Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім
I Өмірі мен қызметі
1.1 Өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Ақынның ақырғы күзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Әшкерленбеген қастандық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

II Тарихи көзқарасы
2.1 Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі...22
2.2 Түрік, қырғыз, қазақ һәм шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

III Философиялық дүниетанымы
3.1 Шәкәрім . философ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.2 «Үш анық» философиялық трактаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
3.3 Шәкәрімнің діни . танымдық өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, бұрын ұмыт болған немесе жадымыздан өшіруге тырысқан ақын жазушыларымыз - 1989 жылы халықтың баурайына қайта қауышқан болатын. Солардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Міне, сол жылдан бастап Шәкәрімнің өмірін, ақтаңдақ беттерін тарихшылар мен ғалымдар көп зерттеуде. Шәкәрім Құдайбердіұлының бұрын соңды бойынан ашылмаған ақындық, ойшыл танымдық қасиеттері сонымен қатар философшы, тарихшы екені анық мәлім болып отыр. 2008 жылы ақынның 250 жылдығына орай бұл ғылыми ізденіс жұмысымды ұсынамын. Бұл жұмыста қазіргі таңдағы көптеген мақалалар түйісінде, ақынның қолжазбалары мен шығармалары аясында жазылды. Бүгінгі таңда Шәкәрімді тек көркем әдеби шығармалары арқылы танимыз. Ал Шәкәрімнің қуатты дүниетанымдық толғамдары, бай діни – философиялық еңбектері бар екенін көбісі біле бермейді. Сондықтан да бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Шәкәрімнің тарихи-философиялық көзқарастары» өзектілігі болып табылады. Осы тақырыптың өзекті мәселесі Шәкәрім дүниетанымын тарихи-философиялық тұрғыдан зерттеу, ойшылдың шығармашылығындағы дүниетанымдық мәселелерді жүйелеп, саралау болып табылады. Шәкәрім дүниетанымының Шығыс пен Батыс халықтарының философиялық ілімдердің негізінде қалыптасып, Шығыс пен Батыс мәдениетінің аясында өзінің шығармашылығының маңыздылығын көрсетеді.





Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Ғылыми еңбектің негізгі мақсаты - қазақ философиясындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымын тарихи - философиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсаттарға сәйкес дипломдық жұмысымда мына төменгі міндеттерді алға қойдым:
-Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық, ойшылдық танымның қалыптасуына негіз болған рухани қайнар көздерін көрсету;
-Шәкәрім шығармаларына орай өзіндік пікірді қалыптастыру;
-Дүниетанымының өзегінде қазақ халқына рухани байлығына тұтқа болған діни еңбектерін зерелеу;
-Тарихи шығармасындағы негізгі ой түйініне талдау жасау;
-Шәкәрім дүниетанымының тарихи-философиялық тұрғыдан сараптама жасау;
-Қастандықпен өлтірілген ақынды әшкерелеу;
-Шәкәрім Құдайбердіұлы көтерген тарихи-философиялық мәселелерді еліміздің болашағындағы, бүгінгі қоғам өміріндегі мәнін көрсету;
Еңбектің ғылыми жаңалығы:
Жұмыстың ең басты жаңалығы -Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін саралай келіп, тарихи - философиялық талдаудан өткізу болып табылады. Қазіргі таңда ақынның соңғы табылған суреті халыққа жария болып отыр. Бірақ, бұл суреттің шынайы түрде Шәкәрім ақын екені дау үстінде. Өзім бұл соңғы табылған суретті Шәкәрім ақын екеніне төменгі белгілерден көз жеткіздім:
Ақын өзінің өлеңдерінде аңға шыққанды ұнататын және өмірінің соңына дейін тау бөктерінде өмір сүрді. Мысал ретінде өлеңінен үзінді келтірейік:

Жапанда жалғыз жаттым елден безіп,
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ш.Құдайбердіұлы «Түрік, қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі» Алматы; 2004 жыл
2. Ж.Балғабаев «Дос болып қас болғаннан сақта құдай немесе Шәкәрім тағдыры туралы» \\ Жұлдыз - 1990 жылы, №1
3. М.Әбсеметов, А.Сәрсенбаев «Әшекерленбеген қастандық» \\Арай - қараша 1988 жыл
4. Құдайбердиев Шәкәрім «Үш анық» Алматы;1991 жылы 76 бет
5. . Қ. Мұқаметқанов «Шәкәрім шежіресі» \\Қазақ әдебиеті 1989 жылы
6. Г.Әбдірәсілова «Шәкәрім: ұждан - ұлағаттық үлгісі»\\ Жұлдыз - 1995 жылы, №4
7. Т.Кішібеков «Шәкәрім философ» \\ Ақиқат - 1994 жылы, №7
8. Сәтбаева «Шәкәрім Құдайбердіұлы»Алматы;1990 жылы
9. С.Маусымбаев «Шәкәрімнің атомистикалық көзқарастары»\\Абай -2005 жылы, №1
10. Қазақ Сөвет Энциклопедиясы 12 том 1978 жылы
11. . С.Ізтілеуова «Шәкәрімнің сырлы сөзі» Алматы; 2004 жылы 141 бет
12. Сәруәр Қамаева «Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты» \\Сарыарқа - 1998 жылы, №4
13.Шәкәрім құдайбердіұлы «Мұсылмандық шарты» Алматы;1993 жылы 77 б
14. А.Омаров «Шәкәрімнің қырық жасқа дейінгі шығармашылығы»\\ Абай - 2006 жылы, № 2
15. З.Жұмағали «Шәкәрім-аудармашы»\\Азия транзит № 5 маусым 2004 жыл
16. Амантай Кәкен «Ақынның соңғы күзі»\\Астана ақшамы Алматы;1999 жылы 16 қараша
17. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары \өлең, дастандар, қара сөздері\. Алматы; 1988 жыл
18. Шәкәрім «Жолсыз жаза» Өлеңдер мен поэмалары Алматы;1988 ж 253 бет
19. Д.Сейсенұлы «Шыңғыстау. Шәкәрім. Шыңырау...» \\Егеменді Қазақстан 1994 жылы маусым
20. Абай 2 томның шығармалар жинағы. 2 том Алматы;1986 ж
21.Халифа Алтай Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі Мекке 1993 жылы
22. Қ.Мұқаметханов «Құдайбердиев Шәкәрім» Павлодар;2003 жылы
23. Абай 38 қара сөзі

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
I Өмірі мен қызметі
1.1 Өмірі мен
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..8
1.2. Ақынның ақырғы
күзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 13
1.3. Әшкерленбеген
қастандық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
II Тарихи көзқарасы
2.1 Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі...22
2. Түрік, қырғыз, қазақ һәм
шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

III Философиялық дүниетанымы
3.1 Шәкәрім -
философ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 31
3.2 Үш анық философиялық
трактаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3.3 Шәкәрімнің діни - танымдық
өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 44
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..46

