М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4 бет

І ТАРАУ М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

1.1 Мағжан Жұмабаевтың шығармаларының пайда болу тарихы ... ... ... 5.7
1.2 Мағжан Жұмабаевтың қазақ лирикасына қосқан үлесі ... ... ... ... ... .7.16

ІІ ТАРАУ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ

2.1 Мағжан Жұмабаев шығармаларының өзектілігі және тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.24
2.2 Мектеп білім алушыларына М.Жұмабаев шығармаларын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Тақырыптың өзектілігі. Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.
Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктсрге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді.
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды («Туған жерім – Сасықкөл»). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленді халыктарының бірлігі тақырыбы Мағжан поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән («Сүй, жан сәулем», т.б.) әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі («Айда атынды, Сәрсембай», «Шойын жол»). Ол технологиялық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді.
Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Жұмабаев қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психологиялық әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен Анкарадағы (Түркия) М. Жұмабаевқа қойылғап ескерткіш кестелеіп өрнектей білді.
1. С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б. Иманбеков Қ Этнопедагогика: Оқулық. –Астана: Фолиант, 2007. 302-б.
2. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 19923. Әбиев. Педагогика. Алматы. 2004. 286-б.
3. С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында // Ізденіс, 2002. №4 Б: 8-12
4. С.Сеңкібаев. Мағжанның тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел мектебінің негізі // Ұлт тағылымы. 2001. №6 Б: 3-6
5. Б.Базарбаева, О.Бөдесова. М.Жұмабаев атындағы педагогикалық бағдарлы мектебінің болашағы // Ұлағат. 2003. №1 Б:16-18
6. М.Бағыбаева. М.Жұмабаевтың психологиялық мұрасы // Ұлағат. 2003. №2 Б: 25-27
7. С. Мұқанов Сынға сын. // Еңбекші қазақ. 31.1.1926. 183-б.
8. М.Бағыбаева. М.Жұмабаев және ұлттық тәлім-тәрбие // Ұлағат.2004. №5 Б: 36-38
9. С.Сеңкібаев. Мағжанның ұстаздық-тәлімгерлік идеялары және олардың дамуы // Білім. 2001. №3 -306-б.
10. Т. Жұртбай Алаш ақиықтары. – Астана: Отырар. 2004. 8-б.
11. К.Құнантаева, И.Халитова. Қазақ мектебіне негіз іздегенде //Қазақстан мектебі. 1993. №10
12. Б.Дәрімбетов. Мағжанның бір мақаласы // Қазақстан мектебі. 1993. №2Оқулық және оқулыққа қосымшалар. – Алматы: «Санат», 2003. – 528-б.
13. М. Жұмабаев Таңдамалы: (Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар). – Алматы: Ғылым, 1992. – 272-б.
14. Ж. Аймауытов , Мағжанның ақындық туралы. «Лениннін жас» журналы, №5, 1923; Б: 9-13.
15. Ғ.Тоғжанов, Әлебиет және сын меселелері, К..-0., 1929;
16. Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың және Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволык мұрасын зерттеу жөніндегі комиссиясының қорытындысы. «Социалистік Қазақстан» газеті. 198У, №29М.
17. Елеукенов Ш. Магжам. А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995; -603-б.
18. К. Нұрпейісов, Алаш һөм Алашорда, А., 1995. -408-б.
19. Ж. Смағұлов, Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Қарағанды: 2008. 553-б.
20. С. Жұмағұлов ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы. – Қарағанды: 2008. -552-б.
21. Д. Қамзабекұлы, С. Сәдуақасұлы. – Алматы: 1995. 256-б.
22. Н. Төреқұлов, Асау тұлпар // Темірқазық. №1.1922. 453-б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..3-4 бет

І ТАРАУ М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ
АЛАТЫН ОРНЫ

1.1 Мағжан Жұмабаевтың шығармаларының пайда болу тарихы ... ... ... 5-7
1.2 Мағжан Жұмабаевтың қазақ лирикасына қосқан
үлесі ... ... ... ... ... .7-16

ІІ ТАРАУ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ

2.1 Мағжан Жұмабаев шығармаларының өзектілігі және тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-24
2.2 Мектеп білім алушыларына М.Жұмабаев шығармаларын
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 33

