Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі



І. Кіріспе.

1.1. Тарихи көрнекі жерлерге сипаттама.
1.2. Шығыс Қазақстандағы тарихи көрнекі жерлерге жалпы талдау.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Шығыс Қазақстанға тур ұсынатын туристік фирмалар қызметіне талдау.
2.2. Өлкедегі тарихи көрнекі жерлердің туризмде алатын орны.
2.3. Шығыс Қазақстандағы тарихи көрнекі жерлердің даму проблемалары мен алғышарттары.

ІІІ. Қорытынды.

3.1. Тарихи көрнекі жерлерге жаңа «Тарихпен қауышу » туристік маршрутын ұйымдастыру.
3.2. Тарихи көрнекі жерлердің келешегі.

IV. Қорытынды.

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

VI. Қосымшалар.
Жұмыстың негізгі мақсаттары.
1. Аймақтағы туристік потенциалды дамуына қажетті Шығыс Қазақстан климатын, табиғаты мен мәдени және тарихи ерекшелерін атап көрсету.
2. Шығыс Қазақстан тарихи көрнекі жерлерге жалпы сипаттама беру.
3. Шығыс Қазақстан тарихи жерлеріне туристік маршрут ұйымдастырудағы туристік фирмаға сипаттама беру.
4. Жалпы туризмді дамыту барысында кездесетін проблемалар мен перспективаларды анықтау, «Туризмді дамыту және Мәдени мұра бағдарламасына талдау ».
Диплом жұмысының келесі зерттеу әдістері қолданылады:
- тарихи талдау;
- туристік фирмалар қызметін салыстыру;
- статистикалық зерттеу ;
1. Қаржаубай Сартқожаұлы. Егемен Қазақстан 2001 ж, 16 қазан. Елдік құрып, төр орнаттым.
2. Туристердің сүйікті орындары. Көрнекі жерлер, табиғи байлығы.
3. Сәуле Тілегенова. Ана тілі № 49. 02. 12. 04. «Қос көрік» 6 б.
4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 7 том.
5. Шәймерденов Н. Тарихи ескерткіштер рухани қазына байлықтары. Шымкент, 1981 ж.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі.

Жоспар:

І. Кіріспе.

1.1. Тарихи көрнекі жерлерге сипаттама.
1.2. Шығыс Қазақстандағы тарихи көрнекі жерлерге жалпы талдау.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Шығыс Қазақстанға тур ұсынатын туристік фирмалар қызметіне талдау.
2.2. Өлкедегі тарихи көрнекі жерлердің туризмде алатын орны.
2.3. Шығыс Қазақстандағы тарихи көрнекі жерлердің даму проблемалары мен
алғышарттары.

ІІІ. Қорытынды.

3.1. Тарихи көрнекі жерлерге жаңа Тарихпен қауышу туристік маршрутын
ұйымдастыру.
3.2. Тарихи көрнекі жерлердің келешегі.

IV. Қорытынды.

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

VI. Қосымшалар.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі – Шығыс Қазақстан облысының тарихи
көрнекі жерлерін дамытудының алғышарттары мен кездесетін проблемалары. Ал
зерттеу пәні – қазіргі кездегі тарихи көрнекі жерлердің жағдайы.
Жұмыстың негізгі мақсаттары.
1. Аймақтағы туристік потенциалды дамуына қажетті Шығыс Қазақстан климатын,
табиғаты мен мәдени және тарихи ерекшелерін атап көрсету.
2. Шығыс Қазақстан тарихи көрнекі жерлерге жалпы сипаттама беру.
3. Шығыс Қазақстан тарихи жерлеріне туристік маршрут ұйымдастырудағы
туристік фирмаға сипаттама беру.
4. Жалпы туризмді дамыту барысында кездесетін проблемалар мен
перспективаларды анықтау, Туризмді дамыту және Мәдени мұра бағдарламасына
талдау .
Диплом жұмысының келесі зерттеу әдістері қолданылады:
- тарихи талдау;
- туристік фирмалар қызметін салыстыру;
- статистикалық зерттеу ;
Бұл диплом жұмысында тарихтық материалдар, әдеби мұралар, газет-журнал
мақалалары, заң актілері қолданылады.
Диплом жұмысының зерттеу нәтижесі өлкеде тарихи көрнекі жерлерді дамытудың
мол мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол үшін бірнеше іс шараларды дәл қазір
қолға алған жөн. Олар:
- тарихи көрнекі жерлерді зерттеу;
- Тарихи көрнекі жерлерді қорғау заңын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде
орындау;
- оларды мемлекеттік бақылауды ұстап, қорғау;
- қалпына келтіру шараларына мол қаражат бөлу;
- өлкедегі туристік инфроқұрылымды дамыту;
- отындық туристік фирмалардың ішкі туристік өнімді жарнамалау қызметін
арттыру;
- тарихи жерлерге ұйымдастырылатын туристік маршруттар санын ұлғайту;

