Қор биржасы және оның қызметі



Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркөсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен "сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы, Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы, Францияда, Италияда). Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар.
Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасы құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері
Пайдаланылған әдебиет

Б.А.Көшенова. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы. Алматы. «Экономика» 1999 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қор биржасы және оның қызметі.

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын
негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа"
деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны
аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар
(облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII
ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының
ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту
кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі
операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату
болды. Биржа өнеркөсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен
саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор
биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс
фазасында оның баяулауына себепші болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді.
Мысалы,
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным
негізінде тауармен, бағалы қағаздармен "сауда жасалады және қызметкерлер
жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін
орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы,
Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады
(мысалы, Францияда, Италияда). Қор биржасын ұйымдастыру және оны
басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар.
Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады.
Жарғыда қор биржасы құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының
қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері
анықталады. Биржаның басшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оның
мүшелерін брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында
клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар
жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер
сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз
есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Дилердің
табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының
(курсының) айырмашылығына тең, ия болмаса клиент берген мәміле сомасының
белгілі бір келісілген нақты проценті болуы мүмкін. Бұл әрине келісім
шартта көрсетіледі.
Сонымен қор биржасы — бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни
делдалдар арқылы бағалы қағаздары сату және сатып алу жөнінде мәміле
жасайтын нарық.
Биржалық операциялар
Биржада жеке компаниялардың, мемлекеттік органдардың ңемесе
шётеддердің бағалы қағаздары (өдетте, тек ақциялар мен облигациялар)
айналымға түседі. Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер
бойынша ажыратылады. Мысалы, қай мемлекеттен қанша бағалы қағаз айналымға
түсетіні алдын ала анықталады. Францияға қарағаңда АҚПІ-тың, Германия
Федеративті республикасының және Жапонияның биржалық операцияларында
мемлекеттік бағалы қағаздар мөлшері өте көп емес. Биржа комитетінің
шешімі бойынша биржа айналымына, әлбетте, ірі компаниялардың бағалы
қағаздары түседі. Мысалы, АҚШ-та корпорацияның биржадан
түсетін таза пайдасының төменгі шeгі 1 млн.доллардан кем болмаса,
сонда ғана жіберіледі. Ол үшін алдын ала биржа басқармастан
кеңесінен келісім алып, оны бағалы қағаздар операциясы комиссиясында
тіркеуден өткізу керек.
Биржа операциялары кассалық және мерзімдік болып ірі екі топқа
бөлінеді. Біріншісі бойынша келісімі үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан
бағалы қағаздар алады. Екшшісінде есеп мәміледе көрсетілген мезгілде
жүргізіледі: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы болмаса үш, алты
ай және с.с. уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Операцияның екі түрі де
рұхсат етілген биржаларда өтеді. Бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы
мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімді мәмілеге түсетін қағаздардың
бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы оның
курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені
алыпсатарлық мәміле деп те атайды. Алыпсатарлардың мақсаты –
биржадағы құндылықтардың (яғни бағалы қағаздардың) сатып ал - сату бағасы
арасындағы айырмасынан пайда табу.
№ 7 суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірінен
түбегейлі айырмашылығы жоқ Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен
ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің
негізі болатын жәй көрінісіне тоқтап өтейік.
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыдга айтылғандай, белгілі
бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде - ия айдың ортасында, ия
аяғында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың
курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп
кетсе пайданы сатушы алады да, ал жоғарыласа сатып алушы алады.
Қор биржаларының тәжірбиесінде еңбір көп тараған мысал бойынша
биржалық мәмілеге қатысушыларды, яғни алыпсатушыларды аюлар және
"бұқалар" деп екіге бөледі. Сатып алушыларды бұндай сөздерге теңеу халық
арасында кең тараған "өлтірілмеген аюдың терісін бөлу" деген
мәтелден тараған деседі. Аюдың әдеті - табанымен таптау. Ал биржа
ойынындағы қарсыласты "бұқа" деп атау - жағымсыздың әдеті - қарсыласты
мүйізіне ілу.

№ 7 сурет
Биржа операцияларының түрлері

Сонымен биржадағы ойыншылар - "аю" бағалы қағаз курсының
төмендеуіне, ал "бұқа" — оның жоғарылауына іс-әрекет жасап ойнайды.
Мерзімдік мәміле бойынша жасалған шартта акцияның бағасы, мөлшері және
қандай мерзімге, қашан сатылатыны көрсетіледі. Мерзімдік мәмілелер үш
түрге, яғни: тұрақты (немесе фьючерстік), шартты және пролонгациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қор биржасы
Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Биржа ісін талдау
Биржа
Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Пәндер