Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен мектепалды сыныбындағы педагогикалық үрдісте қолданылатын халық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні



Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен мектепалды сыныбындағы педагогикалық үрдісте қолданылатын халық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні
Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.
Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.
Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Біз ұлттық салт-дәстүрді қалптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр.
Халықтық салт-дәстүр – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие – тұтас дүние. Оның мақсаты – адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен мектепалды сыныбындағы педагогикалық үрдісте қолданылатын халық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні
Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.
Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.
Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Біз ұлттық салт-дәстүрді қалптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр.
Халықтық салт-дәстүр - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие - тұтас дүние. Оның мақсаты - адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан деген екен.
Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даңалығы: Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр - халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.
Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.
Сол себептен де, халық даналығына оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы - өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты, азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады. Халқымыздың аса көрнекті ақыны М.Жұмабааев та педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті деген Педагогика атты еңбегінде.
Ақынның көздеп отырғаны бала тәрбиесін, халықтық педагогика тұрғысында ұйымдастыру екені айтпай-ақ түсінікті. Халқымыздың рухани мәдениетіне әр заман қаламгерлері шығармашылықпен өз үлестерін қосты. Халқымыздың салт-дәстүрлеріне қалам тартқан жазуышы-ұстаз - Ы.Алтынсарин, ғалымдарымыз Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, белгілі академик Ә.МАрғұлан және Х.Арғынбаев, Е.Масанов, Х.Досмұамбетов, Б.Уахатовтар өз еңбектерінде ұлттық салт-дәстүрлерді әр қырынан зерттеген. Профессор Н.Сәрсенбаев Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жөнінде деген зерттеу еңбегінде дәстүр деген түсінікті екі мағынада пайдаланатынына тоқталған. Біріншіден, дәстүр деп халыққа кең тарап, терең сіңген әдет-ғұрыптарды және басқа тұрмыстағы тұрақты тәртіп түрлерін айтады; екіншіден дәстүр деп ғылымдағы, саясаттағы, әдебиет пен өнердегі аса көрнекті қайраткерлердің атымен байланысты, халыққа көп тараған бағытты айтады (Мысалы, Абай дәстүрлері т.б.).
Халықтық педагогика ата-баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан-жақты жетілген, саналы, ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде педагогика ғылымының негізгі көзі болып табылады. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасы бойынша мектепке дейінгі мекеме балаларын адамгершілікке тәрбиелеуде зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдарымыз А.Меңжанова, К.Сейсембаевтарды атауға болады. Аталған тақырып бойынша әдістемелік мақала жазғандар Р.Жұмағожина, Г.Наурызбаевалар. Балаларға эстетикалық тәрбие беру ісі, жан-жақты ішкі тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру денесін жетілдіру, еңбекке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Мұның барлығы әрине, бесік тәрбиесіне басталады. Халқымыз бұл жөнінде: Бесіктегі бала бес түлейді, - деген ғой.
Ғалым Б.Уахатов Бесік жыры - ананың монологы, - деп, өте орынды көрсеткен. Себебі, ананың бесік жырымен, әлдиімен өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Тәрбие бастауы - бесік тәрбиесі. Ел болам десең, бесігінді түзе деген Әуезов даналығы - осының айғағы.
Халқымыздың дарқан көңілін, кіші пейілділігін, тұрмыс-салт тіршілігін көрген саяхатшы-ғалымдардың берген деректерді де мол. Қазақ қыры мен сырын аңғарған Г.Н.Потанин: ...қазақтар дүниедегі әншілердің біреуі - деген. Ата-бабамыз өнерді ерекше бағалаған, сол үшін де өшпес туындыларды мирас еткен.
Орыстың тюрколог-ғалымы Н.В.Радлов, қазақ халқының сөзге шешендігін туыстас түркі елдермен салыстырады да, халқымыздың поэзиясының дамуының аса жоғары сатыда екеніне тоқталады. Сонымен бірге, қазақта суырып салмақ - мейлінше кең тараған өнер - дейді.
Д.Айдаров Дәуір және дәстүр деген еңбегінде әдет-ғұрып, салт-дәстүр қоғамдық дамудың барысында пайда болады. Сөйтіп, ол ұрпақтан-ұрпаққа тарап, мәңгі бақи өмір сүреді. әдет-ғұрып тұрмыстық қарым-қатынасқа байланысты қалыптасады. Мысалы: тілек білдіру, жас сәбидің дүниеге келу құрметіне шілдехана өткізу, бесік той, қонақ күту, наурыз тойы т.б. түрлі жоралғылар, салтанаттар өтетініне тоқталғаг. Дәстүрдің аса әсерлі күшін көрсететін белгілердің ішінде ерекше ретінде оның бұқаралығын, көпшілікке ортақтығын айтамыз. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың өзінің қалыптасуына байланысты. Әрине, әр халықтың өзіне тән дәстүрі, әдет-ғұрып болады. Олар сол халықтың басқа халықтан ерекше бір белгісі болып санала береді. Қазіргі ғылыми дәлелдеулер қазақ ұлтының қалыптасуын IV-V ғасырдан басталады деп көрсетеді. Олай болса, сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрі дамыды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бізге жетті.
Тұрмыс мәдениеті, халқымыздың салттары мен дәстүрлері - адамдардың рухани байлығының маңызды элементтері. Тұрмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
Республикасының Заңы тілі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
Халық педагогикасы - бала тәрбиелеу құралы
Модулдік тәрбиелік технологиялар
Пәндер