Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ.ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ.
1.1 Саяси.дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы ... ... ... ... ... .
1.2 Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ САУДА.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ.
2.1 ҚР мен ЕО.тың экономикалық қатынастарының қалыптасуы ... ... ...
2.2 Сауда байланыстары және ТАСИС бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы сыртқы саясатының мазмұны мен бағыттары оның мемлекеттік саясаты, идеологиясы, ұлттық мүдделері мен экономикалық даму потенциалымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, әлемдік саясатқа жол ашылғаннан бастап, мемлекет алдында әлемдік ынтымақтастықты дамуға байланысты көптеген міндеттер пайда болды. ҚР-ның Елбасы мәлімдегендей, тәжірибе мемлекетіміздің қоғам тұрақтылығына қауіп төндіретін түрлі дағдарыстық жағдайлардың алдын ала отырып, дұрыс жол таңдағанын дәлелдеді, және де Президенттің 2006 ж. Жолдауына сәйкес Қазақстанның дамыған елу елдің қатарына қосылу міндеті қойылды/1/. Қазақстанның бүгінгі күнгі даму деңгейін қалыптастыруда жүзеге асырылған бірқатар әлеуметтік-экономикалық реформалар мен барлық мемлекеттермен бейбіт қатынастар орнатуға негізделген көпвекторлы сыртқы саясаттың ықпал еткені белгілі.
«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» құжатында Елбасы әлемдік қауымдастыққа ену саясатын дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың қозғаушы күші болып табылатын, нарықтық жүйенің басты орталықтары – АҚШ, Жапония, Еуропа және Қытай серіктестігінің мүмкіндіктерін басты назарға ала отырып жүргізу қажеттігін атап өткен болатын/2/.
Президент Қазақстанның стратегиялық бағыттарының ішінде Еуропалық Одақ елдерімен байланысқа баса назар аударды. Елбасының айтуынша, Қазақстанның ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасында таяу уақытта бүкіл Еуропа мемлекеттерінің атынан басқа өлкедегі мемлекеттермен байланысқа түсетін Еуропалық Одақтың маңызы зор. Әсіресе, экономикалық саладағы мүмкіндіктерді пайдаланып қалу қажеттігі көрсетілді/3/. Өз кезегінде бұрынғы Сыртқы істер Министрі Қ. Тоқаев ҚР-ның сыртқы саясаты жөніндегі Консультативтік кеңесінің 4 мамыр 2002 ж. өткен алғашқы отырысында: «Қазақстан екі құрлықта да мүмкіндіктері зор ірі еуразиялық мемлекет болып табылады, және де ҚР-ның көпжақты, көпвекторлы сыртқы саясатында басымдықтары бар»/4/деп мәлімдеді.
ҚР-ның сыртқы саясат тұжырымдамасында еуропалық бағыт тұрақты басымдыққа ие. Осыған байланысты, Қазақстанның ЕО елдерімен қатынастарының қалыптасуына, әсіресе, саяси-дипломатиялық, экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың дамуына жанжақты талдау жасаудың маңызы өте зор. Тақырыптың өзектілігі Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығының кең көлемде жүзеге асуы ҚР-ның сыртқы саяси және экономикалық бағытының рационалдық, практикалық құрамдас бөлігі болуымен де байланысты. Бұл өз кезегінде ЕО-тың, ҚР-ның сыртқы саясатындағы орнын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарының қалыптасуының бастапқы кезеңінде-ақ республика басшылығы ЕО әр мемлекеттің сыртқы саясаты стратегиясын жасауда есепке алынуға тиіс саяси және экономикалық күш екенін түсінді. Еуропалық Одақ мемлекеттердің экономикалық және саяси ірі бірлестігіне айнала отырып, әлемдегі интеграциялық үрдістердің үлгісі қызметін атқарады. Таңдап алынған даму бағытының дұрыстығын дәлелдейтін жетістіктер Еуропада жүзеге асқан болатын.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Тарих факультеті

Дүние жүзі тарихы кафедрасы

Диплом жұмысы

ЕУРООДАҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Орындаған__________________ Сқақов І. А.____________________"_____"
___________2010 ж.

қолы
А. Ж. Ә.

Ғылыми жетекші__т. ғ. к., доц. Мырзабекова Р. С.____________
__________________ __________________

қолы А. Ж. Ә.

"_____" ___________2010 ж.

Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. д., проф. Жұмағұлов Қ. Т.________________________
_________________ ______________________

қолы
А.Ж. Ә.

"______" __________2010ж.

Алматы-2010
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ.
1. Саяси-дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы ... ... ... ... ... .
2. Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ.
2.1 ҚР мен ЕО-тың экономикалық қатынастарының қалыптасуы ... ... ...
2.2 Сауда байланыстары және ТАСИС бағдарламасы аясындағы
ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы
сыртқы саясатының мазмұны мен бағыттары оның мемлекеттік саясаты,
идеологиясы, ұлттық мүдделері мен экономикалық даму потенциалымен тығыз
байланысты. Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, әлемдік саясатқа
жол ашылғаннан бастап, мемлекет алдында әлемдік ынтымақтастықты дамуға
байланысты көптеген міндеттер пайда болды. ҚР-ның Елбасы мәлімдегендей,
тәжірибе мемлекетіміздің қоғам тұрақтылығына қауіп төндіретін түрлі
дағдарыстық жағдайлардың алдын ала отырып, дұрыс жол таңдағанын дәлелдеді,
және де Президенттің 2006 ж. Жолдауына сәйкес Қазақстанның дамыған елу
елдің қатарына қосылу міндеті қойылды1. Қазақстанның бүгінгі күнгі даму
деңгейін қалыптастыруда жүзеге асырылған бірқатар әлеуметтік-экономикалық
реформалар мен барлық мемлекеттермен бейбіт қатынастар орнатуға негізделген
көпвекторлы сыртқы саясаттың ықпал еткені белгілі.
Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы
құжатында Елбасы әлемдік қауымдастыққа ену саясатын дүниежүзілік шаруашылық
байланыстардың қозғаушы күші болып табылатын, нарықтық жүйенің басты
орталықтары – АҚШ, Жапония, Еуропа және Қытай серіктестігінің
мүмкіндіктерін басты назарға ала отырып жүргізу қажеттігін атап өткен
болатын2.
Президент Қазақстанның стратегиялық бағыттарының ішінде Еуропалық Одақ
елдерімен байланысқа баса назар аударды. Елбасының айтуынша, Қазақстанның
ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасында таяу уақытта бүкіл Еуропа
мемлекеттерінің атынан басқа өлкедегі мемлекеттермен байланысқа түсетін
Еуропалық Одақтың маңызы зор. Әсіресе, экономикалық саладағы мүмкіндіктерді
пайдаланып қалу қажеттігі көрсетілді3. Өз кезегінде бұрынғы Сыртқы істер
Министрі Қ. Тоқаев ҚР-ның сыртқы саясаты жөніндегі Консультативтік
кеңесінің 4 мамыр 2002 ж. өткен алғашқы отырысында: Қазақстан екі құрлықта
да мүмкіндіктері зор ірі еуразиялық мемлекет болып табылады, және де ҚР-ның
көпжақты, көпвекторлы сыртқы саясатында басымдықтары бар4деп мәлімдеді.
