Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті



I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Жануарларды тасымалдауға дайындау

2.2. Жануарларды темір жол көлігімен тасымалдағанда азық және төсенішпен қамтамасыз ету

2.3.Жүру кезінде жануарларды ветеринариялық.санитариялық бақылау

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау белгілі бір ретпен жүргізіледі. Тасымалдау барысында алдын алу шараларын жүргізу және жануарлардың күйзеліс жағдайларын мұқият қарастыру керек. Мал тасымалданатын шаруашылықта, тасымалдайтын малды басқа топтармен орналастырмау керек және тасымалдау ережесіне сәйкес азықтандыру керек. Малды тасымалдар алдында көліктік режимге ауыстыру керек. Малдарды арту және түсіру арнайы алаңдарда, қажетті қоңдырғылармен жүргізу керек, ал шошқаларды арнайы контейнерлерде тасымалдайды. Жануарларды арту және түсіру кезінде арнайы жабдықталған көлік қолданып, бір малға тиесілі орын көлемін ескеру керек, арту және түсіру барысында физикалық күш қолдануға болмайды, кәрі жануарларды соңынан түсірген дұрыс. Мал тасымалдайтын көліктер желдеткіштермен жақсы жабдықталуы тиіс, ал жануарлар күннің сәулесінен қорғануы керек. Малдарды тасымалдау кезінде қажетті мөлшерде сапалы азықтар, жолдың ұзақтығына қарай, және жыл мезгіліне қарай су жеткілікті болу керек және жануарларға жақсы күтім керек.
1. Бегенова А.Б. Жұмақаева А.Н. Майқанов Б.С. « Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау », Алматы 2014 ж.

2. Ветеринарлық-санитарлық заңнама ІІ том , 2005 ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды
тасымалдауға дайындау және оның реті.

Орындаған: Қалиева
А.Қ.

ТОП: ВС – 203

Тексерген: Сулейменов Ш. Қ

Семей- 2015жыл
Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Жануарларды тасымалдауға дайындау

2.2. Жануарларды темір жол көлігімен тасымалдағанда азық және
төсенішпен қамтамасыз ету

2.3.Жүру кезінде жануарларды ветеринариялық-санитариялық бақылау

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе

Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды
тасымалдауға дайындау белгілі бір ретпен жүргізіледі. Тасымалдау барысында
алдын алу шараларын жүргізу және жануарлардың күйзеліс жағдайларын мұқият
қарастыру керек. Мал тасымалданатын шаруашылықта, тасымалдайтын малды басқа
топтармен орналастырмау керек және тасымалдау ережесіне сәйкес азықтандыру
керек. Малды тасымалдар алдында көліктік режимге ауыстыру керек. Малдарды
арту және түсіру арнайы алаңдарда, қажетті қоңдырғылармен жүргізу керек, ал
шошқаларды арнайы контейнерлерде тасымалдайды. Жануарларды арту және түсіру
кезінде арнайы жабдықталған көлік қолданып, бір малға тиесілі орын көлемін
ескеру керек, арту және түсіру барысында физикалық күш қолдануға болмайды,
кәрі жануарларды соңынан түсірген дұрыс. Мал тасымалдайтын көліктер
желдеткіштермен жақсы жабдықталуы тиіс, ал жануарлар күннің сәулесінен
қорғануы керек. Малдарды тасымалдау кезінде қажетті мөлшерде сапалы
азықтар, жолдың ұзақтығына қарай, және жыл мезгіліне қарай су жеткілікті
болу керек және жануарларға жақсы күтім керек.

II.Негізгі бөлім

2.1. Жануарларды тасымалдауға дайындау
Жануарларды тиеуге таза, ал асыл тұқымды жануарларды тиеуге жуылған
және залалыздандырылған вагондар беріледі. Вагондардың жануарларды
тасымалдауға жарамдылығын жүк жөнелтуші мемветинспектормен бірлесіп
белгілейді. Мұндай тасымалдау үшін улы химикаттар мен минералды
тыңайтқыштарды тасымалдаудан кеәнгі вагондар беруге тиісті өңдеусіз рұқсат
етілмейді. Жануарларды арту орны мен уақыты жайлы мәліметті алған соң
көліктегі ветеринарлық санитарлық бекеттің ветеринарлық инспекторы келесі
шаралар өткізеді: станса өкілімен және жөнелтушімен бірлесіп вагондар
жарамдылығын тексереді; қажетті азық мөлшері анықталады; клиникалық қарау
мен термометрия жүргізіледі. Аға жолсерік шаруашылықтан азықтар мен
төсеніштерді барлық жол бағытына жеткілікті етіп алуға міндетті. Азықтар
мен төсеніштерді тасымалдау үшін бір вагон әр 10-16 вагондағы жануарларға
есебінн беріледі, жануарларды күту үшін бір вагонға 1 жолсерік, ал асыл
тұқымды жануарларға 2 жолсерік бекітіледі.
Жануарларды және құстарды вагондарға арту, мал тиеу алаңы бар
белгiленген стансаларда өткізіледі. Жануарларды тиеуге арналған жалпы
қолданылатын алаңдардан немесе жануарлар тиеуге арналған баспалдағы бар
алаңнан артуға рұқсат етiледi Онда тиегіштер, бүйірлік қабырғалары бар
басқыштармен жабдықталып дайындалуы керек. Бірден автокөліктен артуға
болмайды.