Егер отандық іс-шаралар уақытында жүргізілсе, тарихымызды танитын және
басқаға танытатын кезде келіп жетті.
Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін халқымыздың көне тарихқа деген
қызығушылығы арта түсті. Осымен қатар төл тарихымызды тереңнен тартып
түгендеуге бүгінгі күні мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отыр.
Мүмкіндік жасалып қана қоя салған жоқ, көне тарихымыздың қайталанбас
мұраларын жинап, халқымыздың рухани қазынасын байытуға белсене бел шешіп
кірісті. Иә, біздің тарих – шаңы қалыңдап кеткен тарих. Ғасырлар қойнауынан
инемен құдық қазғандай қиындықты бастан кешіп, жоқ іздеп, шым – шымдап
шыңыраудан тамшы аулағандай, көз майын тауысып зерделеп зерттеп, өз
тарихына шөлдеп отырған оқырманға ұсыну бүгінгі ғалымдардың мойындағы
борышы. Неге бұлай киелі, неге азапты деген сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені,
тарихымыз біздің ұлттық изеалогиямыздың бір алтын арқауы. Ал біздің ұлттық
идеалогиямыз – тарихымыз, дініміз, тіліміз, діліміз, ғасырлар сынынан өтіп,
уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз. Бүгінгі тарихшылар,
зерттеушілер – ұлттық идеалогияны қалыптастырушылар. Сондықтан да, тарих
жүгі ауыр да азапты, жауапты да ұжданды, қасиетті де киелі [1].
Қазақстан - туған жеріміз, ал туған жеріміз – тұнып тұрған байлық. Оған
дәлел, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан аумағындағы қалалар мен
табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып
табылған. Мысалы: Дүние жүзіндегі Алтын адам аса құнды қазынаға тек
Египет Фараоны Тутанхаманның қызғылт алтын табыты мен маскасы ғана теңесе
алар немесе 4000 жылдыққа жуық тарихы бар таңбалы ескерткіші ЮНЕСКО- ның
қол асындағы көне галерея, сондай –ақ Екінші Мекке атанған Қожа Ахмет
Иассауи мавзалейі туристердің Қазақстан жеріне деген қызығушылықтарын
туғызады.
Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын
қамтитын табиғи – климаттық, тарихи, әлеуметтік – мәдени, сауықтыру
нысандары, сондай –ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын,
олардың күш – жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де
нысандар жатады [2].
Ескерткіш – бұл тарих. Бұл – мінәжат. Небір бұлағай дәуренді кешіп өткен
халықтың кешегі жадысын ояту, рухын асқақтату. Бүгінгі көзін тырнап ашқан
асфальт басқан, алуан ағыстар мен қайшыласқан ұғымдардың ортасында
есеңгіреген ұрпақтың баяу қалғыған ойын, санасын ділін тірілту. Ендеше,
еңселі ескерткіштер құр әсемдік үшін емес, бұл – тірілген тарихымыз,
тіктелген еңсеміз [3].
Тарихи – археологиялық ескерткіштердің туристік – экскурсиялық
сапаларындағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез келген
нысандары туристік- экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. соның ішінде
Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар,
Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына
туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық – тарихи ескерткіштердің
қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы
зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады.
оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы,
Көксу өзндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай –ақ Шолақ, Кіндіктас,
Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі
6 -3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу
камерасы және сақ әскері киімін киген Алтын адам, 2001 – 2002 жылы Шығыс
Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында
табылған Сақ патшайымы археологиялық туристік нысандарға жатады.
Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент
қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады [4].
Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байлансты жоғарыда аталған
тарихи көрнекі жерлер арқылы біз елемізді дүниежүзіне таныта аламыз.
Осы құндылықтарымызды қорғау және оны қайта қалпына келтіріп отыру кезек
күттірмейтін мәселелердің бірі [5].
Шығыс Қазақстан десе алдымен ауызға түсетін Алтай көне түркіше Алтын Иыш,
ғалымдардың топшылауынша, адамзат өркениетінің алтын бесігі. Адамзат Алтай
өңірін тас ғасырдан бастап-ақ қоныстана бастағанын дәлелдейтін
археологиялық ескерткіштер ежелгі дәуірде Дайти , орта ғасырда Гамаш
деп аталған Ертіс өзені жағасынан көптеп кездескен. Кезінде жиыны 55 мыңнан
асатын әр түрлі тас құралдар мен қарулар Усть-Нарым селосының маңынан
табылғаны белгілі, бірақ қазір ол жер Бұқтырма теңізінің астында жатыр.Қола
дәуірінде Алтайда Андронов мәдениеті деп аталатын айшықты ескерткіш
қалдырған тайпалар мекендеген. Алтын жалатылған қола әшекейлер, түрлі
үлгідегі жүзіктер, түйреуіштер, алқалар облыстың және республиканың Орталық
мұражайларында тұр. Күршім ауданының Қаратоғай ауылына таяу жердегі Қозыбай
өндірістік учаскесінен тас дәуірінің ең ежелгі ескерткіштері шапқыш құрал,
қара түсті кремний жынысынан жасалған сындырғыш тас құралдар табылған.
Шығыс Қазақстан, әсіресе Алтай өңірі туралы аңыз-деректер тарих атасы
атанған Геродоттан басталады. Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықтың
ортасына қарай ежелгі дүние ғұламаларына Шығысты мекендейтін жұмбақ
тайпалар, Алтын қорыған самрұқтар туралы түрлі аңыз-әңгімелер жетеді.
Біздің заманымыздың І мыңжылдығының басында Ертіс бойындағы түрлі
оқиғалардан Қытай хроникасы сыр шертсе, б.з. І мыңжылдығының ортасына қарай
ежелгі түрік руна жазулары мағлұмат береді.
Шығысқазақстандық белгілі қаламгер Әлібек Асқаров Мұзтау мен Көккөлге
арнайы сапар шегіп, кейіннен интернет беттерінен жер жаннаты аталған
Шамбала туралы деректер қарастырыпты. Жер үстіндегі Шамбала – көкорай
майсалы мамыражай мекен, үйрек ұшып, қаз қонған сулы да нулы жер, ол жер
астындағы Шамбала – хош иісі гүлдермен көмкеріліп, қымбат тастармен
әшекейленген, алтын зерлі жарқыраған қала. Бұл таңғажайып қалаға кірер екі
есік бар. оның оңтүстіктегі есігі – Гималай тауларының гүлжазиралы бір
аңғарында, Брахматура өзенінің бастауында. Солтүстіктегі есігі – Алтай
тауларында, Мұзтаудың маңайында деседі, - деген сипаттамалар тапқан.
Тарихи деректерге сүйенсек, Шығыс Қазақстанның Алтай – Тарбағатай өңірінде
ежелгі заманда, біздің жыл санауымызға дейінгі уақыттарда да сақ, ғұн
бабаларымыздың ұрпақтары тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде түрлі
атаулармен өмір сүргенін байқаймыз. Алтай мен Тарбағатайда б.з.д. VIII – IV
ғ.ғ ерте темір дәуірінде сақ тайпаларының өмір сүргені, биік мәдениетке
жеткені археологиялық қазба деректермен, тарихи-мәдени ескерткіштермен және
тастағы таңба жазулармен дәлелденді. Шіліктің Патша обалары мен
Берелдің ғажайып ескерткіштері, олардан табылған керемет дүниелер
өлкеміздің өткен тарихында бай да қуатты бабаларымыздың болғанын дәлелдесе,
олардың қолөнерімен жоғары мәдениеті бүгінгі ұрпақтың таңдайын қақтырып,
ерекше мақтаныш сезімге бөлейтіні шындық. Қорыта айтқанда Шығыс Қазақстан -
көне дәуір шежіресі [6.3].
Аягөз деген – аядай бұлақ деседі
(Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді ?)