ҚР-ның сыртқы саясат тұжырымдамасында еуропалық бағыт тұрақты
басымдыққа ие. Осыған байланысты, Қазақстанның ЕО елдерімен қатынастарының
қалыптасуына, әсіресе, саяси-дипломатиялық, экономикалық, гуманитарлық
салалардағы ынтымақтастықтың дамуына жанжақты талдау жасаудың маңызы өте
зор. Тақырыптың өзектілігі Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығының кең көлемде
жүзеге асуы ҚР-ның сыртқы саяси және экономикалық бағытының рационалдық,
практикалық құрамдас бөлігі болуымен де байланысты. Бұл өз кезегінде ЕО-
тың, ҚР-ның сыртқы саясатындағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарының қалыптасуының
бастапқы кезеңінде-ақ республика басшылығы ЕО әр мемлекеттің сыртқы саясаты
стратегиясын жасауда есепке алынуға тиіс саяси және экономикалық күш екенін
түсінді. Еуропалық Одақ мемлекеттердің экономикалық және саяси ірі
бірлестігіне айнала отырып, әлемдегі интеграциялық үрдістердің үлгісі
қызметін атқарады. Таңдап алынған даму бағытының дұрыстығын дәлелдейтін
жетістіктер Еуропада жүзеге асқан болатын.
Қазақстан Республикасының Еуропамен ынтымақтастығын арттыруға ең
алдымен мемлекетіміздің Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің түүйіскен
тұсында орналасуы негіз болады. Екіншіден, ЕО бүгінгі таңда әлемнің басты
экономикалық орталықтары мен сауда-экономикалық ынтымақтастық
бірлестіктерінің бірі болып табылады. Еуропа – бұл, ең алдымен,
энергетикалық шикізаттың тұтыну нарығы, Қазақстан экономикасы үшін капиталл
мен инвестицияның экспорты, ғылым, білім беру мен денсаулық сақтау
салаларының жоғарғы деңгейі.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы геосаяси орналасуымен, Еуропа мен
Азияны байланыстырушы көлік дәлізі, табиғи байлықтары, әсіресе,
көмірсутекті шикізат пен тау-кен саласымен Еуропалық Одақтың назарын
аударып отыр. Қазақстанда барланған мұнай мен газдың бай қорларының болуы
ЕО-тың негізгі мақсаттарын айқындап берді. Сәйкесінше, Қазақстанның
Еуропалық Одақ елдеріне энергетикалық ресурстар жеткізуші ретіндегі Орталық
Азия өлкесіндегі рөлі күннен күнге артып отыр. Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан бастап, мемлекетіміз бен Еуропалық Одақ айтарлықтай жетістіктерге
қол жеткізді. Бүгінгі таңда Қазақстан ЕО-тың стратегиялық серіктестіні
болса, ЕО ірі сауда серіктесі және инвесторы болып табылады. 2000 ж. бастап
ҚР мен ЕО арасындағы қатынастар екіжақты ынтымақтастықта жаңа бағыттардың
пайда болуымен сипатталатын жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл Серіктестік пен
ынтымақтастық жөніндегі Келісімде бекітілді.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақстан мен Еуропалық одақтың
байланыстарының қалыптасуы мәселесінің тарихнамасына байланысты
С.Нурдавлетова жан-жақты зерттеу жүргізді. Батыстық тарихнамада зерттеуші
М. Олкотт Еуропалық Одақ пен Каспий өлкесінің байланыстарын зерттесе, Дж.
Бонин ЕО мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы мәселесіне талдау
жасайды. Р. Барыльский, Г. Фуллер, Д. Андерсон Каспий мәселесіне байланысты
зерттеулер жүргізсе, профессор Г. Глисон білім беру саласы мен бүгінгі
таңдағы Орталық Азия өлкесіндегі қалыптасқан жағдай мен даму тенденцияларын
басты назарға алады. Зерттеуші А. Рар Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы
қарымқатынастың салыстырмалы талдауын береді. Жалпы алғанда, батыстық
авторлар ортаазиялық мемлекеттердегі қоғамды демократияландыру,
энергоресурстарды Еуропаға жеткізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мәселелерін көтереді... 1990 ж. аяғында Батыс Еуропа мен АҚШ
университеттерінде Орталық Азияны зерттеу орталықтары қалыптасқан болатын.
Еуропалық зерттеу орталықтары мен институттарының ішінде Француздық
Орталық Азияны зерттеу институты, британдық Халықаралық қатынастардың
корольдық институты және Стратегиялық зерттеулердің халықаралық
институты, Германияның сыртқы саясаты қоғамы т. б. атауға боладынурдав9-
10.
2000-2007 жж. ресейлік авторлар еуропалық интеграцияны кешенді талдау,
Ресей Федерациясы, Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің (соның ішінде
Қазақстан) байланыстары мәселелеріне баса назар аударады. О. В.
Буторин123, В. В. Журкин124-125, М. В. Каргалова126, М. М.
Максимова127 Ю. В. Шишкова128 т.б. еңбектерін атап өту қажет. Бұл
еңбектерде Ресей, ЕО, ТМД арасындағы ынтымақтастық, еуропалық интегрция
мәселелері қарастырылады. Профессор Ю. А. Борко129 өз еңбектерінде ЕО мен
ТМД елдерінің сауда-экономикалық саладағы байланыстарына талдау жасайды.
(Енсебаева)Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы мен
дамуына байланысты қазақстандық тарихшы, саясаттанушы зерттеушілердің
көптеген еңбектері жарық көрді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ
байланыстарының қалыптасу тарихы мәселесі әлі де зерттелу үстінде.
Қазақстандық зерттеушілердің ішінде Қазақстанның сыртқы саясаты
мәселелеріне байланысты Қ. Тоқаевтың бірқатар еңбектері жарық көрді. Автор
Қазақстан мен Еуропалық Одақтың байланыстарын дамытудың маңыздылығы мен
қажеттілігі туралы баяндайды. ҚР-ның сыртқы саясаты бойынша алғашқы
жалпылама еңбектердің бірі – 1997 ж. жарық көрген Под стягом
независимости кітабы. Еңбекте егемендіктен кейінгі бес жылдағы сырқы
саясаттың қалыптасуы мен Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ену үрдісі
баяндалады.
Сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарды зерттеуде Қ. Тоқаевтың Жаһандану
жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты (2000) монографиясының маңызы
зор. Еңбекте жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның сыртқы саясатындағы
экономикалық факторлар туралы баяндалады. Әсіресе, тәжірибелік және ғылыми-
саяси қызығушылықты монографияның Қазақстанның халықаралық ұйымдармен,
соның ішінде, Еуропалық Одақпен байланыстары қарастырылатын тарауы
туғызады. Автор өзінің Қазақстан Республикасының Дипломатиясы атты
монографиясында елдің жаңа мыңжылдықтағы сыртқы саяси бағытын айқындай
отырып, ұзақ мерзімді дамубағытында негізгі қызыңушылықты Еуропалық Одақ
туғызып отыр. Еліміз үшін ЕО-тың саяси диалогты дамытуға дайындығының
тәжірибелік маңызы зор деп көрсетеді45.34-35. Қ. Тоқаев еңбектерінің
ішінде Қазақстан Европалық Одақтың байланыстары мәселесіне арналған
мақаланы бөліп көрсетуге болады. Мақалада екіжақты экономикалық
байланыстардың талдауы мен келісімдік-құқықтық негізінің қалыптасқан
жағдайы қысқаша қарастырылады46.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, стратегиялық
мақсаттары мен негізгі міндеттері, принциптері мен басымдық бағыттары,
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасын даярлауда Елбасы Н. Ә.
Назарбаевтың қосқан үлесі, т. б. мәселелер Г. Б. Ханның47,48 басшылығымен
шыққан ұжымдық еңбектерде жарық көрді.
Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдықтары мен бағыттарын
геосаяси тұрғыдан зерттеу тайваньдық ғалымы Чжен Кун Фу49 еңбектерінде
жарияланды. Сыртқы саясат пен қоғамдық пікір, Қазақстан мен Еуропалық Одақ
елдерінің өзара байланыстары ҚХР зерттеушісі Сюй Хоэй-Фан51 еңбектерінде
баяндалады.
