Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі



Кіріспе
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мемлекеттік кадр саясаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда ксібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібініде тұратын мәселелердің бірі.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 1997 жылғы «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауындағы Қазақстан Республикасының 2030 жылға даму Стратегиясының жариялануы мемлекетті нақты қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай реформалауға нық бағыттады.
«Қазақстан - 2030» стратегиясының ұзақ мерзімді «Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет» басымдығында Елбасы: «... Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау, басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру» міндетін қойды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлар мен қамтамасыз етуді талап етеді.
Кез-келген мемлекеттің даму тарихын зерделеу арқылы оның бәсекеге барынша қабілетті болып қалыптасуы мен жалпы әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуын қамтамасыз ету тікелей кәсіби білікті мамандарға және оңтайлы жүргізілген кадрлық саясатқа байланысты екенін көруге болады. Осы ретте, біздің елімізде де мемлекеттік кадр саясатының мән-маңызы жоғары, өзектілігі өте ерекше.
Әрбір елдің өзін-өзі басқаруы ұлттық мүддеге қызмет ететін мемлекеттік құрылыс арқылы іске аспақ. Біз бүгінде өтпелі кезеңде тұрмыз. Тек елдік бірлік, негізгі тағдырлық мәселелерде өзара түсінушілік қана бізді үдемелік даму жолына алып шығады.
Соңғы жылдарға дейін белгілі себептермен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кадр саясаты мәселесі арнайы тақырып ретінде қарастырылмады. Осы себепті кадр саясатының проблемалары мен жетілдіру жолдарына байланысты еңбектердегі тақырыпқа қатысты айтылған қандай да болмасын ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды саралап, жаңа деректер негізінде кешенді түрде талдап қарастыру қажеттігі туады.
Тәуелсіздік жылдары жүріп жатқан әлеуметтік-мәдени процестер және өткен тарихымызды теориялық және методологиялық талдау жасау жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі.
Бүгінгі қоғамдық өмірде жастарға білім мен тәрбие беретін, кәсіби мамандануына жағдай жасайтын мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері және оның Қазақстан халықтарының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өмірін деректік материалдар негізінде талдап, олардың теориялық және практикалық тәжірибелерін зерттеудің маңыздылығы тақырыптың барынша өзекті екенін танытады.
1. «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері» // Республикалық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда қаласы, 2011 ж
2. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың еңбектерінің жинақтары. Қызылорда қаласы, 2012 ж
3. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Экономика факультетінің 20 жылдығына және Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 жыл: экономикалық өрлеу тәуелсіздік туы» атты ғылыми- тәжірибелік конференция. Қызылорда қаласы, 2012 ж.
4. Жаңа кадр саясатын іске асыру және мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру //«Тиімді мемлекеттік басқару-ІІІ» Халықаралық симпозиумы, ҚР, Астана қ. ҚР Президенті жанындағы МБА, 25.11.2011.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ 331.08 (574) Қолжазба құқығында

КУЛБАЕВА ПЕРИЗАТ ОТЕПОВНА

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және
оны жүзеге асыру механизмі
(Қазақстан Республикасы материалдары негізі бойынша)

6M051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы

бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның

Рефераты

Қызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент Әбдімомынова А.Ш.



Ресми оппонент: экономика ғылымдарының кандидаты
Абдрахманова С. Н.



Диссертация 2012 жылы маусымның 25 күні сағат 10.00-де Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика және бизнес
магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің
мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би
көшесі, 29А, 408 к.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемен ел атанған Қазақстан
Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда ксібилік,
демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес
мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік
қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен
бастап әрдайым күн тәртібініде тұратын мәселелердің бірі.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 1997 жылғы Барлық қазақстандықтардың
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы Жолдауындағы
Қазақстан Республикасының 2030 жылға даму Стратегиясының жариялануы
мемлекетті нақты қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай реформалауға нық
бағыттады.
Қазақстан - 2030 стратегиясының ұзақ мерзімді Негізгі міндеттермен
ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет басымдығында Елбасы: ... Қазақстанда
нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару
құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау, басым мақсаттарды іске
асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын
мемлекет қалыптастыру міндетін қойды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауында көрсетілгендей жаңа
кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды
еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлар мен қамтамасыз
етуді талап етеді.
Кез-келген мемлекеттің даму тарихын зерделеу арқылы оның бәсекеге
барынша қабілетті болып қалыптасуы мен жалпы әлеуметтік-экономикалық
әлеуетінің артуын қамтамасыз ету тікелей кәсіби білікті мамандарға және
оңтайлы жүргізілген кадрлық саясатқа байланысты екенін көруге болады. Осы
ретте, біздің елімізде де мемлекеттік кадр саясатының мән-маңызы жоғары,
өзектілігі өте ерекше.
Әрбір елдің өзін-өзі басқаруы ұлттық мүддеге қызмет ететін мемлекеттік
құрылыс арқылы іске аспақ. Біз бүгінде өтпелі кезеңде тұрмыз. Тек елдік
бірлік, негізгі тағдырлық мәселелерде өзара түсінушілік қана бізді үдемелік
даму жолына алып шығады.
Соңғы жылдарға дейін белгілі себептермен Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік кадр саясаты мәселесі арнайы тақырып ретінде қарастырылмады.
Осы себепті кадр саясатының проблемалары мен жетілдіру жолдарына байланысты
еңбектердегі тақырыпқа қатысты айтылған қандай да болмасын ғылыми ой-
пікірлер мен тұжырымдарды саралап, жаңа деректер негізінде кешенді түрде
талдап қарастыру қажеттігі туады.
Тәуелсіздік жылдары жүріп жатқан әлеуметтік-мәдени процестер және өткен
тарихымызды теориялық және методологиялық талдау жасау жағдайында өте
өзекті тақырыптардың бірі.
Бүгінгі қоғамдық өмірде жастарға білім мен тәрбие беретін, кәсіби
мамандануына жағдай жасайтын мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асырудың
негізгі механизмдері және оның Қазақстан халықтарының әлеуметтік-
экономикалық, рухани-мәдени өмірін деректік материалдар негізінде талдап,
олардың теориялық және практикалық тәжірибелерін зерттеудің маңыздылығы
тақырыптың барынша өзекті екенін танытады.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Жалпы гуманитарлық ғылымдармен,
мемлекеттік деңгейде қабылданған бағдарламалармен тығыз байланысты. Осы
зерттеудің негізінде мемлекеттік кадр саясаты мәселелері бойынша шетелдік
мен ТМД елдерінің ғалымдарының, яғни Н.Мэннинг, Н.Парисон, Е.В. Охотский,
Е.И.Лукьяненко, А.И.Турчинов, В.Л.Абрамов, В.Р.Веснин, А.Г.Уткин,
Л.Н.Иванова-Щвец, А.А.Корсакова, С.Л.Тарасова жұмыстары салынған.
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесі және кадрлық саясат мәселелерін
зерттеу бойынша ғылыми бағыттар А.Байменов, М.Б.Мұхамедов, Б.Сырымбетұлы,
Б.Б.Бадаев, С.Дүйсенбекова, Ж.У.Қыдыралина, М.С.Нұртазин Х.Н.Сансызбаеваның
жұмыстарында берілген.
Дегенмен, зерттеліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
басқару жүйесіндегі кадрлық саясаттың салмақты үлесі бар екенін деректер
негізінде ашып көрсету күрделі зерттеулерді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты -
Қазақстанның қоғамдық-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі
жүргізіліп отырған мемлекеттік кадр саясатының мазмұны мен маңызын жаңа
көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның жұмыс істеу тәсілдерін ашып
көрсету.
Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып
отыр:
- мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда кадр саясатын жүзеге асырудың
теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстандағы мемлекеттік басқару мен ондағы кадр саясаты
жұмыстарының қалыптасуы мен даму жолдарын сараптау;
- мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдерін
айқындау;
- мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру жөнінде ғылыми негізделген
ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының пәні мен нысаны. Зерттеу нысаны – Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік қызмет.
Зерттеу пәні – мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда қалыптасатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы алға қойылған міндеттің
өзектілігінен, яғни, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кадр
саясатының қалыптасу кезеңдеріне және бүгінгі хал ахуалының осы уақытқа
дейінгі аралықта көлемді түрде, шынайы негізде зерттелмеуінен туындайды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы – мәселенің кешенді түрде зерттелуі.
Диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төмендегідей:

- теориялық ережелерді жинақтап, қорытындылау негізінде мемлекеттік
қызмет және мемлекеттік кадр саясаты түсініктеріне авторлық ұғымдық-
мазмұндық және әдіснамалық дәлелдемелер берілді;
- мемлекеттік кадр саясатында персоналды басқару көрсеткіштерінің мәні
айқындалып, оны бағалау әдістемелік тұрғыдан айқындалды;
- мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асырудың заманауи мәселелері мен
оларды жою мүмкіндіктері талданды;
- мемлекеттік басқаруда кадрлар тиімділігін бағалаудың экономика-
математикалық үлгісі ұсынылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- мемлекеттік қызмет және мемлекеттік кадр саясаты түсініктерімен
байланысты теориялық-әдіснамалық негіздемелердің бір жүйеге
келтірілуі нәтижесінде аталмыш ұғымдарға автордың теориялық тұрғыдан
жасақтаған анықтамалары;
- Қазақстандағы мемлекеттік қызмет пен кадр саясатын жетілдіру
негізінде білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы
ұсыныстар;
- мемлекеттік кадр саясатының Қазақстан Республикасында қалыптасу
кезеңдері және заманауи мәселелерін талдау;
- Қазақстандағы мемлекеттік басқарудағы кадрлар тиімділігін бағалаудың
экономика-математикалық үлгісі.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізін отандық және шет елдік
экономикалық ғылыми мектептердің макроэкономика теориясы және білім беру
саласындағы ғылыми зерттеулері қалайды. Зерттеу жұмысында Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулылары, заңнамалық және құқықтық актілері,
Халықаралық ұйымдармен келісім-шарттар және басқа да ресми деректер
пайдаланылды.
Ақпарат көздері ретінде Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымның Даму
Бағдарламасы Өкілдігінің есептері, Қазақстан Республикасының Статистика
агенттігінің, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі басқа да ведомстволардың
мәліметтері мен ресми құжаттары, мемлекеттік қызметке қатысты бұқаралық
ақпарат құралдарының материалдары, сонымен қатар, автордың жүргізген
зерттеулерінің нәтижелері қолданылды.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығын қазақстандық мемлекеттік
қызмет жүйесін қалыптастыру мен дамытудың мәселелерін талдау нәтижесінде
жасалған тәжірибелік қорытынды мен ұсыныстар деңгейінен көруге болады.
Диссертациялық жұмыста келтірілген ұсыныстар, зерттеулер нәтижелері мен
тұжырымдарды мемлекеттік басқаруда, мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз
етуге қатысты бағдарламалар даярлауда пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ, тәжірибе жүзінде баяндалған
материалдарды Қазақстан Республикасындағы барлық мемлекеттік қызметті
жүзеге асырушы қазақстандық ұйымдар мен ведомствалар өз қызметтері
барысында қолдануына болады. Сонымен бірге, диссертациялық зерттеудің
ғылыми нәтижелерін жоғары оқу орындарында Мемлекеттік басқару теориясы,
Адам ресурстарын басқару курстары бойынша дәріс оқуда және практикалық
сабақтарда пайдалануға ұсынылады.
Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі мен жариялануы. Диссертациялық жұмыс
Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің Экономикалық теория және
мемлекеттік басқару кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланды.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары, қорытындылары мен ұсыныстары
келесі халықаралық және республикалық конференцияларда баяндалған:
Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық
аспектілері (Қызылорда, 2012); Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың еңбектерінің
жинақтары (Қызылорда, 2012); Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Экономика факультетінің 20 жылдығына және Қазақстанның
тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 20 жыл: экономикалық өрлеу
тәуелсіздік туы (Қызылорда, 2012). Тиімді мемлекеттік басқару-ІІІ
Халықаралық симпозиумы (Астана, 2011).
Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 1,0 шартты баспа табақ 4
ғылыми мақала жарияланды.
Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу нәтижелері Қызылорда облыстық ішкі
саясат басқармасы мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік басқару тиімділігін
бағалауда мемлекеттік қызметшілердің жаңа қызметкерді бейімдеудегі
тәлімгерлік формасы негізіндегі ұсыныстары тәжірибеге енгізілді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 85 бет көлемінде
баяндалған және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, 6 кестеден, 12 суреттен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мемлекеттік басқаруда кадр саясатын қалыптастырудың теориялық
тұжырымдамалары. Мемлекет – арнайы басқару мен мәжбүрлеу аппараты бар,
қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін
бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағында халықты құқықтық жүйесі арқылы
ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Кадр термині (алғашқы рет неміс және француз тілдерінде шеңбер
деген мағынаны білдірген) басқару саласындағы қолданысқа әскери лексиконнан
келген, онда кәсіби қатардағы әскери жауынгерлер тобы мен командалық
құрамды және әскер резервін атаған. Ресейде француз тіліндегі Cadre сөзі
ХІХ ғасырдың 20-жылдары қолданыла бастаған. Ең алғашында әскер жасақтаудағы
ресми құжаттарда әскери-әкімшілік термині ретінде қолданылған. В.И.Дальдің
сөздігінде келесі анықтама берілген: Кадрлар (фр.) – әскери бөлімдер мен
полктердің негізін құрайтын офицерлер, унтерлер және қатардағы әскери
жауынгерлер.
Мемлекеттік кадр саясаты – еліміздің еңбек әлеуетін қалыптастыру,
дамыту және ұтымды пайдалану жөніндегі жалпымемлекеттік стратегия.
Кадрлардың шағын жүйесі – бір-бірімен күрделі қарым-қатынасқа түсетін
адамдар жиынтығы; бұл шағын жүйенің негізін персоналмен жүргізілетін
мынадай жұмыстар құрайды: мемлекеттік кадр саясаты, кадрларды жоспарлау,
іріктеу, оқыту, негіздеу, дамыту, сапалы жұмыс істеу үшін тиісті
жағдайлармен қамтамасыз ету және т.б. Кез-келген қоғамның немесе
мемлекеттің ілгері дамуының аса маңызды стратегиялық міндеті адам факторын
белсенді ету негізінде қоғамның кадрлық әлеуетін қалыптастыру және оны
тиімді пайдалану болып табылады. Аталған міндеттің өзектілігі ең алдымен,
оның қоғамдық дамуының тек құралы ғана емес, сонымен бірге түпкілікті мәні
екендігімен де тығыз байланысты.
Мемлекеттік кадр саясаты еңбекті, түрлі басқару деңгейлеріндегі
персоналды басқару органдары, яғни өз деңгейінде кадр саясатын әзірлейтін
ұйымның персоналды басқару қызметтері арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Кадрлық саясаттың негізгі мазмұны мыналар болып табылады: біріншіден,
кадрларды жоспарлау, іріктеу және құрылымды жоғары сапалы кадрлармен
жасақтау, оларды қызметтен босату (зейнет жасына келу, жұмыстан шығару),
кадрлық ағымды талдау мен тағы басқалар; екіншіден, қызметшілердің кәсіби
біліктілігін арттыру мен қайта даярлау, аттестациядан өткізу, кәсіби
деңгейін анықтау, қызметте жоғарылауды ұйымдастыру; үшіншіден, кадрлардың
еңбекке ынталылығын дамыту, әлеуметтік төлемдер төлеу.
Мемлекет қоғамның кадр әлеуетін кәсіби дамыту саласында негізгі
қағидаттар мен басымдықтар әзірлеуді қамтамасыз ете отырып, кадр саясаты
арқылы өзінің мүмкіндіктерін қоғамды топтастыруға, бірыңғай әлеуметтік-
мәдени кеңістікті сақтауға, әрбір азаматтың әл-ауқатының өсуіне; қоғамның
кадр әлеуетінің қажеттілігін басқаратын субъектілерді экономикалық
тұрғыдан ынталандыратын қағидаттар мен тетіктерді әзірлеуге; қоғамды
бейкәсібиліктен, білімсіздіктен қорғау үшін құқықтық және ұйымдастырушылық
негіздер қалыптастыруға; кәсіби қызмет түрлерімен айналысатын азаматтардың
мүдделерін қорғау, оларға кепілдік және өтемақы беру жүйесін құруға; адамға
тұруға лайық баспана жағдайларын, олардың қабілеттерін дамыту мен қолдануды
қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени кеңістік құру ету үшін Қазақстан
аймақтарына кадр әлеуетін бөлу жөніндегі экономикалық тетіктерді
қалыптастыруға арнайды.
Біздің елімізде мемлекеттік кадр саясатының басым бағыты – білім беру
саясаты, қазіргі заманғы білім сапасына қол жеткізу, білім сапасының адам,
қоғам және мемлекеттің өзекті және келешегі бар қажеттіліктеріне
сәйкестігі. Ол ұлттық қауіпсіздігімізді, азаматтар мен еліміздің әл-
ауқатының артуын қамтамасыз ететін аса маңызды факторға айналуда.
Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесінің өзгеруі азаматтардың
кәсіби еңбекке қабілеттілігін ұтымды пайдалану мен өндіргіштігін басқаруда
мемлекет рөлінің де өзгеруіне, түрленуіне себепші болды. Алайда, бұл
мемлекеттің осы үдерістерді реттейтін қызметтерінің толық жойылуына алып
келмейді. Қоғам дамуын кадрлармен қамтамасыз ету міндеттерінің сапасы –
мемлекеттің маңызды және ажыратылмас қызметі, ол мемлекеттік кадр
саясатынан нақтылы көрінеді.
Теорияға көңіл аудару мемлекеттік кадр саясатын құрудың іргелі
негіздерін бөліп көрсету қажеттілігіне байланысты. Бұл – бір. Екіншіден,
қоғам әлдеқашан кәсіби тәжірибенің ұрпақтан-ұрпаққа стихиялы түрде берілу
кезеңінен өтіп кетті. Кадр әлеуеті қоғам дамуының аса маңызды факторына
айналды, ол жеке тұлға мүддесіндегі де, сондай-ақ, қоғам мүддесіндегі де
қажеттілікті реттеуді көздейді. Мұндай тәжірибе мемлекеттік кадр саясаты
деп аталмаса да, дамыған экономика тәжірибелері көрсеткендей, бұлайша
реттеудің маңызды субъектісі мемлекет болып табылады.
Үшіншіден, бүгінгі күні еліміздің кадр әлеуетінің сапалық және сандық
сипаттамасын бақылап қана отырудың жеткіліксіздігі белгілі. Оны іске асыру
үшін жағдай туғызуды үйрену қажет. Осы саладағы мемлекет қызметінің негізгі
мәні де дәл осы міндетке келіп тіреледі. Яғни, экономикаға қанша кадрдың
қажет екеніне болжам жасау. Мұның күрделілігі өтпелі кезеңде қандайда бір
болжам жасаудың қиындығында. Келесі мәселе алдыңғы мәселеден туындайды, бұл
даярлап шығарған кадрлардың экономиканың қажеттіліктеріне, талаптарына сай
келмеуінде. Үшіншісі – кәсіби біліктілік құрылымының, сұраныс пен ұсыныстың
теңгерімсіздігі, бұларда өз бастауын содан алады.
Бүгінде кадрларды мемлекеттік басқару тәжірибесінің теориялық тұрғыдан
негізделетіні туралы тек бір шарттылықпен ғана айтуға болады. Көбінесе
дұрыс, таза мағына өзіндік ерекшелігі бар әдіснама, тиісінше, мемлекеттік
кадр саясаты саласындағы үдерістерді өзіндік бағалау құралы болып табылады
(1-сурет).


Қажетті сұранысты Қызметкерлер құрамын Қызметкерлер құрамын
анықтау тарту пайдалану

Қызметкерлер құрамына
берілетін қайтарымды Қызметкерлер құрамын
ынталандыру (мысалы, Кадр саясаты дамыту (оқыту
еңбекке ақы төлеу және саласындағы саясат),
әлеуметтік қызмет қажеттіліктер
көрсету саясаты)


Қызметкерлер құрамын Әлеуметтік қатынастар Ақпараттық қамтамасыз
босату ету

Ескерту - автордың құрастыруы

Сурет 1– Кадр саясатының салалары

Кадрларды жоспарлау қанша қызметкер бар, олардың біліктілік деңгейі
қандай, персоналды жоспарлауда қашан және қай жерде қажет болады, қажетті
персоналды қалай тартуға болады және артық персоналды қалай қысқартуға
болады, әлеуметтік аспектілерді ескере отырып, штат қысқартуды немесе
штатқа тартуды қалай пайдалануға болады (кадрларды пайдалануды жоспарлау),
кадрлардың біліктілігін арттыруға қалайша мақсатты түрде жәрдемдесуге
болады және олардың білімдерін өзгертіп отыратын талаптарға сәйкес
(кадрларды дамытуды жоспарлау) бейімдеуге болады, жоспарланған кадрлық іс-
шаралар қандай шығындарды талап етеді (персоналды ұстауға жұмсалатын
шығындар) деген сияқты сұрақтарға жауап беруге тиіс.
Мемлекеттік қызмет функцияларының халықаралық тәжірибесінде:
- континенталдық мансаптық;
- англо-саксондық позициялық;
- шығыс-азиялық элиталық мемлекеттік қызмет;
- мемлекеттік қызметтің корпоративтік үлгілерін бөліп көрсетуге
болады.
Дүниежүзілік тәжірибе, оның ішінде жеке сектор сараптамалары бойынша,
бағалаудың негізгі түрлері бар, оларды келесі кесте түрінде көруге болады
(1-кесте).

Кесте 1 – Қызметкерлерді бағалау әдістері

Әдіс атауы Әдістің қысқаша сипаттамасы
Өмiрбаяндық әдiс Өмірбаян мәліметтері бойынша қызметкерді
бағалау
Еркін түрдегі ауызша немесе Қызметкердің өзін көрсетуі туралы (жетістері
жазбашасы мiнездемелер мен кемшіліктері бірге) ауызша немесе жазбаша
мінездеме
Нәтижелер бойынша бағалау Қызметкермен жасалған нақты жұмыстың ауызша
немесе жазбаша сипаттамасы
Топтық пiкiрталастың әдiсi Топтағы пікірталастар мен мәселерді шешу,
пікірталас барысында қызметкердің білімі мен
жеке қасиеттері және т.б. сапаларының бағалануы
Эталондық әдiсi Ең жақсы қызметкер туралы баға
Матрицалық әдiс Жағымды сапалар бойынша қызметкердің нақты
сапалараның жиынтығы
Дайын формалар бойынша Алдын ала дайындалған форма бойынша сапалардың
бағалау мiнездемелердiң тiзiмiмен бағаланатын салыстыру
еркiн және ықтиярсыз
таңдауының әдiсi
Жинақталатын бағалардың Сарапшылық бағаларды нақтылы шәкiл бойынша
әдiсi қызметкерлерді бағалау
Анықталған топқа Анықталған топқа қолайлы үміткерлер немесе
қызметкерлерді таңдау әдісі нақты адамдар таңдап алынады
Тестілеу Бiлу бiлiмдердiң анықтауы арнайы тесттердiң
негiзiнде тағы басқа мiнездемелердiң
қабiлеттiлiктерi
Орын беру әдісі Басқа қызметкерлер арасындағы орнын бағалау
Салыстырмалы әдіс Өзара анықталған сапалар бойынша салыстыру
Балдық бағалау әдісі Жетістіктер мен кемшіліктер үшін баллмен
мөлшерлеп анықтау
Еркiн балдық бағалау әдiсi Әрбiр жеке жағдай бөлек қаралады.
Кесте 1 – жалғасы
Графикалық профиль әдiсi Шартты бағалау өлшеуiштер орынына (әр түрлi
сапалары
бойынша бағаланатын нүктелерiнiң сандық мән
жалғастыратын сызықтар Ломандарды профиль)
бағалардың график түрiнде формасын қолданылады.
Әдiс бағаланатын тамаша қызметкермен көрнекi
салыстыруы өткiзiп, сонымен бiрге өзара әр
түрлi қызметкерлердi салыстыруға мүмкiндiк
бередi
Коэффициент әдiсi Бағаның факторлары бөлінеді және әр түрлi
топтары үшiн бағаланатын бұл факторларының
нормативтiк мәндерiмен анықталады. Нақты нәтиже
нормативпен ара қатыста болады, нәтижесінде
қызметкерлердiң бағасын салыстыру және өткiзуге
мүмкiндiк беретiн әр түрлi коэффициенттер пайда
болады
Келеңсіз жаңдай әдiсi Келеңсіз жаңдайда қызметкердің жауапты шешім
қабылдауы (бейтаныс мәселесiнiң шешiмi, даулы
жағдайды шешу және тағы басқалар) бағаланады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік қызметтің қазіргі жағдайы мен ондағы кездесетін мәселелерді талдау
Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері
Кадрлық резервті қалыптастыру және оны пайдалану механизмі
Персоналды басқару және кадрлық саясат
Кадрлық саясат
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Кадр резервті жоспарлаудың теориялық негіздері
Персоналды басқару жүйесінің сатылары
Мемлекеттік басқару қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын нығайту
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
Пәндер