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, бұрын
ұмыт болған немесе жадымыздан өшіруге тырысқан ақын жазушыларымыз - 1989
жылы халықтың баурайына қайта қауышқан болатын. Солардың бірі - Шәкәрім
Құдайбердіұлы. Міне, сол жылдан бастап Шәкәрімнің өмірін, ақтаңдақ беттерін
тарихшылар мен ғалымдар көп зерттеуде. Шәкәрім Құдайбердіұлының бұрын соңды
бойынан ашылмаған ақындық, ойшыл танымдық қасиеттері сонымен қатар
философшы, тарихшы екені анық мәлім болып отыр. 2008 жылы ақынның 250
жылдығына орай бұл ғылыми ізденіс жұмысымды ұсынамын. Бұл жұмыста қазіргі
таңдағы көптеген мақалалар түйісінде, ақынның қолжазбалары мен шығармалары
аясында жазылды. Бүгінгі таңда Шәкәрімді тек көркем әдеби шығармалары
арқылы танимыз. Ал Шәкәрімнің қуатты дүниетанымдық толғамдары, бай діни –
философиялық еңбектері бар екенін көбісі біле бермейді. Сондықтан да бұл
дипломдық жұмыстың тақырыбы: Шәкәрімнің тарихи-философиялық көзқарастары
өзектілігі болып табылады. Осы тақырыптың өзекті мәселесі Шәкәрім
дүниетанымын тарихи-философиялық тұрғыдан зерттеу, ойшылдың
шығармашылығындағы дүниетанымдық мәселелерді жүйелеп, саралау болып
табылады. Шәкәрім дүниетанымының Шығыс пен Батыс халықтарының философиялық
ілімдердің негізінде қалыптасып, Шығыс пен Батыс мәдениетінің аясында
өзінің шығармашылығының маңыздылығын көрсетеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Ғылыми еңбектің негізгі мақсаты - қазақ философиясындағы Шәкәрім
Құдайбердіұлының дүниетанымын тарихи - философиялық тұрғыдан зерттеу. Осы
мақсаттарға сәйкес дипломдық жұмысымда мына төменгі міндеттерді алға
қойдым:
-Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық, ойшылдық танымның қалыптасуына негіз
болған рухани қайнар көздерін көрсету;
-Шәкәрім шығармаларына орай өзіндік пікірді қалыптастыру;
-Дүниетанымының өзегінде қазақ халқына рухани байлығына тұтқа болған діни
еңбектерін зерелеу;
-Тарихи шығармасындағы негізгі ой түйініне талдау жасау;
-Шәкәрім дүниетанымының тарихи-философиялық тұрғыдан сараптама жасау;
-Қастандықпен өлтірілген ақынды әшкерелеу;
-Шәкәрім Құдайбердіұлы көтерген тарихи-философиялық мәселелерді еліміздің
болашағындағы, бүгінгі қоғам өміріндегі мәнін көрсету;
Еңбектің ғылыми жаңалығы:
Жұмыстың ең басты жаңалығы -Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін
саралай келіп, тарихи - философиялық талдаудан өткізу болып табылады.
Қазіргі таңда ақынның соңғы табылған суреті халыққа жария болып отыр.
Бірақ, бұл суреттің шынайы түрде Шәкәрім ақын екені дау үстінде. Өзім бұл
соңғы табылған суретті Шәкәрім ақын екеніне төменгі белгілерден көз
жеткіздім:
Ақын өзінің өлеңдерінде аңға шыққанды ұнататын және өмірінің соңына
дейін тау бөктерінде өмір сүрді. Мысал ретінде өлеңінен үзінді
келтірейік:

Жапанда жалғыз жаттым елден безіп,
Жалықсам, аң қараймын тауды кезіп.
Оңашада жатқанда ұнатамын,
Елімді ел қылмасын ерте сезіп.

Тарихнамасы:
Шәкәрім шығармашылығын көшілікке жеткізу мақсатында қазақтың
көптеген белгілі ғалым, жазушылары: Ә.Тәжібаев, Ш.Сәтбаева, П.Нұрғалиев,
Ш.Елеукенов, М.Базарбаев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, М.Мырзахметов,
М.Мағауин, Қ.Мұхаметханов, Б.Әбдіғазиевтер Республикалық баспасөз
беттерінде мақалалар жариялады. Соңғы он шақты жылдар көлемінде қазақ
әдебиеті ғылымында Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына байлынысты
тақырыптар бойынша бірнеше ғылыми еңбектер жазылды. Атап айтсақ,
А.Тілеуханова Шәкәрім шығармаларындағы шеберлік пен таным бірлігі,
А.Үсенова Шәкәрім өлеңдерінің құрлысы, Р.Құсақпаева Шәкәрім
шығармашылығындағы адамгершілік және кемелділік мәселелері, С.Ізтілеуова
Шәкәрім поэзиясындағы тұлға мәселесі атты тақырыптар бойынша ғылыми
еңбектер жазылды. Философия тарихы саласы бойынша Шәкәрім шығармашылығының
дүниетанымдық мәселелеріне байланысты Г.Әбдірасылова Шәкәрім Құдайбердіұлы
философиясындағы адам мәселесі, А.Әміребаев Шәкәрім Құдайбердіұлының
мәдени-тарихи тұрғыдағы дүниетанымы, А.Айтбаева Шәкәрім Құдайбердіұлының
шығармашылығындағы діни және дуниетанымдық мәселелер атты тақырыпта
еңбектер жазылды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасын зерттеп, жариялауға
С.Сейфуллин,М,Әуезов, Б.Кенжебаекв, Ә.Тәжібаев, Қ.Мұхаметжанов, М.Мағауи
көп еңбек сіңірді. Шәкәрім туралы Сұлтанмахмұт Торайғыров былай дейді:
Бұл қазақтан мақсұты биік-алыс,
Таппаса да сөзіне құлақ салыс.
Қазақдеп жекелеме адамзат де,-
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс.
Демеңіз тымақ кеиген бір жай қазақ,
Киген киім,жүрісі, түріне қарап.
Надандар оны өлшейтін өлшеуің жоқ
Аулақ жүр,біле алмайсың жай
шамалап!
Белгілі революционер, азамат соғысының қаһарманы, журналист жазушы әрі
тарихшы Сабыржан Ғаббасов 1915 жылы Айқап журналында жарияланған Тарих -
қазақ жайынан деп аталатын еңбегінде Абай және Шәкәрім туралы да жазған:
ИбраҺим мырза, яғни Абайды білмеген жұрт жоқ. Абай мырза өте дана, өте
шағыйыр, философ бір адам. Бірақ, жұрт қадірін тірі шағында білмесе де, осы
күні әркім оны сағынады. Өйткені, бірнеше жыл болған Құнанбай мырза менен
Абай марқұмды жұрттың жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім Құдайберді баласы да
түсіреді. Бұл адамның жазған кітаптарын қолға алып қарай бастаған бұл кітап
жазушы ақсақалдың үлкен әкесі марқұм да Құнанбай қандай болғанды ағасы Абай
қандай болған деп ойға алынады.
Ғұлама ақын ғұмырнамасының бүгінгі таңдағы зерттелу деңгейі қандай?
Осы сұрақтың негізінде ең алғаш рет ақын – саяси жылымықта, 1958 жылы
ақталды да қазақ әдебиетінде өлеңдері мен шығармашылығы туралы мақала
жарияланды. Алайда, саяси ахуал қабағы тағы өзгеріп, ақын есімі қайта
жабылды. Жиырма жыл өткенде, яғни 1978 жылы Поэты Казахстана атты кітапта
жазушы Мұхтар Мағауин ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мақаласын
жариялаған еді. Бірақ, жалғыз қарлығаш көктем әкелмейді. Шәкәрім мұрасының
халқымен қайта қауышуы бұдан соң да ұзақ он жылға созылды.
Ақыры 1988 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары жинағының екі
кітабы бір уақытты басылып шықты. Біріншісі - Жазушы баспасынан шыққан
көлемі 560 беттік Шәкәрім шығармалары атты кітап. Онда Шәкәрім
Құдайбердіұлының өмірі мен өнері жайлы Әбділда Тәжібаев пен Шамшиябану
Сәтбаеваның Шәкәрім Құдайбердіұлы (1958-1961 ж.ж.) деген мақаласы
берілді. Шәкәрімнің өлеңдері мен поэмалары топтастырылған Жалын
баспасынан шыққан көлемі 254 беттік Жолсыз жаза атты екінші кітапта
Мұқтар Мағауинің Абайдың інісі деген Шәкәрімнің өмірі жайлы мақаласы
жарияланды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының бел баласы Ленин орденді иеленген, ұстаз,
марқұм Ахат Құдайбердіұлының ерлікке пара - пар істерін ұмытуға болмайды.
Репрессия кезінде, тоқырау замандарында үлкен ақын мұрасына теріс
көзқарасты таратып, оның жеке басына пәле-жала жауып жүрген көлденең көк
атты, Қаскөйлердің қылышынан қан тамған кезеңде көзі ашық, әдеби талғамы
күшті Ахат марқұм Шәкәрім Құдайбердіұлының жазбаларын, кітаптарын жинап
архивтерге тапсырды, қолжазба жинақтар құрастырды, түсініктер жазды.
1992 жылы Жұлдыз журналының №11 санында Шәкәрімұлы Ахаттың Менің
әкем, халық ұлы - Шәкәрім атты көлемді естелік жарық көрді.
Жазушы академик Мұхтар Омарханұлы Әуезов Абай ақындығының айналасы
атты мақаласында Абайдың өзгеге берген нәрі және Абайдың ең жақын Шәкәрім
Құдайбердіұлының шәкірттері туралы сөз қозғап былай деген: Оның екеуі
Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім,- деп
атап өткен.

