Мемлекет жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Жекешелендірудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жекешелендірудің шетелдік тежірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2.ТАРАУ. МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1. Экономикалық окіметке кім және қалай қожалық етуде:
меншік және меншік құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Қазақстандағы жерді жекешелендіру және оның құқықтық
қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажетті жағдайды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде меншік иелену дербестендіру (персонифи¬кация) негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық құрылымның шамалы рынокты жолмен тездетіп калыптасуы, мемлекеттік меншік объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;
- тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы;
- бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясыздандырумен қамтамасыз ету;
1. «Қазақ Кеңестік Социалист Республикасының мемлексттік сгемсндігі туралы» Декларация. 25 қазан 1990 жыл.
2. «Қазакстан Реснубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 23 қаңтар 2001 жыл.
3. «Қазақстаи Республикасыыдағы жергілікті озін-озі баскару туралы» Заң жобасы // Егемен Қазақстан, 12 қыр-күйек 2000 жыл.
4. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы және дамуының стратегиясы». Алматы, Дәуір , 1992 жыл.
5. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2030» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. 1 қазан 1997 жыл.
6. Н.Ә. Назарбаев. Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамга қадам басайық. Елбасының Қазақстан халқына Жол¬дауы, // Егемен Қазақстаи, 25 қазан 2000 жыл.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы. // Егемен Қазақстан, 15 сәуір 1998 жыл.
8. Өзіндік баскару мен озіндік қаржыландыру тұжырымдамасы. Алматы, 1990 жыл.
9. 2000-2005 жж. кезеңге арналған «Селоның әлеуметтік-экономикалық дамуы» мемлекеттік бағдарламасы. // Егемен Қазақстан, 22 тамыз 2000 жыл. Жоба.
10. К.Б. Бердалиев, С.Ы. Өмірзақов, Б.К. Есенғазиев, Қ. Р. Ерғалисв. Басқару нсгіздсрі: Алматы, Экономика, 1997 жыл.
11. К.Б. Бердалиев - Основы управления экономикой Казахстана. Алматы: Экономика, 1998.
12. К.Б. Бердалиев - Қазақстандағы аймақтық басқару мәселелері «Экономика и бизнес». 1996 жыл № 1

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
мазмұны

кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1-тарау. мемлекет Жекешелендірудің ұлттық
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Жекешелендірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Жекешелендірудің шетелдік
тежірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...9

2-тарау. МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1. Экономикалық окіметке кім және қалай қожалық етуде:
меншік және меншік құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2. Қазақстандағы жерді жекешелендіру және оның құқықтық
қамтамасыз
етілуі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26
КІРІСПЕ

Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға
ауысуына қажетті жағдайды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде
меншік иелену дербестендіру (персонификация) негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық
құрылымның шамалы рынокты жолмен тездетіп калыптасуы, мемлекеттік меншік
объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;
- тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының
қалыптасуы;
- бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясыздандырумен
қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнестің дамуы;
- ірі және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке жаңғырту
проектісін шығару (реализация);
- шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық
шаруашылық құрылымның қалыптасуы;
- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық
құрылым жүйесінің күшеюі және дамуы.
Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі
салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды аныктайды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жататын объектілер тізбегі
осы бағдарламамен байланысты.
Жыл сайын өкіметпен бекітіледі.
Мемлекеттік меншік объектілері 2 классификациялық топтарға бөлінеді:
- мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жатқызылатын объектілер;
- жекешелендіруге тыйым салынган объектілер. Қазақстан
Республикасының меншігінен шығарылып тастаган, жекешелендіруге жатпайтын
объектілер:
- жер, су, әуе кеңістігі, жануар және өсімдік әлемі, табиги ресурстары,
т.б.
1-тарау. мемлекет Жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы

1.1. Жекешелендірудің негізгі бағыттары

Жекешелендірудің негізгі бағыттарында жекешелінген әдістері мен
нысаналар кешені арқылы түсіну және жекешелендірілген объектілердің әр
топтарының айрықшаландыруымен байланысты іске асырылады.
Критерийлер барысында кәсіпорындарды жекешелендірудің негізгі
бағыттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
-объектінің халық шаруашылық мағынасы;
- салаға қатыстылығы;
- қызметкерлер саны;
- негізгі қорлардың құны.
Кәсіпорынның және ұйымдардың жұмыс істсушілср санына байланысты шартты
төмендегідей бөлінеді:
- жұмыс істеушілердің саны 20 адамнан кем емес кіші кәсіпорындар;
- жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000 адамға дейінгі орта
кәсіпорындар;
- жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан астам ірі кәсіпорындар.
Жекешелендіру объектісіне жыл сайынғы тізім жасалған кезде жекешелендіру
салалардың, аймақтардың және басқа объектілердің ерекшеліктерін ескере
отырып кәсіпорынның кнні, орта және ірі топтарына жатқызылатыны аныкталуы
мүмкін.
Осы топтарға жатқызуға байланысты бағдарлама мемлекеттік иелігінен
алу және жекешелендірудің процестерін нақты багытталуының ашылуын
қарастырады.
Ол бағыттар келесідей:
- жеке жобалар бойынша ірі және бірегей мүлікті
кешендерді жекешелендіру;
- орта кәсіпорындардың бірақ жекешелендірілуі;
- кіші кәсіпорындардың аукцион және конкурстық сауда, коммуналдық
шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету арқылы қалыптасқан кіші жекешелендіру.
Жекешелендірудің жеке жобалары халық шаруашылығының шешуші саласы
базалық кәсіпорындарының оңтайлы ұйымдық құрылымын жасауға мүмкіндік береді
және олардын басқарылуында жеке және мемлекеттің қатысуын анықтау, отандық
сонымен қатар, шетел инвесторларын тарту, жобапы дайыпдау ксзсндсрінсп
басталады.
Жеке жобаларға ерекше әлеуметгік өнім немесе қызмет түрі бар және
мемлекеттің табағи монополиясында болатын бірегей сатылар жатқызылады:
- істің таңдаулылығы жан-жақты және объектінің бәсекелес бола
алатындыгы, сонымен бірге оның емірлік кешен құнының багалануы;
- ұйымдастыру - құрылымдық мәселеге сай технология, монополиясыздандыру
бойынша ұсынылатын өзгерістер жүйесі;
- жекешелендіру нысаналарын және әдістерін талдау. Жеке жобалардың
өтуі (реализация) келесі әдістсрмен орындалады:
- қосымша түсінік жағдайындағы белгілі бір инвестицияларды сату;
- аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;
- басқаруда келісім-шарт жасау;
- акциялардың ашық сатылуы.
Басқаруға келісім-шарт заңды немесе жеке тұлғаларға қолдануға құқық
беретін тәсіл болып табылады. Берілген әдіс объектіні жекешелендірілген
кезде экономикалық орынсыз немесе алдын ала болған жағдайларда қолданылады.
Көпшілік жекешелендіру республиканың көп тұрғындарына өз меншігі
құқығының орындалуына мүмкіндік жасайды, бағалы қағаздар мен жұмыс істеуге
тәжірибе алуға рұқсат етеді (жекешелендірілген инвестициялық купондардың
акцияға ауыстырылуы, т.б. операциялар).
Сондай-ақ көпшілік жекешелендіру өз қатысушыларына тавдау еркіндігін,
бәсекелестік, процесті басқарудағы қарапайымдылығы және жылдамдығын
қамтамасыз етеді.
Барлық тұрғындардың көптеген қатысуына меншікті тиім-ді бөлуге
мүмкіндік қалыптастырады.
Көпшілік жекешелендіруді басқару мақсатты шаралар кемегімен
қалыптасады:
- Республика тұрғындарына жекешелендірілген инвестициялық
купондарды бөліп беру;
- коммерциялық негізінде жұмыс істейтін инвестициялық
жскеіиелеидірілген қормен жүйелі мекемелер.
Кіші жекешелендіру тұтыну нарыгын тауар және қызметпен қамтамасыз
ететін көптеген меншік иелерінің пайда болуына нақты тұғырын
қалыптастырады. Ол жекешелендіруге. жатқызылатын өлшемі өте үлкен емес, 200
адам істейтін кәсіпорын мен ұйымдарды қамтиды.
Осы бағыт айналасында жекешелендірілген обьектілердің негізгісі көтерме
және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет өрісі болып
табылады.
Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:
- бірінші кезеңде, объектілерді таңдау және олардың жекешелендіру
мерзімін анықтау қажет;
- екінші кезеңде, объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын
дайындау;
- үшінші кезеңде, объектінің сатылуы.
Бұл процесс ашық сипатта болу керек, ал меншік ең жоғары бағаны ұсынған
сатып алушыға ауысуы тиіс.
Кіші жекешелендірудің негізгі ерекшелігі болып ұлттық бағдарлама сатып
алушы аукциондарда, коммерциялық конкурста жекешелеңдірілген тұрғын үй
купондардың 50% тұратын мемлекеттік меншіктің сатып алған төлемін
қарастырады. Қазақстандағы жекешелендіру мәселелері Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығында (23 декабрь 1995 ж.)
жекешелендірудің келесі процестері іске асырылды.
Президенттің осы Жарлығына байланысты жекешелендірудің нақты
элементтері анықталған. Бірегей жекешелендіру түсінігінің мазмұны,
объектілері, субъектілері, түрлері және жекешелендіру қағидалары берілген.
Жекешелендіру дегеиіміз мемлекеттік меншікті жеке тұлғаларга және шетелдік
заңды тұлғаларга арнайы процедура шеңберінде сатуды білдіреді.
Жекешелендірудің субъектілері болып саналатындар:
- сатушы, мемлекеттік орган, жекешелендіруді іске асыратын уәкіл.
Жекешелендіру процесінде мүлікті сатып алушы жеке тұлға, мемлекеттік
емес занды тұлға немесе шетел занды тұлғасы бола алады.
Жекешелендіруді жүргізетін негізгі қағидалары ретінде жариялылық,
бәсскслсстік, құқықтық ауысуы, сатылуға қойылған объектілер туралы
мәліметтердің дұрыстығы және жекешелендіруді жүргізудің занды лауазымды
тұлғалар жауапкершілігі болып табылады.
Жекешелендірудің объектілері болып мемлекеттік мүліктің келесі түрлері
болады:
- өндірісті және өндірісті емес бөлімшелер және
кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі құрылымдық бірлігі, олардың
жекешелендіруі тұйық технологиясының циклы;
- кәсіпорынның мүлкі, кәсіпорынның құрамына жекешелендіруге
жататын, оның ісіне қолданылатын мүліктің барлық түрлері кіреді
(ғимараттар, құрал жабдықтар, шикізат, өнім, т.б.);
- шаруашылық серіктестіктерде жарғылық қордың акциялары мен улестері.
Жекешелендіру - саудадағы сатулар, тікелей адресті сатулар түрінде іске
асырылады.
Республикада жекешелендіру процестерінің тездетілуі және оның
құрылымының өзгертуі мақсатында арнайы бағдарлама құрылды.
Жекешелендірудің ұлттық багдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде
Республикада 1996 жылы жеке кәсіпорындардың салмағы 86%, сонымен бірге
енеркәсіпте 86%, ауыл шаруашылығында 95%, құрылыс 60%, саудада 85%-ға
жетті.

1.2. Жекешелендірудің шетелдік тежірибесі

Жекешелендіру процесі және оны басқару нарықтық экономикада орын алған
басқа елдерде қалыптасқан тәсіл.
Қытайда басталған мемлекеттің иелігінен алу процесінің нәтижесі келесі
фактілерді куәландырады.
Біріншіден - меншік жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер барысында
мемлекеттік сектордың тарылуы орын алуда. Меншіктің мемлекеттік емес
нысандары қазіргі кезде: өнеркәсіп - 44, сауда - 64, ауыл шаруашылық - 95
пайыз құрайды.
Ұжымдық кәсіпорындар өндіріс көлемін мемлекетке қарағанда тез өсіреді,
ал меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар (жеке және жеке
кооперативті) - бұдан да жоғары нәтижелерге ие.
1978-1989 жж. арасында мемлекетгік өндіріс көлемі 3,8 есе, ұжымдық
кәсіпорындарда 8 есе өсті. 1989 ж. меншіктің қоғамдық емес түріндегі
кәсіпорындар үлесіне жалпы өнімдердің 8,25%-зы тиді, ал 1980 жылы бұл
көрсеткіш 0,5%-га тең болған. 1989 ж. соңында жеке қызметпен 12,5 млн. эр
түрлі өндірістік және сауда ұйымдарына қосылган 19,4 млн. адам айналысқан.
Екіншіден - кәсіпорынның шаруашылық дербестігі көтеріледі шаруашылық
құқығында және меншіктің бөлінуінде қалыптасқан әр түрлі ұйымдық түрлер
пайда болды.
Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесімен қабылданған (5
желтоқсан 1986 ж.) Кәсіпорындағы реформаларды терендету және олардың
тіршілік әрекетін жандандыру туралы құжат шаруашылық жауапкершілік жүйені
енгізуді және ұсақ мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беруді заңдаған. 1986
ж. соңында жалға беру 3,5 мың ұсақ өнеркәсіпті кәсіпорындарды қамтыды.
Қытайда мемлекеттік мсншікті басқару жүйесі істейді. Осы жүйенің
басында мемлекеттік мүлік жұмысының басқармасы және әр түрлі аймақты
деңгейдегі органдар қатарлары тұр. Бұл органдар орталық басқармамен
қабылданған аймағында бақылау ревизиялық функциялары бар. Басқарманың
аймақтық органдары бухгалтерлік ревизия жүргізуге құқы бар және мемлекеттік
мүліктің жағдайын бағалау, жекеменшік құқығының өзгеру процесін басқару,
кәсіпорыннын сатылуы, бірлескен кәсіпорындарды құру, т.б. жұмыстар
жүргізеді.
Қытайдағы мемлекеттің иелігінен алу кезеңі төмендегідей.
1) кәсіпорынның аяқталуынан дербес шаруашылыққа ауысады, ол заңды
және экономикалық жауапкершіліктің толық бөлінуіне жетуге рұқсат береді;
2) екіншінің аяқталуынан мемлекеттік меншікте инфрақұрылым
объектілерінің тек негізгілері (темір жолдар, электр станциялары, телефон
және телеграф байланыстары) және де мемлекеттік капитал салымынан
құрылған кәсіпорын ғана қалады.
Еуропалық елдерде жекешелендіру процесі әр түрлі формаларда қабылдаган:
мемлексттік кәсіпорындарды жеке занды және жеке тұлғаларға сату; жеке
инвесторлардың қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындарды қайта
капитализациялау; мемлекеттің меншігі болатын немесе олармен бақыланатын
кэсіпормнның жарты акцияларын сату. Ұлыбританиядағы жексшелендіру баяу
қарқынды сииатқа ие: Бір жылда 2-3 кәсіпорын жекешелендіріледі.
Ұлыбританиядағы жекешелендірудің қажеттілігі мемлекеттік кәсіпорындардың
тиімсіздігі, жоғары капитал сыйымдылығы, өндірістік еңбектің ен төмеңгі
тиімділігімен түсіндіріледі.
Ұлыбританиядағы жекешелендіру процесін хронологиялық 3 кезеңде бөлуге
болады.
1-кезең (1979-1984 жж.) - нақты салалардағы кәсіпорындарды сатумен
сипатталады. Бұл мемлекеттік сектордың қажеттілігінің дотацияландыруды
төмендетуді ынталандырады. Бұл өлшемі бойынша үлкен емес компаниялар. 2-
кезең (1984 ж. жазы - 1987 ж. күзі) - бұл кезеңнің мақсаты акция
иелерінің шеңберін ұлғайту. Жекешелендірудің осы формалары ретінде Британ
телефон корпорациясы (Бритиш телеком) және Британдық газ корпорациясы
(Бритиш газ) көрсетілген. Өкімет монополиялык құрылымдық салаларын сақтап
қалып оларды толығымен сатты.
3- кезең (1987 ж. қазіргі кезге дейін) - коммуналдық шаруашылық
салаларының белсенді сатылуы, олардың бәсекелестік басымдығын арттыру
мақсатымен сипатталады.

2-тарау. МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

2.1. Экономикалык өкіметке кім және қалай қожалык етуде: меншік және
меншік құқығы.

"Не — қалай — кім үшін өндіреміз?" деген іргелі сауалдардан басқа,
"экономикалық өкіметке кім қожалық етеді?" деген тағы бір негізгі сұрақ
бар. Яғни, экономикалық ресурстар және өндіріс нәтижелері: тауар мен қызмет
кімдікі болып саналады.
Меншік проблемасымен біздің әрқайсымыз өмір бойы күн сайын ұшырасып
отырамыз. Адамдар "менікі" және "басқанікі", "біздікі" деген ұғымдарды
айыра білу қажеттілігіне ұдайы ұшырасады. Басқаша айтқанда, бұл ұғымды
экономикалық жүйенің орнығуына, үкіметтің шараларына, табысты болісуге
меншік ықпалын талдай келіп түсінуге болады.
Меншік — адамдардың өндірістік және өндірістік емес заттарды
иемденуінің тарихи анықталған қоғамдық төсілі. Ол әр-қашанда бұйымдармен
байланысты (мүліктермен, иемдену нысандарымен).
Меншік және меншік қатынастарының құқықтарын айыра білу талап етіледі.
Меншік құқығы заң санатының тұрғысынан алғанда иелік ету, үйғарым жасау
және мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы болып шығады. Меншік
құқығы біздің қатысуымызбен қоғамдық өзара бірлескен әрекеттер реттейтін
ереженің басым бөлігін құрайды.
Меншіктің шынайы қатынастары оның экономикалық жүйелерінің негізін құра
отырып тарихи-мәдени, ұлттық, географиялық демографиялық және қоғамның
басқадай ерекшеліктерінен жинақталынады.
Өндіріс құралдарын меншіктену өндіріс процесінде болатын адамдар
арасындағы экономикалық өзара қатынастар (өзара байланыс) сипаты ғана емес,
сонымен бірге өндіріс өнімін (тауар, қызмет), оның айырбасталу және тұтыну
формаларын да анықтайды.
Мемлекет заңнама негізінде "ойын ережесін" бекітеді: кім, қандай
жағдайда, қандай жүріс жасай алады?
Сонымен қатар меншік құқығы өз мақсатын көздеген адамдардың тандау
еркіндігін анықтай отырып, не және кімге тән, меншік иесінің ауысуы қалай
өтеді деген мәселелерді айырады.
Бұл ретте меншіктің объектісі мен субъектісі деген ұғымдарды айыра білу
қажет. Мәселен: "бұл — Абайдың үйі" дегенде, үй меншік объектісі болып, ал,
Абай — субъектісі болып саналады.
Меншік құқығы дегеніміз адамның "өзінікі сияқты" немесе "бөтендікі
сияқты" заттарға қатынасын айтады және ол: "субъект - объекті деген
формулаға негізделеді.
Алайда "бұл Абайдың үйі" деген байламда, Абайдың үйге деген меншіктік
құқығы қалай туды және ол енді қалай мойындалады.
Егер меншікті адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп қарайтын
болсақ, онда оған жауап беруге болады. Меншіктік қатынас - заттарға
байланысты адамдар арасындағы: субъект: объект деген формула арқылы
айкындалады. Басқаша айтқанда, меншік қатынасы дегеніміз игілікті иемдену
мен оны басқаның иелігінен алу жөнінен субъектілер арасындағы қатынастар
жүйесі, ең алдымен өндіріс факторлары қатынастарының жүйесі болып шығады.
"Иемдену — иелігінен алудың" байланыс күші әртүрлі болуы мүмкін.
Заттарды жай ғана пайдалануға болады, яғни оның иесі болмай тұрып-ақ оны
белгіленген жағдайға қолдануға болады. Меншік иесі заттардың пайдалы
қасиеттері әрқашанда өз қызығы үшін алынуын қалайды. Заттарды иемденуге
немесе соған жуықтау жағдайда белгілі бір мерзімге дейін, яғни толық иесі
болмай тұрып-ақ тұтынуға немесе шектеусіз мерзімге дейін, яғни толық иесі
ретінде пайдалануға болады.
Бірнеше жағдайларды ұсынамыз.
1 Жағдай. Сіздің сағат жөндейтін шеберханаңыз бар, және өзіңіз сағат
жөндеумен шұғылданасыз.
2 Жағдай. Меншігіңіздегі сағат жөндейтін шеберханаңызда жалданған
қызметкер бар. Ол өзі атқарған жұмысына жалақысы үшін шеберхана табысын
иемденеді. Ал, сіз оның жұмыс нәтижесін — жөнделген, тұтынуға болатын
сағаттарын иемденесіз.
3 Жағдай. Сіздің өз шеберханаңызбен шұғылдануыңызға уақытыңыз жоқ,
бірақ оны сатқыңыз да келмейді, сондықтан да оны 5 жылға жалға бересіз.
Жалгер 5 жыл бойы шеберхананы өз қалауынша пайдаланады. Сіз жалдау төлемін
табыстан аласыз, ал жалгер өз еңбегінің нәтижесін иемденеді.
4 Жағдай. Барлығы 3-ші жағдайдағыдай, бірақ жалгер өзі жұмыс істемейді,
сіздің шеберханаңызда өзінің жобасын жүзеге асыратын жұмыскерлерді
жалдайды, және жалданған жұмыскерлердің еңбек нәтижесін өзі иемденеді. Сіз
өз шеберханаңыздың ақысы үшін табысты иемденесіз.
Осы жағдайларда кімнің меншік иесі, кімнің қожа екендігін, шеберхананы
және шеберханадағы еңбек нәтижелерін кімнің пайдаланатындығын анықтаңыз.
Жауапты 1 кестеден табасыз.

1 Кесте

Жағдай Шеберхана иесі Шеберхана Шеберхананы Еңбек
қожасы пайдаланушы нәтижесінің
иесі
1 Сіз Сіз Сіз Сіз
2 Сіз Сіз Жалгер Сіз
3 Сіз Жалгер Жалгер Сіз — жалдау
телемі, жалгер
4 Сіз Жалгер Жұмыскер Сіз — жалдау
төлемі, жалгер

Бұл жағдайлардан мынаны көруте болады: меншіктің өндіріс факторларына
қатынастарынан меншік қатынастары және еңбек нәтижелері шығады. Меншік
табыс әкеле бастаған сәттен озін экономикалық жағынан ақтай алады. Меншік
қатынастарын бір жағында — жеке меншік, екінші жағында — қоғамдық меншік
бар екі полюс секілді түсінуге болады.
Капиталистік жүйе жағдайында материаддық қорлар үкіметтік емес, жеке
институттар мен жеке адамдардың меншігі болып табылады.
Жеке меншік өзінің әріптестерімен заңды келісім жасай отырып, жеке
тұлғаларға немесе кәсіпорындарға материалдық ресурстарды өз қалауларынша
тауып, бақылап, қолданып және кәдеге жаратуларына ерік береді. Жеке меншік
институты ғасырлар бойы мұра құқығымен куатталынады, яғни жеке меншік иесі
болып әкесі өлген соң баласы мұрагер болып қалады.
Бұл жекеменшік құқығының бұдан өзге де занды шектеуі бар. Мәселен,
есірткі ондіру үшін қажетті қандай да болмасын ресурстарды пайдалануға заң
жүзінде тиым салынған.
Коуз теоремасы меншік құқығының мазмұны мен бөлінуінің қорлар бөлінуіне
де, сондай-ақ айырбастың көлемі мен жағдайына, табыстың бөлінуі мен
деңгейіне, бағаның құрылу процесіне және сыртқы эффектіге ықпалын
дәлелдеуге арналған. Бұл теорема 1960 жылы жарияланған "Әлеуметтік шығындар
проблемалары" деген мақаласында тұжырымдалынған. Қазір ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендіру негіздері
ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Жекешелендірудің мәні, түрлері және қазақстандағы жекешелендіру үлгісі
ҚР-дағы жекешелендіру кезендері және жетілдіру жолдары
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
Жекешелендірудің мәні
Жекешелендіру
Қазақстан Республикасының жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Пәндер