Адам — табиғаттың туыңдысы, онсыз өмір сүре алмайды



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Адам экологиясы
2. Адам — табиғаттың туыңдысы, онсыз өмір сүре алмайды
3. Қазақстан Республикасының қазіргі даму сатысында адам экологиясын оқытудың өзектілігі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі кезде адам экологиясы барлық ғылым салаларына араласа отырып экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелердің негізін камтитын, соның ішінде қоғам мен адамның ара катынасының себептерін анықтайтын күрделі ғылым болып табылады. Әсіресе қоғам арасындағы саясаттың бағыттарға да араласатын, соның ішінде табиғатты корғау, калпына келтіру мәселелері жөнінен экологиялық сараптама, білім беру, экологиялық шешімдерге негіз болатын ғылым.
Болашақ ұрпақтың денсаулығына, болашағына тұжырымдама адам экологиясы арқылы беріледі. Осыған байланысты адам экологиясының қалыптасуын айту үшін алдьтаен "Экология" терминінің шығуына тоқталу керек.
1. Ә.С.Бейсенова . Экология тағдыры.»Мектеп баспасы» Алматы, 2003ж.
2. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаева – “Экология және табиғатты тиімді пайдалану”.
3. Экология негіздері Ж.Ж.Жатқанбаев
4. Экология Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатова

ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Адам экологиясы
2. Адам — табиғаттың туыңдысы, онсыз өмір сүре алмайды
3. Қазақстан Республикасының қазіргі даму сатысында адам экологиясын
оқытудың өзектілігі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ
Қазіргі кезде адам экологиясы барлық ғылым салаларына араласа отырып
экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелердің негізін камтитын, соның
ішінде қоғам мен адамның ара катынасының себептерін анықтайтын күрделі
ғылым болып табылады. Әсіресе қоғам арасындағы саясаттың бағыттарға да
араласатын, соның ішінде табиғатты корғау, калпына келтіру мәселелері
жөнінен экологиялық сараптама, білім беру, экологиялық шешімдерге негіз
болатын ғылым.
Болашақ ұрпақтың денсаулығына, болашағына тұжырымдама адам экологиясы
арқылы беріледі. Осыған байланысты адам экологиясының қалыптасуын айту үшін
алдьтаен "Экология" терминінің шығуына тоқталу керек.
Экология термині XIX ғасырда ғылымда қолданыла бастады. Алғаш рет
бұл терминді 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель ғылымға енгізді.Дәлірек
айтсақ "Метрическая книга" деген еңбегі 14 қыркүйекте жарык көрді. Осы күні
Э.Геккель "Жалпы морфологияға" алғы сөз жазып, ор-ганизмдердің қоршаған
ортасы туралы ғылымды "Экология" деп жазды. Грек тілінен аударсақ "оікоз" —
үй, "1о£оз" — ілім деген мағынаны білдіреді, яғни "өз үйіңді тану".
Алғашқы кездерде "Экология" термині тек қана өсімдіктер мен жануарлардың
арасындағы байланысты білуге колданылды, кейшірек Геккельдің өзі бүл
терминді "Биономия" деп өзгертті "Биономия" түсінігін ғылымға 1802 жылы
француз жаратылыс зерттеушісі Ж.Ламарк енгізген болатын. Осы терминдердің
нәтижесінде жаңа "Био-экология" термині пайда бодды. Өз уақытьщда
"биоэкология" термині ғылыми әдебиеттерде ғана қолданылып, бүл атау жан-
жақты мағына беретіндігі ретіңде ғана қалып қойды. Негізінен биоэкология
жануар мен өсімдік арасындағы байланысты, олардың тіршілік ету ортасын
зерттеумен шектелді. Ол кезенде экологияда тар шеңберде биологиялық үғымды
түжырымдаған. Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам
әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми техниканың қоғам өміріне
жедел енуімен XX ғасырдың орта шенінен бастап географиялық ортаның күрт
өзгеруі — экология терминіне жаңаша ғылыми көзкарас калыптастырды. Ғылымнын
барлық салаларының жетістіктерінде — экология кең етек жая бастады. Соңғы
он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы калыптасты. Бүгін күрт
өзгерген экологиялык мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған
күрделі ғылыми жетістіктерді еңдігі жерде табиғи ортаны, адам баласының
болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау үшін тиімді пайдалану керек.