I Өмірі мен қызметі
1.1.Өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде қазіргі
Шығыс Қазақастан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Оның әкесі
Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған. Шәкәрім олардың
немересі, яғни Абайдың немере інісі. Ақынның Мұтылғанның өмірі деген
өмірдерек өлеңінде келтірілген өлең сөзде Шәкәрімді ата-анасы бес жасынан
сабаққа бергеніне, әкеден жетім қалды. Жетім деген аты болмаса,
Құнанбайдың ерке немересі болып өседі: Қажы марқұм мені жетім деп аяп,
қысып оқыта алмай, ғылымнан мақрұм қалып, жетімдікті сылтау қылып, ойыма не
келсе соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім, - дейді өз өлеңінде. Бірақ,
туысынан талантты жасқа ғана тән ерекше мінез. Жас шағынан бастап, құштар
болған жан-жақты өнерін Шәкәрім өмірбойы шыңдап, өркендеп, өсіріп отырған
Абайдың: Адамның адамдығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша
бітіргендігінен емес,-дейтіні осы болады. Жасы он бестен асқанда, ақылы
кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып,
ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.
Әкеміздің бір шешесінен туған Ибрахим мырза, - дейді ол шежіре кітабында
- қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға
жүйрік, һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек, дана кіс еді.
Ержеткен соң, сол кісіден тағлым алып, әртүрлі кітаптарын оқып, насихатын
тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім, -дейді.\1
Шәкәрім оқуға өте зерек болып, хатты тез таныған. Осы қабылетті
байқалған соң, әке-шешесін Шәкәрімге өзге балалардан гөрі баса көңіл бөліп,
әсіресе, шешесі кенже ұлына араб, түрік тілдерін қосымша үйретіп отырған.
Ғұламаның жасымнан жетік білдім түрік тілін деуі осыдан. Шәкәрім
ауылдан ұзап шығып, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де,
университеті де - Абай болды. Шәкәрім жасынан мың бір түн әңгімелерін
оқып, ертек қып айтып, араб, парсының бәйіттерін көп әуестенген. Оның
үстіне домбыра, скрипка, гармонды шебер меңгереді. Он бес жасқа келгенде
Шәкәрім қаршыға ұстап, құс баптап аңшылық жолға түседі. Ол өз тұсындағы
құсбегі, мерген болғандардың алды болды. Бала, бозбала Шәкәрімнің нәр
алған, үлгі - өнеге көрген қайнары-қырдағы қазақ мәдениеті, дәстүрлі
көшпелі қазақ ортасы. Ақынның жан әлемі осы өзгеше хәл мен күйден енді
айрылмайды. Оны: Жиырмадан өткенде, азған ғылым оқыдым. Алғызып кітап
шеттен де, көңілге біраз тоқыдым және білмегенді сұрадым, жиыстырдым,
құрадым. Оқыған сайын ұнадым, жолына түстім осының деуімен паш етеді.
Тағы бір дәлел - 1930 жылдары жазылған Кейбіреу безді дейді елден мені
деп басталатын өлеңі. Онда ақын Елу бес жыл жинаған қазынамды, оңашада
қорытам ойға салып деген сөзіне байланысты Мұхтар Әуезовтің осы кезең
туралы жазғанын келтірейік: Ысқақты ұдайы үш сайлау 9 жыл болыс қылған
соң, төртінші сайлауда: Енді болыстықты Бәкемнің орнына беремін деп, жасы
жиырмаға әрең толған Шәкәрімді болыс сайлатады. Бәкем-өзінің үлкен шешесі
Күнкеден туған Құдайберді деген ағасы болып табылады. Ол кісі ертерек өліп,
артында екі-үш баласы жетім қалған. Сол ағасының әруағын сыйлағандықтан,
жасы жетер - жетпесте, Ысқақты өкпелетіп, Шәкәрімді сайлайды. Шәкәрім бір
сайлау болыс болып, 1984 жылдың сайлауына келгенде, Абай ендігі болыстықты
өзімен бірге туған кенже інісі Оспанға бермек болады., - дейді. Бұл
жөнінде Шәкәрім өзінің өмірбаянында жазады. Сөйтіп, Шәкәрім ел басқару
ісіне еріксіз араласқанын өмірінің өкінішті бір кезеңі деп біледі. Жиырма
мен қырықтың арасы; жас өмірдің сарасы, бос өткенін қарашы, - деп налиды.
Көзін ашып, өсіп, өзгерген санамен жаңарып, жаңғырған ұғыммен ғылым
дүниесіне терең бойлауға берік бекінеді. Шығыс тілдерін, орыс тілін емін-
еркін меңгеруге бой ұрады. Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз
деген Абай қағидасын берік ұстанған. Шәкәрім діннің соқыр сенімін мансұқ
етіп, дін иелерінің азғындығын әшкерелейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына
да толғаусыз тобына бермей, өз ақылына жүгініп, сыншыл көзімен қарап
оқыды.\2
Шәкәрімнің өміріне қатысты қазір Семейдегі жаңа тарихи құжаттар
орталығынан біраз құнды құнды құжаттар қолға тиіп отыр. Мысалы, соның бірі
- 1917-1918 жылдары Семейде күн сайын шығып тұрған Дело газеті. 1917 жылы
ақпан төңкерісінен кейін жарық көрген басылым болса керек. Дело,
общественно – политическая газета, № 145 6 Орган Семипалатинского
областного комиссариата, четверг, от 30 (13) ноября 1917 года деп жазыпты.
Газеттің осы санында Керенский басқарған Уақытша Үкіметтің қаулысына сәйкес
Семей уездік Земстволық комитетінің жергілікті халықтық билік органына
депутаттарды сайлау туралы, жалпы өткізілген сайлау қорытындысы жайлы
хабарландырулары, ресми құжаттары берілген. Онда ғұлама ақын Шәкәрім
Құдайбердиевтің қоғамдағы, қазақ өміріндегі осындай саяси оқиғалардан сырт
қалмай, сол кездегі К.Жанатаев, И.Тарабаев, И.Қазанқапов, Х.Ғаббасов
тәрізді қазақ зиялыларымен бірге Семей уездік Земстволық жиынына депутат
