Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары



Кәсіптік - техникалық педагогика негіздері 1
1.2. Кәсіби педагогика–педагогика ғылымының бір тармағы мен оқу пәні. 7
1.3. Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары. 8
2.2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері. 12
2.4. Кәсіптік білімді басқару теориясы 14
Мемлекеттік жұмысшы кадрларды дайындау – 17
әлеуметтік және ғылыми мәселе. 17
Қазақстан Республикасы бастауыш және орта 19
кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылымы мен жалпы сипаттамасы. 19
3.3 Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі. 20
Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру. 21
Білікті жұмысшы мамандар дайындау мәселесіне 22
қазіргі ғылыми көзқарас. 22
Жұмысшының жеке қасиеттерінің қалыптасуына 22
Профессиографиялық тұрғыдан қарау. 22
Кәсіби шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық 24
негіздері. 24
Акмеология пәні және оның міндеттері. 24
Бастауыш кәсіптік білім стандарттарын әзірлеудің 29
методологиясы. 29
Құзыреттілікке негізделген стандарттар. 31
Кәсіптік мектептерде білім мазмұнын қалыптастыру принциптері. 33
КӘСІПТІК МЕКТЕПТЕРДЕ КӘСІБИ ОҚЫТУ ҮРДІСІ. 34
Кәсіби оқыту принциптері. 34
Кәсіби оқыту принциптерінің ерекшеліктері 35
Кәсіби жұмылдыру принципі 35
Кәсіби оқытуды модульдеу принципі 35
Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері. 36
Кәсіби оқыту әдістері. 36
Кәсіптік оқыту құралдары мен олардың түрлері. 40
Кәсіби оқытуды кешенді әдістемелерімен қамтамасыз ету. 41
Кәсіби оқытуды ұйымдастыру түрлері: 41

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

Кәсіптік - техникалық педагогика негіздері 1
1.2. Кәсіби педагогика–педагогика ғылымының бір
тармағы мен оқу пәні. 7
1.3. Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары. 8
2.2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері. 12
2.4. Кәсіптік білімді басқару теориясы 14
Мемлекеттік жұмысшы кадрларды дайындау – 17
әлеуметтік және ғылыми мәселе. 17
Қазақстан Республикасы бастауыш және орта 19
кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылымы мен жалпы сипаттамасы. 19
3.3 Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі. 20
Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру. 21
Білікті жұмысшы мамандар дайындау мәселесіне 22
қазіргі ғылыми көзқарас. 22
Жұмысшының жеке қасиеттерінің қалыптасуына 22
Профессиографиялық тұрғыдан қарау. 22
Кәсіби шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық 24
негіздері. 24
Акмеология пәні және оның міндеттері. 24
Бастауыш кәсіптік білім стандарттарын әзірлеудің 29
методологиясы. 29
Құзыреттілікке негізделген стандарттар. 31
Кәсіптік мектептерде білім мазмұнын қалыптастыру принциптері. 33
КӘСІПТІК МЕКТЕПТЕРДЕ КӘСІБИ ОҚЫТУ ҮРДІСІ. 34
Кәсіби оқыту принциптері. 34
Кәсіби оқыту принциптерінің ерекшеліктері 35
Кәсіби жұмылдыру принципі 35
Кәсіби оқытуды модульдеу принципі 35
Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері. 36
Кәсіби оқыту әдістері. 36
Кәсіптік оқыту құралдары мен олардың түрлері. 40
Кәсіби оқытуды кешенді әдістемелерімен қамтамасыз ету. 41
Кәсіби оқытуды ұйымдастыру түрлері: 41

Кәсіптік - техникалық педагогика негіздері

Адам – эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысы, жер бетіндегі тіршілік
иесі десек, бұл ілім сол адамзат зерттеушісі. Екіншіден,біздің ғылымымыз
бірқалыпты емес диалектикалық қарама–қайшылықтарға толы. Әрбір адамның
тәрбие туралы өз ұғымы бар, кез–келген болмысты өзінше найымдай алады.Ұлы
ойшылдардың өзінде адамзат пен қоғам дамуы туралы пікірі,бағамы әркелкі.
Жүздеген мемлекет қайраткерлері, ойшыл философтар мен дарынды педагогтар
еңбегінде қаншама қарама – қайшылықтар жатқанын білесің бе? Кімге сенеміз?
Неге олай? Үшіншіден біздің ғылымдарымыз ұшы – қиыры жоқ шексіз, өткен
жәйттер ешқандай дәлелсіз жаңа идеялар туғызуды.
Педагогика шыңына жеткен том – том кітаптар жазылғанымен, жеке тұлғаны
тәрбиелеу мен кәсіби біліктілігі сапасын көтеру мәселесі әлі де зерделеуді
қажет етеді.Қазіргі қоғамға жаңаша көзқарасты талап етіп отыр.
Сөйтіп, Кәсіби педагогика өте қызық ғылым! Ол тек зерттеу ауқымы емес,
өзінің даму тарихымен әр кезеңдегі ашылған жаңалықтарымен, тұлғалар
тағдырындағы текетірестер мен адасулар, түпсіз тұңғиыққа тірелген ойлар
әлемімен қызықты.
Кәсіби педагогика жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім
беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты.Бұл енді дамып, қанат жайып келе
жатқан жас ғылым саласы.
Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі
ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері
бар.Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетті жұмысшылар дайындау
мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту
әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіби педагогика
осындай меселелермен шұғылданып, егемен елімізде білікті маман жұмысшы
дайындауда. Әлемдік өркениет деңгейіне көтермекші.Қазіргі нарық жағыдайына
бейімделген ақпаратты әлемде білімді тез, негізді түрде әрі тиімді игере
білуіміз қажет.Білікті педагог, өз ісінің білгір маманы болу үшін, ғылымды
игеру жеткіліксіз, оны практикалық тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік
әлемдік деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан – жақты
кәсіп иелері болуымыз керек.
Жас талап, осы қиын да күрделі, әрі қызықты жолда саған сәттілік
тілейміз!
Енді, біздің оқулығымыздың құрылымы, мазмұны, өз бетімен қалай білім алу
керек жөнінде ақыл - кеңесімізді ортаға салмақпыз. Оқу құралымен жұмыс
істей білу – бұл бағыттағы алғашқы қадам.
Жас талапкер, егер біз өзара түсіністікте ғылым негіздерін басты мақсатқа
нысана етіп игеретін болсақ, онда жұмысымыздың нәтижесі болғаны.Ол үшін
өмір көрсеткендей дамушы педагогиканың негізгі принциптеріне сүйенуіміз
керек.
Ол үшін не қажет?
Біздің тараптан – ақпараттарды оның әрі түсінікті ғылыми тілмен сіздерге
қызықты етіп жеткізе білу.
Ал, сіздер ілімді игеруде, танып – білуде өнімді еңбек ете алуларымыз
қажет. Өз бетінше шығармашылықпен ізденбей, бойкүйездікті жеңбей, ілім
негізін,ақпараттық ақиқатты игеру мүмкін екенін естен шығармағанымыз жөн.
Оқыту кәдімгі классикалық үрдісте берілген материалдарды оқу, оны байыту
және білім сапасын игеруді бақылау сияқты процестерден тұрады. Барлық
тараулар бөлімдерге бөлінген оқу блоктарынан тұрады.Блоктар алдын – ала
дайындалған танымдық процесті дамытатын ақпараттық және ойтүрткі қиялына
әсер ететін мәселелерді қамтиды. Білім негізі дидактикалық бірліктерді
ірілендіру принципін бетке ұстайды: өйткені ол оқу материалының басты
идеясы мен логикасын, ойлау салдарынан туатын қабілеттілікті арттыруды
жетілдіруге арналған.Мына төмендегі блок түрлері мен ондағы шартты
белгілерге назар аударыңыз:
АБ - ақпаратты блок
КБ - кеңейтуші блок
ПБ - проблемалы блок
ЖБ - жағдаятты блок
ББ - өздік бақылау блогы
ТБ - түзетуші блок
ҚҚБ - құзыреттілікті қалыптастыру блогы
Барлық тараулар тестік бақылау жүйесі мен өзіндік білім көтеруге
арналған әдебиеттер тізімін көрсетумен аяақталады. Курстағы негізгі білім
арқылы ақпараттық блокта баяандалады
Олар ықшам құрылымда, негізгі идеялар мазмұнын топтастырып, логикалық
ойлар мен тұжырымдарды қысқа әрі нақты сұлбалар арнайы белгілейді.