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы – Алаш
қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.
Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін
ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл
халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктсрге қол
жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі -
отаршылдық деген шешімге келді.
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып
қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры
келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді
отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (Туған жерім – Сасықкөл).
Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленді
халыктарының бірлігі тақырыбы Мағжан поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын
арқауы іспетті.
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік
сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына
тән (Сүй, жан сәулем, т.б.) әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш
жырлаушылардың бірі (Айда атынды, Сәрсембай, Шойын жол). Ол
технологиялық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани
дәстүрлерді бұзуына қарсы еді.
Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем
табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Жұмабаев қазақ поэмасының баяндау
стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі
болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психологиялық
әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен
Анкарадағы (Түркия) М. Жұмабаевқа қойылғап ескерткіш кестелеіп өрнектей
білді.
Акын шығармашылығының үлкен бір арнасы — халыққа білім беру,
педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап Педагогика
(1922, 1923), Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні (1925) еңбектерін
жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер
жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті. Автор аударма саласына
үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В.Клльцов, М.Ю.Лермонтов,
А.А.Фет, И.И.Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький,
В.В.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударлы.
Таңдаулы прозалык шығармалар аударумен қоса Шолпанның күнәсі әңгімесі
арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
Кеңестік жүйенін қуғын-сүргінінің кұрбаны болған Мағжан Жұмабаевтың есімін
ақтау ісі 1958 ж. қолға алынлы. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның
тандамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже
шықпай, Мағжан шығармалары басылмай қала берді. 1960 ж. Түркістан әскери
округ әскери трибуналының алқасы шешімімен Мағжан Жұмабаев толығымен,
біржола ақталды.
Мағжан есімі ақталса да, ол жөнінде Қазақстан Жазушыдар одағы мен
ғылыми мекемелергс хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзак уақыт бойы
Мағажан Жұмабаевтың шығармаларымен жете таныса алмай келді. Түркияда ақын
кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. Бірақ
М.Жұмабаев шығармалары 1989 ж. ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан
М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Ш.Сариев
бастаған ғалымдар тобы Мағжан Жұмабаевтың 3 томдық шығармаларын шығаруды
қолға алды. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің
егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін
мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және
Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабаев есімі берілді. Петропавл
қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған.
Біз де осы мәселені шешу және зеттеу мақсатында курстық жұмыс
тақырыбын М. Жұмабаев шығармаларын оқыту деп алдық.
Курстық жұмыстың мақсаты: М. Жұмабаев шығармаларын оқыту әдіс-
тәсілдерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) М. Жұмабаевтың шығармаларының пайда болу тарихын зерттеу;
2) М. Жұмабаев шығармаларының өзектілігі және тәрбиелік мәнін анықтау;
3) Практика жүзінде М. Жұмабаев шығармаларын оқыту.
Курстық жұмыстың әдістері: зерттеу бағытына сәйкес әдебиеттерге талдау
жасау, сауалнама, интервью алу, тестілеу, әңгімелесу, бақылау, құжаттармен
танысу, білім беру саласындағы мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан іс-
шараларды талдау, зерттеудің педагогикалық тиімділігін тәжірибе арқылы
тексеру.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен
жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Әдебиетті оқыту
әдістемесі пәнін оқытуда, Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын оқыту
тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу
нәтижелерін педагогика пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша
көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ
АЛАТЫН ОРНЫ

1.1 Мағжан Жұмабаевтың шығармаларының пайда болу тарихы

Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып,
ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының
өшпес маңызын бірден танып, оны хакім деп атады, ұлы ақынның мың жыл
жұтса дәмі кетпес сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың
рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен
мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді
көтерді (Шын сорлы), халқын өнер-білімге шақырды.
Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады. Өз поэзиясының алғашқы
қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт азаттық
тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап,
топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге
қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген
шешімге келді.
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып
қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры
келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді
отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (Туған жерім – Сасықкөл).
Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген
жорық идеясы.
М.Жұмабайұлы шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның
символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі
болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу
саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды. Ақын дыбыс-
буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті. М.Жұмабайұлы
поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының
бірлігі тақырыбы М.Жұмабайұлы поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы
іспетті.
Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал
етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды.
Шолпан жинағындағы Орал тауы өлеңінде:
Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал – деп жазды. Ерекше атап өтетін
бір жәйт – Жұмабайұлының түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық
қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен
астасып, бірге өріліп отырады.
Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып,
отаршылдыққа қарсы күреске алып. Сондай-ақ, Жұмабайұлы Пайғамбар өлеңінде
Ғұн – түріктің арғы атасы десе, Түркістан атты өлеңінде Түркістан – ер
түріктің бесігі ғой деп асқақ рухпен жырлады.
Түрікшілдік сезімі 1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған
түрік халқының азаттық соғысына арналған Алыстағы бауырыма атты өлеңінде
айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай Яш Түркістан журналында
(1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең
пайдалы өлең деп бағалады.
М.Жұмабаев – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз
өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-
қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол
дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың
бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам
жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды,
дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем
болғысы келеді.
Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын,
ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа
тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың
ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап
білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол
қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан
(Қиял құлы мен бір ақын). Ақын Қорқыт поэмасында философиядағы мәңгілік
тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде
суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай
қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.
Жұмабайұлы қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік
сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына
тән. М.Жұмабайұлы – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш
жырлаушылардың бірі. Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-
мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға
жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.
Жұмабайұлы қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту
қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік
арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін,
даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. М.Жұмабайұлы
поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.
Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор
қуатпен жырлай білді.
Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру,
педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап Педагогика
(1922, 1923), Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні (1925) еңбектерін
жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер
жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.
М.Жұмабайұлы аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу
Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов,
А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б.
әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен
қоса М.Жұмабайұлы Шолпанның күнәсі әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне
психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.

1.2 Мағжан Жұмабаевтың қазақ лирикасына қосқан үлесі

Ұлылар ешкімге ұқсамайды, олардың әрқайсысы өзінше өзгеше. Қахақтың
екі ұлы ақынының өзгешеліктері де осы жақтарында жатыр. Абайда ой басым
болса, Мағжанда сезім басым. Абай әлеуметтік лириканы шыңға шығарса, Мағжан
адам жанының сиқырлы сезімдерін жырлауда алдына жан салмады.
Махаббат — әлем поэзиясында мәңгілік тақырыптардың бірі болса, қазақ
поэзиясында Абай арқылы жаңаша жаңғырды. Ол жырлаған Айттым сәлем,
Қаламқас, Көзімнің қарасы сияқты қлеңдері мазаббат сезімдерін асқақ
гимнге айналдырып жіберді.
Ал табиғатынан лирик М.Жұмабаевтың шығармашылығында да махаббат
тақырыбы айрықша орынға ие. Мағжанды өз кезінде ақын ретінде танытқан да
осы махаббат жайлы өлеңдері болатын. Бұл турасында кезінде Ж.Аймауытов
Ақын махаббатқа сенеді: жүрегі сезеді, махаббатсыз өмірде мағына бар деп
білмейді.
Көңілді ашатын, жалынды басатын, жалғыздыққа, зарыққанда, талыққанда
жүрекке ем болатын жалғыз ғана махаббат, адам шын сүйсе, махаббат –
жүректі жаралайтын тікенек! Жар сүйсу жүрек жазылады, сүймесе өледі,
махаббат – бір тәтті у, дүниенің у-шуы жүрекке махаббаттай күшті әсер бере
алмайды, міне ақынның махаббатына көзқарасы.
Бірақ махаббатты мәңгі деп ұқпайды. Кейде махаббат тез сөніп қалуға
мүмкін деп қарайды (Мағжан Жұмабаев Шығармалары. А., 1989, 421-бет) – деп
жазған болатын.
Махаббат – бір тікенек,
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар.
Тез жазылмақ бүл жара,
Бал тілімен сүйсы жар.
Сүймесе жүрек, дариға,
Өлер жүрек, қансырар.
Махаббат – бір тәтті у,
Ішер жүрек, болар мас.
Дүниедегі у мен шу,
Мас жүректі оятпас (сонда, 144-бет) -
деген шумақтарын оқып отырып жазған сияқты. Содан соң Суйген анық атты
өлеңіндегі сезімнің, яғни махаббаттың да өзгеретіндігін жырлаған.
Алдағаным жоқ,
Арбағаным жоқ,
Сен сөзіме, сұлу қыз!
Тап сол сағат Сүйгенім хақ,
Куә мынау көп жұлдыз! - деген жолдарды
меңзеп отырғандай.
Махаббат – деп жырлаған ақын үшін махаббаттан қүшті нәрсе жоқ.
Өмірлегі ең қымбат, ең асыл – махаббат. Ол оны тақ пен тәжге де, дүниенің
бар байлығына да айырбастамайды. Өйткені Шын ғашық болудан артық бақыт жоқ.
Сүйгенімен ләззатты шақты бірге көру – адам ғұмырының жұлдызды шағы,
өміріне нәр беретін, әр беретін бақытты шағы. Сондықтан да ақын:
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләзаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына, —
Деп жырлайды. Сезімді бұлайша асқақтата жырлау бұрын-соңды қазақ
поэзиясында кездесе бермейтін. Мағжан Абайдың Айтты сәлем, Қаламқас
саған құрбан мал мен басдеген ойларды ары қарай дамыта, тереңдете алып
кетіп, махаббаттың сиқырлы сезімінің құдірет күшін жан дүниесімен жайып
салады.
Абай: махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар десе, Мағжан
махаббатсыз көп күндерден адамның ең асыл сезімі патшалық құрған бір күнді
артық санайды. Өйткені адам – сезіммен адам. Сүйіспеншілік сезімдерінсіз
адамдардан адамдық істер күтуге болмайды. Махаббат – адам өмірінің мәні.
Ақын тағы бірде ғашығыңды:
Жалындап күйіп,
Бір ғана сүйіп,
Өлсең де болмай ма? - деп, сауал тастай
жырлайды. Өйткені адамды адам қып тұрған – махаббат. Ақынды ақын қылатын да
– махаббат. Гүл болмаса, бұлбұлдың сайрамайтындығы сияқты, ғашық болмаған
ақын да жырлай алмайды. Шын сүйген ақын ғана шабыттанып, шын жырлай біледі.
Сондықтан да ақын тағы бірде өзін гүлден гүлді қуалап ұшатын қөбелекке
теңейді (Жас сұлуға).
Сүйіспеншілік – Мағжан поэзиясының өзегі, қаны, жаны, бүлкілдеп соғып
тұрған жүрегі. Оның Сүй, жан сәулем, Төгілген шашы, Күміс нұрлы ай,
Шолпан, Н-ға, Сүйгенім анық, Хор сипатты қарындас, Жас сұлуға,
Сәуле, Гүлсім ханымға, 3-ға, Жұлдызды – жүзік, айды – алқа қып
берейін, т.б. өлеңдерінде адам жанының сүйгеніне деген не бір тылсым
сырлары әсем өрнек тапқан. Осы өлеңдердің қай-қайсысы болса да өзінше бір
әлем; бір бірін қайталамайды.Шетінен самалдай соғып, жібектей желпіп,
жүректі тербетіп, ғажап бір күйге бөлейді.
Табиғат тақырыбында біршама ғалымдар пікір білдірді. М. Базарбаев
Мағжанның Жазғы жолда, Қысқы жолда, Жел, Айға өлеңдеріне тоқталып,
былай дейді. Ақын тау туралы толғансын, не дарқан даланың кеңдігін
жырласын, тіпті көл, немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жер, күн,
ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүние түсінімі, ішкі жан күйі
тұрады, сонысымен айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебіренеді
[1,15].
Рымғали Нұрғали Әуезов және алаш кітабында, Ақын шыққан аса биік
эстетикалық тұғырдың бірі – пейзаж лирикасы, халық әдебиетінен, Абай
дәстүріндегі жыл маусымдарына қатысты әлеуметтік терең сарындардан алынған
үлгілерді дамыта келе, Мағжан табиғат көріністерін бейнелеуде әлем
поэзиясындағы классикалық тәжірибелерге ден қоя отырып, жаңа көркемдік
игіліктер жасады, – деп, Толқын өлеңіне тоқталады [2, 98].
М. Әлімбаев Толқыннан толқын туады кітабында Еділде деген өлеңнің
көркемдігін саралай келе: Жұмабайұлы Мағжанның мектеп оқулықтарына бүгін
де өзі сұранып тұрған өлеңдері аз емес. Өйткені уақыт озғанымен, өлең
тозбаған. Бұл әсіресе табиғат жайындағы туындыларына тән!, – деп, Жаз
келеді, Жазғытұрым өлеңдерін атайды.
Ал Бақыткамал Қанарбаева Жырымен жұртын оятқан атты Мағжан туралы
монографиясында табиғат лирикасына қысқаша түйіндеу жасай кетеді. Гете
тәрізді Мағжан да табиғатқа жан бітіріп жырлайды. Оны Күзді күні
өлеңіндегі табиғатты адам тәрізді жылатып, сыбырластырып сырластыруынан,
Сең өлеңіндегі сары аяз бен қардың ғашық жардай қыс кезінде құшақтасып
бірге жүргенімен, көктем шығып жер ери бастағанда күннің қызуына шыдай
алмай еріп кетуін жанды суреттеуінен білеміз. Жиіленді қара орман
өлеңінде аппақ қар жамылып жатқан орманды түс көріп жатқан адамға балауы да
осы ойымызды нығыздай түседі. Аймауытов айтқандай, қазақ әдебиетінде
табиғатқа жан бітіріп суреттеуде Мағжанға жетер ақынның жоғы рас [3,45].
Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік
монографиясында Мағжанның табиғат лирикасы туралы былай дейді: Табиғатты
бейнелегенде де, белгілі бір алқаптың нақты бір көрінісін алудан безіну, –
яғни сол кездегі қазақ даласының, өзен-көлі, теңізінің көшірмесін жасаумен
шектелмеу, қайта сол арқылы сездірілген жұмбағы мол лирикалық қаһарман жан
дүниесін әспеттеу талабы жүзеге асады, – деп, мұның дәлелі ретінде
Толқын өлеңіне талдау жасайды, Табиғатты әрі айрықша, әрі шартты қалыпта
алып бейнелеу романтизмнің бір ерекшелігі десек, соның бір көрінісі
–Мағжанның Жиіленді қара орман өлеңі [4, 194].
Мағжан мен Абай табиғат лирикаларының қаншалықты алшақтағанын
сараласақ, М.Әуезовтің мына пікірінен аңғарамыз: Тегінде, пейзаждың өзін
суреттеуде көп ақын өздерінің стильдік өзгешелігін анық аңғартады. Шығыс
ақындарының ескі дәстүрін алсақ дәл таудың таулық, шындық қалпын
суреттемей, салыстыру үшін әр алуан тұспалдарға бейімдеп көрсететін. Тауы
кейде тауға ұқсаса, кейде қиялап, шұбарлап, әсірелеп айтқан тұманды,
жұмбақты бір көріністерге ауысып кетер еді.
Орыс поэзиясының, әсіресе Пушкиннен бері қарайғы классик реалист
стильге ауысқан үлгісін ескерсек, оның аса айқын бір өзгешелігі – әрдайым
дәлшілдігі, шындыққа жақындығы оқшау тұрады. Абай да осы сияқты суреттейін
деп отырған жайын және барлық күйлерін, сол орыс поэзиясындағы дәлшілдік
негізге құрады [5, 105].
Мағжан кезінде Абайдан соңғы күшті ақын саналды. 1918 ж. Абай
журналының №5 санындағы Ж. Аймауытов пен М. Әуезовтың Абайдан соңғы
ақындар мақаласында былай баға берілген: Сезімге әсер берерлік суретті
өлеңдер көбінесе Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмұт әм Ахмет Мәметовтыкі.