болып сайланғаны жайлы тың дерек бар. Семей уездік Земство жиынына кезекті
сайлау науқанын 1919 жылдың басында өткізу жоспарланған көрінеді. Шәкрімнің
өзі :
Семейде ақтар меңгеріп,
Қазаққа соттық жол беріп,
Сыртымнана сайлап жөн көріп...
дегендей, бұл Алашорда үкіметінің Шәкәрім қажына сырттай халық соты
сайлап, оның төбе би болып билік айтқан кезін, дәлелдейтін құжат. Бүгінде
бірқатар зерттеушілер Шәкәрімнің Алаш партиясы тілегінде болғанын, алайда
ғұлама ақынның Алашорда үкіметі қайсыбір басшыларының
ұр да жық мінезімен қисық та келісе алмай, олардан үзілді-кесілді қол
үзгені туралы айтып жүр. Ғалым Қайым Мұхаметханов осы мәселеге байланысты
бір оқиғаға түсінік береді: Қаланың Белгібай дейтін байының қызын
тобықтының бір үлкен байы баласына айттырып, қалың малын беріп қойған екен.
Қыз Қабдолла Қоскеев деген жас мұғалыммен көңіл қосып, қашып кетеді. Байдың
балалары мұғалімді ұстап алып, соққыға жығып, байлап тастайды. Осы жұмысқа
билік айтуды Алашорда басшылары Шәкәрімге тапсырып, сіз билік айтыңыз және
қызды алып қашқан мұғалім жазаға тартылып, қыз айттырған жеріне баратын
болсын, - дейді. Шәкәрім: мен билік айтсам, әділетін айтам ардың билігін
айтам дейді. Алашордашылар, байлар Шәкәрімге қысым жасайды. Ақыры, халық
алдында ашық сот болып, қыз бен жігіттің бірін-бірі сүйіп, өз еріктерімен
қосылғанына көзі жеткен соң, Шәкәрім әділ билік айтып, қыз бен жігіт
қосылсын дейді. Осы биліктен туған дау қала, далаға тегіс жайылады. Халық
Шәкәрімге риза болып, алғыз айтса, байлар, алашордашылар қарғыс айтып,
наразы болады. Шәкәрім өтірік ауруды сылтау етіп, еліне кетеді. Алашорда
үкіметі ақынды халық соты қызметіне қайта қанша шақырғанымен, оған қайтып
бармағанын білеміз. Ақыры, оны өздерінше, халық алдында масқара етпек
болып, Шәкәрімге байкот жариялады. Әрине, бұл арада аталмыш мақаланың
кешегі Кеңес өкіметі кезінде, Алаш көсемдері әлі ақтала қоймаған уақытты
жазылғанын ескеру керек секілді. Демек, Шәкәрім мен Алашорда үкіметі
арасындағы осы жұмбақ жайлар әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе.\3
Шәкәрім Меккке сапарына қамқор ағасы, ұлы ұстазы Абай дүниеден қайтқан
соң, бір жылдан кейін барған. Негізгі көздеп барған жері, үлкен мәдениет
орталығы, бай кітапханалары бар - Париж, Стамбул қалалары болаған. Ал
Меккеге бару себебі: Құдайдың үйі деп жүрген Меккені көзімен көріп білу
үшін және ондағы Құнанбай тәкиясын көру үшін болуы керек. Шәкәрімнің өзінің
шежіре кітабында Мекке туралы бар жазғаны: 1874 жылы қажыға барғанда
(Құнанбайды айтады), қазақ қажылары түсетұғын Меккеде бір тәкия, яғни үй
сатып алып, құдайы қылып еді... Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылағ қарай
қажыға барғанды тәкияны көрдім, - дейді.\4
1882-1883 жылдар Шәкәрімнің ішкі дүниесі, жан әлемі толысуының жаңа
бір белі болғанға ұқсайды. Оған өз табиғат - мінезінде еселене түскен ой
тәрбиесіне қоса, бәлкім, жастай атқарған болыстық қызметі, сол арқылы жиған
өмір тәжірибесі өзгеше әсер еткен болар. Қалай да болса, осы жылдары жасы
25-ке таман ілінген жігіттің ақындық жолға бұрып, өз ортасынан озған кісі
болып жекеленіп шыға бастағаны белгі береді. Шәкәрімнің әзірге белгілі бес
дастаны бар. Оятқан мені ерте - Шығыс жыры –деп өзі айтқандай, ақын бал
дәурен балалық кезінен Шығыстың ұлы шайырларынан сүйіп оқып, олар жайлы
мағлұматқа қанық болған. Атақты шайырлар салған дәстүрдің бірі - артқыға
кемінде бес дастан қалдыру еді. Осы әдіспен бір-бірімен күш сынасу, шығарма-
шылық бәсекеге түсу шығыстың бұрын-соңды өткен ұлы ақындар үшін жазылмаған
қағида есепті еді. Бес дастаннның үшеуі: Нартайлақ-Айсұлу, Қалқаман-
Мамыр, Еңлік-Кебек - қазақ өмірінен алынған, қалған екеуі: Ләйлі-
Мәжүн, Дубровский-аударма туындылары. Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек-
1912 жылы Семей қаласында Жәрдем баспасында басылып шыққан. Қалың қазақ
сүйіп оқыған. Халық арасында кеңінен танымал дастандар. Екі кітап та
автордың таныстыру есепті кішкене кіріспе сөзімен ашылады. Өкінішке орай,
екі дастаннның жазған уақыты да мәлімсіз.\5
Абайдың тікелей қатысуымен бірсыпыра деңгейге көтеріліп қалған
Құдайбердиев Шәкәрім қазақ - орыс байланысының одан әрі дамуына зор үлес
қосқан көрнекті өкіл - Шәкәрім еді. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов,
Толстой сынды алыптардың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен
білімділікпен, ерен талант қуатымен зерделей келіп, бүкіл адамзаттың
мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей рухани байлық деп таныды. Туған
халқының осындай озық өнер кәусерінен барынша мол сусындауы игілікті іс деп
білген Шәкәрім дүниежүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығармаларын
ана тілінде сөйлете бастайды. Соның ең елеулілерінің бірі - А.С.Пушкиннің
Дубровский романы. Бұл шығарма жайында 1988 жылы Жазушы баспасынан
шыққан. Қазақша өлеңмен аударылған бұл хикая Ахат Құдайбердиевтің айтуына
қарағанда, 1903-1909 жылдары аударылса керек.\6

1.2. Ақынның ақырғы күзі
Шәкәрім қалай ұсталды? Оған қандай айып тағылды? Бұл жөнініде
қауыпсіздік органдарындағы мұрағат құжатары нендей сыр шертеді? Енді сол
деректерге назар аударайық.
1931 жылдың 2 қыркүйегінде Семей облысының Шыңғыстау (қазіргі Абай)
ауданында қарулы көтеріліс болды. Осы көтеріліс басшыларының біреуі 1858
жылы туған Абай ауданының тұрғыны, қазақ, Құдайбердиев Шәкәрім екен. Осыған
байланысты Шыңғыстаудағы банды көтерілісіне қатысты деп сотталған, жауапқа
тартылған адамдардың мұрағат - тергеу ісімен таныстық. Мұнда РСФСР
қылмыстық кодекстініің 58 - бабының 2-тармағы бойынша айыпталған
Құдайбердиев Шәкәрімге байланысты материалдарды тергеу ісіне жеке бөліп,
оның қазақ болуына байланысты қылмыстық ізіне түсуді тоқтату туралы
аудандық ОГПУ - дың 1932 жылдың 22 ақпанындағы қаулысы бар екен. ОГПУ
қызметкерлері фактілерді бұрмалап, болған оқиғаға сол кездегі саяси
ахуалға орай баға берген. Мысалы, қылмыстық істігі жазбаларға сенсек,
Шәкәрім жаңа өкіметтің барып тұрған қас жауы, Алашорда үкіметінің белсенді
мүшесі, буржуазиялық, ұлтшылдық пиғылдағы жат элемент. Шығармашылық
еңбектерінің де құны шамалы. Саясат жағынан келгенде коммунистік
идеологиямен үйлеспейді, яғни оның шығармашылығында келер ұрпаққа үлгі
етерлік, рухани азық боларлық ештеңе жоқ. Құжаттардың мазмұнынан осы ой -
пікірді байқауға болады.
1931 жы Абай ауданында бандылардың қарулы көтерілісін қырып-жойып,
елге тыныштық орнату операциясын тікелей басқарған бұрыңғы Шыңғыстау
аудандық ОГПУ бөлімінің бастығы Абзал Қарасартов былай деп түсініктеме
берген: Құдайбердиев Шәкәрім Алаш орда контрореволюциялық ұйымының көсем
ақсақалы, ірі бай, жартылай феодал, қажы болған. 1931 жылы барлық
коммунистер, әсіресе басшы қызметкерлерді қырып - жою мақсатымен қару -
жарақ асынған бандыны ұйымдастырып, Шыңғыстау ауданының орталығына шабуыл
жасады. Бақанас шатқалында банды жақтастары жиналды, сол жерде хан
сайланды, ал банды басшысының бірі Сұлтанбек оған Абылай хан жасасын деп
жазылған ақ жалауды тапсырды. Осы тумен Абылай деп ұрандатқан олар аудан
орталығына бет түзеді. Жолда екі мұғалымдерді-Рамазан Абаев пен оның әйелін
ұстады. Бұл екеуі де коммунист болатын. Шәкәрімнің нұсқауы бойынша оларды
жылқының құйрығына байлап, тау мен тасқа сүйреді, азаптап, қорлап өлітірді.
Сол түнде олар аудан орталығына бара жатып, Қарауыл колхозында аудандық
комитеттің төрағасы Шалабаев Олжабайды өлтірді. Бұдан кейін 3 сағатқа
созылған атыс басталды. Коммунистердің ұйымшылдықпен шабуыл жасауының
арқасында банды кейін шегінді. Осылай жеңіліс тапқан банды шекара арқылы
Қытайға өтіп кетуге әрекет жасады. Мен коммунистер отрядымен бандының
соңына түстім. 1931 жылдың 21 қазанында Құдайбердиев Шәкәрім Керегетас
тауының маңында болған атыста қазақ тапты \7
Міне, ақынның қазасы туралы құжат ОГПУ қызметкері Абзал Қарасартов
жазған дерек осы еді. Бірақ, бұл құжаттың бүгінгі таңда жалған екендігі
айдан анық болып отыр. Қарасартовтың әңгімесіне сену миға қонбайтын әңгіме
еді. Шәкәрім секілді жан - жақты білімді, ғалым адам өнбейтін іспен
айналысуға тиісті емес екені белгілі. Ал енді қанды оқиға қалайша өрбіді,
соған тоқталайық. Шәкәрімнің өмір сүрген заманында өкінішке орай қоғам да,
адам да бір шетте өзімен өзі жүрген және еріксіз қыспақта шыр көбелек
айналдырып, өз сеніміне тарта берді емес пе! Сөйтіп, сол заманнан,
қоғамнан, адамнан тыс тура ал-майсын, сен саясатпен айналыспасаң, саясат
сенімен айналысады де-ген өмірдің қарапайым қағидасы шындыққа айналып келе
жатқан-ды.
Осы орайда бірнеше пікір қалыптасты. Соның бірі - бір топ қауым
қажыны арғы бетке Қытайға өтуге көндірдік дегенге саяды. Олардың айтуынша,
Шәкәрім құпияда оққа ұшатын күні болар, ішінде қажы да бар, бәрі шекараны
детке алып, Шың еніне қарай аттанбақ болыпты. Сол соңғы сәтте қажы
жапандағы саят қорада атын арналған сұлу бар екендігін және бір қоржын
кітапты ала кетуі керектігін айтып, негізгі сапар бағытын өзгертіп
жіберіпті мыс. Олар солай десе, бұған тіптен де де кереғар пікір айтушылар
аз емес. Бұлардың пікірніше: Өлген мола, туған жер жібермеді, әйтпесе
тұрмас едім осы маңда, - деп ұлы Абай айтпақшы, Шәкәрім қажының сол шақта
дастан да, дұшпаннан да көңілі қайтқанмен, туған жер, өсекен елді қия алмай
әлгілерге кесімді сөзін айтпағаны шындық. Бірақ, солай дей тұрғанымен,
оларға Қытайға қалай өту керектігін карта түрінде зор ыждаһаттықпен
белгілеп бергені де рас. Бақты арқылы ассаңдар, алдарыңнан әскер күтіп,
алуы мүсмкін. Сондықтан да Жетісу, Іле арқылы өтіңдер, - дей келіп, сол
маңайдағы соқпаққа дейін қағазға түсіріп беріпті деседі. Мұны енді жоққа
шығаруға болмайды. Өйткені, Қытайға бет алғандардың ішінде ұлы Зият та бар
еді. Содан бұлар Қызылбиіктен асып, Қарабұлақтағы саят қораға бет алған
шақта соңдарынан қуып келген қызылжендеттерге тап болды. Олармен атысып,
шабысу еш ойында жоқ Шәкәрім бұларды тоқтатып қойып, қуғыншыларға жалғыз
өзі бет түзейді Бірақ...иә, бірақ көздері қанталаған қызыл жендеттер
алдымен мұның астындағы тор жорға атты, іле аттан мұрттай ұшқанмен орнынан
атып тұрып, мылтығын басынан көтере жоғары ұстап: Атпаңдар, мен керекпін,
- деген мұның сөзін елеу қылмастан өзін де оққа бойлады. Осы орайда қарсы
пікірдегілер: Шәкәрім көтеріліс басшысы болмаса, осыдан біраз уақыт бұрын
көтерілісшілер қолынан қаза тапқан Олжабай коммунистің торы жорға аты оның
астында қайдан жүрді? - деп айғақты сөзбен ықтырған болатын. Иә, соңғы
сәтте Олжабайдың торы жорғасы қажының астынан табылғаны рас. Бірақ, бұл
Шәкәрімнің көтерілісіне басшы болғандығына ғана емес, тіпті оған
қатысқандығына да нақты айғақ емес. Шындығында торы жорғаны бұған әлі
оқиғадан соң, мұны Қытайға бірге жүріңіз деп үгіттеушілер әкеп берген. Ал
Шәкәрім болса соңғы сәт оны өз қолымен өзі білетін Қарасартовқа тапсырғысы
келген. Бірақ, өкінішке қарай, бұлар оған мүмкіндік бермеген. Зият және
тағы басқалары Қытай жеріне өтіп кетті. Сол жақта Зият әкесінің өлім туралы
көлемді дастан жазыпты деседі. Әрине ондағы оқиға шындыққа бір табан жақын
екендігіне еш күмән жоқ. Бірақ, әзірге ол шығарма қолға тиер емес.\8
Ал енді әркімнен естіген әрқилы әңгіме одан кейін былайша өрбіген.
Яғни, жендеттер Бақанастан Ғылымбай деген кісінің жалғыз ақбас атанын
алдырып, қажының сүйегін соған артып, сол ауылға алып барады. Кешкісін
денесін Ғылымбайдың шошаласына койғызады. Қарасартов болса өзі аудан
орталығына қайтып кетеді. Қажымен Ғылымбай секілді өте сыйлас болған бұл
кісі, сол күні түнде сол кезде жасы 8-9 дағы баласы Қабышты жендеттердің
соңына салып, елеусіз аңдытып қояды. Содан жендеттер Шәкәрімнің сырт
киімдерін бөлісіп алады да, мүрдесін сол маңдағы бір құрқұдыққа тастап,
бетін жасыра салады. Оның бәрін бұта түбіне жасырынған бала Қабыш көріп
отырады. Ертеңінде әкесін әлгі жерге ертіп әкелсе, құрқұдыққа тасталған
топырақ кеуіп те үлгермепті. Топырақтың үстіне шөп тасталғаны көрінеді.
Міне, қажының бұдан кейінгі отыз жылғы мекені осылайша нақтыланған. Бірақ,
бұған куә болғандар бұл туралы ешкімге жақ ашпаған. Содан 1943 жылы Мұхтар
Әуезов елге ұлы ақын туралы материал жинақтай келгенде Қабышты тауып, оңаша
тілдескен көрінеді.\9
Міне, отыз жыл өткеннен кейін, яғни 1961 жыл Шәкәрімнің баласы Ахат
Шәкәрімұлы әкесінің сүйегін іздеп табады. Ол өзінің естелігінде: 1961 жыл
26 шілдеде Бақанасқа бардым, 27 шілдеде әкем сүйегін тастаған құдықты
жалғыз қазып, 28 шілдеде және қазып, барлық сүйегін түгел алдым. Тек оқ
бүлдірген сүйегі болды. Бірі - оң жақтағы тоқпақ жіліктің басын үзген.
Екіншісі атқан оқ төс сүйектің ортасына өтіп, оң жақ омыртқаның қанатын
сындырған. 7 тамызда қабірі қазылды. 8 тамызда Абай зиратының қасына
жерленді, - деп еске алады Ахат Шәкәрімұлы.

