Психогенетиканың қалыптасып дамуы



• Психогенетика туралы жалпы түсінік.
• Психогенетиканың даму тарихы
• Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Психогенетика - психо... және грекше genetikos — туылуына, шығу тегіне жататын дегенді білдіреді. Сонымен қатар бұл терминге тағы бірнеше түсініктеме беруге болады. Мысалы:
• 1) психикалық және мінез-құлықтық кейбір құбылыстардың тұқымқуалаушылық сипатын және олардың генотипке тәуелділігін зерттейтін ғылым саласы.
• 2психологияның генетикамен шектес саласы, психологиялық процестердің генетикалық негіздерін зерттейтін салааралық ғылым.
Генетика тұқымқуалаушық пен өзгергіштік заңдарын зерттейді. Тұқымқуалаушық тұқымына тән сипаттардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп сақталуына мүмкіндік туғызады.Өзгергіштік жеке даму процессінде организмдердің жаңа белгілерге ие болу қасиеті.Жыныстық көбеюде белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа тұқымқуалай берілуінің негізгі заңдылықтарын ең алғаш чех ғалымы Грегор Мендель 1865 жылы ашқан. Генетика— бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы.
1.А.А.Александров Психогенетика. Питер. 2007г. Глава 1-2-3.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Психогенетиканың қалыптасып дамуы

Жоспар:

• Психогенетика туралы жалпы түсінік.

• Психогенетиканың даму тарихы

• Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Психогенетика туралы жалпы түсінік.
Психогенетика - психо... және грекше genetikos — туылуына, шығу тегіне
жататын дегенді білдіреді. Сонымен қатар бұл терминге тағы бірнеше
түсініктеме беруге болады. Мысалы:
• 1) психикалық және мінез-құлықтық кейбір құбылыстардың
тұқымқуалаушылық сипатын және олардың генотипке тәуелділігін
зерттейтін ғылым саласы.
• 2психологияның генетикамен шектес саласы, психологиялық процестердің
генетикалық негіздерін зерттейтін салааралық ғылым.
Генетика тұқымқуалаушық пен өзгергіштік заңдарын зерттейді.
Тұқымқуалаушық тұқымына тән сипаттардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп сақталуына
мүмкіндік туғызады.Өзгергіштік жеке даму процессінде организмдердің жаңа
белгілерге ие болу қасиеті.Жыныстық көбеюде белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа
тұқымқуалай берілуінің негізгі заңдылықтарын ең алғаш чех ғалымы Грегор
Мендель 1865 жылы ашқан. Генетика— бүкіл тірі организмдерге тән тұқым
қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы.
Тұқым қуалаушылық - ата тектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі
ағзалардың ортақ қасиеті. Тіршілік иесінің бұл ерекшелігін көбеюге дейінгі
ДНҚ-ның еселенуі кезіндегі генетикалық ақпараттың берілуімен қамтамасыз
етіледі. Тұқымқуалаушылық — ұрпақтар арасындағы материалдық және
функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән
қасиет. Тұқым қуалаушылыққа байланысты тірі организмдердің морфология,
физиология және биохимия құрылымы мен жеке даму ерекшеліктері ұрпақтан
ұрпаққа беріледі. Организмдердегі тұқымқуалаушылық факторларының болатынын
алғаш болжам жасап, тұқым қуалау заңдылықтарын ашқан Г.Мендель болды. Ол
ата-аналық дарабастарды бір-бірінен бір не бірнеше белгілері бойынша
ажыратылады, ал ол факторлар ата-аналарынан ұрпақтарына жыныс жасушалары
арқылы беріледі деген қорытынды жасады (Мендель заңдары).
Өзгергіштік - тірі ағзалардың өз ата-енелерінен (ата тектерінен)
айырмашылығындағы ортақ қасиеті. Дарақтар көбею кезінде ата тектерінен
ешкімнің көшірмесін толық бере алмайды. Шындығына келсек, дарақтардың
жыныссыз көбеюі кезінде де аналық формалардың дәлме-дәл көшірмесі болмайды.
Өзгерістерді математикалық талдау арқылы есептеп шығаруға болады.
Өзгергіштік белгілердің қарапайым графикалық жолдардың біреуі - өзгермелі
нұсқалар қатары және өзгермей нұсқалық қисық сызық.
Тұқым қуаламайтын (модификациялы) өзгергіштік — қоршаған ортаның
әрекетіне тікелей тәуелді. Мәселен, таудағы өсімдіктер мен жануар аласа
болады. Бұл олардың икемділік сақтап, денесі қатты салқындаған кезде
энергиясын жоғалтып алуынан құтқарады. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік
құбылысы генетикалық жағынан біркелкі ағзалардан жақсы бақыланады. Сынақ
тәжірибе ретінде, мысалы, өсімдіктердің өсімді көбеюі кезінде ұрпақтар саны
көбірек алынады. Қызылталдық біреуінен (қарақат, терек, т.б.) бірнеше бұтақ
кесіп алып, олардан генетикалық жағынан барабар ағзалар есіруге болады. Біз
осы дарақтарды әр түрлі жағдайларда (температура, жарық, топырақ
ылгалдылығының сапасы мен дәрежесінде) отырғызсақ, фенотиптік жағынан әр
алуан ұрпақтар аламыз. Ағзалардың әрқайсысы өз генотипін барынша
қолайлылықта пайдаланады. Адамның бір жұмыртқадан туған егізінен тұқым
қуаламайтын өзгергіштік айқын көрінеді.
Тұқым қуалау өзгергіштігін генотип, яғни тұқым қуалаушылықтың
материалдық негіздері: хромосомалар, гендер қамтамасыз етті. Тұқым қуалау
өзгергіштігі эволюциялық үдерісте орасан зор рөл атқарды. Соның арқасында
ата тектерден ерекшеленіп қана қоймай, осы айырмашылықтарды келесі
ұрпақтарға табыс етуге жәрдемдесе алатын ұрпақ пайда болды. Тұқым қуалау
өзгергіштігшің үш негізгі түрі бар. Ұрпақтың үйлесімді өзгергіштігі кезінде
ата тектердің белгілері жаңаша үйлесіп, қиыстырылды. Мәселен, қосбуданды
шағылыстыру кезінде F2-дегі 16 ұрпақтардың әрқайсысынан шешесіне де,
әкесіне де ұксамайтын, атап айтқанда жасыл және өсімді ұрпақтар болды. Ал
көпбуданды шағылыстыру кезінде көзге көрінетін белгілер саны ондаған немесе
жүздеген мөлшермен есептеледі. Мұнымен бірге ата-ананың әрқайсысы өз ата
тектерінен орасан көп белгілерді өзімен бірге тасымалдап жеткізеді. Ал
мейоз кезінде хромосомалар кездейсоқ таратылады. Қандай да бір белгіге әсер
ететін генетикалық материалдың кенеттен, секірмелі өзгеруін Мутация деп
атайтынымыз белгілі. Бұл құбылыс еселену кезінде жиі етеді. Мысалы, бір
нуклеотидтің орнына екінші бірін-бірі толықтыратын нуклеотид сапқа тұрады.
Мутация тетігі күрделі және сан алуан. Ең ұсақ мутациялық өлшембірлік -
мутон. Бар болғаны бір нуклеотид мутон бола алады. Бүл бір амин қышқылды
өзгертеді, сөйтіп бүкіл нәруыздың түтас қасиетін өзгерте алады. Мутация ДНҚ-
да біршама сирек өтеді. Жасуша өзінің тұқым қуалау материалын сақтауға
тырысады. Мутация жиілігінің әр алуан болуы мүмкін. Бір геннің (гаметалар
санына шакканда) мутациялардың орташа жиілігі дрозофил үшін - 1:100 000,
адам үшін - 1:200 000 қатынасындай. Алайда жоғары сатыдағы ағза
хромосомасының гаплоидтық жиынтығында тіпті бірнеше мың гендер болатынын
ескеретін болсак, олардың әрқайсысы ең болмағанда 1:1 000 000 жиілікте
өзгерте алатын мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда ең болмағанда бір мутациялы
гендері бар гаметалар саны жеткілікті мөлшерде көп болады. Дрозофиланың 50
-100 гаметаның әрқайсысынан кем дегенде бір мутация пайда болады.
Бір ағзаның әр алуан гендері әр түрлі жиілікте мутацияланады. Жүгері
тұқымы реңінің гені 500 жиілікпен мутациялайды, ал тұқым өжімдігінің гені 1
жиілікте миллион гамета мутацияға ұшыратады.[1]

Психогенетиканың негізін Ф.Гальтон , Н. Жуел-Нильсон және т.б. қалады.
Психогенетикалық жетістіктер адамның жасы келген сайын, оның зердесінің
жеке ерекшелігіне генотиптің тигізер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психогенетиканың қалыптасып дамуы жайлы
Психогенетиканың қалыптасып дамуы жайлы ақпарат
Психогенетика
Психогенетиканың қалыптасуы мен дамуы
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу
Психогенетиканың генетикалық негіздері туралы мәлімет
Психогенетика пәні,мақсаты зерттеу әдістері
Психогенетиканың қалыптасып дамуы туралы ақпарат
Психогенетиканың генетикалық негіздері туралы
Психогенетиканың генетикалық негіздері және мутация
Пәндер