Қызметкерлер құрамының менеджменті



Жоспар:
І.Кіріспе
Қызметкерлер құрамы менеджментінің мақсаты
ІІ.Негізгі бөлім
1. Уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?
2. Қонақжайлылық мекемесі қызметкерлерінің униформасы .маркетингтің маңызды элементі ретінде
ІІІ.Қорытынды
Құзіреттіліктердің бөлініп берілуі
Көптеген атақты адамдар өздерінің жетістіктеріне нақты еңбек ету жолында жетті. Адам табиғи уақытты басқара алмайды, бірақ кейбір факторлар арқылы өз еңбегін басқара алады. Басқаруда мына жағдайларды білуі тиіс: ұйымдастыру қабілеті, жоспарлау, ынталандыру, үйлестіру және бақылау. Бұл жағдайларды білмей, тиімді жұмыс істеу мүмкін емес. Жұмыс істеу кезінде барлығына уақыт бірдей беріледі, оны ұқыпты және нәтижелі пайдалану барлығының қолынан келе бермейді.
Дербес менеджменттің жүйесі келесі алты бөлімнен тұрады:
1. Мақсаттың қойылымы - оның табысының сандық өлшемінің талғамы анализ және дербес мақсаттың құрылымы
2. Жинақталған ақпаратты өңдеу - және оны өңдеушінің әрекеті таңдап алынған жоспарға сәйкес келуі
3. Жоспарлау - жоспар зерттемесінің және өзінің қызмет нұсқасына сәйкес келуі
4. Бекітілген шешім алдағы жағдайларға басқарма өлшемінің табысы
5. Тынымның жүзеге асуы және оның орындалуының ұйымының күн тәртібіне қойылуы және дербес еңбектің қойылған мақсатқа жетуі
6. Бақылау (қажет кезде мақсатты түзету, өзін-өзі бақылау)
Дербес менеджменттің жүйесін адам бойындағы мына қасиеттерді көре отырып, талаптарды ұсынуға болады: адамның сапалық қасиеттері оны басқару зейініне байланысты.
1. дербес тындырымдылық, құнттылық.
2. өзіндік пән. Түпкілікті бағыттағы істер.
3. жеке жұмысының техникасын білу және еңбекті ұйымдастыра білу.
4. адами өмірлік мақсатының жүзеге асуы.
5.зейінінің болуы және денсаулығының 6олуымен қатар, жұмысқа қабілеттілігі
6. Қабілетін жүзеге келтіру және шынайы өмірде жүзеге асыру.
7. Өзін-өзі бақылау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Егоршин А.П. Основы урпавление персоналом. Учебное пособие. М.: инфра – М. 2007. 110 с.
2. Жаксыбергенов А.Г. Кулажанов Т.К. Менеджмент в ресторанном бизнесе. Алматы: ТОО «Эверо», 200-300 с.
3. Жаксыбергенов А.Г. Методические указания и нормативные материалы к разработке экономической гости дипломного проекта для студентов специальности 4210. Технология и организация питания. Алматы. изд. отделом АТУ, 1999-1-11-111 часть – 203 с.
4. Жаксыбергенов А.Г. Управление персоналом организации. Алматы: Almanrintmas(a)gmail.com. 2011. 230 c.
5. Жаксыбергенов А.Г. Введение в ресторанное дело. Алматы: «Lem», 2011, 156 с.
6. Жаксыбергенов А.Г., Жаксыбергенов А.К. Бизнес – планирование в организациях сервиса. Алматы «Lem», 2012, 206 с.
7. Зайцев Г.Г., Файбушевич С.И. Управление кадрами на предприятии: персональный менеджмент. – СПБ: УЭФ. 1992
8. Кибанов А.Я. Основы управления персоналом. Учебник. М. инфра- М.2005, 304 с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қызметкерлер құрамының менеджменті
Жоспар:
І.Кіріспе
Қызметкерлер құрамы менеджментінің мақсаты
ІІ.Негізгі бөлім
1. Уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?
2. Қонақжайлылық мекемесі қызметкерлерінің униформасы -маркетингтің маңызды элементі ретінде
ІІІ.Қорытынды
Құзіреттіліктердің бөлініп берілуі

Көптеген атақты адамдар өздерінің жетістіктеріне нақты еңбек ету жолында жетті. Адам табиғи уақытты басқара алмайды, бірақ кейбір факторлар арқылы өз еңбегін басқара алады. Басқаруда мына жағдайларды білуі тиіс: ұйымдастыру қабілеті, жоспарлау, ынталандыру, үйлестіру және бақылау. Бұл жағдайларды білмей, тиімді жұмыс істеу мүмкін емес. Жұмыс істеу кезінде барлығына уақыт бірдей беріледі, оны ұқыпты және нәтижелі пайдалану барлығының қолынан келе бермейді.
Дербес менеджменттің жүйесі келесі алты бөлімнен тұрады:
1. Мақсаттың қойылымы - оның табысының сандық өлшемінің талғамы анализ және дербес мақсаттың құрылымы
2. Жинақталған ақпаратты өңдеу - және оны өңдеушінің әрекеті таңдап алынған жоспарға сәйкес келуі
3. Жоспарлау - жоспар зерттемесінің және өзінің қызмет нұсқасына сәйкес келуі
4. Бекітілген шешім алдағы жағдайларға басқарма өлшемінің табысы
5. Тынымның жүзеге асуы және оның орындалуының ұйымының күн тәртібіне қойылуы және дербес еңбектің қойылған мақсатқа жетуі
6. Бақылау (қажет кезде мақсатты түзету, өзін-өзі бақылау)
Дербес менеджменттің жүйесін адам бойындағы мына қасиеттерді көре отырып, талаптарды ұсынуға болады: адамның сапалық қасиеттері оны басқару зейініне байланысты.
1. дербес тындырымдылық, құнттылық.
2. өзіндік пән. Түпкілікті бағыттағы істер.
3. жеке жұмысының техникасын білу және еңбекті ұйымдастыра білу.
4. адами өмірлік мақсатының жүзеге асуы.
5.зейінінің болуы және денсаулығының 6олуымен қатар, жұмысқа қабілеттілігі
6. Қабілетін жүзеге келтіру және шынайы өмірде жүзеге асыру.
7. Өзін-өзі бақылау.
10.1 - кестеде дербес менеджмент технологиясы ұсынылған.

10.1 - кесте
Дербес менеджмент технологиясы
Қабылдаулар
Методикалық тәсілдер
Қол жеткізген жетістіктер
1. Мақсаттың қойылымы. Табысқа жету барысын таңдау
Мақсатты анықтау, ситуациялық анализ, мақсатты стратегиялар және табысқа жету барысында әдіс-тәсілдер, мақсатты тұжырымдау
Соңғы нәтижені бағдарлау
Сандық өлшемнің талғамы
Әлсіз жақтың жойылуы
Артықшылықты анықтау
Тығырықтан шығу жолдары
Іс - шараның мерзімі және оның тіркелуі
2. Жоспарлар үшін ақпаратты жинау және өңдеу
Алғашқы ақпараттық жиынды толық қамсыздандыру және ақпарат түсімінің уақытқа байланысты альтернативті нұсқалары
Басшыға қажетті ақпарат көлемі үш негізді қамту керек (енжар, шынайы, белсенді)
3Жоспарлау және өңдеу кезіндегі альтернативтік нұсқалар
Жұмыс күнін айлық және апталық, жылдық және кварталдық жоспарлау
Дербес менеджмент принциптері
Уақыт күнделігі көмегімен менеджмент
Жоспарлар негізінде мақсатты жүзеге асыруға дайындық. Жұмыс уақытын бөлу. Қолда бар қорларды бөлу. Тапсырманы шешуге тежеу қою. Үш баламаның бар болуы
4. Балама нұсқалар негізінде шешім қабылдау
Критерий бойынша тиімді экономикалық нұсқаларды таңдау "уақыт - құн" ұстанымының орындалуы: балама нұсқа 80% және пайдасыз 20% нәтижені береді
Өмірлік маңызды мәселенің басты шешімі
Табысқа еңбек арқылы жету
Жағдайдың реттелуі және орындалмайтын іс-әрекеттен аулақ болу
5. Шешімдерді және оларды орындауды ұйымдастыруды жүзеге асыру
Жұмыс күніндегі қатаң тәртіп
Биоритм, орындалған шешімдерге байланысты тауар кестесі

Басқарманың маңызды мақсаттары, еңбек өнімділігін біртіндеп арттыру
6. Орындаудың тексерісі және өзін-өзі бақылау
Жұмыс үрдісін қадағалау құрулы мақсаттың және кезеңдік нәтиже табысының қадағалауы өткелең күннің (өзін-өзі бақылау) қорытындысының шолуы
Нәтижені жоспарлау (мақсат және өлшемдер) мақсатты орындау барысында тексеріс және кемел нәтижелер

Өмірлік жоспарды қалай жүзеге асыруға болады.
Жоспарлау дегеніміз - мынадай іс-әрекеттің құрамы, зерттеу , аналитика және тыным кешенінің, кез-келген тұлғаның, ұйым немесе барлық азамат және ұйымаралық, ел немесе әлем мақсатқа жету жолында бет-бұрысы. Жоспарлау алдында барлығын ақылмен ойластыру.
Меншікті қызметті жоспарлау келесі сатылардан тұрады:
1. Уақыт бойынша бюджетті саралау
2. Жоспардың мазмұнын анықтау
3. Қажеттіліктерді орындау барысында уақытпен санасу
4. Болашақ жылдық жоспарды құру
5. Айлық, тематикалық тізбекті құру
6. Апталық жоспарды құру
7. Күнбе-күнгі жоспарды жазу
Жоспарлаудың - жазба пішініне байланысты артықшылықтары
- Күнбе - күнгі жоспармен жадты қамсыздандыру
- Бастағы жоспарлардан оңай құтылуға болады
- Жалған жоспардың жұмыс істеу барысында өзіндік психикалық әсері
- Сендер алаңдауға аз уақыт жіберіп, неғұрлым қойылған мақсаттармен шұғылданыңдар
- Ойдағыдай нәтижеге қол жеткібесеңіз мұңаймаңыз, келесі күні сіз жоғары нәтижеге жетесіз
- Жоспардың кезекпен орындалуы сіздің еңбегіңіздің техникасы және жұмысыңыздың әдісі
- Сыртқы және ішкі кедергілерге қарамастан күнбе-күнгі жұмысыңызды жоспарлаңыз
Жоспарлаудың көптеген ережелері бар, бірақ сен соның ішінде өзіңе тиімдісін, жоспар ережесін таңдауын қажет.
- Бірінші өзіңізге мақсат қойыңыз - жоспарлаудың қажетті шартын анықтаңыз. Мақсатыңыз нақты сіздің мүмкіндігіңізге сай болуы керек.
- Қойылған мақсатқа сай жетістікке жету үшін тиімді критерийді таңдауыңыз қажет.
- мүмкін болатын шарттардың үлгісін жасаңыз, ол сіздің жоспарыңызға әсер етуі мүмкін;
- Құрылған комбинацияға баға беріңіз және оның ішінен нәтижелісін таңдаңыз
- Барлық жоспарды тұтас баста ұстайсыңдар.
- Ешқашан жоспарды аяқсыз қалдырмаңыз. Ондай жоспарлар өзінің зиянын тигізуі мүмкін.
- Жоспарлауда қателіктер кетуі мүмкін және олар минимум деңгейін көрсетеді, мысалы мақсатқа жету барысындағы қателік болашақ табыс деңгейінің азаюына алып келеді.
Өмірлік мақсаттың жүзеге асуының тексерісі
Тексеріс - салыстырмалы және түпкілікті болуы тиіс. Мақсаттың қойылымы жоспарлы және нәтижелі болуы тиіс.
Тексерістің атқаратын қызметтері. Тексеріс: өмірлік мақсаттың жүзеге асуы өте маңызды әсер етеді. Тексеріс үш мақсатты қамтиды:
1. Физикалық күйді ұғыну (орындалған бақылауға дейін ба?)
2. Жоспарды жетістікке жету кезінде салыстыру (жетістікке жету кезінде қалай бақылау жасау керек)
3. Қойылған қатынастарды түзету (қандай қатынастарды айтуға болады?)
Бақылау кезеңі. Әрдайым уақыт араларында өзінің жоспарын және еңбекті қалай ұйымдастыруды тексеру қажет. Бұл мына жағдайларды айқындап көрсетеді: "уақытты ысыраптаушыларға" көмектеседі, кеселдер (ұзақ телефондық әңгімелер, дабырық, жұмыс кезінде өзге нәрсеге көңіл аудару).
Нәтижені бақылау. Нәтижеге жеткеннен кейін еңбектің нәтижелерін бақылау қажет (соңғы тексеріс), жобаның жүзеге асуы сол кезеңдерде жүзеге асуға барлық үрдістерді тиянақты тексерісу керек. Жасауға тиіс айлық жоспардың орындалуының жүзеге асуын бақылау, түзету қажет, апталық және күндізгі нәтижені дер кезінде бақылау және түзету керек.
Өз уақытынды қалай сақтауға болады?
Жұмысты жоспарлау кезінде ең тиімді әрекет уақытты ұтымды пайдалану. Жеке уақытты жоспарлау келесі қағидаларды қамтиды:
1. Өзінің мақсатынды толық анықтау керек. Көптеген адамдар босқа уақыттарын тиімсіз және іске жұмсайды, себебі айқындай алмай өз уақыттары мен жолдарынан шатасады. Басынан мақсатты анықтап алсаңдар, соғырлұм нәтижеге тезірек жетесіңдер. Бұл - басты шешуші шарт.
2. Істі бастар алдында ойланыңыз. Маңызды орындау керек іс -әрекеттеріңізді қағаз бетіне түсіріңіз. Ертең бірінші мынаны жасаймын деп жоспарлаңыз, оны орындамағанша, аяқсыз қалдырмаңыз. Кейінірек, екінші іс-әрекетке көшіңіз, одан кейін үшінші, т.б. Ешқашан беймазаланбаңыз, егер сіз апта ішінде бір немесе екі жоспарыңызды орындай алсаңыз, "таза беттің" ережесін қолданыңыз. Ол сізге көмектеседі, онда сіз өзіңіз орындай алмай қалған іс - әрекетіңізді жазыңыз.
3. Өзіңізге стимул қойыңыз. Біз керемет жасаймыз, біз бұдан да керемет жасай аламыз деңіз.
4. Шешімді тез қабылдауды үйреніңіз. Істі келесі күнге қалдыра бермеңіз. Жетістікке жетудің 51% дұрыс іс-әрекет жасау арқылы жүзеге асады. Сол үшін өз мақсатыңызға сай әрекет жасаңыз.
5. "Жоқ" деп айтуды үйреніңіз. Сендер олай үйренбесеңдер, ешқашан өз еріктеріңізбен басқа іспен шұғылдана алмайсыз.
6. Уақытты телефонмен әңгімелесуге жоғалтпаңыз. Бірақ телефон кейбір жағдайларда уақытты үнемдейді, деректерді алу кезінде, тапсырыс кезінде, кездесу туралы шарттасуды реттейді. Бірақ бос телефон әңгімелерінен аулақ болыңыз. Алдымен қандай мақсатта телефон шалатыныңызды анықтаңыз. Ал кейін іскер деңгейде әңгімелесіңіз.
7. Жазба кітапшасы, күнделікпен қолданыңыз. Барлық алдағы қал-жағдайды, ойларды, телефон нөмірлерін жазып алыңыз. Уақытты ұтымды пайдаланыңыз, анықтамаларға, күнделігіңізде қажетті мекен-жайды және телефондарды жазыңыз. Жадыңызды тиімді деректермен толтырыңыз.
8. Өкінішті кедергілерден құтылыңыз. Ізгі достыққа, еңбек сүйгіштікке уақыт таба біліңіз. Уақытты бағалаңыз.
9. Тыңдап үйреніңіз. Қателерден аулақ болыңыз, келесіде қайталамау үшін басқалардан ақпарат алыңыз.
10. Қалыпты жағдайлардан бас тартыңыз. Көптеген адамдар бірсарынды ой жетегінде жүреді. Өзіңіз жұмыс істеу кезінде жаңалыққа жаныңыз құмар болсын, мысалы жаңа техниканы пайдаланыңыз, өзгелерге қараңыз, олардан уақытты үнемдеуді үйреніңіз.
11. Көптеген ұсақ іс-әрекеттерді жіберіп алмаңыз. Сендер осындай енжарлық нәтижесінде тығырыққа тірелуіңіз мүмкін.
12. Іске бірден кірісіңіз. Көптеген адамдар алдымен өздерінің үстелдерін жуып тазалайды, қарандаш - қаламдарын реттейді, бір шыны аяқ кофе ішеді, ал кейін уақыттың қайда кеткеніне таң қалады. Сіз не істеу керектігін білесіз, онда бірден іске көшіңіз.
13. Уақытты толықтай пайдаланыңыз. Сапарыңызды, таңғы асыңыздың барлығын жоспар бойынша істеңіз.
14. Уақытыңыздың бос кетпеуін қадағалаңыз. Талғамыңызға сай телебағдарлама немесе қызықты газеттер мен кітаптарға жұмсаңыз.
16. Істі ерте бастаңыз. Сендер жұмыс күнін 15-20 минутқа ерте бас тау арқылы барлық күнге жаңа сарын бересіңдер. Бұл мақал кездейсоқ емес: "кім ерте тұрады, сол адамға құдай көмектеседі".
17. Өз уақытыңызды қадірлей біліңіз. Әр уақытта өз уақытыңызды бағалай біліңіз. Бұл сізге жұмыс істеу үшін керек.
Бастысы кімде-кім жұмыс күшін тиімді пайдалана білсе, қабілетті жоғары нәтиже көрсете алады. Ол үшін мына қателіктерге бой бермеңіз:
1. Мәселені ертеңге қалдырмаңыз. Бұл ең басты қатеңіз. Мәселені бірден тындыруға тырысыңыз, бастысы кейінге қалдырмаңыз. Ең басты қателік. Істі бастар алдында қорқынышсыз кірісіңіз.
2. Жұмысты аяғына дейін жеткізіңіз. Өз жұмысыңызға ынта -жігеріңізбен тырысыңыз. Адамдар көптеген іс-әрекеттермен айналысуы мүмкін, бірақ тек оның шамалы бөлігін ғана орындай алады.
3. Көздеген мақсатыңызға бірден ынта-жігермен кірісіңіз. Бір мезгілде бірнеше мәселені шешуге тырысыңыз, бұл - ең дұрыс жол.
4. Бар жұмысты өзі орындауға тырысу. Көбінесе, басқарушы - жұмыскерлер өзінің уақытын және күштерін олардың қол астындағы қызметкерлер орындай алатын жұмысқа жұмсайды.
5. Көп жағдайда жұмысшылар өздеріне бағыныштыларға тапсыратын жұмыстарын тапсыру кезінде көп уақыт жүргізеді.
6. Көңілсіздік сәтсіздікке соқтырады. Бастықтың мақсаты - сәтсіздіктің қай жерден кеткенін іздеу, оны кімнің жібергенін іздеу емес.
7. Жеке жұмысты жоспарлау және оларды толық сұрақтармен қамту.
8. Бастық оның дербес уақытын тиімді ұйымдастыру мүмкін емес деп есептейді. Ол тек өзіне байланысты ғана емес, сонымен қатар басқа адамдардың да әсері болады.
Зайверт уақытты жоғалтудың 35 себебін көрсетеді.
1. Мақсаттың анық емес қойылымы.
2. Басымдылықтың болмаған жағдайлары.
3. Бір кезеңде көп тапсырманы орындауға тырысу.
4. Келешектегі тапсырмалар және оларды шешу жолдары туралы толық көріністің болмауы.
5. Еңбек күнінің дұрыс емес жоспарлануы.
6. Жазу үстеліңіздегі берекесіздік.
7. Хат-хабардың әдеттен тыс оқылымы.
8. Құжатнаманың берекесіз жүйесі.
9. Іс-әрекеттегі уәждеменің жетіспеушілігі (жұмысқа деген селқос қатынас).
10. Жазба, естелік жазба хаттардың, мекенжайлардың, телефондық нөмірлердің ізденістері.
11. Кооперацияның немесе еңбек айырымының міндері.
12. Іске қатысы жоқ телефондық қоңыраулар.
13. Жоспарсыз келушілер.
14. "жоқ" деп айтуды үйрене алмау.
15. Кешіктірілген ақпараттық мәліметтер.
16. Жеке дисциплинаның болмауы.
17. Жұмысты аяғына дейін жеткізе алмау.
18. Айғай-шу.
19. Ұзақ мәжілістер.
20. Әңгімеге және мәжіліске жеткіліксіз дайындық.
21. Кері байланыстың дұрыс болмауы не мүлдем болмауы.
22. Жеке тақырыптарға байланысты бос әңгіме.
23. Аса коммуникабельді болу.
24. Іскерлік жазбалардың тым көп болуы.
25. "Кейінге шегеру" синдромы.
26. Барлық деректерге көңіл бөлу.
27. Ұзақ болжамдар.
28. Асығыс, шыдамсыздық.
29. Хал-жағдайдың аса сирек делегациясы.
30. Істі тексерудегі жеткіліксіз бақылау. Өзіңізді ұстай білу керек, яғни "өзіңізді қолға ала біліңіз". Ол келесілерден тұрады:
1. Қойылған мақсатты анықтау.
2. Маңызды жұмысты жоспарлау.
3. Басты нені анықтауды біліңіз.
4. Өзіңізге стимул қоя біліңіз.
5. Нақты мерзімдерді тағайындаңыз.
6. Шешімді тез қабылдауды біліңіз.
7. "Жоқ" деп айтуды үйреніңіз.
8. Телефондық әңгімелерге көңіл аудармаңыз.
9. Кітапшаға жазба жазуды үйреніңіз.
10. Өкінішті кетіктерді өз жұмысыңыздан жойыңыз.
11. Тыңдап үйреніңіз.
12. Қалыптардан бас тартыңыз.
13. Ұсақ-түйектерді ескеріңіз.
14. Айтар-айтпастан істі бастамаңыз.
15. Адами қадір-қасиеттеріңізді толықтай пайдалана біліңіз.
16. Бос уақытты неге жұмсағаныңызды бақылаңыз.
17. Кәсібіңізді ауыстырыңыз.
18. Істі ерте бастаңыз.
19. Күнделікті мөлшерлі қал-жағдайдың орындалуын бақылаңыз.
20. Сол күні орындауға үлгере алмаған ісіңізді міндетті түрде келесі күнге қалдырыңыз.
21. Өзіңіздің уақытыңызды бағалаңыз.
Апталық және күндік жоспарлау
Күнді жоспарлау және апталық кесте, ағымдағы жұмыстың жазбаларын жоспарлау. Күнді жоспарлаудың ең қолайлы тәсілі - уақыт жүйесі. Бұл жүйеде жұмыстардың бәрі жүйелендірілген болады. Уақытты жоспарлаудың басқа да түрлерін қарастыруға болады. Ең қолайлысы ұйымдастырушылық немесе электрондық жазба кітапшасын пайдаланған дұрыс. Менеджерлер үшін күнделікті жұмыста жазбалық кітапшалар тиімдірек. Бұл кітапшаларды іскерлік блокнот деп айтамыз. Осы блокнотта жеке парақшалар бар, парақшалар арқылы өзіңізге қажетті мәліметтерді қажет уакытыңызда біле аласыз. Блокнот бір уақытта әрі күнтізбе, жазба кітапшасы, күнделік, жоспарлау құралы, мекенжай кітапшасы болады.
Жазба кітапшасының беттеріне сіз өзіңіздің әртүрлі жоспарланған іс-әрекеттеріңізді жаза аласыз. Қолданылған парақшаларды алып тастауға немесе сақтап қоюға болады, болақшақта сіз жеткен жетістіктерді осы парақшалар жолында қандай іс-әрекет жасағаныңызды білуге болады.
Униформа - бір кәсіпорынның табысты бизнесін құрайтын бөлігі. Униформа сөзінің аудармасы "біртұтас көріністі"("уния" - біртұтас, ортақ). Қызметкерлер құрамының мінсіз пішіні - классиканың және кәсіпорынның беделінің куәлігі, сервистің биік деңгейінің көрсеткіші. Жұмыс орын қызметкерлері кәсіби көріну керек және олардың сырт келбеті клиенттердің сенімін тудыру керек. Қонақ үйдің жұмыскерлерінің киімі ыңғайлы, үйлесімді және әдемі болуы тиіс.