1.3.Әшкерленбеген қастандық
1929-1930 жылдары 70 жастың өріне шыққанда артқыға арнаған Мұтылғанның
өмірі атты өмірбаяндық жырында тағдыр тепкісін, өмір суығын көп көрген
ақын Өмірім суық бәріңе, шыдамассың зәріне деп ескерткен еді. Шыны солай
болды. 30-шы жылдардың басында Халық жауы деген жазықсыз да жолсыз
жазамен отыз жылдай ойшыл ақынның сөзі - тұтқында, тәні - құдықта қалды.
Есім халыққа аянбай еңбек еткен асыл адамдар қатарынан мүлде сызылып
тасталды.
1957 жылы - елді қалтыратқан жеке басқа табынушылықтың қара бұлты
ыдырай бастаған шақ еді. ҚОКП Қазақ халқының әдеби-поэтикалық, музыкалық
мұрасын зерттеу мен оны сын тұрғысына пайдаланудың жағдайы мен оны
жақсартудың шаралары атты қаулы қабылдайды. Алғаш рет саяси жылымықта
1958 жылы 29 қазанда КСРО прокуратурасы Құдайбердиев Шәкәрімнің қылмысы
дәлелденбегендіктен, оның үстінен қозғалаған істі тоқтатты. Әдебиет пен
өнерді тізгіндеуші күштердің қауқарын әлсіренткен осы қаулының негізінде
1959 жылы Республикалық ғылыми - теориялық конференция өткізілді. Өткендегі
өнер қайраткерлерінің шығармашылығы жайында М.О.Әуезов сөз сөйлеп, көптеген
ақындардың, оның ішінде Шәкәрімнің шығармашылығын жариялаудың қажеттігінің
баса көрсетті. Бірақ, ауа-райының жылымшуы тек қазақ әдебиеті газетінде
ақынның 8 өлеңін жарық көруіне ғана мұрсат берді. Керітартпа күштер
өретүрегеліп Кеңес өкіметінің ата жауының шығармашылығын баспауға қол
қойған газеттің бас редакторы Әбділда Тәжібаевты қалалық арыздың астына
алысты. Айқас ұзаққа созылған жоқ. Ақын шығармасы қайта аяққа тапталды.
Жұлдыз журналы теруге жіерген ақынның 500 жол өлеңі кері қайтарылды.\10
Ақынның рухымен алысушылар жеңіс тойын тойлап жатқанда Әбекең
бастаған топтың салы суға кеткен. Әкімшілік - командалық системаның құрған
торын үзіп, шыға алмағандарға үкініскен. Бірақ тізе бүгер жандардың олар
емес-ті. Олар Шәкәрім мұрасын жүйелі түрде зерттеуде жолға қоя бастады.
Шәкәрімшіл бұл топ (айдарда қарсыластары таққан) үздіксіз ізденісінің
арқасында 1965 жылы ҚОКП орталық комитеті әдебиет және өнер институтына
Шәкәрім шығармасын жан-жақты зерттеп, пікір айтуды ұсынды. Институт
ғалымдары, басы директор М.Базарбаев болып, 1969 жылы даяр болған істі
Академия жанындағы координациялық кеңестің талқысына салды. Көптеген
ағаларымыздың сол кездегі позициясынан хабардар болайық. Қазақ сөз өнері
мен ғылымының белді өкілдері қатысқан бұл мәжілістің стенографиялық
есебінен үзінді келтірейік.
Сәбит Мұханов. Бүгінгі бас қосуымыздың мақсаты - әдебиетіміздің
көрнекті өкіл Шәкәрім Құдайбердиевтің көркем шығармаларын талқылау және оны
баспаға ұсыну. Шәкәрім көп жасаған адам. Кейінгі тарихы да бізге белгілі.
Шәкәрімнің шығармаларына қалай қараймыз, баспаға қалай ұсынамыз? міне, осы
жөнінде пікір алысуымыз қажет.
М.Базарбаев Құдайбердиев Шәкәрім шығармасы жөнінде Орталық Комитет
бірнеше рет комисия құрып, ақын шығармасы жайлы бұған дейін де бірнеше
қорытындылар алған болатын. Мен білетін жерде Жазушылар одағынан, партия,
совет қызметкерлерінен құрылған бір үлкен комиссия қорытындысы 40 беттен
асады. Ол қорытынды 1962-1963 жылдары орталық комитетке тасырылды. Сол
коммисияның ішінде Т.Жароков, Х.Ерғалиев, С.Кеңесбаев т.б. болдпатын. Сол
комисиясының қорытындысына Шәкәрім шығармаларын басу керек деп оларда
айтқан еді. Демек, біздің бүгінгі ғылыми сараптан өткізіп әкеп отырған
еңбегіміз осындай жан-жақты қолға алынған істің нәтижесі, көптеген
интелегенцияның тілек пікірінен туған дүние. Қолдағы бар материалдарға
Шәкәрімнің 200 ден аса өлеңдері, 4 поэмасы, бірнеше әңгіме, мақалалар бар.
Қазақ ССР Ғылым академиясы ғылыми кітапханасының қорында қолжазбалары
сақтаулы. Біздің бөлім дайындаған жинаққа ақынның 164 өлеңі, 4 поэмасы, 3
прозалық шығармасы. Үлкенді - кішііл 18 аудармасы енді.
Ә.Тәжібаев Менде Шәкәрім шығармаларын мүмкіндік болғанша шығару
жағын қоштаймын. Абай мектебі деген қазір өте кедей, кесіп тастағанбыз. Бұл
кісінің еңбегін шығарайық, 1959 жылы жақсы өлеңдерін басқанбыз. Сол кезде
тілек еткен көп хатттар түскен. Қазір халық сағына күтіп отыр.Тексеріп,
анықтап, тәртіпке келтіріп шығарып берсек нұр үстіне нұр болар еді.
Мәжілісте жасалған терең талдау мен байыпты қорытындыдан соң
Шәкәрімнің соңына шырақ алып түскендер қарап жатпады. Олар өздерінің бар
аргументтерін жинақтап, домалақ арызды жоғарыға қарай айдап кеп
жіберісті. Аталмыш топтың көзқарасы төмендегі құжаттан үзінді келтірейік:

ҚКПК 1 секретары Қонаев жолдасқа
Сырттай естуімізге қарағанда Қазақ акдемиясы Құдайбердиев Шәкәрімнің
әруағын көтеріп, кітабын шығармақшы көрінеді. Партиялық тап көзімен
қарағанда осы дұрыс емес. Біз Совет үкіметін орнатушы-лардың алғашқыларының
біріміз. Біз сол кезде кім ел, кім жау болғанын білеміз және ұмытпаймыз.
Шәкәрім қажының би, болыс, қажы болғанын да білеміз. Алаш туын
көтерушілердің бірі болғанын, Нұрмағанбетов дейтін ақ офицер өлгенде,
Шәкәрім және Дулатов 2000 адам жинап, митинг ашқанын, Совет үкіметін
қарғап, Алаш партиясына беріле егіліп, өлеңмен жоқтағанын да білеміз.
Шежіре жазып, бар қазақтың арғы тегі араб, пайғамбардың туысы деп
көкігенін, Мұсылмандық деген кітабында халықты дін апиынымен уландырғанын
білеміз. Біз, әсіресе, қанышер қажына ақтап, батырақты Совет үкіметіне
қарсы деп бағыттағандарға ашу - ызамен қараймыз. Мұны, ЦК түзетуге
көмектесер деп сенемін. Сізден көп - көп кешірім сұраймыз. Өйткені, аты -
жөнімізді аша алмай отырмыз. Халықтық, партиялық талдау бола қалса - біздің
табылуымызға сеніңіз\11

