ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан \Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму стратегиясы



МАЗМҰНЫ

1 ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіптік Департаментінің жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1.1 Негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.3 Құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
2 ОҚО.ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан Республикасына индустриалық.инновациялық 2003.2015 жж даму Стратегиясын орындауы ... ... ... ... ... ... ... .

8
3 “Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005.2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы”Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450 Қаулысы (2005.17.10. берілген өзгерістермен ) ... ... ... ... ... ... ...

23
3.1 Қазақстан Республикасында шағын және ортакәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005.2007 жылдарға арналған бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

24
3.1.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы
мен дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
3.1.2 Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... 38
3.1.3 Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары
және тетiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
39
3.1.4 Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi ... ... ... .. 52
3.1.5 Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
53
4 Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Облыс әкімдігінің
2006 жылғы 24 қаңтардағы
№45 қаулысымен бекітілді.


«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» (бұдан әрі «Департамент») мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие, өз құзыретінің шегінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес мемлекеттік басқару органы болып табылады.
2. «Департамент» облыс әкімдігінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы №1 қаулымен құрылған.
3. «Департамент» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімдеріне және өкімдеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Департаменттің» құрылтайшысы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.
5. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 5 үй.
6. Департаменттің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

1.1 Негізгі міндеттері

14. «Департаменттің» негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін және өкімдерін іске асыру және олардың орындалу барысын бақылау;
2) индустриялық-инновациялық даму стратегиясының орындалу барысын үйлестіру, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туристік қызмет салаларында тұжырымдамалар, өңірлік бағдарламалар, негізгі бағыттар әзірлеу және жүзеге асыру;
3) өз құзыреті шегінде өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті және туристік қызметті дамытудың салалық, өңірлік бағдарламалары аясында инвестициялық жобаларды несиелеуде ықпал көрсету;
4) өнеркәсіп пен кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді іске асыруға бағытталған шаралар әзірлеу және жүзеге асыру;
5) туристік қызметті дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру, оның ішінде белгіленген тәртіпте туристік қызмет сапасын жоғарылату және оның инфрақұрылымын нығайту арқылы туризм индустриясының бәсекелестікке қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау;
6) өз құзыреті шегінде жекелеген қызмет және қызмет көрсету түрлерін лицензиялау функцияларын іске асыру;
7) тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа және орта мерзімдік кезеңіне арналған стратегиялық және индикативтік бағдарламаларын әзірлеу;
8) өз құзыреті шегінле облыстың аудандары мен қалаларының әкімдерімен бірлесіп, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм салаларындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қызметін үйлестіру және өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;
9) Қызмет көрсету, кәсіпкерлік және туристік қызмет саласын дамытушы, өнеркәсіп тауарлары, халық тұтыну тауарларын өндірумен және әзірлеумен шұғылданатын қауымдастықтардың, консорциумдардың, акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктерінің және басқа ұйымдардың қызметіне өз құзыретінің шегінде ықпал ету;
10) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туризм ұйымдары мен мекемелерінің тұрақты қызмет етулеріне ықпал ету;
11) Қазақстан Республикасының, ТМД мемлекеттерінің, таяу және қиыр шетелдердің деңгейінде заңмен белгіленген тәртіпте шаруашылық және ғылыми-техникалық байланыстар үшін қолайлы жағдай жасауға көмек көрсету;
12) өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм салаларына инвестициялар тартуға ықпал ету, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инновациялық жобалар тізіміне ұсыныстар енгізу, ішкі инвестициялық саясатты іске асыруға, сонымен бірге шетелдік инвестициялау процестеріне қатысу.

1.2 Функциялары

15. Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
2) өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының ғылыми даму ұйымдарымен және институттарымен өзара іс-әрекеттерін нығайту жөнінде іс-шаралар өткізу;
3) мемлекеттік, облыстық және салалық даму бағдарламалары шегінде жаңа технологиялық құрылысты енгізу, өнеркәсіп саласындағы жаңа, қайта өңдеуді игеру, ғылымды көп қажет ететін, ресурстарды үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар мен құрал-жабдықтарды жасау жөніндегі инновациялық процестерді жылдамдатуға көмек көрсету
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдгі жаңа Қазақстан». 28 ақпан, 2007ж.
2. ОҚО бойынша индустриалды-инновациялық дамуының Стратегиялық жоспары, 2004-2015жж. Шымкент, 2003ж.
3. ОҚО-ның қысқаша статистикалық жылнамасы. Шымкент, 2006ж.
4. Нәрібаев К.Н. Инновациялық менеджмент. Алматы, 2004ж.
5. Уткин Э.А. Государственное и региональное управление. Москва, 2004ж.
6. Ермаков С. Казахстан в современном мире. Алматы, 2003ж.
7. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. 2004ж.
8. Жаксыбаев С., Муравьев И. Пути развития Казахстана. Евразийское сообщество. Алматы, 2000ж.
9. Умбеталиев А. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік.Алматы, 2004ж.
10. Мейрбеков А.К. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы, 2003ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1 ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіптік Департаментінің жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Негізгі 3
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
1.2 Функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
... ... ... ... ... ... ..
1.3 Құқықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .6
... ... ... ... ... ... ...
2 ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан
Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму
Стратегиясын орындауы ... ... ... ... ... ... ... .. 8
3 “Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту
жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасын бекiту туралы”Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005
жылғы 12 мамырдағы № 450 Қаулысы (2005.17.10. берілген
өзгерістермен ) ... ... ... ... ... ... ... 23
3.1 Қазақстан Республикасында шағын және ортакәсiпкерлiктi дамыту
жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .. 24
3.1.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы
мен дамуын 26
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
3.1.2 Бағдарламаның мақсаты мен 38
мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ...
3.1.3 Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары
және 39
тетiктерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
3.1.4 Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi ... ... ... .. 52
3.1.5 Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны
iске асыру нәтижесiнде: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
4 Қолданылған 54
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..
Облыс әкімдігінің
2006 жылғы 24 қаңтардағы
№45 қаулысымен бекітілді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп
департаменті мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп
департаменті (бұдан әрі Департамент) мемлекеттік мекемесі заңды
тұлға мәртебесіне ие, өз құзыретінің шегінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік
және туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын
мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес мемлекеттік
басқару органы болып табылады.
2. Департамент облыс әкімдігінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы №1
қаулымен құрылған.
3. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына,
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімдеріне және өкімдеріне, сондай-
ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Департаменттің құрылтайшысы Оңтүстік Қазақстан облысының
әкімдігі болып табылады.
5. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 160000, Оңтүстік Қазақстан
облысы, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 5 үй.
6. Департаменттің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

