Мектепалды даярлық тобында серуенді ұйымдастыру және оны өткізу әдістемесі



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Мектепалды даярлық тобында серуенді ұйымдастыру
және оны өткізу әдістемесі
2.2.Серуеннің тиімді өтуіне жағдай жасау
2.3.Балалардың белсенді қозғалысына жағдай жасау
2.4. Қозғалмалы ойындар
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Айналадағы қоршаған ортаны материалдық қамтамасыз ету көзі деп қана түсінбей, экологиялық мәдениет және рухани байлықтың көзі деп ұғынуға үйрету. Өсімдіктер мен жануарлардың аз кездесетін және жоғалып кеткен түрлері туралы балалардың түсініктерін кеңейту және бекіту, Қазақстанның Қызыл Кітабымен таныстыру, қорықтар жайлы білімдерін нақтылай түсу. Балалардың эстетикалық тұрғыдағы қабылдауын, бейнелеу өнерін байыту және тіл байланысуын дамыту үшін, жыл мезгілдерінің түрлерін, түстерін, барлық байлықты көріп, білуге үйрету. Өсімдіктер әлемінде және жануарлар әлемінде қандай өзгерістер болатындығы туралы білімдерін кеңейту.
Өлі және тірі табиғаттағы өзгерістердің өзара байланысын түсінуге, табиғат құбылыстарының себептерін белгілеуді балалардың түсінуіне көмектесу. Табиғатқа, құстарға деген мейірімділік, жанашырлақ қасиеттеріне тәрбиелеу.
Балаларды ауырлау еңбекке тарту : егістерді отырғызу және жинау, газондарды, гүлзарларды тазарту, көшеттердің орындарын қазу, ағаштардың топырақтарын қопсыту, құрғап қалған бұталарды кесу, өсімдіктерді қазып, табиғат бұрышына қажетінше отырғызу., тұқымдар жинау, құстарды жемдеу үшін жемістердің қалдықтарын жинастыру, қол еңбегіне табиғат материалдарын іздестіру, құстардың жем салғыштарын ағаштардың басына ілу.
Табиғат туралы жұмбақтардан, мақал мен мәтелдерден альбом дайындау. Гербарийлер дайындауға, қол еңбегіне табиғи материалдар жинау.Видеофильмдер, слайдтар, көріністер, фотосуреттер көрсету. Эксперименттер, тәжірибелер жасау. Табиғатқа тақырыптық, мақсаттық саяхаттарға шығу.
Қазақстандық суретшілердің сонымен бірге әлемдік классиктердің суреттерін қарау.
Мына тақырыптарға суреттер салу : «Аяз атаның терезе шынысына салған ашулы суреттері», «Айлы аспан», «Ғажайып ағашты бояймыз», «Көңіл-күй жәрмеңкесі», «Мәдени өсімдіктер», «Жабайы өсімдіктер».
1. РҚ МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
2. Типовая программа воспитания и обучения в детском саду. Алма-Ата: «Мектеп». 1988
3. Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова, Ф. Ниязбекова және т.б. Балбөбек. Қазақ балабақшаларына арналған бағдарлама. Алматы, 2006.
4. Г.Г. Григорьева, Н.П. Кочетова, Д.В. Сергеева и др. – 4-е изд., перераб. – М.: Просвещение, 2001.-253 с.
5. Журнал «Дошкольное воспитание». №2/2009.
6. С. Кенжеахметұлы. Традиции и обряды казахского народа. Алматы: 2004
7. В.А. Шишкина, М.Н. Дедулевич. Двигательное развитие детей раннего возраста. –– 2006.
8. Е.А. Панько, Т.В. Поздеева. Дошкольное учреждение – семья: вместе развиваем способности и одарённость ребёнка. - М.: Издательство «Белый ветер», 2004.
9. Н.М. Аксарина. Воспитание детей раннего возраста. – М.: 1997.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Мектепалды даярлық тобында серуенді ұйымдастыру
және оны өткізу әдістемесі
2.2. Серуеннің тиімді өтуіне жағдай жасау
2.3. Балалардың белсенді қозғалысына жағдай жасау
2.4. Қозғалмалы ойындар
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Айналадағы қоршаған ортаны материалдық қамтамасыз ету көзі деп қана түсінбей, экологиялық мәдениет және рухани байлықтың көзі деп ұғынуға үйрету. Өсімдіктер мен жануарлардың аз кездесетін және жоғалып кеткен түрлері туралы балалардың түсініктерін кеңейту және бекіту, Қазақстанның Қызыл Кітабымен таныстыру, қорықтар жайлы білімдерін нақтылай түсу. Балалардың эстетикалық тұрғыдағы қабылдауын, бейнелеу өнерін байыту және тіл байланысуын дамыту үшін, жыл мезгілдерінің түрлерін, түстерін, барлық байлықты көріп, білуге үйрету. Өсімдіктер әлемінде және жануарлар әлемінде қандай өзгерістер болатындығы туралы білімдерін кеңейту.
Өлі және тірі табиғаттағы өзгерістердің өзара байланысын түсінуге, табиғат құбылыстарының себептерін белгілеуді балалардың түсінуіне көмектесу. Табиғатқа, құстарға деген мейірімділік, жанашырлақ қасиеттеріне тәрбиелеу.
Балаларды ауырлау еңбекке тарту : егістерді отырғызу және жинау, газондарды, гүлзарларды тазарту, көшеттердің орындарын қазу, ағаштардың топырақтарын қопсыту, құрғап қалған бұталарды кесу, өсімдіктерді қазып, табиғат бұрышына қажетінше отырғызу., тұқымдар жинау, құстарды жемдеу үшін жемістердің қалдықтарын жинастыру, қол еңбегіне табиғат материалдарын іздестіру, құстардың жем салғыштарын ағаштардың басына ілу.
Табиғат туралы жұмбақтардан, мақал мен мәтелдерден альбом дайындау. Гербарийлер дайындауға, қол еңбегіне табиғи материалдар жинау.Видеофильмдер, слайдтар, көріністер, фотосуреттер көрсету. Эксперименттер, тәжірибелер жасау. Табиғатқа тақырыптық, мақсаттық саяхаттарға шығу.
Қазақстандық суретшілердің сонымен бірге әлемдік классиктердің суреттерін қарау.
Мына тақырыптарға суреттер салу : Аяз атаның терезе шынысына салған ашулы суреттері, Айлы аспан, Ғажайып ағашты бояймыз, Көңіл-күй жәрмеңкесі, Мәдени өсімдіктер, Жабайы өсімдіктер.

