодермадан пайда болган жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш бірақ оның бездері соншалықты көп болады
Курстық жұмыстың мақсаты: дөңгелек ауыздылар класына жалпы сипаттама беру, миногалар отряды мен миксиндер отрядын қарастыру систематикасын толық мегеру..
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Хордалылар (CHORDATA). типіне жалпы сипаттама.
2. Дөңгелек ауыздылар класы (Cyclostomata).
3. Миногалар отряды.
4. Миксиндер отряды

..
Пайдаланылған әдебиетер тізімі:

1. Х.Қыдырбаев, А.Бекенов //Қазақстанның хайуанаттар әлемі. «Қаз-н»
2. К.Ш Муминова., М.Т Сулейменова// Омыртқалы зоологиясы 2013
3. Н.А.Гладков «Құс қанатты достарымыз» Алматы «Қайнар»
4. Р.Ә.Әлімбаев, Ж.М.Төреходжаев «Құстар тіршілігі» Алматы 1972 ж.
5. К.Жүнісова, М.Шаймарданова, Қ.Қайымов «Зоология сабақтары», Алматы
6. «Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау» Ш.Әлиев, А.Бекенов, Х.Қыдырбаев
7. Қ.Қайымов «Аяулы хайуанаттар» Алматы «Мектеп» 1978
8. М.Шаймарданова «Зоологиядан қазақша орысша сөздік» Алматы,
9. «Заповедники Средней Азии и Казахстана» издательства
10. «Млекопитающие и птицы индикаторы» А.Т.Давлетбаков, Э.Дж.
11. Природа и животный мир Средней Азии. Т.З.Захидов,
12. «Полевой определитель птиц» Р.Н.Мекленбурцев.
13. Сулеев Д.К., Сагитов С.И. Сагитов П.И., Жумагулов
14. Определитель позвоночных животных фауны СССР. Б.А.Кузнецов.
15. «Птицы» Питер Холден. Издательство
16. Бекенов А. «Қазақстанның бағалы
17. Әлиев Ш. Бекенов А., Қыдырбаев X. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. Алматы, "Қайнар", 1975.
18. Махмұтов С. Жаратылыстың құпия сырлары. Алматы, 1989.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Омыртқалылардың тіршілік етуде әртүрлі жағдайларға бейімделуі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяктарының, күрделі ауыз аппаратынын сүйек қаңқасының, жүрегінің және бүйректерінің болуы омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі сезім мүшелері, әжептеуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы секілді ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Қаңқасы сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге тірек болып желбезек аппараттарын, аяқтарын бекем ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы ми сауытымен висцеральдық қаңқалар және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету ерекеті жоғарылай бастайды. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілігі әрекеттеріне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардын ерекше тармағына жатқызады.
Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:
Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараттары эндодермадан пайда болган жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш бірақ оның бездері соншалықты көп болады
Курстық жұмыстың мақсаты: дөңгелек ауыздылар класына жалпы сипаттама беру, миногалар отряды мен миксиндер отрядын қарастыру систематикасын толық мегеру..
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Хордалылар (CHORDATA). типіне жалпы сипаттама.
2. Дөңгелек ауыздылар класы (Cyclostomata).
3. Миногалар отряды.
4. Миксиндер отряды

..

I Негізгі бөлім.
1.2 Хордалылар типіне жалпы сипаттама (CHORDATA).

Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда -- хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалынардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан күрделі құрылысты алуан түрлі тіршілік ететін жануарлар. Олардың 40 мыңға жуық түрі бар. Хордалылар құрлықты, суды, ауаны, және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты алардың тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасының да күрделене түсуінің нәтижесінде болады.
Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері-жүн беретіндері де, көлік және спорттық мақсатқа да пайдаланатын түрлері де бар.
Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малдарының жаңа пайдал тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып табылады. Сондай-ақ жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде аулай отырып ет, май, бағалы терілер сияқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз [1].
Жабайы жануарларды жоспарлы түрде пайдалану және оларды қолда өсірілетін жаңа тұқымдарын шығару жұмысына біздің елімізде үлкен маңыз береді. Мұның өзі мемелекеттік табыстың басты көзі болып есептеледі.