Ақпараттық блокқа органикалық түрде тығыз байланыса орналасқан
кеңейтуші блоктың (КБ) негізгі қызметі түсінуге қиын кейбір мәліметтер мен
ақпараттарды толықтырып, талдап беріп отырады.Кеңейтуші блок қажет
теориялық ақпараттарға жан бітіріп нақты факторлар мен мысалдарды жадта
ұстайды. Кеңейтуші блокты оқып, үйрену міндетті емес, бірақ ол қажет
кезінде өте пайдалы екенін ұмытпауымыз керек.
Проблемалы блок (ПБ) жеке ойлар мен идеяларды оятып, оған түрткі беріп,
жинақталған ақпараттық мәліметтер мен білім негіздері арқылы өздік
пайымдауларды, топшылауларды іске асыруға мүмкіндік туғызады.Бұл жерде
халқымыздың Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас деген дана мақалы
есімізге түседі, яғни түрлі түзетулер мен қателіктер, өз бетінше
пайымдаулар мен дайын тұжырымды алғаннан гөрі ескертулер, жеке тұлғаның
интелектуалдық қабілетін дамытып, өз еңбегі арқылы түпкі нәтижеге жетуіне
септігін тигізеді. Мәселе, кім көп білетінінде емес, кім оны практикада
дұрыс қолдана білетінінде болып отыр.
Нақты педагогикалық жағдаятта алған білімін танымдық процесте логикалық
іске асыра білу мүмкіндігі назарда болуы тиіс. Қандай да практикаға жауап
бере алмаған теория , нашар теория мұндай сәтте сізге жағдаятты блок (ЖБ)
көмекке келеді, бұл сәтті жібермеңіз, өйткені ол кері байланыс процесін
тудырады; яғни өмір – теория; теория - өмір.
Өздік бақылау, түзетуші және құзыреттілікті қалыптастыру блоктары
(ДБ,ТБ, ҚҚБ) негізгі идеяларды дұрыс түсінгенін тексеруге, дағдыларды
қалыптастыруға арналған.
Оларда жауапты дұрыс табудың түрлі жолдары, машинасыз программалау
құралдарының тиімділігі көрсетіледі.Бәрінен де педагогикаға тән басты
қасиет: кәсіби сенімділік пен кәсіби құзыреттілік негізгі нысанға айналуы
тиіс. Мынаған назар аударыңыз ; берілген құрылымды блоктар бір орында
тұрмауы мүмкін, кейбір сұлбаларда ол бірізділікпен ауысып отырады. Әр
студент өз мүмкіншілігімен мақсатына қарай оқытудың тиісті сұлбаларын
таңдап алады. Есте болар жәйт, қандай да бір педагогикалық теорияны
толыққанды игеру үшін оны блоктардың көмегінсіз мұқият өңдеуден өткізу
мүмкін емес.
Оқулық халықаралық ынтымақтастық аясында педагогика ғылымының докторы
Күмісбек Өстеміровтың басшылығымен Қазақстан мен Украйна ғалымдарымен
бірлесіп жасалды. Оқулықтың келесі басылымында, авторлық ұжымның
тұжырымдамасына сай, оқытудың мультимедиялық бағдарламалы компьютерлік
жүйесі жасалынбақ, ол осы құрылымға ұқсас материалдарды қамтиды. Бағдарлама
бойынша жұмыс істей отырып, сіз ақпараттарды игеріп қана қоймай электронды
– есептеу машиналары арқылы программалап оқыту мен тестік бақылау жүйесі
туралы да нақты мағлұмат ала аласыз.

1 Бөлім.
Кәсіби педагогика негіздері.
1 тарау.
Кіріспе.
Кәсіби педагогиканың міндеттері.
1.1 Кәсіби педагогиканың философиялық және әдістемелік негіздері.

