Көмірдің халық шаруашылығындағы рөлі



Жоспар

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім
2.1. Көмірге жалпы сипаттама
2.2. Көмір кені
2.3. Көмір өнеркәсібі және оның Қазақстанның халық шаруашылығындағы орны

3. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Көмір - өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50 пайыздан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Күлділігі жоғары түзілімдерді көмірлі кен жыныстар деп атайды.
Көмірдің генетикалық жіктелімі көмір түзілудің алғашқы сатысындағы органикалық заттар түрленуінің бастапқы процестерін ескере отырып жасалады. Жіктелімде көмір үш генетикалық топқа бөлінеді:
 гумолиттер;
 сапропелиттер;
 сапрогумолиттер.
Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.
Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады:
1. Антрацит – қазба көмірлердің ескісі, тығыз, жылтырап тұрады, құрамында 96%-дай көміртек болады.
2. Тас көмір – қазба көмірлердің ең көбі, тығыз, қара түсті, құрамында 75-91% көміртек болады.
3. Қоңыр көмір – көмірлердің жасы, күлі көп (7-38%) құрамында көміртек 65-70% ғана, сондықтан өндірілетін жерінде қолданылады. Соңғы кезде қоңыр көмірді катализатор қатынасында сутекпен араластырып қысып, қыздырып – гидрогендеп(сутектендіріп)бензинге, керосинге айналдыратын болады.
Шымтезек көміртек түзілу процесінің бірінші сатысында түзілетін өнім. Шымтезек шалшықты жердің жердің өсімдіктерінен (мүк) түзіледі. Шымтезекте көміртек 65%-дан артпайды. Шымтезектің кемістігі – күл көп қалады. Шымтезек те жергілікті отын. Шымтезекпен істейтін бірнеше ірі электр станциялары бар.
Шымтезекті құрғақ айдаса, бірнеше бағалы химиялық өнімдер бөлініп шығып, шымтезек коксы қалады, мұнда күкірт аз болғандықтан, оны жоғары сапалы шойын қолдануға қорытады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Б.А. Бірімжанов «Жалпы химия»
Алматы, 2001 ж.
2. Шоқыбаев Ж. «Бейорганикалық және аналитикалық химия»
Алматы, 2003 ж.
3. Қарсыбекова Н.Ә. «Анорганикалық химия»
Алматы, 2005 ж.
4. А.Ж. Ақбасова «Экология»
Алматы, 2002 ж.
5. А.Г. Оспанова «Экология»
Қарағанды, 2002 ж.
6. Қаженбаев С., Махмутов С. «Табиғат қорғау»
Алматы, 1992 ж.
7. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы 4 том

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім

2.1. Көмірге жалпы сипаттама

2.2. Көмір кені

2.3. Көмір өнеркәсібі және оның Қазақстанның халық
шаруашылығындағы орны

3. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Көмірдің халық шаруашылығындағы рөлі

ОРЫНДАҒАН:
ТЕКСЕРГЕН:

Кіріспе

Көмір - өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш қатты шөгінді
кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50
пайыздан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында
қабаттар түрінде кездеседі. Күлділігі жоғары түзілімдерді көмірлі кен
жыныстар деп атайды.

Көмірдің генетикалық жіктелімі көмір түзілудің алғашқы
сатысындағы органикалық заттар түрленуінің бастапқы процестерін
ескере отырып жасалады. Жіктелімде көмір үш генетикалық топқа
бөлінеді:

– гумолиттер;

– сапропелиттер;

– сапрогумолиттер.

Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан,
екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал
сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.

Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің
өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге
ажыратылады:

1. Антрацит – қазба көмірлердің ескісі, тығыз, жылтырап тұрады,
құрамында 96%-дай көміртек болады.

2. Тас көмір – қазба көмірлердің ең көбі, тығыз, қара түсті,
құрамында 75-91% көміртек болады.

3. Қоңыр көмір – көмірлердің жасы, күлі көп (7-38%) құрамында
көміртек 65-70% ғана, сондықтан өндірілетін жерінде қолданылады.
Соңғы кезде қоңыр көмірді катализатор қатынасында сутекпен
араластырып қысып, қыздырып – гидрогендеп(сутектендіріп)бензинге,
керосинге айналдыратын болады.

Шымтезек көміртек түзілу процесінің бірінші сатысында түзілетін
өнім. Шымтезек шалшықты жердің жердің өсімдіктерінен (мүк) түзіледі.
Шымтезекте көміртек 65%-дан артпайды. Шымтезектің кемістігі – күл көп
қалады. Шымтезек те жергілікті отын. Шымтезекпен істейтін бірнеше ірі
электр станциялары бар.

Шымтезекті құрғақ айдаса, бірнеше бағалы химиялық өнімдер
бөлініп шығып, шымтезек коксы қалады, мұнда күкірт аз болғандықтан,
оны жоғары сапалы шойын қолдануға қорытады.

2.1. Көмірге жалпы сипаттама

Көмірдің қасиеттері оның петрогрологиялық құрамына, көмірлену
дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты
болады.

Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 гсм3 аралығында, бұл
көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; каттылығы Мосс
шкаласы бойынша 1 – 3 аралығына. Органикалық массасының элементтік
құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте
98%), оттек (тиісінше 30-дан 1% дейін) және сутек (6-дан 1 % дейін)
мөлшерімен сипатталарды. Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері –
ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі.

Көмір – бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты,
отын ретінде кеңінен пайдаланылады. Көмір бітімі қатты, түйіршікті,
құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін,
күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір әлемнің барлық
жерінде кең тараған пайдалы қазба. Қазақстандағы аса ірі көмір
кендері: Қарағанды көмір алабында, Екібастұз көмір алабында
орналасқан.

Қатты отын. Қазба көмірлер – отынның ең көп тараған түрі. Бұл –
ерте замандағы ағаштардың ауаның қатынасынсыз айырылғанынан түзілген
заттар. Мұндай айырылу кезінде оттек пен сутек бөлініп шығады, демек,
қалдығында көміртек көбейеді. Көмір неғұрлым ерте түзілсе, соғұллым
ішінде көміртек көп болады. Қазба көмірлерді тікелей жағуға да, әрі
отынның бағалырақ түрлерін – кокс, сұйық отын, газ түріндегі отын да
алуға да пайдаланылады.

Жер жүзінде қазба көмірдің әзірге белгілі – 8000 млрд. тонна.
Қазба көмірдің қоры жағынан ТМД жер жүзінде бірінші орын алады.

Патшалық Ресейде өнеркәсіп қаншалықты нашар болғанымен, соның
өзін қанағаттандырарлықтай көмір өндірілмейтін, көмірді шет елден
сатып алатын.

Көмірдің, оның ішінде ағаш көмірінің, абсорбациялағыш қабілеті
өте күшті, өйткені ол кеуек, екінші жағынан оның құрылымы графиттің
қираған алты бұрышы сипатты болғандықтан ондағы көміртек атомдарының
бос тұрған валенттіктері болады.

Жай көмірден активтелген көмірдің адсорбациялағыштығым күшті
болады. Көмірді активтеу дегеніміз оның кеуек, қуыс саңлауларын
тазалау; оған су буын, не көміртек диоксидін үрлейді.

Активтелген көмірді көп жерлерде қолданады, мысалы, ауаға
араласқан еріткіштердің буын, табиғи газбен бірге шығатын бензин буын
бойына сіңіретіндіктен тазалау жұмыстарында қолданылады. Сондай-ақ
катализатор ретінде де қолданылады.

Бірінші дүниедүзілік соғысы кезінде, 1915 жылы, немістер
қолдана бастаған улы газдан (хлордан) қорғану үшін академик Н.Д.
Зелинскийдің ұсынысы бойынша, автивтелген көмір қолданды. Содан
бастап активтелген көмір газ тазалағыштарда (противогаз) қолданылады.

1 г активтелген көмірдің абсорбациялай алатын беті 300 – 1000
м2 болады.

10 г автивтелген көмір 50 г хлор сіңіріп алады; 50 г хлор
қалыпты жағдайда 50 л орын алады. 2-кестеде 1 г автивтелген көмірдің
15°С және қалыпты қысымда, түрлі газдардан қанша сіңіре алатыны
көрсетілген.

Көмірдің түрлі газдарды абсорбациялауы 2-кесте

Газдар SO2 NH3 H2S CO2 O2 N2
Абсорбац. газ мөлшері 380 181 98,9 47,6 8,2 8,0
Газдың tк, °С -10,0 -33,4 -60,2-78,5 -183 -195

Кестенің соңғы жолының қайнау темературасы жоғары газдардың,
демек сұйылуы оңай газдардың, абсорбациялануы да жақсы екені
көрінеді.

