Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелуі



КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . 9
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . . . . . . 11
1.1 Кен орынның геологиялық құрылымының сипаттамасы . . 11
1.1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұматтар . . . . . 11
1.1.2. Стратиграфиясы . . . . . . . . . 15
1.1.3. Мұнайгаздылығы . . . . . . . . 21
2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . . . . . 23
2.1 Кен орынды игеру жүйесі . . . . . . . . 23
2.1.1 Ағымдағы игеру жағдайын талдау . . . . . . 24
2.1.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің
технологиялық көрсеткіштерін талдау . . . . . . 25
2.1.3 Мұнай және газ қорларын өндіруін талдау . . . . 28
2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру графигі 30
2.1.5 Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай
бергіштігін арттыру әдістері . . . . . . . . 31
2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы . . . 33
2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы 33
2.2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтықтың алдын.алу шаралары
және олармен күрес . . . . . . . . . 35
2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары мен
оларға ұсыныстар . . . . . . . . . 36
2.3 Арнайы бөлім . . . . . . . . . . 38
2.3.1 Құмкөл кен орнында фонтанды ұңғыманы штангалы тереңдік сораптқа
ауыстыру тақырыбына қысқаша шолу . . . . . . 38
2.3.2 Диплом жұмысының тақырыбы бойынша технологиялық есеп . 42
2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу . . 56
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . . . . . 59
3.1 Құмкөл кен орынын игерудің негізгі техника.экономикалық
көрсеткіштері . . . . . . . . . . 61
3.2 Экономикалық тиімділік есебі . . . . . . . 64
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ . . . . . . . 68
4.1 Кәсіпорындардағы қауіпті және зиянды факторлар . . . 68
4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары . . 70
5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ . . . . . 75
5.1 Атмосфералық ауаны қорғау . . . . . . . 76
5.2 Су ресурстарын, қорғау . . . . . . . . 77
5.3 Жер ресурстарын қорғау . . . . . . . . 78
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . 80
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . 82
ҚОСЫМШАЛАР
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіпшіліктің ең маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай мен газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны жатады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екендігі анықталып, ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су ұңғысынан тасып әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде барлық көлік түрі емін-еркін жүре алады. Ал қыс мезгілінде жолға қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан.
Кен орнынан орталық обылыстары Қызылорда 200 км, Жезқазған 174 км қашықтықта орналаскан. Кен орнынан шығысқа карай 116 км тас жолы өтеді. Қызылорда-Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 км аралықта өтеді. Кен орнынан 200 км шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға терендігі 80-110 м жоғары бор су қабатынан алып пайдаланады.
Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екендігі анықталып, ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су ұңғысынан тасып әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде барлық көлік түрі емін-еркін жүре алады. Ал қыс мезгілінде жолға қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы
1. 1.Щуров В.И. «Технология и техника добычи нефти», Москва, Недра. 2000 ж.
2. 2.Оркин К.Г., Юризнов А.И., «Расчеты по технологии и технике добычи нефти» Москва, Недра. 1999ж.
3. 3.Вернц А.Д., Тищенко В.Б., Ястремская В.Б., Малышев Ю. и др. «Организация планирования и управление предприятиями нефтяной пормышленности» Москва, Недра.2000ж.
4. 4.Панов Г.Е. «Охрана труда при разработке нефтяных и газовых месторождений» Москва, Недра. 1998 ж.
5. 5.Д.Ф.Балденко, М.Г.Бидман, В.Л.Калишевский и др. «Винтовые насосы». Москва, Недра. 2000ж.
6. 6.А.В.Крылов «Одновинтовые насосы» Москва, Недра. 1962 г.
7. 7.Н.К.Надиров «КЫЗЫЛОРДА - южный центр нефтегазового комплекса КАЗАХСТАНА» Алматы, Ксмплекс. 1999 г.
8. 8.А.С.Айдарбаев. «Теория и практика разработки нефтяного месторождения Кумколь» Алматы, Ғылым. 1999 г.
9. 9.Месторождения нефти и газа Казахстана. Под ред.А.М.Кажегелъдина, Алматы, 1999ж.
10. 10.Справочное руководство по проектированию разработки иэксплуатации нефтяных месторождений. Добыча нефти. Под общ. ред. III Г. Гиматудинова, Москва: Недра, 200ж.
11. 11.А.М.Юрчук, А.3.Истомин. Расчеты в добыче нефти.Москва: Недра, 2001 ж.
12. 12.К.Г.Оркин, А.М.Юрчук. Расчеты в технологии и техникидобычи нефти. Москва:2002 ж.
13. 13.Арузнян А.С. Расчеты магистральных нефтегазопроводов и нефтебаз. М.: Недра, 2002 г., - 77 с.
14. 14.Галиев В.Б. и др. Магистральный нефтепродуктопровод. М.: Транспорт, 2008 г., - 188 с.
15. 15.Под редакцией А.В. Дерканяна. Справочник по проектированию магистральных трубопроводов. М.: Транспорт, 2006 г., - 156 с.
16. 16.Абузов Ф.Ф., Алиев Р.А. и др. Техника и технология транспорта и хранения нефти и газа. М.: Недра, 2002 г., - 77 с.
17. 17.Харлаеменко В.Н., Голуб М.В. Эксплуатация насосов МНП. М.: Недра, 2008 г., - 147 с.
18. 18.СНиП (строительные нормы и правила) – магистральные нефтепроводы. М., 2008 г., - 156 с.
19. 19.СНиП (строительные нормы и правила) – технологическое оборудование и трубопроводы. М., 2008 г., - 63 с.
20. 20.СНиП (строительные нормы и правила) – система автоматизации. М., 2008 г., - 189 с.
21. 21.Соломенцев Ю.М. Теория автоматического управления. М.: Высшая школа, 2004 г., - 98 с.
22. 22.Шишмарев В.Ю. Автоматика. М.: Академия, 2005 г., 114 с.
23. 23.А.М.Ляпунов. и др. Сооружение и ремонт газонефтепроводов, газохранилищ и нефтебаз. М.: Недра, 2007 г., - 452 с.
24. 24.Ступаченко А.А. САПР технологических операций. Ленинград, 2008г., - 55с.
25. 25.Петеренко Ю.Н. САУ электроприводами. Минск, 2004 г., - 133 с.
26. Кампе-Немм А. А. Решение инженерных задач на моделирующих ЭВМ. Ленинград, Энергия, 2003г., - 116 с.
27. Р.Френкс. Математическое моделирование в химической технологии. Пер. с англ. Москва, 2002г., - 88 с.
28. В.В. Подиновский. Оптимизация по последовательно применяемым критериям. Москва., 2005г., - 154 с.
29. 29.Ю.И Дектяров. Методы оптимизаций. Москва, 2006г., - 119 с.
30. Л.П.Рузинов. Статические методы оптимизации химических процессов. Москва, 2002г., - 109 с.
31. 31.А.Ш.Фатхутдинов и др. Автоматизированный учет нефти и нефтепродуктов при добыче, транспорте и переработке Москва. Недра. 2002г., 156 с.
32. 32.Ю.Д.Земенков Справочник инженера по эксплуатации нефтегазо-проводов и продуктопроводов. Москва. Инфра-Инженерия. 2006 г., - 96 с.
33. 33.Правила технической эксплуатации магистрального «горячего» нефтепровода Узень-Атырау-Самара. РД 39-026-02. г.Астана 2003 г., - 7 с.
34. 34.М.П.Белов и др. Инжиниринг электроприводов и систем автоматизации. Москва. ИЦ Академия. 2007 г., - 102 с.
35. 35.К.К.Алагозов. Методическая пособия к курсовым и дипломным проектам. 2007 г., - 102 с.
36. 36.Приводы и автоматизация электродвигателей, компрессоров, нефтяных оборудования. АктГУ им. Ш.Есенова. г.Актау 2007 г., - 45 с.
37. 37.К.К.Алагозов. Техническое обеспечение АСУТП. (Учебно-методическое пособие) АктГУ им. Ш.Есенова. г.Актау 2003 г., - 99 с.
38. 38.К.К.Алагозов. Микропроцессорная система управления ХТП и электрооборудованием (Методическое указание к курсовым и дипломным проектам) АктГУ им.Ш.Есенова. г.Актау 2007 г., 112 с.
39. 39.К.К.Алагозов. Приводы и автоматизация электродвигателей, компрессоров нефтяных оборудовании (Методические указания к курсовым и дипломным проектам) КГУТиИ им.Ш.Есенова. г.Актау 2008 г., 85 с.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
АҢДАТПА

Дипломдық жоба бес негiзгi 5 бөлiмдерден тұрады:
oo геологиялық;
oo технологиялық және арнайы;
oo экономикалық;
oo еңбектi қорғау;
oo қоршаған ортаны қорғау.
Геологиялық бөлiмiнде Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелгенi, мұнайгаздылығы, өнімді объектілердің қалыңдығының, коллекторлық қасиеттерінің сипаттамасы және олардың біртексіздігі қарастырыдған.
Технологиялық бөлімінде ұңғы фонды сипатталады, игерудiң қазiргi жағдайының талдауы, жинау және дайындау жүйесінің жағдайының талдауы, игеріліп жатқан қабатты және ұңғының пайдалану жағдайы мен оның жабдықтарын бақылау, сонымен қатар ұңғылардың түп аймағын өңдеуді жетілдірудің техникалық шараларын негіздеу келтірілген.
Арнайы бөлімде Құмкөл кен орынын игеру барысындағы фонтанды ұңғыманы штангелі терең сорапты тәсіліне ауыстыруы берілген.
Экономикалық бөлiмiнде негізгі экономикалық көрсеткіштер мен жылдық экономикалық тиімділіктің есебі берілген.
Еңбектi және қоршаған ортаны қорғау бөлiмдерiнде Құмкөл кен орнындағы жұмыскерлердiң және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шаралар қарастырылады.

АННОТАЦИЯ

Дипломный проект состоит из пяти основных частей:
oo геологическая;
oo технологическая;
oo экономическая;
oo охрана труда;
oo охрана окружающей среды.
В геологической части месторождения Кумколь рассматривается геологическая изученность, нефтегазоносность, характеристика толщин, коллекторские свойства продуктивных объектов и их неоднородности.
В технологической части подробно описывается фонд скважин, приведен анализ текущего состояния разработки, анализ системы сбора и подготовки скважинной продукции, контроль за разработкой пластов состоянием и эксплуатацией скважин и скважинного оборудования.
В экономической части дан расчет основных экономических показателей и годового экономического эффекта.
В разделах охраны труда и охраны окружающей среды рассматриваются мероприятия, обеспечивающие безопасность работающих и охрану окружающей среды на месторождении Кумколь.

ANNOTATION

The diploma project consists of 5 main parts:
- Geological;
- Technical;
- Economical;
- Safety Section;
- Environment Section.
The project consists of ten parts: geological and physical characterization field, choice of the object of the development, preparation geological production and technical and economical foundation to designing the development, technological and economical indices version development, technology of the mining to oils and gas, economical part, checking for development layer by status and exploitation of the well and wells equipment, protection of labour, guard environment, experiment part.
In project are considered particularities geological structure productive layer, physical -chemical characteristic of the oil and gas Kumkol field.
The technical and economic estimation and calculation of the economic effect.
The presented recommendations on techno and technologies of the process.
The work's target is estimating of work's industrial experience results and selection efficacy technological stipple. The technical and technological processes were shown too.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . 9
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . . . . . . 11
1.1 Кен орынның геологиялық құрылымының сипаттамасы . . 11
1.1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұматтар . . . . . 11
1.1.2. Стратиграфиясы . . . . . . . . . 15
1.1.3. Мұнайгаздылығы . . . . . . . . 21
2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . . . . . 23
2.1 Кен орынды игеру жүйесі . . . . . . . . 23
2.1.1 Ағымдағы игеру жағдайын талдау . . . . . . 24
2.1.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің
технологиялық көрсеткіштерін талдау . . . . . . 25
3.0.3 Мұнай және газ қорларын өндіруін талдау . . . . 28
2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру графигі 30
2.1.5 Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай
бергіштігін арттыру әдістері . . . . . . . . 31
2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы . . . 33
2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы 33
2.2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтықтың алдын-алу шаралары
және олармен күрес . . . . . . . . . 35
2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары мен
оларға ұсыныстар . . . . . . . . . 36
2.3 Арнайы бөлім . . . . . . . . . . 38
2.3.1 Құмкөл кен орнында фонтанды ұңғыманы штангалы тереңдік сораптқа
ауыстыру тақырыбына қысқаша шолу . . . . . . 38
2.3.2 Диплом жұмысының тақырыбы бойынша технологиялық есеп . 42
2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу . . 56
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . . . . . 59
3.1 Құмкөл кен орынын игерудің негізгі техника-экономикалық
көрсеткіштері . . . . . . . . . . 61
3.2 Экономикалық тиімділік есебі . . . . . . . 64
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ . . . . . . . 68
4.1 Кәсіпорындардағы қауіпті және зиянды факторлар . . . 68
4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары . . 70
5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ . . . . . 75
5.1 Атмосфералық ауаны қорғау . . . . . . . 76
5.2 Су ресурстарын, қорғау . . . . . . . . 77
5.3 Жер ресурстарын қорғау . . . . . . . . 78
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . 80
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . 82
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіпшіліктің ең маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай мен газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны жатады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екендігі анықталып, ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су ұңғысынан тасып әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде барлық көлік түрі емін-еркін жүре алады. Ал қыс мезгілінде жолға қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан.
Кен орнынан орталық обылыстары Қызылорда 200 км, Жезқазған 174 км қашықтықта орналаскан. Кен орнынан шығысқа карай 116 км тас жолы өтеді. Қызылорда-Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 км аралықта өтеді. Кен орнынан 200 км шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға терендігі 80-110 м жоғары бор су қабатынан алып пайдаланады.
Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екендігі анықталып, ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су ұңғысынан тасып әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде барлық көлік түрі емін-еркін жүре алады. Ал қыс мезгілінде жолға қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің Южказгеология ГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды.
Фонтанды ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік-Торғай ойпатының өнеркәсіптілік мұнай газдьлығын растайды.
1987 жылы ТМД-ның ҚЖМК-нің бекітуімен баланыстық 153208 мың тонна, алынатыны 89.442 мың тонна болып мұнай қоры бекітілді.
Ұсынылып отырған диплом жобасыҚұмкөл кен орнында фонтанды ұңғыманы штангілі тереңдік сорапқа ауыстыру.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1. Құмкөл кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы

1.1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат

1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан геологияның" кен орны бөлімімен Құмкөл мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады.
Құмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды облысының (Жезқазған облысының) Жезді ауданына қарайды. Кен орын географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын тұрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы (210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр).
Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр жөне 290 километрдей болады.
Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта Омск - Павлодар - Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.
Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран, үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп, батпаққа айналады.
Қызылорда, Жусалы кең шарларын қосатын жолмен шектеседі (160-210 километр).
Солтүстік шығысқа қарай кен орнынан 20 километр қашықтықта Ленинск - Жусалы электр желігі өтеді. Кен орны 106-169 метр теңіз деңгейінде жоғары дала қыраттың үстінде орналасқан.
Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттарда құмды массивтер орын алған. Соның ішінде ең үлкені - Арысқұм 10-15 метр биіктікте басқа қыраттардан ерекшеленіп көрінеді. Кен орнынан оңтүстікке қарай тартылып қалған сортаң Арыс көлі орналасқан, 15 километр батыс бетте үшкірленген биіктігі 70-90 метр болатын қырат бел тегіс бетті 200-250 метрлік рельефтен бөліп тұрады. Кен орнынан солтүстікке қарай 150-200 метрлік биіктікте орналасқан дала, солтүстік-шығысқа қарай Ұлытау таулы аймағыменен ұласады.
Абсолютті ең биік белгі 240,1 метр ең төмен қазан шұңқыр 75,1 метр. Биік қыраттардан қазан шұңқырға кеуіп кеткен кептеген өзен арналары бағытталады, соның ең үлкені (Ақлит және Теріскенеспе) солтүстік-шығысқа және оңтүстік-шығыс беттерден бағытталған қазан шұңқырдын ең теменгі бөліктері батпақты. Осы батпақтардан бұлақтар өз бастауларын алады жөне осы батпақтарда ауыз су құдықтары көптеп кездеседі.
Кен орнының құрамы жөне оған жақын жатқан территория аймақтар майда тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100 метр терендікте орналасқан. Кен ауданының климаты - континенталды тез ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста -40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады. Негізінен соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде үскірік аяз боранды болады. Су артериясы кен орнындажоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге тән шөп бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке толы болады. Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0,6-0,9 гдм3. 50-70 метр тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.
Судың құрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына сәйкес келмейді. 120 метр терендіктен су өз-өзінен ағады. Сейсмикалық жағынан аудан қауіпсіз.
70 жылдардың басында оңтүстік Торғай ойпаты кек көзін жоғары палеозой шөгіндісімен байланыстырып, негізінен геология-лық, магниттік, гравиметрлік өлшемдерге сүйеніп жасалуда.
КМПВ Арысқұм мен МОВ Жыланшы мұнай газ аудан-дарында жасалған сейсмопрофильді бірнеше зерттеулердің нәти-жесінде мұнай газ кеніші триас, грабен -- синклинальдарымен мезозой қабаттарының дәуіріне жататыны болашағы бар екендігі анықталды. 1973-1975 жылдары бөлшекті сейсмозерттеу жұмыстар (МОВ) Жыланшы мұнай газ ауданында үлкен кен орны бар екендігі анықталды.
1976-1981 жылдарда оңтүстік Торғай өңірінде геологиялық зерттеу жүргізілген жоқ.
1982 жылы "Актюбенефтегаз геология" ПГО бекіткен жоба бойынша алдынала есептеліп дайындалған (КМПВ) профильдік структуралық бұрғылау басталды. Бұрғылаудың алдына негізгі Қойған мақсаты 2000 метр терендікке дейін ұңғылау арқылы кен орнының регионалды геологиялық құрлысын анықтау болды.
1983 жылы жоғарыда айтылған жоспарды іске асыру нәтижесінде 1п-Арысқұм ұңғысы бұрғылана бастады. Аймақты сейсмопрофиль-деуден кейін 2п-Арысқұм ұңғысы бұрғыланды. Сонымен қатар Арысқұм мұнай аймағындағы профиль структура бұрғылау жалғастырылды.
1984-1985 жылдардағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Құмкөл кен орнында төменгі неоком мен жоғарғы және ортаңғы юра қабаттарында мұнай кеніштері бар екендігі анықталды.
1985 жылы Тұрлан геологиялық барлау экспедициясы мен Құмкөл кен орнының солтүстікке қарай жаңа саты анықталды оны кейін солтүстік Құмкөл сатысы деп атады. Кейінгі бұрғылау нәтижесінде осы саты Құмкөлдің солтүстік синклиналды жалғасы екендігі мәлім болды.
1986 жылы Құмкөл кен орнының орталық бөлігінің барлау жұмыстары негізінен аяқталды. Сол себептерден геологиялық барлау жұмыстар кен орнының солтүстік бөлігіне ауысты.
1987 жылы солтүстік, шығыс, батыс аймақтарының құрылымы жақтыланып, кен орнына шекаралас жатқан бөліктердің өнімділігіанықталды.
Қазіргі кезде Құмкөл кен орны ПетроКазақстан компаниясымен игерілуде. Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі.
Кен орнын игерудегі бекітілген варианттардың негізгі бағыттары мұнай кен орнын игерудің жобасын жасаған кезде, оны талдап, баға беру керек. Оның үстіне жобамен жасалған варианттар шама келгенше экономикалық тиімділікте болуы керек.
Құмкөл мұнай кен орнында газды мұнайлы қабаты бор және юра шөгінділерінен құралған. М-1, М-2 қабаттарымен Ю-1, Ю-2, Ю-3 жөне Ю-4 қабаттарында мұнай жиналған. Кен орнын қазу ұңғылары 300x600 сеткасы бойынша нұсқа ішінен су айдау қамтылған. Осының бәрі мұнай өткізгіштікті көтеру әдістерімен байланысты. Бұған себеп болған кейбір өнімді қабаттардың қысымының жеткіліксіз болуы.
Жоба бойынша 2 вариант қаралған. Оның ішінде экономикалық вариант тиімді деп есептеледі. Осы бойынша 1182 ұңғысы қазылуы керек. Жалпы алынатын өнім 156-568 мың тонна.
Кен орнын игеру мерзімі 50 жыл. Жалпы кен орны бойынша 25 млн тонна мұнай өндірілуі керек.
Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісін талдау
Құмкөл мұнай кен орнының игерілуі 1990 жылы мамыр айынан баталады. 1991 жылдан бастап мұнаймен бірге су және газ қосылып шыға бастады. 1991 жылы 1192,43 мың тонна сұйық өндірілсе, оның 1169,25 мың тоннасы мұнай, сулану 1,94%, газ өндіру 92,99 млн м3 болады.
1992 жылы 1993,04 мың тонна сұйықтың 1318,5 мың тоннасы мұнай сулануы 3,26%, газ өндіру 87,59 млн м3 болады.
1993 жылы "Южказнефтегаз" өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру 1677,5 мың тонна, газ өндіру 111,73 млн м3 болады.
Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі. Терең сораптың НСН-95, 44, 30, 15 және НСН-25, НСН-57, 30 түрлері қолданылады. Жыл басынан бері 3 қондырғы тобы іске қосылды (ГУ-8, ГУ-14, ГУ-16) және 2 өлшеу қондырғысы.
2000 жылы 23 жаңа үңғылар енгізілді (НН 1004, 2056, 2057, 1015, 2050, 2054, 2055, 1005, 1006, 1007, 2025, 2026, 2027, 2034, 2035, 2036, 1002, 1003, 1012, 2018, 2019, 2011).
Механикаландырылған тәсілге 11 ұңғы аударылды: NN 347, 150, 1013, 346, 343, 134, 124, 342, 1009, 135, 340.
1993 жылы су айдау 1207,620 мың м3 болды. Игеру басынан бері 1922,825 м3 . Айдауға керекті судың 3613,6 мың м3 жетпейді, яғни 64,6% сулану 4,8%.
2002 жылы кен орны бойынша 1805,623 мың тонна мұнай, 125,7 млн м3 газ және 1925,6 мың тонна сұйық өндірді. Кен орны бойынша өнімнің орташа сулануы 70% құрады. Осы жылдың ішінде 5 топтық қондырғы орташа төуліктік шығымы 2-объект бойынша 37,5 тонна және 3-объект скважинлары енгізілді.
120 ұңғының тәуліктік өнімі 5679 мұнайды құрайды. Бір ұңғының орташа тәулік шығымы 35 тоннаға есептелген. Яғни, шығымның жобадағы деңгейден жоғары болуы 44% құрайды.
Жобаға сәйкес мұнай өндірудің жылдық көлемі 1800 мың тонна. 187 өндіру ұңғылардың тұрғызу қарастырылған.
2001 жылдың аяғында өндіріс объектілерін тұрғызу 93,3% құрады. Қабат қысымын ұстау үшін, игерудің технологиялық схемасы қарастырған үш игеру объектілеріне, тоғыз нүктелі схема бойынша қабатқа су айдау жүргізіледі. Қазіргі барлық су аңдау қоры44 ұңғыны құрайды. Су айдау, су бөлу пункті арқылы (ВРП) СБП, бір ББСС (БКНС), 3 сорап жұмыс істейді, шығу қысымы 10,7-10,8 МПа құрайды.
Жылына ұңғылар бойынша қабатқа айдаған су көлемі 2-кестеде көрсетілген. 1-объектіге су айдау ұңғылары (НН 24, 101, 102, 103, 104, 1001, 1008, 1021) арқылы жүзеге асады және 30 өндіру ұңғылары әсер етеді.
Айдау аймағынан алысырақ жатқандықтан 2 және 3 қатардағы (NN 1015, 1014, 1009, 1010, 1004, 1005, 1006, 105) ұңғылары әсер аймағынан тыс қалады. 1999 жылдан бері 3-объектіде бар болғаны 3 айдау ұңғылары (NN 303, 3001, 3008) жұмыс істейді және айдаумен 13 өндіру ұңғылары қамтиды. 1999 жылы бойында қабатқа 296,352 м3 су, ал игеруден бастап 5314,44 м3 су айдалған. Жылына мұнайлы қабаттарға бар болғаны 2013,635 м3 су айдалды.
Объектілер бойынша алуды қайтару ретіне 78,8; 58,3; 82,3% құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай прафилакти-калық шаралар жүргізілді. Ыстық мұнаймен өңдеу (934 рет), ыстық сумен (40 рет) және штуцерлер мен шығу желілерін ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымының кен орнында азаюына себеп, парафиннің көтергіш құбырдың (НКТ) бойына жиналуы, су мен газ пайда болуымен, ұңғы түбіне құм жиналуда. Жер асты ұңғы жөндеу бригадасы мұндай жағдай кезінде ұңғы түбін жуып, құмдардан тазартады.
Кен орны бойынша мұнай өндіруді арттыру негізінен жаңа ұңғыларды енгізу арқасында болады. 2001 жылы пайдалануға 95 өндіру ұңғысы берілді. Олар бойынша өндіру 462,527 мың тонна мұнайды құрайды. Ал игерудің көрсеткіштерінде мұнай өндірудің төмендеуі көрінеді. Бұл сол уақыттағы Сібір жеңіл мұнайының келмеуіне байланысты ұңғылардың бір бөлігін (2-объектте) тоқтатуғамәжбүр болды. Өйткені Құмкөл кен орнының мұнайы қою, сондықтан Сібір жеңіл мұнайымен араластыру керек. Қаңтар айы бойынша 89 мың тонна мұнай және 95,77 мың тонна сұйық алынады. Ол 2000 жылдың алдыңғы айларынан өндіру деңгейі екі есе төмен.
Айдау ұңғыларының орташа қабылдағышы 2,94 м3тәу болғанда, қабатқа су айдау 218,6 мың м3 болды. Бұл кезде су айдаумен өндіру 161,4% құрады. Наурыз айында 1-объектінің сулануына байланысты және қысымның көбеюіне байланысты, ұңғы төңірегінің қабылдауы нашарлап, көптеген ұңғыларда сулану артты. Соның есерінен "Мұнай газ ғылыми зерттеу жөне жобалау" институтының ұсынысы бойынша су айдау тоқталды.
Сәуір айынан бастап, тоқтатылған ұңғыларды жұмысқа қосуға байланысты мұнай өндіру өсе бастады. Оның өзінде мамыр айында 194,7 мың тонна деңгейіне жетіп тұрақтанды. Мұнай өндірудің одан өрі өсуі, ай сайын 5-15 аралығында жаңа өндіру ұңғыларының іске қосылуына байланысты болды.
2002 жылы айдауға 10 жаңа ұңғы енгізілді, оның ішінде 1-объектіде 2 ұңғы (N 1009, 1017), 2-объектіде 5 ұңғы (NN 2012, 2061, 2075, 2078, 2802) және 3-объектіде 3 ұңғы (NN 3015, 3017, 3023). Жұмыс істемей тұрған қордан 3 ұңғы іске қосылды.

1.1.2 Стратиграфиясы

Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте протерозой негізгі бетінде орналасқан.
Төменгі протерозой РR1
18 ұңғыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы анықталды.
2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр болатын негіздің үстіңгі қабаты (120 метр шамасында) сұрғылт-жасыл сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды құрамға айналады.
3-ші ұңғыда ерекше өзгерген метасоматиттер байқалып, олар аз интрузивті декер құрамында болғандығы болжамдалды.
Барлық негіздің тығыз орналасып, көптеген бытыранқы аймақтармен бөлшектенген жазықтарда кварцты және қалыпты желілер қабаттасып кейбір жерлерінде темірге айналған.
Осы жыныстардың жоспары Ұлытау мен Қаратау қыраттарының жасына сәйкестелінген.
Мезозой - кайнозой топтары МZ-КZ
Арысқұм бөктерінде мезозой-кайназой шөгіндісі екі (структуралық) құрамдық қабатына бөлінеді. Атап айтқанда жоғарғы триас-юралы және бор-палеогендік стратиграфиялық үйлесімсіздігінен шекараласқан.
Триас - Юра бөлщцері Т - J
Құмкөл кен орнының төменгі қабаты орта Юра жүйесінің бөлімдерінің шөгіндісімен басталады.
Арысқұм бөктерінде грабен-синклинальдарының төменгі тілігінде жоғарғы триас - төменгі юра шөгінділері де бар.
Құмкөл аумағында жүргізілген іздеу жұмыстарының бары-сында аталған шөгінділердің стратиграфиясы игерілген. Жоғарғы триас бөлімі Т3, төменгі юра бөлімі J1грабен-синклиналдарда бұл қабат төменгі құмбұлақ пен жоғарғы айболин тастопшаларынан тұрады.
1200 метрге дейінгі 1 қабатты бірінен соң бірі қабаттасып құмтастар мен (песчаник) гравелиттер, аргиллиттерден құралып кейбір жерлерінде конгломераттарға айналады. Айболин тастопшасы қара аргиллиттер мен сазды алевролиттерден тұрады. Олар органикалық заттармен, көмірге айналған өсімдік қалдықтарына бай.
Оның қалыңдығы 535 метрге дейінгі шамада.
Юра жүйесі J
Орта бөлім J2
Орта юра сұр құмайтты алевролиттер мен қара сұр аргиллитгер Дощан қабат-қабат тастопша шөгіндісімен ерекшеленген.
Жаппа тастопша бөлігінде 12 метрден (ұңғы 12) 56 метрге дейін (ұңғы 6) қабаттасқан құмайт аргиллиттерден құралып, мұнай газ беретін (горизонт ю-4) қабат болып келеді. Тастопшаның төменгі құрылым қанаттарында 4-6 метр көмір қабаттары кездеседі (ұңғы 4,5,6). Тастопшаның төменгі жаппа құрлымды бөлігі үшкірленіп ю-4 горизонты жыныс негізінде немесе жынысқабығына жатады.
Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігінде Дощан топшасы түгелімен үшкірленіп (ұңғы 17,19), ал қанаттарында оныңқалыңцығы 219 метрге дейін жетеді (ұңғы 5).
Орта-жоғарғы бөлімдер J2-3
Юраның орта-жоғарғы бөлімдеріндегі шөгінділер карагансай
тастопшасына бірігіп (J2-3-КS) Дощан тастопшасына трансгрессивті орналасып, ал бұл тастопша жоқ жерлерде жыныс негіздерінде орналасады. Литологиялық жағынан өте күрделі. Қара аргиллиттермен аргиллиттерге ұқсас саз, гидрослюда - каолинитті құрамды азғана сұр сазды алевролитті қабаттарынан текшеленген.
Оңтүстік-батыс құрылымдық бөліктерде (ұңғы 17,19) тастопша жоқ, ал қанаттарында 45 метрге дейін жетеді. Тастопша өзінен өзін жинақтау Дощан тастопшасы үстегі доломиттер ретінде
көрсетеді.
Грабен-синклинальдарда тастопшаның жоғарғы бөлігі жанғыш сланецтерден түзілген. Тастопшаның қалындығы 257 метр. Көптеген дәнталас-тартыстар нәтижесінде тастопшаның жасы кейінгі баткелловей шаңтозандарына жатқызылған.
Жоғарғы бөлім J3
Жоғарғы юра қабаты карагансай тастопшасының аргиллитында орналасқан және Құмкөл, Қоскөл тастопшалары болып екіге бөлінеді. Кен орнындағы Құмкөл тастопшасы (І3к) үш қабат горизонтальды өнімдік құмайттар, құмдар және алевролиттер сазды алевролиттер және сазды болып бөлінеді (Ю-1) (Ю-2) (Ю-3).
Бүкіл аймақта горизонттар саз және сазды алевролиттер болып бөлінген.Тастопшаның қалыңдығы құрамды шекте жаппа бөліктерде 37-38, ал қанаттарында және аймақтың солтүстік бөліктерінде 32 метрге дейін өзгереді.Құмкөл тастопшасының қалындығы грабен синклиналь-дарында 300 метрге дейін артады.
Бор жүйесі - К
Кен орнының төменгі бөлігінің бор жүйесі профильді құрамды ұңғылау негізінде дауылды және қарашатау тастопшаларына бөлінеді.
Орта төмен бөлігі қызыл кен жоғарғы бөлігі балапан және турон-сенон бор жүйелеріне бөлінеді.
Төменгі бөлім К1
Неоком жоғарғы текшесі (К1пс)
Неоком текшесінің шөгіндісінде дауыл тастопшасы жекеленген. Осы тастопша кейбір келіспеушіліктің салдарынан төменгі және жоғарғы дауыл тастопшалық екіге бөлінеді. Төменгі дауыл тастопшалығы арысқұм горизонтына жатады және ол құмдар қоңыр сазды алевролиттер карбонаттық алевролиттер мен саздан тұрады.
Арысқұм горизонтының қалындығының шектік өзгерісі 87 ден 123 метрге дейін жетеді.
Арысқұм жазық горизонтты литологиялық құрамы жағынан Құмкөл құрылымында үш буда текшеге бөлінеді: төменгі Мен жоғарғы құмды алевролитті және ортаңғы - сазды. Жоғарғы құмды және төменгінің жаппа бөлігі өнімі мол (горизонттар М-1 жөне М-2). Жоғарғы бөліктің төменгі дауыл тастопшалығы сазды және карбонатты (карбонаттар мөлшері 30%) алевролиттер мен қалыңцы-ғы 113-163 метр болатын саздан тұрады. Жоғарғы дауыл тастопшалыгы тіліктің төменгі және орталық беліктерінде қабатталған құм мен қызыл түсті жынысты сазды текшелерден тұрса, ал үстіңгі жағы негізінен сазды.
Тастопшаның қалыңдығы 153-тен 241 метрге жетеді.
Дауыл тастопшасының негізінде табылған тұщы су жиынтық-тарының мөлшеріне қарай оның готерив-баррем шөгінділерінен тұратындығы анықталып неоком дәуір аралығына жататыны дәлелденді.
Апт-альб ярустары (К1а-К1аl)
Апт-альб шәгіндісі шайынды арқылы дауыл тастопшасының үстіне орналасып, қарашатау тастопшасымен бірігеді. Тастопша төменгі жағында қатты бекілмеген гравелиттер қабаттарымен ауысыпотыратын құм қабаттарымен жоғарғы жағында саздан тұрады. Барлық жыныс көмірге айналған өсімдіктер қалдығымен өте бай. Тастопша қалыңдығы 253-350 метр.Спорово-пыльца талдауының берілгендері бойынша тастопша апт-орта-альб дөуір аралығына жатады.
Төменгі - жоғарғы бөлімдер К1-2
Альб-сеноман ярустары (К1al+s)
Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау тастопшасының үстінде орналасып, қызылқия тастопшасынан ерекшеленіп тұрады. Ол ала шұбар саздар алевролиттер мен сазды құм қабаттарымен қүмайттардан түзілген. Тастопшаның қалындығы 87-186 метр.Тастопшаның жасы соңғы альб-сеноман дәуір арасына жатады. Ол тозаң-тұқымдар негізінде анықталған.
Жоғарғы бөлім К2
Турон ярусы К2t
Турон шөгіндісі балапан тастопшасынан бөлінген шөгінді трансгрессивті қызылқия тастопшасының үстінде түзіліп, жасыл-сұр құм мен жұқа сазды қабатшалардан тұрады.
Глауконит дәндерімен көмірге айналған өсімдіктер қалдықтары да кездеседі. Тастопша қабаты 82-150 метр аралығында. Жан-жақты тозаң-тұқымдарды зерттеу нәтижесінде тастопша жасы төменгі туранға жатады.
Жоғарғы турон, төменгі сенон (К2t-sn1)
Бұл қабат шөгінділері шайылған жыныстар мен балапан тастопшасымен шекараласады. Литологиялық бұл қабат ала-шұбар түсті құм мен сазды балшықтан тұрады, қабат қалыңдығы 123-136 метр. Қабат жасы жан-жақты түқымды, тозандар негізінде анықталған.
Жоғарғы сенон (К2sn2)
Жоғарғы сенон қабаты (құрылым жағынан) барлық ұнғыларда шайылып кетуіне байланысты байқалмайды. Қабат сұр сазды балшық пен ақ құм қабаттарына әктас қабатшасы қатарласып шегіп отырады. Ең жоғарғы шөгінді қалыңдығы 43 метрге жетеді.
Қабат жасы теңіз қалдықтары (фауна) микроқалдықтар (микрофауна) жөне тұқым шаң тозандары жан-жақты зерттеу нәтижелерімен анықталып кампанмаастрихті кезеңге жатқызылған.
Кайнозой тобы - КZ
Палеоген жүйесі - Р
Палеоцен - төменгі эоцен Р1-Р2
Палеоцен - төменгі эоцен шөгіндісі әртүрлі горизонтта шайылған күйде жоғарғы бор үстінде орналасқан. Олар көмірленген өсімдіктер дәнекер қалдықтарымен бай қара сұр саз балшықтар мен кварц-глауконитті құмдардан тұрады. Ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.
Неоген - төрттік жүйелері N-Q
Арысқұм ойпатының батқан бөліктерінде жастау плиоцен -төрттік шөгінділер дамыған. Құмкөл құрлымдық шегіне шартты түрде жазықтықты басып жатқан құмдар, саздықтар мен құмтастар да енгізілген. Олардың қалындығы 10 метрден аспайды.
Тектоника
Оңтүстік Торғай ойпаты Торғай тегістігінің солтүстік-шығысында орналасқан. Ол Ұлытау тау жоталарымен оның шығы-сында орналасқан оңтүстік жалғасының.төменгі Сырдария күмбезі мен батыста Орал бір беткей құрамалы құрлымның ортасындаөзіндік бір беткейлігімен жағымсыз роль атқарып тұр. Оңтүстігінде Қаратау тау жоталарымен ал солтүстігінде Қостанай қақпағымен шекараласады. Оңтүстік Торғай ойпаты өз тарапынан екі ойысқа бөлінеді. Солтүстігінде Жыланшы оңтүстігінде Арысқұм, орталығы Мыңбұлақ қаңбақшасымен бөлінген. Құмкөл антиклинал құрлымы бор-палеоген жинағында 1500-1700 метрге жетіп, Арысқұм ойысында орналасқан. Мұнда триас-юра шөгіндісі өзінше жеке құрлымды қабат құрап, ол төмендегідей ерекшеленеді. Қабат қалындығы максимал, мезозойға дейінгі гетероген негізінде ортасы опырылып түскен, жақтары бір-біріне қарсы құлаған созылған сынақтар бұлар тіліктерді толық стратиграфиялық зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген. Геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм ойығының шекарасында бес желілі созылған субмеридионалды бағытта грабен сиклиналдарымен үш орталық қабаты көшірілген жарықтар жүйесінен антиклиналды күмбездер оларды бөліп тұрады. Бұл дәлелдеме ұңғылау нәтижесінде анықталған. Құрлымы жағынан Құмкөл дөңесі Сарыбұлақ горст антиклиналды шығысының оңтүстік батыс жағында орналасып Ақшабұлақ және Сарылан грабен синклиналдарымен бөлініп тұрады.
Платформаның үстіңгі бүркеме қабатының шөгіндісі дөңестің шектік аймағында бұрыштың және стратиграфиялық қабаттар үйлесімсіздігімен жыныс негізіне орналасады. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағыттарында тектоникалық бұзылу себептерінен негізгі бірнеше блоктарға (шоғырларға) бөлінген.
Шөгіндінің үстінгі бүркеме қабатында тектоникалық бұзылу тек қана солтүстік-батыс бағытта байқалады.
Негіздің жүйелі бұзылуы бірнеше орталық қанаты көтерілген жарықтар жүйесінде бөлінуі дөңестің амплитудасы 320 метрдей, ал ені 2,5-3,5 километр және ұзындығы 24 километрге жетеді.
Негіздің беттік орналасу тереңдігі 1200-1600 метр шамасында.
Үшінші, бесінші және жиырма екінші ұңғыларда грабен шығыста амплитудасы 100 метрге дейін төменделе шектеліп ерекшеленеді. Солтүстік-батыс бағытта грабен кең қысым айырмашылықтарына иеленіп негіз 1460 метрден 1820 меір терендікке дейін орналасады.
Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағытта дөңестің орталық бөлігі қасқа сыңықтар сериясы (29, 30, 16, 20, 14, 21, 8 ұңғылар аймықтарында) горст-грабенді амплитудасы 80 метрге дейін, өлшемдері 2,5-3,5 километрге тең болатын блоктарға бөледі.
Аймақтық солтүстік жөне оңтүстік бөліктері де орталық тұсы төмен құлдыраған жарықтар жүйесімен күрделенген.
Аймақтың орталық бөлігінде негіздің ең аз тереңдікте (1160-1170 метр) орналасуы (2,9,12,17,19 ұңғылар аудандарында) байқалады. Сейсмикалық құжаттармен, жүйелі ұңғылау нәтижелерінің күрделі бағдарламамен өңдеу, дөңестің тектоникалық шөгіндісінің жан-жақты, деталды мағлұматтарын ұсынады.
Юра шөгінділерінде екі түрлі беттік қабаттың құрлымы өте жақсы байқалады, оның біреуі - Құмкөл дөңес горизонтының қабат құрлымын жоғарғы Юраға, ал екіншісі дөңес қабаттың орта юра құмайт шөгіндісімен айқындайды.
Беттердің біріншісі өнімді Ю-1 горизонтымен байланысып, табан горизонтымен бірігеді. Екінші бетке 4 табан горизонты жанасшрылып өз тарапынан жамылғы өнімді Ю-4 горизонтымен бірігеді.
4 табан горизонтының жамылғысында Құмкөл кен орнының күрделінілген үш күмбезінде брахиантиклиналды қыртыстың бар екені байқалады. Қыртыстың тұнықталған теңіз деңгейінен биіктігі бірдей жерлерді қосатын сызықтарынан максималды амплитудалары 160 метр, биіктігі 1330 метр өлшемдер 20x8 километр болады. Қыртыс үш тектоникалық үйлесімсіздіктермен (Ғ1,F2, Ғ3) күрделіленген.
Қыртысты шығыстан шектейтін ең ұзақ төмендеу амплитудасы Ғ2 60-100 метрге жетеді. Солтүстікке қарай бұл өзгеріс Р3 бұзылуымен байланысты ары қарай сенімді.
Қыртыстың солтүстік-батыс синклинальды бөлігі максималды амплитудасы 30 метрге жететін шашыраңқы алысқа ұзаған бөліктері-мен күрделіленген.
Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігі 12,17,19 үңғылар ауданында орта юра шөгіндісі мүлде жоқ. Орта юра шөгіндісінің негіздің көтерілуі шамасына қарай азаюы оған тіліктің теменгі белігінің қосылуының нәтижесінде іске асады. Үшінші ұңғы ауданында өлшемдері 1x1,5 километр, ал амплитудасы 25 метр болатын өте үлкен емес изометриялық күмбез байқалып, ол батысынан жөне шығысынан тектоникалық ажырауларымен қабаттасып келіп отыра-ды. Соңғы ажырасуға (шығыстан қосылатын жартылай күмбездің) амплитудасы 40 метр тұйықталған изогипс "минус" 1260 метр болатын шығыстан келіп қосылатын жартылай күмбез жатады.
Бүкіл аудан аймағында орта юра шөгіндісі 0-200 метр аралығында өзгереді. Дөңестің өнімді горизонты Ю-1 жаппасының өлшемдері 20x9 километр құрап, тұйықталған изогипсте "минус" 1220 метрге дейін жетіп дөңестің амплитудасы 120 метр болады, қыртыс қанатгарының бұрыштың түсуі төменгі бетке ұқсас. Түгелімен Ю-3 горизонты дөңестің жоспарын қайталап үш күмбезді брахиантиклиналды болып солтүстік-батыс бағыттан амплитудасы 30-100 метр Ғ2, төмендеуімен шектеледі. Солтүстік және батыс күмбездер шығанақ тәріздес кішігірім синклиналмен өзара бөлініп тұрады.
Үшінші ұңғы ауданында негізгі төмендеу Ғ2-ден шығысқа қарай сейсмикалық материалдар негізінде өлшемдері 4x2 километр жөне амплитудасы 40-45 метр тұйықталған изогипса "минус" 1130 метр болатын дөңеспен анықталып шығыстан тектоникалық түзілу Ғ3 жартылай күмбезбен қосылып (34 ұңғы аумағында) өлшемдері 1x0,8 километр шамасында болады.
Құмкөл тастопшасының қалындығы аудан бойынша негізінен 55-75 метр шамасында ауытқып дөңестеу жерлерінде 38-44 метрге (ұңғы 2,17,19) дейін өзгереді.
Арысқұм горизонт жаппасы бойынша (өнімді бор М-1 горизонт жаппасы) Құмкөл құрлымы желілі асимметриялы антиклинал қыртысы болып келіп, күмбезі оңтүстікке қарай ауытқыған. Дөңес өлшемдер 17x4 километр, амплитудасы 51 метр тұйықталған изогипс "минус" 1000 метр болады.
Құрлымның шығыс қанаты флексурамен күрделіленген, юра Швгіңці келіп өтетін Ғ1 тектоникалық бұзылумен сөйкес келеді.
Кен орнының орталық бөлігінде 3 шағылу горизонтында айақтың изогипстың бағытының солтүстіктен шығысқа қарай күрт өзгеруіне байланысты "минус" 1000 метр еңдігінің кеңеюі байқалады.
Шығыстан Батысқа қарай 890934 уақыт бөлігінде осы аудан арқылы өтетін локалды иілту байқалып, бұл жерде амплитудасы аз күмбез екендігіне дәлел болады.
Дөңес ауданның әртүрлі бетінің жоспарларын салысттыру барасында арықұм дөңес горизонтының жаппасының ені азайып,оның пішіні өзгеріп дөңестің орталық шығыс жақ бетіне қарай Ю-1 горизонтымен ығысқан.
Тілікпен жоғары қарай құрлым амплитудасы 160 метрден Ю-3 горизонтынан 51 метрге арысқұм горизонт жаппасынан дейін азаяды.

1.1.3 Мұнайгаздылығы

Құмкөл кен орнында өндірістік мұнай-газ бергіштік төменгі неоком және жоғарғы юра кішігірім жинақтарында орналасқан.
Төменгі неоком мұнай-газ бергіш жинағында екі өнімді горизонт М-1 мен М-2 анықталған ұңғыны геофизикалық зерттеу мөліметтеріне сүйеніп жасалған жыныс қабаттарының салыстырма-лы арақатынасы негізінде дәлелделінген.
Төменгі-бор горизонттары М-1 және М-2 қалыңдығы 10-нан 20 метрге дейін сазды қабатпен бөлінген.
Тереңдігі 1060-1100 метр аралығында М-1 горизонтында мұнай кеніші бар. Кеніштің қалындығы 40 метр. Мұнай кенішінің орналасу қабаты күмбезді. Абсолюттік СМШ деңгейлері "минус" 981,1-ден "минус" 985,6 метр аралығында, оңтүстік күмбездің құрлымына батыс қанатында орналасқан ұңғылар қатарында (2052, 2077, 406, 1039) СМШ деңгейінің "минус" 977,7-ден "минус" 979,7 метр аралығынан кішігірім салыстырмалы ауытқулар анықталған.
Мұнай қабаты - күмбезді кеніші М-2 горизонтында орналасқан, кеніштің орналасу деңгейі 1095-1111 метр аралығында. Қабаттың қалыңдығы 15 метр қабаттың абсолютті СМШ деңгейі "минус" 996-дан "минус" 999 метр аралығында, құрылымның батыс қататтағы кейбір ұңғыларда ғана (231, 432, 3023, 3032) түйісу деңгейлері "минс" 991,4 және "минус" 992,6 метрге дейін көтеріледі.
Юра шөгіндісіне (Ю-1, Ю-2, Ю-3 жөне Ю-4) өнімді горизонтгар айқындалады. Ю-1 және Ю-2 горизонттары біркелкі ГМШ мен СМШ-ларына ие болып, мұнай кеніші газ қалпақшалы болады.
1190-1322 метр аралығында қабатты, тектоникалық экрандалған, күмбезді кеніш орналасқан. Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр. Мұнай су түйісу контактісі "минус" 1179 метр, ал су мұнай контактісі "минус" 1194 тен "минус" 1198 метрге дейінгі аралықта орналасқан. Кеніштің мұнай бөлігінің деңгейі 18 метр, ал газ бөлігінің деңгейі 24 метр.
Ұңғының орташа бір күндік шығымы 35 ттәу. Қабат қысымы шамамен 8 МПа. Құмкөл мұнайының тығыздығы - 821 кгм3, тұтқырлығы -11,7 мПа-с, құрамындағы күкірт мөлшері - 0,11 пайыз, парафин -- 11,7 пайыз, асфальт-шайырлы заттар - 5,9 пайыз.

Мұнай мен газдың қоры

Құмкөл кен орнының мұнай мен газ қоры 1987 жылы саналды.
(оны 2-кестеден көреміз)
2 - кесте. 1987жылдағы есептелген мұнайдың қоры мынадай:

Объект
қабат
Мұнай қоры (С1) мың.т
Газ қоры млн. м[3]

Балан - сты
Алынатын
КИН
доли.ед.
Алынатын еріген
Баланс.
Газ. шапкалар
I
M-I + M-II
20520.1
11614.0
0.56
95
-
II
Ю-I + Ю-II
38833.0
23414.0
0.60
3185
362
III
Ю-III
12071.0
7061.0
0.58
939
-
IV
Ю-IV
374.0
112.0
0.30
71
34
Барлығы:

71800,0
42203,0

4290
396

2007 жылдың сәуір айында ҚР ҰҚҚ-дамұнай қорын санау кезінде С1 категорилы мұнайды В мұнайға ауысуын бекіткен (протокол №133-02-П 10.04.02). Салыстырғанда С1+ В категориялы мұнай қоры 11,5%-ға өсті.

2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Кен орынды игеру жүйесі

Игеру жүйесі - инженерлік шешімдердің өз ара байланысының жиыны: объектілерді сайлау және оларды игеру ретін белгілеу; негізгі және резерв фондыларынан пайдалану және айдайтын ұңғылардың санының, ара қатынасы мен орналасуын анықту; жерқойнауынан мұнай мен газдарды шығару мақсатымен, қабатқа ықпал жасау әдісін дәлелдеу; игеру үрдісін басқару (меңгеру), және бақылау әдістерін анықтау; жер қойнауын және айналадағы ортаны қорғау. Жер қойнауынан мұнайды шығару технологиясы, қабат ішіндегі мұнай мен газдарды қозғалтатын механизмімен анықталады. Табиғи жағдайларда, бұл газ бүркембесіндегі немесе мұнайдан бөлінген газбен су мұнайды ығыстырады. Игеру технологиясының тиімділігі, мұнай қорының өндіру толықтығымен сипатталады. Қабаттың мұнай бергіштігін көбейту мақсатымен, оларға әртүрлі ықпал жасау әдістерін қолданады: су, газ, әртүрлі химияалық реагенттер, жылу тасушылар айдау, қозғалмалы жану фронтын тудыру ж. т. б. Кен орнын игеру үрдісін пайдалану және айдайтын ұңғылардың жалпы санын және ара қатынастарын, олардың алаңдағы өз ара орналасуын өзгертіп және пайдалану үрдісі мен ұңғылар жұмыстарының әртүрлі режимін белгілеп реттейді. Мұнай кен орнын игеруді реттеу - өнімді қабаттан пайдалану ұңғы түбіне қарай, сұйықтардың қозғалыс үрдісін басқару. Оның мақсаты, әрбір қабаттан және кен орны бойынша, игерудің әрбір сатысында, барынша көп мұнай өндіруіне жету болады. Мұнай өндірудегі барлық технологиялық операциялар, шынында жұмыс істеу қабілеттері мұнай өндіруді көбейтуге және игеруді реттеу мақсаттарын шешуге бағытталған. Мұнай кен орнындағы игеру үрдісінде болып жатқан түрлі геология-физикалық жағдайлар мұнай алудың әртүрлі технологиясын және игерудің әртүрлі жүйелерін қолдануын талаптайды. Игеру объектілер өзінше бөлек және қайтару объектілер болып бөлінеді. Қайтару объектілердің өзінше бөлек объектілерінен айырмашылығы алдын ала ұңғылар мен басқа бір объектіні игеруді деп үйғарылып сосын керек кезде қажетті объектіге көшу.

2.1.1 Ағымдағы игеру жағдайын талдау

Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте протерозой негізгі бетінде орналасқан.
Төменгі протерозой РR1
18 ұңғыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы анықталды.
2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр болатын негіздің үстіңгі қабаты (120 метр шамасында) сұрғылт-жасыл сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды құрамға айналады.
3-ші ұңғыда ерекше өзгерген метасоматиттер байқалып, олар аз интрузивті декер құрамында болғандығы болжамдалды.
Құмкөл кен орнында өндірістік мұнай-газ бергіштік төменгі неоком және жоғарғы юра кішігірім жинақтарында орналасқан.
Төменгі неоком мұнай-газ бергіш жинағында екі өнімді горизонт М-1 мен М-2 анықталған ұңғыны геофизикалық зерттеу мөліметтеріне сүйеніп жасалған жыныс қабаттарының салыстырма-лы арақатынасы негізінде дәлелделінген.
Барлық есептеулер мен жұмыстар жүгізілгеннен кейін игерудің келесідей варианттары қарастырылған: ұңғылар арасындағы 600 м және 800 м қашықтықты үш қатарлы суландыру жүйесі; ұңғылар арасындағы 800 м қашықтықты бес және тоғыз нүктелі суландыру жүйесі. Бұл барлық төрт варианттар әр объектіге жеке есептелген.
Осылайша үш пайдалану нысандары айқындалған, олардың мүмкіндіктері бұрын қабылданған технологиялық шешімдерге негізделген және келесідей түзетулер енгізілген:
- бұрғылау үшін минималды шектік қалыңдықтың 8 метрден 16 метрге ұлғаюына байланысты бұрғылау ауданын қысқарту және жобалық ұңғылар санын азайту;
- екінші карбонатты қатқабаттың объектілеріне суландырудың үш қатарлы жүйесін енгізу;
- ошақтық суландыру есебімен КТ-І объектілері бойынша жобаланған әсер ету жүйесін күшейту.
Игерудің гидродинамикалық есептері қабаттың геологиялық моделіне сәйкес модельде жүргізілген.
Қабатты игерудің келесі варианттары қарастырылған:
- игерудің әр объектісін суландырудың тоғыз нүктелі жүйесі бойынша өзіндік 800х800 м ұңғы торымен бұрғылау, жоспарда объектілердің ұңғы торы ұңғыларды басқа көкжиектерге ауыстыруды жүзеге асыра алатындай етіп орналасқан. Сонымен қатар бұл варианттар екі жағдайға қарастырылған: ұңғылардың сулануын реттеусіз және суланған интервалдарды оқшаулаумен.

2.1.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау

Мұнай кен орнын игеру мынадай технологиялық көрсеткіштермен сипатталады(кесте 2.1; 2.2):
- игеру барысында кен орнынан мұнай өндіру;
- кен орнын игерудің қарқыны;
- кен орнынан сұйықты өндіру (мұнай мен судың сомалық өндірісі);
- мұнайбергіштік;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Маңғышлақ бөлігінің геологиясы мен мұнайгаздылығы және шығыс Аққар кенорнында іздеу жұмыстары жобасын жасау
Құмкөл кен орнының жағдайында өндіретін ұңғылар жұмысын қиындататын негізгі аспектілер
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Құмкөл кен орны
Тастопшаның қалындығы 257 метр
Жойылған ұңғылар қоры
ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫН РЕСУРСТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Кұмкөл кен орнының ағымдағы жағдайын талдау
Ұнғыны жуу
Орталық облыстары кен орнынан
Пәндер