Кәсіби педагогика – жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді
өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Ол ескі грех сөзінен пайдос - бала
және аго - жетелеу ұғымын береді. Сөзбе – сөз аударғанда бала жетелеу
деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Грецияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп
апарып, әкелетін құлды айтқан. Ол мектепте дәріс беретін құлдығалым деп
атаған.
Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын өмірге жетелеуші ғалым
ретінде қалыптаса бастады, яғни оны оқытып, тәрбиелеп жан және рухын
беретін өнер деп түсіндік. Атақты адамдардың қасына оны тәрбиелеген
педагогтарды да қоса айта бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу
туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды.
Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде
қалыптаса бастады.
Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Тек
соңғы онжылдықта ғана кәсіби педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана
емес, ол үлкендерге де қажет екендігі сезіле бастады.
Қазіргі педагогиканың нақты және дәл анықтамасы – адамды тәрбиелеу
жөніндегі ғылым екендігінде.Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағынада: оқыту,
білім беру тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.
Сөйтіп, тәрбие ғылым ретінде қалыптасқан бастапқы мағынасына қайшы келіп
отыр.Сондықтан, әлемдік педагогика лексиконына жаңа термен:
андрогогика (грек сөзі андрос - ер, аго - жетелеу) немесе
антропогика - адам жетелеу деген ұғым пайда болды.
Кәсіби білім беру педагогикасы немесе кәсіби педагогика атауында
негізінен адамның кәсіби дайындығы жүйесінің оның жасына, білім деңгейіне,
еңбек және кәсіби түрі мен сипатына қарай теориялық және педагогикалық
қарастыратын ғылым деп түсіну керек. Бұл тұжырым жеке тұлғаны кәсіби
дайындаудағы рөлі мен орнын көрсетіп беруі тиіс.
Кәсіби педагогиканың философиялық - әдіснамалық негізі деген ұғымда
мынаны есте ұстауымыз керек: Білім берудің теориялық және практикалық
нәтижелеріне жетуде қандай әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану мәселелері
сөз болуға тиіс.Әрине, педагогикаға, оның ішінде әсіресе, кәсіби
педагогикаға түпкі нәтижелі нормативті білімге жету ерекше мәнге ие,
өйткені ол термологиялық, практикалық бағдар беруі әдістемелік қондырғылар
арқылы ұйымдастырылған білім беру үрдісімен тікелей байланысты. Сондықтан
да соңғы уақытта ғалымдар білім беру философиясын біртұтас жалпы білім
беретін мәселелердің мәні мен сипатын білдіретін интеграциялы, пәнаралық
ғылымдар мен байланыстырып зерттеп жүр.Сайып келгенде, кәсіби білім беру
арқылы ерте ме, кеш пе философиялық – білімдік негіздеме аймағына кірері
даусыз құбылыс.
(КБ) Ұлы орыс ғалымы Д.И. Менделеевтің ғылыми жаңалықтары туралы ой
топшылай келе, әрбір ғылыми теорияда 2 негізгі мақсат болуы тиіс: ол –
болжау мен тиімділік иайдасы. Бұл жалпы қағидадан педагогика да тысқалмауы
тиіс. Оның қызметі – түпкі нәтижеге бағытталған тәрбиелеу, білім беру мен
оқыту қағидалары негізінде педагогикалық практикаға енгізілген танымдық
үрдіс жолдары мен әдістерін игере білу.Теория педагог – практиктерді
әртүрлі жас ерекшеліктеріне сай тәрбиелеу ісін, әлеуметтік түрлі
жағдайларда білім беру, кәсіби біліктілігін жетілдіру, дағыларын
қалыптастыруда оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру. Тәрбиелеу мен
білім берудегі, оқытудағы жаңа технологиялар, тиімді тәсілдер алдымен
педагогикалық зертханаларда туындайды. Педагогика ілімі дамуының қайнар
бұлақтары; тәрбиелеудің сан ғасырлық жинақталған тәжірибелері; халықтық
педагогика қағидалары;қоғамдық саяси, философиялық және психологиялық құнды
еңбектер; ағымдағы әлемдік және Отандық тәрбие практикасы; арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық ғылыми – зерттеулер мәліметі;заман ағымына
сай идеялар мен тәрбиелеу жүйесін қамтитын жаңашыл – педагогтардың іс -
тәжірибесі;
Өздік бақылау әрбір алынған ақпараттық блоктан соң бізді өзін-өзі бақылау
Күтіп тұрады. Ол үшін түрлі деңгейдегі тапсырмалар пайдаланылады.
Сұрақтарға қажет тікелей және жанама жауаптардан басқа, баламалы дайын
жауаптардың ішінен дұрысын таңдай білу мүмкіндігі де болады. Ол үшін
асықпай, барлық жауаптарды мұқият ой елегінен өткізген жөн.
Педагогика – мәнді ғылым, дұрыс орнын таппаған сөз, оның ұғымын өзгертіп
жібереді. Сондықтан педагогикалық терминдер мен сөз тіркестері дұрыс, өз
ороында нақты сөйлемдегі мағынасына қарай қолдануды талап етеді.
I. Педагогика дегеніміз қандай ғылым?
Мына төмендегі жауаптардың дұрысын таңдап беріңіз.
1. Педагогика – сәбилердің даму заңдылықтары мен оларды
тәрбиелеу жолдарын анықтап береді.
2 Педагогика - адамдарды тәрбиелеу, білім беру және
оқыту жөніндегі ғылым.
3. Педагогика – тәрбиешілер тәрбиеленушілердің дүние
танымын қалыптастыруды үйрететін өнер.
4. Педагогика жеткіншек ұрпақтарға білім беру мен оқыту
мәселесімен шұғылданады.
5 Педагогика – адам тәрбиесі жөніндегі ғылым.
II. Тәрбие туралы білімді мына төмендегі терминдердің қайсысы
дәл анықтап бере алады?
1. Педагогика (грек тілінде пайдос - бала және аго - жетектеуші
деген мағына білдіреді.)
2. Андрогогика (грек тілінде андрос - ер адам және аго -
жетектеуші)
3. Антропогогика (грекше антропос - адам )
4. Антропология (грекше антропос - адам, логос ғылым)
5. Педология - (грекше пайдос - бала, логос - ғылым).
III. Педагогика ғылымының алдына қандай міндеттер
қандай міндеттер қойылады?
1. Жас жеткіншектерді тәрбиелеу, оқыту.
2. Тәрбие қағидаларын танып – білу, педагог – практиктерді оқу-тәрбие
үрдісінің теориясымен қаруландыру
3. Тәрбиені адамдардың рухани дамуының бір тармағы ретінде қарау .
4. Қазіргі заманғы адамдарға білім беру мен оқыту мәселелерін зерттеуді
үйрету.
5. Адамзат табиғатын зерттеу.

1.2. Кәсіби педагогика–педагогика ғылымының бір
тармағы мен оқу пәні.