Хордалылардың пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың көптеген түрлері ауылшаруашылық зиянкестері. Оларға сарышұнақтар, тышқандар, дала тышқандары, қасқыр т.б. жатады. Хордалылардың өзі ауру қоздырушы болмағанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба, бурцелез, энцифалит т.б.) тасымалдаушы болып саналады.
Омыртқалылар қаншама күрделі көп түрлі болғанымен, толық, әрі жан-жақты зерттелген жануарлар. Хордалылардың түрлері сипаты мен мақсаты түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы зерттеулердің нәтижесінде систематиканың салыстырмалы анатомияның гистологияның, экологияның, зоогеофафиның, және т.б. көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді.
Омыртқалылар зоологиясының осы заманда биік шыңына көтіруіне кептеген оқымыстылардың (Н.М. Книпович, В.К. Солдатов, А.Н.. Державин, Б.М. Житков және т.б.) қаржылы еңбектері негіз болды.
Зоологияның негізгі мақсаты омыртқалылардың ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрскеттерін зерттеп қана қоймай жануарлар дүниесін халық шаруашығында пайдаланудың жоспарлы ғылыми негізін жасау болып табылады.
Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады [2].
Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын серпімді бунақталмаған иілгіш денесінің ұзына бойы созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолі көп ерекше тканнен құралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады. Сондықтан хорданы энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталса, ал жоғарғы сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады
Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын невроцел деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігін эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады. Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімін, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы атысады, оларды желбезек санылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады. Басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады. Хордалылардың өзіне тәні ерекшеліктері.
Хордалыларда тікентерілілер сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене қуысы -- екінші қуысы (целом). Бұның өзі оларды тікентерілілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екенін көрсетеді. Көптеген оргаңдардың метомерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айқын байқалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалылардан метомерия айқын байқалмайды хордалылардың денесін бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады.
Хордалылардың систематикасы. Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді: личинка -- хордалылар немесе оболочниктер (Urochordata немесе Tunicata), бас сүйексіздер (Асrаnіа), бас сүйектілер немесе омыртқалы жануарлар (Vertebrata немесе Craniata) тип тармақтары деп аталады.

1.2 Омыртқалылар (Craniata немесе Vertebrate) тип тармағы және биологиялық ерекшелігіне жалпы сипаттамасы.

Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстарғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге өрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде әртүрлі жағдайларға бейімделуі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяктарының, күрделі ауыз аппаратынын сүйек қаңқасының, жүрегінің және бүйректерінің болуы омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі сезім мүшелері, әжептеуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы секілді ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Қаңқасы сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге тірек болып желбезек аппараттарын, аяқтарын бекем ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы ми сауытымен висцеральдық қаңқалар және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету ерекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:
1. Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata)
2. Балықтар (Pisces)
3. Қосмекенділер (Amphibia)
4. Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia)
5. 5. Құстар (Aves)
6. 6. Сүт қоректілер (Mammalia)
Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілігі әрекеттеріне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардын ерекше тармағына жатқызады [3].
Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараттары эндодермадан пайда болган жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды.
Қандауыршаның жүйке жүйесі құрттардыкіндей шынжыр тәрізденіп құрсақ жағында созылмай, желінің үстінде созыла орналасуы екі жануардың арасындағы негізгі айырмашылық болып табылады. Қандауырша мен құрт денесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты толығырақ түсіну үшін оқулықтағы тиісті тақырыптарды оқып, екеуінің негізгі байланысын саралап көріңдер. Қандауыршаның дене құрылысы құртқа қарағанда күрделі екеніне айқын көз жеткізесіңдер. Қандауырша -- аралық жануар. Желілі жануарлардың шығу тегін зерттегенде қандауыршаның жануарлармен байланысы айқынырақ түсіндіріледі.. Тіршілік әрекеті су түбінде тіршілік етуге бейімделгендері бассүйексіз жануарлар -- қандауыршаларға, жыртқыштықпен тіршілік ететіндері -- бассүйекті жануарлар -- сүйекті омыртқалыларға бастама берді. Әрине желі ең алдымен шеміршекті омыртқаларға, соңынан сүйекті омыртқаларға айналып, жыртқыш жануарлардың еркін қозғалуына, мінез-қылығының күрделілене түсуіне негіз жасады. Сөйтіп, Жер бетінде омыртқалы жануарлар пайда болды [4].
Омыртқалы жануарлардың бүкіл эволюциялық өзгерісіне көз салсаңдар, алғашында суда тіршілік еткен денесі созылыңқы жануарларда алдыңғы қос жүзбеқанаттың пайда болғанын балықтар класынан еске түсірулеріңе болады. Омыртқа жотасы шеміршектен түзілгеніне қарамастан мұндай жануарлар қорегін қуып жетуде күрделі қимыл-әрекеттер жасап, табиғи сұрыпталу нәтижесінде дене пішіні суда шапшаң жүзуге бейімделген, жүйке жүйесі күшті дамыған акула тәрізді жануарлар дүниеге келді.
Жануарлардың кей тобы біртіндеп құрлықта тіршілік ете бастады да, қос жүзбеқанаттар құрлықта жүруге бейімделіп, аяққа айналуы нәтижесінде қосмекенді жануарлар пайда болды. Олар суда да, құрлықта да еркін тіршілік ете алды, өйткені қаңайналым және тынысалу жүйелерінде өзгерістер болып, өкпе арқылы тыныс алатындықтан, қанайналымның екі шеңбері пайда болды. Өздеріңе белгілі, қосмекенділер тек өкпе арқылы ғана емес, терісі арқылы да тыныс алатың, құрлықта тіршілік ететін жануарлар үшін бұл қасиет онша жеткілікті әрекет болмағандықтан, эволюция барысында, тіршілік үшін күреске төтеп бере алмаған қосмекенділер жойыла бастады да, дене температурасы тұрақты жануарлар -- құстар мен сүтқоректілер, терісі құрғақ жорғалаушылар басымырақ тіршілік етті. Қатал ауа райына жорғалаушылар да шыдамады, өйткені олардың дене температурасы тұрақты емес еді.
Қосмекенділер мен жорғалаушылардың ұрпағын дамыту әрекеті де тұр санының сақталып қалуына мүмкіндік бермеді, сондықтан кейбір төзімді түрлері болмаса, басым көпшілігі құрлықта тіршілік ете алмады. Сөйтіп, эволюциялық қозғаушы күш -- өзгергіштік, тұқымқуалаушылық және табиғи сұрыпталу елеулі жағдайларының әсерінен желілілер -- омыртқа жоталы жануарлар эволюциясы бір реттілікпен дами берді, құстар мен сүтқоректі-лердің табиғатта молырақ тіршілік етуіне мүмкіндік туды.
Адам да биологиялық түр ретінде желілілер типіне, омыртқалылар тип тармағына, сүтқоректілер класына, приматтар отрядына жатады, туысы бойынша -- адам, түрі бойынша саналы адам деп есептеледі. Ол шығу тегі жөнінен жануарлар әлеміне тығыз байланысты, бірақ адамды жануар деуге болмайды. Қазақ халқы адамды басқа тірі ағзалардан ерекше санап, кім? деген сұрақты тек адамға ғана бағыштады [5].
Адам жануарға ұқсас бола отырып, тік жүруі, бассүйек құрылысының ерекшелігі, ми сыңарларының үлкендігі, айқын сөйлеуі, ойлай білуі, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білуі, еңбек етуі арқылы жануарлардан ерекшеленеді. Адам саналы болғандықтан да табиғатты игере отырып, оны қорғайды, табиғаттан үйренеді. Жер бетінде органикалық дүниенің ұзақ уақыт дамуы барысында Адамды адам еткен -- еңбек. Адам қоғамдық еңбек әрекеті негізінде қалыптасқан санасы нәтижесінде өмір сүреді.
Қорытынды.
Ежелгі сүтқоректілердің қалдықтары юра кезеңінің шөгінділерінен көбірек кездесуі сүтқоректілер одан бүрынырақ -- триас кезеңінде пайда болды деген пікірді қуаггай түседі. Бұл кезеңде көп бұдыр-тісті жануарлардың өмір сүргені мәлім. Көп бұдыр тістілер жануарлардың денесі онша үлкен болмаған: кейбіреуі егеу құйрықтай, кей-біреулері суырдай болса керек. Жануарлардың атауы азу тісіндегі өте көп бұдырлардың болуына негізделіп берілген. Бұлардың иттіс-тері болмаған, ал күректістері өте күшті дамыған. Көп бұдыр тістілердің тіршілік әрекеті кейінірек пайда болған кемірушілерге көбірек ұқсайды. Жануарлардың бұл тобы жұмыртқалаушыларға бастама болуы мүмкін.
