Ахмет Байтұрсынұлы - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері



Біз бүгін қилы заманда туып, қиямет кешіп, мерттапқан ғазиз жанның атын ардақтап, аруағын ұлықтауға жиналдық. Ол бізді кешегіні күйзеле еске алып, келешекті толғана пайымдауға мәжбүр етеді. Оның үстіне, адамзат бір ғасыр таусылып, жаңа мың жылдық басталар тұсты тым дегбірсіз-дене күткендей. Ол түсінікті де. Қай межеден де қапы калмастай боп, абайлап аттағанның айыбы жоқ. Ондайда: «Қайтпек керек!» — дейтін сауал: «Бұрынғылар қайткен екен?» — деген сауалға ұласады. Сонда төл тарихында қобалжыған көңіл алаңын толымды жауаппен тойтара алатындай тұрлаулы тұлғалар табылғаны қандай ғанибет!
Құдайға шүкір, қазақ даласы қай заманда да ондай маркасқаларға кенде болмапты. Солардың ішінде дәл осы ғасыр басындағы аңтарылыста жұртына жоралылық көрсете алған жолбасшы топтың өмірі мен өнегесі біз үшін тым қымбат. Өйткені, ол ұрпақ пен бүгінгі ұрпақ, түптеп келгенде, бір арқанның екі ұшын ұстап тұр. Ол — жиырмасыншы ғасыр деп аталатын казіргі жер басып жүрген үрпақ-тардың барған сайын ширыға түскен шытырман тіршілігінің арқауы.
Иә, жиырмасыншы ғасыр адамзатты елендетіп келіп еді, елегіздіріп кетіп барады. Елендеткені — кашаннан қордаланып қалған талай түйін шешілсе, енді шешілер-ау деген үміт мол еді. Елегіздіретіні — соның көбі сол баяғы тылсым жүмбақ күйінде қалып барады. Шүкір ететін нәрсе: жиырмасыншы ғасырға кандай қалыпта аттаса, тап сондай қалыпта қалып қойған бірде-бір халық жоқ. Қазақ та солай! Оны ұқпасақ, бүгін аруағына тәу ете келгсн ұлы тұлғаның ұлылығының неде екенін ұқпағанымыз болар еді.
Ол — кескекті кезенде келелі істер тындырған кемел ер. Кемеңгер. Ұлы тағдырларды ұлан-ғайыр тарих кеңістігінің ұшан қиырларына үңіліп барып ұғына аласың. Сөйтссқ ол кешкен ахуал адамзат басынан әлденеше рет өтіпті. Олардың қай-қайсысы да үйреншікті үрдіспен тіршілік айыру

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Біз бүгін қилы заманда туып, қиямет кешіп, мерттапқан ғазиз жанның
атын ардақтап, аруағын ұлықтауға жиналдық. Ол бізді кешегіні күйзеле еске
алып, келешекті толғана пайымдауға мәжбүр етеді. Оның үстіне, адамзат бір
ғасыр таусылып, жаңа мың жылдық басталар тұсты тым дегбірсіз-дене
күткендей. Ол түсінікті де. Қай межеден де қапы калмастай боп, абайлап
аттағанның айыбы жоқ. Ондайда: Қайтпек керек! — дейтін сауал: Бұрынғылар
қайткен екен? — деген сауалға ұласады. Сонда төл тарихында қобалжыған
көңіл алаңын толымды жауаппен тойтара алатындай тұрлаулы тұлғалар табылғаны
қандай ғанибет!
Құдайға шүкір, қазақ даласы қай заманда да ондай маркасқаларға кенде
болмапты. Солардың ішінде дәл осы ғасыр басындағы аңтарылыста жұртына
жоралылық көрсете алған жолбасшы топтың өмірі мен өнегесі біз үшін тым
қымбат. Өйткені, ол ұрпақ пен бүгінгі ұрпақ, түптеп келгенде, бір арқанның
екі ұшын ұстап тұр. Ол — жиырмасыншы ғасыр деп аталатын казіргі жер басып
жүрген үрпақ-тардың барған сайын ширыға түскен шытырман тіршілігінің
арқауы.
