Терінің жүн-жабындысына сипаттама



1. Тауартану.
2. Терінің жүн.жабындысына сипаттама.
3. Терісі бағалы аңдардың терілеріне сипаттама
Тауартану – бұл аң терісі, мех, қой терісі шикізаттарының қасиетін зерттейтін, әрі сипаттайтын ғылым саласы. Тауар дегеніміз, еңбек пен материалдық шығындарды жұмсау нәтижесінде алынған, әрі мех өңдейтін кәсіпорындардың қажетін қанағаттадыратын, әрі халықаралық саудаға шығаруға болатын шикізаттар.
ХХ ғасырдың басына дейін ғылыми пән ретінде тауартану сипаттамалық тұрғыда болып, әр түрлі тауарлардың жіктеу мәселесімен ғана шектелді. Содан кейін тауартану осы тауарлардың қасиетін айқындап, нақты сипаттама берді. Мұның өзі ең жақсы сапаны қамтамасыз ететін, әрі өңдеудің тиімді технологиялық амалдарын таңдауға мүмкіндік береді.
1. Азаров В.И Дикие копытные Тюменской области и задачи их рациональной эксплуатации / Азаров В.И., Деков В.М.// Ресурсы животного мира Сибири. Новосибирск : Наука, 1990 с. 181 -184.
2. АпыренС. Охота в Финляндии//Охота и охот, хоз-во-1991 .-№ 11.-е 40-41.
3. Ахмедзянов А Новые правила охеггы в Иране // Охота и охот, хоз-во,- 1979 № 1.- с. 44.
4. Байдавлетов Р.Ж О факторах см ергности архара в Казахстане // Современные проблемы природопользования, охотоведения и звероводства. Киров, 2002 с. 133-135.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік унивеситеті

CӨЖ

Тақырыбы: Терінің жүн-жабындысына сипаттама

Тексерген: Туманбаев В.М
Орындаған:Сәрсенбекова Н.С

Семей, 2015 ж

Жоспар:

1. Тауартану.
2. Терінің жүн-жабындысына сипаттама.
3. Терісі бағалы аңдардың терілеріне сипаттама

Тауартану - бұл аң терісі, мех, қой терісі шикізаттарының қасиетін зерттейтін, әрі сипаттайтын ғылым саласы. Тауар дегеніміз, еңбек пен материалдық шығындарды жұмсау нәтижесінде алынған, әрі мех өңдейтін кәсіпорындардың қажетін қанағаттадыратын, әрі халықаралық саудаға шығаруға болатын шикізаттар.
ХХ ғасырдың басына дейін ғылыми пән ретінде тауартану сипаттамалық тұрғыда болып, әр түрлі тауарлардың жіктеу мәселесімен ғана шектелді. Содан кейін тауартану осы тауарлардың қасиетін айқындап, нақты сипаттама берді. Мұның өзі ең жақсы сапаны қамтамасыз ететін, әрі өңдеудің тиімді технологиялық амалдарын таңдауға мүмкіндік береді
Терісі бағалы аңдар - шикізаттарының тауартануы дербес ғылыми пән. Бұл - терісі бағалы аңдардың терісі туралы ғылым. Ол терісі бағалы аңдардың терісінің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын, талшық пен тері қасиетін, олардың тауарлық сапасы мен белгілерін зерттейді. Терісі бағалы аңдардың терісіне баға беру олардың алуан түрлілігі, тауарлық топтары, сорттары,түстері мен бейнесінің сапасы, олардың өзара байланысы мен өзара қатынасына әсер ететін факторларды зерттейді. Теріні бағалауда олардың құрылымын, құрылысы мен қасиетін зерттейді. Осы зерттеулерде теріні бағалау мен жіктеудің, стандарттаудың теориялық негізінен методикалық қағидасы ойластырылды .
Аңдардың терісіне баға беруде, сорттауда іріктеудің қазіргі қолданылып жүрген тәсілдерін жетілдіріп, әрі жаңа тәсілдер ойластырылған. Отандық және халықаралық саудаға түсетін бағалы аңдардың терісінің сұранысын арттыру жүзеге асырылуда 3. Аң терілерін шикізаттарының тауартануы шикізат ассортиментін жіктеудің тауар қасиетіне шынайы сипаттама беруден тұрады, әрі мех өңдейтін өнеркәсіптерде тұтынушылардың өскелең қажетін қанағаттандырып, тиісті сападағы тауар өндіру міндетін алға қойған 4. Орта Азия мен Қазақстан Республикаларында дайындалатын аң терісі және мех шикізаттарын өзіндік ерекшеліктері қамтылған. Бұл өңірлерде аң шаруашылығы кең дамыған. Қызыл кітапқа енген жабайы жануарларды аулауға тыйым салынған, әрі мемлекеттің қорғауында болған XVII-XVIII ғғ. Бұқаралық көпестер Новгород пен Мәскеу қалаларында бағалы аң терілеріне ойдағыдай сауда жүргізген, ал XVIII-XIX ғғ Лондонда, Нью-Йоркта және басқа шет елдердің сауда орталықтарында бағалы аң терілері көптеп сатылған. Мұның өзі көптеген елдермен континенттерге ықпал етті . Қазіргі кезде терісі бағалы аңдармен қатар қаракөл өсіретін аймақтар көбейе бастады. Қаракөл қойын өсіру едәуір ұлғайып, Орта Азияда, оңтүстік батыс Африкада және Ауғанстан Республикаларында көптеп өсіріледі.
Біздің елімізде қаракөл қойын өсіру, қаракөл шикізаттарының елтірітану және тауартану мәселелерін теориялық негізі алғаш рет жасалынды. Бұған М.Ф.Иванов, В.М.Юдин, М.Н.Закиров, С.Н.Боголювский, А.А.Рахимов, М.Д.Тавитов сияқты ғалымдар ғылыми тұрғыдан зор үлес қосты . Бағалы аң терісін өндірушілер оларды өсіруде терілерінің алуан түрлі болып келетіндігін және соған сәйкес түрліше бағаланатынын анықтаған. Көне дәуірде аң терілерін жіктеуде талпыныс болған. Орыс әдебиеттерінде бұл жіктеуді алғаш рет И.В.Синициннің жинаған материалдарынан кездестірген . 1932 жылы жіктеулер едәуір ұлғайтылып, тереңделе түсті, әрі олардың морфологиялық құрылысына сипаттама берілген

Терілер негізгі екі компоненттен тұратындығы зерттелген. Ол талшық жабыны және талшық түбі бекітілген тері ұлпасы. Осы компоненттер тері қасиетін айқындайды. Әр түрлі жануарлардың, олардың жас категорияларын ескере отырып, маусымына қарай қалыңдығы, тығыздығы, ұйысу сипаты т.б. өзгешелігі бойынша айқындалады . Терілерді бағалауда оның сапасы, қасиеті және белгілері көпетеген табиғи биологиялық факторларға байланысты. Осы факторлардың әсерлерінен теріні бағалауда тауарлық қасиетінің өзгергіштігі байқалады
Н.В.Сергеевтің зерттеулерінде терілер ауа өткізгіштік сияқты су өткізгіштікке біршама ауытқиды, әрі бағалы аң терілері үшін оның орташа көрсеткіші шартты түрде болады.
Аң шаруашылығы бағалы аң терілерін береді. Біздің елімзде бағалы аңдардың қоры мол. В.И. Висящев (1978) зерттеулері бойынша жабайы хайуанаттар мекендеуге болатын жерлерде бұлғынның жалпы қоры 760 мың, сусар-281, ондатр-3096, қызыл түлкі-767, бұлан-817, ақбөкен-909, елік-348 мың болғандығы туралы мәліметтер бар . Қазір біздегі дайындалып жүрген аң терілерінің басым көпшілігі мемлекетімзге пайдасын тигізеді. Терісі үшін жабайы аңдардың терілерін дайындауда Қазақстан екінші орында.
Біздің республикамызда бағалы жануарлар көп. Солардың ішінде халық тұтынатын бұйымдар - әсем де сәнді бас киім, тон, ішік және басқа да киімдер тігуге болатын терісі аса бағалы аңдар мол.. Олардың ішінде негізгілері - ондатр, түлкі, ақтиін, суыр, зорман, дала күзені және қарсақ.

Бұлғын - көрікті әрі сымбатты аң. Денесінің ұзындығы 43-53 см, салмағы 1-2 кг келетін терісі өте бағалы аң. Жүні ұзын, әдемі, әрі жылтыр келеді. Қыста бұлғынның жүні әдемі, үлпілдек, жібектей жұмсақ, қылшықтары жылтылдап тұрады. Қазақстандағы терісі аса бағалы аң - бұлғынның өте көп тараған жері - Алтай таулары. Бұлғынның жемдері - кеміргіштер мен самырсын жаңғағы өте азайып кеткен жылдары тәжірибелі аңшылар оны арнаулы жем - ет ілген қақпанмен ұстап, көп олжаға батады. Тас сусарының жалпы бейнесі бұлғынға ұқсас. Бірақ одан үлкенірек және құйрығы ұзындау. Қысқы терісінің жүні күлгін сары араласқан қоңыр жирен немесе күрең сарғыштау түсті келеді. Түбіті күлгін түсті. Алқым астында және мойынының төменгі жағында ақ дағы бар. Соған қарап кейде аңшылар оны ақтөс сусардеп те атайды. Еркек аңның дене тұрқы 43-59 см, ал ұрғашылары бұған қарағанда аздап кішірек. Ақтөс сусар республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында кездеседі. Бұл аң аршалы, шыршалы тау ормандарында тіршілік етуге бейімделген. Тас сусарының қараша-желтоқсан айларында жүні жылт-жылт етіп, құлпырып тұрады. Дала күзені - кәсіптік жолмен бағалы терісі үшін ауланатын аң. Ол күзендердің ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 29-52, құйрығы 7-18 см, ал салмағы 2 кг. Бұлаң республикамыздың барлық облыстарында да кездеседі, бірақ барлық жерде бірдей емес. Ол негізінен Орал, Ақтөбе, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының шөлейтті және далалық аймақтарында жиі кездеседі. Дала күзенінің мекен ететін жері - жайқалып өскен шабындығы бар далалы аймақ, шөл-шөлейтті өңірлер, өзен мен көлдер жағалауы және ормандар арасындағы ашық алаңдар. Бұл аң жылына бір рет туады. Сасық күзен көктемде және күзде екі рет түлейді. Оның терісі қарашадан бастап құңды .