Юра -- бор кезеңдерінде бунақденелермен қоректенетін сүткоректілерге ұқсас үш бұдыр тісті жануарлар тіршілік етті. Олардың жануартекті және өсімдіктекті азықпен қоректенетін түрлері болы. Солардың бірі -- пантотерия. Ол көбінесе бунақденелерді қорек еткен және қалталылар мен қағанақты сүтқоректілердің арғы тегі болуы да мүмкін. Үш бұдыртісті жануарлардың бір тармағынан жоғары сатылы қағанақты сүтқоректілер-пайда болып, олар өз алдына, қалталылармен қатар тіршілік етті.
Уылдырықтар ұрықтанысымен бірте-бірте өзгере отырып дамиды да, одан кейін личинка өсіп шығады, ол личинка шабаққа айналады. Ұрықтану сыртта су ішінде болғандықтан гаметалар ұрықтар мен шабақтардың көбі табиғаттың қолайсыз жағдайларынан, басқа су жануарларының жеп қоюынан өліп қалады. Осыған байланысты сүйекті балықтардың түрді сақтап қалу мақсатында өсімталдылығы (плодовитость) өте жоғары. Мысалы, тұқы балық 1 млн. аса уылдырық шашады, шортан - 1 млн, (треске) нәлім және (угорь) жыланбалықтар - 10 млн уылдырық шашады.
Бізде мекендейтін балықтардың уылдырықтары (егер суы жылы болса) көктем мен жазда 8-9 күнде дамиды, ал күз бен қыста уылдырық шашса албырт (лосось), лаха (калин), т.б. дамуы көктемге дейін созылады. Уылдырықтарды завод жағдайында қолдан да ұрықтандыруға болады. Ол үшін аздаған су қосып уылдырықты балықтыі тұқымымен араластыру қажет, содан кейін ұрықтанған м белгілі бір қолайлы жағдайда шабаққа дейін дамиды. Шабақтар өөз бетімен қоректене алатын халге жеькенде оларды арнайы су қоймаларына жібереді. Қазіргі уақытта осындай әдіспен кәсіптік маңызы бар балықтардың санын қалпына келтіруде кең қолданылуда [6].
Қосмекенділердің сумен байланыстылығы көбею кезінде өте айқын көрінеді. Олар уылдырықтарын суға салады, уылдырықтардың дамуы да суда өтеді. Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де біріне-бірі жабысады да, үлкен түйір пайда болады. Екі үш аптадан соң уылдырықтан бақаның личинкасы - итшабақ шығады. Итшабақ өз өмірінің алғашқы күндерінде жүзбейді (аяқтары болмайды) және қоректенбейді, өйткені оның әлі аузы болмайды. Бірнеше күннен кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады. Судың астындағы өсімдіктерді кеміреді.
Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ ол сыртына көрінбейді. Сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады. Итшабақ өзінің алғашқы кездерінде ұзын құйрықты, басының екі жағында сыртқы желбезектері болады. Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келеді. Оның дене пішіні балықтың денесі тәрізді, желбезектері бар, жүрегі екі бөлімнен, қозғалу қызметін құйрығы атқарады, оның тіпті бүйір сызығы да бар. Сөйтіп бақа өзінің дамуында қосмекенділердің балықтан шығу тарихын қысқаша түрде қайталайды.
Дамудың барысында желбезек саңылаулары аздап бітеле бастайды, мұнымен бір мезгілде өкпелері дамиды (ішек өсінділерінен). Өкпелердің дамуына қарай қан айналыс жүйесі де өзгереді. Қан айналысының екінші шеңбері түзіледі. Перде жүрек құлақшасын екі жартыға бөледі, енді жүрек үш бөлімнен тұрады. Аяқтары өсіп жетіледі. Итшабақ аяқтарының көмегімен бақаша жүзе бастайджы. Құйрығы барған сайын кішірейе береді. Ақыр соңында, өте кішкентай бақалар жағаға жорғалап шығады. Құйрығының қалдығы біраздан кейін ол да жоғалады [7].
Итшабақ кішкентай бақаға айналады. Ол кезінде шөптектес заттармен қоректенсе, енді олар жануар тектес азықтармен қоректенеді. Итшабақтың дамуы судың температурасына байланысты 2-3 айға соызылады. Өмір сүру ұзақтығы табиғатта онша ұзақ емес, өйткені табиғаттың қолайсыз жағдайларынан уылдырықтың даму кезінде шығын көп болады. Сол сияқты жыртқыштардан және паразиттерден де азап шегетінін айту керек. Табиғатта олар көп жасамайды, ал қолда террариумда 10-15 жыл өмір сүреді. Мысалы, құрбақа - 20 жыл, бақа - 10 жыл тіршілік етеді.
Баурымен жорғаушылар тура дамиды. Оларда личинка болмайды. Кейбір түрлерінде ұрық ұрғашысының жыныс жолдарында дамып, жұмыртқа сыртқа шыққанда бірден ішінен жетілген бала шығады, демек мұндай түрлер үшін (жұмыртқадан жетіліп туу) жұмыртқадан тірі туу тән сипат алады. Мысалы, жұмыртқадан жетіліп туу таулы аудандарда, солтүстік суық жерлерде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың арасында кең тараған (медянка, тірі туатын кесіртке, тибетская круглоголовка, теңіз жыландар, т.б.). Бауырымен жорғалаушылардың арасында көпшілік тіршілігін судың ішінде өткізсе де (кроркодилдер, көптеген тасбақалар, кейбір жыландар) жұмыртқа салуы мен оның дамуы тек қана құрлықта өтеді.
Құрлықта тіршілік етуші алғашкы омыртқалылар қосмекенділер болған. Олар пайда болғанға дейін жерде судың омыртқалылары -- балықтар тіршілік еткен. Қазбадан табылған ертедегі балықтардың арасынан саусақ қанатты балықтар белгілі. Ендеше девон дәуірі кездерінде (шамамен 400-500 млн. жыл бұрын) алғашқы қосмекенділер (стегоцефальдар) саусақ қанатты балықтардың ертедегі тегінен шыққан деп болжайды. Қосмекенділер құрлыққа шығуымен қатар сумен де байланысын жоғалтпады және толығымен құрлық жануарларына айналған жоқ. Қосмекенділер гректің "амфибиос" деген сөзінен олардың өз тіршілігінде тек құрлықпен ғана емес, сонымен бірге сулы ортамен де байланысты екендігін көрсетеді. Бұл байланыс олардың тіршілік әрекеттерінен көбею, даму және дене құрылыс ерекшеліктерінен айқын көрінеді [8].
Құрылысы: Ересек түрлерінің денесі бас, дене және екі жұп аяқтан тұрады. Құйрық және қосмекенділерде стегоцефальдарда болған, өйткені олар үнемі суда тіршілік еткен. Ал қазіргі тіршілік ететін қосмекенділердің құйрықтылар деп аталатын (тритондар, саламандралар) отрядында құйрық сақталған, өйткені олардың ересек өкілдері де көпшілік уақытын суда өткізеді. Қазіргі қосмекенділердің көпшілігінде әсіресе құйрықсыздар отрядының өкілдерінде (көлбақа, құрбақа және басқалары) артқы аяғымен секіріп (жүрудің) қозғалудың нәтижесінде құйрықтары жойылған. Жер астында тіршілік ететін көптеген түрлерінде (аяқсыздар отряды немесе құртша) аяқ та, құйрық та жойылған (құрша, цейлон балықжыланы т.б.) Қосмекенділер жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты балықтармен салыстырғанда жақсы жетілген. Бас-мойын бөлімінің бір ғана омыртқасы арқылы дене омыртқасымен жалғасады. Соның нәтижесінде бас қозғалмалы болып, азықтарын тез ұстауға мүмкіндік туғызады.
Тері жабындысы. Барлық қосмекенділердің терісін және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немеее мүйізді қабыршақтары жоқ - жалаңаш болады. Сүйекті қабыршақтар тек кана стегоцефальдарда болған. Олардың денесінің салмағы судан шыққанда артып, суға түссе жеңілденген. Сондыктан құрлықта өмір сүрген қосмекенділер үшін сүйекті қабыршақтардың болмауы үлкен жеңілдік. Қабыршақтардың жойылуымен, қорғанудың қажеттілігіне байланысты эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы ортаның факторларының зиянды әсерінен қорғайды. Көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады. Оның қызметі қосмекенділерді жыртқыш жануарлардан қорғайды. Қосмекенділер құрлықта тіршілік ететін жануарлар сияқты құрғақшылыққа қарсы тұру қабілеттілігі әлі жете дамымаған. Сондықтан олар сазды көлеңкелі жерде, судың ылғалды жағасында жүреді, сонымен бірге бақалар мезгіл-мезгіл суға түсіп, терісін сулап отырады[10].