Себебі, адам мен коршаған орта арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына
дейін ғылымда қарастырылмаған.
Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды.
Себебі, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған орта табиғатының
бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгеңдігі анықталды.
Адам — табиғаттың туыңдысы, онсыз өмір сүре алмайды.
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге XX ғасырда
пайда болған "қоршаған орта түсінігі" үлкен әсер етті.
Адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы
адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең
құлауы мүмкін. Нооэкологияны грек тілінен аударсақ "пооз — ақыл, ой,
адамның рухани байлығы, күші" деген мағынаны білдіреді. Литосфера,
гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі
байланыстағы, біртұтас жиынтық — географиялық ортада табиғаттың қалыптасуы
жүреді. Соны адамның акыл-ойының баскаруын белгілеу үшін В.И.Вернадский
"Ноосфера" деген терминді қолданды. Кейін экология ғылымының калыптасып,
дамуынан ноосфера "нооэкология" деп аталып жүр.
Адам — биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның
ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай
өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте
алады.
Адамдар табиғатты өзгерте отырып, ерекше жаңа қоршаған ортаны
қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы, қолайсыз әсер ету
деңгейін "Адам экологиясы" зерттейді.
Адамға табиғи ортадан баска әлеуметтік-мәдени орта да қажет. Себебі адамның
өткен өмірінің тарихын білмей болашағын болжауға болмайды. Осының
нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды. Біздің
түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идеяларымыз адамгершіліктің
негізінде кұрылады. Бұл да болса экология және адамгершілік сферасына
жатады. Осы жердегі адамгершілік принципінің өзі заңдармен, халықаралық
құқықтармен негізделген. Бұның өзі экология және құқық арасындағы
байланысты білдіреді. Адам болашағын, өмір сүретін ортасын білуі қажет. Осы
максатта экологиялық болжам орталығы жұмыс істеуде. Себебі шаруашылықты
кайта құруда табиғаттың тепе-теңдігін сақтау жолдарын қарастыру өте қажет.
Сол үшін өзгерту барысында экологиялык және экономикалық тұрғыдан кандай
пайдасы мен зияны болатындығын алдын ала білген дұрыс. Осы екеуінің
байланысу нәтижесінде экономикалық экология пайда болды. Оның өзі табиғатты
тиімді пайдалану экономикасы және экологиялык жоспарлау, т.б. салаларға
бөлінеді.
Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне
айнала бастады. Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда
бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау
проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талкылауда.
Өзекті экологиялык жағдайларды дүние жүзінің көптеген мемлекеттері калай
шешудің жолдарын карастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың келесі
жолы — рекреацияға пайдалану. Бүл проблемамен рекреациялық экология
айналасуда. Осы кезеңдегі адамдардың ауруының 85% -ы адамның өмір сүру
ортасының қолайсыз болуынан туындап отыр (шаң-тозаң, шу, жалпы ортаның
ластануы және т.б.). Ортаны ластауда ең бірінші адамның өзі кінәлі. Бұл
проблемамен медициналық экология айналысады.
Егер жалпы жүйелі құрылымдық әдіспен айтатын болсақ олардың арасындағы
жүйелі байланысты "Адам— қоғам — табиғат" деп атауға болады. Әдістің
негізін түсіндіру үшін екі мысал келтірейік. 1-мысалда толығымен
адамзаттың, 2-мысалда жеке тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын
қарастырамыз. 1972 жылы "Рим клубының" өтініші бойынша Массачусетс
технология институтының Д. Медоуз басқарған бір топ ғалымдары дүниенің
дамуы мүмкіншілігін зерттеді. Олар имитациялық ғаламдық модельді ойлап
шығарды. Бұның негізіне 5 көрсеткіш алынды: халық, өндірістік өнеркәсіп,
тамак өніміне деген сұраныс, қайтымсыз ресурстарға деген сұраныс,
табиғаттың ластануы. Бұл факторлардың барлығы казіргі жағдайына және даму
барысына байланысты келесі жүз жылдықтың алғашқы кезеңдеріне дейін
жоспарланған. Аталған факторлардың байланысу деңгейі, олардьщ
экспоненциалды көтерілу деңгейі және әрбір фактордың шеткі мөлшерінің мәні
аныкталды. Жұмыстың нәтижесі "Дамудың шегі" деген баяндамада айтылды. Бұл
мысалды іріктеп алу себебіміз, осы кезге дейінгі ең бір жүйелі, нәтижесі
бар зерттеулердің бірі болып ееептелді. Осы жұмыстың нәтижесі әлеуметтік
дамудың болжамын экожүйелік тұрғыдан карастырудың бастамасы болды. Жалпы
есеппен Рим клубы адамзаттың ғаламдық дамуына арналған әр түрлі мағынадағы
20-ға жуық баяндаманы жарыққа шығарды. Әсіресе "Рио-92" тұрақты даму
бағдарламасын дайындауда үлкен рөл атқарды. Бұл бағдарлама дүниежүзілік
кауымдастықтың атынан негізгі әсер етуші бағдарлама болып есептелді.
Келесі мысал, экологиялық психофизиологияға арналған. 1993 жылы орыс ғалымы
Е.Н. Соколованың "Стратегия исследовании психофизиологии" атты баяндамасы
жарыққа шықты. Бүл жұмыста "Адам—Нейрон—Модель" сызбасы ұсынылды. Осы
сызбадағы зерттеу психофизиологиялық функцияларды, одан кейін біртіндеп
нейрофизиологиялық механизмдерді анықтап зерттей отырып, белгіленген
психофизикальщ зандылықтардың негізін анықтау болатын. Жұмыстың нәтижесі
зерттеліп жатқан процестің моделі. "Адам — Нейрон — Модель" сызбасы
экологиялык психофизиологияны жүйелі түрде игеруді қажет етеді. Бұл жердегі
модельдеу зерттеудің негізгі құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық әдіс қазіргі кездегі адам
экологиясындағы көптеген зерттеу әдістерінің бірі болып есептеледі. Соңғы
кездердегі қолданылып жүрген әдістің бірі — көп деңгейлі шкала және
динамикалық классификация. Көп деңгейлі шкаланың негізі — қоршаған ортаның
ерекшелігі — ондағы адамға көп деңгейлі әсер етудің нәтижесіндегі мінез-
құлық (эмоция нәтижесіңде бір топ жеке тұлғалардың топтанып өмір сүруінің
жүріс-түрысын анықтаймыз). Динамикалық классификациядағы анықтайтынымыз:
адамдардың өмір сүру ортасында бір кезеңде көптеген әсер егуші факторлардың
болатындығын білу. Олар қолайлы жөне колайсыз әсер етуі мүмкін. Бұл
факторлардың жіктелуі теориялык және практикалық жағынан алға койған мақсат-
міндетті шешуде өте кажет. Бірак анықталған жіктеулер үдайы өзгеріп
отыратындықтан оларды үнемі тексеріп, зерттеп қарастырып отыру керек.
Себебі кейбір факторлардың әсер ету деңгейі төмендеп, оның орнына келесі
фактор пайда болып отыруы мүмкін. Көптеген жаңадан пайда болған факторларды
адамдардың өздері іс-әрекетінің нәтижесінде калыптастырады.
Осындай ұдайы өзгеріс орта факторын тиянақты классификациялауда қиындық
туғызуда. Бұларды динамикалық классификация әдісі ұдайы аньщтап отырады.
Жоғарыдағы аталған үш әдісті: жүйелі құрылымдық сараптау, көп деңгейлілігін
анықтау және динамикалық классификацияны бекер келтіріп отырған жоқпыз.
Себебі осылар жоғары оқу орындарындағы студенттер үшін оқытатын арнайы
курстың негізі болып табылады. Бұл пәнді игеруде өте терең білім қажет. Ол
үшін математиканы, физиканы, химияны, биологияны жақсы білу керек. Бұл
пәндерге де Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
жоғары мемлекеттік стандартына сай көңіл бөлініп белгіленген мөлшерде сағат
беріледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі даму сатысында адам экологиясын оқытудың
өзектілігі.
Соңғы уақыттарда зымыранды ұшырғанда "протонның" үлкен зиян әкелетіндігі
анықталды. Гептилдің әсерінен уланған аумақтың көлемін анықтап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалымдар
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
ХІХ ғасырдағы неміс философиясының даму кезеңдері
Онтология – болмыс туралы ілім
Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыру
Адам экологиясы. Экологиялық медицина. Экологиялық медицина
Адам экологиясы
Заттың пайда болуы ретіндегі материя
Пәндер