Бұлардың өлеңінде өзгеше бір сарын бар, жүрегінің сезімін суреттейтін,
нәрсемен жалғастырып әкететін артықша бір маңыз бар. Бұлар – сыршыл (лирик)
ақындар.
Мағжан өлеңдерінде қасірет те, реализм де бар. Қай тақырыптағы
өлеңдерін алсақ та, ешкімге ұқсамас ерекшелігін көреміз. Мысалы, Жазғы
жолда:
Дала. Дала. Сар дала!
Жапан түзде бір қара.
Келем жалғыз, жаяумын.
Жаныма ерген жолдас жоқ.
Төрт жағым дала – жер де көк.
Жылауға да таяумын.
Шілде. Оттай ыстық күн.
Дала -өлік. Жоқ бір үн.
Жер де жатыр тұншығып.
Жол жыландай иірілед,
Шаң ерініп, үйірілед.
Ешбір леп жоқ, тып-тыныш.
Көкте жалғыз бұлт жоқ.
Көктің түсі қызғылт көк.
Дүниені тылсым билеген.
Ыңыранғандай әлдекім,
Жылай ма екен әлде жын?
Перілер ме екен күйлеген?
Жел жыландай иірілед,
Шаң ерініп үйірілед.
Ешбір леп жоқ, тып-тымық,
Аңсап есім жия алмай
Өлсем екен тұншығып![5,25]
Бұл өлеңінде романтизм бар. Өз сезімі арқылы, жан дүниесімен
байланыстырып табиғатты суреттейді. Шыжыған шілдеде даладағы жалғыз жолаушы
сағым арасында есінен адасып келе жатқандай. Сағым оған біресе пері, жын,
біресе қалың әскер боп көрінеді. Абайдың Жаздыгүн шілде болғанда өлеңі
нақты өмірді сипаттайды. Әдемі жаз бен көшті бірыңғай жеңіл ырғаққа
түсіріп, бірыңғай әдемі бояумен суреттейді. Ал Мағжан өлеңінде тылсым дүние
қоршауындағы лирикалық кейіпкердің аласұруы асқақ түрде беріледі. Қысқы
жол өлеңінде:
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі.
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап.
Аузы-басы жыбырлап,
Асып-сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді.
Сүйіп ақырын құшақтап,
Әпсүн оқып үреді [6,366].
Бұл – қысқы боранның суреті. Мұнда да лирикалық кейіпкер қысқы түнде
жалғыз өзі жолаушылап келе жатады.
Барады үдеп бұл боран
Жанымда жоқ тірі жан.
Тоңазыды денем де.
Адаспай дұрыс келем бе?
Қорқып жүрек ойнайды,
Көз алдыма елестеп,
Әлде нелер келеді.
Боранын тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады.
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қаларын кім біледі? [7,268]-деп күдікпен аяқтайды. Бұл өлең де
жоғарыдағы Жазғы жолда өлеңіне ұқсас. Екеуінде де жалғыз жолаушы
табиғатпен алысып, өліммен де арпалысқандай. Абайдың табиғат лирикасында
лирикалық кейіпкерлер бірнешеу, көпшілік болса, Мағжанда жалғыз мен. Бұл
– Мағжанның табиғат лирикасының бір ерекшелігі. Осы екі өлең туралы Ш.
Елеукенов Жаңа жолдан (1989) кітабында былай деп еді: Мағжан Жұмабаев
нақтылы өмірден әлдебір мистикалық, сиқырлы дүниеге ауытқуға әуестенеді.
Одан бірде өзі қорықса, бірде жайнап тұрған табиғаттың арасында тұрып, жын-
пері іздеп, солармен сұхбаттасқысы келеді, осының бәрі кенет өлсем екен
тұншығып деген тілекпен бітеді [6, 58].
Ал Әуезов керісінше, Абайды сүйетінін айта келіп, Бұдан соң Мағжанды
сүйемін. Европалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара
қордалы аулында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып,
жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын – дейді. [7, 407].
Қысқы жолда боран бейнесі кейіптеу арқылы жасалған, Абай дәстүрін
жалғастыра отырып, өз ерекшелігін танытады. Боран бірнеше қимылда беріледі.
Әуелі ол ызғарлы, екі иінінен дем алып, ішін тартып осқырады, кейде қатты
ысқырады, одан соң, аңдай ұлиды, біресе екі санын шапақтап кенет сақ-сақ
күледі. Жалғыз жолаушыға күлгендей. Сонан соң баяулап, аузы-басы жыбырлап,
өпік секілді кебін жамылған жердің иманын үйіріп, Әпсүн оқиды. Желдің
ақырын ұйтқи соғып, қарды әлсін-әлсін үрлеуі молданың Әпсүн оқығанына
ұқсайтынын ақын шеберлікпен көз алдымызға елестетеді. Демек, жолаушы мерт
бола қалса, оған да боран Әпсүн оқиды дегенді байқатады. Қарды кебінмен
алмастырып, жерді өлген адамға ұқсатады. Бұл да – Мағжанның жаңалығы.
Лирикалық қаһарман сезімі де боранмен бірге өзгеріп отырады, жүрегі қорқып
ойнайды, әлденелер елестейді.
Жазғытұрым өлеңі де кейіптеу тәсілімен ойнақы жазылған. Абайдың
Жазғытұры өлеңінде күн – күйеу, жер қалыңдық боп алынса, Мағжан күнді –
ана, жерді бала етіп басқа қырынан келеді. Абай әуелі көктемді суреттеп
алып, кейін күн мен жерге көшеді. Ал Мағжан бірден Күннен бастайды.
М.Әуезов: Күнді – күйеу, жерді – қалыңдық етіп, осындай образбен
теңеу мәдениетті әдебиетінің үлгі дәстүрінен ескіріп қалған, мифтік теңеу
болады, – дейді [5, 15].
Болды, міне, дәл алты ай,
Жаттың ұйықтап, еркетай
Ұйқың қанды, тұр қозым,
Аш көзіңді, жұлдызым!
Деп маңдайдан ақырын.
Жұмсақ жылы сәулемен.
Сипап жерді Күн күлер.
Аяқтарын көсіліп,
Еркеленіп, есінеп.
Жер – нәресте жас бала.
Жаңа оянып жатқанда
Жұмсақ, ыстық бетінен
Тәтті ғана сүйсем деп,
Күбірлеп жылы жер жүрер.
Дамыл алмай жылар қар,
Ақ шымылдық ашылар.
Сылқ-сылқ күліп сылдырлап,
Бірдеңе деп былдырлап,
Көрінгеннен сүйінші
Сұрайтын жас баладай,
Асығып сулар жүгірер.
Керіліп ерке жер тұрар,
Мөлдір сумен жуынар,
Үлде менен бүлдеге,
Түрлі түсті гүлдерге,
Ши жібекке оранып,
Қарағанда көз тоймас,
Бүлдіршіндей киінер.
Көріп сұлу баласын,
Көз ішінде қарасын,
Қуанып, тасып жүрегі.
Қысып ыстық сүйеді.
Ұзын күнде ару жоқ,
Періштем деп айналып,
Алтын ана Күн жүрер.
Мұны көріп бұлттар,
Күңіреніп етер зар:
Біздерде алтын ана жоқ,
Тұрақ та жоқ белгілі –
Деп тұнжырап күрсініп,
Әлсін-әлсін жас төгер [8,259].
Ақын мұнда ана мен бала арасындағы махаббатты тұтас табиғатқа
ауыстырған. Негізі Жер-Ана деген ұғым ақын-жазушыларда көп қолданылады. Ш.
Айтматовтың Ана – Жер-Ана повесін мысалға келтіруге болады. Мағжан болса,
нақты тақырыбына қарай, көктемнің шығуы Күнге байланысты болғандықтан,
өмірде де анасыз бала тумайдындықтан Жерді – бала, Күнді – ана етіп алған.
Атаулары Күн, Жер болғанымен, әрекеттері кәдімгі ана мейірімін, бала
еркелігін сипаттап отырған секілді. Күн – Ана әуелі ұйықтап жатқан жер –
нәрестесін қозым, жұлдызым деп еркелетіп, жылы сәулесімен сипап оятып
алады. Жер – бала аяқтарын көсіліп, есінеп, еркелеп жатқанда жел де оны
сүйгісі келеді.
Бұларға қарама-қарсы қар жылайды, ериді деп алмаған, себебі бастан-аяқ
бәрі адам кейпінде болу керек.Сулардың аққанын сүйінші сұрап жүгірген жас
баладай деп, ұлттық өрнек береді. Төртінші шумақта жер керіледі. Ақын
адамның ұйқыдан тұрғаннан кейінгі қимылдарының реттілігін сақтаған.
Шынында, адам әуелі көсіліп, есінеп, кейін керіледі. Содан соң жуынып,
киінеді. Мұндағы жердің жуынуы – қардың еруі, киінуі – түрлі гүлдерге
оралуы. Ең соңында осыларға қызығып, бізде ана да, тұрақты жер де жоқ деп
бұлттар жылап алады. Бұлттың жас төгуі – жаңбырдың жаууы. Ақын өлең шартына
қарай әрқайсысын бір-бір рөлге салып, әрі көктемдегі заңды құбылысты
сақтаған: күн жылынады, қар ериді, жер көгеріп, гүлдейді, жаңбыр жауады.
Өлең құрылысы жинақы, ықшам.
Жаз келеді өлеңінде шыншылдық пен кейіптеу аралас келтірілген.
Үзінді келтірелік:
Төл үйдегі үйшікті
Таста бала белді бу.
Белден батып күртікке
Енді ізде қызыл су.
Қара көз таста кестеңді,
Үйде отырып қуарма!
Тысқа шығып-кіргенде
Екі беті – екі алма.
Дертің болса жүректе,
Төкпе жасың, аһ ұрма.
Жеткізер анық тілекке,
Шық та жазға сыбырла.
Күн батқан соң қатқақ боп
Қуанғанда ессіз қар,
Жаз келеді, жаз,жаз! – деп,
Жымыңдайды жұлдыздар [9,145].
Бұл өлеңге адам сезімін, қыс бойы дертті боп үйде отырған қара көз
бейнесін қосады. Дертің болса, оған дауа жаз келді дейді.
Сең өлеңінде табиғатқа тағы да ғашықтық, тастап кету, соған ызалану
секілді сезімдерді береді
Сары аяз – сүйген жар
Қайрылмай кеткен соң,
Қайратсыз қалың қар
Жылаумен біткен соң,
Жел сипап, күн күліп,
Мазақ қып сүйген соң,
Боларын бір сұмдық
Ішінен түйген соң.
Қалың мұз кәрленіп,
Қара көк түс алды... [10,258].
Мұнда сары аяз сүйген жар қарамай кеткен соң қалың қар жылаумен жоқ
болды, ал қалың мұз жел мен күн мазақ қылған соң, кәрленіп, қара көк түске
енеді, бір сұмдықтың боларын ішінен түйіп, кетуге ойланады, анасы – мұз
теңізге жетпекші. Мұндағы бейнелер: сары аяз, қалың қар, жел, күн, қалың
мұз, мұз теңіз, ерке өзен. Ақын оған суыққа жете алмайсың, ыстық күн
ерітеді деп, өзі де өлеңге сегізінші бейне боп қосылады.
Көп уақыт жатқан мұздың қара көк түске айналатыны белгілі. Ақын осыны
мұздың кәрленуімен байланыстырып, адамдардың да ашуланғанда түтігіп,
көгеріп кететінін есімізге түсіреді. Суреткер табиғи көріністен адам кейпін
дәл байқаған, әрі өлеңдегі мұздың рөліне де бұл сипаттау .тура келіп тұр.
Жоғарыдағы Жазғы жолда, Қысқы жолда өлеңдерінде лирикалық кейіпкер
біреу ғана болатын. Ал Жазғытұрым ,Сең өлеңдерінде кейіпкерлер бірнешеу
болып, табиғаттағы тұрақты болып тұратын құбылыстар мен адамдар арасында
болып жататын әртүрлі әрекеттер, сезімдер, қарым-қатынастар ұқсастығына
қарай бір-бірімен қабысып жатады. Мысалы, Сең өлеңіндегі табиғат құбылысы
адамдарда болатын махаббаттағы тұрақсыздықты, алданып қалуды көрсетеді.
Мағжанның табиғатындағы кейіптеу көбінесе адамдар сезіміне, махаббатқа
арналады. Бұл – Мағжанның табиғат лирикасының екінші бір ерекшелігі.
Толқын өлеңінде толқындар жар кейпінде бейнеленеді:
Толқынға толқын еркелеп
Меруерт көбікке оранып
Жыландай жүзге бұралып
Жарға жетер ентелеп.
Күміс кәусар суымен
Суының алтын буымен
Жарының бетін жуады.
Мөлдіретіп көз жасын
Жасымен жуып жартасын
Сүйіп сылқ-сылқ күледі.
Сылдыр-сылдыр, сылдырлап
Бірінің сырын бірі ұрлап
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді.
Береді де өледі.
Өледі толқын – тынады[11,25].
Мұндағы жартас – толқындардың жары. Ақын кәдімгі күнде болып жататын
табиғаттың заңды құбылысының өзінен адам тіршілігін, адамға тән әр түрлі
қарым-қатынасты көре білген. Ақын қиялының соншалықты байлығына, нағыз
суреткерлігіне тәнті боламыз.Орыс ақыны Бальмонттың Белый пожар атты
өлеңі де толқынды сипаттайды:
Я стою на прибрежье, в пожаре прибоя,
И волна, проблистав белизной в вышине,
Точно конь, распаленный от бега и боя,
В напряженье предсмертном домчалась ко мне [12,36].
Бальмонт толқынды шауып келе жатқан ақ аттарға, ақ жалынға ұқсатады.Ол
да толқынның соңында жоқ болуын өледі деген сөзбен береді. Бальмонттың
лирикалық кейіпкері үшін жай ат емес, соғыстан келе жатқан ақ ат, ақ жалын
маңызды. Толқынның түсі ақ болатындықтан, оның аты мен жалынының да түстері
ақ. Бальмонт басқа өлеңдерінде отты ең әдемі құбылыс деп санайды. Толқын
мен жалынның қимылдары бір-біріне ұқсас болғандықтан да ақ жалын деген
метафораны қолданған.
Батқан күн, атқан таңның жыры өлеңі азамат лирикасына жатса да,
мұндағы табиғат көрінісі де жоғарыдағы ойымызды нақтылай түседі:
Алтын күн батып барады
Алтын күн ақырын өледі.
Сұр бұлттар – сорлы жар,
Қан жылап күнді көмеді.
Күн өлді. Көк күңіренді.
Жер жамылды қарасын...
Жер жарынан айрылып,
Жамылды қара басына...[14,233].
Бұл өлеңнен де жар бейнесіндегі бұлт пен жерді көреміз. Жай ғана
кейіптей салмайды. Күнде қайталанатын күннің батуын, қараңғылық түсуін, күн
батып бара жатқандағы бұлттардың қызыл шапаққа бөленуін тұтас, бір-бірімен
байланысты әрекет етіп бейнелеген. Былай қарағанда, күннің батуы мен содан
кейінгі болатын өзгерістер жарынан айрылып, қара жамылған адам әрекетінен
аумайды.
Қорыта айтқанда, Мағжанның табиғат лирикасы ақынның стилін айғақтай
түседі. Табиғат лирикасына ақынның өз бояуын қосқаны, ешкімге ұқсамайтын
суреткерлік бай қиялы аңғарылады. Табиғат жұмбағы мол тылсым дүние болса,
Мағжанның табиғат лирикасы да сол табиғаттың өзі секілді. Бұл салада қазақ
әдебиетіне Мағжанның жаңалық қосқаны даусыз.

ІІ ТАРАУ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ

2.1 Мағжан Жұмабаев шығармаларының өзектілігі және тәрбиелік мәні

Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол
түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық
тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап
кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да
Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы
өлеңдерінің бірін Алтын хакім Абайға деп атауының өзінен ақынның ұлы
Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр
түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты
сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. Жазғы таң, Өнер-білім
қайтсе табылар, Қазағым, т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді.
Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына
алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын
жүрегіне жақын тұтты. Ол:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр,–дей келіп, қазақ арасында мұндай
ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай-
болыстар да, азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр.
Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім
берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Өзара дау-жанжал, айтыс-тартыс көп.
Міне, Мағжанның өкініші – осылар.
Дегенмен Мағжанның ойлары мұнымен шектелмейді. Бір ұлттың өз халқының
мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды. Мағжанның азаматтық парасатынан
туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы
айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен
салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Түркі
тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір
тұтады. Бұл қатарда ақынның Пайғамбар, Күншығыс, Түркістан, От,
т.б. тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәрі
де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық
сәулесі ғана талқандамақ. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз
топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі
айқын көрінеді.
Мағжанның бұл тақырыптағы өлеңдерінде заман шындығы халықтың басынан
өткен тарихи белестерді ойға алу арқылы түсіндіріледі. Ол Шығыстың, оның
ішінде түркі елдерінің кешегі тарихына көз жібереді. Бір кезде жайлаған
мекенін еске алады. Түркістан өлеңі соның айқын айғағы.
...Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой – деп басталатын өлең жолдары
кешегі тарихқа жетелейді. Ертеде Тұран аталған бұл жерді мекендеген ата-
бабаларымыздың өмірінен елес береді Ақын Тұранның жері мен суын, көлі мен
шөлін, өзен-суларын, тауларын, Теңізі мен Аралын, Ыстықкөлін, Жейхун мен
Сейхун дарияларын, Тянь-Шаньдай, Памир мен Алтайдай тауларын ғажайып
көркемдікпен суреттейді. Тұранды мекен еткен ер түріктің билері мен
батырларын, ғұлама ғалымдарын, ел басқарған хандарын еске алады. Міне,
осылайша бірлікте өмір сүріп, іргесін жауға бермеген түрік дүниесі бүгінде
бірнеше елге бөлініп кеткен.
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? – деп, Мағжан қазақты да сол ер
түріктің бір мұрагері санайды.
Тұран, Түркістан деген образды бейнелер арқылы Мағжан осылайша
Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан ете жырлайды. Оның бүкіл өткен
жолына шолу жасай отырып, тарихтың небір ерлікке толы, бейбіт өмір жайлаған
беттерін парақтайды. Оларды өз заманымен салыстырады. Көп нәрсеге көңілі
толмайды. Бір кезде Тұранды мекен еткен ер түріктің бүгінде бірлігі
азайған. Бас-басына ел болған, жеке халықтарға бөлініп кеткен. Шығысты
дәріптейтін өлеңдерінде Мағжан осынау түркі халықтарын бірлікке шақырады.
Сонда ғана Батыстан келген қиянатқа, Ресей патшасының отаршыл саясатына
қарсы тұруға болатынын ұқтыруға тырысады.
Бұған дәлел – ақынның Орал тауы атты өлеңі. Өлең кейіпкері – Орал
тауы. Мағжанның бейнелеуінде ол – бүкіл түркі дүниесінің символы.
...Аспанмен таласқан көкпеңбек таулар. Қарағай, шыршасы сыңсыған,
бауырында не түрлі аңдары жортқан, қойнауында алтыны мен алмасы тұнған Орал
тауы. Тау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау
СИМВОЛИЗМ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫ
Мағжанның жаңашылдығы
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Мағжан шығармашылығының зерттелуі
М. Жұмабаев шығармашылығындағы әлеуметтік - философиялық мәселелер
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
Пәндер