Мұқағали Мақатаев.
2002 жылдың тамыз айында Аягөз аймығында Қозы Көрпеш – Баян Сұлу
жырына 1500 жыл толғаны тойланды. Ғибараты мол халықтық мереке болды. Қозы
мен Баян туралы жырдың төл мәдениетіміздегі орны ерекше, бірақ, ғасырлар
қойнауында жатқан құпия сыр да аз емес.

Ерке Ертіс бойындағы қалалардың ең көнесі Семей деп есептеледі. Қала
іргесін 1718 жылы Бірінші Петрдің шолғыншылары қалаған деседі. Тарихи
деректер Семей басында қала сыртындағы Ескі бекініс (старая Крепость) деген
жерде салына бастағанын, сонсоң қазіргі тұрған орында қанатжайғанын
айғақтайды.
1998 жылы қаланың 280 жылдығы ұлы Абайдың ең талантты шәкірті, ойшыл ақын
Шәкәрім қажының 140 жылдығымен бірге кеңінен аталып өтілді. Міне, осы тұста
баспасөз беттерінде Семейдің тарихы туралы тың деректер, тосын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баламалы туризмнің бір түріне туристік маршрут құрастыру
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Рекреациялық әлеуетті экономикалық тұрғыдан бағалау
Аймақтық туризм экономикасы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамытуға қолайлы туризм түрі
Тараз қаласының физика-географиялық орналасуы
Шығыс Қазақстан Облысының туризмдік дамуы
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
Пәндер