Құжат.

ІІ. Тарихи көзқарасы
2.1.Шәкәрімнің адамгершілік үлгісі

Оқып біліп, айтып көріп жүрген ақын – жазушылардың ешқайсысында
ұқсамайтын Шәкәрім шығармалары бір шеті Алтай өңірі, бір шеті Қытай еліне
де жақсы таныс. Әр шығарманың өзіндік қалыптасу дәстүрі, тарихи терең
тағлым бар. XIX ғасырдың 2 жартысында қазақ халқының тарихы мен әдебиетін,
мәдениетін қалыптастыру жолында елеулі еңбек еткен, Шоқан, Ыбырай
Абайлармен тұстас, замандас болған, сол кезеңнің аумалы - төкпелі дәуірдің
куәсі Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманындағы адамға, қоғамға, өзін
қоршаған ортаға әлеуметтік жағдайларға байланысты туындаған көзқарасты, ой
-түйіні бағыты болуы шартты еді. Сондықтан да Шәкәрім XIX ғасырдың аяғы XX
ғасыр басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға құбылыстарға қызу үнін қосты.
Оның ішінде жаңа заман жастарын оқу - білімге өнерге шақыру лебі бар. Осы
оқу білім, өнер жолында бір адамнан үлгі алып үйренейік, соған жүгінейік
деген ой айттады. Жастардың рухани азық алып, жан сарайы тазартуда үлгі
болар адам біреу ғана ол - Абай - дейді жастайынан өз пір тұтып үлгі алған
Абай бойындағы адамгершілік пен мейірім, адалдық пен ар, ұят тәрізді
ұғымдарды философиялық терең толғауларда Абай өсиеті арқылы беруді мақсат
тұтады.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас амал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық.
1877 жылы жазылған бұл өлеңнің меңзегені жастар болашағы. Оқу-білімсіз
ел ертеңі жоқ екеннін айтып түсіндіруге айтып тырысады. Өзі жүріп өткен
өмір өткелдерінде, тағдыр алқасында Шәкәрім ұстанған бағыты. Таңдаған жолы
өздіген іздену, оқу, білім, үйрену ұлылардан үлгі алу. Сондықтан да ол
білімділікті дәріптеген, ұлағатты ойлар айтып, өздігінен білім алу, оқу,
іздену жолдарын ұсынған, соны дамытуға күш салған. Білім алудың ең оңтайлы
кезеңі жастық шақ екендігіне де назар аударады. Абайша толғап, Абайша
өкінеді. Өз өкінішін өсиет етіп қалдырады. Ол арнайы білім беру, оқыту
ісіне арласып, белгілі бір еңбектер жазбағанымен, осы салада терең ой
толғап, болашақ ұрапақты қайткенде білімді салауатты санала етіп
тәрбиелейміз, - деген мәселелер төңірегінде сөз қозғап, өзіндік көзқарас
туындырып жол нұсқайды. Жастардың өздігінен ізденіп оқу жолындағы мақсат -
міндетін айқындауға өзінің Меккеге сапарын үлгі қылады.
Сезіндім біразын байқай,
Кітап, ғылым, ой алмаққа.
Маған жол болды сол жаққа,
Жұмылдым Мекке бармаққа.
Шәкәрімнің бүкіл шығармашылығының өң бойына желі болып табылған ой -
толғаныс, парасат - пайымы, ұстанған бағыт бағдары - Шығыс пен Батыстың
озық ойлы даналарының үлгі өнегесі - тәлім тағлымы. Өздігінен оқып, бірнеше
тілді жетік білген ғұламаның кейінгілерге берері, айтпақ ақылы, қалдырған
мұрасы да осы жан - жақты білімді меңгеру жолы. Ақынның жүріп өткен жолы,
өмір кезеңі оның шығармашылы-ғының тарихылылығын айқындайды. Сондықтан да
Шәкәрім өлеңдерінде жеке адамның өсу кезеңдерінен бастап, ол өмір сүрген
орта, қоғам өмірінің өзгерістері, тарихи саяси болмысы белгілі бір
замандылықпен суреттеледі. Шәкәрім өзі өмір сүрген, қазақ еліне ерекше
тарихи өзгерістер енгізген. Халқымыздың санасын жаңғыртып, түрлі жаңалық,
өзгерістер әкелген. Шәкәрім ұстанған дәстүр мен жаңашылдық Батыс пен
Шығыстың әдеби мұраларынан бастау алып, Абайға ұласқан жалғастық оны
өзіндік көзқарасын қалыптастырғанын, ол дәстүрлерді қабылдағынын көрсетеді.
Ақынның қоғам өміріндегі өзгерісті асқан парасаттылықпен меңгеруге себеп:
оның қазақ зиялыларымен орыс интеллегенциясымен жақын таныс, пікірлес
болғандығына олармен бірге қоғамдық маңызы бар істерген араласуында.
Маңызды істерге араласа жүріп халқына түзу жол, бағыт - бағдар сілтеп
отырды.\12
Адам табиғатынын диалектикалық күрделі де, қат - қабат қайшылықты
құрамын жасауда, сонымен қоса, қазақ қоғамының шындығын көрсетуде Шәкәрім
өз тұрғысынан келді. Ол өлең өрнегі және философия сонымен қоса адамның
ішкі психологизімін бірлестіре отыра, қазақ тарихына жаңаша мазмұн мен түр
әкелді. Адамның Ішкі әлемнің күрделілігін, құндылығын ішкі сапа
мәселелерін алға қойды. Адам мінезіндегі сан түрлі қайшылықтарды жеңуде,
оған сыртқы ортаның әсерін, онымен қарым - қатынаста бола тұра, адамның
ішкі әлемнің өзінің - өзі игеруі керек деген идеяны ұсынды. Шәкәрімнің
адам жайындағы түсінігі және оны көркемдеп суреттеу тәсілдері қазақ тарихы
мен философиясына маңызды өзгерістер әкелді. Жалпы адам тануда ,
Құдайтануда, Ішкі әлем жөнінде айтқан ойлары тек қана әдебиет пен
философияның ғана сыбағасына тиетін үлес қана емес. Сонымен қоса ұлттық
санаға, ұлттың дамуына әсер ететін дәрежедегі идеялар еді. Шәкәрім күн
тәртібіне адам сапасын арттырудың, оған қандай мінез - құлықтың әсері және
қандай адами құндылықтарды дамыту керек деген мәселелерді қойды. Шәкәрім
сыртқы ортанын әлеуметтік жағдайдың адамға ықпалын әсерін анық байқай
отыра, сол ортаны, қоғамды, әлеуметтік өмірді өзгерту жағдайына, адамның
рухани толыққанды қалыптасқан әсерінін күштілігін мойындайды. Адамның іштей
дамуын, ішкі жан дүниесінін өзгеруі, психологиясын, дүниетанымын өзгерту,
дұрыстыққа бұруы адамның өз қолында. Шәкәрім шығармашылығының бір иірімі,
Жаратушы мен адам, махаббат адамшылық, адами қасиеттер мен құндылықтар,
адамның жекелік дамуынынң көрінісі деген ойларда жатыр. Шәкәрім оптимизмі
де ұлт болашағына қатысты. Оның болашаққа деген үміті зор, ұлттың дамуын,
өз ұлтынын озық дәстүрлерімен ерекшеліктерін сақтай отыра, онын дамуынын
қайталанбас көздерін, бағыттарын табуды мақсат тұттады. Ұлттың өткен
тарихына сүйене отыра, жаңашылдығы басым жан - жақты ізденістер мен
дүниетаным дамытуда көркемдік тәсілдерді кеңінен пайдаланды. Өлең
сөздерінін байлығы, сұлулығы қазақ тілінің бай сөздік қорыны ала отырды.
\13

2.2.Түрік, қазақ, қырғыз һәм шежіресі
Шәкәрім Құдайбердіұлының табиғи ақындық қуатын өнер - білімге
құштарлық қасиетін және зор қабылетін ерте танып, ерекше бағалаған Абай
оған ең алдымен қазақтың шежіресін жазуды тапсырып, мәслихат етеді: Абай
қазақ шежіресін жаз деп, он тоғыз жасымнан қазақ шежіресін жинай бастадым.
Абайдың ұқтыруымен және сол кісінің ел-елге кісі жібертіп, хат жазып
жинақтаған мағлұматтары да шежіреде бар, - дейді Шәкәрім.
Абайдың Шәкәрімге қазақ шежіресін жазуды тапсыру мәселесідегі негізгі
мұрат - мақсатын оның Бірақ, сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Шәкәрім лирикасы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Шәкәрім поэтикасы
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Мұхтар Шаханов поэзиясы
Шәкәрім поэзиясындағы адамгершілік құндылықтар
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер