Қазақстан Республикасының автожол саласы жайында



Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Автомобиль көлігі
ә) Тәуелсіздік алған кейінгі жылдарда салынған магистральдар
б) Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006.2012 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
в) Статистикалық мәліметтер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері, мемлекетаралық және өңіраралық деңгейде көлік қатынасын қамтамасыз ете отырып, ерекше маңызды байланыс рөлін атқарады.
Қолданыстағы автомобильдік транзиттік дәліздер өзінің географиялық орналасуы бойынша халықаралық жүктерді тасымалдаудың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Оңтүстік Шығыс Азия және Қытай мемлекеттерінің дамуының жоғарғы қарқындылығын есепке ала отырып, Қазақстанның халықаралық көлік дәліздері транзиттік тасымалдар көлемдерін игерудің қолайлы перспективаларына ие.
Республикада жақсы жабдықталған автомобиль жолдары желісі бар. Олардың көп бөлігі қатқыл табанды жолда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда орналасқан. Бұл жерлерден Орта Азия елдеріне қарай шығыс аудандарды /Алматы, Сарыөзек, Қорғас, Аягөз – Бақты, Жаңғызтөбе – Зайсан/ қамтамасыз ететін автомобиль жолдарыт /Алматы – Бішкек – Шымкент – Ташкент/ өтеді. Осылайша 2006-2012 жылдар ішінде республикалық маңызы бар жолдардағы жұмыстардың көлемі мыналарды құрайды:
салу және қайта жаңарту - 7205 км;
күрделі жөндеу - 1660 км;
орташа жөндеу - 16800 км;
көпірлерді қайта жаңарту және күрделі жөндеу - 412 дана.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде орындалу жоспарланған негізгі инвестициялық жобалар картаға түсірілген және 3-қосымшада көрсетілген.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, экспорттық-импорттық автомобиль тасымалының негізгі көлемі Қырғызстан, Ресей және Қытаймен жүзеге асырылады. Халықаралық тасымалдардың қалған көлемі Еуропа және Азия елдерімен жүзеге асырылады.
1.Қазақ Ұлттық энциклопедиясы, І том.
2. «Астана»№ 18-19,2008, «Президент және Халық» №6, 2008 жыл
3. Статистика мәләметтері, 2007жылғы.
4. Интернер желісі www.google.kz. , www.mail.ru.
5.Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығы « Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы»

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Автомобиль көлігі

ә) Тәуелсіздік алған кейінгі жылдарда салынған магистральдар

б) Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға
арналған Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары

в) Статистикалық мәліметтер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік
дәліздері, мемлекетаралық және өңіраралық деңгейде көлік қатынасын
қамтамасыз ете отырып, ерекше маңызды байланыс рөлін атқарады.
      Қолданыстағы автомобильдік транзиттік дәліздер өзінің географиялық
орналасуы бойынша халықаралық жүктерді тасымалдаудың негізгі бағыттарына
сәйкес келеді. Оңтүстік Шығыс Азия және Қытай мемлекеттерінің дамуының
жоғарғы қарқындылығын есепке ала отырып, Қазақстанның халықаралық көлік
дәліздері транзиттік тасымалдар көлемдерін игерудің қолайлы
перспективаларына ие.

Республикада жақсы жабдықталған автомобиль жолдары желісі бар.
Олардың көп бөлігі қатқыл табанды жолда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда
орналасқан. Бұл жерлерден Орта Азия елдеріне қарай шығыс аудандарды
Алматы, Сарыөзек, Қорғас, Аягөз – Бақты, Жаңғызтөбе – Зайсан қамтамасыз
ететін автомобиль жолдарыт Алматы – Бішкек – Шымкент – Ташкент өтеді.
Осылайша 2006-2012 жылдар ішінде республикалық маңызы бар жолдардағы
жұмыстардың көлемі мыналарды құрайды:

салу және қайта жаңарту - 7205 км;

күрделі жөндеу - 1660 км;

 орташа жөндеу - 16800 км;

көпірлерді қайта жаңарту және күрделі жөндеу - 412 дана.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде орындалу жоспарланған негізгі
инвестициялық жобалар картаға түсірілген және 3-қосымшада көрсетілген.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің деректеріне сәйкес,
экспорттық-импорттық автомобиль тасымалының негізгі көлемі Қырғызстан,
Ресей және Қытаймен жүзеге асырылады. Халықаралық тасымалдардың қалған
көлемі Еуропа және Азия елдерімен жүзеге асырылады.

Автомобиль көлігі

Автомобиль көлігі қазір басты мініс құралы. Автомашиналар икемді
әрі жүйрік болғандықтан ең түкпірдегі аудандарға оңай бара алады, сонымен
қатар олар үнемді әрі жақын жерге жүк тасуға ыңғайлы.

Республикада жақсы жабдықталған автомобиль жолдары желісі бар.
Олардың көп бөлігі қатқыл табанды жолда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда
орналасқан. Бұл жерлерден Орта Азия елдеріне қарай шығыс аудандарды
Алматы, Сарыөзек, Қорғас, Аягөз – Бақты, Жаңғызтөбе – Зайсан қамтамасыз
ететін автомобиль жолдарыт Алматы – Бішкек – Шымкент – Ташкент өтеді.

Шығыс Қазақстанда Шығыс шеңбері Кенді Алтайдың өнеркәсіп
орталықтарын Өскемен – Алтай – Самар – Көкпекті – Георгиевка - Өскемен
байланыстырады. Оның Көкпектіден Зайсан қазаншұңқырына баратын тармағы бар.
Әрбір облыс орталығынан аудан,совхоз,колхоздарға автобус қатынайтын
көптеген жеңіл типті жолдар салынған. Жолдардың сапасы,әсіресе Солтүстік
Қазақстан аудандарында, оларды жыл бойы пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Қазақстанда тас жол, қара жол желісі қанша жиі болғанымен
олардың 10 % - і ғана қатқыл табанды, бұл автомобиль көлігінің қалыпты
жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды. Қиыршық тасты жолдар – қатқыл табанды
жолдардың басым типі.

Халық жиі қоныстанған Іле Алатауының етегімен өтетін Алматы –
Шелек – Нарынқол (Райымбек) даңғыл жолының рөлі күшті маңызы жағынан
Қарағанды – Теміртау – Ақмола, Семей – Павлодар – Омбы, Атырау – Орал
жолдарын бөліп атауға болады. Тасымал көлемі жағынан автомобиль көлігі
республикада бірінші орын алады. Бұл салада темір жол көлігіндей емес, ірі
тараптар түзілді. Бұлар – Алматы, Өскемен, Қарағанды, Ақмола, Семей,
Қостанай, Ақтөбе.

Республика ішінде жүк тасқынының,жолаушы тасымалдаудың өсуі
автомобиль паркін жаңа өнімділеу техникамен толықтыру, көлік құралдарын ірі
автокөлік кәсіпорындарында шоғырландыру, автомобильдерді техникалық күту
және жөндеу, автокөлікті басқару жүйесін жетілдіру жөнінде көтеріңкі
талаптар қояды.

Автомобиль көлігінің жұмысын жақсартудың тағы бір маңызды бағыты
– республика жолдарының бүкіл желісін қатқыл табанды жолға айналдырып,
жақсартылған магистральды автомобиль жолдарын салу.

Көліктің табиғат жағдайларына тәуелділігі жоғары немесе ір қилы.
Дегенмен ғылыми – техникалық прогрестің дамуына байланысты тау – тас, өзен
– көл, шөл дала сияқты кедергілер көлік жолына тосқауыл болудан қалуда
Туннел (Тескен жол) салу, жасанды су жолдарын ашу тағы басқа. Сонымен
қатар көліктің айналадағы ортаға зиянды әсері де күшеюде.

Тәуелсіздік алған кейінгі жылдарда салынған магистральдар

Автокөлік Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Төнкеріске дейінгі
жылдарда қатынас көлігі негізінен түйе мен ат болатын. Автомобиль сирек
кездесетін. Мысалы,1910 жылы небәрі 20-дан сәл ақ асатын жеңіл автомобиль
болды,оның өзі де адам таситын автомобильдер еді. Өткен ғасырдың
жиырмасыншы жылдары Қарсақпай комбинатымен Түркісіб құрлысында небәрі 81
жүк автомобилі пайдаланылды, ал 1928 жылдың аяғына қарай олардың саны 247-
ге жетті.Олар негізінен шетелдік маркадағы машиналар еді. КСРО-да отандық
автомобиль өнеркәсібі қолға алынғаннан кейін автокөлік көбейе бастады.1938
жылы автопарк 10 еседен астам,ал жүк автомобильдер саны 22 есеге көбейді.
Автомобиль көлігінің соғыстан кейінгі жылдардағы дамуын үш кезеңге бөлуге
болады.

Бірінші кезең (1946-1955 ) Халық шаруашылығын қалпына келтіру және оны одан
әрі дамыту үшін жағдай жасау кезеңімен тұспа-тұс келеді. Бұл кезеңде
Қазақстан көлігі республиканың жүк тасымалындағы қажеттерін қанағаттандыра
алмады. Мұндай жағдайда автокөлік бірден-бір жіне неғұрлым қолайлы болды.
Осыған байланысты КСРО үкіметі министр жүйесіндегі күрделі құрылысқа
бөлінетін қаражатты көбейтіп,республика автопаркін кеңейтті. 1955 жылы
жалпы пайдаланудағы автошаруашылықтардағы жүк автомобильдері паркі
ұлғайтып, жүк көтергіштік 1 тоннаға көтерілді. Жолаушылар тасымалының
көлігі 1,5 есеге көбейді,жеңіл автомобильдер саны 5 еседен астам артты.

Екінші кезең 1956-60 жылдарды қамтиды. Бұл жылдары тың және тыңайған жерлер
игерілді, жаңа өнеркәсіп орындары салынды, жұмыс істеп тұрған көптеген
кәсіпорындар кеңейтілді. Тек тың өлкесінде ғана 200-ге жуық ірі
автошаруашылық құрылды. Егер 1953ж. жалпы пайдалануда 35 автошаруашылық
болса, 1960 жылы олардың саны 10 есе көбейді. Автокөлікшілер 1954-1960 жылы
3 млрд. пұттан астам тың астығын тасыды. Автокөлік тасымал көлемі бойынша
республикада жетекші орында болды.1965 жылдан астам, үшінші кезеңде ондаған
ірі автоөнеркәсіп орындары,шеберханалар,цехтер іске қосылды. Автокөлік
саласы техникалық жағынан қайта жарақтандырылды. Ғылым мен техника
жаңалықтары кеңінен енгізілді. Еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды
механикаландыру және автоматтандыру, автомобильдерге техникалық күтім
жасаудың және оларды жөндеудің жаңа технологиясын енгізуге зор көңіл
бөлінді. Орталықтандырылған тасымал,контейнерлерге тиеп тасымалдау, астық
және ауыл шаруашылық дақылдарын тасымалдаудың комбитрейлерлік жүйесі кең
таралды. Автокөлік саласында 14 есептеу орталығы, сол кездегі ең жаңа
техникамен жарақтандырылған 4 ірі машиналық-баспа станциясы құрылды. ЭЕМ-
нің көмегімен автомобильдер саласы жұмысының барлық негізгі бөлімдері,жедел
бағыттар мен қозғалыс кестелері әзірленді.

Өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғында Қазақстан 4 мыңға жуық бағыт жұмыс
істеді, олардың жалпы қашықтығы 316 мың километрден асты. 204 қала мен
жұмысшы қыстағындағы ішкі желілерде тұрақты қатынас жолға қойылды, 170 қала
мен қыстақта жолаушылар автобуспен тасымалданды. Елді мекендердің 90%-ға
жуығында облыстар және аудан орталықтарымен тұрақты автобус қатынасы болды.
Күн сайын бағыттарға 15 мыңнан астам автобус шығып тұрды,оларда 900 мыңға
жуық орын болды, күн сайын 6,7 милионнан астам жолаушы тасымалданды.

Қазақстан соңғы он жылдықта дүниежүзілік интеграциялық процестерге белсенді
қатысушы болды. Жүктер мен жолаушыларды қызмет көрсету сервисінің жоғары
деңгейімен ішкі және транзиттік тасымалдауды қамтамасыз ететін сапалы
көліктік инфрақұрылымы экономикалық интеграцияның маңызды бөлігі болып
табылады.      

Бүгінгі уақытқа дейін республикада қатты жабынды автомобиль жолдары бойынша
облыстық немесе аудандық орталықтармен байланысы жоқ шамамен 2000-ға тарта
ауылдық елді мекендер бар.
      Жергілікті маңызы бар жол торабындағы автожол көпірлері мен жол
құбырларының көліктік-пайдаланымдық жағдайы күрделі және маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеу жүргізілген 1911 көпірдің 502-сі
күрделі және орташа жөндеуді, ал 25 көпір толықтай ауыстыруды қажет етеді.
      Автожол саласын қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі және оның 2000
жылға дейінгі төмен деңгейде болуы жолдар жағдайының нашарлауына әкеліп
соқтырады, бұл ақауларды бүгінгі күні де толықтай жою мүмкін болмай отыр.
      Жол саласын қаржыландырудың шектелген кезеңінде жөндеуаралық мерзім
бойынша жүргізілуі тиіс 2-3 күрделі және орташа жөндеу жіберіліп қалды, бұл
автожолдардың едәуір бөлігінде жол төсемесінің нашарлауына әкелді. Мәселен,
1993 жылмен салыстырғанда республикалық торап бойынша жүру жолының негізгі
элементтерінде ақау бар жолдың жалпы ұзындығы 3 есеге артты және 2004 жылғы
тексеріс деректері бойынша 50% құрады.       Үйлестіру бойынша жұмыстар
шеңберінде автожол саласында қолданылатын Қазақстан Республикасының 62
стандарты және 27 өзге де нормативтік-техникалық құжаттарды қайта жасау
көзделуде. Республикалық маңызы бар жолдардың көліктік-пайдаланымдық жай-
күйінің электрондық дерекқорын қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз
ету әзірленген.
      2001 жылдан бастап "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде, саланың жол-пайдалану қызметтері
үшін мыңнан астам техника сатылып алынды.
      Шетелдік компаниялармен бірлескен жұмыс отандық мердігерлерге
тәжірибе игеруге, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылатуға, жұмыстардың
басқару мен жоспарлау жүйесін жетілдіруге, озық жоғарғы технологиялық
жабдықтарды сатып алу жолымен негізгі құралдар паркін жаңартуға жағдай
жасады. Салаға жұмыс өндірісінің жаңа технологиясы және мұздатылған
ресайклирование, геотекстиль, полимерлік түрлендіргіш және т.б. секілді
жаңа жол құрылыс материалдары ендірілуде. Мердігерлік ұйымдар сапаны
басқарудың халықаралық жүйесін енгізуде, көптеген мердігерлердің ІSО 9001-
2000 сертификаттары бар.      Мемлекеттік бағдарламада жалпы ұзақтығы 8290
км болатын алты негізгі халықаралық транзиттік дәліздер белгіленген.
Бірқатар дәліздердің өткізу қабілеттілігін пайдалану дәрежесі жойылған
немесе орташа мәні 70% (6-кесте) болғанда жойылуға таяу.
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі
Көліктік бақылау комитетінің деректері бойынша республиканың автомобиль
жолдары бойынша транзиттік көлік қозғалысы қарқындылығының өсуі байқалады.
Егер 2003 жылы көліктік бақылау посттары арқылы шамамен 130 мың жүк
автокөлік құралдары өтсе, ал 2004 жылы транзиттік жүк ағынының қарқындылығы
203 мың бірлікке дейін артты.

Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға
арналған Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары

 Басымдылықтар және жұмыстардың негізгі көлемдері

      Бағдарламада мынадай басымдылықтар көзделеді:
      негізгі халықаралық транзиттік дәліздерді бірінші кезекте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автожолдар
Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың жолдары
Аймақтық көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу
Автокөлік жолдары
Темiр жол саласы
Көлік жүйесі – экономикалық өрлеудің негізгі факторы
Қазақстандағы көлік жүйесі
Автожол саласы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Көлік логистикасы
Пәндер