Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7

1.1 Этнопсихологиядағы қарым . қатынас ерекшеліктерін және оның өзіндік санаға әсерін зерттеу теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

7

1.2 Cтуденттер ұжымының қалыптасуына қарым.қатынас пен этникалық сананың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

34

2. СТУДЕНТТЕР ҰЖЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚАРЫМ.ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ САНАНЫҢ ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


45

2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, міндеті және зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

45

2.2 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі ... ... ... ... ... ... ..
47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
67
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Этникалық (ұлттық) өзіндік сана- кез келген қоғамның түрлі топтарының басын біріктіруші факторлардың бірі. Қазіргі Қазақстан Республикасының егемендігін орнықтыру кезеңінде халықтың этникалық өзіндік санасын ояту және оны одан ары өсіру міндеттері тұр. Олай болса, кез келген ұжымның қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық сананың әсерін эксперименттік зерттеу нәтижелерін салыстырып олардың айырмашылықтарына көз жеткізіп, ерекшеліктерін табу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанның тарихи даму кезеңінде этникалық өзіндік сананың қалыптасу ерекшеліктерін және оның ұлт аралық қатынастарға әсерін жан-жақты зерттеуге әлеуметтік сұраныс-зерттеу өзектілігі болып отыр.
Этнопсихологиялық білім әр түрлі әлеуметтік және мәдени жүйедегі адамдардың өзара ұғынуына көмектеседі. Біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да үрдістер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды.
Өткен ғасырдың орта шенінде академик Т.Тәжібаев ұлттық психология мәселелерін жан-жақты зерттеудің аса маңыздылығын, қажеттілігін атап өткен.
Соның ішінде, біз үшін «өз» этносымен идентификациялау (біртектілену) және «басқалардан ерекшелену» механизмінің этникалық өзіндік сана-сезімін қалыптастыруға ықпалын айқындауға Б.Ф.Поршневтің, Т.Г.Стефаненконың, О.Л.Романованың, Л.И.Науменко және тағы басқалардың еңбектері өте маңызды рөл атқарды.
Қоршаған әлеуметтік ортаға адамның бейімделуі түрлі жолдармен жүреді, ең алдымен білім беру мекемелері арқылы іске асатыны белгілі. Білім беру мекемелері тұлға әлеуметтенуінің алғашқы институттарының бірі ретінде ұжымда бірлесіп әрекет жасайды.
Бұл жұмыс әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттердің ұжым болып қалыптасуына қарым – қатынас пен өзіндік сана әсерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Паферов В.Н.: Общение как предмет социально-психологических исследований.-докт.Дисс.
А.А.Леонтьев Психология общения. 1974, 2005
Е.П.Ерастов Забытая рукопись. Москва,2011
А.В.Киричук Введение в яхтинг 2008 г.
М.А.Зимняя Воспитательная деятельность образовательного учреждения как объект, 2002.
Е.Ф.Тарасова Язык и сознание: парадоксальная рациональность. М., 1993
В.Е.Семенов «Методы социальной психологии» Л. 1977
Бодалев А.А. Личность в общении.М.,1983.
Буева Л.П. Человек: деятельность и общение.М.,1978.
Петровский, Ярошевский. Психологический словарь.
Запорожец, А. В. Избранные психологические труды М., 1986
А.Н.Леонтьев Психологические вопросы сознательности учения. М., 1947
А.Р.Лурия Лекции по общей психологии .M, 2000
А.А.Смирнов Малое время (2007)

Б.М.Теплов Психология музыкальных Способностей, 1947 г.
Г.М.Андреева Психология социального познания .Москва, 1985
А.А.Бодалев Восприятие и понимание человека человеком, 2003
Е.С.Кузьмина Методы социальной психологии
Петровский А. В. Ярошевский М. Г. Основы теоретической психологии. М, 1998
Зараковский Г.М. Качество жизни населения России. Психологические составляющие. 2009
П.Я.Гальперин Психологическое отличие орудий человека от вспомогательных средств животного. Кандидатская диссертация, Харьков, 1937.

Давыдов В. В. Проблемы развивающего обучения. М., Педагогика, 1996.
Г.С.Костюк Принцип развития в психологии // Методологические и
теоретические проблемы психологии. – М., 1969.
Парыгин Б. Д. Социальная психология. Проблемы методологии, истории и теории. 2010
С.М.Широкогоров «Этнос. Исследование основных принципов изменения этнических и этнографических явлений» М.,1931.

Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. М., 1994.
Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983.
С.И.Брук, Н.Н.Чебоксаров Население мира: Этнодемографический справочник. М.: Наука, 1986.

В.В.Пименев Этнос и этнография.-М:Наука 1973
Шпет Г.Г. Введение в этнопсихологию Спб. 1996.
Б.Ф.Поршнев О начале человеческой истории (проблемыпалеопсихологии). Первое издание — 1974 г, второе — 2006
Гегель Ф. Философия истории. Собрание сочинений. Т. 8. М., 1935.
Кон И.С. К проблема национального харктера.Социологическая
психология М:1999.
Спиркин А.Г. Сознание и самосознание М., 1972.
А.К.Уледов Общественная психология и идеология
И.И.Потехин Формирование национальной общности южно-
африканских банту. — М.: Изд-во Академии наук СССР, 1955.
Шпет Г.Г. Введение в этнопсихологию Спб. 1996
Бороноев А. О. Этническая психология. М., 1995
Бромлей Ю.В. Очерки теория этноса.М.Наук,1983 с-412.
В.С. Мерлин Психология индивидуальности, 2009 г.
Чеснокова И.И. Проблема самосознания в психологии М., 1977.
В.Джеймс Психология. 1892 г.
Бехтерев В.М. Коллективная рефлексология. Петроград, 1921.
В.А. Ядов Саморегуляция и прогнозирование социального поведения
личности. Москва: Омега-Л, 2007.

Жақыпов, С.М. Психологияны оқыту әдістемесі: оқу құралы. ҚазҰУ.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2013
Монтескье Ш. Избранные произведения. М., 1955.
Г.Штейнталь мен М.Лацарус Грамматика, логика и психология.Берлин, 1855
А.В.Мудрик Социализация человека. «Академия» 2006 г.