Қазақстанда бүгінгі күнде еуропалық интеграция мәселелерін зерттеумен
айналысатын профессор Ж. У. Ибрашев басқаратын мектеп қалыптасты. Еуропалық
интеграция мәселесін зерттеумен К. И. Байзакова, И. Л. Бурнашов, Ф. Т.
Көкеева сынды ғалымдар айналысады. Қазақстандық зерттеушілер кейбір
еңбектерінде ҚР мен ЕО-тың ынтымақтастығының жекелеген аспектілеріне ғана
тоқталып өтеді. ҚР мен ЕО-тың екіжақты байланысы ынтымақтастығының жалпы
мәселелері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі Халықаралық
қатынастар факультетінің Халықаралық қатынастар және ҚР-ның сыртқы саясаты
кафедрасы оқытушыларының жекеленген мақалалары мен ұжымдық еңбектерінде
жарық көрді. Соның ішінде негізгі еңбектер Ж. У. Ибрашевтың редакторлығымен
шыққан Еуропалық Одақ және Орталық Азия атты жинаққа енгізілді. Ұжымдық
монографияда алғаш рет Еуропалық Одақтың ТМД елдеріндегі қызметі мен
бағыттары, жалпы тенденцияларды талдау мен салыстыру мәселелері
көтерілді57. Г. Ш. Жамбатырова мен И. А. Черныхтың Еуропалық Одақ және
Орталық Азия атты бөлімінде ЕО мен Орталық Азия мемлекеттері арасында
өзара қарым-қатынастардың орнауы мен ынтымақтастықтың саяси-құқықтық
негіздері қарастырылған. Каспий мұнайын тасымалдау мен қауіпсіздік,
экологиялық мәселелер И. А. Черных тарауында көтеріледі. ЕО мен ҚР-ның
өзара байланыс мәселелері М. Ш Ғұбайдуллина еңбегінде жарық көреді65.
Орталық Азия аймағындағы демократия мен демократиялық институттарды
дамыту бойынша Еуропалық бағдарлама мәселесі К. Н. Макашеваның, Тасис
және Темпус бағдарламаларының қызметі Ф. Т. Көкееваның еңбегінде жарық
көреді. Ұжымдық монографияның кемшілігі – еңбекте наша тасымалдау мәселесі
толық қарастырылмайды.
Зерттеуші М. Т. Лаумулин монографиясының жекеленген тарауында ҚР мен
ЕО-тың байланыстарының қалыптасу тарихын қарастырады. Аталмыш мәселені ЕО-
тың экономикалық, саяси және стратегиялық мүдделері тұрғысынан ашып
көрсетеді. Еуропалық Одақтың құрылуы мен еуропалық интеграцияның қалыптасу
мәселелеріне байланысты еңбектер кеңестік кезеңде жарық көрді. Нақты ҚР мен
ЕО-тың екіжақты қарым-қатынасына байланысты 2003 ж. зерттеуші Э. Т.
Еңсебаеваның Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында
диссертациясы, 2007ж. жоғарыда аталған С. М. Нұрдавлетованың диссертациясы
жарық көрді. Э. Т. Еңсебаева өз зерттеуінде ҚР мен ЕО арасындағы саяси-
дипломатиялық, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды
зерттейді. С. М. Нұрдавлетова еңбегінде 2000-2007 жж. экономикалық мәселесі
тереңірек зерттеледі. Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы мәселелеріне КИСИ,
Қазіргі саясаттың халықаралық институты, т.б. орталықтар да зерттеу
жүргізеді.
Бітіру жұмысының деректік қоры. (нурд)Бітіру жұмысының деректік
негізін құрайтын деректерді сипаты бойынша бірнеше топқа сыныптауға болады.
Деректердің бірінші тобын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен
халықаралық құқықтың негізгі принциптерін қамтитын құжаттар құрайды. Бұл ең
алдымен, ҚР-ның сыртқы саяси бағдарының қалыптасу үрдісінің концептуалдық
және құқықтық негізі болып табылатын ҚР Конституциясы5. Осы жерде
Қазақстан Республикасының халықаралық құқық субъектісі ретіндегі барлық
құқықтарының егемендігін растайтын заңнамалық актілерді де атауға болады.
Деректердің екінші тобына Еуропалық Қауымдастықтың негізін құрайтын
құжаттар: Париж келісімі – Көмір мен болаттың Еуропалық бірігуі туралы
келісім (ЕОУС), Рим келісімдері – Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ)
және Атомдық энергия жөніндегі Еуропалық қауымдастық (Еуратом) туралы
келісімдер, Бірыңғай еуропалық акт, Маастрихт, Амстердам және Ницца
Келісімдері жатады8-14. Аталған құжаттардан бөлек екінші топқа ӘлФараби
атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуропалық Құжаттау орталығының Еуропалық Одақтың
халықаралық қызметіне байланысты материалдары енеді15-17. Маңызды
деректердің бірқатарын Еуропалық Комиссияның ресми баспа органы болып
табылатын ТАСИС ақпараттық бюросындағы әр жылдық баяндамалар, анықтамалық
құжаттар, ТАСИС бағдарламасының мақсаты, міндеттері мен шарттарына
байланысты материалдар мен ақпараттар, т.б. құжаттар құрайды.
Үшінші деректер тобына ҚР мен ЕО-тың екіжақты қатынастарын реттейтін
дипломатиялық құжаттар мен ЕО Комиссиясының құжаттары жатады. Деректердің
төртінші тобын Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің
ішківедомстволық құжаттары мен ҚР-ның СІМ мұрағатының материалдары, т. б.
құрайды.
Деректердің бесінші тобына Қазақстан Республикасы мен Еуропалық
Одақтың мүшемемлекеттерінің мемлекеттік және саяси қайраткерлерінің жоғарғы
дәрежедегі кездесулер, конференциялар мен жиналыстардағы баяндамалары мен
арнаулары жатады. Бұл деректер тобы екі жақты ынтымақтастық мәселелеріне
байланысты саяси қайраткерлердің ресми позициясы мен көзқарастарын
айқындауға көмек береді.
Алтыншы топтағы деректерге мерзімді басылым беттері мен Халықаралық
ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі материалдар енеді. Газет-журналдардағы ақпараттық
материалдар Қазақстан мен Еуропалық Одақтың экономикалық ынтымақтастығы
мәселесіне қатысты жаңалықтарды кешенді талдауға септігін тигізеді.
Деректердің жетінші тобын белгілі бір мәліметтерді сандық және
фактілік растайтын статистикалық жинақтар құрайды. Бұл материалдар
Қазақстан мен мүше мемелекеттердің экономикалық көрсеткіштері туралы
мәліметтерді қамтиды және екіжақты сауда, инвестициялық қатынастардың
сипатын ашып көрсетеді. Деректер мен материалдардың Қазақстан ЕО-тың
экономикалық ынтымақтастығының дамуы үрдісін зерттеуде маңызы зор.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысынының
негізгі мақсаты – Қазақстан мен Еуропалық Одақтың экономикалық
ынтымақтастығының дамуын зерттеу. Осы мақсатқа жетуде төмендегідей
міндеттер қойылады:
- Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың дипломатиялық
қатынастарының орнауының негізгі кезеңдерін қарастыру;
- ҚР мен ЕО ынтымақтастығының құқықтық негіздерін айқындау;
- Экономикалық қатынастардың қалыптасуы, бағыттары мен сипатын анықтау;
- Екіжақты сауда байланыстарын талдау;
- ҚР мен ЕО арасындағы ТАСИС бағдарламасы аясындағы экономикалық
ынтымақтастықтың дамуын зерттеу;
- ҚР мен ЕО ынтымақтастығының даму жоспарын айқындау;
- Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағыттың тұрақтылығын
көрсету; т. б.
Бітіру жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Бітіру жұмысының
методологиялық негізін мәселенің зерттелу объектісін ғылыми және объективті
бағалауға мүмкіндік беретін жалпы методологиялық принциптер құрайды. Бұл ең
алдымен, объективтілік және тарихилық принциптері. Тарихилық принципі
зерттеудің мақсаты мен бағытын анықтап, тарихи құбылыстарды пайда болуы мен
даму барысында зерттеуге мүмкіндік береді. Тарихилық принципін зерттеу
объектісі мен оның орнын айқындауға септігін тигізетін объективтілік
принципі толықтырады.
Бітіру жұмысын жазу барысында тарихи құбылысты белгілі бір жүйе
шеңберінде қарастыруға мүмкіндік беретін жүйелілік тұрғының негізгі
ережелері қолданылды. Деңгейлік-секторлық тұрғы экономикалық қатынастардың
эволюциясын кешенді талдауға мүмкіндік береді. Елбасы және тағы басқа
қайраткерлердің баяндамаларын талдауда мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері
қолданылды. Қойылған міндеттерді орындауда салыстырмалы тарихи талдау,
құжаттарды зерттеу секілді жалпы ғылыми тәсілдер де көмегін тигізді.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың экономикалық
ынтымақтастығының дамуын зерттеуде тарихи баяндау, талдау, болжау тәсілдері
де қолданылды. Мәселенің көпаспектілігі жұмысты баяндаудың мәселелік-
хронологиялық тұрғысын қолдануды қажет етеді.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Бітіру жұмысының
ғылыми жаңалығы жұмыстың мақсат-міндеттерімен тікелей байланысты. Қазақстан
мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы жеке мәселе ретінде толық зерттелген
жоқ. Бітіру жұмысында Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағыттың
үлгісі Еуропалық Одақпен байланыстарының қалыптасу сатылары қарастырылып,
экономикалық ынтымақтастықтың дамуы жеке мәселе ретінде талданады. Зерттеу
барысынды кең көлемдегі деректер мен материалдарға талдау жасалынып, жүйелі
баяндалады. Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығының даму
перспективасына жеке баға беріледі. Осы мәселеге қатысты жүргізілген тарихи
ғылыми зерттеулердің нәтижелері қолданылады. Және Қазақстан мен Еуропалық
Одақтың бүгінгі күнгі экономикалық байланыстарына бойынша жаңа мәліметтер
ғылыми айналымға енгізіледі.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы – жұмыста қолданылған материаладар
тарихшы, саясаткер, экономист және т. б. мамандардың қызығушылығын
туғызады.
Бітіру жұмысының хронологиялық-территориялық шеңбері. Бітіру жұмысында
Қазақстанның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасының басталуынан, яғни ХХ
ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бүгінгі күнге дейінгі тарихи оқиғалар
баяндалады. ҚР мен ЕО арасындағы екіжақты сауда-экономикалық байланыстар
мен келісімдердің мәні мен маңызы талданады.
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарауды қамтитын негізгі,
қорытынды бөлімдер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың
құрылымы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың орнауынан
бастап, бүгінгі күнге дейін жүзеге асып келе жатқан экономикалық
байланыстар мен оқиғалар негізінде құрылды.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ
1. 1 Саяси-дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы
Орталық Азия аймағының бүгінгі таңда барлық дерлік халықаралық
қауымдастықтар үшін маңызы артып келеді. Соның ішінде Еуропалық Одақ та
аталмыш аумақтағы экономикалық қатынастарға айрықша мән беріп отыр. Оның
бірнеше себептері бар. Энергоресурстарға тәуелді Еуропалық Одақ Таяу
Шығыстағы мұнай қорларына балама энергетикалық қайнар көздерді іздеуге
тырысады. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлемдік қауымдастыққа танылуы,
ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу үрдісі жас мемелекетіміздің жаңа
мыңжылдықтағы маңызды даму тенденцияларын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының еуразиялық кеңістіктегі шекаралар түйісінде
орналасуы мен геосаяси орналасуы мелекетімізді әлемдік қатынастарға
белсенді араласуын міндеттейді. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарында
елде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда бірқатар маңызды
өзгерістер орын алды. Негізгі заңның қабылдануы Қазақстанның егемендігін
нығайтуда қажетті саяси-құқықтық шарттарды қалыптастырып, тиімді сыртқы
саяси бағдарды жүзеге асырудың алғышарттарын жасады.
Осылайша, қазіргі қалыптасқан жағдай сыртқы саяси бағдарда көпвекторлы
ынтымақатастық пен серіктестікті дамыту қажеттілігін айқындап отыр.
Қазақстан үшін тиімді бағыттардың бірі – еуропалық вектор екені белгілі.
Соғыстан кейінгі Еуропа территориясында қалыптасқан жоғары дәрежелі
интеграция үрдісіне баса назар аудара отырып, Елбасы Н. Ә Назарбаев 1995 ж.
осы бағытты стратегиялық және ұзақ мерзімді деп көрсете отырып, Еуропалық
Одақтың Қазақстанның дамуында қосар үлесін ерекше атап өткен болатын.
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың екіжақты
ынтымақтастығының дамуына ерекше назар аударылып отыр. Қазақстанның сыртқы
саясатында ҚР мен ЕО арасындағы саяси, экономикалық және мәдени
қатынастарды қалыптастыру басым бағыттардың біріне айналды. Өз
кезегінде Қазақстан Республикасы геосаяси орналасуымен, Еуропа мен Азияны
байланыстырушы көлік дәлізі, табиғи байлықтары, әсіресе, көмірсутекті
шикізат пен таукен саласымен Еуропалық Одақтың назарын аударып отыр.
Қазақстанда барланған мұнай мен газдың бай қорларының болуы ЕО-тың негізгі
мақсаттарын айқындап берді. Сәйкесінше, Қазақстанның Еуропалық Одақ
елдеріне энергетикалық ресурстар жеткізуші ретіндегі Орталық Азия
өлкесіндегі рөлі күннен күнге артып отыр. Еуропалық Одақ елдерімен
ынтымақтастықты арттыру республикада өңдеуші өнеркәсіп, ауылшаруашылығы
салаларын дамыту мен банк және қаржы жүйесінің жалпы құрылымын, еңбек пен
қызмет көрсету нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1993-1995 жж. Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасымен өзара қарым-
қатынасы тұжырымы қалыптасты. Ол бастапқы кезеңде саяси демократияландыру
мен экономикалық либерализациялауды қолдау, заң шығару және т.б. салаларды
басқару стратегиясын жүзеге асыруда кеңес беру секілді басымдықтарға
негізделді. 1993-2000 жж. аралығында екі жақ та өздерінің мақсат-
міндеттері мен мүмкіндіктерін толық айқындап үлгермегенімен, бүгінгі таңда
Еропалық Одақ Орталық Азия мен Қазақстанда бақылаушы рөлінен қатысушы
рөліне көшті. Алғашқы жылдары ЕО пен бұрынғы Кеңес Одағының құрамында
болған мемлекеттер арасындағы саясаттың қалыптасуы, ЕО-тың жалпы
стратегиясының негіздері, жекеленген Еуропа мемлекеттерінің саяси,
экономикалық мүдделерінің ЕО-тың жалпы саяси бағдарымен үндесуі қандай
болады және қалай жүзеге асады деген сұрақтардың туғаны жасырын емес. Сол
сияқты Еуропада да ТМД-дағы демократиялық және нарықтық қайта құрулар
туралы толық шынайы түсінік қалыптаспады.
Еуропалық Одақ пен Орталық Азия және Қазақстанмен қарым-қатынасы
үрдісін шартты түрде үшке бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1994-1999
жж. аралығын қамтиды. Бұл кезеңде Еуропалық Одақтың Орталық Азия мен
Қазақстандық стратегиясы төмендегідей бағыттардан тұрады:
- Орталық Азия мен Қазақстандағы ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру;
- түрлі демократиялық жаңашылдықтар мен нормаларды қабылдау;
- жаңа демократиялық республикаларға нарықтық қатынастарға енуде
экономикалық көмек көрсету және сыртқы экономикалық ба ланыстарын
реттеу.
