Несие беру және қайтару есебі



Кіріспе

1.Несиенің мәні және жіктелуі.
2.Несие беру және қайтару есебі
3.АҚ «Альянс Банк» несие . есеп саясаты

Қорытынды
Кіріспе
Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптасқалы берi, көптеген экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекелендiрiлiп, әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша босаған ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк әрекетi жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы экономикамызға оң ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық негiзде уақытша пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы күшiне айналды.
Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндiрiсiнен пайда болды. Несие тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үй құрылысын жүргiзу, т.б. үшiн керек. Өндiрушiлер өздерiнiң инвестицияларын қаржыландыру үшiн ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу үшiн несиенi пайдалануға мәжбүр болады. Несиенiң өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде ролi зор. Өндiрiстiң кеңеюiне, ақша айналымы сферасында да, инфляция кезiнде де несие ролi зор болып табылады.
Банктiк несие экономиканың дамуына үлкен әсер тигiзедi. Банктiк несиенiң қазiргi жүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканың нығаюына, айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Несие экономиканың кез-келген саласында қолданылады және ұлттық, әлемдік экономиканың дамуында маңызды орын алады. Несие қазіргі уақытағы талаптарға сай болып, экономиканың өрлеуіне өз әсерін тигізуі керек. Бұрынырақ, яғни Қазақстанға несие жаңадан енгенде халық оны түсінбей, несиені алуға қорқатын. Қазіргі уақыттағы елімізде халық көптеп несие алуда. Мұның басты себебі қажеттілікті қанағаттандыру болып есептеледі. Несие – халықтың әл-ауқатын, қаржылық жағдайын көтерудің мүмкіндігі болып кетті. Сонда да несие алу туралы көптеген келіспеушіліктер, мәселелер туындайды.

Жұмыстың мақсаты:
 несие операциялары бойынша есепті толық ашып көрсету;
 несие операцияларына талдау жүргізу.

Жұмыстың ақпараттық талдау көздері ретінде АҚ «Альянс Банк» мәліметтері қаралады. Бұл банктің ұйымдастырылу нысаны – акционерлік қоғам болып табылады. Ол тікелей несие беру операцияларын жүргізіп, ақша салымдарын, бағалы қағаздармен және т.б. қаржылық операцияларды жүргізеді.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
1.Несиенің мәні және жіктелуі.
2.Несие беру және қайтару есебі
3.АҚ Альянс Банк несие – есеп саясаты
Қорытынды

Кіріспе
Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптасқалы берi, көптеген
экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекелендiрiлiп, әр түрлi
меншiк нысанындағы кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша босаған
ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк әрекетi
жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы экономикамызға оң
ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және
заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық негiзде уақытша
пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы
күшiне айналды.
Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндiрiсiнен пайда болды. Несие
тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үй құрылысын жүргiзу,
т.б. үшiн керек. Өндiрушiлер өздерiнiң инвестицияларын қаржыландыру үшiн
ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу үшiн несиенi
пайдалануға мәжбүр болады. Несиенiң өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң
үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде ролi зор. Өндiрiстiң кеңеюiне, ақша айналымы
сферасында да, инфляция кезiнде де несие ролi зор болып табылады.
Банктiк несие экономиканың дамуына үлкен әсер тигiзедi. Банктiк
несиенiң қазiргi жүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына,
өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканың нығаюына,
айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық
процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Несие экономиканың кез-келген саласында қолданылады және ұлттық,
әлемдік экономиканың дамуында маңызды орын алады. Несие қазіргі уақытағы
талаптарға сай болып, экономиканың өрлеуіне өз әсерін тигізуі керек.
Бұрынырақ, яғни Қазақстанға несие жаңадан енгенде халық оны түсінбей,
несиені алуға қорқатын. Қазіргі уақыттағы елімізде халық көптеп несие
алуда. Мұның басты себебі қажеттілікті қанағаттандыру болып есептеледі.
Несие – халықтың әл-ауқатын, қаржылық жағдайын көтерудің мүмкіндігі болып
кетті. Сонда да несие алу туралы көптеген келіспеушіліктер, мәселелер
туындайды.

Жұмыстың мақсаты:
– несие операциялары бойынша есепті толық ашып көрсету;
– несие операцияларына талдау жүргізу.

