Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Мектепке дейінгі педагогика пәні зерттеу міндеттері
2.2.Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі қоғам жан-жақты білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен балабақша қызметкерлеріне орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.
Сондықтан да баланы мектепке дейінгі мекемелерде даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісінің балалармен қарым-қатынасы тұлғалық бағдар негізіне құрылуға тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым-қатынас жасауды көздейді. Мақсаты - баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір-біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін-өзі емін-еркін сезінуіне жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып, мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды, дамытуды мақсат етеді. Ол үшін мынандай жұмыс формаларын пайдалануға болады:
- сабақтарды шағын топтармен өткізу;
- әр баламен жеке жұмыс жүргізуге басым көңіл бөлу;
- ерекше қабілетті және бұрын балабақшаға қамтылған балалармен арнайы жұмыс жүргізу;
- тәрбиешінің балалармен пікір алмасуы (баланың өз көзқарасын, пікірін батыл айта білуіне, өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеуіне мүмкіндік туғызу мақсатында);
- балалардың іс-әрекетін қатаң шектеуден бас тарту;
- педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынастың құқылы серіктестікке құрылуы және т.б.
Демесинова Қ.Н. Мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру //Мектепалды даярлық, 2009, №4.
2. Кудьярова Э.Х. Бала қабілетін ашу - тәрбиешіге жүктелер жауапты міндет //Мектепалды даярлық, 2009, №3.
3. Адилова Т.Ш. Білікті баланы білімді маман тәрбиелейді //Отбасы және балабақша, 2010, №4.
4. Жұмабекова Ф.Н. Мектепкедейінгі педагогика. -Астана, 2009.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Мектепке дейінгі педагогика пәні зерттеу міндеттері
2.2. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі қоғам жан-жақты білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен балабақша қызметкерлеріне орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.
Сондықтан да баланы мектепке дейінгі мекемелерде даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісінің балалармен қарым-қатынасы тұлғалық бағдар негізіне құрылуға тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым-қатынас жасауды көздейді. Мақсаты - баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір-біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін-өзі емін-еркін сезінуіне жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып, мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды, дамытуды мақсат етеді. Ол үшін мынандай жұмыс формаларын пайдалануға болады:
- сабақтарды шағын топтармен өткізу;
- әр баламен жеке жұмыс жүргізуге басым көңіл бөлу;
- ерекше қабілетті және бұрын балабақшаға қамтылған балалармен арнайы жұмыс жүргізу;
- тәрбиешінің балалармен пікір алмасуы (баланың өз көзқарасын, пікірін батыл айта білуіне, өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеуіне мүмкіндік туғызу мақсатында);
- балалардың іс-әрекетін қатаң шектеуден бас тарту;
- педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынастың құқылы серіктестікке құрылуы және т.б.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.
Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол - баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

Мектепке дейінгі педагогика пәні зерттеу міндеттері
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармалармен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке,ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолыменжасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу,бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелену, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қатынас. Атақты педагог Сухомлинский: Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады,-дейді. Демек, балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Лауазымдық міндеттері Дефектолог мұғалімнің міндеттері
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
5-6 жасар балаларды мектепке даярлау әдістері
Пәндер