Нысандық киім - жұмыс орнының құрамдас бөлігі. Фирмалық стиль - жарнамалық өнімнің біртұтас стилі және қызметкерлер құрамы киінуі керек, өйткені ол ұйымның корпоративтік рухы.
Жұмысшылардың киімі қонақ үйдің барлық қызметіне ыңғайлы болу керек. Ұйымдық киімдерді ұйымдастыру кезінде имиджмейкер, психологтар, медиктер, мамандар басқармада қызметкерлер құрамы, дизайнерлер жұмыс жасайды.
Кәсіби киім - сән индустриясының бөлігі. Бүкіл әлемдік белгілі фирмалар әрдайым жаңа топтамаларды шығарып отырады, арнайы тізімдемелерді шығарады. Қазіргі жұмыс киімі - сапалы маталардан, ашық түстерден тігіледі.
Фирмалық киім - өңдеуге (жуып-шаю, химиялық тазалауға) ыңғайлы, төзімді сәйкес келуі керек.
Қазіргі кездегі сапалы маталар TREVIRA (100% - лиэстера), PREMIUM (60 % - жүн, 38 % - полиэстер, 2 % - лайкра), OPTIMA (55 % - полиэстер, 45 % - жүн). Ең жиі бұл маталар мейрамхана шаруашылығында, казинолары габардинды қолданылады, габардин-стрейч, спандекс маталарды костюмді қолданады.
21.07.05 жылы Федералды агенттіктің № 86 бұйрығының қонақ үйлер мен өзге де жабдықтарды реттеу жүйелері, яғни "Қонақ үйлер мен әр түрлі категориялы өзге де орындарды реттеп орналастыруға қойылатын талаптар" деген 15-ші бөліміндегі "Қызметкер мен оның дайындығына (қызметкердің сыртқы көрінісі) қойылатын талаптар" дейтін 10-шы тарауында (**) категориялы және одан да жоғары деңгейлі қонақ үйлерде қызмет көрсетушілердің формалы киімдерді қолдану міндеттіліктері көрсетілген.
Ережеге сәйкес, қонақ үйлерге арналған формалы киімдердің үлестірілуі және пайдалану мерзіміне байланысты тағайындалған тәртіптер заңдық тұрғыда реттелмейді, қонақ үй басшылықтары берілетін киімдердің түрлерін (ішкі қолданыстар, яғни қызметкерлердің лауазымдарына қарай) және олардың қолданылу мерзімдерін, таратылу тәртібін әзірлейді.
Заманауи қонақ үй бөлімдерінде әр түрлі қызметтердегі жұмыскерлерге арналған мамандандырылған киімдер.
Аспаздық униформаға әртүрлі аспаздық шалбарлар, күртешелер, жейделер, алжапқыштар, қалпақтар, телпектер, мойын орамалдары және бандандар жатады. Мұндай бұйымдардың түрлері мен түстеріне мол таңдау бар. Олардың ішінде классикалық ақ түстілері де, сонымен қатар түгелдей түрлері, мәселен: камуфляжды, шахмат өрнектес, сондай ақ, соңғы уақыт үлгісіндегі көнілді жазулар мен ірі суреттер бейнеленгендері де бар. Бұлар - әдемі ашық түсті, ұзақ мерзімге шыдамды киімдер. Асхана кызметкерінің арнаулы жұмыс киімінің құрамы міндетті түрде мақтадан жасалған, ылғал тартқыш, әрі ауа өткізетіндей болуы тиіс. Аспазшылар мен стюардинг, яғни ыдыстар мен асхана жабдықтарының тазалығына жауапты қызметкерлер үшін майға төзімді күртешелер мен шалбарлар - таптырмас киімдер. Сонымен қатар, оларға майдың әсер етуімен төзімді аяқ киімдер қажет. Ол ұзақ киіліп қана қоймайды, осы ретте ыстық майлар төгіліп кететіндей жағдайларда таза күйінде қалып, аяқтарды қорғап та тұрады.
Даяшыларға арналған киім. Даяшылар үшін қарапайым, ыңғайлы әрі әдемі жейделер, блузкалар, алжапқыштар, шалбарлар, белдемшелер, спенсерлер, көкірекшелер жөн саналады. Аксессуарлар ретінде белдіктер, көбелектер, галстуктар жүреді. Мейрамханалар, барлар мен шағын мейрамханалардағы қызметкерлердің униформалары келген қонақтардың көздерін қуантуы тиіс. Әрі осы ретте мұндай киімдерді киюшілер де өздерін ыңғайлы сезінулеріне мүмкіндік туады.
Қонақ үйдің инженерлік - техникалық еңбек кызметкерлерінің жұмыстарына сәйкес техникалық қызмет жұмысшыларының арнаулы киімдері ыңғайлы да, қауіпсіз етіп жасалуы талап етіледі. Осы аталған қызмет түріндегі қызметкердің униформасы болып комбинезондар мен шалбарлар, күртешелер мен жейделер, футболкалар мен бас киімдердің (күнқағарлар, бейсболдар) әртүрлі үлгілері саналады. Солардың ішінен түстері мен дизайндары сай келетіндерін өзге қызметкерлердің униформаларымен сәйкестендіріп немесе интеръер түстерін қайталап таңдауға болады. Сантехниктердің, электриктер мен ұсталардың киімдері төтенше функционалды болуы шарт. Жұмысқа қажетті әр түрлі ұсақ - түйек құрал- саймандарды салып кою үшін арнаулы киімде көптеген ыңғайлы қалталар мен ендірме қатпарлар болады. Шалбардың белдігіндегі созылмалы қатпарлар қозғалыстың еркін болуын толық қамтамасыз етсе, ал ішіне жылытқыш материал сиятындай тізедегі арнайы қалталар тіпті суық еден үстінде де жұмыс істей беруге мүмкіндік береді. Толып жатқан "қапсырма - ілгектер" мен тетіктерінің арқасында киімді оңай, әрі тез киіп - шешуге болады. Ал комбинезондағы иық баулар киімді өлшеміне және тұлғасына сәйкес реттеуге көмектеседі.
Күйдіріп, ойып түсіретін заттармен жұмыс істейтіндер үшін қышқылдық сілтіге төзімді костюмдер талап етіледі. Өндірістік қызметтегі жүктерді тиеу және жүктерді түсіру сияқты жұмыстардың барлық түрлері мен салқындатылған камералар ішіндегі жұмысшылардың киімдері жұмыс істеу кезінде өздерін тоңудан және шағын соққылардан, химиялық күйдірулерден, ыстыққа сырттай жанасып қалу қауіптерінен қорғап тұруы тиіс. Өндірістік қызметкердің аяқ киімі суға төзімді, суыққа қарсы сәйкес келетіндей антистатикалық үлгіде болуы керек. Заманауи жұмыс киімі мен аяқ киім қызметкерді техникалық стильді етіп көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оның жұмысының нәтижелі, әрі қауіпсіз болуына мүмкіндік береді.
Сауықтыру орталықтарындағы қызметкерлерге арналған униформалар.
Қонақ үйлердегі сауықтыру орталықтарындағы қызметкерлер дәстүрлі түрде спорттық киімдер өндіретін мынадай: "Reebook", "Adidas", "Nike" секілді жетекші фирмалардың шығарған спорттық формаларын киеді. Соңғы уақытта қонақ үйлердегі басшылар сауықтыру орталықтарындағы қызметкерлердің киімдері толықтай спортық үлгіде болу керектігін ұстанғанымен де, іскерлік стиль мен бейресми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджментінің мәні
«Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу негізінде сапаны басқару процесін жетілдіру
Қаржы менеджмент
Ұйым персоналының біліктілігін арттыру және басқаруды дамыту жолдары (ктж ұқ ақ мысалында)
Сервис саласындағы кәсіпорынның менеджмент ерекшеліктері туралы ақпарат
ҚР корпоративтік басқару
Кəсіпорынның қызметкерлерін басқару жəне кадр саясатын қалыптастыру
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Сапаны басқару концепциясы
Қонақ үйдің негізгі қызмет үдерістерін басқару
Пәндер