Жұмыстың ақпараттық талдау көздері ретінде АҚ Альянс Банк мәліметтері
қаралады. Бұл банктің ұйымдастырылу нысаны – акционерлік қоғам болып
табылады. Ол тікелей несие беру операцияларын жүргізіп, ақша салымдарын,
бағалы қағаздармен және т.б. қаржылық операцияларды жүргізеді.

1.Несиенің мәні және жіктелуі.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылдардың назарын аударатын. Ал, қазіргі нарық кезеңінде
несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені,
нарық кезеңінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді,
сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі тәжірибелік және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында:
бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары
сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал,
еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар
мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.
Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Ең алдымен несие сөзінің мағынасын ашып алайық. Несие-ақша сияқты тарихи
экономикалық дәреже болып табылады. Кредит деген сөз, қарыз, несие
деген kredo- сенемін деген мағына беретін латынша kreditum деген сөзден
шығады.[1] Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке
адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу
үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге
байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады
- деп жазған бір автор.[2] Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды
натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен
уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық
қатынастардың сомасын білдіреді –деп жазған Баймұханова С.Б. [3]
Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие – бұл несие
капиталының қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен
төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал өз-
өзінен өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы – несие капиталының
өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере
алмайды.
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие – кеңейтілген қайта
өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны
бөлу және халықтың, экономиканың бос ақша қаражаттардың жұмылдырылуын
қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты
көрсетеді.

___________________________________ ________________
[1]- Сейтқасымов Ақша, несие, банктер.
[2]- Кеулімжаев Қ.К, Н.А. Құдайбергенов және т.б. Бухгалтерлік есеп
теориясы және негіздері. Алматы, Экономика 2006 жыл 254-ші бет
[3]- Баймұханова С.Б. Ақша, есеп айырысу және несие операцияларының есебі
241-ші бет
Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік қолма-
қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады. Несиенің
қайтарылу принципі – қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие
берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол белгілі бір
мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді. Несиенің
төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және
одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы
да ынталы болады. Несиенің жеделділік принципі қарыз алушыға кез келген
тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару
қажеттігін көрсетеді.
Несие беруші- несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру
үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі
болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк және
несие мекемелері болып табылады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың
уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша
пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте алған несиені тек қарызға
алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға,
халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада
несие берген мекеме бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда –
қарыз алушы болып көрінеді.
Қарыз алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен
банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың
меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз
қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып,
пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін.
Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп
және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен
қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігі сипатын
көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама – қарсы
жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары
пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушы мүмкіндегінше арзан несие алып,
қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие нысаны – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол
несие қатынасының формасы мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие
қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан
біртұтас болады. Несие қатынасының нысаны оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі
керек. Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды
нысанын бөліп көрсетуге болады:
– қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
– несие мәмілесінің обьектісіне қарай – ақшалай және тауарлық несие;
– несие қатынасының субьектісіне қарай – банктік, коммерциялық,
халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлық нысаны тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай
нысанынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар
тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т.б.) бір-біріне
өсім алумен қарызға берген.
Несие нысандарының көрінісі. (сурет-1)

Қарастырылған несие нысандарының көптеген түрлері болады. Несие
түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланылатын, экономикалық-
ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни,
несиенің іс-тәжірибеде нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері бойынша жіктеледі: несиелеу обьектінің
экономикалық белгілері бойынша:
– айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
– негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
– тауарлық материалдық қорлар аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ,
нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
– өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
– жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін
несие; аккредитивтер;
– төлем несиелері.
ә) қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша бойынша:
– жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, тауарлы материалдық
құндылықтармен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық
қамтамасыз етілген;
– ішінара қамтамасыз етілген;
– қамтамасыз етілуі болмайтын: бланкілік (сенімділік).
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
– қысқа мерзімді:
– орта мерзімді;
– ұзақ мерзімді.
в) өтелу тәртібі бойынша:
– бөліп-бөліп төлеу (мерзімін ұзарту);
– бір жолғы өтеу;
– кезең сайын бір қалыпты (бір қалыпты емес) өтеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
– субстандартты;
– стандартты;
– сенімді;
– сенімсіз;
– ұзартпалы.
ғ) ақылылығы бойынша:
– қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);
– жоғары пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);
– төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);
– пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
– сауда-саттық несиесі;
– өнеркәсіп несиесі;
– ауыл шаруашылық несиесі;
– құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
– жай ссудалық шот бойынша несие;
– арнайы ссуда шоты бойынша несие;
– контокоренттік шот бойынша несие;
– овердрафт бойынша несие;
– несие желісі бойынша несие.
2.Несие беру және қайтару есебі
Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап (қарыз беруші)
екінші тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын
береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық
міндеттемелерін орындауды өз міндетіне алады.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
– несиеге деген өтінішті қарау;
– несиелік қабілетін талдау;
– несиелік келісімшарт жасасу;
– несие беру;
– несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
І кезең. Келіп түскен несиеге өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұратылатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты,
мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Несие беретін банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни
несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр
түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар әзірленуі мүмкін.
Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған құжат мерзімді
міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты
орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді
алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші
жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер
жазылады. Банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез келген несиені
ұсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті. Негізгі
құжаттарға келесілер :
– қарыз алушы қол қойған, несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және
баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепіл
ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш;
– егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған
құрылтай құжаттардың көшірмесі;
– қарыз алушы атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны
растайтын құжат;
– жасалған несиелік шарттың түпнұсқасы;
– клиенттің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық компанияның
қорытындысы;
– егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы,
жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;
– несиенің пайдалану мақсатын растайтын құжат (Қосымша-Ғ)
– заңды тұлғаның бизнес жоспары;
– несие беру кезінде бюджеттік және бюджеттік емес қорларға салық және
аударымдар бойынша қарыздың жоқтығын растайтын салық органының
анықтамасы;
– басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.
Егер ұсынылған несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз
етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосымша құжаттарға келесілер
кіреді:
– мемлекеттік тіркеуден өткен ипотека және кепіл шартының түпнұсқасы
(қосымша Д);
– кепілге қойылған мүліктің нарықтық құнын бекітетін және дәлелдейтін
бағалау құжаты;
– егер несие осы мүлікті алу үшін берілсе, онда кепіл мүлкінің сатып алу
бағасын бекітетін құжат.
Несиелік құжаттамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының
міндеттемерін орындауын қамтамасыз ету жағдайында ұсынылғаннан басқа, кепіл
шарты, кепіл заты туралы ақпарат және олардың құнын анықтау әдісі
ұсынылады.
ІІ кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша
қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да несие беретін банк клиентке несие беруге шешім
қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш осы
мекеменің өтімділігіне ықпал етеді.
ІІІ кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу.
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша несие беретін банк қарыз
алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу
үшін несиелеу субьектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты екі
жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершілігін анықтайды. Онда мыналар
көрсетіледі:
– несиелеу мақсаты және обьектісі;
– несиенің мөлшері;
– несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
– несиені қамтамасыз ету формасы;
– несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
– несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
– несиелеу процесіндегі несие беретін мекеменің бақылау қызметі.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы
келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты
ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік
құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға
бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
– тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар
кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
– бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
– жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
– Жалгерлік құқық кепілі;
– Авторлық құқық кепілі;
– Жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады.
– келісімшарт жасаушы тараптар туралы мәліметтер;
– келісімшарт заты;
– кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
– кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
– талап ету құқықтары;
– кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
– кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен
кепіл затын ауыстыру;
– тараптардың жауапкершіліктері;
– ерекше шарттар;
– дауларды шешу;
– басқа шарттар;
– кепіл туралы келісімшарт жасаушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де
мәліметтері.
IV кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді
құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру
тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын
қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі
– несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда
жұмсалынады. Екіншісі – несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген
қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі
бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады
(мысалға артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
V кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау –
несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиелер бойынша қарызды қайтару
тәсілі қаражаттардың пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналым
құраудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі. Іс
жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
1) мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айырысу
шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды Мерзімі өткен несиелер шотына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Несиелік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті
мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару.
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп-бөліп қайтару;
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару.
Қайтару мерзімдеріне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені мерзімнен бұрын қайтару.
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да
болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша
үкімі, несие беретін банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады.
Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі
жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни
байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша
мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Серіктестік қызметкерлері
күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз
алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді.
Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді
міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз
алушының ағымдағы шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды
және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем талап тапсырмасы негізінде
жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық
қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға
рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Банк несиелік кілісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені
пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз
алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет
болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын,
бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз
алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар,
сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір несие беретін мекеменің
өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.
Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз
алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы
ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай беруді тоқтатуға құқы
бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған
жағдайда банк несиені мерзімнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді
түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені Банктің несиелік портфелі
оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел
көзі болып табылады.
Несие бөлу туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі заң
бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды. Несиелік
бөлім қажетті қолдарды жинап, оны мөрімен куәландырады.
Несиелік келісім, кепіл келісімі және басқа да құжаттар толығымен
рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу үшін немесе
ҚР Ұлттық банк талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарына алуға немесе
несиені қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң
бөліміне беріледі. Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің
қайтарымдылығын қамтамасыз ету құжаты бойынша несие бөлімі бухгалтерияға
несиені аудару туралы өкім береді. Яғни оған банк басқармасы төрағасының
және несие бөлімі басшысының қолы қойылуы керек. Заңды тұлғалар үшін
мерзімдік міндеттемелер рәсімделуі талап етіледі. Бухгалтерия несиені
жоғарыда көрсетілген үкім негізінде аударады және мерзімді міндеттемелердің
бизнес жоспары мен келісімге келген тапсырма сай екенін тексеру үшін несие
бөлімінің қолымен куәландырған қарыз алушының қолындағы төлем тапсырмасы
керек.
Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгалтерияның бұйрығы
бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп беріледі:
– несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициар төлем құжаттарын
төлеу;
– бенефициар төлем құжаттары бенефициар мекенжайына төленеді (төлем тек
бағалы заттарды тиеуге болады деген шартқа сәйкес құжатты банкке
көрсеткеннен кейін орындалады);
– аккредитив қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына қаражатты
аудару;
– қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;
– қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;
– қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сомасын аудару;
– басқа да жолдармен.
Банктегі несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру әрбір
банктің несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан
несиелік шотта әрбір несиелу обьектісі бойынша қарыз есебі жүргізіледі.
Бөлек баланстық шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және қысқа
мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың дебеті бойынша берілген
қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу көрсетіледі. Несиелік шоттың
режимі шартта анықталады: берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына
аударылуы мүмкін.
Сондай-ақ несиені контокорренттік шот ашу арқылы беруге болады. Бұл
шотта бір жағынан түсімдер, екінші жағынан несие және төлемдер және
кредиттік пен дебеттік сальдо көрсетіледі. Контокоррент өз кезегінде
клиенттің банктегі несиелік есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын шот.
Контокорренттік шот бойынша банк әрбір қарыз алушы үшін контоккорренттік
несие көлемін шектейтін лимит белгілейді.

3.АҚ Альянс Банк несие – есеп саясаты
Альянс банк клиенттерге несие берген кезде мынадай корреспондеттік
шоттар құрылады:
Дт 1411, 1417, Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
қарыздар
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Мерзімді міндеттемелер бір мерзімде баланстан тыс шотқа келіп түседі –
Әр түрлі құндылықтар және құжаттар (7339). Басқа банк қызмет көрсететін
клиенттерге несие беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:
Дт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар
Кт 1050 Банктің кореспондеттік есепшоттары.
Клиенттерге шетел валютасымен несие берген кезде келесідей жазу
жасалады:
Дт 1411,1417 Клиенттерге берілген қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар
Кт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы.
Сонымен бір уақытта теңгемен:
Дт 1859 Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валютаның
ұзақ позициясының)
2859 Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық
қысқа позициясының)
Кт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің есебі
Несие операцияларының есебі және талдауын жүргізу
Қысқа мерзімді несиелендірудің қазіргі тәжірибесі. Қысқа мерзімді несиені ұсыну және өтеу тәртібі
Ұйымның несие қабілетін талдау
Несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы
Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы
Міндеттемелер есебі
Банктің несиелік қоржынының жіктемесі
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні
Пәндер