Ақкіс- дене тұрқы 18-26 сантиметрдей ғана келген, өте жылдам қимылдағыш жыртқыш аң. Қыста бүкіл денесі қар түстес ақ, тек құйрығының ұшы ғана қара. Жазда ол екі түрлі болып келеді - арқа жағы қоңыр қызғылт, ал бауыры ақшыл сарғыш. Сусар тұқымдастарының ішінде біздің елімізде ең көп тараған осы түр. Қазақстанның тек шөлді аймақтан басқа барлық жерлерінде кездеседі. Ақкіс республикамыздың солтүстік бөлігінде және оңтүстік-шығыс жақтағы таулы өңірде өте көп таралған. Батыс Қазақстанда Жайық өзені бойында біраз кездеседі. Солтүстіктегі облыстардың территориясында ақкіс өзендер мен көлдердің жағасындағы қамыс, тал іштерінде, сай-сала, жыраларда, қайың, көктерек өскен алқаптарды мекендейді. Бұл жыртқыш жылына бір рет қана өніп-өседі. Ақпан-мамыр айларында ұйығып, 9 айдан соң 3-18, орташа 8-9 күшік туады. Ақкіс жылына екі рет: көктемде және күзде түлейді. Көктемгі түлеуі наурызда басталып, сәуірде аяқталады. Күзгі түлеуі қазан айында аяқталады. Қараша айының басынан оның терісі бірінші сортқа жатқызылады. Терісі аппақ қардай жалт-жұлт еткен бұл аңның аз-көп болуы оның қорегінің мөлшеріне байланысты. Өте құнды ақкіс терісі шет елдерге шығарылатын тауардың бірі.
Құндыз - басы кішілеу, құйрығы ұзын, дене пішіні 95 сантиметрдей келген аң. Арқасы мен артқы жағының түсі жылтыраған қара қоңыр, бауыры ақшылдау болады. Құндыз нағыз тұщы су маңын мекендейтін жыртқыш. Құндыз көбіне таудан аққан, жары биік, жағасында ағаш немесе қамыс өскен өзендерді мекендейді. Кейбір аудандарда бұл аңды ретсіз аулау салдарынан жойылу қаупі төнген. Қазіргі кезде құндыз Оңтүстік Алтай, Жоңғар және Іле Алатауларында ғана кездеседі. Бірақ өте сирек. Терісі өте бағалы, әсем де құнды. . Қара күзеннің Отаны - Солтүстік Америка. Бұл аңды жерімізге жіберу 1933 жылы басталған еді. Жерсіндіру жұмысы сондай табысты болды. Бұл -терісі аса бағалы аң. Қысқы жүнінің жалпы түсі денесінің барлық бөлігінде біркелкі қара қоңыр келеді.Тек иек астында ақ дағы болады. Үлпілдек түбітті терісі жылт-жылт етіп сәндігімен көз тұндырады. Дене пішіні орташа 39 сантиметрдей. Қара күзен Алтай өлкесінен Шығыс қазақстан облысының территориясына 1945 жылы ене бастады. Әр түрлі бұталы ағаштар мен қарағай өскен өзен бойы бұлардың жақсы мекені. Бұл жыртқыш жылына екі рет түлейді. Көктемде наурыз-сәуір айларында, ал күзде тамыз-қараша айларында. Аса құнды, әдемі қара күзен терісін дайындау қараша айында басталып, ақпанда аяқталады. Қазақ ССР Ғылым академиясы Зоология институтының ғылыми қызметкерлері Ю.Г.Афанасьев пен Ю.С.Лобачев 1957-1968 жылдар аралығында қара күзеннің биологиясын, таралуын, өсіп-өнуін зерттеп, Шығыс Қазақстан облысындағы бұл аң қорының қанша екендігін анықтаған .
Аю терісі, майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланатын бағалы аң. Семіз аюдан 120 килограмм ет, 50 килограмм витамині көп май алуға болады. Аюдың майын жергілікті халықтар ерте заманда әр түрлі ауруларға, әсіресе туберкулезге және белі ауырған адамдарға ем ретінде пайдаланған. Әр түрлі ауруларға шипа болатын аю өті ерекше зат. Ол әсіресе, Оңтүстік-шығыс Азияда халықтық медицинада өте жоғары бағаланады. Қытайда, Индияда, Тайландта, Бирмада және Жапонияда аю өтін ішек-қарын, бауыр ауруларын, сары ауруларды, жұқпалы іш ауруын, көз қарығуын, қатерлі іріңдер мен жараларды емдеуге жиі пайдаланады.
Елімізде өз ішінде аю өті бұрынғы қасиетін төмендеткенмен де, халықаралық саудада ол әлі де өте жоғары бағаланады. Біздің елімізде бұл аңның өтін дайындау, ешбір жерде жоспарланбаған. Оны аз мөлшерде тек тәжірибелі аңшылар ғана дайындай алады. Күз, қыс айларында алынған аю өтінің шипалық қасиеті өте күшті .
Ор қоян - қояндардың ішіндегі ең ірісі. Салмағы 6-7 килограмдай болады. Бұл Батыс Қазақстанда кең таралған терісі бағалы аң. Сонымен қатар, Жайық өзенінің жайылымында да бұл аң аз емес. Ор қоян көбінесе ашық далалы жерлерде, арасы сирек шоқ тоғайдың арасында, өзеннің жайылмасында, шоқ-шоқ бұтаның арасында, жыра бойында, көлдің жағасын мекендейді. Ор қоян жылына екі-үш рет көжектейді. Бұл аңдардың кәсіптік маңызынан басқа, ауыл шаруашылығына тигізетін зияны да көп. Әсіресе, ор қоян орман шаруашылығына өте үлкен зиян келтіреді. Олар Жайық өзенінің жағасында өсетін әр түрлі орман ағаштары мен бұталы өсімдіктерге, егінді қорғайтын орман алқаптарына зиянды.

Зерттеу әдістері теріні тұтастығы (кряжистый) бойынша бөлу. Теріні тұтастығы бойынша бөлетін себебі, белгілі бір түрдегі шикізаттың тауарлық қасиеті аңның мекендейтін жеріне байланысты. _Тұтастығы әр түрлі ан терілері сол теріге ғана тән қасиеттерімен ерекшеленеді (мөлшері, сәнділігі, жүнінің ұзындығы мен коюлығы, түсі, жүнінің жұмсақтығы, тері тканінің қалыңдығы, салмағы). Терінің тұтастығы сол географиялық ауданнан әкелуіне карай аталады. Мәселен, амурлық, якуттық, алтайлық т. б. Ақ тиіндер. Кейбір стандарттарды тұтастық (кряж) нөмірімен алмастырылады.Аңның барлық түрі тұтастығы бойынша бөқлінбейді, тек ақтиніннің, қызыл түлкінің, қаракүзеннің, ақ түлкінін, бүлғынның суырдың, тарбағанның иленген терісі ғана бөлінеді.

Теріні мөлшері бойынша бөлу. Теріні мөлшері бойынша бөлгенде, тек аумақ айырмашылықтары едәуір білінетін, оған жынысы мен жас өзгешеліктері әсер ететіндерін жатқызады. мысалы, ұрғашы қаракүзен, ақ тышқан және сасықкүзен терілері еркектерінен үлкенірек келеді. Терінің алуан түрінің мөлшері бойынша әр түрлі категорияға беледі. Әдетте оларды үш категорияға: ірі, орташа, ұсақ, кейбір жағдайда төрт категорияға: ерекше ірі, ірі. орташа, ұсақ деп бөледі.

Тері мөлшерін анықтау үшін оның ұзындығын (екі кезінің арасынан құйрық түбіне дейін) және енін (орта тұсынан) өлшеп, алынған шаманы көбейтеді.

Мөлшері бойынша сорттағанда мынадай түрлерге бөледі қамшат, қаракүзен, ақтиін, күміс түсті қара тулкі, ак түлкі, бұлгын, ұсақ кеміргіштер және басқа да түрлері

Теріні сортына қарай бөлу. Терінің сорттылығы аңды аулаған кездегі жүн талашығының күйіне байланысты. Аң терілеріін сорттылығы дегеніміз, терідегі жүн талшығының даму дәрежесіне қарай тауарлык белгілерінің жиынтығы. Жылдың әр түрлі маусымында аң терілері жүнінің сапасы түрліше келеді. Қысқы қою, әрі ұзын жүн, күзгі өсу сатысында түлейді.

