Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Бөлім Зейін туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Зейін туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Зейіннің физиологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Зейіннің қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4 Зейіннің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ІІ Бөлім Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ...16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Пайдаланылған әдебиеттер тізім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Кіріспе

Көкейкестілігі: зейіннің адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Зейін арқылы баланың ойы мен есін қалыптастырады. Зейінділікті балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағалануы қажет. Болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, білімді де білікті болуы үшін зейінділікті тәрбиелеуіміз қажет. Осы мезетте Ушинскийдің «Зейін адам санасында қорытылып, онда өтетін әр түрлі ойларды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі», деп айтқан өте ұтымды тұжырымдамасын айта кеткім келеді.
Міндеті: мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалардың зейінін қалыптастыру, теориялық тарихи практикалық жағынан дәріптеп, таныта білу.
Мақсаты. Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін, адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекетімен сол әрекет нысанына тоқта білуі қажет. Ең негізгісі, зейінділікті балалардың бойында жас кезінен қалыптастыру.
Теориялық маңыздылығы: зейінді дамыту және қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тест тапсырмалары мен кестелер мектеп жасындағы балаларға теориялық жағыннан түсіндірілуі қажет.
Практикалық маңыздылығы: зейінді дамыту және қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тест тапсырмаларымен кестелер 5-10, 11 жастан ересектерге дейін қолданылып, олардың зейінін анықтауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізім

1. Қ.Жарықбаев Жантану негіздері Алматы. 2002 ж.
2. Алмұратова Ә. Оқулардың грамматика ұғымдарын меңгеру психологиясы. Алматы Мектеп баспасы 1983 ж.
3. Жарықбаев Қ. Әбдірахманова Ә. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі Алматы. Мектеп 1976 ж.
4. Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау Алматы. К.М.Б 1959 ж.
5. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психологиялық лекция жинағы Алматы 1982 ж.
6. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. Алматы. Қазақстан 1980 ж.
7. Мұқанов М.М. Жан дүниенің сыры Алматы. КМБ 1959 ж.
8. Мұқанов М.М. Қабілетілік әне оны тәрбиелеу Алматы. КМБ 1987ж.
9. Мухина В.С. Балалар психологиясы аударма Алматы. Мектеп баспасы 1987 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Бөлім Зейін туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Зейін туралы
теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 4
1.2 Зейіннің физиологиялық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Зейіннің
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..8
1.4 Зейіннің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .13
ІІ Бөлім Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер
тізім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе

Көкейкестілігі: зейіннің адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары
екені белгілі. Зейін арқылы баланың ойы мен есін қалыптастырады.
Зейінділікті балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен
қадағалануы қажет. Болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, білімді де
білікті болуы үшін зейінділікті тәрбиелеуіміз қажет. Осы мезетте
Ушинскийдің Зейін адам санасында қорытылып, онда өтетін әр түрлі
ойларды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі, деп айтқан өте
ұтымды тұжырымдамасын айта кеткім келеді.
Міндеті: мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалардың зейінін
қалыптастыру, теориялық тарихи практикалық жағынан дәріптеп, таныта
білу.
Мақсаты. Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі
болуы үшін, адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан
әрекетімен сол әрекет нысанына тоқта білуі қажет. Ең негізгісі,
зейінділікті балалардың бойында жас кезінен қалыптастыру.
Теориялық маңыздылығы: зейінді дамыту және қалыптастыру мақсатында
ұйымдастырылған тест тапсырмалары мен кестелер мектеп жасындағы
балаларға теориялық жағыннан түсіндірілуі қажет.
Практикалық маңыздылығы: зейінді дамыту және қалыптастыру
мақсатында ұйымдастырылған тест тапсырмаларымен кестелер 5-10, 11
жастан ересектерге дейін қолданылып, олардың зейінін анықтауға болады.
І Бөлім. Зейін туралы жалпы түсінік
1.1 Зейін туралы теориялар
Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам
ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына
тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға
келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын
ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата-
аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұңдайда бала
зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына
аударды, басқа заттардын бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды
дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы
ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да
оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған
заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады. Ой-
сананың бағытталуы деп ең алдымсн психикалық әрекеттің таңдамалылық
сипатын, нақты объектті күні бұрын тиісті іріктеуін не оған
мән бермеуін айтамыз.
Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралығында
өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейіңді болу үшін қандай да
бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып,
сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін анау не
мынау, зат не іске бағыттау онша қиындық тудырмайды әңгіме төркіні-сол
зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.
Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың белгілі іс-әрекетке
шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдыңда тұрған міндет
неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал
жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.
Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объектердің бәрінен
ауыстыра алумен де байланысты. Зейінді толығымен нақты бір істің
шешіміне бағытталған, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз
үшін елес күйінде байқалады.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қойюымыздан, ол зат біздің
санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана
аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың
санамыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-
әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін
іс-әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады.
Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді.
Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал
кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен
бейнелерге де багытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп
аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене
қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін
алынады. Мұнын бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге
танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.
Зейіннің мұндай қызықты да кайшылықты қасиеттері ғалымдар назарына
түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді. Зейін
табиғатын түсіндіруде Н.Н.Лаңге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын
алға тартады:
1. Зейін қимылдың икемделудің нвтігягкгі Мұндай пікір келесі негізде
туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет
қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары
қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.
2. Зейін сана аумағына шектеулі болатын туындайды Сана аумағы мен
ауқымының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И.Герберт пен
У.Гамюкьтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе
тежейтінін алға тартады.
3. Зейін көңіл-күй нәтижесі Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған
бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж.Миль
"ұнамды немесе жағымсыз сезімге не идеяға бөлену мен сол факторларға
зейінді қатынас - екеуі де бір нәрсе" – деп тұжырымдайды.
4. Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі яғни адам білген, таныған затына
ғана ден қояды.
5- Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті
Зейін құбылысының ғажайыптығына таң қалған кей психологтар оны пайда
болуы түсіндіруге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.
6. Зейін жүйке тітіркеңдіргіштері күшейуінің ңетижесі. Бұл
гипотезаға орай зейін орталық жүйке жуйесінің мекенді тітіркену кабілегшін
ұлгаюынан пайда болады деп түсіндіріледі.
7. Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі ссбебін төмеңдегіше
пайымдайды: алғашқы физиалогиялық жүйке процесінде қаланған елестер соңғы
басқа елестер мен козғалыстардың физиологиялық процестерінен басымдау
келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды.
Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіндіруге байланысты
пайымдаулары П.Я.Гальперин еңбектерінде келтірілген. Олар келесідей:
- зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін
адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын
тұрақтатуға бағышталған психологиялық өрекет;
- өз кызметі бойынша зейін осы мазмұнға койылған бақылау, Әр адам
әрекеті бағьптау, орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тізбектегі
үшінші іс зейін арқылы орындалады;
- белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекшс
зейіннің, яғни бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды;
- психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған
құбылыс тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жада
акыл-ес егілістерінің пайда болу ізімен туындайды.
Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ әркайсысы
өздері ұстанған зейін бағділерін асыра көтеріп, қалғаңдарын елемеуге
тырысады. Ал, шындықка жүгінсек, зейіннің мән-мағынасын оған байланысты
барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау негізінде
түсіну мүмкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта зейіннің келесідей анықтамасын
қабылдаған.
Зейін бұл кісінің сезімдік ақыл-ес және қимылдық белсенділігін
көтеруге қажет дүниелік не идеялды нысанға сананың бағытталуы және
шоғырлануы.
1.2 Зейіннің физиологиялық негізі
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның касиеті
де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-
әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның кызығуын, бағытын
көрсетеді. Зейін — кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Сөйтіп
ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін
дегеніміз — сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, онын айқын бейнелеуін
камтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру
кабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде
зейін адамның енбек процесінде қалыптасады. Мұндағы кажетті шарт —
объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта
құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психика. күйлеріне де бағытталуы
мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі — жүйке
жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік кызметі. Сезгіш дегеніміз — ми
қабының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын
анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші,
темендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп,
екіншілерін күшейтіп, ми кабығына талғап жеткізіп отырады. Осының
нәтижесінде сананың, айқындығы реттеледі (35, 36-суреттер).
Ми алаптары жұмысының реттеліп (козып, тежеліп) тұруы нәтижесінде
әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады.
Әр түрлі импульстар жоғарыдан (ми кабығынан) төменгі ми алаптарына (ми
бағанасы т. б.) келіп, оларды өзіне бағындырады. Бұл темендеуші
ретикулярлық формация деп аталады- 1958 — 1959 жж. АҚШ окымыстысы Г. Мэгун,
Италия ғалымы М руций импульстардын төменнен жоғары ми алаптарына жетіп,
олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші
ретикулярлық формация дейді.
Зейін механнзмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И. П. Павлов
ашқан шартсыз рефлексіндегі Бұл не деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл
рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаққа
тітіркендіргішке жауап беруі болып табылады. Адамдағы аңғару рефлексі — туа
біткен қасиет, одан зейіннің сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей
байланыстылығы айқын көрінеді. Зейіннің физиологиялық негізін қозудың
оптималдық ошағы деп аталатын физнологиялық құбылыспен де түсіндіруге
болады. Миға көптеген тітіркендіргіштер бір мезгілде әсер етеді.
Солардың әсерінен ми жарты шарларының кабығында күштері әр түрлі козу
ошақтары пайда болады. Козудың оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы
өзара индукция зандарына байланысты.
Қозудың оптималдық ошағы кұбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не
олардың ми кабының бір ғана бөліміне ұзақ уакыт болып әсер етуі бірізділік
индукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім – тәрбие
істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер козудың оптималдық ошағының жасалу
зандарына сүйенеді. Мәселен, Балалар, дұрыстап отырыңдар, кане, қолдарыңды
партаға койып, маған карандаршы! деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп,
олардың зейінің негізгі объектіге аударады.
Әйгілі физиолог ғалым А А. Ухтомскин (І875 — 1942 ж.) ми кызметінің
зандылықтарын зерттеп отырып, доминанта принципі жөнінде Ілім жасады. Бұл
принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп,
өзге алаптардық қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп, жаңадан пайда болған қозу
ошақтарын тежеп қана коймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын
күшейте түседі Доминанта принципі
зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді
елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын
адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады.
Зейінділік, сондай-ақ адамның сырт пішінін де байқалады. Мысалы, адам бір
нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол
нәрсеге қарай бағытталады.
К- Д. Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын
ерекше атап көрсетіп, зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан
өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады
— деген болатын. Оның бұл пікірі жастарға тәлім-тәрбие беру ісі мен
психологияда, дидактикалық зерттеулерде күні бүгінге дейін өзінің
өміршеңдігіш дәлелдеп келеді.