Қаңқасы. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты қаңқасының барлық бөлімдерінде өзгерістер бар. Жер бетіндегі тіршілігіне сәйкес ми сауыты (көпшілігінде) өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Бас жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағынан төбе және маңдай сүйектері қоршап жатады. Тіл асты доғасының, желбезек доғасының өзгеріске ұшырауы тіл асты пластинкалардың тууына себебін тигізеді.
Омыртқа жотасы -- мойын, дене, сегізкез және құйрық бөлімдерінен тұрады. Мойын бөлімі бір ғана омыртқадан тұрады, дене омырткалары 7-100-ге дейін болады. Мысалы, ең азы -- 7, ал аяқсыздарда 100-ден асады. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Құйрық бөлімі құйрықты қосмекенділерде айқын бөлінген, ал құйрықсыздарда уростил деген бір ғана сүйекшеден тұрады. Қабырғалары нашар дамыған немесе жойылып кеткен. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, құйрықтылар нашар дамыған, ал құйрықсыздарда қабырға мүлдем болмайды. Қабырғалардың болмауына сәйкес олардың көкірек қуысы болмайды [11].
Аяқ қаңқалары құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аяқ қаңқасына ұқсайды. Алдыңғы аяқтары тоқпан жілік, қары (кәрі) жілік, ол екі сүйектен тұрады: Шыбық сүйегі мен шынтақ сүйектерінен құралады, алдыңғы аяқтарындақол басы сүйектерінен тұрады. Артқы аяқтарында ортан жілік, ол жамбас белдеуіне жалғасады, асықты жілік, ал асықты жілік үлкен асықты жіліктен және асық жілік шыбығынан тұрады, артқы аяқтарында - табан сүйектерінен тұрады. Қосмекенділердің алдыңғы және артқы аяқтары алғашқы көздерде бес саусақты болған, ал қазіргілерінде саусақ аз болуы ықтимал. Құйрықсыз қосмекенділердің артқы аяқтары ұзын болып келеді, өйткені олар суда жүзіп жүру үшін қажет және саусақтарының арасы жүзгіш жарғақтармен қосылған.
Иық және жамбас белдеулері балықтардікі мен салыстырғанда әлдеқайда жақсы дамыған. Иық белдеуі негізінен мына сүйектерден құралады: жауырыннан, бұғанадан, каракоидтан. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйегінің ұштары тоқпан жіліктің басына келіп жалғасады. Қосмекенділерде дамыған қабырғалардың болмауына байланысты, көкірек қуысы болмайды. Жамбас белдеуі үш сүйектен қалыптасқан. Ұзын мықын сүйегі (подвздошной), шап сүйегі (лобковый), шонданай сүйегі (седалешной). Осы сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды. Жамбас белдеуі өзінің ұшымен сегізкөз омыртқасымен жалғасады. Сондықтан қосмекенділердің артқы аяғы, балықтардың бауыр жүзгіш қанаттарынан гөрі бекіністері мен сүйеніштері әлдеқайда мықты болады.
Ет жүйесі. Балықтардың ет жүйесімен салыстырғанда қосмекенділердің ет жүйесі ерекшелеу. Өйткені бірінші рет омыртқалы жануарларда аяқтарының пайда болып, соның көмегімен жер бетінде қозғалуында. Сондықтан алдыңғы, артқы аяқтарында күшті еттер дамиды және қозғалысына байланысты еттер жіктелген. Ал балықтардың еттеріндегі сегметті бөліну ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дөңгелек ауыздылар классы
Омыртқалы жануарлардың биоалуандығы пәнінен
Миногалар (Petromyzoniformes) ішкі және сыртқы құрылысы
Омыртқалы жануарлар
Дөңгелек ауыздылардың құрылым ерекшеліктері, систематикасы және маңызы
Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу
Омыртқалылар тип тармағы
Қыртыстың алғашқы кіріспе
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Орталық нерв жүйесі жеке бөлімдерінің құрылысы мен қызметі, дамуы
Пәндер