Ломов Б.Ф. Проблема общения в психологии. М.,1981
Шихирев П.Н. Современная социальная психология США. М., 1979.
Гримак Л.П. Резервы человеческой психики. М., 1992.
Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1988.
Иманбекова Б. Оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру. //Бастауыш мектеп. Алматы, 2006. №9
Вопросы психологии межличностного познания и общения. /Сборник научных трудов.- Краснодар, 1983.
Леонтьев А.А. Психология общения. Тарту, 1974.
Психологические исследования общения. Под.ред. Б.Ф. Ломова и др. М.,1985
Рогов Е.И. Психология общения. М., 2001.
Абульханова-Славская К.А. Личностный аспект проблемы общения. Проблема общения в психологии. М., 1981.
Құдиярова А.А. Ордақтасу психологиясы. Алматы, 2002.
Ж.Б. Қоянбаев, Р.Б. Қоянбаев. Педагогика. - Алматы: Рауан, 2000.
Социальная психология. Под.ред. Сталстенина Е.В., Адриенко Е.В. М., 2000.
Кцоева Г.У. Этнические стереотипы в системе межэтнических отношений. М., 1985.
Левкович В.П., Панкова Н.Г. Социально-психологические аспекты проблемы этнического сознания // Социальная психология и общественная практика. М., 1985.
Уртанбековна Г.У. Этнические стереотипы в системе межэтнических отношений. Дисс. М., 1985.
Хотинец В.Ю. Формирование этнического самосознание студентов в процессе обучения в вузе. Вопросы психологии 1998 -№3.
Фан Тхи Ким Нган. Социальное восприятие в условиях межэтнического общения. Дисс., М., 1990.
Солдатова Г.У. Психология межэтической напряженности. М., 1998.
Стефаненко Т.Г. и др. Методы этнопсихологического исследования. М., 1993.
Левкович В.П., Панкова Н.Г. Социально-психологические аспекты проблемы этнического сознания // Социальная психология и общественная практика. М., 1985.
Бороноев А.О. Основы этнической психологии. Санкт-Петербург, 199
Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. - А.: Мектеп, 1998.
Құрсабаев М. Оқушылар ұжымының пайда болу генезисі. Алматы,
// Бастауыш мектеп, 2007. №
Вундт В. Проблемы психологии народов. М., 1912.
Саракуев Э.А., Крысько В.Г. Введение в этнопсихологию М., 1996.
Бернс Р. Развитие Я концепции и воспитание М., 1984.
Столин В.В. Самосознание личности М., 1997.
Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана-сезім және ұлттық қадыр-қасиет А., 1990.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии М., 1989.
Малаева А.Т. Зависимость социальной детерминации личности от характера этнокультурной среды. Автореферат. Алматы., 1995.
Елікбаев Н. Ұлттық психология. А., 1992.
Крысько В. Этническая психология. «Академия», 2002
Выготский Л.С. Педология подростка // Соб. соч. в6.ти тт. Т. 4. Детская психология / Под ред. Д. Б. Элько-нина. - М.: Педагогика, 1984. - С. 5-242.
Романова О. Л. Развитие этнической идентичности в этнически смешаннойсреде //Процессы психического развития. . М.,1995
Оконешникова А. П. Этнопсихологические особенности народов в
воспитании детей / А. П. Оконешникова. - Якутск, 1996. - 151 с.
Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. - М., 1989.
Стефаненко Т.Г.Этнопсихология. 3-е изд., испр. и доп. - М.: Аспект
Пресс, 2004 - 368 с.
Науменко Л. И. Этническая идентичность. Проблемы трансфор¬мации в постсоветский период // Этническая психология и обще¬ство / Под ред. Н.М. Лебедевой. М.: Старый сад, 1997. С.76–88.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.1 Этнопсихологиядағы қарым – қатынас ерекшеліктерін және оның
өзіндік санаға әсерін зерттеу теориялары 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .

1.2 Cтуденттер ұжымының қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық
сананың әсері 34
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

2. СТУДЕНТТЕР ҰЖЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ
САНАНЫҢ ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 45

2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, міндеті және зерттеу
әдістемелерінің сипаттамалары 45
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі 47
... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ 65
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Этникалық (ұлттық) өзіндік сана- кез
келген қоғамның түрлі топтарының басын біріктіруші факторлардың бірі.
Қазіргі Қазақстан Республикасының егемендігін орнықтыру кезеңінде халықтың
этникалық өзіндік санасын ояту және оны одан ары өсіру міндеттері тұр. Олай
болса, кез келген ұжымның қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық сананың
әсерін эксперименттік зерттеу нәтижелерін салыстырып олардың
айырмашылықтарына көз жеткізіп, ерекшеліктерін табу өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанның тарихи даму кезеңінде
этникалық өзіндік сананың қалыптасу ерекшеліктерін және оның ұлт аралық
қатынастарға әсерін жан-жақты зерттеуге әлеуметтік сұраныс-зерттеу
өзектілігі болып отыр.
Этнопсихологиялық білім әр түрлі әлеуметтік және мәдени жүйедегі
адамдардың өзара ұғынуына көмектеседі. Біздің полиэтникалық қоғамда өтіп
жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да
үрдістер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана
сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың
этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-
психологиялық атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды.
Өткен ғасырдың орта шенінде академик Т.Тәжібаев ұлттық психология
мәселелерін жан-жақты зерттеудің аса маңыздылығын, қажеттілігін атап өткен.
Соның ішінде, біз үшін өз этносымен идентификациялау (біртектілену)
және басқалардан ерекшелену механизмінің этникалық өзіндік сана-сезімін
қалыптастыруға ықпалын айқындауға Б.Ф.Поршневтің, Т.Г.Стефаненконың,
О.Л.Романованың, Л.И.Науменко және тағы басқалардың еңбектері өте маңызды
рөл атқарды.
Қоршаған әлеуметтік ортаға адамның бейімделуі түрлі жолдармен жүреді,
ең алдымен білім беру мекемелері арқылы іске асатыны белгілі. Білім беру
мекемелері тұлға әлеуметтенуінің алғашқы институттарының бірі ретінде
ұжымда бірлесіп әрекет жасайды.
Бұл жұмыс әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттердің ұжым болып
қалыптасуына қарым – қатынас пен өзіндік сана әсерін анықтау және зерттеу
мәселесіне арналған.
Қарым – қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу
себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде
әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым – қатынаста болуы.
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың
бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары
шыққан ұлтаралық қарым – қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі
зерттеулері, жергілікті шиеленістерді талдауы, көптеген этникалық
қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс –
әрекеттке бейімделуі жоспарында ұлттық – психологиялық ерекшеліктерін
зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез – келген адам, әсіресе КСРО –
ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым
– қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникалық қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи
дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың
қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалығын
және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы
этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың
әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен
басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы
түсініктер құрайды.
Зерттеу мәселесі: Біздің зерттеу жұмысымыз этникалық өзіндік сана
құрылымы мен функциясын зерттеу. Этникалық өзіндік сананы этностың маңызды
белгісінің бірі деп айтуға болады. Сондықтан білім жүйесінің өзекті
мәселесінің бірі студенттер ұжымын қалыптастыру болғандықтан да, ұжымның
қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық сананың әсері ең маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен,
оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз
халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз
азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір
– бірімен өзара қарым – қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды
мәселе. Адамдардың өзара қарым – қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу
психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеудің мақсаты: Әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттер
ұжымының қалыптасуына қарым – қатынас пен этникалық өзіндік сананың
әсерін анықтау.
Зерттеу нысаны: қазақ және орыс топтарында оқитын әр түрлі ұлт
студенттері.
Зерттеу пәні: Этникалық өзіндік сана және қарым – қатынас
ерекшеліктері
Зерттеудің болжамы: Студенттер ұжымын қалыптастыруда қарым – қатынас
пен этникалық өзіндік сана ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік
– коммуникативті және эмоциялық бағалау компоненттеріне және өзіндік
санасына байланысты көрінеді.
Зерттеу міндеттері:
- Этникалық өзіндік сана құрылымы мен функциясын зерттеу мәселесіне
арналған әдебиеттерді талдау.
- Қарым – қатынас пен этникалық өзіндік сана ерекшеліктерін зерттеу
әдістерін зерделеу, өңдеу.
- Әртүрлі әдістемелерді қолдана отырып студенттердің қарым – қатынас
пен этникалық сана ерекшеліктерін анықтау.
- Ұжымның қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық сананың әсерін
эксперименттік зерттеу
- Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау.
- Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Оқушылардың қарым –
қатынастарындағы этникалық өзіндік сананы сипаттайтын психологиялық
ерекшеліктердің талдануы және осы мәселе бойынша С.Л.Рубинштейн,
И.И.Чеснокова. А.Г.Спиркин, В.В.Столин, И.С.Кон еңбектерінің қарастырылуы.

Зерттеу әдістері: 1.Әлеуметтік – коммуникативті компетенттілікті анықтау
әдістемесі;
2. Б.Басстың тұлға бағыттылығын анықтау әдістемесі;
3. Қатынастың диагностикалық тесті (ҚДТ).
Зерттеу кезеңдері: Зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы таңдалып, оны теориялық
тұрғыда саналы ұғыну жүзеге асырылды; зерттеудің мақсаты мен міндеті
құрылды; зерттеудің жұмыс болжамы құрастырылды; зерттеу тақырыбы бойынша
ғылыми әдіснамалық және оқу әдістемелік әдебиеттер зерттелінді және
талданды. Аталынған кезеңде констатациялық эксперимент жүргізілді.
Екінші кезеңінде зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік
жұмыс жүзеге асырылды;
Үшінші кезеңде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелеріне талдау
жүргізілді, зерттеу нәтижелері жалпыланды, тұжырым жасалды, зерттеу
нәтижелері көрнекі графикалық түрде безендірілді.
Зерттеудің практикалық базасы: Ақтөбе қаласы Ә. Молдағұлова атындағы
гуманитарлық колледжінің БК410 тобы студенттеріне жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Студенттер ұжымының қалыптасуына әсер
ететін қарым –қатынас пен өзіндік сана теориялық және практикалық тұрғыда
зерттелінді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Студенттер ұжымын қалыптастыруда
қарым – қатынас пен этникалық өзіндік сана ерекшеліктері тұлғаның
бағыттылығына, әлеуметтік – коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік
санасына байланыстылығын оқытушылар, тәрбиешілер, психологтар қолдануға
болады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Этнопсихологиядағы қарым – қатынас ерекшеліктерін және оның өзіндік
санаға әсерін зерттеу теориялары

Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі
ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде. Полиэтникалық
полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуына
қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Этникалық сана сезімдердің
құрылымы, этникалық идентификация, өз менін бастан кешіруі, әсерленуі,
өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық
шығармашылығына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық
орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этно факторлардың мәнді өсуі
этникалық сана сезімдерді күшейтеді. Этникалық сана сезімдер индивидуалды
қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі иерархиялық байланысын детерминациялайды,
қасиеттердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі
ұйымдастырушысы функцияларын орындайды, әрі реттейді. Этникалық басты
объективті тасушысы болып табылатын ұлттық мәдениеттің әлсіреуі барысында
өтетін этникалық сана сезімдердің күшеюін этникалық парадокс деп айтуға
болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық сана сезімдердің
компенсациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту,
этникалық сана сезімнің объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың
өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті
әсерлерді теңестіреді.
Кез келген қоғамның түрлі топтарының басын біріктіруші факторлардың бірі
– этникалық (ұлттық) өзіндік сана. Әлбетте, оны құрастыратын факторлар мен
тетіктердің ішінен мемлекеттің ұлттық саясатының орны айрықша екендігі
анық. Еліміздің егемендігін орнықтыру кезеңінде халықтың этникалық өзіндік
санасын ояту және оны одан ары өсіру міндеттері тұр. Бұларды ойдағыдай
атқару ісі аталмыш сана-сезімді қасаң маркстік-лениндік идеологияның
ықпалынан арылту, кеңестік және мәңгүрттік сананың батпағынан аршып-
тазартуға байланысты екендігі және белгілі. Сондықтан этникалық өзіндік
санамыз бен этосымыздың қазіргі жағдайын зерттеп-зерделеу ең маңызды
міндеттердің бірі болып табылады. Бұдан тысқары, жасыратыны жоқ, қазіргі
таңда жастарымыз Қазақстандық патриотизмді дамыту мәселесінде осалдық
танытуда. Туған Отаныңды туған анаңдай қадірлеп, қастерлеудің қажеттігін
Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап көрсетуі де сондықтан болар.
Ал, ұлттық психология мен ұлттық сана-сезім арасындағы өзара байланыстар
туралы мынаны айтуға болады: ұлттық сана-сезім ұлттарды бір-бірінен
ерекшеленіп тұратын айрықша белгі емес, тек әлеуметтік-психотанымдық
құбылыс. Олардың бір-бірімен тығыз байланысты екені, біте қайнаса өмір
сүретіні мәлім. Бірақ, оларды барлық жағынан теңестіріп қарастыруға болмас.
Ұлттық сезімдер – ұлттық психикалық ерекшеліктердің жекеленген жақтары
тәрізді. Оларды ұлттың ұлттылығын, мендігін, өздігін сезініп, түйсінумен
байланысты кешетін процесс ретінде ұғынған жөн. Ал тұтастай алғандағы
ұлттық өздік сананы ұлттық психологияның аясынан тысқарыдағы, дербес бірлік
деп білеміз. Өйткені, ұлтты тану логикалық-ой жұмысының қызметімен де
байланысты.
Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа
ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор. Оны бүгінгі тарихтан, ұлттар мен
халықтардың мәдени даму кезеңдерінен, олардың өзара қатынасынан байқауға
болады. Шын мәнінде, халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, түсініктері,
сезімдері этностық қауымды біріктіреді. Олардың тарихи үрдістің
субъектілері деп қарауға болады. Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен
қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.
Қарым – қатынас ұғымы, әлеуметтік психологияның кез – келген ұғымдары
сияқты, көптеген зерттеушілермен қарастырылған және әртүрлі түсіндірілген.
Қарым – қатынасқа әлеуметтанушылар, педагогтар және философтар да назар
аударған. Қарым – қатынас адамдық өмір сүрудің, соның ішінде еңбек
іс – әрекетінің қажетті шарты болып табылады.
Қарым – қатынас мәселесі қазіргі кезде көпшілікке белгілі мәселелердің
бірі. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік психологияның дамуына және оның
психологиялық ғылымдар жүйесінің барлығына әсерінің күшеюімен байланысты.
Бірақ, қарым – қатынас мәселесі өте кең мағынаға ие[1].
Қарым - қатынасты зерттеу тек қана арнайы психологиялық пәндер
мен ғана емес, сонымен қатар психологияның жалпы теориясының да дамуының
маңызды шарты болып табылады. Сірә, қарым – қатынас мәселесі рөлінің
дамуын барлық психологиялық ғылымдар жүйесінің дамуының жалпы тенденциясы
ретінде қарастыруға болатын шығар.
Қарым – қатынас мәселесін зерттеуге көптеген ғылым өкілдері
өз үлестерін қосқан: философияның әлеуметтанудың, педагогикалық,
психологияның және т.б. Қарым – қатынас әртүрлі деңгейде, әр
түрлі аспектіде зерттелінген аса көпқырлы процесс болып
табылады.
Кеңес психологиясында психикалық құбылыстардың объективті шындықты
субъективті бейнелеудің түрлі формалары мен деңгейлері ретінде
қарастырылатыны белгілі. Сонымен бірге бейнелеу пассивті айналы акт емес
екендігі, ол адамның нақты болмысына кіретіндігі, оның құраушысы болып
табылатындығы және онда белгілі әсерлі роль ойнайтындығы болжанады.
Қарым – қатынас – бұл адамдардың іс – әрекет процесіндегі өзара
әрекет формаларының бірі. Қарым – қатынастың белгілі анықтамаларының бірде
біреуі олардың біржақтылығының себебінен сынға төзбейді.
Бұны қарым – қатынастың адамдардың біріккен өмір әрекетінің бірден
көптеген жақтарын қамту ауқымдылығымен түсіндіруге болады, бұл қырым –
қатынастың қанағаттанарлық дефинициясын өңдеудегі объективті қиындық болып
табылады.
Авторлар жиі қарым – қатынас анықтамасы негізіне өздері белгілеп
қойған қандай да бір қасиетті қойып, оның басымдылығын көрсетеді. Мысалы,
А.А.Леонтьев қарым – қатынасты байланыс орнату және ұстау процесі ретінде
анықтайды[2], Е.П.Ерастов– қоғамдастықты құру процесі ретінде[3],
Х.И.Линнете – құндылықтармен алмасу ретінде анықтайды. А.В.Киричук–
индивидтер арасындағы байланыс және қатынас ретінде[4], Н.Е.Ведерникова –
адамдық мән туралы білімнің қайнар көзі ретінде, М.А.Зимняя– қоғамдық-
коммуникативті іс – әрекет формасы ретінде[5], Л.Н.Дзокировская және
Е.Ф.Тарасова– әлеуметтік өзара әрекет ретінде[6], В.И.Соковкин –
адамдардың бір– бірінің саналарына әсер ету ретінде, В.Е.Семенов– жеке
тұлғалық мазмұнмен алмасу ретінде[7] түсіндіреді.
Осы анықтамалардың барлығында қарым – қатынасқа тән құбылыстар
көрінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы, жеке алғанда, осы феноменнің бүкіл
мазмұнын айтып бітпейді. Қарым – қатынастың көптеген анықтамаларында
авторлардың оның мәнін үш жалпы категория арқылы ашуға ұмтылатыны
көрінеді: іс – әрекет, қатынас, бейне. Оларға қатысты қарым –
қатынас түсінік ретінде шығады және олардың онтологиялық бірлігінің бір
формасы болып табылады.
Іс – әрекет өзінің негізгі формаларына қатысты тектік түсінік болып
табылады: еңбекке, танысуға, ойынға, қарым – қатынасқа қатысты. Бірақ
бірқатар жағдайларда қарым – қатынас және іс – әрекет бірдеңгейлі
түсініктер ретінде қарастырылады.
Жиі жағдайда бұл логикалық дәлсіздік іс – әрекет түсінігін еңбек іс
– әрекетімен теңестіруден пайда болады, бұл мынаған әкеледі:
Іс – әрекет пен қарым – қатынасты теңестіруге, өйткені еңбек және
қарым – қатынас қатынастарының шынайылығы олардың бірдеңгейлілігін
білдіреді.
Қарым – катынас пен іс – әрекетті өзара жоққа шығарушы қарама –
қайшылыққа, өйткені еңбек және қарым – қатынас қатынасының шынайылығы
олардың мәнді айырмашылықтарын білдіреді.
А.А.Бодалев және басқа психологтардың көзқарастары бойынша, қарым –
қатынас – адам іс – әрекетінің формасы. Егер іс – әрекет – бұл адамның
заттар әлемімен, табиғатпен, жануарлармен және адамдармен өзара әрекет
процесі. Қарым – қатынас ұғымының гносеологиялық торшасы болып адамның
адаммен тікелей өзара әрекеті болып табылады[8].
Л.П.Буева қарым – қатынасты көлемдірек анықтайды. Оның түсіндіруінше,
қарым – қатынас – бұл қоғамдық субъектілердің (тұлғалар, топтар) өзара
байланыс және өзара әрекет процесі, ол іс–әрекетпен, ақпаратпен,
тәжірибемен, қабілеттіктермен, дағдылармен және ептіліктермен, сонымен
қатар іс – әрекет нәтижелерімен алмасумен сипатталады. Л.П.Буева қарым –
қатынасты тағы да қоғам және тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қажетті және
жалпы шарттарының бірі ретінде де түсіндіреді[9].
Бұл ұғым философия, әлеуметтану және әлеуметтік психология торабында
жете зерттелген және жалпы сипатқа ие. Ол адамдар, әлеуметтік топтар, түрлі
қоғамдық субъектілер арасындағы кез – келген өзара байланысты зерттеуге
бағытталған. Әлеуметтік деңгейде қарым – қатынас әлеуметтік тәжірибе мен
мәдени мұраны бір ұрпақтан басқа ұрпаққа қалдыру үшін қажетті шарт болып
табылады.
Психологиялық тар мағынада қарым – қатынас адам арасындағы байланыстың
қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің түрлі белгілер
жүйесі арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі.
А.В.Петровский және М.Г.Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық
сөздікте қарым – қатынас біріккен іс – әрекетке қажеттіліктен
туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды, өзара әрекеттің бір старатегиясын
шығаруды кіргізетін, адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі
ретінде қарастырылды. Бұл анықтама қарым – қатынастың негізгі
мазмұнын бөліп шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара әрекеті,
бірін – бірі тануы. Мазмұнның осы үш сипаттамасы қарым – қатынастың
коммуникативті аспектісі ретінде қарастырылады, адамдардың бір – бірін
түсінуі және тануы қарым – қатынастың интерактивті аспектісі ретінде
қарастырылады; адамдардың бір – бірін түсінуі және тануы қарым –
қатынастың перцептивті аспектісі ретінде қарастырылады[10].
Сөйлеу сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болды және
адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және
онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу
манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін оның мәдениетін анықтайды.
Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны
ақпаратпен байланысты, қатынасы – адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды
контекстке құраммен байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен
анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік – психологиялық
сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпараты қаншалықты мазмұнды
екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа
адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде
кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қағамда белгілік жүйелер өте көп,
бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы
тенденциясы толық анықталмаған. Сөйлеудің маңызды факторы ақпаратты
паралингвистикалық тәсілдер болып табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу
қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбысты айту ерекшеліктері, дауыс тембрі,
жесттер, мимика, дене тұрысы. Қарым – қатынаспен қоса жүретін
паралингвистикалық тәсілдер жиынтығы оның контексін анықтайды.
Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін,
немесе керісінше, оны теріске шығаруы мүмкін. Айтылған паралингвистикалық
тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама – қайшылықты толық
емес қарым – қатынас факторы ретінде қарастыру керек.
Кез – келген байланыс кері байланысты ұйғарады. Мысалы, егер
екі адам кездейсоқ кездессе, онда олар тек қана амандасса, қарым – қатынас
жүреді. Ал егер олардың біреуі басқасын байқамай қалса, онда қарым –
қатынас жүрмейді, өйткені байланыс болмайды. Байланыс тек қана
паралингвистикалық тәсілдер деңгейінде де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс
емес адам бір – біріне қызыға қарағанда.
Адамның әлеуметтік болмысын талдауда іс – әрекет категориясына маңызды
роль беріледі. Іс – әрекет жайлы маркстік – лениндік ілімге сүйене
отырып, кеңес ұрпағы психологиялық ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу
әдістері мәселесінің барлығын жаңаша қарастырды. Теориялық, эксперименталды
және қолданбалы зерттеулердегі іс – әрекет талдауы арқылы адам
психологиясының әлеуметтік себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы
ашылады.
Іс – әрекетті жалпы психологиялық зерттеуде мәнді жетістіктерге жеткен
кеңес ғалымдары Б.Г.Ананаьев, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия,
С.Л.Рубиншитейн, А.А.Смирнов, Б.М.Теплов және тағы басқалар [11-15].
Іс – әрекеттің алуан түрлерін талдау принциптері мен өңделген
теориялар психологиясының әлеуметтік аудандарында кеңінен қолданылды:
әлеуметтік психологияда Г.М.Андреева, А.А.Бодалев, Е.С.Кузьмина,
А.В.Петровский, Е.В.Шорохова және тағы басқалар, инженерлік психологияда
және еңбек психологиясында Н.Д.Завалов, Г.М.Зараковский, В.П.Шадриков және
т.б, балалар және педагогикалық психологияда П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов,
Г.С.Костюк және тағы басқалар[16-23].
Бұл концепциялар индивидуалды іс – әрекетті зерттеу негізінде
қалыптасқан, онда оның анықтамасының негізін субъект – объект, субъект –
зат қатынастары құрайды. Осыған сәйкес психологиялық талдау кесінділері
және онда қолданылатын ұғымдық аппарат субъект – объект қатынасы
шеңберінде өңделеді. Бұндай бағыт дұрыс және өнімді. Бірақ ол адам
болмысының бір жағын ғана ашады. Кейде іс – әрекет пен қарым - қатынас
өзара байланысты пареллельді процестер ретінде емес, адамның әлеуметтік
болмысының, оның өмір бейнесінің екі жақтары ретінде қарастырылады.
Ең соңында, қарым – қатынасты іс – әрекеттің ерекше түрі ретінде
қарастыруға болады. Осы көзқарастың ішінде оның екі түрін бөлуге болады:
олардың біреуінде қарым – қатынас коммуникативті іс – әрекет немесе
онтогенездің белгілі кезеңінде өз бетінше көрінетін қарым-қатынас іс –
әрекеті ретінде түсініледі. Қарым – қатынасты іс – әрекет категориясы
арқылы анықтай отырып, В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев және т.б психологтар қарым
– қатынас амалына, тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау
арқылы оның материалды сипатын көрсетеді.
Қарым – қатынас үшін қарым – қатынас жағдайын қоспағанда қарым-
қатынастың мазмұнды жағы оны бұндай талдауда өзара әрекеттің заттық
сипатымен де сәйкес келеді, партнер да, онымен қарым – қатынас та біріккен
іс – әрекеттің заттық – практикалық мақсатына жету амалы болып табылады.
Бейне және қатынас категориялары арқылы қарым – қатынас
анықтамасында адамның адаммен өзара әрекетінің идеалды жағы көрсетіледі.
Адамдардың біріккен өмір әрекетінде бейнелеу процесі 2 салаға бөлінеді:
Бірінші салада партнерлердің тұлғалық мәнін тану өтеді.
Екінші салада қарым – қатынас процесінің спецификалылығын сипаттайды.
Бұл таным адамды қабылдау объектісі ретінде бейнелеу негізінде өтеді
(оның сыртқы келбетін, әрекетін, қылықтарын, мінез – құлқын , оның тұлғалық
мәні жайлы ақпарат беретін іс – әрекет өнімдерін). Осы және вербальды
сонымен қатар техникалық өзара байланыс тәсілдері арқылы партнерлар бір –
біріне өздерінің іс-әрекеті, идеялары, сезімдері және т.б жайлы ақпарат
айтып, оларды біріккен өмір әрекеті жайлы және жеке мақсаттармен сәйкес
реттеуге ұмтылады.
Қарым – қатынас анықтамасында бейне категориясы көзқарасын қарау,
қарым – қатынас партнерлардың өзара әрекеттің мазмұнды жақтары туралы
идеалды көріністері енетін, формасы бойынша ақпараттық процесс болып
табылады деген тұжырымға әкеледі.
Қарым – қатынас жалпы дәлел бойынша осы барлық қатынастардың көріну
формасы болып табылады. Бірақ бұл бұған ақпараттық процестердің барлық
амалдары қарым – қатынастың материалды формасы ретінде қызмет ететін
мағынада ғана дұрыс.
Қарым-қатынастың өзі біріккен іс – әрекетте пайда болатын қоғамдық,
психологиялық, әлеуми – психологиялық қатынастар ретінде эмоционалды және
әлеуметтік боялған өзара қатынастардың идеалды формаларында да болады.
Б.Д.Парыгиннің жазуынша: Қарым – қатынасты бір уақытта индивидтердің
өзара әрекет процесі ретінде де, адамдардың бір – біріне қатынасы ретінде
де, олардың бір - бірін түсіну процесі ретінде де бола алатын күрделі және
көпқырлы процесс ретінде қарастырудың барлық негіздері бар[24].
Қарым – қатынас бірнеше түрлерге бөлінеді, олар кері байланыс
ерекшелігі бойынша анықталады. Қарым – қатынас жанама және тікелей,
тұлғааралық және бұқаралық болады. Тікелей қарым – қатынас – бұл тікелей
бетпе-бет кәдімгі қарым – қатынас, өзара әрекет субъектілері жақын
орналасып, сөйлеу арқылы және паралингвистикалық тәсілдер арқылы қарым –
қатынасқа түседі. Тікелей қарым – қатынас ең толық өзара әрекет түрі
болып табылады, өйткені индивидтер максималды ақпарат алады. Тікелей қарым
– қатынас формальды және тұлғааралық болады. Тікелей қарым – қатынасқа
екі субъектілер арасында және бір уақытта топтағы бірнеше субъектілер
арасында өтуі мүмкін. Бірақ тікелей қарым-қатынас кіші топтар үшін, яғни
өзара әрекет субъектілерінің барлығы бір – бірін білетін топта реалды
болуы мүмкін,
Жанама қарым – қатынас индивидтер бір – бірінен уақыт бойынша немесе
қашықтық бойынша алшақталған жағдайларда өтеді, мысалы, субъектілер телефон
арқылы сөйлеседі немесе бір – біріне хат жазады. Жанама қарым – қатынас
толық емес психологиялық байланыс болып табылады. Бұнда кері байланыс
күрделенген. Жанама қарым – қатынаста екі субъектілер арасында және топта
жүзеге асады.
Бұқаралық қарым – қатынас әлеуметтік – коммуникативті процестерді
анықтайтын қарым – қатынастың ерекше түріне жатады. Бұқаралық қарым –
қатынас бейтаныс адамдардың көптеген байланыстарын сонымен қатар
бұқаралық ақпараттың әр түрлерімен жанамаланған коммуникацияны білдіреді.
Бұқаралық қарым – қатынас тікелей және жанама болуы мүмкін. Б.Ф.Ломов
қорытындысы бойынша, қазіргі кезде қарым – қатынас мәселесі
психологиялық мәселенің жалпы жүйесінің кейбір логикалық орталығына
айналып барады. Бұл қорытындымен келіспеуге болмайды[25].
Мысалы, Л.П.Буева қарым – қатынасты талдаудың ақпаратты –
коммуникативті, семиотикалық және әлеуметтік – практикалық аспектілерін
бөледі[9].
Әртүрлі контекстерде қарым – қатынасты кең мағынада қоғамдағы
әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың жиынтығы ретінде және тар мағынада
адамдардың тұлғааралық қатынастардағы тікелей немесе жанама байланысы
ретінде анықтайды.
Халықтың психологиялық кескінінің ерекшеліктері зерттеу мәселесі
адамдардың практикалық қажеттілері нәтижесінде, ел тұрғындарының әдет –
ғұрпын және мінез құлық спецификасын білуге деген олардың табиғи
ұмтылысынан пайда болды, яғни олар бұл арқылы этникалық, экономикалық және
мәдени байланыстарды ұстап тұрады.
Геродот пен Тациттен басталған ежелгі ғалымдар қиырдағы елдерді және
онда өмір сүрген халықтар туралы баяндай отырып, олардың мінез – құлқын,
әдет – ғұрпын, сонымен қатар әдеттерін сипаттауға аз көңіл аударған жоқ.
Бұл, көрші елдермен қарым – қатынаста, олардың ниеттері мен ойларын, жүріс
– тұрыс сипатын, қылықтарын түсінуде жеңілдетеді – деп есептелді.
Этностың өмір сүріп тұруы тек қана, оның адамдарға тікелей құбылыс
(феномен) ретінде сезілетінін айтады. Этнос деген терминде тұрған
құбылысты анықтау үшін, жалпы сыртқы бағдар болып, халық деген сөзді
қолданғанда оны өзіндік атауы бар адамдар қауымдастығы деп таныған жадайда
қызмет ете алады. Осы жеке өзіндік атауды, этнос деген сөзден шыққан
этноним терминімен белгілеу қабылданғаны бізге белгілі.
Халық, халықтық, және ұлт деген сөздер оны басқа ұлттардан
ерекшелендіріп тұратын, нақтылы белгілер бар, бұл жағдайда халықтық
адамзатқа қатынасты көрнекті ұғым болып табылады және логикалық түрде оған
тәуелді. Екіншіден, халықтық белгілі бір индивидуалдылық ретінде түсінілді;
бұл жағдайда халықтық белгілі бір индивидуалдық ретінде, белгілі тұтастай,
бірыңғай және дамушы мінез ретінде, рухани бірлік ретінде тұлға ретінде
болжануы мүмкін.
Этнос деген сөз онға жуық мағынаға ие. Олардың ішінде: халық, тайпа,
тобыр, адамдар тобы, бөгде жерлік тайпа, тілшілер, табын, ру.
Бұл сөздің этимологиялық талдауы ондағы кейбір ортақ қасиеттерге ие
тірі организмдердің әрқандай жиынтығын көруге мүмкіндік береді.(әдет –
ғұрып, жүріс – тұрыс, сыртқы түр және т.б). XX ғасырдың ғылымдары өздерінің
практикалық іс – әрекеттерінде, нақты бір халықтарды зерттей отырып,
әсіресе мынандай ұлт, нәсіл, тайпа деген терминдерді қолданды. Этнос
термині өз бетінше жеке мағынада тек біртіндеп қолданыла бастайды.
Этностың жеке өзбетінше құбылыс ретіндегі, бірінші жалпы концепциясы
С.М.Широкогоровқа жатады[25]. Ол этносты ойлану процесі өтіп жататын,
элементтердің дамуы және өлуі ретінде мүмкіндік беретін форма деп
қарастырады. Оның анықтамасы бойынша этнос – бір тілде сөйлейтін,
өздерінің шығу тегінің бір екенін мойындайтын, әдет – ғұрып комплекстерін
сақтаған және баяндалған дәстүрлерді меңгерген, сонымен қатар оны
басқалардан ерекшелей алатын адамдар тобы. Этносты сипаттауда объективті
және субъективті факторларды үйлестіру тенденциясы ортақ мәдениетті игерген
немесе сондай адамдар әулетіне жататын ырықсыз адамдар тобы ретінде, яғни
өзіндік теңестірілген немесе басқа адамдармен қатынаста өзін жалпы ырықсыз
топқа жатқызады. Бір зерттеушілер, мысалы этностың басты белгілері тіл мен
мәдениет деп атаса, басқа зерттеушілер бұған аймақ бірлігі мен этникалық
өзіндік сананы қосады, кейбіреулер психикалық қалып ерекшеліктеріне
тоқталады. Оны анықтауда қажеттілік туады.
Л.Н.Гумилевтың айтуынша, этностар – бұл биосфера мен социосфера
шекарасында жатқан құбылыс және жер биосферасының құрылуына арнайы
жүктелген міндеті бар құбылыс[26]. Этносты немесе суберэтносты құру
процесіне кеңістік пен уақыт әсер етеді. Кеңістік – бұл ландшафтық және
этникалық қоршау; Ландшафтық қоршау шаруашылық түріне әсер етеді, осы
этностың салты – оның мүмкіндіктері мен перспективасын анықтайды. Этникалық
қоршау – көрші елдермен достық немесе жаулық түрде байланыс жасау және бұл
құрылған мәдениет сипатына өте қатты әсер етеді. Жаңа этностар монотонды
ландшафтарда пайда болмайды, ал ландшафтық аймақтар шекарасында және
этникалық қоршау фазасы, ол этникалық байланыс варианттарын анықтап
отырады. Этностарға табиғатпен күнделікті қарым – қатынас арқылы
географиялық орта әсер етеді.
Ата – бабалардан жалғасқан дәстүрлер өзінің рөлін ойнайды, үйреншікті
өшпенділік немесе көрші елдермен достық (этникалық қоршаумен) - өзінің,
мәдени әсерлері, дін – бұның өзіндік мәні бар, бірақ бұлардан басқа
табиғаттың кез – келген құбылысы сияқты этносқа қатысты да даму заңы бар.
Оның көп қырлы процестерде көрінуі және халықтың пайда болуы мен жоғалуын
біз этногенез деп атаймыз. Этностың кескініне тек қана ішкі даму әсер
етпейді, сонымен қатар бөгде әсерлер бар – мәдени – жеңіске жету, әдет –
ғұрыптарын мәжбүрлеу арқылы өзгерту және этностық қызмет түрлерін
өзгертетін экониомикалық қысым жасау.
Солай етіп, этнос – тұрақты, табиғи түрде құрылған адамдар ұжымы,
өздерін барлық ұқсас ұжымға қарсы қоя алатын, өзіндік жүріс – тұрыс
стереjтипімен ерекшеленетін, яғни тарихи уақытта заңды өзгертетін адамдар
ұжымы.
Ю.В.Бромлей, этносты екі үлкен топқа бөлуді ұсынды және негіздеді:
этнос қысқа мағынада және этнос кең мағынада. Олардың біреуі жалпы түрде
жалпы мәдениеттің шартты стабильді ерекшеліктерін (тіл) және психикасын
меңгерген; сонымен қатар өз бірлігінің санасын және өзгелерден айрықша
сондай құрылуы, яғни өзіндік – сана меңгерген белгілі бір аймақта тарихи
құрылған адамдар жиынтығы ретінде анықталған болуы мүмкін[27].
Аймақтың тұтастығы – этностың қалыптасуындағы маңызды жағдай бірақ
қалыптасып қойған халық оны сақтамауы мүмкін. Ондай қауымдастық біздің
алдымызда көптеген адамдар қатарымен бірлескен тарихи дәстүрлер нәтижесі
ретінде, осы қауымдықтың рухани және материалды атрибуттарында өзгертілген
дәстүрлер және оның мүшесінің санасында әсер қалдырған дәстүрлер тұрды.
Сонымен енді қауымдастық бөлініп шығады – бірнеше этносты қамтитын білім,
бірақ этникалық қасиетті меңгергендері аз қарқында.
С.И.Брук пен Н.Н.Чебоксаров, метаэтникалық қауымдастық терминін
ұсына отырып, оның кіріспесінде 2 жағдайды белгілей өтеді:
Метаэтникалық қауымдастық этностар жиынтығын елестетеді (метагалактика
терминине ұқсас). Осы қауымдастық өзгеру жағдайында болады (метастабильді
жағдай ұғымымен ұқсас) [28].
В.В.Пименевтың пікірінше, этностың демографиялық құрылымы да аз мәнге
ие емес. Себебі этнос демографиялық қайта жаңғыртуға қабілетті адамдар
жиынтығын танытады. Сонымен бірге оның шеңберінде ауысуы өтеді,
тұрғындардың табиғи өсуі орын алады. Этностың қызмет етуі үшін, оны
құрап тұрған адамдардың саны яғни сандық көрсеткіштері де маңызды болып
табылады[29].
Қарастырылып отырған мәселенің генетикалық аспектісін сипаттай отырып,
этностың пайда болуы үшін территория бірлігі оның орналасуы маңызды орын
алады. Тарих этникалық қазіргі феномені әртүрлі болатынын көрсетеді.
Этникалық өзбетіншілікті, ерекшеліктің қызығын іздеу ретінде тек қана саны
аз халықтарға ғана емес, ол барлығына тән, ол әртүрлі формада көрінеді.
Этностың өзара қатынасы – бұл топ аралық қатынас түрінің тарихи
алғышарттары. Сондықтан ол адамзаттық бұрынғы тарихымен антропогенез
ішінде туындаған, бірінші кезекте этникалық топқа тиістілігі белгісі
бойынша біз, олар қарама – қайшылығы арқылы дамып отырған әлеуметтік
әрекет ұйымының психологиялық заңдылықтарымен неғұрлым байланысты. Тарихи
процесс топаралық қарама – қарсылыққа неғұрлым байланысты. Тарихи процесс
топаралық қарама – қарсылыққа неғұрлым мұқияттықпен дифференциацияны
енгізді: кластық, профессионалдық және т.б.
Дифференциациямен бір мезгілде әлеуметтік процестің әлеуметтік
субъектісі және қоғамдық зат алмасудың күрделенуімен негізгі психологиялық
реттеуші қалыптасты – әлеуметтік субъектілердің бір – бірімен қатынасы,
өзіне және ақиқатқа қатынасы. Осыдан өндіріс қатынасымен, бірлескен өзара
тәуелді әрекетпен құндылық қатынастың үзіліссіз байланысы болады. Бұл
бағалау әлеуметтік субъектілердің қоғамдық позициясын бейнелейді. Осы
бағалаудың қалыптасуы өзінің позициясын барлық уақытта салыстырып отыру
жолымен өтеді.
Кейде біріккен адамдардың негізгі факторы ретінде олардың
қауымдастығының мәдениеті мен болмысын көрсетеді. Ол мұндай емес, себебі,
халық, этнос қандай да тек қана бір белгімен – тек қана тілмен, тек қана
жалпы территориямен немесе тек қана жалпы мәдениетпен сипатталып қоймайды,
сонымен қатар ол осылардың жиынтығымен сипатталады. Қандай этнос болсын –
ол тарихи мәдени қауымдастық этносты – халықты шектеуде, әдетте, мынадай
тіл, дін, халықтың өнері, ауызша шығармашылық әдет – ғұрып, салт – дәстүр,
жүріс – тұрыс нормасы және сырттай айқын компоненттерін көрсетеді.
Мәдениеттің осы аталған барлық компоненттері әрбір халықта әртүрлі өзіндік
мінездік қырларға ие – этникалық бейне ұрпақтан – ұрпаққа беріле отырып,
этникалық мәдениетті құрайды.
Әрекет субъектісі ретінде, этникалық топ өзінің барлық өмір сүру
барысында тек өзіне ғана тән мәдениетті жасайды және қайта жаңғыртады. Ол
өзінің тұтастығында басқа мәдениеттермен бірге ғана қалыптасады.
Бірде – бір жаңа мәдениет басқа мәдениетпен өзара әрекеттен тыс
дамымайды және өмір сүрмейді, ал өзара әрекеттің өзі уникалды мәдениет
жүйесінің қиылысуы негізінде өзінің спецификасына ие болады.
Әрбір мәдени акт шекарада мәнді өмір сүреді, оның мәнділігі мен
салмақтылығы да осында, шекарадан шығатын болса, ол тірегін жоғалтады, бос,
мақтаншақ болады, туылады және өледі.
Өз халқымыздың өкілі ретінде біздің әрбіріміз – оған тән мәдени
ерекшеліктердің үлкен комплексін тасушы болып табыламыз. Олар әрине
ұрпақтан – ұрпаққа биологиялық жол арқылы берілмейді. Біз олардың көп
бөлігін балалық шағымызда, ата – аналарымыздан, басқа да үлкен адамдардан
және қатарларымыздан аламыз, әрбір мәдениет өзіне ғана тән ерекшеліктерді
дамытуға жағдай жасайды. Адамның қандай да бір халыққа жатуы, оның туу,
шығу тегі жағдайымен және тәрбие беру мен оқыту процесінде анықталады.
Тәрбие беру адамды адам етеді. Әр халыққа тән барлық әдеттер мен әдет –
ғұрыптар, мінез – құлықтық барлық этникалық ерекшеліктері тәрбиеленеді.
Әрине әрбір қоғамдастық үшін, адамның тұлға болып қалыптасуы, этникалық
мәдениеттен, құндылықтан, дәстүрлерден тыс мүмкін емес болғандықтан, оның
балаларының тек қана өз халқының лайықты өкілдері болып жетілуі маңызды.
Жеке адамның қалыптасуына мәдени – психологиялық әсер, оның этникалық
құндылықтарды, рухани бейнені белсенді игерумен байланысты. Г.Шпеттің
пікірі бойынша жеке – дара адамның ұлттық құндылыққа, тарихқа, тарихи
есінің қатысты болуы, биологиялық тұқым қуалаушылықпен өлшенбейді, ал осы
тарихтың мазмұнын жасайтын, мәдени құндылыққа саналы түрдегі қарым –
қатынастың дәрежесімен өлшенеді[30]. Этникалық специфика белгілі дәрежеде
әрбір халықтың тарихи тәжірибесінде шоғырланады немесе осы тәжірибені
меңгеру индивидті әлеуметтену процесіндегі маңызды мазмұны болып табылады.
Өзінің дамуы барысында жеке адам, қоршаған орта арқылы, әсіресе отбасы
мен мектебі арқылы ұлттық мәдениетінің, әдет – ғұрпының, дәстүрінің
спецификасына жақындайды. Солай етіп, индивидтің рухани дамуы көбінесе
этникалық мәдениеттің екі деңгейімен байланысты, оның элементтері көбіне
адамның рухани мәнін, жан – дүние өмірінің бағыттылығын тұлға ретінде
анықтайды.
Мәдениет - болмыстың жаңа формасы сияқты, қоғамдық сананың ерекше
күйі. Этностың қызмет етуіне, олардың әрбір мүшесінің өзінің спецификалық
қауымдастығын, яғни этникалық өзіндік – сан саналы түрде сезінуі жатады.
Б.Ф.Поршнев топтық ең басты психологиялық сипаттамасы біз – сезім
деген атаудың бар болуы болып табылады, деген шешімге келді. Біз – сезім
бір қауымдастықты екінші қауымдастықтан ажырата білу қажеттілігін көрсетеді
және кейбір топқа жататын саналы түрде сезінудің өзіндік бір индикаторы
болып табылады[31].
Этникалық өзіндік сананы өзіндік сана табиғатының мәнін білмей тұрып
түсіну мүмкін емес. Өзіндік сана мәселесіне концептуалды көзқарас өзінің
шығу тегінде антикалық және орта ғасырлық ойшылдар мен ғұламалар –
Аристотель, Платон, Августин еңбектерінде түйіседі. Жаңа дәуір кезеңінде
бұл мәселе Декарттың, одан әрі неміс философиясының классиктері – Фихте,
Кант және Гегель еңбектерінде өте терең теориялық жан – жақты талдамға ие
болды. Гегель өзіндік сананың екі түрін бөліп көрсетті: сана мен ақиқат
дүниесіне өзіндік қатынасты тану ретінде көрінетін өзіндік сана – сезім.
Гегельдің және басқа да неміс философиясының классиктерінің теориялық
көзқарастары әріректе өзіндік сана жөнінде біршама жаңа концепциялардың,
оның ішінде психологиялық та дамуының методологиялық негізіне айналды[32].
Психолог – ғалымдар арасында өзіндік сана – сезімнің психологиялық
аспектілерімен белсенді түрде айналысқандардан, Батыста А.Пфендра және
Т.Липпсті, Ресейде – Е.Боброва мен Л.Лопатинаны атап өтеміз. Олардың
еңбектері өзіндік сананы уақыттан тыс рухани субстанция ретінде, оны тек
интроспекция арқылы тануға болады деген пікірге негізделген өзіндік
сананың интроспекциялық теориясы өз негізінде Батыста даму алған
интроспекциялық психологияның методикалық базасы болуына әсер етті.
Интероспекция саласындағы атақты маман В.Вундтың еңбектерінде маңызды
орын алды. Өзіндік сана мәселесі және өзіндік сана терминінің теориялық
талдамын совет философтары мен психологтары, баса айтқанда С.Л.Рубинштейн,
И.И.Чеснокова. А.Г.Спиркин, В.В.Столин, И.С.Кон еңбектерінен табады. Осы
және басқа да отандық философтар мен психологтардың зерттеулері өзіндік
сана – сезім категориясын орнықтыруды, оның шынайы ғылыми түсіндірмесінде,
өзіндік сана, сана сияқты бейнелеу теориясы тұрғысынан қарастыруға маңызды
ноқатқа ие болды.
Көптеген мамандар бүгінгі таңда өзіндік сана әлеуметтік субъектілердің
психикалық өмірінде санамен, ол екеуі бір – бірінен сапалы түрде айрықша
құрылымдар бола тұрса да, тікелей бірлікте көрінеді деген көзқараста. Сана
процестерінде өзіндік сана саналы түрде сезіну және сана актісін тіке
өзінің Меніне бағыттау түрінде бой көрсетеді. Ал өзіндік сана – сезім
процестері өзінің уақытты – кеңістік тиесілігін және сыртқы дүниеге
бағыттылығын тек қана саналы түрде сезіну негізінде іске аса алады. Өзіндік
санада субъект екі рөлде, танымның объекті ретінде де, субъекті ретінде де
көрініс береді. Бірақ бұнымен әр кез мамандардың өзіндік сананың шығу тегі
жөніндегі сұраққа қатысты көзқарастары сәйкес келе бермейді. Мысалы,
И.С.Конныңпікірі бойынша, өзіндік сананың анықталған бір деңгейі адамның
сонау ертеректегі ата – бабаларына тән болған[33]. Өзіндік сана көрінісінің
алғашқы түрлері жөнінде айта отырып, бүгінгі таңда жалпы мақұлданған
Б.Ф.Поршневтің өзіндік сананың кез – келген түрінің ядросы болып,
даралықтағы және ұжымдағы деңгейде қандай да бір Біз ой – елесімен
қалыптастырылған, қандай да бірегей қауымды ой – санадан өткізу көзқарасын
атап өту жөн болар. Б.Ф.Поршневтің ұжымдық өзіндік бізді саналы түсінуі,
басқалардың - олар - тіршілік етуін саналы түсінуден кейін пайда болды
деген тұжырымдамасы Өзіндік сананың ұжымдық түрлерінің табиғатын ұғынудың
методологиялық мәні болып табылады[31].
Көпшілік мамандар сонымен қоса, сананың өзіндік сана деңгейіне өтуі
өзін – өзі тану процесінде жүзеге асады деген пікірлер айтады. Бірақ та
А.Г.Спиркиннің ескерткеніндей, сана бұл процесте өзіндік санаға қарсы
қойылмақ емес, соңғысын сана моменттерінің бірі немесе жоғарғы түрі ретінде
түсіну қате. Өзіндік сана, А.Г.Спиркин бойынша, сананың тұтастай өзекті
моменті және сананы, оның субъективтіге актуалдылығында көрсетеді[34].
70 жылдардың басында А.Г.Спиркин өзіндік сана тек және адамға ғана
емес, ол қоғамға, тапқа, ұлтқа және әлеуметтік топқа да тән деп айтты.
Бұл ойды біршама басқаша түсіндірмеде А.К.Уледовайтқан болатын.
Өзіндік – сана, - деп жазады А.К.Уледов – әлеуметтік субъектінің қазығы.
Егер әлеуметтік субъектінің санасы болып, идеялар мен көзқарастар, ой –
елестер мен пікірлердің жиынтығы және ақиқатшылықты бейнелейтін және оған
деген қатынасын көрсететін басқа да рухани құрылымдар болып табылатын
болса, өзіндік сана, әлеуметтік құрылымдарды құрайды. Нақты осы менен
өзіндік сана сезімнің әлеуметтік құрылымдарын құрайды. Нақты осыменен
өзіндік сана сезімнің әлеуметтік субъектінің санасындағы және оның тіршілік
ету әрекетіндегі орны мен мәні анықталады[35].
Әлеуметтік субъектілердің өздерінің мүдделері мен қажеттіліктерінің
көлеңкесімен бейнеленбей, олардың адекватты және объективті көрінісі арқылы
бейнеленуі қажет.
Өзіндік сана – бұл адамның өзінің қажеттіліктеріне және
қабілеттіліктеріне, құмарлықтарына және мінез – құлық мотивіне,
күйзелістері мен ойларына саналы түрде қатынасы болып табылады. Өзіндік
сана және де адамның өзінің субъективті мүмкіндіктерін эмоционалды
бағалауында көрінеді.
Өзіндік сана – бұл адамның өзін жеке өмірлік іс – әрекеттерінен бөліп
қарай алу қабілеттілігі.
Өзі туралы түсінік (өз Мені туралы субъективті образ) адамның
мотивтері, мақсаттары және өз қылықтарының нәтижесі мен қоғамда қалыптасқан
әлеуметтік нормалар арасындағы қатынас кезіндегі басқа адамдардың бағалаушы
қатынастары әсерінде қалыптасады.
Тұлғаның санасы дегеніміз – оның өзіндік Менінің тұтас бейнесі,
салыстырмалы тұрақты болатын, азды – көпті дәрежеде саналы түрде
сезілінетін, индивидтің өзі туралы түсініктерінің жүйесі болып табылады.
Адам санасы болғандықтан ғана өзін табиғаттан, басқа адамдардан бөле
алады. Адамның тұлғалық даму процесіне сананың қалыптасуындағы маңызды
компонент ретінде оның өзіндік сана – сезімі де кіреді.
Тұлғаның өзіндік санасы бар саналы субъект туғаннан берілмейді. Нәресте
бірден өз Менін сезіне алмайды, бастапқыда ол өзін басқа адамдар үшін
объект ретінде сезінеді. Өзін жеке субъект ретінде, Мен ретінде сезіну
дамудың нәтижесі болып табылады. Өзіндік сана тұлға дамуынан бөлек жеке
дами алмайды, ол тұлғаның реалды субъект ретінде даму процесінің бір жағы,
бір компоненті ретінде саналып, осы тұлғаның даму процесіне енеді.
Сана өзіндік санадан туындамайды, керісінше жеке субъект ретіндегі
тұлға санасының дамуы кезінде сана – сезім қалыптасады. Тұлға мен оның
сананың дамуы бірнеше басқыштан өтеді. Сыртқы жағдайлармен қатар мұнда
адамды қоғамдық және жеке өмірдің субъектісі ететін жағдайлардың бәрі
кіреді.
Өзіндік сана бірнеше баспалдақтан өтеді – әркімнің өзіне қарапайым
қатынасы тереңірек түрдегі өзіндік танымға, ал өзіндік таным тұрақты немесе
кейде өте ауыспалы болатын өзіндік бағалауға өтіп отырады.
Тұлғаның және өзіндік сана дамуының жоғарғы кезеңдерінде индивидуалды
ерекшеліктер үлкен орын алады.
Барлық адамдар да өзіндік сана бар саналы субъект болып табылады.
Адам өзінің басқаларға деген қатынасын саналай отырып, өзі анықталады.
Бұл өзіндік анықтау сана – сезімде көрініс табады.
Өзіндік сана тұлғаның шын тұрмысын пассивті және айна сияқты
бейнелейді.
Өзіндік сана адамның өзіне деген қатынасын енгізе отырып, өзіндік
бақылаумен де тығыз байланыста болады. Адамның өзіндік бағалауы бағалау
нормаларын анықтайтын дүниетаным арқылы жасалынады.
Өзіндік сананың тағы бір ерекшелігі адамның өзін басқалардан бөліп
қарастыруы ғана емес, оларға қарсы қоя білу қабілеті. Өзіндік сана сананың
өз – өзімен монологы емес, тұлғаның өз тәжірибесімен жүргізетін диалог
болып табылады.
Өзіндік сана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжым психологиясы мәселесі
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық негіздері
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Этникалық өзіндік сана және қарым - қатынас ерекшеліктері
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Саясат психологиялық феномен ретінде
Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Этникалық қарым - қатынас туралы мәселелер
Пәндер