2.2.Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі ветеринариялық-
санитариялық бақылау

Стансада жұқпалы ауру не күдікті жануар анықталғанда, барлық жануарлар
тасымалдануына тыйым салынады, олар шаруашылыққа қайтарылады немесе
белгіленген тәртіпте сойылуы үшін еткомбинаттарына жіберіледі. Әдетте
теміржол 2 мал торлары бар вагондармен қамтиды, ал қалғанын жөнелтуші
шаруашылық жабдықтайды, ал асыл тұқымдылар тасымалданса, қабырғаның ішкі
беткейлерін сабандармен қымтайды.
Жіберілген малдарға, құстарға араларға және өсіру тірі балыққа, балық
өсіретін материалдарға, ұрықтандырылған уылдырықтарға, жүк жіберуші
міндетті түрде бақылаудағы жүктердің шыққан жерінен, аумақтық
ветеринариялық сертификатын көрсетеді. Ветеринариялық сертификаттсыз
жануарлар тасымалдауға жіберілмейді. Ветеринариялық сертификат әрбір
вагонга бөлек беріледі, оны тасымалдау құжаттарына қосады. Малдың саны
5дейін болса, ір сертификатты беруге болады, онда кесте ретінде ір малдың
құлағына ені, таңбасы, түрі, аты, салмағы кқрсетіледі, егер малдың саны 5
бастап асса, олардың тізімі болу керек, ол тізімге шекара бекетінің
ветеринариялық инспекторы қол қояды және сол тізім осы сертификаттың
ажыратылмас бөлігі болып саналады. Егер жүкті жүк жіберушімен бір стансаға
және бір жүк алушыға жолдаса, бірнеше вагонға бір сертификат беріледі.
Жануарлар және құстар шет елдеріне жіберілгенде, ветеринариялық сертификат
әрбір вагонға беріледі. Ветеринариялық сертификаттың жүру мерзімі ол
берілген күннен бастап жеткізілетін бекетке дейін жарамды болып саналады.
Жануарлар және құстар жай жабық вагондармен тасымалданса, вагондарға
тасымалдауға керек құрал-жабдықтары темiр жолмен немесе жүк жiберушi
келiсiмiмен жабдықталады.
Құстарды тасымалдау темiр бүтiн торларда немесе торсыз
тасымалданады, сол кезде құстарды арту екi қабатты жүргiзiледi, тек
үстiндегi қабаттың еденiне су өтпейтiн болуы керек.
Жануарлар және құстарды тиеуге жуылған, дезинфекцияланған вагондар
берiледi. Талаптарға сәйкеспейтін вагондарға жануарлар артылмайды.
Жануарлар мен құстарды тасымалдауға вагондардың дұрыстығын, жарайтынын
мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы
анықтайды. Улы заттар мен минералды тыңайтқыштар тасымалдаған вагондар
қайта өңделмесе, оларға мал артуға рұқсат етiлмейдi.
Жiберiлген малдарға, құстарға, араларға және өсiру, тiрi балыққа, балық
өсiретiн материалдарға, ұрықтандырылған уылдырықтарға, жүк жiберушi
мiндеттi түрде, бақылаудағы жүктердiң шыққан жерiнен, аумақтық
ветеринариялық мекемесi берген ветеринариялық куәлiктi көрсетедi.
Бал араларын, сонымен қатар өсiруге және акклиматизациялауға арналған
шаяндарды, тiрi балықтарды, ұрықтандырылған уылдырықты тасымалдау,
нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес атқарылады.
Станса бастығы, жүк тасушы мен мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау
мекемесіне мал мен құсты тиеуге 24 сағат уақыт бұрын хабар бередi.
Мемветқадағалаудың ветеринариялық инспекторы малдарды зерттеуді тек қана
күндiзгi уақытта жүргiзедi.
Жануарлар және құстар станса бастығы тағайындаған уақытта стансаға
жеткiзiлiп, тиеуге дейiн бүкiл вагондар ветеринарлық инспекторымен қаралуы
керек.