1.1 Негізгі міндеттері

14. Департаменттің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс
әкімінің шешімдерін және өкімдерін іске асыру және олардың орындалу
барысын бақылау;
2) индустриялық-инновациялық даму стратегиясының орындалу барысын
үйлестіру, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туристік қызмет салаларында
тұжырымдамалар, өңірлік бағдарламалар, негізгі бағыттар әзірлеу және
жүзеге асыру;
3) өз құзыреті шегінде өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті және туристік
қызметті дамытудың салалық, өңірлік бағдарламалары аясында инвестициялық
жобаларды несиелеуде ықпал көрсету;
4) өнеркәсіп пен кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді іске
асыруға бағытталған шаралар әзірлеу және жүзеге асыру;
5) туристік қызметті дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру, оның
ішінде белгіленген тәртіпте туристік қызмет сапасын жоғарылату және
оның инфрақұрылымын нығайту арқылы туризм индустриясының бәсекелестікке
қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау;
6) өз құзыреті шегінде жекелеген қызмет және қызмет көрсету түрлерін
лицензиялау функцияларын іске асыру;
7) тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыстың әлеуметтік-
экономикалық дамуының қысқа және орта мерзімдік кезеңіне арналған
стратегиялық және индикативтік бағдарламаларын әзірлеу;
8) өз құзыреті шегінле облыстың аудандары мен қалаларының әкімдерімен
бірлесіп, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм салаларындағы кәсіпорындардың,
ұйымдардың және мекемелердің қызметін үйлестіру және өзара іс-әрекет жасау
бойынша іс-шаралар әзірлеу;
9) Қызмет көрсету, кәсіпкерлік және туристік қызмет саласын дамытушы,
өнеркәсіп тауарлары, халық тұтыну тауарларын өндірумен және әзірлеумен
шұғылданатын қауымдастықтардың, консорциумдардың, акционерлік қоғамдардың,
шаруашылық серіктестіктерінің және басқа ұйымдардың қызметіне өз
құзыретінің шегінде ықпал ету;
10) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туризм ұйымдары мен мекемелерінің тұрақты
қызмет етулеріне ықпал ету;
11) Қазақстан Республикасының, ТМД мемлекеттерінің, таяу және қиыр
шетелдердің деңгейінде заңмен белгіленген тәртіпте шаруашылық және
ғылыми-техникалық байланыстар үшін қолайлы жағдай жасауға көмек көрсету;
12) өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм салаларына инвестициялар
тартуға ықпал ету, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық
және инновациялық жобалар тізіміне ұсыныстар енгізу, ішкі инвестициялық
саясатты іске асыруға, сонымен бірге шетелдік инвестициялау процестеріне
қатысу.

1.2 Функциялары

15. Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан
Республикасының заңнамасы шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге
асырады:
2) өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының ғылыми даму ұйымдарымен
және институттарымен өзара іс-әрекеттерін нығайту жөнінде іс-шаралар
өткізу;
3) мемлекеттік, облыстық және салалық даму бағдарламалары шегінде
жаңа технологиялық құрылысты енгізу, өнеркәсіп саласындағы жаңа, қайта
өңдеуді игеру, ғылымды көп қажет ететін, ресурстарды үнемдейтін және
экологиялық таза технологиялар мен құрал-жабдықтарды жасау жөніндегі
инновациялық процестерді жылдамдатуға көмек көрсету;
4) облыс өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін қолдану тиімділігін
арттыру, бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруды көбейту шараларын
дайындау және іске асыру;
5) жекелеген салалар және салалық кластерді дамытуға ықпал ету;
6) құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру, осы
саланы дамытуға ықпал ету;
7) заң актілерімен берілген құзыреті шегінде жер қойнауын
пайдалану бойынша операциялар өткізу үшін берілген жер және су
учаскелерін қорғауға, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық
қауіпсіздік ережелерін сақталуына, археологиялық ескерткіштер мен басқа
да тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауына бақылау жасауды жүзеге
асыру;
8) келісім шарт жасасу барысында облыс халқының әлеуметтік-
экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтауға байланысты мәселелерді
шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен өтетін келіссөздерге қатысу;
9) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім шарттық міндеттемелерді
қазақстандық мазмұны және облыс аумағын әлеуметтік дамыту бөлігінде
орындауларына мониторинг жүргізуге қатысу;
10) келісім шартпен байланысты жолай қызмет үшін немесе жер
қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу барысында келісім шарттық
негізде сатып алу үшін қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда
шығарылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік тізіміне
енгізуге жататын және мемлекеттік және (немесе) халықаралық
стандарттарға сәйкес тауар өндіруші, жұмыс пен қызмет көрсетуші облыста
тіркелген ұйымдар бойынша мәліметтер регистрін құрастыруды жүзеге асыру;
11) кең тараған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлесіп
барлау жөніндегі материалдарды дайындау;
12) ғылыми, тарихи-мәдени және эстетикалық маңызы бар жер қойнауын
пайдалануға байланысты объектілерді құру мен сақтауға ықпал ету;
13) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
санатына жататын, ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және басқа
құндылықтарға ие жер қойнауы учаскелерінің және жергілікті маңызы бар
мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және
гидрогеологиялық объектілерінің тізімін құзыретті орталық атқарушы
органдардың келісімімен бекіту үшін ұсыныстар дайындау және енгізу;
14) өз өкілеттігінің шегінде өңірлік инновациялық бағдарламалар
дайындау және жүзеге асыру, оларды құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа
қолдаумен қамтамасыз ету;
15) инновациялық қызметтің инновациялары мен мамандырылған
субъектілерін құруға қатысу;
16) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу
және жүзеге асыру;
17) өз құзыретінің шегінде жергілікті жерлерде мемлекеттік
бағдарламалардың орындалуы мен сапалы жүзеге асуын қамтамасыз ету және
ол үшін жауапты болу;
18) шағын кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті қолдаудың өңірлік
инфрақұрылымын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге
асырушы уәкілетті органына шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне
байланысты өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы есептерді
және басқа ақпараттарды ұсыну;
20) шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғауға бағытталған
қызметті атқаратын қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекеттерді
жүзеге асыру;
21) халықты жұмыспен қамтуды молайту шарасы ретінде туристік қызмет
саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
22) туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және орындау;
23) жергілікті туристік ресурстарды қорғау бойынша шаралар әзірлеу
және енгізу;
24) тиісті аумақтағы туристік қызмет рыногын талдау;
25) тиісті аумақта туризмнің дамуына талдау жасау және ол туралы
қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну;
26) туристік қызметтер мен туризм объектілерін жарнамалау, туристік
ақпараттар ұсыну;
27) туристік ақпараттық орталықтар құруға қатысу;
28) балалар мен жастарға арналған лагерлердің қызметіне жәрдем
көрсету;
29) туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға
байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

30) берілген құзыреттің шегінде қызмет түрлері бойынша Лицензиялар
қызметін жүзеге асыру:
31) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды
жүзеге асыру;

1.3 Құқықтары

16. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін
Департамент өз құзыретінің шегінде мына төмендегілерге құқылы:
1) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туристік қызмет салаларының даму
басымдықтарының негізгі бағыттары бойынша облыс әкіміне, Қазақстан
Республикасының тиісті орталық атқарушы органдарына ұсыныстар енгізуге;
2) Департаментке жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін
мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелерден және басқа
ұйымдардан, облыс аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы
органдарынан қажетті ақпараттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
3) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп өнеркәсіп кәсіпорындарын
экономикалық сауықтыру шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға
қатысуға;
4) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік
бағдарламалары мен жоспарларын түзуге, сондай-ақ Департаменттің
құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша облыс әкімдігінің қаулысы
және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауға
қатысу;
7) заңмен белгіленген тәртіпте және өз құзыретінің шегінде
өнеркәсіп, кәсіпкерлік кәсіпорындары жұмысының және туристік қызмет
мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге, келісімдер мен басқа заң
актілеріне қол қоюға;
8) салааралық сипаттағы мәселелерді облыстық деңгейде шешу үшін
Департамент жанынан комиссия мен топтар ұйымдастыруға;
9) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелерді шешу және
Департаменттің алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмыстарды
жақсарту және жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды Оңтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің мәжілістеріне енгізуге;
11) Департамент Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы
Ережемен белгіленген басқа да құқықтарды пайдаланады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті
мемлекеттік мекемесінің штат құрылымы

№ Лауазымы Категориясы Бірлік саны
Департамент директоры D-О-1 1
Директор орынбасары D-О-2 3
4
Базалық салалар бөлімі
Бөлім бастығы D-О-4 1
Бас маман D-О-5 5
6
Кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бөлімі
Бөлім бастығы D-О-4 1
Бас маман D-О-5 1
Жетекші маман D-О-6 1
3
Құрылыс индустриясы бөлімі
Бөлім бастығы D-О-4 1
Бас маман D-О-5 1
Жетекші маман D-О-6 1
3
Туризм бөлімі
Бөлім бастығы D-О-4 1
Бас маман D-О-5 1
Жетекші маман D-О-6 1
3
Шаруашылық субъектілерімен байланысты реттеу бөлімі
Бөлім бастығы D-О-4 1
Бас маман D-О-5 3
4
Әкімшілік бөлімі
Бөлім бастығы D-О-4 1
Бас маман-бухгалтер D-О-5 1
Бас маман D-О-5 2
4
Барлығы 27

2. ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан
Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму Стратегиясын
орындауы

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясында жаңа технологиялық
өндірістерге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағдарланған шағын кәсіпкерлікті
дамыту есебінен орташа тапты қалыптастыруға бағытталған.
Облысымызда стратегияны орындау қолданыстағы заңнамасының талаптарын
ескере отырып, оның іске асырылуы жөнінде іс-шаралар жоспарлары арқылы
жүзеге асырылуды. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты жалпы аймақтық өнім құрылымында шағын
және орта кәсіпкерлік үлесін жоғарылату. Жаңа жұмыс орындарын ашу және
несилендіру жүйесін жақсарту жолымен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз
ету, барлық деңгейдегі бюджеттер үшін салық базасын ұлғайту және
кәсіпкерлікті одан әрі кең көлемде дамыту арқылы тұрғындардың әл-ауқатын
және өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.
Сонымен қатар, осы саланы дамытуда кәсіпкерліктің өндіріс секторын
басым түрде дамыту, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және
дамыту, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік емес инститтардың
тиімділігін арттыру міндеттемелері қойылды.
Аймақтық бағдарламада көрсетілген іс-шаралардың жүзеге асырылуы
нәтижесінде 2005 жылы облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің
саны 115,4 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалар мен шаруа
қожалықтарының саны 102,3 мың бірлікті құрап, онда 247,9 мың адам жұмыспен
қамтылған. 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кәсіпкерлік
субъектілерінің саны 0,5 пайызға өсіп, Бағдарламадағы межеден 15,4 мың
бірлікке артты. Тіркелген кәсіпорындың 111,1 бірлігі жұмыс істеп тұрғандар
немесе 96,2 пайызын құрайды.

Кәсіпкерлік субъектілерінің 13,9 мың бірлігі заңды тұлға ретінде
тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандардың саны 9,6 мың бірлік және
онда 65,5 мың адам жұмыспен қамтылған. 2005 жылы шағын бизнес саласында
барлығы 314,4 мың адам жұмыс атқарды, бұл көрсеткіш 2004 жылмен
салыстырғанда 0,7 пайызға өсіп, Бағдарламада жоспарланған межеден 14,4 мың
адамға артық. Ал, облыс бойынша экономикалық белсенді халықтың 30 пайызын
құрайды.

Алдын ала деректер бойынша 2005 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері
119,0 млрд.теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндірген немесе өткен 2004
жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,2 пайызға өскен, бұл Бағдарламада
жоспарланған межеден 47,1 пайызға артық.

Облыста заңды тұлға ретінде 2005 жылы 1693 кәсіпорын құрылып, 3212
жаңа жұмыс орны ашылып, Бағдарламадағы жоспарланған межеден 11 пайызға
артқан. Шағын бизнестегі құрылымдық бірліктер санының едәуір өсуі ауыл
шаруашылық, сауда және құрылыс салаларында жаңа кәсіпорындардың ашылуына
байланысты, болып отыр.
2005 жылы ішінде кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде -
екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлармен, микрокредиттік ұйымдар және
облыстық бюджет арқылы жүргізілді.
2003-2005 жылдар аралығында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыстық
бюджетте Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін кредиттеу
бағдарламасы бойынша 134,0 млн. теңге көлемінде кредит қаражаттары
кәсіпкерлік құрылымдарына бөлініп толығымен игерілді.

2003-2005 жылдары шағын бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік емес ұйымдардан
берілген кредиттік қаражаттар

Бірлік 2003 ж. 2004ж. 2005 ж.
өлшемі
Екінші деңгейдегі банктер Млн. тенге 17881,2 22010,5 21958,0
Микрокредиттік ұйымдар млн.теңге 342,3 793,8
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ млн.теңге 254,3 240,8 491,0
аймақтық филиалы
Ауыл несие серіктестіктері, кредиттік млн.теңге 546,8 1576,0 2205,1
серіктестіктер
Қазақстандық кредиттеу қоры Шымкент млн.теңге 653,6 1138,7 1721,3
филиалы
Оңтүстік Қазақстан облысының фермерлермлн.теңге 16,4 25,6 57,1
мен кәсіпкерлерді қолдау қоры ҚҚ
Барлығы: 19352,3 25339,9 27226,3

Жоғарыда көрсетілгендей мемлекеттік емес ұйымдардың кейінгі жылдары
шағын бизнесті қолдауға бағытталған кредит қаражаттарының қарқынды
динамикасы байқалады.
Микрокредиттік бағдарламаны кеңейту және механизімін өрістетіп дамыту
үшін дөңгелек үстелдер, тренинг, семинарлар өткізілді . Айта кетсек, 2004
жылдың 24-27 наурызында “Евразия ” Қорымен және Алматылық банк оқу
орталығымен бірлескен “Микроқаржылық ұйымдарының клиенттерін бағалау” атты
семинар өткізілді. Облыстағы 16 микрокредиттік ұйымдарының және мемлекеттік
органдарының 30 өкілдері шақырылып оқытылды. Нәтижесінде облыстағы
микрокредиттік ұйымдардың саны 2003 жылмен салыстырғанда 48 пайызға өсті.
Қазіргі таңда облыста 77 микрокредиттік ұйымдар тіркелген.
“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы 2005 жыл бойы
микрокредиттік ұйымдарға арналған “Қаржыландырудың негізгі принципі мен
механизімдерімен таныстыру” атты дөңгелек үстел және осы мәселе бойынша
облыстың 8 қаласында кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Сонымен бірге,
қорда кәсіпкерлерге бизнес жобаны жасау, құжаттарды рәсімдеу және заңдық
мәселелері бойынша тұрақты консультациялар беріледі.
Елбасымыздың 2005 жылы 18 ақпанындағы халыққа жолдаған Жолдауында
“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ “үлкен қаржылық маркетке” айналуға
тиіс екендігі ерекше аталып өткен, бұл мәселе департамент тарапынан өз
шешімін табуда, аталған Қормен өз ара ықпалдасу жұмысын әрі қарай жүргізіп,
кәсіпкерлерлікті қолдаудағы мемлекеттік саясатты орындау мақсатында 2005
жылдың 1 желтоқсанында Департаментпен Қор арасында ынтымақтастық
меморандумына қол қойылды.
Меморандумда кәсіпкерлерге арналған насихаттау, ақпаратпен қамтамасыз
етумен, оқыту мен семинарларды өткізу, құқықтық қорғау және кеңес беру,
облыс экономикасына тиімді жобаларды бірлесіп іріктеу жұмыстарымен т. б.
мәселелерін тиімді шешу жолдары қарастырылған.
Ірі, орта және шағын кәсіпорындар арасында кооперациялық байланыстарды
қамтамасыз етуге, облыстың ірі және орта кәсіпорындары үшін шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлар өндірісін ұйымдастыру бойынша
облыстағы халық тұтынатын күнделікті тауарларға мониторинг жүргізіліп, оның
74% астамы шетелден келетіндігі анықталды. Аймақ деңгейінде шығаруға
болатын тауардың түрлері топтастырылды. Облыс теледидары және БАҚ арқылы
жарнама беріліп, осы мәселемен айналысатын кәсіпкерлердің тізімі
жасақталды.
Халық тұтынатын тауарларды шығаруға қызығушылық білдірген кәсіпкерлер
бойынша сараптама жасап оларды үш топқа бөлді: жұмыс істеп тұрған
кәсіпкерлерді әрі қарай дамыту; кәсіпкерлік қызметін енді ұйымдастыратын
тауарөндірушілерді; мүмкіншілігі шектеулі, бірақ дұрыс деп танылған идеясы
бар мамандар. Қазіргі таңда, осы жұмыстың барысында туындаған мәселелердің
шешу жолдары қарастырылып, бірқатар кәсіпкерлердің бизнес жоспарлары
әзірленіп ауылшаруашылық департаментіне және “Шағын кәсіпкерлікті дамыту
қоры” АҚ Аймақтық филиалына бағытталды.
2003 жылы ақппараттық-коммуникациялық технологияларды қолданысқа
енгізу халықаралық бағдарлама бойынша Бизнес инкубатор “СодБИ мен”
бірлесіп жүзеге асырылып, Бүкіләлемдік банктің Info Dev бағдарламасына
ұсынылған жоба Орталық Азиядағы ең үздік жалғыз және ТМД елдерінің ішіндегі
екі жобаның бірі болып танылған. Жоба екі жылға есептелген. 2004 жылы осы
бағдарламаның аясында облыстағы кәсіпкерлік құрылымдары туралы, оларда
қандай өнімдер өндірілетіні және тағы басқа деректер негізі құрылды, бұл
мәліметтер Интернет сайттың “Оңтүстік Қазақстанда жасалынған” атты
модулінде жарияланды.
Бұл облыс кәсіпкерлеріне өндірілген өнімдерін тек қана республика
көлемінде ғана емес, шет елдерге де тасымалдауға үлкен мүмкіндік туғызды.
Осы сайтт 2005 жылы мамыр айында ашылды. Мәліметтер қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінде басылған. Интернет сайтта “Шымкент”, “Туризм”, “Бизнес”
порталдары бар .
2004 жылы шағын бизнес проблемаларын шешу үшін және тауар
өндірушілердің тауарлары мен қызметтер тізбесін Интернет-сайтқа орналастыру
жөнінде облыстың он екі аймағында- Арыс, Түркістан, Кентау қалаларында,
Мақтарал, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ Қазығұрт, Ордабасы Төлеби және
Түлкібас аудандарында семинар-кеңестер өткізілді.
Осы аталған аймақтарда кәсіпкерлік құрылымдардың басшылары арасында
сауалнама жүргізілді.
Қоғамдық ұйымдармен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2004 жылдың
жартыжылдықта ОҚО әкімиятымен, халықаралық Прагма (ЮСАИД) корпорациясы,
Оңтүстік кәсіпкерлері лигасы ҚБ және Фармацевтік қызметті қолдау және
дамыту ассоциациясының Оңтүстік Қазақстан бөлімі бірлесіп жұмыс істеу
туралы келісімге қол қойды.
Осы шараның аясында 2005 жылдың ақпан айында облыста шағын және орта
бизнес құрылымдарын бақылау–қадағалау, фискалдық мемлекеттік органдарының
заңсыз тексерулерінен қорғау туралы дөңгелек үстел және сертификация
мәселелерін шешу мақсатында семинар өткізіліп, жұмысшы тобы құрылды.
2004 жылы “Оңтүстік кәсіпкерлерінің бірлестігі” ҚБ “Шағын
кәсіпкерліктің адвокатурасы” жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік
тапсырысты ұтып алды. Осы жоба аясында 310 кәсіпкермен кеңес өткізілді.
2005 жылы кәсіпкерлікті қолдау, қорғау институттарын және кәсіпкерлік
қызметті еркін жүзеге асыру кепілдігін қалыптастыру үшін Оңтүстік Қазақстан
облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің тарапынан “Алам
Partners” ЖШС-гі мен қоғамдық ұйымдармен бірге ынтымақтастық туралы
меморандумға қол қойылып, Оңтүстік Қазақстан облысында “Кәсіпкерлікті
құқықтық қолдау орталығы” құрылды. Орталық кәсіпкерлердің құқықтық
сауаттылығын тәжірибелі заңдық консультациялар арқылы жоғарылату,
кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі мен құқықтары бұзылғанын анықтаған кезінде
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне оперативті көмек көрсету, бизнес-план
жасауда көмек көрсету, соттарда, мемлекеттік және басқа да мекемелерде
келісім-шарттың іске асу кезіндегі азаматтармен әрекеттесуде шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жұмыстары тегін жүргізілді.
2003-2005 жылдар аралығында департамент мемлекеттік емес ұйымдармен
бірлесіп бақылау-қадағалау функциясын атқаратын мемлекеттік органдарының
өкілдерін қатыстыра отырып кәсіпкерлердің мәселелері бойынша пресс
конференция, дөңгелек үстелдер, кеңес – семинарлар, тренингтер және басқа
да шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырды. Бұл шараларға облыстың
аудан қалаларындағы кәсіпкерлері тартылды.
Қазақстан республикасы және шетелде өткізілетін көрмелерде,
жәрмеңкелерде маңызды міндеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуына
ықпал ûºïàë åòó мақсатында 2003 жылы Халықаралық көрмелер мен
конференциялар ұйымдастырушы ITECA корпорациясы мен облыстық кәсіпкерлікті
қолдау басқармасының арасында шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің
көрмелерге ұйымдастырушының есебінен қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін
келісім- шарт жасалынды. Осы келісім-шартқа сәйкес кәсіпкерлер Астана,
Алматы және Атырау қалаларында өткізілген 18 көрмелердің жұмысына қатысуы
ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, 2004 жылы Ганновер, Екатеринбург, Италия және Польша
елдерінде өткен көрмелерге облыс кәсіпкерлерінің қатысуын ұйымдастыру
бойынша жұмыстар жүргізілді.
Осы жылы облыс кәсіпкерлері Мәскеуде (Ресей) өткен “ЕврАЗ ЭС –іскерлік
Америка” халықаралық конгресінің жұмысына қатысты (ААҚ АФ Восход). Төрт
кәсіпкер Стамбулда өткен Ислам Даму Банкісінің Павильонында сауда
жәрмеңкесіне қатысты.
Алматы қаласында 2005 жылдың 24-26 тамызында өтетін Республикалық
“Қанатты әйел-11” ұлттық әйелдердің ой-пікірлері мен тауарларының
жәрмеңкесіне облыстың бір топ кәсіпкер әйелдері қатысып жәрмеңкеге өз
тауарларын жарнамалап қайтты.
2005 жылдың қыркыүйек айында облыстың 20-дан астам кәсіпкерлері Қытай
Халық республикасының Үрімші қаласында өткен 14-ші Халықаралық экономикалық
сыртқы сауда жәрмеңкесінің жұмысына қатысып, келісім-шарттар жасылынып,
қондырғылар мен жабдықтар әкелініп, іске қосылды. Нәтижесінде облыста 80
адам қосымша жұмыспен қамтылды.
Ағымдағы жылы атқарушы органдарымен кәсіпкерлер арасында тығыз қарым-
қатынасты қамтамасыз ету мақсатында, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге
асыратын мемлекеттік органдарында барлығы 14 Эксперттік кеңестер құрылды.
Мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру
барысында бизнес құрылымдарын осы шараларға тең әріптес ретінде қатыстыру
және үйлестіру жұмыстарын күшейту мақсатында 2005 жылдың 13 сәуірінде
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің Форумы өткізілді. Форумда
Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің “Атамекен” жалпыұлттық
одақтың Оңтүстік Қазақстан облысының филиалының Іскерлік Кеңесі 29
кәсіпкерлік жұмыс берушілерден құрылды. Қазіргі таңда, облыстың барлық
аудан, қалаларында осы одақтың филиалдары құрылды.
Осы шараның аясында “Атамекен” одағы мен жергілікті атқарушы облыстық
құрылымдарымен екі жақты қарым қатынасқа жаңа импульс беріп, мемлекеттің
және жеке секторымен өз ара қатынасын серіктестік, мемлекеттік қолдау мен
ашықтыққа тең қол жеткізу мақсатында “Басымдылық ынтымақтастық пен қарым-
қатынас” Меморандумы әзірленіп қол қойылды.
Қәзіргі кезде ОҚО “Атамекен” филиалымен бірлесе облыс көлемінде
инвестициалық қор құрылды және облыстың 5 ауданында микрокредиттік ұйымдар
ұйымдастырылып, бұл жұмыстар әрі қарай жалғасуда.
2005 жылы департамент “Атамекен” ОҚФ Іскерлер кеңесімен бірлесе
кәсіпкерлердің негізгі мәселелеріне байланысты Жергілікті атқарушы билік
және кәсіпкерлік, Шағын кәсіпкерлікті дамытуда конституциялық және
заңнамалық мүмкіндіктерін күшейту, Жылжымайтын мүлік орталығы, ҚР Жеке
кәсіпкерлік туралы заң жобасын талқылау, Оңтүстік Қазақстан облысының
сот органдарымен кәсіпкерлік субъектілерінің қарым қатынасы, “Әйел және
бизнес”, “Жастар және кәсіпкерлік” атты дөңгелек үстелдер өткізілді.
“Шенеунік пен кәсіпкер” акциясының жоспарының аясында 2005 жылдың 1
ақпанында Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының өкілдерімен
бірлесіп, облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен “Заңды тексеру” атты дөңгелек
үстел өткізілді.
Орта және шағын кәсіпкерліктің нарықтың кейбір сегментеріндегі
жағдайымен шағын бизнес құрылымы жөніндегі жалпы көрінісін талдау жасау
мақсатында ағымдағы жылы департамент тарапынан облысымыздың кәсіпкерлері
арасында тоқсан сайын сауалнама жүргізіліп отырды, оның бірі - Оңтүстік
Қазақстан салааралық ғылыми – техникалық ақпарат орталығымен бірлесіп
(ОңҚазСҒТАО) Оңтүстік Қазақстан облысының 2004 – 2015 жылдарға арналған
индустриалдық – инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аумақтағы
өндірістік кәсіпорындардағы инновациялық қызметтің конъюнктурасын зерттеу,
екіншісі – кәсіпкерлік құрылымдарындағы проблемаларын зерттеу, әрі осы
саланың қазіргі жағдайын сараптау мәселесі болатын.
Сауалнама шеңберіне кіргізілген қала, аудандарда экономикалық
жағдайға, оның ішінде кәсіпкерлікке қатысты позитивтік тенденция
қалыптасқан.
Сонымен бірге, кәсіпкерлерге банктік кредитті алуда кепілдікке қоятын
мүліктерінің жоқтығы, пайыздық ставкаларының жоғарлығы, банктік
құрылымдардың сыбайластығы, несиені қайтару мерзімінің тиімсіздігі сияқты
бірқатар кедергілер орын алуда.
Кәсіпкерлікті насихаттау мемлекеттік саясатты әрі қарай жүргізу
мақсатында 2003-2005 аралықтарында “Оңтүстік Қазақстан облысының шағын
кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін байқау өткізіліп тұрды. 2005
жылдың 9 қыркүйегінде облыс тауар өндірушілерімен кәсіпкерлердің Форумы мен
көрмесі және байқау 10 номинация бойынша өткізілді.
Осы байқаудағы жеңімпаздардың құжаттары “Шағын кәсіпкерлікті
дамытудағы жетістіктері үшін” республикалық байқауға жіберіліп “АЛМ” ЖШС-
нің директоры Мұсабай Орынбасар “Жылдың ең үздік кәсіпкер фермері”
номинацисында екінші орынға ие болды.
Облыстық басылымдарда, Оңтүстік Қазақстан және Южный Казахстан
газеттерінде тұрақты айдар ашылып, кәсіпкерлік мәселелері бойынша 5 мақала
жарияланды және теледидар арқылы “Отандық тауарөндірушілер ” айдары туралы
хабар берілуде. “Егемен Қазақстан” басылымында және “Евразия KZ” газетінде
“Кластер-бәсекелестікті дамыту тетігі” атты 2 мақала жарияланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты Қазақстан
халқына Жолдауындағы қойылған тапсырмаларын және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан Республикасында 2005-2007
жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті жедел дамыту бағдарламасын
бекіту туралы №450 қаулысымен бекітілген Бағдарламаны жүзеге асыру
мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп
департаменті тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау
және дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленіп
2005 жылдың 25 қарашасында облыс әкімдігінің № 597 Қаулысымен және 6
желтоқсанда облыс маслихатының № 20202-11 шешімімен бекітілді.
Бағдарламаның іс-шаралары шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына
қолайлы жағдай жасауға және қолдауға бағытталып отыр.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы
кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының
кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасы әзірленіп, қабылданды.
Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-
экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде.

Облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 125,7 мың
бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 111,0 мың бірлікті
құрап 261,6 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген
кәсіпорындардың саны 14,7 бірлікке жетіп, оның 10,8 мың бірлігі жұмыс
істеуде. Онда 67,3 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен
салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 8,9 пайызға артқан.
Облыс бойынша шағын бизнес саласында 330,0 адам жұмыспен қамтылған немесе
облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,4 пайызын құрайды.

2006 жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдары 123,0 млрд. теңгенің
өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда
3,3 пайызға артқан.

Облыста заңды тұлға ретінде 2007 жылдың 1 қаңтапрына 1527 кәсіпорын
құрылып, 3840 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының
бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету
болып табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде
- екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар
арқылы жүргізілуде.
Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы-44327,7 млн.теңге,
оның ішінде екінші дәрежелі банктерден –36523,1 млн.теңге, “Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы –804,6 млн. теңге , “Несие
беру Қазақстандық қоры” – 3186,6 млн. теңге және “Фермерлер мен
кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 92,7 млн теңге,
ауылшаруашылық несие серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2352,1
млн. теңге, микрокредиттік ұйымдар-1366,4 млн. теңге кредит қаражаттары
бөлінді. Барлық қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік
құрылымдарына бөлінген несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы
мерзімімен салыстырғанда 62,8 пайызға өскен.

2004-2006 жылдары шағын бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік емес ұйымдардан
берілген кредиттік қаражаттар (алдын ала деректер)

млн. тенге
2004 2005 ж 2006 ж
Екінші деңгейдегі банктер (11 ай 22010,5 21958,0 36523,1
қорытындысы бойынша)
Микрокредиттік ұйымдар 342,3 793,8 1366,4
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры240,8 491,0 804,6
АҚ
Ауылдық несие серіктестіктері, 1576,0 2205,1 2352,1
кредиттік серіктестіктер
Қазақстандық кредиттеу қоры 1138,7 1721,3 3186,8
Шымкенттегі филиалы
Оңтүстік Қазақстан облысының 25,6 57,1 92,7
феремерлер мен кәсіпкерлерді
қолдау қоры ҚҚ
Барлығы: 25333,9 27226,3 44327,7

Өткен жылмен салыстырғанда микрокредиттік ұйымдармен берілген несие
көлемі 72,1 пайызға, ал несиелік серіктестіктер арқылы берілген несиенің
көлемі 6,7 пайызға өскен.
Шағын кәсіпорындардың проблемаларын зерттеу және талдау, шағын
кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, билік
органдарында шағын бизнес мүдделерін қолдау және заңды құқықтарын қорғау,
шағын кәсіпкерліктің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде
ұсыныстар әзірлеуге қатысу және маңызды әлеуметтік – экономикалық
проблемаларды шешуге кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыстарды іске асыру
мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап, айтқанда “Атамекен” Одағымен
бірлесе мемлекетпен бизнестің әлеуметтік-әріптестікті стратегиясын
қалыптастыру және отандық бизнестің экспортқа бағытталған жүйесін
қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Осы бағытта жұмыстар әрі қарай жүргізілуде, департамент тарапынан
кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің ұсыныстарын ескере
отырып, бірқатар ұсыныстар енгізілді: импортқа байланысты, кедендік
бақылауға өзгерістер енгізу, электрлік қуатпен және энергоресурстарды
жергілікті жерлерде қалыптапстыру, мемлекеттік органдардың жұмысын сыртқы
экономика қызметіне қатысушыларға қолайлы жағдай жасауды үйлесетіру,
кәсіпкерлік мәселелері бойынша шағын және орта кәсіпорындардың
менеджерлері мен басшыларын және мемлекеттік қызметкелерді шетелдерде
оқыту және т.б.
Инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында ОҚО “Атамекен” филиалымен
бірлесе облыста қәзіргі кезде 15 микрокредиттік ұйымдардың құжаттары
рәсімделуде.
Облыс әкімдігі мен Атамекен одағының облыстық филиалы және кедендік
бақылау басқармасы, салық комитеті, ОҚО бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу
жөніндегі орталық, ОҚО бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі
басқармасы, жер қатынастарын басқару жөніндегі аумақтық басқармасы арасында
ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бизнес ортада меценаттықты
дамыту жөнінен жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпкерлік қоғамдық ұйымдары мен және бірлестіктерімен бірлесе
кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жұмысы
жүргізілуде. Департамент тарапынан осы жылдың ақпан айында “Атамекен”
Одағы, “Алам Partners” ЖШС-і “Іскер әйелдер Ассоцияциясы” қоғамдық
ұйымының Оңтүстік Қазақстандағы филиалының арасында төрт жақты өз-ара
ықпалдасу меморандумына қол қойылды.
Атамекен одағымен бірлесе Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы насихаттау мақсатында ағымдағы
жылдың 27-28 қыркүйек аралықтарында аймақаралық Әлеуметтік корпоративтік
жауапкершілік- еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігінің белгісі,
Ғаламдық келісім шарттың Қазақстанның дамуындағы рөлі және Мемлекеттік
бағдарламаларды іске асыру арқылы елдің экономикасының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру тақырыбтарында семинар-кеңес және дөңгелек үстел
өткізілді. Бұл шараға басқа облыстардың өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер,
кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары және облыс кәсіпкерлері қатысты.
Сонымен қатар, 2005 жылдан бастап Алам Partners ЖШС-гі мен
департамент арасында ынтымақтастық меморандумының шеңберінде кәсіпкерлікті
құқықтық қолдау орталығы құрылды. Орталықпен кәсіпкерлерге кеңес беру
қызметін бастағалы бері 1 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілеріне маркетинг,
құқықтық бухгалтерлік мәселермен кеңес берілді.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” аймақтық филиалы 2006 жылы 52 жоба
бойынша 804,6 млн теңге көлемінде кредиттік қаражаттар кәсіпкерлік
құрылымдарына бөлінген. Несие қаражатарын бөлу қарқыны өсуде, егер 2005
жылы 43 жоба 491 млн. теңге қаржыландырылған немесе 63 пайызға артқан. 2004
жылы 29 жоба 260,8 млн.теңге бөлінген.
Қор 2004 жылдан бастап филиалдардың негізінде шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне арналған консалтинг орталықтары ашылды. Орталықтың мақсаты -
шағын кәсіпкерлік субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету және әр түрлі
мәселерді талдап шағын бизнестің даму тенциялары бойынша сауалнама,
зерттеулер жүргізу. Орталықта кәсіпкерлерге арналған мәселелер бойынша
жоғарғы білікті мамандар тренигтер, оқулар, семинарлар және дөңгелек
үстелдер өткізеді.
Жыл басынан Қорда бухгалтерлік, маркетингалық және құқықтық
қызметтері бойынша облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық
белсенділігіне байланысты 1054 кәсіпкерге кеңес берді, соның ішінде 397
бизнесті жаңадан бастағандар, 473-жұмыс істеп тұрғандарға және уақытша
тоқтап тұрған 184 кәсіпкерге кеңес берілді. Кеңестер негізінен кепілдікке
арналған құжаттарды рәсімдеу, кредит алудың шарттары, салық төлемдері,
құқықтық және адвокатура мәселелері, бухгалтерлік есеп, лизинг, ақпараттық
талдау және кеңестік қолдау және тағы да басқа мәселелер бойынша
жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі желісінің тиісті іс-шара жоспарына сәйкес Түркістан
қаласында, Мақтарал және Сайрам аудандарында қордың өкілдіктері ашылды.
Қазіргі таңда, облыстың қала, аудандарында өкілдіктерді ашу бойынша
талдау жұмысы жүргізілуде.
Ағымдағы жылы “Шағын және орта бизнесті дамыту Федерациясының”
заңды тұлғалар одағының Шымкент қаласындағы филиалымен кәсіпкерлікке
арналған бағдарламаны іс-жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеу
меморандумына екі жақты қол қойылып, жергілікті жерлерде бірлесе жұмыс
атқарылатын болады.
Федерацияның негізгі қызметі кәсіпкерлік қызметті насихаттау, жаңа
шетелдік технологияларды тарту, шағын және орта бизнестің перспективті
жобаларын іске асыру мақсатында (ұлттық диаспорлардың потенциалын пайдалана
отырып) шетелдік кәсіпкерлермен екі жақты қарым қатынастың белсенділігін
арттыру, ақпараттық-талдау жүйелерін, шағын және орта бизнеске арналған
жобаларды іске асыратын жобалық топтарды, консалтингтік, кәсіпкерлікті
қолдайтын, оқу орталықтарын құру т. б. кәсіпкерлік қызметін жүргізудегі
мәселелерді шешу болып табылады.
2006 жылдың 31 наурызында бизнес орталық “Махамбетте” аталған
федерацияның департаментпен бірлесіп тұсау кесер шарасы өткізілді. Бұл
шараға Қазақстан халықтар ассамблеясының өкілдері, облыс кәсіпкерлері,
бақылау- қадағалау функциясын атқаратын мемлекеттік органдар мен қоғамдық
ұйымдардың өкілдері қатысты.
2006 жылдың 23 қарашасында бірлесіп жұмыс істеу меморандумның
шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуге бағытталған іс
–шаралар тақырыбында семинар Қазақстан Республикасының мәдениет және
ақпарат министрілігі және Шағын және орта бизнесті дамыту федерациясы
департаменттің қолдауымен өткізілді. Семинардың жұмысына бақылау-қадағалау
мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және кәсіпкерлер
қатысты.
Семинарды өткізудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының
азаматтарының және атқарушы билік органдарының арасында диалог жүргізумен
бірге және экономикалық, басқару, ұйымдастыру және бақылау сипаттарындағы
ұсыныстарды енгізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
тиімді іс-шаралар комплексін әзірлеу.
Кәсіпкерлік мәселелері, оның ішінде әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін
насихаттау жөнінде семинарлар, конференциялар, көрмелер, конкурстар,
“дөңгелек үстелдер”, өткізуді қамтамасыз ету жұмыстары облыс көлемінде
жүргізілуде.
2006 жылы 22-23 ақпан айының аралығында Астана қаласында өткен
Еуразиялық экономикалық қоғамының ұйымдастыруымен „Әйелдер Еуразиялық
Саммиты” жиынға облыстан бір топ бизнес, мемлекеттік емес ұйымдардың және
басқа да салалардың өкілдері қатысты.
Департамент Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы қоғамдық ұйымымен
бірлесе Жастардың әлеуметтік жобалары жобасы бойынша Оңтүстік Қазақстан
облысының жастарын бизнестің тәжірибесіне үйрету мақсатында 2006 жылдың
шілдесінен бастап аудан, қалаларда тренинг-семиналар өткізілді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры”-
фермерлер мен кәсіпкерлерге, олардың бизнесін дамытуға бағытталған
кредиттің 28,9 млн теңгесі немесе 32 пайызы, “Несие беру” Қазақстандық қоры
– 2291,3 млн. теңгесі немесе 71,9 пайызы кәсіпкер әйелдерге беріліп,
қаражаттандырылды. Бөлінген несие қаражаттары ауыл шаруашылығы, сауда және
қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту және қолдау бойынша
іс-шаралары туралы халыққа жеткізу жұмыстары облыстың аудан, қалаларында
жергілікті теледидарларда және басылымдарда кәсіпкерлікті насихаттау жұмысы
тұрақты түрде жүргізіледі.
2006 жылы 14-15 маусымында Аймақаралық Қазақстан Республикасының
Жеке кәсіпкерлік туралы заңын қолдану тәжірибесі атты семинар –кеңес
өткізілді. Семинар-кеңесте Жеке кәсіпкерлік туралы заңды жүзеге
асырудағы атқарушы органдардың рөлі атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл
жиынға қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, шағын және орта
кәсіпкерлік құрылымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
шақырылды. Сонымен қатар, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының және
Алматы қаласының өкілдері қатысты.
2006 жылдың 8 қыркүйегінде облыс тауар өндірушілердің конференциясы
және Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік тауарлары мен “Оңтүстік
Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін”
байқаулары өткізілді.
Конференция жұмысына облыс кәсіпкерлері, мемлекеттік органдарының
басшылары, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан лауазымды қызметкерлері мен
кәсіпкерлердің, облыс қаржы инститтураның, қоғамдық ұйымдардың және
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының АҚ өкілдері қатысты.
Конференцияда экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негiзiнде елдiң
тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнiмнiң бәсекелiк түрлерiн шығару мен
экспортты ұлғайту мәселелері төңірегінде өрбіді.
Жыл басынан мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесе 4 семинар, 11 тренинг
өткізіліп, 2,0 мыңнан аса кәсіпкер кеңес алды. Бұл шараларға облыстың
4,0 мыңға жуық кәсіпкерлері тартылды.
2006 жылдың 17 қарашасында бизнес инкубатор „СодБИ” ауыл шаруашылық
департаменті және „Оңтүстік Қазақстанда жасалынған” атты аймақаралық ауыл
шаруашылық департаменттің қолдауымен көрме және „Алтын күз” жәрмеңкесі
өткізілді. Облыстың барлық аудан қалаларының тауарөндірушілері өндірген
өнімдерін көрмеде және жәрмеңкеде ұсынылды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылық
техникасы керекті анықтамаларымен қоса жарнамаланды.
Орта және шағын кәсіпкерліктің нарықтың кейбір сегментеріндегі жағдайы
мен шағын бизнес құрылымы жөніндегі жалпы көрінісін талдау жасау
мақсатында департамент тарапынан облысымыздың кәсіпкерлері арасында
сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесін қорытындай келгенде
кәсіопорынді тіркеу кезіндегі әртүрлі қиыншылықтарға жалпы санының 78
пайызы кезіккен болса, 30 пайызға жуығы тіркеу алымының жоғары екендігін
алға тартуда, 20 пайызға жуығы бюрократиялық кедергіге, 17 пайызы тіркеу
мерзімінің ұзақтығына (10 күннен жоғары) және 10,5 пайызы шенеуніктердің
(салық комитетнің, прокуратура, қаржы полициясы) кедергілерін көрсеткен.
Сонымен бірге, кәсіпкерлерге банктік кредитті алуда кепілдікке қоятын
мүліктердің жоқтығы, пайыздық сыйақыларының жоғарлығы, банктік
құрылымдардың сыбайластығы, несиені қайтару мерзімінің тиімсіздігі сияқты
бірқатар кедергілер туындап отырғандығы аталған.
Бизнес икубатор СодБИ-мен бірлесе жыл басынан бизнесті жүргізу мен
дамытудағы мәселелер және кәсіпкерлерге қажетті құрал-жабдықтар топтамасын
жасау үшін аудан қала кәсіпкерлерінің арасында екі сауалнама жүргізілді.