Мектепалды даярлық тобында серуенді ұйымдастыру
және оны өткізу әдістемесі
Біздің балабақшада серуендерді өткізгенде үлкен жұмыс жүргізіледі. Серуен жүргізер алдында, алдын ала жұмысты таңдап алу қажет, серуеннің өзін, серуенде алған білімдерін бекітіп және шығармашылық шеберханада балалармен жұмысты ұйымдастыру керек. Жұмыс қарапайымнан басталып бірте-бірте күрделене түседі.
Мысалы :
*балалардың өсімдіктерді күту дағдыларын жетілдіру ;
*өсімдіктерді күткен жағдайда, еңбек дағдыларын дұрыс қолдану қатынасын қалыптастыру :
*еңбек дағдыларын дербес қолдануға жағдай жасау ;
*сабақтар , іс-тәжірибелерді өткізу.
Барлық шаралардың мағынасын түсіндіру, мысалы неге гүлдерді суару қажет, балалар осы сұраққа жауап қайтарады-өйткені су құймаса кеуіп қалады. Өсімдіктерге не қажет екенін балалар анықтай алады, қажетті барлық іс-әрекеттерді орындайды. Дүкендегі гүл, Бөлме гүлдерімен таныстыру атты өткізілген сабақтар және сонымен қатар дидактикалық ойындар мен сұрақ-жауап ойындары балалардың білімдеріне үлкен үлестерін қосты. Өсімдіктер туралы білімдерінің қалыптасуы балалардың еңбек іс-әрекеттеріне жағымды ықпал жасайды, ал еңбек процесінде балалар пайдалы дағдыларды қабылдап алады, табиғатты сүюге және қорғауға дағдыландырады. Қандай өсімдіктер пайдалы және зиянды екені жөнінде, бақшадағы еңбек арқылы балалар таныды. Осы мезгілде мынадай дидактикалық ойындар өткізу қажет : Бейнелеу арқылы танып ал, Дәмі арқылы тауып ал, Пісті-піскен жоқ, Басы және түбі.
Балалардың жан-жануарлармен достасуы, оларды қызық, қуанышқа бөлейді, олар бұрынғыдан да қайырымды, сергек бола бастайды. Балаларға мынадай тапсырма беріледі : күзендер мен кірпілерді бақылап, олардың қылықтары, қандай тамақ жейтіні т.б. туралы әңгімелеу.
Баланы тәрбиелеу үздіксіз жүргізілетін процесс.Балаларды тұлға ретінде жан-жақты гармониялық тәрбиелеу процесі серуен жағдайында да жүзеге асырылылады. Серуен балалардың денелерін шынықтыруын қалыптастыруға әсерін тигізеді,көңіл-күйлерін көтереді. Тәрбиеші киінген жарты топтың балаларымен серуенге шыға береді, өйткені балалар терлеп кетеді. Қалған балаларды тәрбиешінің көмекшісі киіндіріп шығарады. Қысқы уақытта серуен 2 рет өткізіледі, жалпы барлық ұзақтығы 3 сағатқа дейін.15 градустан төмен және желдің күші 7мс болса серуен қысқартылады. Егер температура 20 градустан төмен және желдің күші 15 мс болса серуен жүргізілмейді.Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатымен тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі жұмыстың басында топ учаскісін толық тексеріп шығу керек: сынған шыны, сым басқа да, зиянды заттар бомауына.Мектепке дейінгі мекемеде серуенді ұйымдастыру жұмысында тәрбиешінің көмекшісі участокта ойын орталығын дайындауға көмектеседі. Балалардың серуенге қызығушылықпен шығуы үшін, оларға әртүрлі қызмет жағдайын тудыру қажет.

Серуеннің тиімді өтуіне жағдай жасау
Балалардың таза ауада серуенде айналаны қоршаған орта туралы толық жүйелі білімдерін толықтыру мақсатында участокқа орнатылған құрал-жабдықтардан басқа да, керекті көрнекіліктерді алып шығу керек; балалармен серуенде байқағыш, заттарды салыстыру қасиеттерін дамыту және қарапайым қорытынды шығарып үйрету мақсатында жұмыс жасалады.Күні бойы бұнда өзгерістер болып жатады. Балалардың ішінен бұл өзгерісті кім бірінші байқайды екен? Тәрбиешінің ой-қиялына байланысты, қашанда да болсын бақылауға сылтау табады және балалармен жайылма түрінде әңгіме, тосын жағдаятты пайдаланып, желілі ойындар ойнатады, кейіпкерлерді пайдаланып сахналатып үйретеді. Әрбір топтың участогы күтілген, безендірілген тартымды болса, балалардың тұрақты көңіл-күйлері болып, серуенге шыққылары келіп тұрады. Серуенге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі
Мектепалды даярлық топта оқиғалы - рөлді ойындарды ұйымдастыру мен өткізу
Мектепалды даярлық тобында балалардың сөздік қорын дамыту
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Пәндер