Жануарлар мен құстарды тиеуге рұқсат етiлсе, ол туралы ветеринарлық
куәлiкке белгi қойылады, ал тиеуге тыйым салынса, ветеринарлық куәлiктiң
алынғаны туралы акт жасалынады, бұл туралы станса бастығына хабар берiледi.
Тиеуге ветеринарлық инспекторы тыйым салса, жүк жiберушi мiндеттi түрде 2
сағаттан кейiн тиеуге жiберiлмеген жануарларды және құстарды станса
аумағынан алып кетуi керек.
Бір төрт діңгекті вагонға арту нормасы жануар түріне, жасына,
көлеміне, салмағына байланысты анықталады. Асыл тұқымды жануарларды арту
нормасы жүк жөнелтушінің көліктегі мемветқадағалау орындарымен келісімі
бойынша өзгертіле алады.
Жылқыларды вагондарда көлденең бойы қатар бастарымен есiкаралық
кеңiстiкке қарай орналастырады. Жолсерiк жүріп тұруы үшiн ортаңғы қатарда
шеткi қатарға қараған бiр жылқыға аз орналастырылады. Жылқылар тек қана
тағасыз түрде тасымалданады. Қысқа бағыттар болса, рационнан дәндесін
азықтар алынады.
Iрi қара мал вагонда ұзын бойы және көлденең түрiнде
орналастырылады. Көлденең бойы артылғанда, тиеу алдында вагонның көлденең
қабырғасының алынбайтын тақтайына бұрандамен мал байлауға темiр шығыршықтар
жапсырылады, 1-2 малға бiр шығыршық. Вагонның екi басына, әрқайсысы екi
тақтайдан құралатын, вагонның алынбайтын тақтайына, вагонға көлденең,
вагонның беткi қабырғасына тiреп сөрелер орнатады. Iрi қара мал тиелiп
болғаннан соң, есiк жақтауларына тор қойылады.Iрi қара малды көлденең
орналастырылғанда вагонды жылқыларды орналастырылғандай жасалынады, тек
есiкке қойған тақтай орнына тор қойылады. Қой, ешкi, шошқа және iрi қара
малдың төлдерi вагондарға бос артылады.
Вагондарға бұқа мен сиырды, қой мен қошқарды, шошқаның ұрғашысы мен
аталығын және жануарлар мен құстың әр түрлерiн бiрге тиеуге болмайды.
Егер жануар мен құстың әр түрлi жыныс және түрiмен тасымалдауға бөлек
вагондар болмаса, оларды мiндеттi түрде мықты шарбақпен бөлiп тасымалдайды.
Бұзау, қой, ешкі, шошқалар, қашарлар бос артылады. Шошқаларды қыс
уақытында сыртқы ауа температурасы 25°С төмен болса, ал жаз уақытында үлкен
семiз шошқалар салмағы 100 кг масса, ауа температурасы 25°С жоғары болса
тиелiнбейдi және тасымалданбайды.
Ұсақ жануарлар тор жәшiкте бiрнеше қабатта тасымалданады. Сойылатын
малдарды көбіне көлденең орналастырады. Ірі малдар вагондарда байланып
тұруы керек.Үстiңгi тор мен төбенiң және вагонның қабырғасының аралығы 0,2
м болуы керек. Жәшiк пен торлар қабырғаны бойлап орналастырылып, ортасынан
малдарға қарау, жүру және ауа ағымы болуы үшiн орын қалдырылады. Тор және
жәшiктердiң түбi бүтiн болып және тиелген соң жақсылап бекiтiлуi керек.
Жабайы жануарлар мен аңдарды вагондармен тасымалдау темiр жолмен шарт
бойынша мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаумен және жүк жiберушiнiң
келiсiмiмен тасымалданады.
Бағалы аңдар, олардың түрлерiне қарамастан темiр жол немесе мықты
ағаш, есiгi темiрмен торланған торларда тасымалданады. Тор есiктерi мықты
есiктiң иегiмен және құлыпқа жабылуы керек.
Жеткiзудiң белгiленген уақытына байланысты, жүк жiберушi мал мен құсқа
жеткiлiктi түрде жол бойына азықпен және төсенiшпен қамтамасыз етедi
Қыс уақытында ауаның сыртқы температурасы 15°С төмен болса, қыспақ, барда,
сүрлеммен жануарларды азықтандыруға болмайды.

Жануарларды темір жол көлігімен тасымалдағанда азық және төсенішпен
қамтамасыз етудің тәуліктік нормасы

Пішен (шөп) Құрама азықтар Төсеніш
Жануарлар
Асыл тұқымды, жұмысшы жануарларға, кгбасына
1,5 жастан кейінгі 10-12 2-3 2
сиырлар мен бұқалар
Ірі қара мал төлдері 6-10 1,5-2 2
Қойлар мен ешкілер 3 0,5 0,3
Ересек шошқалар - 3-4 1,6-2
6 айлыққа дейінгі - 2-3 1
шошқалар
Асыл тұқымды жылқылар 12-14 3-4 2
Жұмыс жылқылары 10-12 2-4 2
Қояндар 0,1-0,15 0,1-0,15 0,1
Союға жіберілетін жануарлар, 1ц кг салмаққа
Ірі қара малдар 4,5 - 1,5
Қойлар мен ешкілер 5,5 - 0,5
Шошқалар - 2,5 1

2.3.Жүру кезінде жануарларды ветеринариялық-санитариялық бақылау

Жөнелту стансасы жолсеріктерге жүру құқы бойынша куәлік береді, ал
жөнелтуші жол бағыттық журнал береді, онда жануарлар қайдан, қайда бара
жатқаны, азықтар мөлшері, өзге мәліметтер жазылады. Уақыт бойынша арту
нормасы 1-1,5 сағат, вет маманы арту актін тиісті формада, жөнелтуші мен
арту стансасы өкілдері және аға жолсерік қатысуымен толтырады, актіге
жолсеріктер тізімі және оларға бекітілген вагондар нөмері тіркеледі. Бір
данасын көліктегі ветбекеттінде сақтайды, екінші данасын жолсерікке
тапсырады, ол оны келіп жететін стансада табыс етеді. Мемлекеттік көліктегі
ветеринарлық бекет қызметінің ветеринарлық инспекторы диспетчерлік қызмет
арқылы жануарлар бар вагондардың жылдам қозғалуын талап ете алады.
Жемшөп пен төсенiш мал және құстармен бiрге вагондарда тасымалданады
және олар жемшөп сөрелерiне немесе вагонның есiк аралық кеңiстiгiне
салынады. Жемдер қапқа, ал шөп пен сабан буылған түрiнде салынады.
Жануарлар тиелген вагондарды төбеден жiбергенде, оларды итергенде, бұл
жұмыстар аса сақтықпен жүргiзiлуi керек. Станса қызметкерлерi жануарлары
бар вагондардың жолсерiктерiн таратудың басталуын немесе вагондарды итеру
жұмыстары болатыны жөнiнде ескертуi керек.
Жаз уақытында жануарларды жолда тәулiгiнде 2 мезгiл, ал қыс уақытында
1 реттен кем емес суарады, аз мөлшерде жиі суарып отырған жөн.
Темiр жол мекемелерi белгiленген стансаларда мал суаруға су беруi
керек. Су беретiн және осы жөнiнде қызмет көрсететiн стансалардың тiзiмiн
қызмет жүк иесi және жүк тасымалдаушының арасында келiсiледi.

Жануарларды суару нормасы

Жануар түрі Суару нормасы, литр
Бір рет қабылдау кезіндегі 1 басқа шаққандағы суару нормасы(л)
Жылқы 8-12
Ірі қара мал 12-15
Қой, ешкі 1-1,5
Шошқа 1,5-2
Бұзаулар 8-12
Тауықтар 50-60мл
Тәуліктік  су нормасы (л)
Жылқы 20-30
Ірі қара мал 30-50
Шошқа 5-8
Қой, ешкі 3-4

Шошқалар су тапшылығына аса сезімді, сондықтан вагонда су қоры
болуы керек. Су температурасы 9-150С шамасында болуы тиіс. Бұзаулар мен
шошқаны суық сумен суаруға тыйым салынады. Ветмаманы су қабылдау
стансаларында барлық жабдықтар бүтін болғанын қадағалауы керек, әйтпесе
поезд кешігіп қалуы мүмкін. Стансадан су қабылдамай аттанған жағдайлар
жайлы бастығына хабар етеді.
Су қабылдау стансаларында және транзиттерде ветмаманы жануарларды
клиникалық қарап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Жануар өнімдерін жəне шикізаттарын тасымалдау кезінде ветеринарлық-санитарлық бақылау
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Жануарларды тасымалдауға дайындау
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Жылқы жануарын тасымалдау сәті
Жануарларды автокөлік құралдарымен тасымалдау
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Жылқы тасымалдайды раскованными
Қой ценурозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер