Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөлі



Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім
2.1. Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөлі
2.2. Отбасы. тұлға дамуы мен тәрбие алуының мәдени ортасы
2.3. Отбасында тұлғаның толықтай қалыптасуы

III.Қорытынды
Кіріспе
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-филисофия, социология, психология, педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Тұлға- қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Тұға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. « Тұлға» дегеніміз кім?
Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. « Адам» деген-адмазат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
« Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық-бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға»дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні.Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы. Адам қоғамсыз өмір сүре аламайды.
Индивид- жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет-ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенімен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін тарихтан жақсы білемі. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың,ұйымның алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі- өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту,қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды.Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын бір-біріне сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Биологиялық өлшем- бұл адам организмнің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, организмнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем- адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау, т.б.) адамның еркі мен спатын ( бейнесін), темпераментін, т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке- дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем- адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшелігі, айырмашылығы барын зерттейді.Тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Л тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
1) Биологиялық, генетикалық дамудың алға шарттары.
2) Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Витек К. «Проблемы семейного благополучия».- М., Прогресс,1998
2. В.А.Сысенко « Супрежеские конфликты, С-П, 1989
3. Бодалева А.А, Столина В.В. « Семья в психологической консультации» М,1989
4. Василюк Ф. Е. « Психология переживания» Москва,1984
5. Абулханова- Словская К.А. « Стратегия жизни» Мысль,1991
6. И.М. Никольская, Р.М. Грановская « Психологическая защита у детей» С-П,2001
7. И.Б. Дерманова «Диогностика эмоционально-нравственного развития, С-П,2002
8. «Психологические тесты» под ред. А.А.Карелина, М.,2001
9. « Практическая психология в тестах, или как научиться понимать себя и других», сост. Р. Римская, С. Римский , М., 2000
10. Теория и методика социальной работы / Под ред. И.Г. Зайнышева.-М., Союз,1994
11. Кон.И.С. «Социология личности» М.,1997

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөлі
2.2. Отбасы- тұлға дамуы мен тәрбие алуының мәдени ортасы
2.3. Отбасында тұлғаның толықтай қалыптасуы
III.Қорытынды

Кіріспе
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-филисофия, социология, психология,
педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің
субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен
процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы
ретінде зерттейді.
Тұлға- қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің,
сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің
себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге
болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың,
қоғамның өмірін түсінуге болады.
Тұға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып
саналады. Тұлға дегеніміз кім?
Бұл сұраққа жауап беру үшін адам, индивид, тұлға деген ұғымдардың
арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. Адам деген-
адмазат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше
қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Индивид адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық-бұл әр
адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның
екінші адамнан айырмашылығы. Ал, тұлғадегеніміз, адамның тек табиғи-
биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана
қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде
қалыптасқан адамдардың мәні.Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп
те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс
адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын
сапасы. Адам қоғамсыз өмір сүре аламайды.
Индивид- жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет-ол тек қоғамда
ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық
болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан
тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар,
хайуанаттардың кез келгенімен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан
шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа
адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып
кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін тарихтан
жақсы білемі. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлығында да балалар
адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап
өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері
болмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді,
екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың
әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта.
Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы
ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың,ұйымның алуан
түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің
бойына сіңіруі қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі- өмір сүру ортасын
өз еңбегімен өзгерту,қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең
қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде
болды.Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды,
ойларын бір-біріне сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі
бүкіл материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі яғни жасаушысы
болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық
игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана
алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық
қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп,
оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа
шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір
уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық
және әлеуметтік. Биологиялық өлшем- бұл адам организмнің түр бейнесі мен
құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, организмнің құрылысын және
формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін,
ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем- адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы
және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы,
жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау, т.б.)
адамның еркі мен спатын ( бейнесін), темпераментін, т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам
ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен
психология адамдарды жеке- дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете
алмайды.
Әлеуметтік өлшем- адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның
үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай
қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет
атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес
әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін
немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды
типтен қандай ерекшелігі, айырмашылығы барын зерттейді.Тұлға негізгі екі
тұрғыдан қарастырылады:
а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын
бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде
тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Л
тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
1) Биологиялық, генетикалық дамудың алға шарттары.
2) Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады,
онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек.
Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың
жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.

2.1.Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөлі
Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орынына, жағдайына,
олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған
ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі
бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтады.
Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына,
тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік
рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің
бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.
Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты
рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік
тәртіп стандарттарын игеріп меңгереді,өзін өзі бағалап, бақылауды іске
асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр
түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға
қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам
сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен
айтқанда, мендігін сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның
өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек.
Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретніде болады.
Осы тетік орталық қызмет атқарушы орган болып, өзінің мені атқаратын
қызметімен біріктіріледі, өзінің іс-әрекетіне тек қана бір әлеуметтік топан
іздеп қоймай, сонымен қатар өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір
құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады.
Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқын белгілі бір
әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құрылы ретінде
қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық дегеніміз,
индивидтің(адамның) іс-жүзіндегі мінез-құлық.
Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда
бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез-құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез-
құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі
компоненттері сатылы жүйе ретінде құрылады.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-
қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың
негізінде адам өзінің айнадағы мен деген имиджін жасайды. Ол үш
элементтен құрылады:
а)Жұрт мені қалай қабылдайды;
ә) Жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
б) Бұл теория қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру
керектігін түсіндіреді.
Джордж Герберт Мид тұлға өзінің менін қалай алға дамытатынын түсіндіруде
тіпті терңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни мен деген ұғым
әлеуметтік даудың жеміс, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас,
байланыстар негінде қалыптасады деп санайды.
Жас бала біреудің мінез-құлықының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана
өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды.
Өзін ойлауды үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол
арқылы өзінің менін сезіне бастайды.
Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан
құрылады.
Бірінші иммитаци. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді,
бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің
ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екіншісі, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін-белгілі бір
рөлді орындау арқылы көсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші, т.б.Ойын
процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуаршақтармен
ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің
қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке
жете бастайды.
Үшінші саты- ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды,
сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол
ойының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай
ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер
қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік мінез-құлқы негізгі екі
ұғыммен түсіндіріледі:
Олар: әлеуметтік статус және әлеуметтік рөл. Әлеуметтік рөл туралы
жоғарыда біраз айтылды. Енді бұларға толығырақ тоқталып кетсек.
Мысал, әрбір адам әлеуметтік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады. Осыны
статус дейді. Әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ оның
жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе
интеграды деп аталады. Ол басты немесе интегралды статус адамның қызметі
(лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы, директор, профессор сияқты
әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез-құқы мен пішінінен және басқа
әлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік басты
нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады.

2.2. Отбасы- тұлға дамуы мен тәрбие алуының мәдени ортасы
Қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы,
отбасына, оқу тобына, достар копаниясына, өндіріс ұйымына, т.б. Әрбір
топтағы адамның белгілі бір орны талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды.
Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда
осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда
әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.
Отбасы- бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа
және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын
қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы,
өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар саныен немесе сырттан келетін
адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалр
санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ ( яғни, отбасы) қоғамның биологиялық
жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың
санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі-
ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасырып отырады.
Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен
байланысты болады. Қазіргі отбасы- неке және балалардың денаулығын сақтау,
оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауакершілігі бар институционалдық
бірлік ретінде зерттеледі.
Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір
отбасы болмасын, оның төмендігідей жалпы белгілері болады.
1. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған
сәйкес отбасының бір мүшесінің міңез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да
мінездерінің өзгеруіне әкеледі.
2. Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның
басқалармен байланысты белгілі бір дәрежеде шектеулі болады;
3. Отбасы- бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе
тендікті сақтауға тырысады.
4. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді
орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын
орындауды қамтамасыз етеді.
Отбасы жеке-дара институт ретінде-оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге
сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларға зерттелінеді.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ
отбасының өзгеру үлгісін жасайды.
Ерлі- зайыпты адамдардың арасындағы қатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа
шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қолданылатын жазалау шараларының
жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің
арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің,
олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ
ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер,
оның ішінде міндет пен құқық ережелері құқықтық сипатта болады. Ол неке
мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген
құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету,ерлі-зайыпты
адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған
сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.
Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-
ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің
көңілін табу,жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу,
отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді. Отбасы
қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б.
қатынасу.
Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір
кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді
құндылықтар мен ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке
жатпайтын ережелерді бұзушылық еліміздің түпкір-түпкірлерінде, әрбір
аймағында кездесіп қалады. Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың
кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты
болып келеді.
Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның
қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай
мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға,
тұрмыс-салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси,
экономикалық жағдайларда отбасы ережелері мен бағалы құныдықтары қалай
ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан
қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен
талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтірінің (түрлері) қайсысы сәйкес,
қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынадай жалпы ұғымдар
қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-
тілектер, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы
қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі
(түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.

Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының
шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы
шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-
қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты
тәртіп үлгілеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.
Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен
ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары-мемлекет, мешіт, шіркеу,
т.б. иснтитуттардың қызметімен байланысты болады.
Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен
( махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан-ұрпаққа берілген
тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері
отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі.
Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.Олар жеке
қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізнде
пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай
қарсы тұра алмайды.
Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде
мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын
қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп
тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері
қоғамның және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
Саяси әлеуметтанудың ғылымы және оның пәндік ерекшеліктері
Отбасында тұлғаның қалыптасуы
Әлеуметтану бойынша дәрістер
Адам оның қоғамдағы рөлі
Жеке тұлға туралы
Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті анықтау
Құқықтық мәдениет - қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі
Жастардың әлеуметтену механизмі
Тұлғаның қоғамдағы өлеуметтік рөлі
Пәндер