Иә, жиырмасыншы ғасыр адамзатты елендетіп келіп еді, елегіздіріп кетіп
барады. Елендеткені — кашаннан қордаланып қалған талай түйін шешілсе, енді
шешілер-ау деген үміт мол еді. Елегіздіретіні — соның көбі сол баяғы тылсым
жүмбақ күйінде қалып барады. Шүкір ететін нәрсе: жиырмасыншы ғасырға кандай
қалыпта аттаса, тап сондай қалыпта қалып қойған бірде-бір халық жоқ. Қазақ
та солай! Оны ұқпасақ, бүгін аруағына тәу ете келгсн ұлы тұлғаның
ұлылығының неде екенін ұқпағанымыз болар еді.
Ол — кескекті кезенде келелі істер тындырған кемел ер. Кемеңгер. Ұлы
тағдырларды ұлан-ғайыр тарих кеңістігінің ұшан қиырларына үңіліп барып
ұғына аласың. Сөйтссқ ол кешкен ахуал адамзат басынан әлденеше рет өтіпті.
Олардың қай-қайсысы да үйреншікті үрдіспен тіршілік айыру мүлдем мүмкін
болмай қалатын тығырық кезендерге тап келіпті. бұл — айрықша асқындап
кеткен алапат қайшылықтар амалсыз алып баратын асқан батыл әрі тым шетін
әрекеттер кезеңі еді. Ондай нар тәуекелден іс шықса — күллі дүние
күйлейтін, іс шықпаса — күллі дүние күйзелетің. Ал дағдылы жолды місе
тұтып, әлгіндей бейнетті ізденістерден қалыс калғандар оның зейнетінен де
көп уакытқа дейін қағыс қалатың Ұлттық дамудың озғындығы мен тозғындығы
осыдан өрбитін. Сондықтан, қалыс қауымды алысқа озып кеткеи өркениет көшіне
жетелеп апарып іліктіруге тәуекел ету үшін елден ерек ержүректік керек еді.
Оның азаматтық тағдырының қаншалықты арасат киындықтарға толы болғанын
аңғару үшін ұлттық тарихпен шектелмей, ғылами тарихқа көз жүгіртуге тура
келеді.
Санап шығу мүмкін емес көп уақыт бұрын ғарыш төріндегі әлдеқандай
төтен жарылыстан сындарлы галактикалық жүйе түзіліпті. Оның ішкі қуат
алмасуынан тіршілік пайда болыпты. Құбылмалы дүниенің құйқылжыма ықпалымен
өніп-өрбу кажеттігі сананы қалыптастырыпты. Сонын арқасында тіршілік бірте-
бірте алыс-алыс кеңістіктерге аяқ басыпты. Үйірлестік пен үйішіліктен
туындаған әлеу-меттесу этникалық, мәдени-өркениеттіқ саяси-мемлекеттік әр
алуандыққа жол ашыпты. Сүйтіп, адамзат бірте-бірте әуелдегі бір тектен
өрбігенін естен шығарып, жүре келе пайда болған айырмашылықтарына басты мән
беріп, әуелі бірін-бірі жатырқайтынды, артынан бір-бірімен жауласатынды
шығарыпты.
Күші жеткендер жаңа кеңістіктерге ұмтылса, күші жетпегендер ырзық
айырудың жаңа тәсілдерін іздестіруге мәжбүр болды. Келе-келе соңғылар
алдыңғыларды басып оза бастады. Олар жер үсті игілікпен қоса жер асты
байлықтарын да игеруге көшті. Ол аумақ пен тұрғындардың арақатынасын атымеп
өзгертті. Аумак-экономикалық камсыздықтың бірден-бір кепіліне айналды.
Белгілі бір кеңістікті тұрақты иемдену қажеттілігі туды. Ұлт, ұлттық
мемлекет солай пайда болды. Бұл сонау XV—XVI ғасырлардан бастап, жер асты
игіліктерін игеру мен индустриялық даму жолына алдымен бет бұрған Батыс
Еуропа елдерінде кеңірек етек жайды. Көп ұзамай технологиялық үстемдікке
де солар ие болды.
Бес құрлықтың біреуінің болмашы пұшпағына ғана шоғырланған
технолоғиялық басымдық қалған дүниені қауқарсыздандырып шыға келді. Былайғы
дүние әлі игерілмегсн кеңістік ретінде карастырыла бастады. Ондағы
халықтарды бұдан арғы тарихи дамуға қауқарсыз бүгін бар, ертең жоқ уақытша
тұрғындар деп санаушылық бел алды. Оларды неғұрлым тезірек
мемлекеттікдербестік пен ұлттық сипаттан айыруды көздейтін басқыншылық
саясат күшейді. Күллі адамзатқа дүниежүзілік соғыстар мен әлеуметтік
рсволюциялар ахуалы күштеп таңылды. Оны біреулер өркениет қамын, екінші
біреулер езілген тап мүддссін көздегендік деп түсінді. Шын мәнінде, жер
бетіндегі халықтардың көбіне ұлт ретінде жойылып кету, мемлекеттерге —
тәуелсіздігінен айырылу қаупі төнді. Бұған төтеп берудің жалғыз жолы —
өркениетгің жаңа жетістіктерін өз еркіңмен меңгеріп, халықаралық тиімді
еңбек бөлісуге тікелей қатысуға тезірек жетілу еді. Мұндай жағдайда
біреулер дүние-жүзілік соғыстарға бой алдырса, біреулер — ұлтазаттық
қозғалысын коздыруға мәжбүр болды. Өйткені, өзінде бар экономикалық
ресурсты басқалармен тиімді бөлісіп, өркениет игілігіне қол жеткізу үшін,
сол арқылы өз отандастарының саяси-экономикалық мүдделеріне жауап бере
алатындай кемелді дамуға ие болу үшін, ең алдымен, ұлттық езгіден арылу,
мемлекеттік дербестік пен тәуелсіздік керек еді. Алайда, оза дамыған
дүниенің идеологтары азды көпке, әлсізді күштіге біржолата жығып беру
арқылы жасандық жарастыкқа тезірек жетуге болады деп санады. Жарастықтан
гөрі үстемдік көбірек күйттелді.
Бірақ, бұл қай жақ, қай тап үшін де аса қауіпті ахуал еді. Өркениетті
— жалпы адамзаттық қүндылық деп қарамай, оның белгілі бір бөлігінің
басыбайлы монополиясы деп ұғатын жаңсактыктан түбегейлі арылмай, аздың да,
көптің де, әлсіздің де, күштінің де құлағынан қику кетпейді. Ондай көзапара
өгейсітушілік көзапара жатырқаушылық туғызары хақ. Тек бір тарап
өгейсітушіліктен, екінші тарап жатырқаушылықтан үзілді-кесілді арылған
жағдайда ғана ортақ жарастыққа қол жетпекші. Ол ұлттық факторды жоққа
шығармай, қайта ұлттық дамуды өркениет жетістіктерімен үйлестіре өрбіту
аркылы ғана жүзеге аспақшы.
Жалпақ адамзат әлі түгел және түпкілікті мойындап үлгермеген бұл
ақиқатқа осы ғасыр басында-ақ қанығып үлгергендер катарында кдзақ қауымы да
бар еді. Оған таңданса да, танданбаса да болады.
Танданбайтынымыз: Қазакстан отаршылдық құрығынан ең соңы боп
оқылғанымен, оған ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Ахмет Байтұрсыновтың фонетикаға қосқан үлесі
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ БІЛІМ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ОМІРБАЯНЫ
Пәндер