Жазда ол ирек, әрі қысқа. Аң терілерін екі, үш және төрт сортқа бөледі. Сортты айкындайтын тауарлық белгілер жүннің әдемілігі, қоюлығы, ұзындығы жәие жұмсақтығы. Бұл белгілер аң терілерінің әр түрінде өзіндік ерекшеліктері болады.

Төменде көпшілік аң терілерінің сорттылық сипаттамасы келтірілген.

I сортқа жүні жетілген, қылшығы жиі, әрі ұзын, түбіті қою терілер; II сортқа -- жүні онша өскелең емес, қылшығы мен түбіті жетілмеген терілер, III сортқа -- жүні шамалы, қылшығы мен түбіті жетілмеген терілер немесе қылшығы тықыр, түбіті мүлде жоқ немесе аздап қана шыққаң түбіті бар (қасқыр, кұну, шиебөрі) терілері жатады. I сортты терілердің кейбіреулерінен жоғары сорты (экстра) бөлінеді.

Ерте көктемдегі терілер II сортқа жатқызылады; ерте көктемдегі ақтиін терілері дербес сортқа бөлінеді.Ерте көктемдегі терілерде көктемгі түлеу белгісі басталады.

Терілерді түсіне қарай бөлу. Теріні түсіне қарай бөлгенде Жүн талшығының түсі күшті өзгеретіндерін ғана алады. Мұндай түрге ақтиін, күміс түсті қара түлкі, сусар, қаракүзен, сазқұндызы, құну, көгілдір және ақ түлкілер, сілеусін, бұлғын жатады.

Әсіресе торда ұсталатын аң терілері жүнінің түсі өте өзгермелі келеді. Бұған жататындар: қаракүзен, сазқұндызы.

Терілерді акауына қарай бөлу. Мехтық ан терілері жартылай фабрикаттарында ақау жиі кездеседі.Олар тері құнын кемітеді. Тері шикізаттарының ақауын топтау кестесі

Тірі кезіндегі ақаулар

Сойған кездегі ақаулар

Сақтағандағы және тасымалдағандағы ақаулар

Қышыма, бездену, таз,қотыр, теміреткі, күл, жүнінің түсуі, қырқылу, қабыршақтану, қасынудан түскен жара, қажалу, тістелу, тыртық орны, жүннің ластануы, сарғаюы, қарамайлануы, ошаған жабысуы, тікен тесу, арықтауы, көтерем болу, жүдеген жүн, бояуының әлсіреуі, суыстану, қылшығының мыжылуы, жүннің көмескіленуі т. б .

Оқ тию, жүннің қанмен ластануы, күйген талшық, ілмектену, теріні тамағынан көлденең кесу, тесілу, жыртылу, кесілу, тері бөліктерінің жетіспеуі, майы алынбауы, жүнінің түскіштігі, тері тканінің қасаңдануы, теріні дұрыс сыпырмау, дұрыс қаттамау, илектеген күйінде кептіру, бет қабатының қыртыстануы, майдағы тұз дағы т.б.

Құрт жеген, күйе жеген, тарақан жеген, кеміргіштер зақымдаған, жидіген, қанталаған, көгерген, таңба салынған, суық шалған, кесілген, ойылған, даттанған дақ сирақтарының зақымдануы т.б.

ҚАРАКҮЗЕН ТЕРІСІ

Қаракүзен терісі оның екі түрінен алынады: Ресейдің европалық бөлігінің бүкіл территориясына таралған европалық қаракүзен және 1929 жылы Совет Одағына әкелінген американдық қаракүзен. Алғашында американдық қаракүзен тек аң өсіретін шаруашылықтарда ғана өсіріледі де, кейіннен бүл аңды еркін жібереді.

Қазіргі кезде Орта Азия меи Қазақстан республикаларына қаракүзен терісі аң өсіретін шаруашылықтардан (торда өсірілетін қаракүзендер) келіп түседі. Торда өсірілетін қаракүзеннің экономикалық мәні өте зор. Оны өндіру жылма жыл артып келеді. Мүндай бағалы теріні көптеп өндіруге ішкі рынок қана емес, дүние жүзілік аң терілері саудасы да мудделі болып отыр. Шет елдердегі саудада торда өсірілетін қаракүзен терісі көп жыл-дан бері бірінші орынға ие болып, мехтық ан терілеріиің жалпы құнының 80 %-тейін алып отыр.

Орта Азия мен Қазақстанда торда өсірілетін қаракузеннін американдық қаракүзеннен біршама айырмашылығы бар: біздегінің денесі шағын, түсі біршама қоңырлау, жүн талшығы онша өскелең емес. Сонымен қоса, каракүзеннің үстіңгі және астыңғы еріндері ақ қылшықты, ал американдық қаракүзенде ак, қылшық тек астыңғы ернінде ғана өседі.

Біздегі қаракүзен терісінің мөлшері американдықтан шамамен 1,5 еседей кіші. Бүл қаракүзен жүнінің үзындығы орташа, орі қою жүндіге жатады. Солтүстік аудандарда өсірілетін европалық қаракүзен жүнінің қоюлығы 1 см 22 мың талшыққа дейін, ал оңтүстік аудандарда өсірілетін қаракүзен жүнінің қоюлығы бұдан 1,5 еседей кем. Қысқы қылшығының орташа ұзындығы 22 мм, түбіті -- 13 мм.
Қаракүзен терісін багалаудың басты көрсеткіштерінің бірі -- жүн талшығының түсі. Европалық қаракүзеннің кәдімгі түсі -- қызылқоңыр; күңгірт-сарғылт, түбіт түбі көгілдірлеу, сарғылттау-қоңыр, түбіт түбі сарғыштау реңдес. Европалыққа карағанда американдық қаракүзеннің түсі күңгірттеу. Американдық қаракүзеннің мойнында, басында және бауырында ақ теңбілдер кездеседі, мұндай теріні пайдалану қиынға түседі, өйткені мұндай теңбілдерді кесіп алуға тура келеді.