Департамент тарапынан кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуын
ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
ОҚО мемлекеттік инновациялық қорымен және М. Әуезов атындағы ОҚМУ
жанындағы Инновациялық орталықпен бірлесе экономикалық тартымды
инновациялық жобаларды игеру жұмыстары зерделенуде. Қазақстан
Республикасының „Ұлттық инновациялық қор” АҚ басқармасына „Сортаң тұзды
және мақталы жерлердегі дренажды сумен жууды қажет етпейтін, баяу сіңіріліп
ионоалмастыра алатын экспортқа арналған пигменттолтырғышты жергілікті
өндіріс қалдықтарынан өндіру технологиясын игеру” және „Қазақстан
Республикасының Оңтүстік аймағындағы жерасты суларын ішу үшін
тұщсыздандыруға арналған жобалау-конструкциялық шешімі” атты бизнес –
жобалар қаржыландыру үшін қарастыруға жолданды.
2006 жылдың 21-24 қараша аралығында Қазақстан Республикасының
инновациялық саясаты: даму перспективасы мен мәселелері және ғылыми
әзірлемелерді коммерциялау тақырыбында семинарлар өткізілді
Семинардың негізгі мақсаты қоғамның инновациялық белсенділігін
арттыру және республиканың ғалымдары, мамандары мен бизнесмендердің
инновацияны дамыту барысына қатысуға мүмкіндіктерін қамтамасыз ету
мәселелерін талқылау болды.
Бұл іс-шара ҚР Индустрия және сауда Министрлігінің бастамасымен ОҚО
кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің, ОҚО Мемлекеттік инновация қоры,
Оңтүстік Қазақстан сауда өнеркәсіп палатасы және СодБИ бизнес инкубатор
корпоративтік қордың бірлестігімен өткізілді.
Семинарда ОҚО Мемлекеттік инновация қоры және М. Әуезов атындағы ОҚМУ
жанындағы Инновациялық орталығы инновациялық жобаларын семинарға
қатысушылардың назарына ұсынды.
Кәсіпкерлік қызметті насихаттау, қоғамның фундаменталды көзқарасын
өзгертуді, адамдар санасындағы күрделі өзгерістерді қажет етеді. Осы
бағытта мемлекеттік саясатының негізгі мақсаты тұрақты түрде кеңейтілетін
кәсіпкерлердің тұтастай орта табты құруға бағытталған. Бұл үшін жергілікті
бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлікке арналған телехабарлар,
мақалалар шығару арқылы кәсіпкерлер имиджін көтеруге бағытталған
жұмыстардың жүргізілуі жоспарланған. Соны орындау мақсатында ақпан айында
Южный Казахстан басылымында Инновациялық жобалар атты мақаласы
жарияланды.
Департамент облыстағы мемлекеттік органдардың нақты қызметі саласындағы
өкілеттіктері туралы кітапша басып шығару мақсатында мәлімет жинақтау
жұмыстар жүргізді. Қазіргі таңға, сараптама жасалуда. Бұл кітапшаларды
басып шығаруға 2007 жылы бюджеттен қаржы бөлінуі жоспарлануда.
Сонымен қатар, жыл басынан облыс кәсіпкерлеріне арналған Өз ісіңді
қалай бастау, Гранттық жобаларды алу және іс-жүзеге асыру жүйесі,
Бизнесті ұйымдастыру, Кәсіпкерліктің құқықтық аспектері, Кәсіпкерлік
саласында техникалық реттеу және метроглогия сұрақтары, Шағын
кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау, Бірінші қабаттағы бизнес,
Шетелдік нарыққа қалай шығу керек, Міндетті сақтандыру, Зияткерлік
меншік атты ақпараттық-презентациялық материалдар таратылды.
2006 жылдың 15-16 маусымында өткізілген аймақаралық Қазақстан
Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы заңын қолдану тәжірибесі, 2006
жылдың 21-24 қараша аралығында Қазақстан Республикасының инновациялық
саясаты, Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және 27-28 қыркүйек
аралықтарында „Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігін дамыту арқылы жүзеге асыру қажеттігі”
тақырыбтарындағы семинарларда әдістемелік және анықтамалық әдебиеттер
әзірленіп, қатысушыларға тегін таратылды.
Жыл басынан жалпы алғанда 1,0 мың аса кәсіпкерге анықтамалық
әдебиеттер мен кітапшалар таратылды.
2006 жылдың 29 тамызында №122607 хатпен Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігіне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын
құру жүйесі; акционерлік қоғамның жарғысы; облысаралық ауыл шаруашылық
биржаны құру негіздемесі; өлшемді анықтайтын ережесі; ӘКК жобаларына
сәйкес келетін кәсіпорындардың құрылымы мен форматы; мемлекеттік және
коммуналдық меншіктің тізімі бойынша құжаттар жолданып ӘКК құру бойынша іс
шаралар жоспарының жобасы дайындалып облыс әкімшілігіне тапсырылды.

3. “Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту
жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасын бекiту туралы”Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12
мамырдағы № 450 Қаулысы
(2005.17.10. берілген өзгерістермен )
 
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында шағын және орта
кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының біріккен кәсіпорындарының қаржыларын ұймдастырудың теориялық негіздері
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
ҚР-ның инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Оңтүстік Қазақстан облысында өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциялары
Мемлекеттік инновациялық саясат аймақтың инновациялық даму деңгейін арттыру механизмі ретінде
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамыту
Қазақстан републикасының индустриалды – инновациялық дамуы
Пәндер