1.3 Зейіннің қасиеттері.
Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және уйреншікті болып үш
түрге бөлінеді.
Ырықсыз зеиіннің психологиялық әдебиеттерде бІрі неше синонимі бар.
Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін , енді бір құралдарда эмоциялық зейін
деп аталады: Бұл екі түрлі атау да жағынан ырықсыз зейіннің ерекшелігін
көрсетеді. Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін
ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық
деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл-куй кем эмоциялар,
қызығулар, мақсат-мудде ара-сындағы арақатынастың мәнісін білдіреді.
Сонымен, ырықсыз зейін ден сананың белгілі объектіге бағытталып, соған
шоғырлануын айтамыз. Сан килы тітіркендіргіштер ішінен күші басым
тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде катар тұрған
кітаптар арасынан мұқабасы кызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі —
қызыл түстің көзге әсер ету коэффицнентінің күшті екендігінде. Осы орайда,
мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара
алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып
алады. Кез-келген тітіркендіргіштің адам зейінің өзіне аударуы оның
әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз
зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автомашина, не қабырға газетінің жаңа
нөмірін көріп калсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай
каспеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті
нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы
— ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де
ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, кұлакқа жағымды әуенді
дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер.

Зейіннің тұрақтылығы
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса,
оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург
дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінің осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған
ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді
тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзінді жеге алудың басты бір белгісі
болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір
әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ, зейінің тиісті объектіге жинақтай
алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінің 40 минуттай бір объектіге
тұрақтата алады. Осындай 10—20 минуттық зейін коюшылықтан кейінгі бірнеше
секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары
ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл сскілді тынығу.
жұмысты бірнеше сағат бойы жаксы, тұрақтап Істеуге мүмкіндік береді. Адам
соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын
ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде
әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу — зейіннің
табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да
анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына карайды. Зейіннің
мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне,
зейінің тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы
келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ
адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уакыт бойы іс-ерекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе,
оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл кеп күш
жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге
қарсы күресу — қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс,
коңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын кетіреді. Зейінің
жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және
сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен,
олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі,
музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап
отыра беруге болады. Ал қасындағы адамнын айқай-шуы, реніш т.б. адамды
күштірек аландатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі
болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады.
Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей
алушылық,— адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты
жазушысы А.П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан
үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын
конақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге
кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде
отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға
төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай кабілетке ие болуы
тиіс.

Зейіннің аударылуы
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды
көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы.
Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің
өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір
жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл
икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа
объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез
келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде
зейінді тез аудара білу касиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста
түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінің
бір пәннен екінші пәнге. бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне,
жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты
тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу окушының
ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және
оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мүғалімнің
материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс
қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды
тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс
аударылуына себепші болады.

Зейіннің бөлінушілігі
Адам санасының бірмезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкшшілігін
зейіннің бөліңушілігі дейді. Адам зейінің екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы
зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен
катар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның
сөзін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды,
түсінгенін жазып отырады кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек
процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейінді тәрбиелеу жолдары
Оқушылардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды арттыру жолдарын қарастыру
Зейіннің негізгі қасиеттері
Көрнекі құралдар арқылы орта мектеп оқушыларының зейінін ашу
Зейін туралы жалпы түсінік
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары
ОҚУШЫЛАРДЫ ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕЙІН ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Бала зейінін дамытуда ойынның маңызы
Пәндер