Ықылас Дүкенұлы



Ықылас тұлғасының қазақ халқы үшін оның мәдени - рухани тарихында алар орны ерекше.Ол Қорқыттан кейін аттай мың жыл бойы тілін тістеген қасиетті қара қобызға тіл бітірді.Ықыласқа дейін қазақ қобызшылары көбіне бақсы ретінде айтылған.Ықыластың ұлылығы сонда,ол қобыз аспабын бақсылық дәстүрден бөліп шығарып, адамның көкейіндегі сыры мен арманын, қуанышы мен күйінішін толғайтын аспап ете алды, қобызды халықтың рухани жан серігіне айналдырды.
Ықылас Дүкенұлы 1843жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа облысында жарық дүние есігін ашқан.Осы аудан жерінде, қазіргі Қаражал қаласының іргесінде күні бүгінге дейін ата-бабаларының сүйегі қойылған қорым бар.Оны «Қылышекең басы» деп атайды.Қылыш өз заманында алыс-жақынға аты белгілі болған адам.
Ықыластың елі Кіші жүздің ішіндегі Тама руынан,оның ішінде Жөгі деген бұтағынан, Октябрь революциясына дейін Жаңаарқа жеріндегі Тама, Алшын, Жағалбайлы рулары бес болыс болып, олар күзге қарай үдере көшіп Шу бойын қыстайтын болғандықтан «Төменгі ел» деп атанған.Міне, сондықтан да Ықылас бір шеті Арқа елінің, екінші шеті Шу бойы елінің өнерпаздық дәстүрін тел еміп, өз кезінде осы өңірлерге өз мектебін де орнықтыра білген.
Қарағанды облысының жерінде, Қызыларай мен Ұлытау арасына созыла біткен Қызылтау деп аталатын жақпар-жақпар қызыл тасты тау сілемі бар.Қызылтаудың сілемі қазіргі Ақтоғай, Шет, Ағадыр, Жаңаарқа аудандарының жерін көктей өтеді.Қолтық-қойнауынан айналы астаудай бұлақтары бұрқырап аққан, тал, терек,қайың, мойыл сияқты ағаштары шоқ-шоқ болып күлтелене өскен, тау арасының сарымсағы мен қымыздағы, қарақаты мен бүлдіргені ұйыса біткен, шаруа баққан елдің берекелі мекені.
Осы Қызылтаудың шығыс шалғайы Тәттімбет күйшінің ата мекеніне ұласып жатыр.Қызылтаудың сілемін батысқа қарай қуалап жүрер болсақ, бір кездері «Тоқырауынның тарландары» атанған Баубек, Қыздарбек, Әбди, Мақаш, Ақмолда, Итаяқ сияқты бірінен бірі өткен күй тарландарының ата қонысына ат басын тірер едік.Сосын олардың көз көрген төл шәкірттері Аққыз,Әбікен Хасенов, Әбенова Әпике, Орынбеков Бегімсал, Манарбек Ержанов, Мағауия Хамзин сияқты дәулескер домбырашылар еске түсер еді.Қызылтаудан одан әрі жалдап тағы бір қоналқалық жер жүрсе әйгілі Сайдалы Сары Тоқаның қыстауы алдыңыздан шығады.Есен, Нұра бойындағы Тоқаның жазғы жайлауы мен Дайрабайдың ата мекені жапсар жатыр.Қызылтауды тағы да құлдай жүріп отырып батыс шалғайына шықсақ, Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы көрінеді.Ықыластың ата-бабасы тұрақ еткен қөңнің орны әлі күнге дейін сайрап жатыр.Мұнан әрі оңтүстіктен көрінген Мұңлы, Қулы таулары Бетпақдалаға ұласса, батыстан мұнартып Ұлытау көрінеді.
Міне, Ықыластың туып-өскен мекені осы.Көкірегіне аруақты сарын ұялатып, қазақ өнерінің рухани көшбасшыларының бірі еткен ортасы осындай.Жаңағы көктей шолған күй тарландарының көбісімен Ықылас сыйлас, қалірлес болған.Егер ХІХ ғасырда қазақ халқының рухани мәдениеті өзінің төл тума тұлғасын біржолата айқындап, орнықтырып, ренесансстық сілкініс жасады десек, Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ықылас Дүкенұлы

Ықылас тұлғасының қазақ халқы үшін оның мәдени - рухани тарихында
алар орны ерекше.Ол Қорқыттан кейін аттай мың жыл бойы тілін тістеген
қасиетті қара қобызға тіл бітірді.Ықыласқа дейін қазақ қобызшылары көбіне
бақсы ретінде айтылған.Ықыластың ұлылығы сонда,ол қобыз аспабын бақсылық
дәстүрден бөліп шығарып, адамның көкейіндегі сыры мен арманын, қуанышы мен
күйінішін толғайтын аспап ете алды, қобызды халықтың рухани жан серігіне
айналдырды.
Ықылас Дүкенұлы 1843жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа облысында
жарық дүние есігін ашқан.Осы аудан жерінде, қазіргі Қаражал қаласының
іргесінде күні бүгінге дейін ата-бабаларының сүйегі қойылған қорым бар.Оны
Қылышекең басы деп атайды.Қылыш өз заманында алыс-жақынға аты белгілі
болған адам.
Ықыластың елі Кіші жүздің ішіндегі Тама руынан,оның ішінде Жөгі
деген бұтағынан, Октябрь революциясына дейін Жаңаарқа жеріндегі Тама,
Алшын, Жағалбайлы рулары бес болыс болып, олар күзге қарай үдере көшіп Шу
бойын қыстайтын болғандықтан Төменгі ел деп атанған.Міне, сондықтан да
Ықылас бір шеті Арқа елінің, екінші шеті Шу бойы елінің өнерпаздық дәстүрін
тел еміп, өз кезінде осы өңірлерге өз мектебін де орнықтыра білген.
Қарағанды облысының жерінде, Қызыларай мен Ұлытау арасына созыла
біткен Қызылтау деп аталатын жақпар-жақпар қызыл тасты тау сілемі
бар.Қызылтаудың сілемі қазіргі Ақтоғай, Шет, Ағадыр, Жаңаарқа аудандарының
жерін көктей өтеді.Қолтық-қойнауынан айналы астаудай бұлақтары бұрқырап
аққан, тал, терек,қайың, мойыл сияқты ағаштары шоқ-шоқ болып күлтелене
өскен, тау арасының сарымсағы мен қымыздағы, қарақаты мен бүлдіргені ұйыса
біткен, шаруа баққан елдің берекелі мекені.
Осы Қызылтаудың шығыс шалғайы Тәттімбет күйшінің ата мекеніне
ұласып жатыр.Қызылтаудың сілемін батысқа қарай қуалап жүрер болсақ, бір
кездері Тоқырауынның тарландары атанған Баубек, Қыздарбек, Әбди, Мақаш,
Ақмолда, Итаяқ сияқты бірінен бірі өткен күй тарландарының ата қонысына ат
басын тірер едік.Сосын олардың көз көрген төл шәкірттері Аққыз,Әбікен
Хасенов, Әбенова Әпике, Орынбеков Бегімсал, Манарбек Ержанов, Мағауия
Хамзин сияқты дәулескер домбырашылар еске түсер еді.Қызылтаудан одан әрі
жалдап тағы бір қоналқалық жер жүрсе әйгілі Сайдалы Сары Тоқаның қыстауы
алдыңыздан шығады.Есен, Нұра бойындағы Тоқаның жазғы жайлауы мен
Дайрабайдың ата мекені жапсар жатыр.Қызылтауды тағы да құлдай жүріп отырып
батыс шалғайына шықсақ, Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы көрінеді.Ықыластың
ата-бабасы тұрақ еткен қөңнің орны әлі күнге дейін сайрап жатыр.Мұнан әрі
оңтүстіктен көрінген Мұңлы, Қулы таулары Бетпақдалаға ұласса, батыстан
мұнартып Ұлытау көрінеді.
Міне, Ықыластың туып-өскен мекені осы.Көкірегіне аруақты сарын
ұялатып, қазақ өнерінің рухани көшбасшыларының бірі еткен ортасы
осындай.Жаңағы көктей шолған күй тарландарының көбісімен Ықылас сыйлас,
қалірлес болған.Егер ХІХ ғасырда қазақ халқының рухани мәдениеті өзінің төл
тума тұлғасын біржолата айқындап, орнықтырып, ренесансстық сілкініс жасады
десек, Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының қосқан үлесі айрықша
көзге түседі.Қазақ халқының ең қанатты өнерлерінің бірі күйшілік өнер осы
өңірде арнасын толтыра ағындап, өрісін ұзатты деуге негіз мол.Әрине, тақыр
жерге шөп шықпайды, құнарлы топырыққа түскен дәннің де өнімі берекелі
болмақ.Бұл өңірдің күйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден
тартатын сияқты.Мәселен, бүгінгі күнге жеткен күй мұрасының ұзын саны
мыңдап саналса, сол мыңдаған күйлердің бәрі дерлік оң бұраумен тартылса,
санаулы ғана күй теріс бұраумен тартылады.Осы теріс бұрау күйлерін сақтаушы
да, ұштап дамытушы да Тәттімбет, Тоқа, Ықылас бастаған күйшілердің ортасы
еді.Теріс бұрау күйлері өзінің байырғы саз-сарынымен де, тарту тәсілімен
де, әсіресе қобыз күйлеріне үндестігімен де күйшілік өнердің көнеден жеткен
текті мектептердің бірі екендігін аңғартады.Бұл дәстүрдегі күйлер негізінен
жалқы ішекпен тартылып, бос бұралған үстіңгі ішектің қоңыр үні қолтықтан
демеп отырғандай жағымды әсер беріп отырады.Үстіңгі ішек зәуеде бір күй
сазына араласар болса, оның өзі дана қарттың әрі қысқа, әрі нұсқа сөзіндей
естіліп, күйдің концепциясын айқындауға көмектеседі.Ықылас күйші ретінде
осынау ғажайып дәстүрді қобыз тілінде дамытқан.Ол қобызшылар айтатын тік
күйдің де, қоңыр күйдің де, бойлауық күйдің де майталман шебері болған.
Ықыластың әкесі Дүкен, оның әкелері және балалары Түсіпбек,
Ақынбайлар қазаққа белгілі қобызшылар болған.Сондықтан Ықылас әулетін жеті
атасынан қобызшылар ұрпағы деп атайды.Әкесі Дүкеннің тартқан қобызының үні
табиғатынан талантты болып туған Ықыластың құлағына жастайынан сіңе
береді.Ес біле бастаған күннен-ақ Ықылас әкесінен көргенін, естігенін
қайталамақ болып қобызды қолына алып, одан үн шығаруға ынталанады.Кішкентай
Ықыластың қобызға деген сүйіспеншілігін байқаған әкесі оны ата дәстүрінен
келе жатқан қобыз өнеріне кәсіби түрде үйретеді.Туған өңірінің сұлу
табиғаты, қобыз үні, әкесінен естіген ертегілер, Қорқыт туралы аңыздар
кішкентай Ықыластың көңіл сезіміне ұялап, қобызда күйлер орындайды.Жасы 15-
терге келгенде Ықылас қобызды толық меңгереді.Әкесінен үйренген халық
күйлерін нақышына келтіріп орындайды.Жас Ықылас сыры мол Қорқыт қобызының
жұмбағын қалай болса да біліп игеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.Ол
әкесінен Қорқыт күйіне үйретуді өтінеді, қобызға байланысты талай қызық
әңгімелерді айтып беруді талап етеді.Ықыластың қобызға деген
сүйіспеншілігін көрген әкесі өзінің білгенін баласына айтып беруден
аянбайды.Ол өзінің ұлын ерінбей үйретеді, қолы жеткен табысына мәз
болады.Аз уақыттың ішінде-ақ Ықылас Дүкеннің онша бай емес репертуарын
меңгеріп алады, ол күйлердің көпшілігі өткен күндердің аңыз күйлері
болатын.Қорқыт туралы аңыз күйді жанымен жақсы көрген Ықылас алғашқы кезде
ең алдымен сиқырлы аспап қобыз үшін бақсы-балгерлермен күресуі жастықтың
қызуы болар.Бақсылар халық күйлерінің таңдаулыларының үзіндісін де
пайдалана білген.Олардың орындауында оған олар мистикалық пішін берді, тек
төменгі регистрінде ғана орындап қияқ арқылы жалбарыну, арбау сияқты өзінің
жұмбақ, сиқырлы үнін шығаратын.Қобыздың ұнамды да жағымды дыбыс көлемін
тегіс пайдаланып, Ықылас күйге мистикалық емес, өмірлік шын мінез беруге
тырысты, Ықылас әкесінен естіп үйренген және жаны сүйген Кертолғау күйін
тіпті басқаша орындаған. Кертолғау - өзінше текстсіз ән, өткен кезеңді
баяндайтын эпостық күй, бір регистрдің, бір шектің жартысында
орындалады.Әрине, күйдің бұл ерекшелігі оны бір сарында, бір сазды етуіне
әкеліп соғады.
...Ұшқан құс, жүгірген аң, аққан су, соққан жел - осының бәрі
Ықыластың сезімін оятып, енді ол қобызға арнап күйлер шығара бастайды.
Алғашқыда күй шығару Ықыласқа оңай түскен жоқ,-дейді А.Жұбанов,
- көрушілердің айтуларына қарағанда, ол әуелі қобызға жаттыққан болып әлде
бірдемелерді жиі ойнайтын болған.Ауылдастары оның қобызға табиғаттың, жан-
жануар, құстардың дауыстарына еліктеп салған әртүрлі дыбыс әуендерін
таңдана тыңдайтын.Бір күні Ықылас қобызда қасқырдың ұлығанын
орындайды.Қобызда ішекті бойлай орындауға болатынын білген Ықылас қасқырдың
ұлығанын айнытпай салады.Әуелі жалғыз ішекте бір қасқырдың, одан кейін екі
қасқырдың, ақыр соңында ұлыған көп қасқырдың үнін естиді
тыңдаушылар.Мұншама ол жасаған шеберлікке таңданбасқа болмайды.Ықыластың
ойынын естіген ауыл иттері қобызда орындалған сазды ұлыған қасқырлар үніне
санап, ауылды айнала шауып мазасызданып үре беріпті дейді.Бұл Ықыластың
қобызда шығара білген тырнақ алды шынайы дыбыстары еді, мұның ол үшін
болашақта үлкен пайдасы тиді, өйткені Ықылас шығарған күйлер ішінде нағыз
бейнелеу сипаттас күйлер де кездеседі.Ықылас қобыз бейнелеу
мүмкіншілігінің домбыраға қарағанда сан қилы және жан-жақты бай екенін
іштей сезді.Ол теориялық білім негізіне емес, өзінің музыкалық қабілетіне,
дарынына байланысты белгілі бағдарламалық мазмұнға құрылған музыка шығаруға
тырысты.Көптеген өзінің замандастары сияқты Ықылас та әліпті таяқ деп
білген жоқ, демек оның музыка ғылымынан хабардар болуы мүмкін де емес
еді.Алайда, аспабын мейлінше игерген ол, жасында естіген аңыз бен ертегілер
кейіпкерлерін, халықтың өмірін, ой-арманын бейнелейтін ертегі-аңыздар
негізінде қобыз ішегін сөйлетуге талпынды.
Осы тұрғыдан оның Қазан күйі атты шығармасын мысал етіп
келтіруге болады.Күйдің негізгі мазмұны талай рет еліне маза бермей,
берекесін алған Қазан заласына Нарықтың ұлы Шора батырдың сол қалаға
аттанған жорығы туралы эпикалық халық поэмасы негізінде шығарылған.Кішкене
кіріспе күйдің мінезін, ырғақтық пішінін бірден алдындағы жас батырдың
толқыған көңілін суреттейді.Поэмада жұрт Қазанда қазір қарлы қыс болуы
мүмкін деп Шораға ескертеді, бірақ Шора оларға Мен Қазанға барғанша қар
жаумасын, нұр жаусын, мен Қазанға жеткен соң қар жаумасын, қан жаусын деп
жауап береді.
Бірде квинтаға, бірде секталға секіретін ширақы мелодия сазы
батырдың айбынды күшін, оның жеңіске ие болатын сенімін көрсетеді.Бұдан
кейін салтанаттының әнімен ұштасқан ат шабасының жүрісін бейнелейтін
мелодия әуені құлаққа естіледі.Күй ақыр соңында шаттық әнімен аттың жүрісін
суреттейтін осы екі тақырыпты қайталап барып аяқталады. Қазан күйін
тыңдап отырғанда Ықыластың қобызға қысқаша баяндаған поэма үзіндісін
тыңдағандай боласың.
Ықыластың келесі күйі халықтың эпостық жыры Қамбар мен Назым
мазмұнына құрылған.Қамбар жарлыдан шыққан батыр.Құстай ұшқан қарақасқа
атынан басқа Қамбарда тұғырдан тұлық болмаған.Аң аулап тобырдың тоқсан үйін
асыраған...Қамбар ханның қызы Назымды сүйеді, бірақ байлардан зәбір көрген
ол туған елінен кетуге мәжбүр болады.Осы кеткеннен ол туған еліне тек
жаудың қаупі туған кезде ғана оралады.Қамбар жауын жеңіп, өзінің сүйгенімен
қосылады.Бұл аңызды Ықылас өз қобызында баяндайды.Күй туған елінен кетуге
мәжбүр болған Қамбардың қоштасу әнімен басталады.Өзінің құрылысына
қарағанда бұл ән қобыз үшін емес, басқа дауысқа лайықты.Ән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Квинта бұрауындағы күйлеріндегі сипаттамасы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
Ықыластың әкесінен игерген алғашқы күйі Қорқыт күйі
Дәстүрлі музыкалық өнер
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Ықылас Дүкенұлы өмірі
Аюсай туристер орталығы
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Қазақ халқының ақын-күйшілері
Шығайұлы Дәулеткерейдің күйлері
Пәндер