Жоғарыдағы мақсаттарға аталмыш бағыттарды пайызсыз несие мен қарыз
түріндегі мемлекетаралық келісімдерді бекіту жолымен қаржыландыру арқылы
қол жеткізілді. ЕО қаржылық көмекпен қатар халықаралық және еуропалық
ұйымдардың (ЕҚЫҰ, Еуропарламент, Еуропалық комиссия, БҰҰ-ның босқындар
жөніндегі Комиссариаты, Еуропа Кеңесі және т.б.) көмегімен ішкі саяси
жағдайдың мониторингін жүргізді. Көптеген орталық азиялық республикалар ЕО-
тың жүргізілуге тиіс Еуропалық стандарттарға сай реформалар үшін қаржылай
көмек беріліп отырғандығымен келісті. Осы жерде Бұрынғы КСРО құрамындағы
республикаларға көмек көрсетуге бағытталған ТАСИС бағдарламасын атап
өтуімізге болады.
Батыстан телінген идеология республикалардың ішкі саяси жағдайына
тұрақтандырушы ықпалын тигізді. Демократияның батыстық стандарты көптеген
белгілері бойынша мемлекетке қарсы күштерді ұйымдастырушы болып табылатын
діни ренессанс үрдісін бастауға мүмкіндік берді.
Үшінші жаңа кезең (2004 ж. – бүгінгі күнге дейін) Еуропалық Одақтың
Орталық Азия мен Каспий аймағына саяси бағдарлануымен ерекшеленеді. Қазір
ЕО наркотрафик пен заңсыз көші-қон, діни экстремизм мен басқа да заманауи
үндеулердің алдын алуда маңызды рөл атқаратын Орталық Азияға қатысты өз
стратегиясын анықтады.
Атап өтетін бір жайт, 11 қыркүйек 2001ж. АҚШ-дағы оқиғадан кейін
Еуропалық Одақ орталықазия аймағына қатысты саясатын қайта қарап, аймақтық
ынтымақтастыққа баса назар аудара бастады. Осыған сәйкес ЕО тың көмек
көрсету стратегиясына өзгертулер енгізілді. Нәтижесінде ТАСИС техникалық
бағдарламасы жасалынды. 2002-2004 жж. бағытталған индикативті бағдарлама
Орталық Азия аймағымен өзара байланыста кешенді бағыт енгізу бойынша ЕО-тың
қабылдаған жаңа бастамаларын қамтитын алғашқы бағдарлама болды.
Қазақстанның қазіргі жағдайы көпжақты ынтымақтастық пен серіктестіктің
тиімділігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының еуропалық істерге
қызығушылығы да негізсіз емес. Ең алдымен Қазақстан Батыс Еуропадағы жоғары
дәрежедегі интеграцияға мән беріп отыр. Екінші себебі, ҚР-ның бір бөлігінің
еуропалық континентте орналасуы болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан
экономиканы қалпына келтіру, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу,
сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мен жеке сыртқы саясатты жүргізуде
ЕО-тың көмегі мен тәжірибесіне қызығушылық туғызды.
Еуропалық Одақ саясатының қазақстандық бағытында экономикалық
ынтымақтастықты дамытудың маңызы өте зор. Соның ішінде елдегі жүзеге
асырылған жекешелендіруді қолдау мен кәсіпорындарды қайта құруға назар
аударылды. Бұл кіші және орта кәсіпорындарды дамыту мен қаржылық
құрылымдарды модернизациялаумен байланысты болды. ТАСИС бағдарламасы
бойынша Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құруда бірқатар шаралар
жүргізілді. ЕО-тың Қазақстанға қатысты саясаты бастапқы кезеңнен-ақ
республиканың өлкедегі еуропалық қаржылық және саяси институттарды
біртіндеп нығайту, мемлекеттік үлгілерді демократияландырумен байланысты
ішкі саяси үрдістерді пайдалануға негізделген жалпыеуропалық стратегияға
қосылуымен байланыстырылды. ЕО пен ҚР-ның ресми байланысы 3 наурыз 1992 ж.
басталады. Бұл күні Елбасы Н.Ә. Назарбаев бұрынғы вице-президент Ф.
Адрияссен басқарған Еуропалық қауымдастық Комиссиясының делегациясын
қабылдады. Кездесу барысында екі жақ та тікелей байланыстар орнатуға
мүдделі екендіктерін білдірді. 1992 ж. соңында Алматыда ЕО-тың ТАСИС
бағдарламасы аясында ҚР-на техникалық көмек көрсету жөніндегі
Координациялық Бюросы ашылды. Кейінірек, ЕО Комиссиясы мен Қазақстан
Үкіметі ТАСИС бағдарламасын жүзеге асырудың бастамасы болып табылатын
Қаржыландыру жөніндегі Меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық
қатынастар 2 ақпан 1993 ж. орнатылды. 1-2 ақпан 1993ж. Қазақстан Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың Брюссель қаласына ресми іссапары болды. Нәтижесінде
Еуропалық Комиссия Президенті Ж. Делормен келіссөздер жүргізілді.
15 қазан 1993 ж. ҚР делегациясы Брюссельде текстильді өнім саудасына
байланысты келісім жасасты. Аталмыш келісімді жүзеге асырудың 1 қаңтар
1994 жылдан 31 желтоқсан 1995 жылға дейінгі келісімі жасалды, ал 1 қаңтар
1996 ж. бастап келісім тағы да 3 жылға ұзартылды.
ҚР мен ЕО-тың дипломатиялық қатынастарының қалыптасуының маңызды
сатыларының бірі - Бельгия Корольдығында 15 сәуір 1993 ж. Қазақстан
Елшілігінің ашылуы болды. Қазақстанның Брюссельдегі дипломатиялық өкілдігі
ЕО-пен саяси және экономикалық байланыстарды тереңдету, ЕО-тың Қазақстанда
экономикалық реформалар жүргізуге берілетін көмегін мобилизациялау, ЕО
институттарымен тұрақты байланыстарды нығайту, т.б. мәселелерін көтерді.
Елшіліктің ашылуы ҚР мен ЕО-тың тиімді ынтымақтастығын дамытуда жаңа қадам
болды.
Алайда, ҚР мен ЕО-тың одан кейінгі байланыстарын айқындайтын басты
оқиға ҚР-ның Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 19 қаңтар 1994 ж. Бельгия
Корольдығындағы ҚР Елшілігіне ЕО тұсындағы ҚР-ның Өкілдігі қызметін жүктеу
мен ҚР-ның Бельгия Корольдығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. М.
Қырбасовты Өкілдіктің басшысы етіп тағайындауы болды. Бұл оқиға екіжақты
қатынастарға қажетті дипломатиялық негізді жасады.
ҚР мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауында маңызды
рөлді ЕО-тың ҚР-дағы дипломатиялық өкілдігінің ашылуы болды. 1994 ж.
қарашада Алматыда Р. Кремердің басшылығындағы Еуропалық Комиссияның
Өкілдігі ашылды. Р. Кремер 1994 ж. желтоқсанда ҚР Президенті Н. Ә.
Назарбаевқа сенімділік грамотасын тапсырды.
Осылайша, 1994 ж. соңына қарай Қазақстан мен Еуропалық Одақтың
толыққанды ынтымақтастығын дамытудың барлық – экономикалық, саяси және
дипломатиялық алғышарттары мен шарттары қалыптасы. ЕО бұрынғы Кеңес Одағы
территориясындағы Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қатысты саясатының
стратегиясын айқындады. Ол қажеттілікке байланысты орталық азиялық аймақ
немесе жекеленген мемлекеттерге бағытталып, бейімделіп отырды.
Өз кезегінде, Қазақстан ЕО-пен байланыстарын жоғарғы деңгейге көтеру,
ҚР-ның Бельгиядағы Елшілігін ашу, ынтымақтастық және техникалық көмек
жөніндегі бағдарламаны қабылдау, олардың барлығын жүзеге асырудың қажетті
шарттарын орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол себепті ЕО
Қазақстанды өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруда саяси
еріктілігінде немесе объективті экономикалық шарттарында кемшілігі жоқ ең
белсенді серіктестердің бірі ретінде таныды.
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың келесі байланыстары
біршама сәтті дамытылды. Осы кезеңде Қазақстан өзара тиімді қатынастарға
негіз болған халықаралық келіссөздер мен келісімдер жасады. 1995 ж.
қаңтарда Президент Н. Ә. Назарбаев пен ЕО Кеңесінің Басшысы Ж. Сантер 1
шілде 1999 ж. күшіне енген Серіктестік пен Ынтымақтастық жөніндегі
Келісімге (СПС) қол қойды. Құжаттарды бекітудегі өз сөзінде Қазақстан
Президенті ТМД елдері төрт еркіндік: тауар, жұмыс күші, қызмет пен
капиталдың еркін қозғалысына негізделген Европалық Одақ үлгісін қабылдауы
керек деп көрсетті. Біз Еуроодақтан XXI ғасырға бағытталған экономикалық
және саяси интеграцияның барынша тиімді үлгісін көреміз деді.
ЕО-ның ҚР-мен дипломатиялық қатынастар орнатудағы басты мақсаттарының
бірі – тоталитарлық саяси жүйеден демократиялық ашық қоғамға өту және
аймақтағы тұрақтылықты сақтау үрдісіне ат салысу болды. Қазақстандық-
еуропалық қатынастардың қалыптасу барысын талдай отырып, төмендегідей
қорытындылар жасауға болады. ҚР Үкіметі Еуропадағы интеграциялық үрдістерді
жақсы қабылдайды. ҚР мен ЕО-тың екіжақты байланыстарын дамытуға ерекше
көңіл бөлінеді. ҚР мен ЕО-тың экономика, энергоресурстар саласындағы
ынтымақтастығы ҚР-ның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып
табылады. Еуропалық интеграция Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін
аймақтық интеграцияның озық үлгісі болып саналады. ҚР мен ЕО
байланыстарының қалыптасу кезеңінің аяқталуы жаңа кезеңмен алмасады. 2002
ж. 6-8 мамыр аралығында Астанаға ЕО-тың Техникалық Комиссиясының
делегациясы ЕО Елшілігін астанаға көшіруге байланысты мәселелерді кешенді
бағалау мақсатында келді.Бұрынғы Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев кездесу
барысында ЕО-пен байланыстардың Қазақстан үшін маңызын ерекше атап өтті.
ҚР мен ЕО қатынасының дамуына ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2000 ж.
маусым және 2002 ж. қарашадағы Брюссельге сапары ықпал етті. Іссапар
барысында Елбасы ЕО-пен байланыс Қазақстанның сыртқы саясатының басым
бағыты екендігін айтып өтті. 2000 ж. кездесуде екіжақты келісімнің
жағдайы мен даму болашағы және оны стратегиялық серіктестік жағдайына
көшіру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысында текстильді өнімдер
саудасы жөніндегі екіжақты келісімдерге өзгерістер енгізу туралы Келісімге
қол қойылды. 2002 ж. кездесуде ЕО штаб-пәтерінде ҚР Үкіметі мен ЕО атомдық
энергияға қатысты келісімге қол қойды.
2003 ж. қазанда Қ. Тоқаевтың Брюссельге сапары барысында Қазақстан мен
ЕО ынтымақтастығының жаңа бағыттары белгіленді. Ал, 2004 ж. Еурокомиссия
мүшесі К. Паттен Қазақстанға сапарында ЕО Қазақстанды аймақтағы көшбасшы
мемлекет және маңызды геостратегиялық серіктес ретінде танитынын
мәлімдеді.
15 қаңтар 2007 ж. Астанада Сыртқы істер Министрі М. Тәжин ЕО-қа мүше
мемлекеттер Елшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі жақ
қазақстандық-еуропалық ынтымақтастықтың дамуы мен келешегі, халықаралық
қатынастардағы өзекті мәселелер, атап айтқанда, аймақтық саясат пен
энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін қарастырды79.
ЕО өкілдері тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда үлкен өзгерістер
болғандығын және бүгінгі күнде Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналғандығын
атап өтті. Бенита Ферреро-Вальднер Астанадағы 19 қазан 2006 ж. кездесуде
айтқандай: Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі экономикалық дамуы
экономикалық реформалар мен қаржылық көмектің жоғары сапалығына байланысты
үлкен жетістікке айналды. Қазақстан мемлекетті шеберлікпен басқару және
ядролық қарудан бас тарту үлгісімен әлемдік сахнада жоғарғы тұрғыдан
көрінді75.
Осылайша, Қазақстан мен ЕО байланыстарының қалыптасу кезеңі аяқталып,
жаңа деңгейге көшті деп айтуымызға болады. 2000-2007 жж. ҚР мен ЕО арасында
түрлі келісімдерге қол қойылды. Жалпы алғанда, ҚР мен ЕО қатынастары – ЕО-
тың тәжірибесі мен даму мүмкіндіктерін мемлекеттік қызмет жүйесін нығайтуда
қолдану, дағдарыстық құбылыстардың алдын авлу, құрылымдық қайта құру,
экономиканы либерализациялау мен тұрақтандыру, әлемдік шаруашылық жүйесіне
интеграциялану мен нарықтық құрылымдарды реформалау сынды жалпы сипаттағы
бағыттарға ие.
М. Тәжин айтқандай, біз динамикалық экономика мен халықаралық
қауымдастықта берік позицияға ие күшті және тұрақты мемлекетті құрдық.
Таңдалған басымдықтар мен мақсаттарға қол жеткізудегі реттіліктің
дұрыстығын, Қазақстанның аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қосқан зор
үлесін Қазақстанды әлемдік деңгейде құрметту мен бағалау дәлелдейді.
Бүгінде Қазақстан күрделі аймақтық геосаяси жағдайда сәтті дамудың үлгісі
болып отыр. 2006 жылға қорытынды жасай отырып, М. Тәжин ең басты жетістік
Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын тұрақтылықпен қамтамасыз ететін ЕО
елдерімен серіктестіктің жаңа сапасы болып отыр деп көрсетеді.
Сонымен қатар, Қазақстан ЕО-тың Орталық Азия елдеріне қатысты жаңа
стратегия дайындау процесіне белсенді қатысқандығын атап өтуге болады. ГФР
СІМ статс-министрі Г. Эрлер 2006 ж. шілдедегі іс-сапарында: Біз
Қазақстанның сыртқы істер Министрлігінен аталмыш концепция бойынша
мәліметтерді қамтитын құжатты алдық, - деп мәлімдеді.
2007 ж. Еуроодақтың басшылығындағы Германия орталықазиялық бағытты
дамытуды мақсат етіп қойғаны белгілі. Стасминистр ЕО-тың Орталық Азияға
қатысты жаңа стратегиясын дайындайтығын және Қазақстанның жаңа концепциямен
белсенді айналысып жатқанын атап көрсетті. Г. Эрлердің айтуынша жаңа
стратегия Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мен
аймақтық ынтцымақтастықты дамытуға бағытталады.
ҚР мен ЕО ынтымақтастығын дамытуда қауіпсіздік, терроризм және басқа
қауіптерге қарсы күрес мәселерін қарастырудың да ықпалы тиді. 2003-2007 жж.
15 жоба жоспарланып, қаржыландыру мөлшері көбейтілді (36,5 млн. евро).
Еуроодақ жобаларды жүзеге асыру механизмдерін дайындау жұмыстарын жүргізді.
ЕО аймақтағы экономика дамуының әртүрлі деңгейіне түсінушілікпен
қарайды және аймақтық ынтымақтастықтың негізі ретінде Қазақстанға баса
назар аударады. Осы тұста Президент Н. Ә. Назарбаевтың Орталық Азия
мемлекеттерінің Одағын құру туралы идеясы қызығушылық туғызады.
Қазақстанның ЕО-тың жекеленген мүше мемлекеттерімен де қарым-қатынасы
тұрақты дамытылуда.
Қазақстан-герман қатынасы. Германия Федеративті Республикасы -
әлемдегі дамыған экономикасы, қоғамдық және саяси қатынастардың
демократиялық жүйесі, жоғарғы деңгейдегі демографиялық, ғылыми-техникалық,
мәдени және әскери дамуымен ерекшеленетін қуатты мемлекет. 31желтоқсан 1991
ж. Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекеттердің бірі. ГФР мен
КСРО арасындағы 1990 ж. көршілестік, серіктестік, ынтымақтастық Туралы
Келісім негізінде барлық саладағы ынтымақтастықты дамыту принциптері мен
міндеттеріне сүйене отырып, Германия ТМД мемлекеттері, соның ішінде
Қазақстанмен де тығыз байланыс орнату бағытын белгіледі. Келісім-шарт
Қазақстандағы неміс ұлтының ұлттық, тілдік және мәдени құндылықтарын одан
әрі дамытуға септігін тигізді.
Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 11ақпан
1992 ж. орнады. Бұл мемлекетаралық байланыс пен халықаралық сахнадағы өзара
әрекеттестікті 1 тамыз 1975 ж. Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық
жөніндегі Кеңестің Қорытынды Актісі мен 21 қараша 1990 ж. жаңа Еуропаға
арналған Париж хартиясының негізгі принциптері мен ережелеріне сай дамытуға
мүмкіндік берді.
Алматы мен Берлинде екі елдің Елшіліктері, Германияның ірі қалаларында
бас консульдықтар мен консульдықтар ашылған. Екі ел арасында саяси және
экономикалық байланыстар дамытуға мүмкіндік беретін сенімдік қатынастар
орнады. Екі жақты саудаэкономикалық ынтымақтастық өзара мүддеге
негізделген. Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы Басты серіктесі болып
табылады. ГФР-ның Қазақстан үкіметінің нарықтық экономика жағдайында
тұрақты экономикалық дамуын қамтамсыз етуге бағытталған саясатын қолдауы
Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты
факторы болып табылады. Біріккен кәсіпорындар саны жағынан Германия әлем
елдерінің ішінде Қытай мен Түркиядан кейінгі үшінші, еуропалық мемлекеттер
арасында бірінші орынды иеленеді.
ГФР мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығын дамытудың болашағы
зор. Бұл неміс және қазақ экономикалық жүйелерінің бірін-бірі толықтырушы
құрылымына байланысты.
Қазақстан-француз қатынастары. ҚР-ның әлемдегі барлық мемлекеттермен
теңқұқықтық және өзара тиімді қатынастарды дамыту мен нығайтуға бағытталған
сыртқы саясатында әлемдік саясат, экономика мен мәдениеттің негізгі
орталығы – Еуропамен ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор. Қазақстан
Еуразияның кіндігінде орналаса отырып, сыртқы саясатта барлық еуропалық
мемлекеттермен байланыстарды дамытуды мақсат етеді. Солардың ішінде дамыған
елдердің бірі Франция болып табылады. Францияның әлемдегі дәрежесі жоғары
екендігі сөзсіз.
Француз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 7
қаңтар1992 ж. таныды, ал 25 қаңтар 1992 ж. екі ел арасында дипломатиялық
қатынастар орнады. Франция Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасты
дамытуда негізгі басымдықты ҚР-на береді. Франция үкіметі ҚР Президенті Н.
Ә. Назарбавтың ұлтаралық қатынастар саласындағы қызметі мен Азиядағы өзара
сенім мен шаралар жөніндегі кеңесті шақыру бастамасын, сонымен қатар,
Халықаралық терроризмге қарсы бірлік аясындағы ынтымақтастықты дамытудағы
үлесін өте жоғары бағалайды. Ядролық мемлекеттердің ішінде Франция
Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін берді. Қазақстан мен Франция арасындағы
байланыстардың негізгі қағидалары достық, өзара түсіністік пен
ынтымақтастық жөніндегі Келісім-шартта көрсетілген. Аталмыш келісімге қол
қою, Францияның Қазақстанға ядролық қауіпсіздік кепілдігін беруі, ел
басшыларының тұрақты байланыстары, әлемдік және аймақтық мәселелерге
байланысты позицияларының жақындығы екі жақты қатынастардың жоғарғы деңгейі
мен ерекше сипатына дәлел бола алады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген ірі атақты француз фирма, банктері
мен компанияларының өкілдіктері жұмыс істеп келеді. Франциямен
саудаэкономикалық ынтымақтастықта арттыру Қазақстан үшін басты міндеттердің
бірі болып табылады. Францияның қуатты экономикалық даму потенциалы мен
алдыңғы қатарлы технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктерін есепке ала
отырып, Қазақстан Франциядан машина жасау, электроника, фармацевтика мен
агроөнеркәсін кешені өнімдерін сатып алады.
Қазақсан-британ қатынастары. Ұлыбритания БҰҰ-ның қауіпсіздік Кеңесінің
тұрақты бес мүшесінің бірі, үлкен сегіздік мүшесі және ядролық держава
болып табылады. Ол ТМД мемлекеттеріне баса назар аударады. Осы аймақтағы
Қазақстанға ірі мұнай мен газ қорларының иесі ретінде үлкен басымдық
береді. Ұлыбританияның Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі
ретіндегі маңызы екі жақты қатынастарда саяси және экономикалық мәселердің
болмауымен ерекшеленеді.
Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты британ сыртқы саясатының маңызды
міндеттері төмендегідей;
- Каспий аймағындағы позицияларын нығайту;
- либералдық реформаларды қолдау;
- Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық құрылымдағы қызметін бақылау;
- діни радикализмнің таралуына жол бермеу.
Қазақстан өз тарапынан Біріккен Корольдікке нарықтық экономика,
өнеркәсіптік ноу-хау, демократияны қалыптастыру тәжірибесіне қызығушылық
білдіреді. Ұлыбритания ҚР-ның тәуелсіздігін 1 қаңтар 1992 ж. мойындады, екі
ел арасындағы дипломатиялық қатынас 19 қаңтар 1992 ж. бекітілді. Екі
мемлекет те еркін нарық пен сауда, экономиканың либерализациясы
жағдайындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Әсіресе инвестициялық
және сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамытылуда. Ұлыбритания
экономикасына АҚШ-тан кейінгі әлемдегі ең көп инвестиция тартылады.
Сәйкесінше Ұлыбританияның бай инвестициялық тәжірибесі Қазақстанның
инвестициялық саясатын жүзеге асыруда үлкен қызығушылық туғызады.

1. 2 ҚР мен ЕО ынтымақтастығының құқықтық негіздері
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, Еуропалық экономикалық
қауымдастық пен Атомдық энергия, сауда мен коммерциялық және экономикалық
ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық қауымдастық арасындағы 18 желтоқсан 1989
ж. келісім-шарт ҚР мен ЕО арасындағы қарымқатынастардың негізін салған
басты құжат болып табылады.
Сонымен қатар, Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол
қою мен оны ЕО-қа мүшемемлекеттердің ұлттық парламенттері
ратификациялағанға дейінгі аралықта жасалған Сауда және онымен байланысты
мәселелер жөніндегі ҚР мен ЕҚ уақытша келісімі, Қазақстан тәуелсіздігін
жариялағаннан кейін алғаш рет қол қойған халықаралық құжат болып табылатын
Еуропалық энергетикалық хартия ЕО мен ҚР ынтымақтастығының құқықтық
негіздерін құрайды.
1993 ж. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық экономикалық
қауымдастықтың текстильді өнімдер жөніндегі келісімі, 1999 ж. Қазақстан
Республикасы мен Еуропалық экономикалық қауымдастықтың көмір мен болат және
болат өнімдерінің саудасы жөніндегі келісімі секілді екі жақты
келісімдер, және жаңа 2002 ж. келісім, 2000 ж. ҚР Үкіметі мен ЕҚтың
атомдық энергия мен басқарушы ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық
жөніндегі келісімі және оны алмастырушы жаңа 2002 ж. келісім
Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құрайды.
Алайда ЕО мен ҚР арасындағы ең басты құжат Серіктестік пен
ынтымақтастық жөніндегі Келісім болып табылады. 23 қаңтар 1995 ж. Қазақстан
Президенті Н. Ә. Назарбаев пен ЕО Комиссиясының басшысы Ж. Сантер
Брюссельде осы келісімге қол қойды. Бұл Келісімді Парламент 1997 ж. мамырда
ратификациялады және ол 1 шілде 1999 ж. күшіне енді. Бұл ҚРның сыртқы
саясатындағы дипломатияның жалпы еуропалық маңызы бар ірі жетістіні болып
саналады.
Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім ҚР мен ЕО-ның саяси,
экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуға бағытталған негізгі
екіжақты келісім болып есептеледі. Келісімнің негізгі мақсаттары: ЕО мен ҚР-
ның саяси қатынастарын дамытуда қажетті құрылымды қамтамсыз ету;
Қазақстанның демократияны нығайту мен экономиканы дамытудағы қызметін
қолдау; сауда мен инвестицияландыруға ықпалдасу; заң шығару, экономикалық,
әлеуметтік, қаржылық, азаматтық, ғылыми, технологиялық және мәдени
салалардағы ынтымақтастықты дамыту.
Аталмыш келісім Қазақстанның халықаралық және сауда қатынастарындағы
маңызды құжат болып табылады. Келісімнің маңызы ең алдымен, ЕО-тың әлемдік
экономика мен саясаттағы рөлі, экономикалық қуаты мен
әлеуметтікэкономикалық дамудың көп ғасырлық тәжірибесімен айқындалады.
Қазақстан мен ЕО қарым-қатынасының қалыптасуын заңдастыру одаққа мүше
мемлекеттермен екіжақты байланыстарды арттырудың да маңызды шарты болып
табылады. Сонымен бірге келісімге қол қою ҚР мен ЕО арасындағы байланыстың
келесі кезеңі – салалық сипаттаға келісімдерді бекітуге жол ашты. Келісімді
бекіту экономикалық ынтымақтастықты дамытуда саяси және құқықтық маңызы
зор. Құжат мәтінінде екі жақтың компанияларына ұлттық жүйені қамтамасыз
ету міндеті көрсетілген. Қазақстандағы шикізат көздерін, ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру мен өңдеуге, жалпы несиелік нарықтарды қалыптастыру
мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
ЕО мен ҚР байланыстарын дамытуда Келісім мәтініне енгізілген Кеден
істеріндегі ынтымақтастық жөніндегі қаулының маңызы зор. Қаулы еркін сауда
туралы Келісімге қол қою мен Қазақстанның жалпыеуропалық нарықтық
үрдістерге қосылуының негізін құрайды. Серіктестік және ынтымақтастық
жөніндегі Келісім мәтіні: негізгі мәтін мен тоғыз бөлімді құрайтын жүз
баптан; келен мәселелеріндегі әкімшілік органдар арасындағы өзара
әрекеттестік жөніндегі қаулы; үш қосымша мен қорытынды актіден тұрады.
Келісімнің бастапқы мерзімі – он жыл. Көрсетілген мерзімнен кейін келісім
Қазақстан мен ЕО тоқтатпаса, автоматты түрде ұзартылады. Келісім
көрсетілген уақыт аралығында толықтырылып, оған өзгертулер енгізуге болады.
Аталмыш құжатта ҚР мен ЕО қатынастарының жаңа тұжырымдамасы берілген.
Тұжырымдаманың негізгі мәні өзара тиімділік пен теңқұқықты серіктестік
болып саналады. Келісімнің негізгі міндеті – Қазақстанға нарықтық
экономикаға өтуде ықпалдасу және ЕО елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатға
жәрдемдесу. Келісімнің негізгі мақсаттары:
- саяси мәселелерді талқылау барысында тығыз саяси қатынастарды
қалыптастыру;
- сауда, инвестициялық және экономикалық байланыстарды қалыптастыру мен
дамыту;
- өзара тиімді экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, азаматтық, ғылыми,
технологиялық және мәдени ынтымақтастықты дамытудың негізін салу;
- ҚР-дағы демократияны нығайтуға байланысты іс-шараларды қолдау және
дамыту.
Келісімнің І Бөлімі екі жақ арасындағы қатынастар негізделетін жалпы
принциптерден тұрады. Сонымен қатар, БҰҰ Жарғысы, Хельсинки Қорытынды
Актісі мен Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында көрсетілген демократия,
халықаралық құқық пен адам құқықтарын құрметтеу туралы мәлімденеді.
Келісімнің ІІ Бөлімі екі жақтың саяси диалогының формасы, сипатын
айқындайды. Саяси салада Келісімге сай саяси диалог пен халықаралық
мәселелердің барлық спекторлары бойынша консультациялар жүйесі
қалыптастырылады. Саяси диалогтың негізгі мақсаты ҚР мен ЕО арасындағы
саяси байланыстарды нығайту болып табылады.
Келісімге сай саяси диалог үкімет мүшелері, нақты айтқанда, сыртқы
істер министрлері деңгейінде жүзеге асады. Саяси байланыстың ынтымақтастық
Кеңес шеңберінде жүргізілуі ЕО-тың әлемдік саясат жөніндегі қызметін
реттеуді күшейтеді. Ерекше маңызды мәселерді қарағанда, Қазақстан
Парламенті мен Еуропалық Парламент депутаттарынан жұмысшылар мен арнайы
топтар құрылады.
Келісімнің ІІІ Бөлімінде ҚР мен ЕО-тың сауда ынтымақтастығы туралы
айтылады. Осы бөлім бойынша сауда саласында екі жақ бірбіріне барынша
тиімді жүйені қамтамасыз етуге міндеттеледі. Бұл ең алдымен, Қазақстан
импортына ЕО кедендік тарифтерінің төменгі көрсеткіштерін қолдануды
білдіреді. Ішкі нарықтағы импорттық тауарларды жүзеге асыру шарттарына
байланысты ішкі заңдар мен ережелерге сай екі жақ бірбіріне ұлттық жүйені
қамтамасыз етеді. Сол себепті Қазақстан тауарларына ЕО-тың ішкі нарығында
ЕО елдерінен келетін тауарлардан жоғары салықтар салынбайды.
IV Бөлім кәсіпкерлік пен инвестициялауға арналады. Келісім ЕО
инвестицияларын Қазақстанға тарту мен ЕО елдеріндегі қазақстандық
шаруашылық субъектілердің инвестициялық қызметіне тұрақты жағдай жасауға
мүмкіндік береді. Нақты айтқанда, бұл бөлім инвестиция мен өзара көмекке
тұрақты және қолайлы жағдай қалыптастыру талаптарын қамтиды.
V Бөлім заң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Еуропалық Одақтың интеграциялық тәжірибесін пайдалану
Халықаралық валюта қатнастары
Қазақстан және Батыс ынтымақтастықтың саяси қырлары
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Халықаралық валюта қатынастары жайлы
Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер
Еуропалық қауымдастықтан Еуропалық одаққа дейін
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы
Пәндер