1982 жылдан бастап аңшылық шаруашылықтары түсті қара-күзен өсіре бастады. Олардың терісін өндіру тез әсіп келеді: қазіргі кезде жалпы дайындалатын қаракүзен терісінде түсті қаракүзеннің үлесі 37 %-ке жетті. Бізде қаракүзеннің мынадай түстері кездеседі: рояль-пастел -- көгілдір-сұр реңі айқын білінетін қызылқоңыр, түбіті көгілдір; әлеуеттік-көгілдір реңді күңгірт-сұр, түгелдей қара; топаз -- сұрғылттау-кегілдір реңі жақ-сы білінётін ашық-қызылқоңыр, түбіті көгілдір; паломино -- түсі көгілдір реңді сарғыш, түбіті бозғылт-көгілдір; ақшылданғаи пастель -- пастель секілді, бірақ одан ақшылдау, түбіті көгілдір; бозкөгілдір -- күңгірт-көгілдір реңді, түбіті -- көгілдір; сапфир -- таза көгілдір, түбітті көгілдір, мөлдір (жемчужная) -- түсі ақшыл боз.көгілдір реңі жақсы білінеді, түбіті сұрғылт-көк; ақ -- мүлде ақ, түбіті де ақ түсті.

Қаракүзен терісін бітеудей сойып, терінің барлық беліктерін сақтайды. Теріні етінен, ластан, қаннан, шелден, майдан тазартады, жүн талшығының түбіне зақым келтірмеу қажет. Терінің жүнін сыртына қаратып қаттайды.

ҚАСҚЫР МЕН ШҮЙЕБӨРІ ТЕРІЛЕРІ

Қасқыр Орта Азия мен Қазақстанның барлық территория-сында кездеседі. Қасқыр терісі онша бағалы емес, қазір жылына оның 2,5 мың терісі дайындалады. Қасқыр терісінің жұмсақтығы, үлпілдектігі, жүнінің қоюлығы мен түсі, сондай-ақ аумағы оның мекендейтін аудандарына байланысты.

Қасқыр терісін сан жағынан тіліп бітеу сояды. ластан, қаннан, еттен, майдан тазартып, жүнін сыртына қаратып қаттайды.

Сарғыш теңбілі жоқ, әдемі сүр тусті терілерді табиғи түрінде шығарады, қалғанын қызылқоңыр түске бояйды.

Шүйебөрі Орта Азия мен Қазақстанның жазық жерлерінде мекендейді. Сыртқы турі қасқырға үқсас, бірақ одан кішілеу. Шүйебөрі жуні сарғыш, қылшықты. Алғашқы өңдеу тәсілі қасқыр терісінікіндей. Жыл сайын одан 10 -- 15 мыңдай тері дайындалады. Оны қызылқоңыр немесе кара түстерге бояйды.

Қасқыр терісі бес түрге бөлінеді: полярлық -- терісі өте ірі. Жүні өте әдемі, қою, әрі жүмсақ, бауыр жүні өскелең, жумсақ, қою. Тері ткані жуқа. Жүн талшықтары ақшыл немесе күңгірт-сур, көгілдірлеу реңді. Құйрығы үлпілдек.

Қазақстанда қасқыр терісі ормандық және далалық болып бөлінеді. Бұлардың сібірлік қасқырдан айырмашылығы -- денесі шағындау, әрі жүні қысқалау. Қүйрығы онша үлкен емес. Қасқырдың бұл-түріне солтүстік облыстар мен Қырғызстанның солтустігіндегіден басқа Қазақстанда мекендейтін қасқырлар жатады.

Оңтүстіктегілері -- бұған Орта Азияда мекендейтін қасқырлар жатады.

Орта Азияның таулы аудандарында мекендейтін қасқырлар терісінің жуні өскелең, жұмсақ, бірақ сирек, түсі ақшыл-сұр, жота жүні қоңырқай, бүйірі мен бауыр жүні ақшыл. Орта Азиядағы далалық қасқырлардың терісі үсақ, жүні көріксіздеу, қатқылдау. Жотасы сүрғылттау-сары, бауыры ақшыл-сүр түсті. Шүйебөрі терілері түрге бөлінбейді. Қасқыр мен шүйебөрі терілері жүнінің жетілуіне қарай үш сортқа белінеді.

I сортқа жүні бүйралы, қою, шелі таза терілер, II сортқа-жуні жетілмегеи, шелі көкшілдеу терілер, III сортқа -- жүні шамалы, қылшығы мен түбіті тықыр, шел кек терілер жатады. Қасқыр мен шүйебөрі терілеріндегі негізгі ақаулар -- терінің жыртылуы, тесілуі, қажалуы, көгеруі, ерте көктемде және көктем айларында жүнінің тым жетіліп кетуі, майының жөнді алынбауы, терінің тұтастығының сақталмауы, дүрыс кептірілмеуі. Ақауын ажыратқанда оны шамалы, орташа және көп деп бөледі.
ТҮЛКІ ТЕРІЛЕРІ

Түлкі терілері жабайы өсетіндері мен аңшылық шаруашьг лықтарында бағылатын түлкілерден алынады. Бүл терілер ұзын жүнділерге жатады. Әсіресе, бағыттаушы талшықтары ерекше ұзын (80 мм-ге дейін) келеді. Бағыттаушы талшықтары бірыңғай түсті: қоңырқай немесе қара. Түлкінің қылшық талшықтарының ұшында ақшыл түсті сақиналы бүйрасы болады, Қызыл түлкіде ол жирен, сары немесе ақшылдау түсті, ал жылтыр қара түстіде -- шымқай ак.

Түлкі терісін табиғи түсіне қарай қызыл (кәдімгі, сиводышка, крестовка), қара-қоңыр және жылтыр-қара деп беледі.

Алғашқы төрт түс жабайы түлкіге тән. Аңшылық шаруашылықтарында жылтыр қара түлкі және оньщ түрлері -- платиналы, ақ түмсықты т. б. есіріледі.