Қазіргі ғылымның даму үрдісі оның ғылымдар ықпалдастығы мен жіктелуімен
сипаталады. Ғылымдар ықпалдастығында кейбір ғылым салаларының өзі дербес
ғылым ретінде танылып, тың мәнге ие болып отыр. Ғылымдар тоғысында олардың
құбылыстар мен болмыстардың мәнін анықтаудың жалпы заңдылықтары анықталып,
зерттеудің ортақ ғылыми әдіс – тәсілдері саралана түсетіні белгілі болып
отыр.Бұл педагогика ғылымына да тән құбылыс. Атап айтатын болсақ, соңғы
кезде ғылымдар ынтымақтастығы педагогиканың мына салаларына даралық сипат
бере бастады.
- мектеп алды педагогикасы;
- жасөспірімдер педагогикасы;
- жалпы білім беретін мектеп педагогикасы;
- кәсіби педагогика (кәсіптік мектептер педагогикасы);
- мектептану (білім және оқу – тәрбие мекемелерін басқару); т.б
Осыған орай кәсіби педагогиканың да өз салалары қалыптаса бастады.Ол:
- бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік мектептер мен
лицейлердегі тәрбие мен оқыту мәселелерімен шұғылданады);
- жағары білім педагогикасы (институт, университет және академияларда
тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысады).
Атап кету керек, кәсіби педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен
шектеліп жалпы педагогика аясында қала алмайды.Оның қалыптасуы, зеттеу
нысаны кәсіптік – техникалық ең жоғарғы оқу орны, ғылым , техника,экономика
және өндіріс өркендеуімен тікелей байланысты.Жалпы педагогика аясында
кәсіби педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды:
- жалпы және педагогикалық психология;
- инженерлік психология ;
- еңбек психологиясы
- еңбек физиологиясы;
- акмеология (кәсіби шеберлік шыңына жету туралы ғылым)
Бұдан басқа кәсіби педагогика тиісті техникалық және экономикалық
ғылымдарға да арқа сүйейді.
Кәсіби педагогиканың пән ретінде зерттеу нысандары мынадай:
1. Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік
ерекшеліктеріжалпы пндагогика арасында сабақтаса жүргізілуі тиіс.
2. Кәсіптік білім мазмұны қоғамдық және ғылым - техникалық прогресс
сұранымына сай анықтап отырады;
3. Жеке тұлғаға ғылыми – техникалық білім мен кәсіби біліктілік
дағдыларын қалыптастыру өзіндік ерекшеліктерін меңгеру;
4. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу – тәрбие үрдісін басқару
негіздерін жоғарыдағы аталған мәселелерді тұжырымдай келе кәсіби
педагогика саласын сипаттайтын мынадай анықтама беруге болады;
Кәсіби педагогика – жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіби біліктілік
қалыптастыратын заңдылықтарды зерттейтін, әлеуметтік сұранысты
қанағаттандыратын педагогика ғылымының негізгі саласының бірі.

Педагогика көп жылдар бойы философия ілімінің қарапайым бір тармағы
ретінде дамып келді.Тек XXVII ғасырда ғана дербес ғылым ретінде танылып,
сан ғылымдар тоғысына айналды.Педагогика адамзат болмысы, оның тұрысы мен
дамуын зерттеп нысанының өзі оны философия ілімінен чех халқының ұлы
педагогы Ян Амос Каменски (1592 -1670) ажыратуға болмайтынын дәлелдеді.
Педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес
қосты. Оның 1854 жылы Амстердамда шыққан Ұлы педагогика кітабы –
педагогика саласына арналған тұңғыш ғылыми – педагогикалық еңбек болды.
Ондағы айтылған пікірлер мен идеялар қазірге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ,
актуалды деп айтса да болады. Оның сыныптық білім беру жүйесі педагогикалық
теорияның негізі болып дамып келеді.Ағылшын философы әрі ағартушысы Джон
Локк (1632 -1704 ж) Я.А. Каменскиден айырмашылығы ол тәрбие теориясына
басты назар аударды.Ол тәрбие туралы ойлар атты еңбегінде білімде,
іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол джентельмен тәрбиелеуді

мақсат етіп қояды.

1.3. Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары.

Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары (кәсіптік білім, кәсіптік
оқыту және кәсіби тәрбие) мен оның басты ұғымдары (кәсіп, мамандық,
біліктілік және құзыреттілік, құзырлылық) оның тезаурусын құрайды.
Кәсіби педагогиканың негізгі категорияларын анықтайық.
Кәсіптік білім – бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім,
білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің
ережелері мен нормалар тәртібі.
Кәсіптік оқыту – бұл оқушы мен инженер – педагогтың кәсіп бойынша ғылыми
– техникалық ілімді игеру мен кәсіби білік, дағды қалыптастыруда бірлескен
іс - әрекеті.
Кәсіби тәрбие – оқушы мен педагогтың белгілі бір кәсіптік ортада жеке
тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығы, әлеуметтік
қалыптасуы.
Кәсіби педагогика негізгі ұғымына жататындар: кәсіп, мамандық, біліктілік
құзыреттілік және құзырлылық болып табылады.Енді осыларға жеке анықтама
берейік:
Кәсіп – қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен
келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер
бастамасы.Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие.Мысалы: слесарь кәсібі
мына түрлерге бөлінеді: слесарь – құрастырушы; слесарь – жөндеуші және
аспапшы – слесарь т.б. Сондықтан кәсіп саласы белгілі бір мамандықтар
бойынша еңбек бөлінісіне ие болады.
Кәсіп иесі – слесарь, мамандығы аспапшы – слесарь немесе кәсіп иесі –
дәрігер, мамандығы терапевт, оташы, көз дәрігері, неврапотолог т.б.
Мамандық – белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрін
қамтиды. Кейбір кәсіп саласының қызметіне орай мамандандыру процесі
жүргізіледі.
Кейбір кәсіп саласындағы мамандық қызметінде мамандандыру процесі де
жүргізіледі. Мысалы: дәрігер кәсібінің оташы мамандығы және оның
нейрохиругия (бас сүйекке операция жасаушы) бойынша маманды. Сөйтіп,
мамандық – кәсіп қызметіне қарағанда ұғымы тар, ол мамандану – мамандыққа
қарағанда әлдеқайда тар ұғым.
Біліктілік – бұл белгілі бір кәсіптік қызмет саласын атқаруға тиісті
дайындық деңгейі бар адам. Яғни, біліктілік дегеніміз – кәсіпті тиісті
дәрежеде игеру дағдысы.
Академик В.С. кәсіптік даярлықтық біліктілік деңгейін мына төмендегідей
етіп көрсетеді:
0 – дік деңгейі – біліктілігі жоқ жұмысшылар;
1 – ші деңгей – жұмысшы мамандар;
2 ші деңгей – орта дәрежелі мамандар (техниктер)
3ші деңгей–жоғары дәрежелі мамандар (инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер)
4- деңгей – ғылыми блокты мамандар (ғылым саласы бойынша кандидаттар мен
докторлар)

Жұмысшы мамандығында кәсіби біліктілікті игеру деңгейінің тиісті
разрядтар орнына белгілейді. 2 – 3 ші деңгейдегі мамандар біліктілігін
санат класқа бөлу орныны анықтайды. Мысалы, 1 – ші санатты мұғалім,
жоғары санатты дәрігер, 3 ші санатты заңгер.
Белілі бір кәсіп не мамандық саласы бойынша дайындық деңгейі кәсіби
біліктілік сипаттама арқылы айқындалады.
Біліктілік сипаттамасы – тиісті кәсіп саласы бойынша мамандардың білім,
білік жәнедағдысына белгілейтін мемлекеттік құжат. Жұмысшылардың кәсіби
біліктілігі шын 2 нәрсе арқылы сипатталады.Кәсіп саласы бойынша білім
деңгейін анықтау үщін білуі тиіс нәрселер мен білік пен дағдыға
байланысты істей алатын нәрселер. Мұның барлығы бірыңғай тарифты –
біліктілік анықтамасында белгіленіп, жинақталған.
Құзыр – белгі бір кәсіптік таным саласы бойынша шешім шығаруға лауазымдық
құқы бар маман. белгілі бір лауазым иесіне, қызметкерге тиіс
Құзыреттілік – тиісті кәсіп саласы бойынша білім, білік және дағдысы
жоғары деңгейде қалыптасқан, оны саналы атқара алатын маманның
қабілеттілігі.

ББ Құзыр мен құзыреттіліктің арақатынасын мына жауаптардың қай
нұсқасы дұрыс?
А. - құзыреттілік құзырдан жоғары;
- құзыреттілік құзырға әр кез сәйкес келе бермейді;
- құзыреттілік құзырлықтан жоғары емес.

Ә. - құзыреттілік құзырдан төмен;
- құзыреттілік құзырға сай келеді;
- құзыреттілік құзырдан жоғары.

Б. – құзыреттілік – кәсіби қызыметтен хабары бар екенін
білдіреді;
- кәсіби қызметтен хабардарлық деңгейі құзырлықтан
жоғары;
- құзыреттілік құзырлықтан жоғары емес.

В. - құзыреттілік құзырлықтан жоғары емес;
- құзыреттілік құзырға сай келеді;
- құзыреттілік құзырдан жоғары.

Сіздермен бұрын Мамандыққа кіріспе атты пән өтілген болатын. Сол пән
курсының мазмұнын қайталай отырып, кәсіби оқыту ұстазының біліктілік
құзыреттілігінің негізгі сапасын айқындап беріңіз. Оның негізгі
параметрлерін атаңыз.

II – тарау. Кәсіби білім негіздерін қалыптастыру жүйесі.
2.1. Кәсіби педагогикадағы кибернетикалық терия
Жалпы жағдайлар. Негізгі ұғымдар мен анықтаулар.

Кибернетика өз жүйесіндегі басқару процестері мен органдардың жалпы
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Биологиялық ,әлеуметтік және автоматтандыру
жүйелерінің басты материалдық игіліктерді өндіру түрлерінен айыратын ортақ
қасиеттері қоршаған ортамен өзара бірлікте әсер етуі болып табылады. Ол
бірлік басқару органдарының ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және жіберу
мүмкіндігінің өзара ұқсастығында. Басқару жүйелерінің өзіндік ерекшелігі
бар. Ол заңдылықтарды биологиялық, әлеуметтік не техникалық деп ажыратуға
болады.
Бірақ кибернетика ғылымы үшін бұл іргелі ғылымдар интегралды мәнге ие.Бұл
дегеніңіз кибернетика ғылымының негізі болып табылатын адамдардың ғылыми
дүниетанымдық ұстанымы басты мәнге ие екендігін көрсетеді.
Кибернетика әсіресе, техниканы басқару автоматты құрылғылар мен олрадың
жұмыс істеу принципін үйренуде, адам еңбегін автоматтандырудың мәнін
түсінуде зор рөл атқарады.Кибернетиканың дүниетанымдық процесте
автоматтандырудың мүмкіндігін де анықтап бере алады.
Сөйтіп, кибернетика мына төмендегі танымдық процестердің қалыптасуына
ықпал етеді.
- дүниенің біртұтас екендігі;
- түрлі табиғи бірліктердің ақпараттық байланыста
болатындығы,
Кибернетиканың модельдеуде құбылыстарға сипаттама беру үшін (тірі ағза,
сана, қоғам, тіл т.б.) біз қызметтік модельдітаңдап аламыз да оған ұқсас
элементтерді қарастыра бастаймыз.
XX ғасырдың 40 – шы жылдарында пайда болған кибернетикалық бұл тәсілді
функциональдық ұқсастық әдісі деп атап кетті. Бұл әдісті іске асыру үшін
әрине, автомат пен жанды организм. Автоматты жүйелер мен қоғам. ЭЕМ мен ми
құбылысының арасындағы баййланысты,олардың жалпылама қасиеттерін біуіміз
керек. Ал, кибернетика бұл ұқсастықты біле алады, күрделі динамикалық
құбылыстарды басқара алады. Олардың сыртқы және ішкі реакцияларын байқау
қабілеті бар. Осы құрылғылар жүйесін қоршаған ортаға икемдеп қайта құра
алады.Кибернетиканы осы процесті атқаруын автоматты жүйелерді басқару
механизмі деп атайды.

Мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қандай
қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға

болады:

Автоматты реттеуші Адам
Қызметі Органы Қызметі Органы
Ақпарат жинау Өлшеу аспаптары Сезім Сезім
(датчиктор, монометр, органдары
термом, амп) (құлақ, көз, тіл
т.б.)
Ақпарат жеткізу Байланыс каналдары Қабылдау Нерв жүйелері
(сым, рычаг, баспа)
Ақпарат сақтау Есте сақтағыш Есте сақтау Бас және артқы
құрылғылар (ішкі және (көру, есту, ми
сыртқы электронды қимыл т. б.)
ақпарат жинағыштар,
сандық станоктар т. б.)
Ақпаратты өңдеу Бағдарлап - өңдеу Парасат (ой Бас және артқы
құрылғылары (реттеуіш, түю, таңдау жәнеми
есептеу машиналары, жад)шешім қабылдау)
Басқару Атқару органдары Қимыл - әрекет Қол, аяқ, бұлшық
әрекетіне (рычагтар, (реакция, еттер
қозғалтқыштар, клапандарқозғалу әрекеті

Мұнда өз бетінше қызмет атқара алатын екі жүйенің ұқсас әрекеттері
берілген. Машина мен адамның қызмет атқаратын органдарының әртүрлі екендігі
көрініп тұр. Енді кибернетикадағы жүйе, басқару және ақпараттық мәліметтер
жинау туралы негізгі ұғымдарға тоқталғымыз келеді.

2.2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері.

Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік
компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратынжәне оларды бір мақсатқа
жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдардыоқыту мен
тәрбиелеуді көздейтін жүйе.
Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары мына
төмендегідей:
1. Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды,
жеткішектерді,ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі
туындаған жағдай ғана пайда болды.Басқаша айтқанда, педагогикалық
жүйе қажетті анықталған адамдар тобына белгілі бір білім беруді
мақсат еткенде ғана пайда құрылады.
2. Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім
кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.
3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылар мақсатына жететін
педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған
жағдайда ғана оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.
4. педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушы белгілі бір топ,
яғни оқушылар болуы тиіс.
5. педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын,
тиісті педагогикалық және психологиялық іліммен, олармен жұмыс
істей алатын әдіс – тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя
білетін педагогтар болуы қажет.
6. педагогикалық жүйе, сайып келгенде қоғамдағы белгілібір топ
өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл
оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.
Қоғамдық компоненттер – оның негізгі базалық сипаттамасы, олардың
үйлесімділігі оны басқа салалардан жүйесін өзгешелендіріп тұрады.
Ол компоненттер: оқу ақпараты, мақсаты, педагогикалық байланыс
тәсілдері, оқушылар, педагогтар.

2. 3. Кәсіптік мектеп – педагогикалық жүйенің
бір саласы.

Кәсіптік мектеп – болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын,
оқытатын және тәрбиелейтін кәсіби білім беру жүйесіндегі оқу орны.
Кәсіптік мектеп – педагогикалық жүйенің барлық белгілері ие.
Кәсіптік мектептің құрылымдық компонентері, педагогикалық жүйе
іспеттес, олар төмендегідей. (кестеге қара)
Мақсаты – азаматтарға жұмысшы мамандығы өз қабілеті мен қызығушылығына,
мүмкіндігіне қарай беру, оларды қайта даяарлау және кәсіби біліктілігін
көтеру.
Білім беру ақпараты – белгілібір кәсіп саласы не мамандық бойынша
оқушыларға ғылыми – техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіби
шеберлікке баулу. Кәсіби әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын
орындауға үйрету.
Педагогикалық коммуникация тәсілдері – оқушыларға кәсіптік оқыту мен
тәрбиелеуде құрал жабдықтар қолданылатын оқытудың әдістері мен түрлері.
Бұған оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен басқа, ауызша және басқа да жолдармен
берілетін оқыту, әрекет ету қызметтері де кіреді.
Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына – жалпы білім беретін орта
мектептегіден басқа оқу құрал жабдықтары (машиналар, механизмдер, құралдар
мен жабдықтар, аспаптар т.б.) нақты заттық бөлшектері, кескіндер, макеттер
сондай –ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу тренажерлері де
жатады.
Кәсіптік мектеп білім алушылары, (оқушылар) бұлар белгібір кәсіп
саласына қызығушылығы бр икемді негізгі және орта мектеп бітірген жастар.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді
жастар үшін – 1,5 жыл. Бұл жөнінде кейінгі тарауларда Кәсіптік оқу
орындарындағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі және тәрбие
жұмысының ерекшеліктері деген тақырыптарда толығырақ сипаттама беріледі.
Кәсіптік мектеп педагогы – бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін
меңгерген өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық
меңгерген инженер – педагог. Инженер – педагогтың сипаттамасы мен оның
қызыметіне қойылатын талаптармен Инженер – педагогтың ұжым, оның кәсіптік
мектептегі орны және Инженер – педагогтың қызметтегі коммуникативтік
процес дегентарауларда толық хабардар боласыздар.

2.4. Кәсіптік білімді басқару теориясы

Басқару теориясы туралы жалпы ұғым. Кез – келген оқыту мен тәрбиелеу
процесін жеке тұлғаны дамытуда оның бойында білім, білік және дағды
негіздерін қалыптастырып, сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар
туралымәліметер, оларды пайдалана білуді үйрету ережелері мен нормалары деп
түсінген абзал.
Педагогиканың басшылық оқушы не студентке авторитарлық (үстемшіл) әсер
ету емес, оларға жалпы не кәсіби ерекшеліктерін дамытуда жан – жақты әрі
үйлесімді ықпал ету, соған мүмкіндік, алғышарттар жасау. Алдымен басшылық
жасап теориясының мына төмендегі жалпы ұғымын анықтау қажет, олар:
• басқару
• басшылық
• басқару қызметі
• басшылық принциптері
• басқару әдістері
Қазіргі таңдағы басқару теориясы - басшылық шешімдерін қабылдау мен
оны жүзеге асыру, ақпараттарды қозғалысқа келтіру тікелей әрі байланыс
процесіне басшылық жасау болып отыр. Олар өзара әсер етуші екі жақ, яғни
басқарылатындар мен басқарушылардан тұрады. Сөйтіп, жүйенің өзін - өзі
басқару біртұтастығы пайда болады. Ол қоршаған ортамен әрекет етуіне де
игі әсерін тигізеді.
Қазіргі заманда басқарудың сан түрлері бар, бірақ біздің пайымдауымызша
оның жүйелі түрін таңдағанымыз дұрыс сияқты. Сондықтан басқаруға байланысты
мына анықтамаларды пайдаланамыз:
Басқару – басқарушы жүйелердің басқарылатындарға, олардың қызметіне
әсер ету арқылы түпкі нәтижеге жету үшін тиімді басшылық жасау екенін
аңғарамыз. Басқару негізі ақпараттық процестерден тұрады. Оны қабылдау,
өңдеу және сыртқы ортамен байланыс арқылы дамиды. Одан белгілі бір
нысандар туралы мәлімет біле аламыз. Бұл жүйелерді басқаруды қазіргі жұмыс
істеп тұрған жүйелеріне қосу арқылы қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және
жіберу ақпараттарының тиімділігін арттырамыз. Басқарудан туындайтын екінші
бір ұғым бар ол – басшылық жасау. Бұл кең ұғым, бірақ ол мынадай
анықтамаларды қажет етеді:
- белгілібір жүйелі мақсат қою;
- жұмыстың негізгі бағыттары мен мазмұны бойынша нақты міндеттер
белгілеу;
- арнайы қызымет әзірлеу;
Басқару әкімшілік қызыметіне басшылық жасау болып табылады, басқаша
айтқанда басқару – объективті, ал басшылық жасау – субъективті сипаттамаға
ие.
Басшылық – басқару ісінде жеке субъектінің өзін - өзі басқару жүйесіне
әсерін көрсетеді, яғни мақсатқа жету жолындағы жеке тұлғаның біліктік іс -
әрекеті.
Кәсіптік мектептің педагогикалық үрдісін жүзеге асырудағы басқару
қызыметі туралы бірер сөз.
Басқару қызыметі деп еңбек бөлінісін анықтау мен басшылық аясын
мамандандыруда ерекше мәртебеге ие қызмет.
Басқару қызыметінің қазіргі таңда жетілдірілген мынадай түрлері бар:
1. Жоспарлау
2. Ұйымдастыру
3. Реттеу
4. Бақылау
5. Есеп
6. талдау
осы қызыметтерге жеке – жеке тоқталсақ:
Жоспарлау – белгілібір мақсатқа жету жолында қойылатын міндеттер. Ол жүйені
болжау, ағымдағы қызыметтер және нақты бағдарламалау сияқты бөлімдерден
тұрады.
Ұйымдастыру - қайсыбір басшылық шешімдерді іске асыруда жүйелер
элементтерінің өзара байланысын ұйымдастырып, басқару процесін ретке
келтіруге бағытталады.
Реттеу – жүйе бөліктері арасындағы сәйкессіздік пен үйлесімділік қамтамасыз
етуге арналған. Ол тиісті сәйкессіздіктер туралы бақылау нәтижесінде
алынған мәліметтер ақпарынан соң жүзеге асырылады. Негізгі күштерді қалай
және қайтіп орналастыру керек екендігін жедел шешуге жұмылдырады.
Бақылау – процестердің жоспар, нұсқау және шешімдерді нақты жүзеге қалай
асып жатқандығы жөніндегі сәйкестікті тексереді. Бақылау істің кері
байланыс арқылы мәліметін білетін тәсіл. Басшыланбайтын прцесс –
басқарылмайтын процесс.
Есеп – басқару процесі негізінде нәтижеге қол жеткізу үшін алынатын сандық
жеке сапалық баға көрсеткіші. Ол шаралардың қаншалықты жүзеге асып
жатқандығының өлшеуіші. Есепті бақылаудан ажыратуға болмайды, бірақ оған
тәуелді құбылыс.
Талдау - басқару жүйесін жетілдіруде кейбір бөлім қызметеріне объективті
баға береді, ұсынысын білдіреді. Әрбір басқару циклы талдаумен аяақталады
және нәтижелі болу үшін бұл цикл қайталана береді.

Оқыту мен бақылаудың жалпы заңдылықтарына ой жүгіртіпәрі мұқият
оқыңдар. Олардың қызметін, әсіресе бақылауда орын алған кемшіліктер мен
оларды түзету шараларын жүзеге асыру жүйесі екендігін. Бұған мысал ретінде,
Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы білім беру орындарына 2003
жылы ендірілген тестілеудің бірыңғай ұлттық жүйесін келтіруге болады.

Басқару мен білім беру процесінің қызметіндегі ұқсас

әдістерді арақатынасын мына кестеден көруге болады.

Басқару Басқару функциясы мазмұнының оқыту процесіндегі көрінісі
функциясы
Жоспарлау Мақсат: дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық. Сабақ
жоспарын құру. Оқыту мазмұнын іріктеу және конспект
дайындау. Дидактикалық материалдарды сұрыптау.
Ұйымдастыру Сабаққа дидактикалық құралдар дайындау. Оқу және көрнекі
құралдардың тексеру ұйымдастыру шараларын жүргізу, оқытушы
мен студенттің ілтипатты амасдасуы, оларды түгелдеу,
мақсатын, жоспарын таныстырып, кезең бойынша өткізу.
Реттеу Оқытуда жоспарға сәйкессіздік туса сабақ әдісі мен қарқынын
өзгерту
Бақылау Өткен материалдарды игергенін байқау үшін жазбаша және
ауызша билет – сұрақтар, тесттер, бақылау жұмыстары,
тақырыптық сынақ, модуль бойынша ауызша және жазбаша
жауаптар. Курсты қорыту және мемлекеттік емтихан.
Есеп Баға қою, алынған білім, білік дағдыларды журналға, зачет
кітапшасына қондыру.
Талдау Дайындалған жоспар бойынша өткізілген сабақ пен баға және
білім, білік дағдылар сәйкестігін қолданылған оқыту
әдістері мен құралдардың тиімділігі, оның білім алушылардың
білімі, білігі және дағдысына әсері.

Оқыту процесіне бұл жағдайда басқару қызметі екі жақты әсер етеді.
Сабақ кезеңдері - сабақтың әрбір кезеңіндегі ағымдық комплекстер.

1. Машинаның қандай органы ақпаратты
өңдей алады ?
- датцик;
- байланыс каналы;
- өңдеу – бағдарлау құрылғылары;
- атқару органдары.
2. Адамның қандай мүшелері қажетті ақпарат жасайды?
сезім мүшелері;
- нерв жүйесі;
- бас және артқы ми;
- бұлшық еттер.
3. Кәсіби оқыту жағыдайында мына жұмысшы құралдары оқытудың қай
түріне жатады?
- Оқу – құрал жабдықтары;
- машинаның жабдықтары;
- оқыту құралы;
- көрнекі құралдар.
4.Басшылық нені ұйғарады?
- мақсат қою не жүйелі мақсат;
- арнайы қызымет әзірлеу;
- жұмыстың негізгі бағыты мен мазмұнына байланысты міндеттерді айқындау;
- барлық қызметтер басқару ұғымынан кең.

III – тарау. Қазақстан мен ТМД елдеріндегі кәсіптік білім беру жүйесі.

Мемлекеттік жұмысшы кадрларды дайындау –

әлеуметтік және ғылыми мәселе.

Қазіргі кездегі Қазақстан мен ТМД елдерінің экономикалық жағдайы, оның
қаншалықты нарық жағдайына бейімделуі білікті жұмысшы мамандарға деген
сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр. Саяси -
әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты
орынға шықты. Қалыптасқан жағдайда халықты әлеуметтік қорғау институттары
нарықтық қатынастар саласында болып жатқан өзгерістердің даму қарқынына
ілесе алмай, еңбекке жарамды белгілі бір әлеуметтік топ қорғаусыз қалады.
Бұл адамдар үшін басты қорғаныс қызметі, әрі кепілі – ол елдегі кәсіптік
білім беру жүйесін дұрыс жолға қою болып табылады. Білім беру, оның ішінде
кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның
әрбір мүшесіне тиісті жалпы немесе кәсіптік білім бере аламыз. Тек қана
нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғары білікті дәрежеде дайындалған
кәсіптік мектеп, колледж не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана
ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады.
Сөйтіп, қоғамда болып жатқан экономикалық өзгерістер талабын бұрынғы білім
беру жүйесі қанағаттандыра алмайды. Өндіргіш күштердің даму қарқынына ілесу
үшін білім беру жүйесі мына төмендегі екі заңдылыққа сүйенуі керек:
- Өндіргіш күштердің даму деңгейіне білім беру жүйесінің сәйкестігі;
- Өндіріс қатынастар жағдайына білім беру жүйесінің сәйкестігі;
Бұл сәйкестік алдыңғы қатарда болса ғана нәтиже бермек. Педагогика
докторы профессор А. Новиковтың пікіріне сүйенсек, жеке тұлғаға жалпы және
кәсіби білім беру ісінің даму қарқыны өндірістің даму деңгейінен асып түсуі
керек - деген дамыта білім беру ісін басты принцип етіп ұстауымыз керек.
Осы жерде жалпы бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінің білікті
жұмысшылар мен мамандар даярлауда тиісті білім мазмұнымен қамтамасыз етуде
рөлі қандай деген сұрақ туындайды.
Жалпы Қазақстан мен ТМД елдерінде еңбек ресурстары сапасы туралы мәселе
бастауыш және орта кәсіптік білім мекемелері түсініктерінің дайындық
деңгейі деген мәселемен ұштасып жатыр. Атап айтқанда, мұнда тек белгілі бір
теориялық білім, кәсіби білік және практикалық дағдыны қалыптастыру ғана
емес, әңгіме жеке тұлғаның бойында тиісті кәсіби шеберлік пен жалпы
адамзаттық құндылықтарды еңбек барысында үйрену емес, сонымен бірге жаңа
техника мен технологияларды өндіріске тиімді ендіре білу, қажет болған
жағдайда нарық пен бәсекелестік тамам етіп отырған кәсіп саласы мен
мамандықты қысқа мерзімде игере білу қабілеттілігі де басым болуы тиіс.
Көптеген дамыған елдерде 3 – 4 есе (ал, кейбір жоғары дамушы елдерде 5 – 6
есе) кәсіп иелері өз мамандықтары мен біліктіліктерін өзгерте алады.
Қорыта келе, кәсіптік білім орындарын бітіруші түлектердің дайындық
сапасына қойылатын талаптарды мына екі топқа бөлуге болады.
Біріншісі – олардың білімі, біліктілігі және дағдысын арттыру деңгейі.
Қазіргі педагогика ғылымы теориялық мәліметтерді практикалық тұрғыда іске
асыра білу қабілеттілігіне баса назар аударуда. Бастауыш және орта кәсіптік
білім беру мекемелері жаңа кәсіби қызмет түріне бейімдеуді қалыптастыруы
қажет.
Екіншісі – түлектердің ойында дара тұлғаға лайық кәсіби шеберлік пен
әлеуметтік мәні бар қасиеттерді дамытуды басты назарда ұстау қажет.
Ашығын айту керек, бізде кәсіптік білім беру мен ішкі еңбек нарығы
сұраныс арасында алшақтық орын алып отыр. Қазіргі заманғы кезек
күттірмейтін басты міндет – кәсіптік білім беруді ізгілендіру мәселесі.
Практикалық педагогиканың да алдында тұрған қиын міндет – жеке тұлғаға
кәсіби мораль негізінде тәрбиелеу. Ол кәсіби біліктілікпен қатар жүретін
қасиет, өлшем десекте қателеспейміз. Бұл мәселені шешу жаңа типтегі кәсіби
оқу тәрбие мекемелерінің үлесіне тиюі керек, олар жоғары кәсіптік білім
беретін училищелер және кәсіптік лицейлер мен колледждер.
Сөйтіп, қазіргі кездегі кәсіби педагогиканың басты міндеті – осы оқу
орындарына арналған білім мазмұнын жаңарту болып отыр. Осы мәселелерді
сапалы әрі түпкілікті шешу үшін кәсіптік білім мазмұнына философиялық және
әдістемелік – теориялық ғылыми негіздеме әзірлеу қажеттігі туындайды. Оның
мына төмендегідей жолдары бар:
1. Адамзаттың дамуы мен оның өмір сүру кеңістігінің, қызметінің ажырамас
бір бөлігі кәсіби ізгілікті философияның қалыптасуы мен байланыста
болуы қажет.
2. Адамдардың, адамгершіліктік қасиеттері оның кәсіби шеберлік деңгейінің
басты көрсеткіші, негізгі алғышарты болып табылуы тиіс.
3. Қазіргі кәсіптік оқу орындарындағы кәсіби білім берудің, оқытудың
түпкі мақсаты моральдық ұстанымы жоғары кәсіпкерлерді тәрбиелеу болып
отыр.
4. XXI ғасыр кәсіби мамандарын тәрбиелеп, әзірлеудің, оларды жүзеге
асыратын орталықтар болып қазіргі жаңа типтегі кәсіптік білім
мекемелері, лицейлер, колледждер және кәсіби білім шеберліктерін
модельдеу орталықтары болуы тиіс.
5. Жаңа кәсіпкерлік философияны негізге ала отырып, кәсіптік білім
мекемелері, лицейлер мен колледждердегі білім мазмұнын, оның теориялық
- әдістемелік негіздерін қайта әзірлеуіміз керек.
6. Үшінші мыңжылдыққа қадам басқан жаңа қоғамның мамандары мен
кәсіпкерлерін қалыптастыратын негізгі тұлға – инженер – педагог
кадрларды дайындауды, қайта әзірлеуді қолға алуымыз қажет.
7. Кәсіптік білім мекемелері мен оқу орындарын басқару жүйесі тек
әкімшілік емес, оның білім мазмұнына толық жауап беретін, сол саладағы
ғылыми–теориялық әзірлігі бар, түпкі мақсатты болжай білетін, соған
бар күш жігерді ұжымда жұмылдыра алатын іскер басшы болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы бастауыш және орта

кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылымы мен жалпы сипаттамасы.

Кәсіптік білім беру жүйесі бұл кәсіби және жоғарғы білім беру
мекемелері, ғылыми және ғылыми - әдістемелік, әдістемелік ұйымдарды олардың
басқару жүйесі мен қоса жиынтығы.
Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей:
- Бастауыш кәсіптік білім;
- Орта кәсіптік білім;
- Жоғары кәсіптік білім;
- Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;
- Қосымша кәсіптік білім беру.
Қазақстан Республикасында Білім беру туралы Заңының 22 – бабына
сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады:
- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
- Орта білім;
- Жоғары кәсіптік білім;
- Жоғары кәсіптік білімнен кейінгі кәсіптік білім.
Бастауыш кәсіптік білім – кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі
жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы
бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2
– 3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде – 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен
құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім
беру қайсы бір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт
мерзімінде де жұмыс істей алады.
Кәсіптік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері туралы ақпарат
Әлеуметтік педагогика пәні
Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Педагогиканың негізгі категориялары
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Жоғары мектеп педагогикасы
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Пәндер