2.2. Көмір кені

Көмір кені – көмір қоры өндірістік пайдалануға жарамды әрі
тиімді дәрежеде шоғырланған кен орны. Үлкен ауданда қамтитын
(мыңдаған км2) көмір кендері көмір алаптарын (бассейндерін) құрайды.
Мысалы, Тунгус көмір алабы (1 млн. км2), Кузнецк көмір алабы (260 000
км2), Қарағанда көмір алабы (3000 км2). Бірнеше көмір кендері көмірлі
өлкелер (провинциялар) мен облыстарды құрайды. Алаптар көмірлі
аудандарға, ал көмірлі аудандар телімдер мен шахта өрістеріне
жіктеледі.

Іргетас (платформа) жағдайында түзілген алаптарда (мысалы,
Мәскеу қоңыр көмір алабы) көмір қабаттарының саны 1 – 7, бөктерлік
және ішкі ойпаңдардағы алаптарда (мысалы, Донецк көмір алабы,
Қарағанды көмір алабы) ондап, жүздеп есептеледі. Көмір қабаттарының
қалыңдығы бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін, әдетте, 1 – 2
метр шамасында болады. Қарағандыда көмір қабатының қалыңдығы 8
метрге, ал Екібастұзда 160 метрге дейін жетеді.

Көмір кендері үш топқа бөлінеді:

1-топ. Көмір қабаттары горизонталь немесе сәл еңіс болса,
оларды 1-топқа (Мәскеу, Иркутск, Майкүбі, т.б. көмір кендері);

2-топ. Арапайым қатпарлы құрылымдыларын 2-топқа (Донбасс,
Қарағандының промышленная телімі);

3-топ. Көмір қабатының құрылымы күрделі қатпарлы әрі шытынап
жарылған болса, олар 3-топқа (Қарағнаы алабының оңтүстік, Кузнецк
алабының солтүстік бөліктері) жатқызылады.

Көмір қабаттарының қалыңдығына қарай көмір кендер:

– тұрақты

– тұрақсыз болып бөлінеді. Барлау дәрежесіне қарай көмір кендерінің
қорлары А, В, С1 және С2 категорияларына бөлінеді.

2.3. Көмір өнеркәсібі және оның Қазақстанның халық шаруашылығындағы
орны

Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-
шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы,
металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық
қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді,
сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу)
шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр
саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

Қазақстанда көмір өнеркісібі шаруашылықтың ең көне саласына
жатады. 1833 жылы қойшы Байжанов Аппақ Қарағанда мекенінен отқа
жанатын қара тасты кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен
кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады.
Қарақанда кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 1887 жылдары) 303 мың
тонна немесе әр жылы орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілген. Ал,
кейінгі 21 жылда (1899 – 1920 жылдары) мұнда 860 мың тонна көмір
қазылды. 1905 жылы Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң
ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек
болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен
Кариб, Карно, Герберт секілді шағын шахта-кәсіпорындарында
қазылды. Мұнда небірә 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған үш үй,
кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болған.
1920 жылы кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26
тоннадан көмір өндірді.

19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен
орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші де ашылды. Бірақ
олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың тоннадай ғана болды.
Қазақстанда кеңестік көмір өнеркісібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы
жылы Қазақстанда алғашқы төрт шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында
көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді. 1937
жылы Қарақанды көмір тресі 3,5 млн. тоннадан астам көмір өндірді,
мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. Екінші
дүниежүзілік соғысқа (1941 – 1945 жылдары) дейінгі кезеңде 23 шахта
ашылып, олардан 6 635 мың тонна көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан
Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ін берді. Көмірді қазу, қопару
жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір
қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан пайдалы қазбалары
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Көмірлердің түзілу теориялары мен сатылары
Дамыған капиталистік елдер
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
Қазіргі таңдағы көмірдің жаңа әдістері мен қолдану бағыттары
Қазақстандағы дәстүрлі емес энергия көздерінің күйі және ресурстарын бағалау
Зиянды тастамалар және олардың әсерлерін табуға бағытталған өнеркәсіптегі технологиялық процестерге анализ жасау
Атмосфералық ауаның ластануы және оны қорғау
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Пәндер