Қызыл түлкі. Қазақстанның және онымен шектесетін республикалардың барлық жерінде мекендейді. Бұл аң терілерінің ішінде көбірек дайындалатындардың бірі. Бұрынғы одақта жыл сайың 400 -- 600 мың тері дайындалатын. Қызыл түлкінің тауарлық қасиеті алуан түрлі, мүның өзі түлкі мекендейтін жерлердің алуан түрлі жағдайына байланысты

Қызыл түлкі жүнінің түсі арқасында ақшыл-сары немесе сұр-жирен. Бауыр жүні ақ, қызыл немесе қаралау реңді. Иыгында әдетте едәуір қарақоңыр кресі болады. Қызыл түлкіні мынадай түстерге бөледі: құлпырма қызыл (огневка) -- жота-сы мен бүйірлеріндегі жүні ашық-қызыл, сарғыштау, бауырында жіңішке ақ жолағы немесе қоңырқай теңбілі болады; нарыз қызыл түлкі -- жалпы реңі ашық-сарғыш, жотасы мен иығы қоңырқай, бүйірлері ақшылдау, қылшық талшықтары ақшыл, сақиналы бүйрасы анық білінеді, иығындағы қоңырқай кресі өте анық, бауыры қара, ақ немесе қаралау түсті; алқызыл түл-кі -- жотасының және иығындағы кресінің түсі ашық-сарғыш немесе реңсіз сары түсті, бүйірі сары, бауыры ақ түсті.

Ақшыл түлкі -- жотасының және иығындағы кресінің түсі ақшылдау, бүйірі едәуір ақшыл, бауыры күңгірт-ақ түсті; сұр түлкінің жотасы мен буйірі сұр түсті, кейде жотасының орта сызығы күңгірт-сарғыш, бауыры сұрғылттау; қызыл-сүр түлкінің жотасы мен бүйірлері сұр түсті, иығындағы кресі қызыл-ақ, бауыры сұрғылттау түсті.

Дайындалатын түлкі елтірісінің жартысынан көбі алқызыл түсті -- 20 %, 15 %-і -- сұр және қызыл-сұр, шамамен 6 %-тейі -- ақшыл, тек 2 %-тейі құлпырма қызыл түсті (Б. А. Кузнецов-тың деректері бойынша).

Түлкі терісі сонымен қоса терісінің мөлшері, жүнінің ұзындығы, қоюлығы және жұмсақтығы жөнінен едәуір айырмашылығы бар екендігі байқалады. Солтүстік аудандардан ауланатын тулкінің терісі біршама ірі, жүні әдемі, жұмсақ, жотасьі ашық-сарғыш түсті, табанында қара теңбілі бар.

Қазақстанның Каспий мадындағы шөл және шөлейт аудандарында, Орта Азияда мекендейтіи түлкілердід терісі ұсақ немесе орташа, жүні тықыр, сирек, әрі қатқылдау. Түсі жотасында ашық-сары немесе сұр, бауыры ақшылдау. Табанында аздаған сұрғылттау жолағы бар. Қавказдың таулы аудандарындағы түлкі терісінің мөлшері, орташа, жүні қатқылдау, онша әде-мі емес. Түсі сарғыштау-күңгірт немесе сұр. Орта Азия тауларында мекендейтін түлкі терісінің мөлшері орташа және шағын. Жүнінің ұзындығы, қоюлығы және жұмсақтығы орташа. Түсі ақшыл, әр турлі реңде. Солтүстік аудандардағы түлкінің тері ткані жұқа, ал оңтүстік аудандарда мекендейтіндерінікі -- калың, қатқылдау.

Түлкінің терісін сан жағынан тіліп бітеудей сояды. Бас, табан және құйрық терілерін қоса сыдырып алады. Теріні еттен, табаны мен құйрығындағы сүйектен, құлақ шеміршектерінен тазартады, мұқият майын алады, мұндайда теріні бүлдіріп алмауға тырысады. Терінің жүнін сыртына қаратып қаттайды.

Қызыл түлкі терісінде кебінесе мынадай ақаулар кездеседі; тесілу, жыртылу, мыжылу, көгеру, қажалу, жүні мен тері тканінің қанмен ластануы, оқ тескен орны, үзілген табаны немесе құйрығы, майының жөнді шелденбеуі, көктемгі түлеу белгілері, соның әсерінен жауырын тұсындағы қылшық талшықтарының сиреуі. Мұндайда түбіті түсіп, ақшыл дақтар пайда болады. Қылшығының сиреу дәрежесіне қарай жеңіл, орташа және ауыр деп бөледі.

Мех өнеркәсібі жыл сайын 300 -- 400 мың қызыл түлкі терісін өңдейді. Соның 85 %-тейі орталық аудандардың, шамамен 15 %-тейі сібірлік және солтүстік европалық түлкі терілері,

Шикізат сапасы мынадай керсеткіштермен сипатталады: I сортты тері 55 -- 57 %, ақаусыз тері 14 -- 17 %, ал сортсыз терілер 18 -- 21 %. Қызыл түлкі терілері табиғи немесе боялган түрінде шығарылады. Табиғи түрінде үлпілдектігіне және терісінің түсіне (сібірлік) қарай шығарады; қалған терілерді қара, қызылқоңыр немесе сұр түстерге бояйды, терінің біразын қырқып, сазқұндызы немесе теңіз мысығы түріне келтіреді.

Қызыл түлкі терісінің кез келген өңдеу түріне жарамдылығын жүнінің ескелеңдігіне, түсіне, сортына және ақауының аз-көптігіне қарай анықтайды. Оңтүстікте мекендейтін бозғылт-сары, бозғылт-қызыл немесе сұр түсті терілерді қара-қоңыр түске бояйды.

Денесінде, басы мен мойнында сұр түсті жүні бар теріні сұр-

көгілдір түске бояйды. Мұндайда қылшығы сұр, ал ұшы қара немесе сарғыштау түсті болуы тиіс.

Ақшыл, сарғыштау-сұр түсті жүні жұмсақ терілерді ақшыл-қызылқоңыр түске бояйды.

Қызылқоңыр түске бояу үшін (бұлғын түске) әуелі теріні ағартып, бұған жүні қатқылдау, серпімді, түсі қызыл, ақшыл-қызыл, алқызыл, ашық-алқызыл терілерді пайдаланады. Жүні ұяң, алқызыл, ақшыл-қызыл және қызыл терілерді күңгірт-қызылқоңыр түске бояйды.

Қез келген түстегі теріні қара түске бояуға болады. Жүні қатқыл, қылшығы жапырылған, сондай-ақ ақауы көп терілерді бояуға болмайды. Бұл терілерді не табиғи түрінде, не қара түске бояп пайдаланады. Қызыл түлкі терісінің біраз бөлігін қырқып, қара түске (мысық тусіне) бояйды.

Иленген түлкі терісінің аумағы әр.түрлі -- 10-нан 30 дм дейін. Салмағы орта есеппен 220 -- 260 г. Жүні көпшілік аң терілерінен өскелең, оның үстіне әр жерінде турліше ұзындықта. Желкесі мен бүйірлерінде едәуір өскелең, мойнында қысқа. Қызыл түлкі терісінің топографиясы суретте көрсетілген. Қызыл түлкі терісінің жүні орташа қоюлықта. Жүні ең қою жері құй-рығында, жотасында, бүйірлерінде жүні сиреп, бауыры мен шабында мүлде аз болады.

Жүннің қоюлығы түлкінің түрлеріне қарай өзгереді, оның үстіне тері аумағы бірлігіне келетін талшық саны түбіт талшық есебінен өзгереді. Демек, жабын және түбіт талшықтарының ара қатынасы езгереді. Мәселен, камчаткалық түлкіде бір жабын талшыққа 67 түбіт талшықтан; батыс-сібір түлкісінде -- 57, ал ташкенттік түлкіде -- не бары 41 түбіт талшықтан келеді.

Жүн талшығының жұмсақтығы -- тулкі терісінің бағасын анықтайтын негізгі тауарлық қасиеттерінің бірі. Түлкінің әр түрінде талшық жуандығы онша көп езгермейді, дегенмен солтүстіктегіге қарағанда кейбір түрлерінід едәуір айырмашылығы бар. Оңтүстікте мекендейтін түлкі мехтарының қатқылдығы тек жүн талшықтарының қалыңдығына ғана емес, бір жабын талшыққа келетін түбіт талшықтар санының аздығына да байланысты.

Қызыл түлкіде тері тканінің қалыңдығы 0,3-тен 0,6 мм-ге дейін. Арқасындағы, әсіресе жауырыны мен жотасының артқы тұсындағы тері ткані қалың, бүйірлерінде жұқа, ал бауырында өте жұқа. Түлкі терісінің киіс беруі камшат терісінің киіс беруінің 40 -- 45 %-індей.

Иленбеген қызыл түлкі терісін ГОСТ 14174-69 бойынша сорттайды. Жүн талшықтарының ерекшеліктеріне қарай түлкі терісі 18 түрге бөлінеді. Олардың әдемілігі, жүмсақтығы, жүнінің түсі және терісінің аумағы түрліше келеді. Қызыл түлкі терісіне карағанда терісі де жатады. Ол өте шағындығымен, түсі ашық-сұр келетін қысқа, сирек, жүмсақ немесе қатқылдау жүн талшығымен ерекшеленеді. Қараганка терісі ортаазиялық түр-ге жатады.

Қызыл түлкі терісі жүнінің жетілуіне қарай үш сортқа бөлінеді: I сортқа жүні толық жетілген, қылшығы жиі және түбіті қою, шелі таза немесе санында аздаған көгергені бар шелі болатын, бірақ санының шетінен 10 см аспайтын терілер; II сортқа -- жүні онша жетілмеген (әсіресе жота бөлігінде), көгерген шелі бар терілер; III сортқа -- жүні шамалы, жабын 1 талшығы қысқа, түбіті қысқа, әрі сирек, шелі көгерген терілер жатады.

Қөктемгі және көктемнің соңғы айындағы, жүні сиреген, өңсіз, талшықтары тым жетіліп кеткен терілер, жазғы қылшығы қысқа, мүлде дерлік түбітсіз терілер, ерте көктемдегі терілер, жүні үйпалақтанған күшік терілері стандартсыз болып саналады. Терілердің ақауын ажыратқанда қалыпты, ақауының аумағы шағын, орташа және көп деп бөледі. Иленген қызыл тулкі терісін ГОСТ 14781-69 сәйкес сорттайды. Жүн талшығын өңдеу әдістеріне қарай теріні қырқылмаған, қырқылған және қырқылып, ерекше өңделген, табиғи және боялған деп бөледі.

Қырқылмаған теріні бітеудей немесе тілінген күйінде илеп, бас, табан, қүйрық терілерін қалдырады. Жүні неғүрлым сапалы түлкі терісінің қүлағын, тырнағын, тұмсығын сақтайды. Қырқылып, боялған түлкі терісін кесілген күйінде илейді. Басын, табанын, қүйрығын кесіп тастайды. Мехты 14-тен 20 мм-ге дейінгі биіктікте қырқады. Қызыл түлкінің иленген терісі түрге белінбейді.

Боялған тері жүнінің көріктілігіне және жүмсақтығына қарай алты топқа бөлінеді. Ұзын жүнді терілер үш, қырқылғаны үш сортқа бөлінеді. Қырқылмаған терінің әр түрлі сортының көрсеткіштерінің сипаттамасы, иленбеген тері көрсеткіштерінің сипаттамасына сәйкес келеді. I сортты қырқылған тері жүні қою, бүкіл аумағында жүн талшығы тығыз болуы тиіс; II сорт-қа тығыздығы шамалы, жүні сирек терілер жатады.

Боялған түлкі терісінің ақауларына мыналар жатады: жүн жағындағы жігі оңай байқалатыны, тесігі, үлкейген орны, жапырылған қылшығы, түбітінің ұйысуы, қырқылған жүндегі таңбалар, күздің аяғындағы және көктемнің басындағы жүні әбден жетіліп кеткен терілер. Тері бөліктерінің жетіспеуіне де бағасы кемітіледі. Тері ақауының дәрежесіне қарай оны қалыпты және теріні кіші, орташа, үлкен ақаулы деп беледі.

ҚАРСАК ТЕРІСІ
Қарсақ Қазақстанның куаң далалы, шөлейт аудандарында, Орта Азияда (Ферғанадан басқасында), Батыс Сібір мен Төменгі Поволжьенің оңтүстік аудандарында мекендейді.

Қарсақ терісінің сыртқы түрі далалық түлкі терісіне үқсайды, айырмашылығы -- жүнінің түсінде және мөлшерінің шағындығында. Қарсақ терісінің түсі ақшыл, жотасы жылтыр-сұр, сүрғылт немесе қызыл-сүрғылт, бауыры ақ немесе сарғыштау-ақ, қүйрығы қысқа, үлпілдек. Солтүстік аудандардағы қарсақ терісі ірілеу, мехы едәуір көрікті, жұмсақ, жүні қою, түсінде сұр рең басым; оңтүстікте мекендейтіндері -- шағын, жүні қысқа, сирек, қатқыл, түсінде сарғыш рең байқалады.

Қарсақ терісіиің экономикалық маңызы шамалы. Жылына 25 -- 35 мың тері дайындалады. Табиғи күйінде де, боялған қалпында да шығарылады. Иленбеген қарсақ терісін ГОСТ 14174-79 бойынша сорттайды. Қарсақ терісі екі түрге белінеді: қазақ, стандық және астрахандық.. Қазақстандық қарсақ терісінің жүні өскелең, жүмсақ, сұр, ашық-сұр, немесе ашық-көгілдір тү-бітті. Бұл терілер Қазақстанда, Орынбор, Қуйбышев, Челябі, Омбы, Новосібір облыстарында, Алтай өлкесі мен Башкирияда алынады.

Жүні тақыр, қатқыл, сұрғылт немесе қызғылт түсті терілер астрахандыққа жатады және де қазақстандық қарсақ мекендейтін аудандардан барлық жерлерде дайындалады.

Қарсақ терісін сорты мен ақауына қарай қызыл түлкі терісі секілді бөледі. Табиғи және боялған терілер жүнінің сапасы бойынша екі топқа бөлінеді: I топқа жүні жүмсақ, үлпілдектері, II топқа жүні қатқыл, әрі нәзіктері жатады.I топтағы табиғи терілердің жүні боз-сүрғылт, түбіті ақшыл-сұрғылт немесе ақшыл-көгілдір.II топтағы терінің табиғи түсі -- сұрғылт немесе қызғылт, түбіті сарғыштау. Қарсақ терісін сорттаудың қызыл түлкі терісін сорттаудан ешқандай айырмашылығы жоқ.

БАРЫС ҚАБЫЛАН, ГЕПАРД, СІЛЕУСІН, ЖОЛБАРЫС ЖӘНЕ ЖАБАЙЫ МЫСЫҚ ТЕРІЛЕРІ
Барыс (ірбіс). Алтай мен Орта Азиядағы биік тауларда мекендейді. Барыс терісінің экономикалық мәні шамалы. Жыл сайын одан 100-ге жуық тері өндіріледі. Барыс терісі өте ірі, жүні ұзын, қою, әрі жұмсақ. Түсі теңбіл, ақшыл, сұр-көгілдір реңде сақина тәрізді күңгірт-сұр теңбілдер бар, құйрығы ұзын, өте әдемі.

Қабылан. Түркімения, Кавказ тауларында, Қиыр Шығыста кездеседі. Барлық жерде өте сирек, аздап қана ауланады. Терісі ірі, жүні тақыр, қатқылдау, жирен, жирен-сарғыш түсті, сақина тәрізді қоңырлау-қара немесе қара түсті теңбілдері бар, барысқа қарағанда қүйрығы қысқа, түбіті шамалы. Қиыр Шы-ғыс қабыланының жүні біршама өскелең, жүмсақ, кавказдық және түркімендік қабыландарға қарағанда түсі ашық.

Гепард. Түркменияда сирек кездесді. Терісі қабыланға өте үқсас, айырмашылығы -- тұтастай қара бедері бар, сирағы үзын, әрі жіңішке. Мойын жүні өте үзын, жалданып түрады.

Жолбарыс. Қиыр Шығыста, Орта Азияда және Закавказьеде аздап сақталған. Жолбарыс терісінің экономикалық мәні шамалы, олар өндіріске кездейсоқ келіп түседі. Терісі өте ірі, жота және бүйір жүндері сарғыштау, бауыр жүні ақ. Бүкіл денесінде өзіне тән көлденең жолағы болады.

Ортазиялық және кавказдық жолбарыстарға қарағанда амурлық жолбарыстың терісі ірі, түсі ашық, мехы тубітті, әрі қою.

Сілеусін. Барлық орманды аймақтарда, сондай-ақ Кавказ, Закавказье тауларында және Орта Азияда мекендейді. Жыл сайын 4 -- 5 мыңдай терісі дайындалады. Солтүстік аудандардағы сілеусін терісі ірі, жүні түбітті, қою. Оңтүстік аудандардағы сілеусін терісі кішірек, жүні онша түбітті емес, сирек, қатқылдау.

Жүнінің түсі ақшыл-сұрдан ашық-сарғыш түске дейін. Кейбір терінің түсі бірыңғай, теңбілі шамалы білінеді. Қейбіреуінде қара теңбіл анық көрінеді. Бірыңғай түсті көгілдір және қоңырқай-сұр, сондай-ақ қызғылттау терілер солтүстік аудандардан келеді. Қавказ бен Закавказьеден ауланатын сілеусін терілерінде қызғылт ңемесе қызыл-сарғыш теңбілдер басым келеді. Ең бағалысы күлгін түстері, қоңырқай-сұр түстерінің бағасы төменірек. Ең нашары қызғылт-сары түсті терілер.

Жабайы мысық. Бұған әр түрлі жабайы мысықтардың: орман мысығының, дала мысығының, қамыс мысығының, амур мысығының, сабаншының, шағыл мысығының және каракалдың терілері жатады. Жабайы мысықтар терісінің экономикалық мәні шамалы, Олардан жылына 15 мыңдай тері дайындалады. Әр түрлі жабайы мысықтардың сипаттамасы 22-кестеде келтірілген.

Жолбарыс терісін бауырының ортасынан тіліп алады да, бас, қүйрық, сирақ терілерін сақтайды. Қалғандарын бітеудей сояды. Жолбарыс, барыс, қабылан және сілеусін сирақтарын тырнағын қалдырады. Терінің жүнін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері
Биязылау қой жүні
Терінің жүн жамылғысына сипаттама дерма құрлысы
Термиялық, химиялық және термохимиялық күйіктер
Терінің микрофлорасы
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстың ұлттық киімдері
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Елтірілер
Тағамды санитарлық микробиология пәнінен дәрістер
Пәндер